«Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқылатын шығарма
|
Абай Құнанбайұлы «Масғұт» поэмасы, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Он жетінші қарасөз»
|
Оқу мақсаты
|
10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
|
|
10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
|
Кейіпкерлердің ерекшеліктері бойынша типтік образдарды анықтайды;
|
|
Шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға береді;
|
Ойлау дағдысының деңгейлері
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
15-20 минут
|
1-тапсырма. А.Құнанбайұлының «Масғұт» поэмасындағы кейіпкерлерге тән өзіндік ерекшеліктерді анықтаңыз.
Кейіпкерлер
|
|
|
|
Ерекшеліктер
|
|
|
|
Өмірлік мақсаттары
|
|
|
|
2-тапсырма. А.Құнанбайұлының «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға беріңіз.
Өлең үзіндісі
|
Көтерілген мәселе
|
Жаңашылдығы
|
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
|
|
|
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.
|
|
|
3-тапсырма. «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы А.Құнанбайұлының «Он жетінші қарасөзінен» берілген үзінділер арқылы ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстырып, түсіндірме беріңіз.
Үзінділер
|
Түсіндірме
|
Ақыл: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?
|
|
Қайрат: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім».
|
|
Ғылым: «Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым».
|
|
Жүрек: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ....Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады».
|
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Кейіпкерлердің ерекшеліктері бойынша типтік образдарды анықтайды.
|
1
|
Кейіпкерлердің ерекшеліктерін анықтайды;
|
1
|
Өмірлік мақсаттары бойынша кейіпкерлерді жинақтайды;
|
1
|
Поэмада ерекшеленген кейіпкерді табады;
|
1
|
Өз пікірін дәлелдейді.
|
1
|
Шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға береді.
|
2
|
Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтайды;
|
1
|
Жаңашылдығына баға береді;
|
1
|
Өлеңдегі осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға береді.
|
1
|
3
|
Ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстырады;
|
1
|
Оларға түсіндірме береді.
|
1
|
«Қос жазба күнделігін» толтырады.
|
1
|
Барлығы
|
10
|
«Қалың елім, қазағым» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Абай Құнанбайұлы «Масғұт» поэмасы, «Лай суға май бітпес, қой өткенге», «Отыз екінші қарасөз»
Білім алушының аты-жөні _____________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
|
Оқу жетістігі деңгейі
|
Төмен
|
орта
|
жоғары
|
Кейіпкерлердің ерекшеліктері мен типтік образдарын анықтайды.
|
Кейіпкерлердің ерекшеліктерін анықтауда, өмірлік мақсаттары бойынша кейіпкерлерді жинақтауда, поэмада ерекшеленген кейіпкерді табуда, өз пікірін дәлелдеуде қиналады.
|
Кейіпкерлердің ерекшеліктерін анықтауда, өмірлік мақсаттары бойынша кейіпкерлерді жинақтауда, поэмада ерекшеленген кейіпкерді табуда, өз пікірін дәлелдеуде қателеседі.
|
Кейіпкерлердің ерекшеліктерін анықтайды. Өмірлік мақсаттары бойынша кейіпкерлерді жинақтайды. Поэмада ерекшеленген кейіпкерді табады. Өз пікірін дәлелдейді
|
Шығармада көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға береді.
|
Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтауда, жаңашылдығына баға беруде, өлеңдегі осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға беруде, ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстыруда, түсіндірме беріп, «Қос жазба күнделігін» толтыруда қиналады.
|
Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтауда, жаңашылдығына баға беруде, өлеңдегі осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға беруде, ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстыруда, түсіндірме беріп, «Қос жазба күнделігін» толтыруда қателеседі.
|
Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтайды. Жаңашылдығына баға береді. Өлеңдегі осы мәселелердің бүгінгі заманмен үндестігіне баға береді. Ақыл, қайрат, ғылым, жүректі толық адам ұғымымен байланыстырады. Түсіндірме беріп, «Қос жазба күнделігін» толтырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |