1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
Оқу мақсаты
|
10.1.1.1 Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
10.3.4.1 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ( «келісу, келіспеу» эссесі).
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тақырыпты жалғастырады;
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, эссе жазады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Орындау уақыты
|
15-20 минут
|
Тапсырма
Мәтін үзіндісін екі рет тыңдап, сұхбаттың не туралы өрбуі мүмкіндігі туралы болжам жасаңыз
Тілсізді – айуан дейді. Тілі кедей елді – мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды. Тіл – адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам құрылыстары мен салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері (мерило). Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениет, ғылымға жетіп, өткен-кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа – әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй-ішімізді, қоғам-халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгереміз, сондықтан «өнер алды – қызыл тіл» дегендейін, адам баласының байлығында тілден артық не бар?!
( 92 сөз)
|
Достарыңызбен бөлісу: |