Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет6/76
Дата20.09.2023
өлшемі2,31 Mb.
#109001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
5 класс Құралай Т2

Бағалау критерийі:

Білім алушы
•әдеби шығармаларды түсінеді, тақырыбын анықтайды;
• белгілі бір оқиғаны сипаттай отырып эссе жазады; • жалпы, жалқы есімдерді ажыратады, жалғауларды дұрыс жалғайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану.
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут



1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай тақырып қойыңыз.


____________________
Ерте, ерте, ертеде бүркіт: «Кім күшті?» деген қазақша күрестен сайыс өткіземін», - деп жан-жануарларға жар салыпты. Аю, жолбарыс, қасқыр, қоян, барыс, арқар мен борсық сайысқа қатысуға дайындала бастайды.
Атасы барысты сайысқа дайындайды.
- Бұл жарыста жеңіске жету оңай емес, балам! Сайыста күшті болу керек, бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! - деп, атасы барысқа ақыл айтады. Барыс сайысқа қатысу үшін көп жаттығады.
Сонымен, сайыс күні де келіп жетеді. Бүркіт, қабан, таутеке төреші болады.
- Сайыс жарыста жеңген аңның атымен аталатын болады, - деп бүркіт жариялайды.
Қасқыр мен қоян, арқар мен борсық, аю мен қабан, барыс пен келес күреседі. Қоян қасқырды, аю қабанды, борсық арқарды, барыс келесті жеңеді.
Жартылай сайыста аю мен қоян, барыс пен борсық күреседі.Аю қоянды, барыс борсықты жеңеді де аю мен барыс шешуші сайысқа шығады.
Барыс аюмен күреседі. Ол атасының айтқан ақылын есіне түсіреді де ептілікпен өзінен күшті аюды аяқтан шалып жеңеді.
Сөйтіп, барыс ептілік пен төзімділік көрсетіп, жеңімпаз атанады. Содан бері қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталатын болды.
(164 сөз)
https://youtu.be/STz1spz7BZ0


2 -тапсырма. Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет