Тапсырмалар
1.«... Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!»
Үзіндідегі өзекті мәселе
|
Ғаламдық мәселемен байланысы
|
Өз ойым
|
|
|
|
2. «Ескендір» поэмасынан берілген үзінді бойынша кестені толтырыңыз
-Бұл – адам көз сүйегі, - деді ханға.
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жержүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.
Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат:
Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат,
Сый сұрадың, бергені – бір қу сүйек,
Мұны көріп, алыңыз сіз де ғибрат!
Шығармадағы автор стиліне байланысты
|
Белгілі бір оқиға үзіндіде қалай суреттелген?
|
|
Тіліне, көркемдегіш құралдарға байланысты
|
Үзіндіде қандай тілдік құралдар қолданылады?
|
|
Көркемдегіш құралдардың қызметіне байланысты
|
Образдың ашылуына көркемдегіш құралдар қалай әсер етеді?
|
|
|