Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет6/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

В.В.Докучаев 

ғылыми 
топырақтану 
мен 
ландшафтар туралы ілімнің негізін қалаушы. ХІХ ғасырдың 
көптеген 
табиғаттанушы-саяхатшылардың 
(Б.С.Паллас 

табиғатшы, Э.И.Эйхвальд - палеонтолог, Ф.И.Рупрехт - 
геоботаник) қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда 
болуы 
туралы 
өздерінің 
болжамдарын 
(мұхиттардан, 
батпақтардан, 
жербеті 
өсімдіктерінің 
әсерлерінен) 
айтқандарымен, қаратопырақтардың шын мәнісінде пайда 
болуы, олардың таралуы мен қасиеттері, көп жыл бойы бидай 
егісіне пайдаланудан топырақ құнарының азаю себептері осы 
ғасырдың 80-жылдарына шейін белгісіз болып келді.Міне осы 
мәселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы 
арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия 
жұмысына 
Петербург 
университетінің 
геология 
және 
минералогия кафедрасында қызмет істейтін жас геолог 
В.В.Докучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. 
Өйткені ол бұрында Ерікті экономикалың қоғамының 
Петербург 
табиғат 
зерттеушілер 
мен 
минералогтар 
қоғамдарының белсенді мүшесі болып, осы қоғамның 
қаржыларымен экспедиция ұйымдастырып, топырақтануға 
жақын мәселелермен, дәлірек айтсақ, төрттік дәуірдің 
шөгінділерімен, өзен арналарымен, сай-салалардың құрылысы 
және пайда болуы мәселелерімен шұғылданған. 
Мұнда келген соң В.В.Докучаев қаратопырақ жөніндегі 
комиссиясының қаратопырақтың геология-географиялық және 
физика-химиялық зерттеу бағдарламасын жасады. 1877-1878 
жылдары далалық геология-географиялық зерттеу жұмыстары 
В.В.Докучаевтың басқаруымен жүргізілді. Қаратопырақты 
облыстарға, негізінен ат көліктерін пайдаланып, мыңдаған 
шақырымдық маршруттар жасалды. Бірнеше жүздеген топырақ 
және геологиялық шұңқырлардың сипаттамасы жасалды, жер 
бедері, өсімдіктері туралы да мағлұматтар жиналды. Физика-


11 
химиялық 
талдауға әр жердің топырақтары мен тау 
жыныстарының үлгілері алынды. 
Егер далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары жүргізілсе, 
одан кейінгі 1879-1881 жылдары химия-аналитикалық және 
ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды. Сонымен 1883 жылы 
В.В.Докучаевтың тарихта топырақтану жөніндегі әлемге әйгілі 
«Орыстың қаратопырағың деген ғылыми еңбегін шықты. Бұл 
туралы В.В.Докучаевтың шәкірті, аса дарынды ғалым геохимик 
В.И.Вернадский (1904) кезінде былай деген: «Топырақтану 
ғылымының 
дамуы 
үшін 
қаратопырақ, 
кальцит 
кристаллографияның, 
бақа 
физиологияның, 
ал 
бензол 
органикалық химияның дамуына еткен ролін атқарды.ң Бұл 
еңбектерінің нәтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда 
болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі 
өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы 
топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты зерттеудің 
ерекше жаңа топырақ-географиялық салыстармалы зерттеу 
әдісін ұсынды. Докучаев топырақтың табиғаттың ерекше 
табиғи, әрі тарихи денесі екенін анықтады. Топырақтың өте
күрделі құрылымы екенін, ол өзін түзген тау жыныстардан 
морфологиялық көрінісі және химиялық құрамы жағынан 
жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған 
қабатпен шектелмейтінін көрсетті. Нағыз қаратопырақтарда 
топырақтың қара шіріндісіне боялған А қабаты 0-40 (60) см 
жетіп, өтпелі В қабаты, біршама топырақ қара шіріндісі бар 
және жоғарғы қара шіріндіге бай қабаттан жолақтанып төмен 
жылжыған қара қошқыл «тілдерің және бозғыл тартқан әк 
қосындылары бар. Оның тереңдігі 40-60 см- 80-100 см-ге 
шейін, одан төмен топырақ түзуші аналық жыныс -С қабатына 
өтеді. Докучаев қаратопырақтар тек дала зонасында 
шектелемейтінін 
анықтады. 
Бұл 
зонада 
қаратопырақ 
қабаттарының қалыңдығы климаттың және жер бедерінің 
өзгеруіне байланысты әр түрлі ауытқулары болғанымен жалпы
қаратопырақ пішіні сақталатынын дәлелдеді. Қаратопырақтың 
қара шіріндісінің мөлшерімен осы қабаттың қалыңдығының 
өзгеруі терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын, 
климаттың құрғақтана бастағаныны байланысты азаятындығы - 
заңды құбылыс екендігін көрсетті. Бұл еңбегінде Докучаев
қаратопырақ зонасы мысалында үлкен теориялық тұжырымдар 
жасады. Топырақты жер бетінің жоғары көпжылдық топырақ 


12 
түзуші факторларының үздіксіз әрекеттері нәтижесінде пайда  
болған дене деп қарады.
Топырақ түзуші факторларға ол: климат, өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесін, топырақ түзуші аналық жынысты, жер 
бедерін және аймақтың геологиялық жасын жатқызды. Бұл 
факторлардың табиғаттың заңдылығына, яғни топырақ түзуші 
факторлардың үйлесімді сәйкестігіне байланысты өзгеретінін 
дәлелдеді. 
Одан 
кейінгі 
жылдары 
В.В.Докучаев 
шәкірттері 
Н.М.Сибирцев, К.Д.Глинка, П.В.Отоцкиймен бірге Ресейдің 
көптеген губернияларында топырақ зерттеу жұмыстарын 
жемісті жалғастырды. 
1888 жылы Ерікті экономикалық қоғам жанынан 
В.В.Докучаевтың басқаруымен арнайы Топырақ комиссиясы 
құрылды. Бұл комиссия жұмысына тек ғалымдар ғана емес, 
топырақтануға қатысы бар басқа мекемелер қызметкерлер де 
тартылды. Комиссия алдымен Ресейдің Еуропалық бөлігінің 
топырақ 
картасын 
жасады. 
1889 
жылы 
Топырақтану 
комиссиясы "Топырақтану" журналын шығарды. Ол журнал 
күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының ТМД елдерінде 
осы саладағы жалғыз журнал. 
1891 жылы Ресейдің қаратопырақты зонасының негізгі 
жерінде қатты құрғақшылық болды. В.В.Докучаев "Біздің 
далаларымыздың бұрынғысы мен қазіргісі" деген классикалық 
еңбегінде Ресей диқаншыларының егіншілікті дұрыс жүргізбей, 
топырақты тоздырғаны жайлы сөз болады. Егістіктерді 
ауыстырып екпей, бір жерге бір дақылды қайталап еге бергені, 
ылғал сақтау шараларын қолданбау, ол үшін орманды ағаш 
жүйелерін тиімді пайдаланбағаны жайында да айтылады 
(В.В.Докучаев, 1951). 
1892-1895 
жылдары В.В.Докучаев Ново-Александр 
ауылшаруашылық институтында (қазір ол Польша жерінде) 
директор болып қызмет атқарып, ауыл шаруашылығы жүйесіне 
дұрыс білім беруге біршама үлес қосты. Институтта әлемде 
бірінші болып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды. 
Кафедраны В.В.Докучаевтың шәкірті Н.М.Сибирцев (1860 -
1900) басқарды. Ол 1900 жылы Докучаевтың топырақ 
жайындағы идеяларын жүйелі етіп баяндаған алғашқы 
"Топырақтану" оқулығының авторы болды,
1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының 
топырақтарын, 
Түркістан, 
Каспийдің 
шығысын, 
тіпті 


13 
Қарақұмдағы Чарджау аймағындағы Репетек құмдарын, гипсті 
топырақтарды зерттеді. Докучаевтың бұл әр түрлі аймақтарды 
зерттеуі оның топырақтану жайындағы ілімінің аясын кеңейте 
түсті. Бұл топырақтың, жалпы ландшафтардың көлденең және 
тік зоналық заңдарын негіздеуге мүмкіндік берді. Оның осы 
кездердегі негізгі еңбегі «Табиғат зоналығы туралы ілім, 
көлденең және тік белдеулік зоналары" (Докучаев, 1899).
Сондай-ақ оның Жердің терістік жарты шарының сызба -
нұсқалық топырақ картасы Парижде өткізілген Әлемдік 
көрмеде (1900) көрсетіліп, дипломға ие болды.
В.В.Докучаев "Табиғат зоналары туралы ілім" (1899) 
деген мақаласын былай бастайды: "Табиғатты, оның күшін,
апатын, денесін тану үшін ХІХ ғасырда алып қадамдар 
жасалды, сондықтан мұны табиғаттанушылар ғасыры, табиғат 
ғасыры деуі жай емес. Дегенмен адамзаттың осы ұлы білім 
жеңістеріне назар аудара отырып... әсіресе Лавуазье, Ляйэл, 
Дарвин, Гельмгольц т.б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды, әрі 
мәнді кемістікті байқамауға болмайды... Негізінен әр түрлі 
денелер - минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен 
жануарлар және олардың болмысы, кейбір табиғи заттар - от, 
су, жер, ауа зерттелді. Тек олардың қатынастары, пайда 
болулары, ғасырлық, әрдайым заңды табиғат күштері мен 
денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы байланыстары мен 
болмыстары зерттелмеді. Ал шын мәнінде тек осы қатынастар, 
осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне әсері табиғат 
танудың негізін құрайды, табиғат танудың ең бір тамаша әрі 
жоғарғы ғажабы". 
В.В.Докучаев өзі негізін қалаған ғылым - топырақтану 
ғылымы жоғары жіберілген кемістиіктерді ескеріп, табиғаттағы 
бұрыннан бар тірі мен тірінің, тірі мен өлі табиғаттың қарым 
қатынастары мен бірінің-біріне әсерін зерттейтін ғылым деді. 
Докучаев 
осы 
терең 
ғылыми 
түсініктермен 
табиғат 
ландшафтары туралы ілімді қалыптастырды. Ландшафтағы 
топырақ маңызын айта келіп, топырақты " ландшафтың айнасы" 
деп сипаттады.
(І суреттің орны) 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет