«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет91/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   188
Байланысты:
материал пед

Қолданылған әдістер: 


207 
1
.
Бейімдерін анықтау
. Холланд бойынша тест материалдары тұлғаның 
мінез ерекшеліктері, сүйікті ісі мен қолынан келетін білігін зерттеу негізінде 
жеке бейімділіктерін анықталды. Тест материалдарында мінездің алты типі 
берілген: реалистік; зерттеушілік; әртістік; әлеуметтік; іскерлік; дәстүрлі. Осы 
типке жататын оқушылар анықталып, қызығушылық саласы бойынша 
мамандық таңдауда кеңес берілді. Диагностикалық жұмыс соңында әңгімелесу 
арқылы тектің ішіндегі қандай мамандық иегерлері болғаны анықталды. 
2. 
Түстерді қолдану арқылы өздерін бақылау

Оқушыларға 4 түсті өз 
беттерімен таңдату арқылы сурет салды. Оқушының физикалық, эмоциялық, 
интеллектулдық деңгейінің қабілетін көрсететін түстерді ажыратуды 
түсіндіріліп, қай жағы басым екенін оқушылар анықтады. Нәтижесінде күлгін 
түсті таңдаған оқушылардың интуициясы жоғар ы екені анықталып, ҰБТ 
тестілеу кезінде қалай қолданатынына нұсқау берілді. Көгілдір түсті таңдаған 
оқушының эмоциясын қалай басқару керектігіне кеңес берілді.

Зерттеуге 11-сыныптағы жаратылыстану –математикалық бағыттың 


оқушылары алынды. Қазақ сыныптарындағы 20 баланың медицина, химия, 
психология, дизайн, сәулет өнері, ақпараттық технология мамандықтарын 
таңдап, грантқа түскендері өзінің туа біткен қабілеттерін анықтаған оқушылар 
болды. Әр адамның бойындағы қабілеті, таланты ашылғанда әлемнің де есігі 
ашылып, өз саласын сүйетін маман иелері болып шығатыны сөзсіз.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте оқушылар 
10-сыныпқа келгенде жаратылыстану математикалық бағыт (ЖМБ) және 
қоғамдық гуманитарлық бағытты (ҚГБ) таңдайды. 2021-2022 оқу жылында 
мектепті бітіруші 37 түлектердің 70%ы ЖМБ таңдаған оқушылардан құрады. 
Түлектердің 25-і қазақ сыныптарында оқыса, 12-і орыс сыныптарында 
оқыды.Маман өз қызығушылығымен жұмыс атқарғанда мансаптары өсіп 
физикалық және эмоционалды денсаулығы күшейеді. Нәтижесінде адамның ең 
басты 4 сферасы: қарым- қатынас, денсаулық, қаржы, өзінің өмірлік қалауы 
жоғарылайды. Көптеген адамдар балалық шақта өзінің шынайы қалауын 
ескермей, тек сол заманғы сәнге айналған мамандық иелері болуды қалады. 
Отбасында баланың қызығушылық саласын ашуға қатты көңіл бөлмеуінен оқу 
орындарын бітірген мамандар өмірден өз орын таба алмаулары жиі кездесуде. 
Сондықтан да жұмыс орнын жиі ауыстыру, денсаулықтарында кінәрат болуы, 
көңіл күйдің дұрыс болмау салдары адамның өмір сүруіне әсер етуде. 2021-
2022 оқу жылында мектеп бітіруші 11- сынып түлектерімен жұмыс жасау 
барысында 20 оқушының 12-і ЖОО грантқа, оның ішінде 1-уі Литваға грантқа, 
7-уі ЖОО ақылы оқуға түсті. Ақылы оқу орынына түскен оқушылардың 
арасында өз қабілетіне сенбеген балалар және ата- анасының таңдауын қалаған 
балалар да болды. Қорытындылай келе, 2022 жылғы түлектердің грантқа түсуі 
жағынан аудан бойынша мектебіміз биылғы жылы 1-орынға шықты. Баланың 
қабілетін дамытуда отбасы үлкен роль алатынын ескере отырып, 2022-2023 оқу 
жылында мектебімізде «Саналы ата–ана,саналы ұрпақ» жобасына «Сенімен 
болашақ» мемлекеттік емес ұйыммен бірге жоспарлар жасалып, осы бағытта 
жұмыстар басталып кетті.


208 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
«Кәсіптік жұмысты бағдарлау» Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 
Нұрсұлтан қ. 2019 жыл
2.
Психологическая диагностика: Учебное пособие / Под ред. 
К. М. 
Гуревича и Е. М Борисовой
; Рос. акад. образ., Моск. психолого-соц. ин-т. - М.: 
Московский психолого- социальный институт; Воронеж: Издательство НПО 
«МОДЭК», 2001 
3.
Резапкина Г. Комплексная диагностика общих способностей подростков 
в условиях профильного обучения//Электронный ресурс: Первое
сентября. 
-2008. 
-№11 
4.
/http://psy.1sep.ru/view_article.php?id=200801312. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет