Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет25/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Химиялық 
байланысқан 
су
Бұл 
топырақ 
минералдарының құрамына енген, өте тығыз байланысқан су. 
Сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды.
Бу күйіндегі су - топырақ кеуектерінде кездесетін, 
судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу 
күйінде ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана 
оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады. 
Гигроскопиялық су - топырақтың беткі қабаты арқылы 
сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктерге пайдасыз. 
Топырақпен тығыз байланысқан, сондықтан бұл суды тек 1000
астам температураға дейін қыздыру арқылы ғана түгел буға 
айналдыруға болады. 
Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктеріндегі су, ол 
жоғары-төмен жылжи отырып өсімдіктер бойына оңай сіңеді.
Гравитациялық су өз салмағымен топырақтың жоғары 
бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай 
сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер 
оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астындағы жер асты 
ыза суының қорына қосылып кетеді. 
Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. 
Қатты күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа 
сіңеді, өсімдіктер ол күйінде пайдалана алады. Табиғатта 
олардың көлемі негізінен суық аймақтарда, Антарктидада 
түгелдей, терістік мәңгі тоң тараған алқаптарда жыл бойы 
кездеседі, кей бір аймақтарда тек жылдың қыс айларында ғана 
болады, ал кейбір аймақтарда тіпті жылдың қыс айларында да 
болмауы мүмкін. Себебі, әлемде қыс болмайтын жерлер де 
кездеседі. 


45 
Жер асты ыза суы топырақтың, ал көбіне топырақ 
түзуші тау жыныстарының әр түрлі тереңдіктерінде әдетте, су 
өткізбейтін қабат үстіне жиналады. Жер асты ыза суы көбіне 
топырақ қабатынан көп тереңдікте жататындықтан топыраққа 
және өсетін өсімдіктерге еш әсері тимейді. Ал керісінше, кей 
жағдайларда, әдетте, ТМД елдерінің батыс және теріскейде 
жатқан ылғал мол түсетін аудандарында, өзен бойлары мен 
сағаларында және суармалы егіс алқаптарында топырақ 
астындағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге, 
өсімдіктер өміріне өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда 
көбінесе шалғынды топырақтар түзіледі. 
Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз 
керек. Оның құрамында суға еріген әр түрлі заттары бар 
топырақ ерітінділері. Өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек 
осы ерітінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да 
топырақ суы - оның құнарлылығының негізгі шарттарының бірі. 
Академик Г.Н.Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін 
маңызын айта келіп, оны адамдардың тамырларындағы қанымен 
салыстырған (Высоцкий Г.Н., 1962) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет