4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4 - тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30 балл
Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
|
Тексерілетін мақсат
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Тапсырма саны
|
№ тапсырма
|
Тапсырма түрі
|
Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
Бөлім бойынша балл
|
Нанотехнология және наноматериалдар
|
11.9.1.1 – наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын түсіндіру;
|
Білу және түсіну
|
1
|
1
|
ТЖ
|
3
|
2
|
2
|
Космология
|
11.10.1.2 – көрінерлік жұлдыздық шама және абсолют жұлдыздық шама ұғымдарын ажырату;
|
Білу және түсіну
|
8
|
2
|
ҚЖ
|
4
|
4
|
23
|
11.10.1.3 – көрінерлік және абсолют жұлдыздық шаманы анықтау үшін формулаларды қолдану;
|
Қолдану
|
3
4
|
ҚЖ
ҚЖ
|
5
|
2
2
|
11.10.1.4 – Күннің сәулеленуін сипаттау үшін Стефан-Больцман және Винн заңдарын қолдану;
|
Қолдану
|
5
6
|
ҚЖ
ҚЖ
|
3
3
|
2
2
|
11.10.1.5 – Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассел диаграммасын қолдану;
|
Қолдану
|
7
|
ТЖ
|
6
|
4
|
11.10.1.10 – Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын бағалай алу;
|
Қолдану
|
8
|
ҚЖ
|
5
|
4
|
11.10.1.11 – микротолқынды фондық сәулелену туралы ақпаратты қолданып, Үлкен Жарылыс теориясын түсіндіру;
|
Жоғарғы деңгей дағдысы
|
9
|
ТЖ
|
4
|
3
|
Физикалық практикум
|
физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігіне негізделген эксперименттік зерттеудің соңғы нәтижесін алу
|
Жоғарғы деңгей дағдысы
|
1
|
10
|
ҚЖ
|
7
|
5
|
5
|
Барлығы
|
|
10
|
10
|
|
40
|
30
|
30
|
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Нанотехнологиялардың қолданыс аясын сипаттап жазыңыз.
a) нанотехнология техникада:__________________________________________________
[1]
b) нанотехнология медицинада: ________________________________________________
[1]
2. а) физикалық шамаларды сипатталарымен сәйкестендіріңіз.
[2]
1
|
Жұлдыздың жарқырауы
|
A
|
жерден 10 пк қашықтықтағы жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық шамасы
|
2
|
Абсолют жұлдыздық шама
|
B
|
аспан шырақтарының жасайтын жарықтарының өлшемі
|
3
|
Жұлдыздық шама
|
C
|
бірлік уақыт ішінде жұлдыз бетінен шығарылатын энергия
|
4
|
Көрінерлік жұлдыздық шама
|
D
|
ұғымын алғаш рет б.з.б. II ғасырда Гиппарх енгізген
|
b) абсолют жұлдыздық шама мен көрінетін жұлдыздық шаманың айырмашылығын жазыңыз; . [2]
3. Көрінерлік жұлдыздық шамасы m=2 болатын жұлдыз 250 пк қашықтықта орналасқан. Осы жұлдыздың абсолютті жұлдызды шамасын анықтаңыз.
[2]
4.Күннің абсолют шамасы M=+4,8m . Оның көрінерлік жұлдыздық шамасын
табыңдар. Күнге дейінгі қашықтықты 150 млн км деп есептеңдер.
[2]
5. Күн сәулесінің спектрін анықтау барысында оның энергетикалық жарқырауының спектрлік максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы 500 нм. (=5.67*10-8 Вт/м2K 4 , b=2.9*103 м*К) Күнді абсолют қара дене деп есептеп, Абсолют температурасын анықтаңыз.
[2]
6. Жоғарыда берілген (4) тапсырманың мәліметтерін қолдана отырып, абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауын анықтаңыз.
[2]
7. Суретте Герцшпрунг-Рассел диаграммасы бейнеленген.
а) төменде көрсетілген бес тұжырымнан дұрысын(тарын) анықтап дөңгелектеп белгілеңіз:
[1]
1) Ақ ергежейлердің массасы Күннің массасынан едәуір асып түседі;
2) Алыптардың жарықтығы Күннің жарықтығынан он мың есе көп;
3) Антарес жұлдызы негізгі тізбектегі Жұлдыздарға жатады, өйткені оның радиусы күн радиусынан 900 есе көп;
4) Күн O спектрлік класына жатады;
5) негізгі тізбекте жұлдыздардың шамамен 90% -ы орналасқан;
b) (а) тапсырмасында берілген бес тұжырымның қателерін анықтап, неліктен қате екендігін түсіндіріп жазыңыз.
[3]
8. Бақылаушыдан алыстап бара жатқан галактиканың сәулелену спектріндегі қызыл
ығысу 0,003.
a) галактиканың біздің Галактикамыздан алыстау жылдамдығын анықтаңыз;
[2]
b) оған дейінгі қашықтықты анықтаңыз;
[2]
9. a) Үлкен жарылыстың жалпылама теориясы бойынша Әлемнің эволюциясын
төрт негізгі кезеңдерін жазыңыз:
[1]
1)___________________________
2)___________________________
3)___________________________
4)___________________________
b) Әлемнің заманауи модельдерінің авторларын атаңыз;
[1]
с) бұл модельдердің мәні неде?
[1]
10. Оқушы мыстың тығыздығын анықтау барысында төмендегідей мәліметтерді алған:
масса m=500±0.1 g
ұзындығы l=100.0±0.1 cm
ені w=20.0±0.1 cm
қалыңдығы t=0.30±0.01 mm
Төмендегі формуланы қолдана отырып
ρ= 𝑚/𝑤𝑙𝑡
а) алюминий тығыздығын анықтаңыз;
[1]
b) өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтаңыз;
[2]
c) өлшеудің абсолют қателігін анықтаңыз;
[2]
Достарыңызбен бөлісу: |