Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып Қазақ тілі



бет6/66
Дата08.06.2023
өлшемі1,62 Mb.
#99758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
5- сынып қазақ тілі Абишева К (копия)

Бағалау критерийі:
Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білім алушы

  • Мәтін мазмұнына сәйкес көтерілген мәселеге негізделген сұрақтарға жауап беру арқылы ой-пікірін білдіреді;

  • Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы кездесетін ерекшеліктерді ажыратады.

Қолдану


Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма
1. Берілген мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. «Төрт сөйлем» әдісі бойынша көтерілген мәселеге өз ойыңызды білдіріңіз.
1-мәтін бойынша сұрақтар:
а) Халқымыз үшін ана тілінің мәні қандай?
ә) Халқымыздың рухани қазынасы не?
2-мәтін бойынша сұрақтар:
а)Елбасы басқа ұлт өкілдерінің қазақ жеріне, еліне деген сенімін қалай арттырды?
ә) Басқа ұлт өкілдерінің тіл үйренуге деген ынта-ықыласы қалай артты?

«Төрт сөйлем» әдісі


а) Менің ойымша, ...
ә) Себебі ....
б) Мысалдар мен дәлел келтіру
в) Қорытынды ой
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Берілген мәтіннен айтылуы мен жазылуында ерекшелігі бар сөздерді анықтаңыздар.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________


1-мәтін


Қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы - тіл. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-мағына болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің адам өмірінде алар орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жүрегі һәм жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен кірмейді. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық қозғалыс соның айғағы. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – Қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Мақсатымыз – ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі. Қазақ тілін құрметтеп, қастерлеу парызымыз болып табылады. (142 сөз)
(https://massaget.kz/)


2-мәтін


Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілі Асылы Османмен «Ана тілің – өзіңе керек, мемлекеттік тіл – баршаға ортақ» тақырыбында сұхбат.
Мемлекеттік тілді кең қолданысқа ен­гізу­де ассамблеяның орны қандай? 
– Бүгінде мемлекеттік тілдің дамуына шү­кіршілік етемін. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне сай кең қолданысқа ие бо­лып, қағаз жүзінде емес, іс жүзінде өмірдің бар­лық саласында қызмет етсе деген тілек бар. Әу бастан-ақ Елбасының Қазақстан Ха­лқы ассамблеясын құрудағы мақсаты – елі­мізде тұратын әртүрлі ұлыс өкілдерінің ба­сын біріктіріп, өздері тұрған елге, жерге де­ген сенімін арттыру мақсаты болды деп ой­лаймын. Ассамблея алғашқы уақытта кеңес ретінде құрылды, мұнда әрбір ұлт өкілі мә­дени орталықтарын ашуға мүмкіндік ал­ды. Бірақ Құдайдан жасырмағанды адамнан да жасырмаймын, расында да, алғашқы ке­зеңдері әркім көрпені өзіне қарай тартты. Оның мәні де, маңызы да бар. Өйткені әрбір ұлт өкілі өз мәдениеті, тілі мен діні, әдебиеті мен салтын жаңғырту арқылы тұрған мем­ле­кетінде берілген еркіндіктің негізінде бұл жерге деген сенімі артты. Әрине, бастапқы кез­де мемлекеттік тілді үйренуге онша құ­лық­ты болмағанымен, байқауымша, кейінгі кез­дері тілге деген ынта-ықылас артып ке­леді. (140 сөз)
(http://old.aikyn.kz/)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет