2-тапсырма. Мәтіндегі бата түрлерін шеңбер ішіне орналастырыңыз.
3-тапсырма. Берілген тақырыптардың біреуін таңдап шағын диалогке түсіңіз.
1. Сүйікті пәндерім.
2. Отбасындағы дәстүрлер.
3. Сүйікті кейіпкерім.
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды;
1-2
мәтінге сай 3 дұрыс ақпаратты анықтайды:
1-ақпарат
2-ақпарат
3-ақпарат
1
1
1
мәтіндегі батаның төрт түрін анықтайды.
4
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.
3
Тақырып бойынша өз ойын жеткізеді;
1
сұрақтарға нақты жауап береді;
1
орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады.
1
Барлығы
10
«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды;
М әтінге сай ақпараттарды анықтауда қиналады.
М әтінге сай ақпараттарды анықтауда қателіктер жібереді.
М әтінге сай ақпараттарды анықтайды.
Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, тақырып бойынша диалогке түседі.
Т ақырып бойынша өз ойын жеткізуде қиналады.
Т ақырып бойынша өз ойын жеткізуде қателіктер жібереді.
Т ақырып бойынша өз ойын еркін жеткізеді.
«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау ІІ-нұсқа
Оқу мақсаты:
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау;
5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Бағалау критерийі:
Білім алушы • мәтіннің мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды;
• шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.
Бір адам баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың ескі тағасын көріп, баласына:
Анау тағаны, ала жүр, - деп айтты.
Бала:
Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, - деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, әкесі тағаны соларға үш тиынға сатты. Содан соң, шие сатып отырғандардан үш тиынға бірталай шие сатып алды. Шиені орамалына түйіп, шетінен өзі біреуден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраздан соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да қызығып келеді екен, жерге түскен шиені лезде жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие,содан соң бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр қаласың, - деді.
(175сөз)
https://bilim-all.kz/article/1635-Ake-men-bala
1 -тапсырма. Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі сөйлемдердің жалғасын тауып бағдарсызық ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.
Әкесі үндемеді
әкесінің қолынан бір шие жерге түседі
Біраз жер өткен соң
көптен де құр боласың
Азға қанағат ете білмесең
тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
2-тапсырма. Мәтінге тірек болатын сөздерді жалаушаның ішіне орналастырыңыз.
3-тапсырма. Берілген тақырыптардың біреуін таңдап, диалогке түсіңіз. 1. Қызыл кітап.