* * *
Әнші, сазгер, ақынжанды автордың лириқалық сезімге
құрылған «Сыбызғы сарыны» әңгімесі оқырманның жан
әлемін нәзіктігімен баураса, «Тас боран» аталатын туынды-
дағы қара көз қазақ қызы Қарашық тағдыры ұлттық на-
мысыңызды ойрандайды. Ал «Сары апа» әңгімесінде туыс-
қандық қарым-қатынасқа байланысты ауыл тіршілігін ба-
рынша сүйіспеншілікпен жазған Зейіпхан әке-шешесінен
бірден айрылып, әже қолында (Сары апаның) жетім қалған
Жазираның жақсы болып өсетініне сөзсіз сендіреді. Жази-
ра өзінің екі-үш ауылдың қайғысын жеңілдеткен перзент
бол
ғанын білген жоқ. Жалпы, бұл тосын оқиғалы, асау-
қандылығы басым жинақ деуге болады.
Бір мақалада кітаптағы барлық хикаяларды талқылап
жату шарт. Солай дей келе «Жоңғар романтикасы», «Сор-
көл» аталатын екі хикаятын да дарынды, жас қаламгердің
оқырмандарына қалдыруда жөн болар дейміз.
Қалай дегенде де, қаламының өзіндік қарым-қуаты бар
жазушы әдебиеттегі өз бейнесін айқындап, екшеп бергеніне
көз жұма алмаймыз.
201
Әдебиет – жан нұры
ЭТНОГРАФ ҒАЛЫМ –
ЖАҒДА БАБАЛЫҚҰЛЫ 90 ЖАСТА
Жағда Бабалықұлы ағамыз туралы айтудың алдында,
ежел
ден келе жатқан бір тәмсілді еске алсақ болғандай;
«бірде-бір адамды қажетінен шығармайтын, кісілігі басынан
аспайтын, жан баласына көлеңкесі түспейтін, айналасына
ешбір пайдасы жоқ, тіпті өзін жаратқан Құдайды тануға діті
жетпейтін адамның ағарған сақал-шашын ақ шошқаның
түгіндей десе болады» дейтін.
Ал, Жағда ақсақал кім?... Ол үш бірдей империяның:
гоминдан үкіметінің, Қытай компартиясының, кеңестік
тота литарлық түзімнің ауыздығы салынып; аталған үше-
уінің де жүген, ноқтасы бір басына кигізілген кісі. Ал, Жә-
кең азуын айға білеп, қанжарларын қайраған аты әлем ге
әйгілі империялардың сол саяси қысымының өзіне күле
қарады. Алдыңғысының түрмесін, кейінгі екеуінің қу
да-
лаған қуғынын көрсе де, қылшығы қисаймай өмір сүре бер-
ді. Өз тағдырына биіктен қарады. Шеңгелінен қан тамған
үкіметтердің әлгі әрекеттеріне Жағда ағаң, солар өзімен
әзілдесіп жүргендей көрінетін-ді. Оның есесіне ұлтыңыздың
этнографиялық не бір тұңғиық қасиеттерін Құдай жаратқан
дана көкірегімен даралап берумен болды. Мәселен, тек
қана жылқы малында болатын құлағынан қара тұяғының
ұшына дейінгі неше жүздеген атауларды тізбелеп жарыққа
шығарды. Бүгінгі жұрт назарынан өшіп бара жатқан ерекше
ұлттық мұраларымызды толықтыруға бар күшін жұмсады.
Күш демекші, «бітпейтін іс бар, бітпейтін күш жоқ» деген.
Жәкеңнің өз қабинетінде әлі сыры ашылмай, мұрты ойыл-
май жатқан қаншама асыл қазыналарымыз, ұлттық рухани
мұра-мирастарымыз жатыр. Жалпы салмағы 150 килодай
келетін қолжазба барын ешкім білмейді. Соның үштен бірі
202
Жанат Ахмади
жарық көрсе, ұлт игілігіне жаратпас па едік. Осы 90 жыл-
дығына орай үкіметіміз көңіл бөліп, осы бір қайталанбас
этнографымыздың жұрт көзінен тасада тұрған қилы-қилы
еңбектерін топтастырып, жарыққа шығарудың қамына кі-
ріссе, құба-құп болар еді.
Бәрін айта келгенде, бүгінде 90 жастың торқалы тойына
бөленіп отырған Жәкең-Жағда Бабалықұлы ақсақалымыз-
ды өз ұлтымыздан шыққан кемеңгерлеріміздің бірі десек
артық болмас.
203
Әдебиет – жан нұры
Бiрден төте сөзге көшер болсақ, алтынды өзге сөзбен
мақ тай алмайтының сияқты, Қадыр Мырзалиевтей заңғар
ақын ды мадақтап жатудың орны жоқ... Яғни, екiншi сөзбен
басқа бiр қиырдан келетiн болсақ, бүгiнде алпыстың асуы-
нан демiкпей асқан даңғайыр ақынымызды төмендегi бiр
мақалмен шамаласақ болғандай. Атамыз қазақтан қалған:
«жақсының өмiрi өзгенiкi, өлiмi өзiнiкi» дейтiн нақыл бар.
Қорытып алған қорғасындай осы байлау сөздi әу баста, ойдан
шығарып айтушы қарайған жұрттың барлығына арнама ған
тәрiздi... Баршамызға қиятын да сөз емес.
Поэзия дүлділі, жаһангер ақын алпыс жасына шейiн
қырық шақты жыр кiтаптарын шығарған екен, – бұл
сан ғана ма? – сапа ма? – мәселе сонда. Соңғысы екенiне
ешкiмнiң дауы жоқ. Қазақ поэзиясының жаулаушысы, көр-
кем ойының жиһанкезі Қадыкең ең алдымен, өз ұлтының
жан-сезімін жаулап, оның рухани көркем дүниесiн жыр
тiлiмен игерушi. Көңiл кесесi толмай, шынайы дүние ақ-
тарылмайтыны белгiлi. Сол көңiл шарасы сұлу ойлармен
кемерiне келе шыпылдап, меймiлдемей қолына қалам
ұстамайтын сыркесте ақын ХХ–ХХІ ғасырлық поээияның
құлантаза жүйрiктерiнiң бiрi.
Жалпақ жаһан жаралғалы бергi адамзат поэзиясының
көз талдырар биiк шыңы осы бiздiң ғасырымызда даралан-
ған болса, Қадыр ағамыз сол шыңның бiрi екенiне ешкiм-
нiң дауы болмаса керек, ешкiм көз жұмбаса керек. Олай
десек – Қадыкең ұлтымыздың жан сұлулығының жаршысы,
соған қыз мет етушi. Сондықтан да, ақындығы сүйегiне бiт-
кен, Қа дыр Мырзалиевтiң өмiрi өзгенiкi, тек әлгi аузымыз
бармай отырғаны ғана өзiнiкi деуге хақымыз бар сияқты.
і і б ө л і м
ПОЭЗИЯ –ДіЛ НӘРі
«Тіл күйігі жүректе»
(Халық даналығы)
204
Жанат Ахмади
Қадыр ағамыз қолына қалам ұстағаннан берi өзге дәуiр -
дiң еш бiр қызығына ат шалдырып, аялдамаған ақын. Еш-
қандай белеңнiң тұсында тек өлең жазудан өзгенi мiсе
тұтпаған дарын екенi мәлiм. Олай дейтiнiмiз кешегi Кеңес
дәуiрiнде пайда болған; салқын шарап – жылы сөздiң тұ-
сында он екi айда он үш той жасаушылардың бел ортасында
жүргенде де, Қадыкеңнiң жүйрiк қалам, кезеген қиялы бiр
сәт дамыл таппағаны, оның үстi-үстiне шығып жатқан сүбелі
кiтаптарынан аян. Және соған лайық мақтау сүймейтіні
ғажап. «Нағыз білгір өзін білдіруге құштар емес» дейтін
тәмсіл де осымен дәлелденгендей. Ломоносов айтқандай:
«қоша метшiнiң тiлiнде балы, жүрегiнде зәрі жататынын»,
Қадекең Асан Қайғыдай болжаған болар. Сондықтан иесiн
жүрек қана алдамайтынына сенiп, өзiнiң iшкi жан қуатына
байланып, бағынған.
Бұдан қырық-елу жыл бұрын, өлең жаза бастаған кезiн-
де болсын, маңайында мықты «көкесi» барлар мәстектен
жы ғыл ғанды тұлпарға мiнгiзiп жатқанда да, жомарт таби-
ғат тасқа салса мұқалмас, алмас жiгер сыйлаған жас Қадыр
морып кете қоймағаны бүгiнгi болмысының өзiнен-ақ аян.
Қайта, айналадағы нығыз мығымдар «көтеремiн тұлпар,
көгершiнiн сұңқар» етiп көрсетуге әуес екенiн неғұрлым
таныған сайын, жан тереңiндегi қайсарлық оты қозда-
нып, өршелене түсуге мәжбүр болғандай... Қыран бiтiстi,
қаршығадай алғыр жас талант ұшқын толы жанарын қиян-
ға тастап, Алатаудың қарлы шыңдарына сұрақты жүзбен
сансыз рет қадала қараған болар.
Иә, уақыт емдемейтiн, ол орнына қоймайтын ешқандай
нәрсе жоқ.
Ғаббас Қабышевтiң қандауырдай, шаншуыр тiлiмен айт-
қанда, «мақтайтын адамдарының тiзiмi қойын дәптерiнде»
жүретін кейбiр әдебиет сыншылары және iшiнара «әдебиет
ақсақалы» атанғандар «ала қойды бөле қырықпай» тұр-
майтындары ертеден берi-ақ белгiлi жайт едi. Сондай ала-
қойыннан ақылшы, қарақойыннан нақылшысы қаулаған,
қызыл коммунистер еңсерген әуейi жылдар шоғырынан
205
Әдебиет – жан нұры
кiрпiгiне шаң жұқтырмай өтiп, тек қана өз даңғылымен тар-
тып отырған Қадыкеңнiң шығармашылық сүрлеуi жұл дыз
моншақты – құс жолындай самсап жатыр деуге болады. (Ол
iрi шайырымыздың еңбек ауқымының өзiнен әйгiленiп тұр).
Поэзияға, жалпы әдебиетке деген ыстық-суығы лаулап
болып басылмайтын, қайта жылдар тiзбегi өткен сайын
әр қырынан кәрiне мiне беретiн, Қ. Мырзалиев жан әле-
мiнiң көк жиегi көз жеткiсiз. Шығармашылыққа деген
қайы рым дылығының қуат-көзi тереңде жатыр. Олай болса
қайырымды жүрек қартаймақ емес. Ал жүрек қартайса,
ана қырдың астынан ажал аңду салады. Яғни, «иiнi түскен
ауырады, үмiтi өктем сауығады» дегендей. Ана махаббаты
тұңғиықтың түбiнде болса, өлең-жырға деген Қадікеңнің
махаббаты да тұңғиықтың түбінде, – десе болады.
Бiр ғажабы, берiтаманғы буынның көз қарасымен ша-
малағанда Қадыр ағамыз өмiр бойы «атына сай – аты сай,
кетпенi сай – шоты сай» болып келе жатқан, туа мырза кi-
сiдей көрiнетiн. Олай емес екен. Күні кеше ғана Қадыкең
«кемелiне келдi, кер-жорғаға мiндi» дегеннiң өзiнде де, әл-
дебіреулер жолына сары тiкен қадағысы келген көрiнедi...
Кесiрiм жұртқа тиер деп, ықпаған, басым бұлтқа тиер деп,
бұқпаған; назары аш, көзі тоймас күншiл бiреулер тұмсық
түйiстiрiп, астыртын әрекетке де көшкендерiн, бүгiнгiнiң
барлығы бiле бермесе керек.
«Жалған жалаға қалып жатса да, жабықпаған адам – на-
ғыз табанды адам» деп, әлем жұлдыздарының бiрi Шекс пир
айтқандай, атаның белi, ананың сүтiнен мұқалмас жiгер,
нәр алған; жаралыс бедерi берiк ақын аяқ астындағы құдық-
қа құлап, жыраға жығылған емес. «Қас сайгүлiк қамығып
– тұяғын тасқа iлдiрмес, қас кемеңгер қамығып – қайғысын
жұртқа бiлдiрмес» дегендейiн, көрген-кешкендерiн лашын
құстай шүйiлген өлеңдерiне өрiм етiп, жан қуатына сүйенген.
«Ғажап тереңдiк ғашықтардың көзiнде» деп ұлылар айт-
қандай, өлең-жырға ынтызарлана ғашық болатын ақын-
дардың өзiмен-өзi, жапа-жалғыз ойланып, жыр жазып отыр-
ған кезiндегi көзiнiң тұңғиық сезiм көрiнiсiне не жетсiн!
206
Жанат Ахмади
«Анау неге озады» деп, ауыра
тын
дардың күбiр-жы-
бырына Қадыкең пысқырып та қоймаған кiсi екендiгi – бiр
күн қыры сынбаған, жасымаған ынсан болғандығынан
белгiлi. «Жаман атаулы құрып, жалған атаулы шіріп бiт-
пейтiн Жер жарықтықтың бетiнде әдiлетсiз қаққы көрген-
дiгi үшiн, жүрек талмасы бiр ұстаған адамның ауруы әдетке
айналып кететiнiн жақсы бiлген, биiк парасат иесiнiң бiрi –
осы Қадыкең десек болады.
Тегiнде ақын атаулыны халықтан бөлiп қарай алмайсыз.
Ендеше, халқымыз берген Қадыкеңдей заңғар, зәулiм ақын
ұлт мақ танышы – ардағымыз екенi өз-өзiнен мәлiм.
Дәрия буланбай, далаға шық түспейтiнi сияқты ақын
мен жазушы не көзi буланбай, не көңiлi буланбай, қысқасы
жүрегi иiмей тұрып шығарма жазса, оның берерi сырсыз да,
нәрсіз дүние болары белгiлi.
Қадыр Мырзалиев ағамыздың үш томдық (1989–1990)
«таңдамалысындағы» ұшы-қиырсыз; өлең-жыр, ғазал бә-
йiттердiң оқыр маны тұтас қазақ елi, өз халқы. Өмiрде арма-
ны тау сылмай, дүние үшiн жанын жалдап келiп, ендi кәрi-
лiк жең генде жамбасына жер батып, дөңбекшiп күңiренген
қарт-қарияға да, қаза көрiп, дерт шеккен көкiрегi шерлi
кейуана-кемпiрге де, Қадыкең жыры ем болар едi. Қоңыр
кеште бала әлдилеген өлеңі, өз гөй-гөйiне ұласатын қаралы
кемпiр де, «шалдың әнi зармен тынады» демекшi, төрiнен
көрi жуықтаған, алды қараңғы, күңiренулi шал да, Қадыкең
кәусарынан шөл баса алатыны күмәнсiз.
Көрсең көңiлiңе қайғы түсiретiн, дойыр батырыңның
өзi малай болғандай арудың аруы да, Қадыр ақынның тү-
бi көрiнбес қара судай сыры бүркеулi, киелi жырларын
анық түйсiне, түсiне оқыса, өзiн-өзi олқысына бастар едi...
Қиялыңды талдырар сұлулар өзiн көркiмен ғана өлшемей:
күнi ертең-ақ, ажар тайып – ар қалатынын, бедер кетiп – бет
қалатынын, осма кетiп – қас қалатынын, алжа-алжа боп бас
қалатынын ойлай бастар едi. Көкiрегi басылар едi.
Мұңайып, күрсiнер едi. Айтпағамыз «жерде жатқан жұ-
мыртқа аспандағы құс болады» демекшi, әлдеқайдағы қа-
207
Әдебиет – жан нұры
рапайым отбасында туылып, сонау белеңдерде астанамыз
Алматыға ке лiп, жүре-бара поэзия әлемiнiң маңдай алды
тобынан та былған, яғни, қазақ поэзиясын шыңына шығар-
ған iрiктi шоғырдың қоңыраулы серкесi болып отырған
саңлақ ақынымыздың 60 жасқа келуi өлшеусіз жүлделі
орын иеледі. Шындықтың тамыры тәттi болғанмен өзi ащы.
Бiрақ шындықтың аты – шындық. Ол есiктен кiрсе, зорлық
түңiлiктен шықпақ. Қарға аққудың маңына бармайтыны
секiлдi, ақиқаттың ақ құсы қарғаға орын бермейді.
Кейбiреуiмiз, егер басқа кезде iлiкке алынбасақ, осын-
дай «бәлен жылдығымызда» мұртын ұртына, ұртын ие гіне
жал ғап – дөңгелек сақал атанғымыз келедi. Әлдебiр «жо-
марттардың» аузымен бағаланып, былайғы жұртты адас-
тыратынымыз бар. Ең анығы, тырнаны – «тұйғын», қарғаны
– «қаршыға» деп ешкiмдi иландыра алмайтынымыз...
«Жерiк талғамайды, ғашық алдамайды» дегендi қазақ
босқа айтқан жоқ. Шынайы өнерге ғашық таланттар жай
жылтырақпен алдамайды. Итмұрынды тізгенмен, моншақ
болмайды. Әсіресе әр түрлі сыйлықтарға ұсынылатын кезде
беттің арын белбеуге түйетіндер аз емес. Жазғаны түкке
тұрғысыз болса да ең арсыздар жан-жаққа телефондап
өлердегі сөзін айтып жалынады.
Олай болса, жан-жүрек қайырымдылығының поээияға
деген қарыздарлық көзi өзгеше бөлек Мырзалиевтей ақын
өз орнына қарай екшелiп аталғаны абзал. Тағы бiр абыз
ақын Сәкен Иманасовтың сөзiмен айтқанда, кейбiр ақын-
жазушылар шығарған дүниесiнiң алдына өзi түсiп алып,
жазғандарын жұртқа бұлдау үшiн жолбасшы болып, өзi
жүретiн көрiнедi...
Ал өзiн қошаметтетуге зауқы соқпайтын, оған дәтi жет-
пейтiн тектi авторлардың өзiнен бұрын шығармасы жүретi-
нiн айтады.
Яки, «Қадыр Мырзалиев» деген атау бәлен миллион қа-
зақтың ұғым дүниесiне кiрiгiп кеткен. Ақынды айдай әлемге
танытқан оның елу жыл бойы нөсерлетiп төккен апиындай
арбағыш өлеңдерi. Сөз басында айтқанымыздай; Қадыр
208
Жанат Ахмади
Мырзалиевтi дәрiптеудiң қажетi жоқ. Өйткенi бiз қанша
таусыла сөйлеп, сарқыла ойлағанымызбен оның жыры бiз-
дiң қаражаяу сөзiмiзден анағұрлым биік.
Бiрақ өз басым Қадыкең шығармашылығындағы ши-
рықтыра тартылған тұтас желi бойына алтын арқау болып
тұрған өлең-жыры туралы алабөтен, бөле-жара айтарым;
поэзия зергерiнiң алаштан озған ойшылдығы да емес… Қады-
кеңнiң сыртқы нұсқасының өзi қандай текті болса, өлеңдi
де сондай ұстамды етiп, мұнтаздай ғып әдеппен жазу дәс-
түрi. Ұлылардың бiреуi «сүйiспеншiлiкке ардың шегiн қой-
маса, соқырлыққа да апарады» деген екен. Сол айтқандай,
сөз етiп отырған кейiпкерiмiз небiр қиын тұстарға ардың
шегiн қойып, аса сақ жазады.
Оның аты – қазақ поэзия өнерiндегi мәдениет дер едiк.
Ал өзiнiң жеке басын ұстау жағына келетiн болсақ, Қа-
дыкең бiреуге ұнау үшiн, жадағайланып; жайылып жастық,
иiлiп төсек болғысы келмеген адам. Ондайды ұнатпайды,
жаны асқақ, қатпар сырлы жаралыс. Бәлкiм ол ақын бо-
йындағы бiр туарлық қасиет шығар.
Тоқсан сөздiң тобықтай түйiнi «ту сырттан келмей, тура
шабар» ор-тарғыл жыртқыштың тырнағындай өткiр өлең
жазатын Қадыкеңнiң өзiн де, поэзияның бiр шыңын жеке
иеленiп жүрген – қабылан ақынымыз деп, алпысында бiр
еркелетсек болғандай. Бағбанның маңдай терi баршамызға
қарыз – ағайын!
1990 ж.
209
Әдебиет – жан нұры
АБЫЗ ОЙЛЫ, АЛАМАН АҚЫН
Бұдан бiрталай жыл бұрын Талдықорғанда Ескелдi бидiң
300 жылдық тойы болғанда Қаратал ауданының орталығы
Үштөбе қаласының кiтап дүкенiнен көрнектi ақын Сәкен
Иманасовтың «Жебе» атты кiтабын алған едiм. Ақынның
«Алтын жебе киелiм» деп аталатын өлеңi бүй дейдi:
Қалжыраған қайдағы мұң-үрейден
Қайран жүрек қандай ғана тiлейдi ем.
Көкiрегiн құлдық езген күнiге,
Не күтедi, дүмбiлез бен дүлейден.
Болмады ма орным мығым, ортам кең,
Осылардан қорқа берем, қорқам мен.
Майдаланып бара жатыр төңiрек,
Жайлап алып жұлымырлық дертi әбден.
Сұмырайлар сорпа бетiн қалқып бар,
Тозды күнiм, озды бүгiн жантықтар.
Зар шының да тамшы мұңға айналып,
Тiршiлiктiң шалшығында малтықты ар.
Тойғандарға, тоңғандарға кездестiм,
Тыңдамады түбi қайыр сөздi ешкiм.
Күлтөбенiң басынан да амалсыз,
Құл, төренiң қасынан да тез көштiм.
Бет-бетiмен мықты күйде кеттi ер,
Екi асаумен шықты биге ептiлер...
Ұлының да, ұрының да жоқ бiрi,
Ендi оңалсақ, ел бола алсақ деп тiлер.
Барлығының ойлағаны өз қамы,
Арлы бүгiн арамыздан озбады.
Тiсi мытың жеп барады жұлмалап,
Кiсiлiктiң кебенегi тозғалы.
210
Жанат Ахмади
Қалжыраған қайдағы мұң, үрейден,
Қайран жүрек қандай ғана тiлейдi ем.
Көкiрегiн құлдық езген күнiге,
Не күтедi дүмбiлез бен дүлейден.
Алдауға да, арбауға да төселген,
Не күтедi есiрiк пен есерден.
Қатарласың кемiтедi басыңды,
Есiл жүрек не күтедi осы елден.
Өрлiктiң де, ерлiктiң де дәлелi ем,
Зәре қалмай бара жатыр зәреден.
Айналайын алтын жебе – киелiм,
Өзiң келiп құтқармасаң бәледен!
Бұл – компартияның iргесi ыдырап, Кеңес өкiметiнiң
70 жыл бойы қолға келтiрген байлық көзiн жаңа орнаған
жас қоғам, тәуелсiз елiмiздiң алақол пысықтары бiлген-
дерiнше талан-таражға сала бастаған кезеңде туған өлең
екенi бел
гiлi. (Жазылуы, кiтапқа шығу мерзiмi солай.)
Қандай жа ғынан алсаң да төрт аяғы тең басып, тайпалып
тұрған бұл өлең мыңдардың емес, миллиондардың мүддесiн
сөйлеп тұрғандай. Яғни халық рухының көкейкестi қыл
пернесiн дөп басып тұрған ғазалдар екенiне ешкiм шүбә
келтiре алмас.
Тiлiндегiсi жүрегiнде болмайтын, сөзi мен өзi бөлек
адам ның емес, тегеурiндi ақынның тепкiлi рух-жiгерi, жан-
жүйесі шамырқанып ширыққан үкiм сөзiн айтып тұр. Сол
тұстағы замана келбетiнен жарты қадам шегiнуге жол тап-
паған, үнi асқақ Сәкен Иманасов буырқана шабыт ша қыр-
ған. Екiншi сөзбен айтқанда дау-дамайсыз, талассыз ызалы
да, назалы өлең оқушының буынына түсiп; жұлын-тұта,
жүйке-жiгiн қауып, жүрегiн сыздатады. Бұдан шығатын
қорытынды те гiнде поэзиясыз өмiр тұл деуге болады. Өлең-
жыр тiлi жайшылықта бұйығып жатқан рухани дүниенi
көрiктендiрiп, адам жанын жайнатады. Сәкен ағамыздың
ақындығына ешкiмнiң дауы бола қоймас. Ол – қазақ
поэзиясының мызғымас бiр шыңы.
211
Әдебиет – жан нұры
ҚАУЫЗЫ ҚАЛЫҢ ДӘН СОЛМАС
Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының үш дүркін
иегері, ақын Бақтыбай Айнабековтың «Енші», «Арманым
менің», «Балықшы бала» аталатын өлеңдер жинағынан ке-
йін 2008 жылы «ҚазАқпарат» баспасынан «Әлмеректің
оралуы» атты кітабы жарық көрді. Республикамыздағы
ірі дінтанушыларымыздың бірі Б. Айнабеков тағы да осы
2008 жылы жоғарыда аталған баспадан «Фәлсафа Алла-
ның аян ілімі» атты кітап шығарған болса, 2009 жылы
Астанадағы «Фолиант» баспасынан көлемі 20 баспа табақ
«Шүкіршілік» аталатын, «Тіршілік» және «Ғашық жүрек»
дейтін екі бө лімнен тұратын өлеңдер, толғаулар, поэмалар
кітабы жарық көрді.
Алдымен «Әлмеректің оралуы» жинағынан бастап сөз
өрбітсек, ол «Өлең-мұғжиза» атты жырында:
Жеткізу қиын сөзбенен,
Көру де қиын көзбенен.
Мұғжиза дүние мендегі,
Айтары бөлек өзгеден, –
дейді. Тосыннан оқи салғанда бұл шумақ өзін дәріптеу
тәріз ді көрінуі мүмкін. Бірақ автор бұны жай айтып тұрған
жоқ. Әрбір өлеңін Алланың атымен бастайтын. Ислам жо-
лына түскен ақын өзінің осы пейіліне сай өзгеден, алабөтен
өз мұғжизасын тапқан. Ешкімге ұқсамайтын, ұқсағысы кел-
мейтін бір құпия, тылсым сыр иесі. Бір анығы – ақынның
мұндай көп өлеңдері желіп оқып өте шығуға келмейді. Іштей
ұйып отырып, сырласуыңа тура келеді, тұшынып зерттей
алмасаң, саған бас ие салмайды.
Өлең деген – мұғжиза,
Иесі – Жалғыз – ұғады.
Жазылмайды – шығады,
Ашылса тылсым бұлағы.
Күтесің қадір түніндей,
Келеді жұртқа білінбей.
212
Жанат Ахмади
Түскенде әппақ қағазға,
Көрінер тылсым гүліндей. (7-бет)
«Әр адамды өз ұғымы кісендейді» деген ұлағатқа сү йен-
сеңіз, ақын өзгеге ұқсамай, өзі тапқан даңғылымен ғана
сүрен тартады. Ескеретін жайт – ақын қайта шегінбестей бо-
лып, тас бекіп, жан тәнімен құбыла етіп түскен жолы исла-
мият – Алла қалауы. 6-шы, 7-ші беттердегі «Шүкіршілік»,
«Үміт» дейтін өлеңдерінен бастап, кітаптың өн бойынан
имандылық тілегін, ислам тірегін кездестіріп отырасыз.
Автор: «Бұл шалдарға не болды?..» дейтін 17-ші беттегі
(ақын Жарылқасын Амановқа) атты өлеңінде:
Бұл шалдарға не болды –
болыс
болған,
би
болған.
Айырылдық па, әлде біз
биді
сыйлар
иманнан.
Төрдегі бас есікке қалай шығып барады,
Халқы менен елінің төбесінде сыйланған.
Бұл шалдарға не болды –
жасымаған
болаттай,
Көзге қораш түседі Кенен мінген шолақтай.
Жәутең-жәутең қарайды ұрпағына – ұлына,
Дастарқанда отырған ертең жүрер қонақтай.
Отырғам жоқ, әрине, шалдың бәрін кіналап,
Сөз тастадым бірақ та, шал біткенге сыналап.
Басқа бітер киелі көрінбесе абырой,
Кәлимаға келейік қолымызға құран ап, – дейді.
Жан-дүние, жаралыс-мінез сәйкестігі жағынан бір-бірі не
топырағы жақын екі ақын Бақтыбай Айнабеков пен Жарыл-
қасын Амановтар осылайша ынтызар өкініштерін ортаға
тар тып кеңескендей. «Ту сырттан келмей, тура шабар...»
дейтін екеуінің рухы осы өлеңге кірігіп кеткендей ме?
Бүгінгі өмірдің бейиман көрінісі. Ащы сыр-сын. Бақтыбай
Айнабеков «Қара жол болды жайнамаз» дейтін өлеңінде:
213
Әдебиет – жан нұры
Қашан да шықсам сапарға,
Қара жол болды жайнамаз.
Білмедім – таңым атарда,
Оқылар қайда, қай намаз?
Намазым өтті қазасыз,
Құбылам болды бағытым.
Қабылдаса Аллам – жазасыз,
Сол болар менің бақытым, – дейді.
Амалсыз ойланып қаласың. Түбі шолақ, бір тұтам ғұ-
мырда алдымыздан тосқан қараңғы көрдің ішінде не күтіп
тұрғанын ойламай көр. Кетіп жатқан уақытқа, күнделікті
күйкі тірлікпен бықсып өтетін өміріңе өкінбей көр.
«Өлеріңде қылған тәубе қабыл болмайды» дегендей, өзі-
нің әбден өлер шағында өкінген біреу:
Құбылаға бас қойып, құлай берсем болмай ма,
Боқ дүниені қуғанша, Құдай десем болмай ма.
Өзім құдай демесем, Құдай деген құлдардың,
Етегіне жабысып, жылай берсем болмай ма, – деп,
басын тоқпақтаған екен дейді. Сол айтқандай, Бақтыбайдың
мына өлеңін оқи отырып, соған төзімі жетіп, жаратқан Алла
алдындағы парызын анық құлдық ниетпен мүлт жібермей,
алтын уақытын орнында пайдаланып жүрген ынсан екені-
нен өзіңе уайым арқалайсың. Өзегіңе өкініш түседі. Қазақта
«екіқабат әйелдің төзіміндей» дейтін амалсыздық төзім бар.
Бақтыбай ғана емес, жалпы кім-кімде бес уақыт намазын
қазасыз өтей алып жүргендердің төзімі әлгі екіқабат әйел
төзімінен де артық десе болар. О дүниенің бар екенін ойлаған
әрбір мұсылман құтыла алмайтын мойнындағы парызды
жыр тілімен қанық жеткізе өрнектеп, алдыға тартқан Бәкең
көбіміздің діңкемізді қатырып, тығырыққа тірегендей.
Бірақ басқадай әрқилы, неше түрлі бақыты бар адамды
қыз
ғансаң да, бұны қызғана алмайсың. (Аруаққа жат, Құ-
дайға шет болғың келмейді емес пе.) Түбегейлі, өшпейтін
214
Жанат Ахмади
классикалық өлең дейтініміз осы шығар. Автор ақыл айтып,
ділмарсып, өзін көрсеткісі келіп тұрған жоқ, қайта өз
басының қорқыныш, уайымын паш етіп:
Қабылдаса – Аллам жазасыз,
Сол болар менің бақытым, – деп тұр. Бұйыр-
сын дейсің. Кемпірлер айтатын «өзім жемеген көтенішек,
боғымен қатсын» дейтін пейіл бұған жүрмейді. Яғни
Құдайға жалбарынғаныңмен, ниеттес боласың. Иншалла,
қажылық сапарға баратындар, баруға шамасы жететіндер аз
емес. Тек әлгі «шыбыш желіндегенді білмейді, лақтағанды
біледі» дегендей, кейде үкімет есебінен жаны ауырмай, да-
йындықсыз баратындар жоқ емес. Сол қасиетті мінәжаттың
баға жетпестей шексіз мұғжизасын сақтай алсақ қана құба-
құп емес пе? Қажылыққа барып келіп, ішінара баяғыдай ...
қызықты ойынын ойнап, тойын тойлап жүргендер жоқ дей
аласыз ба?!
Ұзақ жолда намазын қаза жібермей бара жататын өлең
иесі:
Бес рет келем сәждеге,
Бес рет Хақпен тілдесем.
Жаныммен бірге әз дене,
Құлшылық қылдың бірге сен, – деп тұр.
«Тілдесем» дегенін дұрыс ұғынуымыз керек. Ол сөй ле-
семін деп тұрған жоқ, мінәжатын айтқаны. Бақтыбай Ай-
набековтың «Домалақ ананың емші келіншекке айтқаны»,
«Құм кешкен керуен», «Кемпірқосақ» (күні кеше арамызда
жарқылдап жүрген жақсы азамат Қалдарбек Найманбаев-
тың ақжарқын, ауқымды, кең көңіліне арналған), «Жүсіп-
нама» (ақын-сазгер Жүсіп Қыдыровқа бағышталған цикл),
сондай-ақ «Ана аманаты», «Жер Алланың алақанында» тә-
різ ді көптеген өлеңдері, оның қаламының қарым-қуатына
дәлел. «Қабыр басындағы ой» дейтін өлеңіндегі:
Келер, кетер, алдамшы өмір – аумалы,
Мәңгі жасыл бола бермес бау дағы.
215
Әдебиет – жан нұры
Дәм таусылса көп көреді қара жер,
Қарамайды.
Қаламайды сауғаны, – дейтін шумақтар,
адам баласына ортақ тұғыр, ортақ тұрғы. «Аттың нарқымен
қас
қырдың ісі жоқ, адамның парқымен тағдырдың ісі
жоқ» деп, дәм біткен күні кете барасың. Яғни «жарлымын
дегеніңе қарызың қоймайды, жалқымын дегеніңе ажалың
қоймайды» деген болмақ.
Ал «Әлмеректің оралуы» аталатын дастан да, бас-аяғы
жұп-жұмыр, өзгеше көркем жазылған. Беташардан кейін
төрт-бес шегініспен берілген терең толғаудың алғашқы ше-
гініс бөліміне ден қойсаңыз:
Ойран сап, Ойрантөбенің,
Басында істеп дегенін...
Жоңғарлар халық мойнына,
Қайғының салды көгенін.
Қан болды суы Іленің,
Бере ме Алла бір емін.
Ажалға сабыр бермеді,
Тоқтатты көптің тілегін.
Қара жер қаннан қайысты,
Алатау белі майысты.
Қан иіс дауыл-желменен,
Қарағай шашын жайысты.
Морт кетіп шыңдар құлады,
Маңыды дала құланы.
Еріксіз көзден жоғалды,
Еліктің ерке лағы.
Шер менен шемен сыймады,
Сыймады жанды қинады.
Сары уайымға түсіп самал жел,
Бұлттар жасын тыймады.
216
Жанат Ахмади
Буыны шөптің іспеді,
Қысырсып шық та түспеді.
Шыбышқа қайдан шыр бітсін,
Шытырға тимей тістері, – деп кете барады.
2009 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан шыққан
«Шүкіршілік» атты қалың том-өлеңдер жинағының 16-шы
беттегі «Мінезім» деген өлеңінде кереңге түс жорытып, ке-
кешпен кеңеспейтін Бақтыбайдың айнақатесіз өз болмы-
сы көрінеді. Жыланның құрбақаға «бақ» десең де, «шақ»
десең де, жұтамын дегені тәрізді, егескенге ес кіргізбей,
тынбаспын деп, біреулердің шиқанының аузын жұлатыны
да осы «мінезі». Ол 27-ші беттегі «Аңсаймын» деген өлеңінде
«шыбық мінген», «қара сирақ» бала күнін сағынышпен еске
ала келіп:
Мен қазір көп ойлаймын өткенімді,
Туған жер, сенде өткен көктемімді.
Аңсаймын, сағынамын сол күнімді,
Бүгінгі місе тұтпай жеткенімді, – дейді.
«Кешегіңе жете алмайсың, ертеңінен кете алмайсың»
деген осы. Оның 35-ші беттегі «Бесік» атты өлеңі:
Жаман болсын, жадау болсын, несі мін?
Көзіме ыстық өзім жатқан бесігім.
Сол бесікте жаным менің қатайып,
Сол бесіктен аштым өмір есігін, – деп басталады.
Жарасып тұр. Кімге де болса жасы алпысқа жеткен
кез
де, өзі жатқан бесікті көру әсерлі-ақ. Онда беті-жүзі-
нен мың сүйіп, маңдайынан жүз сипаған қайран ана алақа-
нының ыстық табы бар. Дүниеде содан қымбат не еді.
«Бақ тыбайды Бесарықтан бөлмеңдер», «Бейсенбай қосқан
Құлагер» (ғұлама ғалымдарымыздың бірі Құлбек Ергөбекке
арналған), Манап Көкенов пен Бексұлтан Байкенжеевтер-
дің бірегей жаралыстарын жеткізе жырлаған арнау өлеңдері
және «Көпір-ғұмыр», «Лашын құс» тектес өлеңдерді қай
қаламгер, қай ақын немесе көзі қарақты қай қарапайым
217
Әдебиет – жан нұры
оқырман оқыса да, сыдыртып, желіп өте шығуға келмейтін,
магнитті жырлар дей аламыз. Кемеңгер ғалым Әлкей Мар-
ғұлан лашын туралы «Самғап ұшып келе жатып, кенет
бұрылыс жасап шүйілгенде, секундына 70–100 метр жер
алады» деген. Бақтыбай оны біле ме, жоқ па, ел аузында
ұшқырлығы жағынан «пері құсы» атанған сұрапыл қыран
лашын жайлы:
Ей, көк лашын, көк лашын,
Қылыш қанат, оқ –жасын...
Сені көзге кім ілген,
Тұрқың шағын болғасын.
Ей, көк лашын, көк қыран,
Қорқып сендік соққыдан.
Үрпиісіп қаз-үйрек,
Үрейленіп жатты маң.
Қауіп билеп сананы,
Құс базары тарады.
Қырандардың қанды көз...
Сенсің қанды балағы. (67-бет)
135-ші беттегі «Төгіл, нөсер» өлеңі көркемдік жағынан
мүлтіксіз болудың сыртында «шәлі-бұлтқа» деген теңеудің
өзімен шоқтықтанып тұр.
Төк, төк, нөсер, төк нөсер, төгіл бүгін,
Төгіл бүгін, мен сондай көңілдімін.
Шәлі бұлтқа бетімді бүркедің деп,
Ренжімес риясыз көңілді күн, – деп бастау алады.
Табиғаттың сезіміңді селт еткізер осындай өткір құбы-
лыстары адамды дүр сілкіндіргендей, дүбіршіл жаныңа
қозғау салатыны анық. Мәселен, әдемі жауған қар туралы
әсерленбейтін, өлең жазғысы келмейтін ақын жоқ. Ол – адам
мен табиғаттың туыстығы. Бұл сөзді қатты нөсер туралы
өлеңді басқа емес. Бақтыбай айтса, Бақтыбай жазса, өр мі-
нез, кеуделі ақын еңсесіне еңсе қосып, ілкі шырай беріп тұр.
218
Жанат Ахмади
224-ші беттегі «Зар» тақырыпты өлең «АҚШ-тағы тірі
жетім Бәйдібектің Қазақстанның 10 жылдығында елге жол-
даған сәлемі» ретінде жан терберлік сілкініс тудырады.
Алыс
тағы шырылдаған сәби бауырыңа жаның ауырады.
Қа бырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, елі-жерін жоқ-
таған жасқа шараң таусылады. «Сол бір түн» атты жыр
Ұлы Отан соғысының батыры Үрзімәт Мәдиевтің Висла
өзені бойындағы «Сандамир» соғыс қамалын алудағы бір
түнгі ерлігіне арналады» дейді де, автор содан ары кең
көсіліп, сілтеп береді. Елі-жері үшін қан кешіп келген
адамға жазылған өлең әлдебір ақындардың өз ашынасына
арнаған өлеңдерімен бірдей емес. Оның үстіне қартайып,
қуанышынан мұңы басым болып отырған мұндай адам-
дардың көңілін марқайтудың өзі сауап. Өйткені жасы же-
тіп, небір қимастарының қазасын көрген, қаралы адамдар
үшін ағамыз қазақ «шалдың әні зармен тынады, кемпірдің
бала жұбатқан өлеңі өз гөй-гөйімен ұласады» дегенді те-
гіннен-тегін айтпаған. Қайырымы көп, елі-жұртын есір-
кеудің бір шарты ақын үшін осы десек те артық емес.
«Қасым Қай сеновке», тағы сондай жасамыс адамдарға өлең
арнау «Жас тығыңның өткеніне қайғырасың ба, кәріліктің
жеткеніне қайғырасың ба», немесе «Жастық «қош» демей
кетеді, кәрілік «тос» демей жетеді» дегендей, қарттарға
мінгізген аттан артық. «Алтыннан аттап барып талқан алып
жейтін» жасқа келген кісі тек сыйлауға мұқтаж. Ал 265-ші
беттегі «Хабар» поэмасы, сондай-ақ Қорқыт бабаға арналған
«Мәңгілік өмір» тақырыбымен берілген «Қобыз туралы
аңызды» ақын қаламмен тұрғызған көркем ескерткіш деуге
болады.
Қорыта келгенде, қауызы жұқа дән солатын болса,
топырағын таппай дән өнбейтін болса, Бақтыбай Айнабе-
ковтей барыс жігерлі жаралысы бар, сонысына орай ойлы,
пікірлі ақынның қауыз тоны қалың өлең-жырларына куә
бола жүрейік, ағайын!
219
Әдебиет – жан нұры
Достарыңызбен бөлісу: |