«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ



Pdf көрінісі
бет150/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   188
Байланысты:
материал пед

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 
 
М.Е.Нәжмәдин 
 
«Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі»КММ, Қарағанды қаласы 
 
Андатпа: Мақалада инклюзивті білім беруді дамыту бойынша мектептің 
ұйымдастыру-әдістемелік жұмысының қадамдарын ұйымдастыру, ерекше білім 
беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша 
мектеп жұмысының аспектілері қарастырылған.
Аннотация: В статье рассматриваются этапы организации организационно-
методической работы школы по развитию инклюзивного образования, аспекты 
работы школы по включению детей с особыми образовательными 
потребностями в общеобразовательный процесс.
Әлемдік заманауи қоғамдастықта жаңа мәдени норма қалыптастыру – адам 
арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарау және әр адамның даралану 
құқығын, сонымен бірге қоғам тарапынан оның қандай да бір өзгешелігін, білім 


367 
алу ортасындағы ерекшеліктерін есепке алу және мойындау. Сондықтан да 
инклюзивті білім беру оқушының оқу процесі барысындағы әртүрлі 
қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, алуан түрлі ерекшеліктерін мойындаудан 
басталады. 
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым 
ісәрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті 
дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде 
дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, 
қайта жақындатады.
Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінде білім беретін 173 
мұғалімнің 72-сі инклюзивті білім беру курсынан өткен, ол жалпы ұжымның 
42%. 
Диаграмма 1 - Мұғалімдердің біліктілік құрамы 
Мектеп-лицейде білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік 
бейімделуіне ықпал ету, педагогикалық процесті ізгілендіруді қамтамасыз ету 
мақсатында 2020 жылдың қараша айынан бастап инклюзивті оқыту еңгізіліп
осы бағытта педагогика- психологиялық қолдау көрсету орталығы қызметін 
атқаруда.
Схема 1 - ППҚО жүргізілетін жұмыс түрлері 
Педагогика – психологиялық қолдау көрсету орталығы қызметінің әрбір 
маманының жеке-дамытушылық жұмысының басты мақсаты - баланың 
құрдастарымен бір сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне сәйкес оқу 
бағдарламасын меңгеруге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. 
Мамандардың міндеті дамытушы жұмысты өз әдістері мен тәсілдері арқылы, 
соның ішінде қысқартылған білім беру бағдарламасын меңгерту үшін 
зиятының, сөйлеу, әлеуметтік-коммуникативтік және жеке дамудың жеткілікті 
деңгейін қамтамасыз ету[1, 4 б.]. 
Мектеп-лицейде 2932 білім алушы, 104 сынып жинағы бар. Оның ішінде 
психолого-педагогикалық 
қолдау 
көрсету 
орталығының 
консилиумы 
барысында 
орталық 
мамандарының 
тамыз 
айындағы 
жүргізген 
диагностикасының қорытындысы бойынша ерекше білім беруді қажет ететін 6 
бала отырған келесі сыныптарды 2022-2023 оқу жылына қайтадан инклюзивті 
17%
28%
16%
8%
8%
7%
16%
педагог-мастер - 0/173
педагог-эксперт - 29/17
педагог-исследователь - 48/173
педагог-модератор - 27/173
высшая категория - 15/173
Комплексті 
диагностика
Дамыту 
сабақтары 
(дефектолог, 
логопед, 
психолог)
Әдістемелі
к көмек 
(ата-ана, 
мұғалім, 
оқушы)
Ақпараттық 
кеңістікте 
жұмыс
Педагогика-
психологиялық 
консилиум


368 
сынып ретінде ашуға қалалық білім бөліміне сұраныс хат жазылып, 5 сынып 
жинағы инклюзивті білім беретін сынып ретінде ашылып отыр: 
1.
2 «Г» сыныбы, оқыту тілі қазақ – 1 оқушы. ПМПК шешімінің берген 
анықтамасына сәйкес оқушыға жалпы білім беретін мектептің жалпы сыныбы 
жағдайында бастауыш білім берудің бейімделген жалпы білім беретін оқу 
бағдарламасы жасалды және критериалды бағалау әдістерін өзгерту 
қолданылады. Оқушының оқу материалын қандай қарқынмен игере 
алатындығын, 
жоспарланған 
іс-шаралардың 
қайсысының 
қиындық 
туғызатынын алдын-ала болжау қиын. Сондықтан білім беру процесі 
барысында оқу бағдарламасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін. Оқу 
бағдарламасын уақтылы түзету үшін оқушының жетістіктерін үнемі бақылау 
қажет. Жоспарға сәйкес оқушы аптасына 2 рет сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуін 
тузету бойынша логопедиялық орталығыққа және зейінді түзету бойынша 
дефектолог маманның сабақтарына барады.
2.
3 «В» сыныбы, оқыту тілі қазақ – 1 оқушы. ПМПК шешімінің берген 
анықтамасына сәйкес оқушыға жеке бейімделген оқу бағдарламасы жасалды. 
Жоспарға сәйкес оқушы аптасына 2 рет сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуін тузету 
бойынша логопедиялық орталығыққа және зейінді түзету бойынша дефектолог 
маманның сабақтарына барады.
3.
4 «К» сыныбы, оқыту тілі қазақ – 1 оқушы. ПМПК анықтамасы бойынша 
когнитивті белсенділікті түзету бойынша дефектолог, сөйлеудің жалпы 
дамымауын жою бойынша логопед, эмоционалды-еріктік сфераны дамыту , 
сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бойынша психолог мамандары 
аптасына 2 сағаттан жұмыс жасауда. Оқушыға жалпы білім беру бағдарламасы 
бойынша жеке бейімделген оқу бағдарламасы жасалды. 
4.
5 «Л» сыныбы, оқыту тілі орыс – 2 оқушы. 1 оқушымен – ПМПК 
анықтамасына сәйкес когнитивтік белсенділікті түзету бойынша дефектолог, 
зейін мен озбырлық қасиеттерін түзету бойынша психолог, жазбаша сөйлеуді 
түзету бойынша логопед аптасына 2 рет жұмыс жүргізеді. Оқушыға жалпы 
білім беру бағдарламасы бойынша жеке бейімделген оқу бағдарламасы 
жасалды. 2 оқушы – ПМПК анықтамасына сәйкес эмоционалды-еріктік 
сфераны дамыту бойынша психологтың, ауызша және жазбаша сөйлеуді түзету 
бойынша логопедтің сабақтарына қатысады. Оқушыға жалпы білім беру 
бағдарламасы бойынша жеке бейімделген оқу бағдарламасы жасалды. 
5.
5 «И» сыныбы, оқыту тілі орыс – 1 оқушы. ПМПК анықтамасына сәйкес 
оқушымен танымдық белсенділік түзету бойынша дефектолог, эмоционалды-
еріктік сфераны дамыту, сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру 
бойынша психолог аптасына 2 рет жұмыс жүргізеді. Оқушыға жалпы білім беру 
бағдарламасы бойынша бейімделген жеке жоспар құрылған.
Бұл оқушылардың әрқайсысы мектептің үйірме жұмыстарына қатысады. 
Бүгінде кейбір «ерекше» баланың ата-анасы оны кәдімгі жалпы білім 
беретін мектепте оқығанынан қорқып, оқытқан күнде де баланың ерекшелігін 
мектеп ұжымынан жасырып қалатын да жағдайлар кездесті. Бұған себеп, ата-
аналардың көпшілігінің қалыпты дамып келе жатқан балаларын мүмкіндігі 


369 
шектеулі балалармен бірге оқытуға құлықсыздығы, қалыпты дамып келе 
жатқан балалардың мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс қатынасы, мүмкіндігі 
шектеулі балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуіндегі қиындықтар. 
Осы мәлелердің туындауынан қорқатын ата-аналар баласының ерекшелігін 
жасырып қалуға, белгілі болған жағдайда мойындамай, басын алып қашуға 
тырысатын ата-аналардың кездесетіні қиындық туындатады. Осы мәселерлерді 
айқындау 
мақсатында 
мектеп-лицейдің 
психологиялық-педагогикалық 
қолдаудау көрсету орталығының мамандары жыл басында өз бағыттары 
бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізеді. Диагностикалық жұмыс 
жанжақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық қағидалары арқылы жүзеге 
асырылады. Тексерудiң нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының 
болжамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, 
түзете-дамыту 
жұмысының 
мазмұнын 
анықтауға 
мүмкіндік 
береді. 
Диагностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін 
ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап баланың 
ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады. Нәтижесі бойынша педагогикалық-
психологиялық консилиум өткізіліп, қиындықтар айқындалған оқушының ата-
анасымен жеке әңгіме жүргізіліп, әр оқушының оқуы табысты болуын 
қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге 
асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету қажеттілігі туралы 
айтылып, Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық 
қолдау орталығына баруға кеңес берілді. [2, 22 б.]
Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру 
процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету 
маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы психологиялық- 
педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс. Баланы психологиялық -
педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, 
оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға 
бағытталған кәсіби белсенді жүйе. Мұның бәрі баланың танымдық қабілетінің 
дамуына мүмкіндік жасау мен баланың өзіне деген сенімінің артуына, 
жетістіктерге бірқадам жақындауға жағдай жасайды. Жүсіпбек Аймауытов 
«Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын 
көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе 
білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы 
еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп, 
бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет