«Туған жерім-аялы алтын бесігім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырыбы: Әл-Фараби «Қашықтасың туған жер», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» Доспамбет жырау «Қоғалыкөлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» І нұсқа
Оқумақсаты
6.2.2.1.Эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
6.2.3.1.Шығармадағы көркем ауыстыруларды (метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.
2-үзінді Қашықтасың туған жер, қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен,
Қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен.
3-үзінді Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!
4-үзінді Айналайын, Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?!
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?!
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?!
2-тапсырма.Берілген үзінділерден көркем ауыстыруларды табыңыз.