Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі



бет58/82
Дата20.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#119873
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Байланысты:
10 ҚГБ Қазақ тілі Зухра

Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Балл

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

5

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды.
Талқылау кезінде өз ойын
жетік жеткізе алады.

4

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

4

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.

3

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды.

3

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.

2

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді.
Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

1

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға аз қатысады.



Оқылым
Тапсырма)
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы əлемдік дамуда орын алған түбегейлі өзгерістер ғылыми зерттеушілер үшін де, сондай-ақ саясаткерлер алдына да халықаралық қатынастардың сипаттары мен заңдылықтары бойынша мəселелерді барлық қырынан қойды десе болады. Жаңа саяси даму қарқыны жаңа тəуелсіз мемлекеттердің құрылуымен қоса, ғаламдық өзаратəуелділіктің ұлғая түсу төңірегінде ұлтараздық қақтығыстар мен керағар ағымның күшеюін де, халықаралық лаңкестіктің қатерлі шегіне шығуын да, ең соңында бұрыннан қалыптасқан халықаралық қауіпсіздік құрылымында да жаңа қатерлер орын алды. Халықаралық қатынастардың қалыптасып қалған жүйесінің, сонымен бірге соған негізделген əлемдік тəртіптің де ыдырай бастауы ғалымдарға, сарапшылар мен мемлекет қайраткерлеріне көптеген күрделі мəселелерді туғызды.
Бір-бірімен өзара тығыз байланысқан жəне өзара тəуелді дүние халықаралық қатынастардағы субъектілердің саяси, əлеуметтік-экономикалық жүйесінің даму деңгейіне қарамастан, бірінші кезекте мемлекетаралық келісушілік пен өзара қарым-қатынас, ынтымақтастық мəселесін шешу қажеттігін ұсынуда. Өзара тəуелді дүниеде саяси, əлеуметтік-экономикалық, мəдени қатынастар тек осы саладағы үрдіс негізінде ғана маңызды емес, сондай-ақ оның бейбітшілік пен қауіпсіздік ісінде де мəні аса зор. Өйткені адамзаттың тұйықталған жəне оқшауланған саяси-экономикалық жəне мəдени күйден біртұтас адамзат қауымдастығына қарай бет бұруы тарихи дамудың жан-жақты қажетті үрдісі болып табылады.
Демек, қоғам ішінде кең етек алған саяси-экономикадағы, техникадағы, қарым-қатынас құралдарындағы, ғылым мен білім берудегі интеграциялық үрдістер оны тұтас бір үйлесімге айналдырып, нығайта түсуде. Өркениеттің өрлеуі, ғылыми-техникалық саланың дамуы адамзаттың тіршілік ету мүмкіндігін жеңілдете түсті. Ғасырлар бойы үстемдік етіп келген тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу үрдісінде адамзатқа деген ізгілікті қамқорлық басым мəнге ие болып, əлем өзаралық жүйелі интеграция үрдісі шеңберінде дамуда. Əлемнің əр аймағында саяси, əскери, экономикалық саладағы интеграциялық бірлестіктерінің құрылуы да бүгінгі күннің заңды құбылысына айналды. ( 245 сөз)
articlekz.com

1.Мәтін қандай жанрда жазылған? Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]

2.Көпшілікке арналған мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]


  1. Қазақстанның дамуына тірек болатын 4 негізгі жетістікті тауып жазыңыз

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Мәтіннің негізгі идеясын білдіретін тірек сөздерді сызба түрінде құрылымдап көрсетіңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]



  1. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Мәтіннен деректерді қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет