26
әр түрлі болуына қарай, оған судың келуі, сумен бірге қоректік
заттардың ілесе келуі, тіпті күн сәулесінің түсуі түрліше
болады. Тегіс жерлерге ауа ылғалы жақсы сіңеді. Ал беткейлі,
дөңесті жерлерге ылғал дұрыс сіңбей, су
ойпатты жерлерге
жиналады. Жер бедеріне қарай күн сәулесі де бір тегіс
түспейді. Мысалы, таулы алқаптарда терістік беткейлерге күн
сәулесі аз, оңтүстік беткейлерге күн сәулесі мол түседі. Жер
бедерлерінің біркелкі болмауы топырақ түзілуге және олардың
құнарлығына әсер етеді. Топыраққа жер бедерінің әсерлері
туралы
айтқанда, оның аса биік (макро) немесе орта (мезо)
немесе майда (микро) деп бөлінетінін естен шығармағанымыз
жөн. Аса ірі таулы алқаптарда топырақ-климаттық зоналық
заңдылықтар
жазық
аймақтардағы
топырақтың
таралу
заңдылығына сәйкес келе бермейді. Бұл ірі биік таулы
алқаптарда топырақ-климаттық
жағдайлардың тау етегінен
биіктікке қарай таралып, өзгерулері табиғаттың белдеулік
заңына бағынады (ол жайында кітаптың со ңғы тарауларында
сөз болады). Ал топырақтың мезо
және микро жер бедерлеріне
қарай өзгерулері зоналық топырақтарға әр түрлі топырақ
тіркестері мен кешендерінің қабаттаса кездесулеріне әкеледі.
Топырақ түзуге аймақтың геологиялық жасының
әсері. Геологиялық жаңа аймақта топырақ та жас,
яғни жаңа
түзіле бастаған топырақ, ал геологиялық ескі аймақтың
топырағы да ескі. Міне, осы тұрғыдан алғанда кең байтақ ТМД
елдерінің теріс жағында жаңа жас топырақтар түзіліп жатса,
оңтүстік жағында көне дәуірден
келе жатқан топырақтар
кездеседі. Себебі бұрынғы КСРО-ның теріскей жағы кейінгі
дәуірлерде ғана мұздан арылған. Ал оңтүстік аймақтардың
мұздан арылғанына бірнеше дәуірлер өтті. Тіпті оңтүстік
аймақтың көп жерлерін мұз баспаған. Сондықтан бұл
алқаптарда топырақтың даму құбылыстары ерте басталған.
Осыған қарап, жалпы оңтүстік өңірлерде жаңадан түзіліп
жатқан жас топырақ жоқ деп айтуға болмайды. Мәселен,
соңғы
жылдары шегініп бара жатқан Арал теңізінің суы тартылуынан
оның бұрынғы түбінде жаңадан топырақ түзілу құбылыстары
басталды.
Достарыңызбен бөлісу: