1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіннің атауын талқылап және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжаңыз.
Қазақстан — тәуелсіз ел. Тәуелсіздіктің көк туы көгімізде желбіреп, азаттықтың ақ таңы атқалы 28 жыл болдыты. Өз алдына дербес ел болған Қазақстанның, оның кең байтақ жерінде бейбітшілікте мекен еткен халқымыздың ұлылығын ұлықтай білген, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің төрінен орын алар ұлы тұлғалар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі XX ғасырда қазақ әдебиетінің биік тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
Тамаша талант иесі бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысының тумасы. Ол 1897 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Арқа сүйеп пір тұтқан асқар таудай әкесі Омархан мен немересінің болашағынан үлкен үміт күткен атасы Әуез көзі ашық, көңілдері нұрлы адамдар болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Жастайынан білімге құштар бала Мұхтарды алғашында атасы Әуез мұсылманша сауат аштырып, хат танытқан. Бос уақытында ел аузында жүрген қиссалар мен аңыздарды, өлең жырларды тыңдатып ұлтының рухани мұрасынан сусын қандыртып өсірген. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінің ықпалымен бала Мұхтар Ұлы Абайдың өлеңдерін алты жасынан бастап-ақ жатқа білген. Себебі, Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен көршілес тұрған. Әуездің өзі де Абай Құнанбаевтың шығармаларына ерекше мән беріп, қызығушылық танытқан.
«Білім инемен құдық қазғандай» демекші ғылым-білімге құштар студент Мұхтар училищеде өзін тек ізденімпаздылығымен, жинақтылығымен, тәртіптілігімен, көрікті сымбатымен және терең білімділігімен көзге түседі. Мұны жазушыға аталмыш білім ордасында орыс тілі пәнінен сабақ берген Василий Попов естелігінен аңғаруға болады. «Алдыңға партада отыратын 18 жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі тап-таза, қою шашы қап-қара, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр. Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз. Бұл ұстаздың талантты шәкірті жайлы шынайы ойы. Училищені ойдағыдай аяқтаған соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы оны да бітіреді. Ол ғылым-білімді толық игеріп қана қоймай, орыстың атақты жазушыларының шығармаларымен, Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жанына жақын қылып, жете танысады. Содан болар М.Әуезов өздігінше тынымсыз ізденістің, терең ғылыми толғаныстың нәтижесінде шығарма жазуға ден қойды. (296 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/374
2-тапсырма. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрыңыз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма. Тыңдалған мәтіннен көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсініп және ажыратып жазыңыз.
|