Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (3-тоқсан)
*Тапсыр ма
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырма лар түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау уақыты, мин
Балл
1-6
10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау;
10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.
10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру;
10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.
Толық жауапты қажет ететін
сұрақтар
Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды.
Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, Көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды.
Тыңдалым мен айтылым
сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі).
10
1-7
10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
Көп таңдауы
бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны, құрылымы негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және сөздік қолданысына талдау жасайды.
15
10
1-3
10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш
Жазбаша
Оқушылар ұсынылған 3
25
10
құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық
толық
тақырыптың бірін таңдап, жазба
жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;
жауапты
жұмысын орындайды.
10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық
қажет
Жазылым жұмысында берілген
құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз
ететін
тақырып бойынша эссе, екіжақты
ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі);
сұрақтар
пікір, баяндама тезисін жазады.
Оқушының жазылым барысында
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және
жанрлық,стильдік
стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды
ерекшеліктерді ұстануы, тілдік
қолданып, нұсқаулық жазу;
құралдарды орынды қолдануы,
10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін
берілген жанрды талапқа сай
қолдана білу.
жазуы бағаланады.
Барлығы
40 минут
30
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары І нұсқа
Тыңдалым және айтылым Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
А мәтіні
«Жасыл экономика» – бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ пайдаланылған өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл экономика» бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған ресурстарды (мұнай мен газ секілді пайдалы қазбаларды) үнемді тұтынуға және күн мен жел қуаты секілді сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға қызмет етеді» деп жазылған бұл жайында Электронды мемлекеттік қызметтер мен Жасыл коалиция сайттарында.
Сонымен, «жасыл экономика» таза өнімдер шығаруға негізделген «жасыл» технологияларға арқа тірейді. Қазақстандық мамандардың пікірінше, «жасыл экономиканы» дамыту, көптеген индустриялық дамыған елдер бастан кешкен экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.
Біз әлем халықтары тұтынатын қуаттың 85 пайызы мұнай мен газ және көмір арқылы алынатындығын білеміз. Сондықтан Жер шарында олардың аса зор өндірістері қалыптасқан. Бұл өндірістер оларды үдемелі түрде өндіруге қол жеткізе алды. Дегенмен, сарапшылардың мәлімдеуінше, адамзаттың ендігі жүретін жолы бұл емес. Өйткені егер біз осы жолмен жүре берсек, олардың негізгі қорлары 40-100 жылдың арасында таусылатындығы белгілі болып отыр. Мәселен, мұнай қорлары 40-50 жылда, газ қорлары 80 жылда, уран қорлары 80-100 жылда, көмір 400-500 жылда таусылуы мүмкін. Ал Қазақстан өзінде бар көмірсутегі қорларын тек бір өзі пайдаланатын болса, олардың ғұмыры бұдан да ұзақ мерзімге жетпек. Бірақ біз оларды тұтынып отырған кезде әлем елдері басқа қуат көздеріне толықтай көшіп үлгіретін болады. (200 сөз)
С.Әліпбай «Егемен Қазақстан»
Ә мәтіні Айша Бибі - тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х 7,6 метр, бұрыштары бағана тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3 х 1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғары жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...» деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. ( 203 сөз)