Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет32/82
Дата03.02.2022
өлшемі2,04 Mb.
#24803
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
9 сынып Мырзабекова Қ

Сұрақ түрлері

Шарты

Оқушы сұрағы

Нақты сұрақтар

Мәтін мазмұнында бар фактілер арқылы жауап беруге болады.




Тұжырым сұрақтар

Мәтіннің нақты бір бөлігіне интерпретация немесе талдау жасау арқылы жауап беріледі.



Пікір таластырушы сұрақтар

Бұл мәтін идеясы негізіндегі ашық сұрақтар.





2-тапсырма. Кестені толтырыңыз.


«РАФТ» стратегиясы

Оқушы жауабы

Рөл

Су, өсімдік әлемі, күн, жел



Аудитория

Адамзат, оқушылар, мұғалім, газет оқырмандары

Форма

Хат, өтініш, мақала, жолдау

Тақырып

«Баламалы энергия – болашақтың энергиясы» мәтінін оқығаннан кейін туған ойлар...;

Экология мәселесі...







«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Талқылау сұрақтарын құрастырады.

1

1.Нақты сұрақтар

2.Тұжырым сұрақтар

3. Пікір таластырушы сұрақтар


1

1

3



Әртүрлі жанрда мәтіндер

құрастырады



2

«РАФТ» әдісі арқылы рөлге енеді;

1


оқырмандарды өсімдіктер мен

жануарлар әлемін қорғауға

ынталандырады;


1

Мәтіннің жанрын сақтайды;

1

Тақырыпты ашады.

1

Барлығы – 9 балл



«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні: _____________________________


Бағалау критерийлері

Оқу жетістігінің деңгейі

Оқырман тұрғысынан мәтінге

талқылау сұрақтарын

құрастырады

Әртүрлі жанрда мәтіндер

құрастырады.


Төмен

Орта

Жоғары

Мәтінде көтерілген мәселенің

оқырманға әсерін анықтауда,

3 талқылау сұрағын құрастыруда

қиналады.

Рөлге енуде, оқырмандарды

өсімдіктер мен жануарлар әлемін

қорғауға ынталандыруда,

мәтіннің жанрын сақтауда,

тақырыпты ашуда қиналады.


Мәтінде көтерілген мәселенің

оқырманға әсерін анықтауда, 3 талқылау сұрағын құрастыруда

қателіктер жібереді.

Рөлге енуде, оқырмандарды

өсімдіктер мен жануарлар әлемін

қорғауға ынталандыруда,

мәтіннің жанрын сақтауда,

тақырыпты ашуда қателіктер

жібереді.


Мәтінде көтерілген мәселенің

оқырманға әсерін анықтайды.

3 талқылау сұрағын

құрастырады.

Рөлге енеді. Оқырмандарды

өсімдіктер мен жануарлар

әлемін қорғауға

ынталандырады. Мәтіннің

жанрын сақтайды. Тақырыпты

ашады.






І тоқсан бойынша жиынтық бағалау

спецификациясы
І тоқсан жиынтық бағалауына шолу
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау

тапсырмаларының сипаттамасы



«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Мәңгілік Ел – мұратым», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша

І нұсқа
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

[10]
1. Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдей сөйлеңіз.

2. Жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікір білдіріңіз.
1-мәтін

Әрбір ұлттың құндылығы мен ерекшелігі – тілінде. Ұлтқа қызмет етудің бүгінгі үлгісі – қазақтың тіліне қызмет жасау болып табылады. Бұл Қазақстанның топырағын басып, суын ішіп отырған әрбір адамның міндеті.

Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі «тұлпар шапса – тұяғы тозатын, сұңқар ұшса – қанаты талатын» байтақ жерге ие болудың өзі – қазақтың пейіліне қарай біткен байлығы. Адамгершілігі асқақ, арамдықтан ада, тумысынан таза, қиянаттан шет, өзі дана, жүрегі бала халық имандылығымен де ерекшеленген.

Гректер мен түріктер қақтығысқанда танцучилер «бір қарыс жер түгіл, бір қиыршық тасымызды бермейміз» деп жанталасты. Қандай ерлік, неткен махаббат бұл! Біз де балаларымызды осылай тәрбиелейік. «Бабаңнан қалған аманатты – қазақтың даласын қасық қаның қалғанша қорғауың керек. Бұл – сенің киелі мекенің. Осы елдің қожасы – тек сенсің! Басқаның көз алартуына жол берме!». Патриоттық сезім болмай, сырқат санадан ажырай алмаймыз.



(171 сөз)

(Ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты - Асылы Осман)
2-мәтін

Ұлттық идея қандай да бір халықтың, этностың немесе ұлттың өмір сүру мәнін айқындайды. Өз болашағын құрайтын кез келген мемлекет немесе қоғам осы жағынан өз ұлттық идеясына сүйенуі қажет. Өз ұлттық идеясын мансұқ еткен қоғам құриды, міндетті түрде өз жолынан таяды. Нағыз ұлттық идея – бұл жетілу, әсіресе халықтың бүкіл рухани жетілу идеясы. Бұл идея – ерекше әмбебап идея.

Бұл қазіргі күні жеткіліксіз өнімді, іске асып жатқан өмірді орнықтыру қағидасы. Бұл қазіргі буынның болашақ туралы сындарлы да айқын арманы және бұл ой-арман алдыңғы ұрпақ өкілдерінің болашақ туралы армандарымен астасып жатыр. Бұл халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету принципі ретінде туған.

Ұлттық идея халықты ұйымдастыруға бағытталған дүниетанымдық сипаттағы бағыттардың, құндылықтар мен мұраттардың кешені, қоғамның тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуы, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайту болып табылады. Ұлттық идеяны жай ғана ойдан жасауға болмайды. Оның бөліктері ұлттың болмыс-келбетін білдіретін ұлттық сана-сезімнің терең қатпарында жатыр, оның мағынасы философияда, тарихта, ғылымда, поэзияда, әдебиетте, музыкада, бейнелеу өнерінде, биде, халық тілінде.



(150 сөз)

(Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет