«Жамбыл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» кмм «салтым – асыл қазынам» интеллеуталды ойын



бет2/4
Дата05.04.2023
өлшемі73,5 Kb.
#79718
1   2   3   4
ІV кезең «Қара жәшік».
Уа, жарандар, жарандар!
Бәрін бері мына жәшікке қараңдар,
Ойланыңдар жарандар.
Бұл жәшікте не барын кәне ойыншылар табыңдар.
Қара жәшіктегі жасырынған затты анықтау қажет (1 минут). Ойлануға 1 минут, білмеген жағдайда, басқа топ жауап беруіне болады. Жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған затты атаңыз. Бұл заттың қарапайым түрiнiң бiрi — бишiк.


(Қамшы — атқа мiнген адам ұстайтын, бiрнеше таспа қайыстармен көмкерiлiп, өрiлген, сабы тобылғыдан, ырғайдан, аңдардың тұяғы, мүйiздерiнен жасалған атты айдап жүргiзетiн құрал).


2. Әйел қолөнерінде қолданылатын құрал-сайман атауы. Онымен түтілген жүнді жіп қылып иіреді.
(ҰРШЫҚ. Әйел қолөнерінде қолданылатын құрал-сайман атаулары. Қазақ әйелдері тігу, тоқу, жүн дайындау, сырмақ сыру, киіз басу, т.б. жұмыстарды атқару үшін алдын ала сол іске қажетті құрал-жабдықтарын әзірлеп алады).

3. Ешкі түбітін тарайтын құрал не деп аталады?


(Ая. Ағаштан және темір сымдардан екі қолға қатар ұстауға бейімделіп жасалатын құрал. Оның көмегімен ешкі түбітін тарап, оны түтеді. Соның арқасында түбіт таза, үлпілдеген болады). 


V кезең «Өлең сөздің патшасы». Бұл кезеңде әр топ конвертті таңдап, ішіндегі мәтінді әнімен айтулары қажет.



  1. «Қазақтың дастарқаны»

Бүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған
Татулық белгісі ме
Жағалай малдас құрған


Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым


Анаға ақ пейілді
Иілсе, келін балаң
Ықылас ізет еткен
Сыйластық елін табам


Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым


Дәм татар талай ғасыр
Ұрпақтар абайласын
Кірлетпей таза ұстасын
Халықтың шар айнасын


Ей, менің асқар тауым
Қазақы дастарханым
Өзінсің бақ-берекем
Ақ қайнар бастауларым





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет