Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті физика пәні бойынша 11 сыныпқа арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы Тараз 2022 ж. МазмұНЫ



бет2/32
Дата20.09.2023
өлшемі1,69 Mb.
#109182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
11 СЫНЫП БЖБ ТЖБ

Қорытынды..................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................


Кіріспе

Жалпы орта білім беретін мектептердің физика пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік жинақ. Бұл оқу-әдістемелік жинақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес физика пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жиынтық бағалау тапсырмасы даярланды.


Әдістемелік жинақтың басты мақсаты - оқушының қоршаған ортаға бейімделуі мен әлеуметтенуі үшін қажетті ғылыми таным, құзіреттілік қабілеттері мен тәжірибе дағдыларын қалыптастыру.
Қазіргі кезде мектептерді дамыту бағыттарының бірі – бейіндеп оқыту. Осыған орай жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 11 сыныпқа арналған бөлім бойынша және тоқсандық бойынша жиынтық бағалау оқушылардың қызығушылығынан, кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындалған. Оқушылардың білімдік құзыреттілігін қалыптастыру пәнді теориялық меңгерту, эксперименттік зерттеу және практикалық қолданысқа ұштастыру болып табылады.
Физика пәнін меңгертудегі сабақтан тыс оқыту формаларының ролін көрсете отырып, оқыту формаларының міндетін айқындап, бағдарламасын жасау және жүйелеу мақсатында бірнеше жұмыс жоспарлары жинақталды. Оқушылар үшін қысқа уақытқа берілген эксперименттік тапсырмалар мен денелердің әсерлесуі кезіндегі шамалардың өзгерісін, қолданысын, табиғаттағы әсерлерді бақылау мақсатындағы жұмыстар оқу бағдарламасының тақырыптарына лайықталып жасалды. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың өлшеу, есептеу, бірліктер жүйесіне, түрлендіре білуіне үйрету ескерілді.
Жаңа реформадағы білім беру жүйесіне сәйкес, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында, белсенді оқыту; жаратылыстану-математикалық бағытында оқытылатын сынып оқушыларына физика пәнінен тереңірек білім бере отырып, кәсіби қолданысқа қажетті есептер мен тапсырмалар енгізілді.
Бұл оқу әдістемелік жинақта 11-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Тапсырмалары әр бөлімнің оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп, оқушылардың жасерекшеліктерін ескеріліп, 20-25 минутта өз беттерінше орындауға есептеліп жасалынған және көп жауапты, толық жауапты, қысқа жауапты тапсырмалардан құралған. Бөлімнің ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар енгізілген. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет