* * *
...Бiр кезде сонау Майлы-Жайыр деген тауда ағаш кереге,
киiз туырлықты көшпендi қазақ отбасында iңгәлап дүниеге
келiп, аттың жалы, атанның қомында өскен қандасымыз,
Хасекеңнiң ХХ ғасырдың соңы, ХХI ғасырдың басында тү-
йiсiп жатқан қыруар қызметiнiң шырқау шегi өмiрде емес,
қиял болжамындай бiр әрекет болып елестейдi. Данышпан
қазақ «қараша үйде туған баланың хан алдынан шықпасын
кiм бiлсiн» дегенде, осындай өрлiк пен осындай өрелiлiктi
айтқан болар. Немесе «лашықта да кемеңгер туады» деген
болса, лашық емес, Қалибек үкiрдайдың ақбоз ордасында
туып, сол қайсар әкенiң жысмани және рухи дүниесiнен,
яғни соның асау қанынан жаралған, Хасен Оралтай шең-
гелiндегi жемiн ешкiмге жеткiзбейтiн ежелгi ор-теңбелдiгiн
сақтаған.
189
Әдебиет – жан нұры
ӘКIМДIКТЕН ӘДIЛДIК АРТЫҚ
«Зомбылық есiктен кiрсе, әдiлдiк шаңырақтан шығады»
деген нақыл бар. Солай болғанмен, мынау аспан-жердiң
арасы әдiлдiк дүниесi. Аптығып келетін ашудан аяңдап
басатын ақыл озатыны сияқты, жалаң қылыш асынған оз-
бырлықтан, жайбасар әдiлдiк қалыса қоймаса керек...
...Азаттық радиосы тiлшiлерiнiң Прагадағысы бар, Ас-
тана және Алматыдағысы бар, айналасы оншақты адам
барша әлемдi тұтқасынан ұстап, зыр айналдырып тұрғандай
сезiледi. Бiр аңыздың айтуынша, хазiретi Ғали «дүниенiң
тұтқасы көзіме көрiнсе, содан ұстап шыр айналдырар едiм»
деген көрінеді. Ал бүгiнгi мына атом ғасырында, компьютер-
интернет заманында бүкiлдүниенiң саяси тұтқасын қолына
алып, қалаған кезiнде сiлкiлеп отыратын Хасен Оралтай
жолға қойып кеткен «Азаттық радиосы» қазақ бөлімінің күш-
қуаты қандай? Әсiресе үстiмiздегi мына бiр күрделi ғасырда
адам баласы әдiлдiкке зәру кезде жер жүзiндегi алпауыт
мемлекеттердегі үкiмет атаулының жүрегiндегiсi тiлiнде
емес тәрізді. Өркениеттi деген елдердiң қай-қайсысында да
етегiне намаз оқып, боз биенiң сүтiне шомылып отырған
мінсіз басшы бар ма екен.
Мiне, осындай кезеңде дүниедегi iзгi ниетті адамзат ба ла-
сы үшiн аты аяулы «Азаттық радиосындай» Құдайға қара-
ған рухани бiр бекеттiң болғанына мың мәрте, шүкiршiлiк
ете
сiз. Азаттық радиосы қарапайым халықтың рухани
қазығы. «Масқараның баспанасы жоқ» демекшi, масқара
атаулының пердесiн жұлып тастап, оны абыройсыз қалпын-
да жалаңаш қалдыратын құдiрет осы – Азаттық радиосы.
Прагада алты-жетi қазақ басқарып отырған Азаттық
радиосы туған халқының оның iшiнде, жәбiрлiлердiң жан
сусынына айналған. Мына ғасырда кiм көп? – бетiне келер
ұятты өзi бiлiп жумайтын көп. Кiм көп – айдай ажарын иттей
нәпсiсiмен тоздыратын шенеунiктер көп. «Аспандағы құсты
ұятқа қалдыратын жердегi жем» дегендей, тойғанша жеп,
өлгенше қарғанатын пысықтар жүр. Сол, олжа үшiн орға
құлап өлетiн озбырларды да, қағынғанға қанжар ұстататын
190
Жанат Ахмади
қансыздарды да, бетi-жүзiне қарамай тезге салып отыратын
жер бетiнiң «Мизам таразысы» – Азаттық радиосы.
Қазақ «парақор мен жалақорды байытсақ, қағынғанға
қанжар ұстатады» дегенді босқа айтпаған.
Оның үстiне Қазақстанның күнi кешегi әлемнiң көзiн
қызартқан ұшан-теңiз байлығы дұрыс басқарылмағандық-
тан жұмыссыздық көбейдi.
Ақырында «жаннан безген немеден жазығы жоқ көз
шы ғады» болып үй тонап, кiсi өлтiрушi шықты. Қарақшы
кезеңде тосып, ойпаңда тонайтыны сияқты, ақшасы бар үйді
күндіз торып, түнде тонайтындар шықты. Оны қойып, тал
түсте шабуылдайтын өлермендер пайда болды.
«Ебiн тапқан есерге ердiң құны түк емес, атады да ке-
тедi» дейтiннiң керi келдi.
...Ал ешкiмнен кегiңдi алып бермесе де «ағайынның
жоғын бiрге қарас, табылса өзiне жақсы, табылмаса көңiлiне
жақсы» дегендей, құлағыңның құрышын қандыратын құ-
дiрет те Азаттық радиосы!
Сонау Прагадан Ардақ Нұрғалидың арқыраған үнi шық-
қанда елең ете қаласың. (Жазушы Смағұл Елубайдан өзгесi
таныс емес)
Ардақ Нұрғали гүр етiп бастап бергеннен кейiн, артынша
алма-кезек ауысып, кейде Әбдiғани Жиенбайдың сары май-
дан қылшық суырғандай қылаусыз, тұнық үнi, Мейiр хат
Шәрiпжанның күміс қоңыраудай сыңғырлаған, құлақ-
қа жағымды, лебізі естiлсе, iле-шала шыққан Досан Бай-
мол
даның қорғасындай салмақты, серттi дауысы тара
зы-
ның басын еңсерiп түседi. Аздан соң автовокзал-аэро вок зал
бекеттерiнiң хабаршысындай мәнерлi жұмсақ үнiмен Сма-
ғұл Елубай сыңсытады. Ол өзінің өмiрдегi бия зылығындай
өз хабарына да сонша ықыласты. Бірақ оның жұмсақ үні
исең иіле беретін, жіберсең қайта орнына келетін болат
пружинадай (серіппедей), барынша беріктігінің де айғағы.
Ендiгi бiр кереметтi Едiге Мағауин мен Нұрлытай Үр-
кiмбайдан көресiз... «Құ-р-мет-тi..» деп ғажап ынталы,
елде жоқ бапты дауыспен бастайтын Едiге аузыңызға нан
191
Әдебиет – жан нұры
шайнап салғандай, яғни медресе түлектеріне діннен сабақ
өтiп тұрған аса бір құлықты ұстаздай, әр сөзiн мақамды
үнiмен жеке-жеке шегелеп айтады. Құлағыңызға құйып,
зердеңе бекiте, «үшкiрiп», дуалап отырғандай болады.
Ал Нұрлытай Үркiмбайдың жөнi тiптi басқа. Өзiн көрме-
ген бiз сияқты танымайтын адамға да «қазағымның қызда-
рынан айналайын-ай» дегiзерлiк, бал тамған тәттi әуезiнен
оған деген жүрегiңiзге құрмет толып кетедi. Барқыттай
жұмсақ, қоңырқай үнiнен әлдебiр аяулы туысыңдай жа-
қындық сезесiң. Iштей ілтипат көрсетiп, ақ уыздай алғыс
арнап отырасың. Ат жетпес алыстан тiлектес болып, осы
адам сол орыннан кетiп қалмаса екен дегендей бiр ізетті, таза
сезiммен сүйінесің. Оның тіліне оралатын «р» дыбысының
өзі қандай көркем естіледі. Айналасындағы айдарынан жел
ескен, санаулы ғана азаматтармен қатар амандық тiлейсiң.
Осындағылардың барлығына да алтындай ардақтыларым –
сендер сау-саламат болыңдаршы – дегiң келедi.
Прагадағы осы бiр алтын айдарлы бауырларымызға зер
сала қарап отырып, өзiңнiң қазақ болып жаралғаныңа тағы
бiр рет шүкіршілікпен риза боласың. Соны мақтанышпен
есiңе аласың. Бала кезімізден кейін көп естiлмей, арманда
етiп жүрген «Қайрақбай» күйi Нұрлытай хабарының алды-
артын орап, жүрегiңнiң басынан бал тамызғандай рақат
хал кешесің. Бiр сәтке тiл жетпес тәттi де, мұңды сезiмге
құлақкестi құл боласың. Әлгi күй құдiретiмен қайдағы-
жайдағың қозғалып, ширығасың. Шоп-шолақ күй бiте бере
кеудең бұлқынған асау сезімге толып, аласұрып отырып
қаласың.
Ет жүрегіңді езіп, жан қауызыңды шерге толтыратын
тәтті күй жаңа ғана жайбарақат отырған қалпыңды түбірі-
нен өзгертіп, тынышыңды алып кетеді.
Алматыдағы – тұнық үнiнен күміс сыңғыр естiлетiн
Үкiләй Бестәй, Астанадағы қылпыған, өткiр Сағат Батыр-
хан, мәнері әсем де нәзік Әселiм Қалкен және қадалған жер-
лерi
нiң тiл-көмекейiн суырып алатын, бiрiнен бiрi өткен
Сұлтанхан Аққұлы, Ержан Қарабек, Төлеу Тұрарлардың
192
Жанат Ахмади
қай-қайсысы болсын, тілдері у мен зәр. Халқы үшін аяп
қалары жоқ. Олар туған халқының, оның iшiндегi қара-
пайым көпшiлiктiң жүрегiндегi маяк-жұлдызы дегiмiз ке-
ледi. Тұрар Төлеу сағыздай соза, сірестіре сөйлеген байыпты
үнiмен алғаш ке
лiп қосылған тұста-ақ, өз басымды елең
еткiзген. Алғашқы хабарларының бiрiнде Қарағанды ме-
шiтiнiң ашылуына байланысты жасаған хабарының өзi-ақ,
естiр құлақ болса уағыздаушының кiм екенiн ұқтырғандай
едi. Саспай, ықпай, әр сөзiн қамырдай илеп отырып, ны-
санасына алған пақырларды ұрмай-соқпай жүндеп, түтіп
жеп қояды! Ұрыс
пай-керiспей, дауыс көтермей «ағайын-
шылап» отырып-ақ дымын құртады.
Ал «алмас қанжарды жұмсақ қайраққа қайрайды» де-
гендей, қарсыласып ешкiм жеңбес, қайта өршiте түсетiн
бiр қайсар қайрат иесi тағы бар. Алматыдан асқақ дауысы
күндей күркiреп шығатын Батырхан Дәрiмбет отырған
бекет, оның қырына iлiнген чиновниктерге айдаһардың
үңгiрiндей елестейтiн шығар. Атына сай, заты бар Батекең
«бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ» деген, нағыз ерлер
табандап тұратын қағиданы берiк ұстайтын бiрден-бiр тұлға.
Бекеттiң жетекшiсi Саясат Бейiсбай өзiнiң жеке сая-
сатында да шеберлiк танытады. «Арыстандай күшiң болса,
түл кiдей iсiң болсын» дейтін тұжырымға айналсоқтап, аял-
дап өтедi. Қайдағы бiр адам таппайтын қанжардай қайрал-
ған өткiр мәселелердi көздеген жерiне өзгенiң аузымен
апарады. Қозданып тұрған сексеуiл шоғын өзгенiң қолымен
көсетедi. Әрине, ол тек Азаттық радиосының ғана емес, қо-
ғамдық баспасөз ақпаратының атап айтқанда, аға газеттің
бiр шетiнде жүргендiктен де, «заманға бақпай – ер оңбайды»
деген бұлжымас қағидаға бойсынады.
«Кедейді ұрмай-соқпай, көйлегін жырт» дегендей, сы-
пайылап отырып-ақ шаңын қағады. Ал, Ержан мен Сұл-
танханның екпіндері қатты. Тегеуірінді. Кешегі компартия
бюросындағы райком секретарлары тәрізді.
Прагадағылар болса, бiруақ Қазақстандағыдай бой жа-
зып, шүйiркелесетiн емiн-еркiн қазақ таппайтын шығар деп
те, аяныш сезiмде жүресiң.
193
Әдебиет – жан нұры
Алматыда жаңадан қосылған Амангелдi Кеңшiлiк пен
Алма Серiкқали күнделiктi баспасөз ақпаратының толғақты
хабарларына қолы жете бермейтiн, жұртшылықтың құла-
ғы на құлақ, көзiне шырақ, бірегей қолғанатына айналды.
Алма Серiкқалидың өзiне ғана тән серпiнмен қадалып
сөйлейтiндiгi сонша, ежелгi ауылдағы айналасын шырқ
иi ретiн өткiр әжелердiң бiрiндей баптап, тыңдаушысын ерiк-
сiз үйiрiп алады.
Қорыта келгенде, атамыз қазақтың «қазының өмiрi өз-
генiкi, өлiмi өзiнiкi» дегенiндей, таңғы жарық үркердей – жер
бетiнiң шоқ жұлдызы болып отырған Азаттық радиосының
қазылы қауымы, Сiздер iзгiлiктiң тiрегiсiздер.
Тек қана Тәуелсiздiк алған, өз ұлтынан алғаш рет пре-
зидент сайлаған Егемендi елiмiздегi жақсылық жақтарды
да бүркемей саралап, бiрыңғай көлеңкелi беттердi ғана сөз
етпей, жас ұрпақтың қоғамға деген сүйiспеншiлiгiн де арт-
тырып отыруларыңызды сұраймыз.
194
Жанат Ахмади
ӘРі АҚЫН, ӘРі ЖАЗУШЫ ЕДі
Ермұрат Зейіпханның «Сыбызғы сарыны» аталатын кі-
табы «Оралман» баспасынан 1999 жылы жарық көрген.
Әде биетімізге ала бағанның арғы жағындағы шығыс елінен
ке ліп қосылған жас жазушының бұл еңбегін алғашқылар
қата рында зер сала сүзіп шыққан оқырманының бірі бол-
дық. Бірақ жақсы жинақ, жаңа автор жайлы басылымдар
бетінде лебіз білдіруге кеш қамданып отырмыз. «Талантқа
дер кезінде берілген көмек керемет» деп адамзат ұлылары
босқа айтпаған. Әсіресе, әдебиет пен өнерге қосылған әрбір
жас дарынды көңіл үшін жай ғана сүйемелдеу аздық етеді.
Өнерлі кауымға
жетуді арман етіп, жүрек лүпілімен арын-
дап келіп қосылған бұла көңіл жас таланттарды өз лайы-
ғынша жұртқа таныту – қолына қалам ұстаған баршаның
борышы. Қол мейірбандығы ниетте болса, тіл мейірбандығы
жүректе. Өйткені, қызыл тіл – жанның мияты, рухани дү-
ниеміздің қуаты.
«Сыбызғы сарыны» екі хикаят пен әңгімелерден тұрады.
Шығыс елінің өзінде қалам қуаттары бекіп, іштей пісіп-
жетіліп келген тағы біраз «Ермұраттар» мәселен: Тұрсынхан
Зәкен, Жәди Дүкен Мәсімхан, Керім Елеместер тәрізді
таланттар үшін осындай бір «Оралман» атты баспа қажет
еке нін өзі ақын Алмас Ахметбек жақсы білген.
Ермұраттың шығармашылығы жайлы сөз етудің ал дын-
да, оның шыққан тегі жөнінде азырақ ой қоса кеткеніміз
артық болмас.
1947 жылғы санақта 24 болыс Қызай (әр болыста мың
түтіннен) делінген елдің күні кешегі көшпелі кезінде (1949
жылға шейін) «Сасан ауылы» дейтін сөз екені бірінің ау-
зын да ұшырасары мәлім. Олай болатыны өсіп-өнген бүкіл
Қызай елінің маңдай алды салтанатты байы саналатын сол
Сасан ауылы болса, Ермұрат осы Сасан ауылының бүгінге
жеткен тікелей ұрпағының бірі, нәсіл-әулетінің бел бала-
сы. Халық өз кезінде «Қызайдың жапсар тасқа ұя салған,
жасыл-қара қыраны» дескен. Міне, сол атаққа орай туысылы
195
Әдебиет – жан нұры
ешкімнен кенде емес. Ермұрат ата-қазақтың ту тіккен жері-
не сәтімен оралып отыр. Және «өзінде қасиет жоқ бола тұра,
ата даң қымен бұлданатын» Ермұрат емес. Шындап іздейтін
болсақ, не колындағы редакторлық және басқадай билігі -
мен, не әлдеқалай оқ өтпестей етіп оранып алған бедел-то-
ны мен ұшырайтындар табыла жатар. Ал Ермұрат Алматы-
ға, ал ды мен әншілігімен және сазгерлігімен танылған еді.
Сөйтсек, оның тағы бір қыры жазушылығында жатыр екен.
Жалпы, әр жерге бір ұрынбай, қадірі жетер жерге ғана қадам
басып, өз бойын өзі үкідей қызғанып жүретін Ермұратты
еңбегіне ғана сенген, ұстамды қаламгер деуге болады.
Жалпы, «білгірлер өзін білдіруге кұштар емес» дейтін
қағида қалыптасқан, ол шын. «Шыбыш желіндеуді білмей,
лақтауды біледі» демекші, жазушылыққа әлі дайындығы
жоқ, біраз жас авторлар екі ауыз сөздің басын құрағаны
үшін ысқырығы жер жарып жүреді. Желіндемей лақтаудың
тұрған азабымен санаспайды.
* * *
Автордың «Мен оны өлтірдім» (22-бет) әңгімесі Алма-
тыдағы бүгінгі жанды оқиғалардан ойып алынған шығарма
деуге болады. Қазақ қауымының басына түсіп отырған жұ-
мыссыздық, жоқшылық зардабынан теріс жолға түскен
Алау мен Мейірбек тағдыры арқылы қаламгер жақсы адам-
дардың да амалсыздықтан бұзылатындығын паш етті. Олар-
дың қылықтарына қарап, былайғы жұрт қанқұйлы, бұзық
санағанымен автор солардың өзіне гуманистік тұрғыда іш
тарта, қимай отырып жазады. Мысалы, ұрлық жолына
түсемін деп оққа ұшқан Мейірбек Нәзік деген қызды на-
ғыз жүректі жастың асыл сезімімен сүйген-ді. Бірақ бай-
лы ғына мастанған дәулетмасы қыз әкесі жетімханада өс-
кен Мейірбекке қызын бермей, тіпті оның басына қауіп
туғы за жаздайды. Екі жасты бір-бірін қайта көрмейтіндей
күй ге жеткізеді. Мынау өмірдегі ең қымбатынан айрылып,
біржола тауы шағылған Мейірбек, автор сөзімен айтқанда,
196
Жанат Ахмади
орта мектепті алтын медальмен тәмамдаған ақылды, зерек
бала еді» дейді. Сәтсіздік туар тұста: «Бақыттарының тым
келтелігіне көрінді ме, бірден ашық-машық күй кешті,
Еке уі де соңғы курста оқитын. Махаббатқа мастанғандарға
таптырмайтын жаннат жай – Алматы екеуін еркелетті-
ай дейсің». Міне, осындай күндердің бірінде Нәзік үш күн
бойы көзден таса боп жоғалып кеткен. Ірі саудагер қыз әкесі
қасына кісі ала келіп, жатақханада отырған Мейірбекті
алдыларына салып айдап шығып, мерседеспен әкетіп, екі
жастың арасын үзетіні осы кез. Ендігі өмірінің мәні бір
тиын болған жігіт қолды бір-ақ сілтеп, араққа үйір болған.
Ермұраттың мұндай әңгімелерін тек оқып, тұшыну керек.
Мақала көлеміне орай там-тұмдап қана қорытатын болсақ,
Мейірбек оққа ұшқаннан кейін, енді қайда барып, қайда
жүргені бәрібір болған соң, Алау ақылының ақауы бар бір
әйелмен бірге соның бөлмесіне барып, әйтеуір қонып шы-
ғу үшін іргесіне жата кетеді. Бірақ әлдеқалай қызынан
айрылып, күйікпен жынданған әйел таң ата Алауды өз қызын
өлтірген адам екен деп ойлап жатқан жерінде, көкірегінен
пышақ қадап өлтіреді. Қызының ырзашылығын тілеп, «Мен
оны өлтірдім», – дейді әйел. Қарап отырсаңыз, өз басынан
әр түрлі ой азабын кешіп, көп қиындықтар өткен автор бұл
шығармасы арқылы қоғамдағы ретсіздіктің бетін аямай
ашады. Әңгіме оқыс оқиғасымен бірден тартып әкетеді.
Қалай аяқтағаныңды білмей қаласың.
Сол сияқты «Көне қорым» (3-бет) әңгімесінде, киелі ту-
ған жердегі ата-баба бейітінің түсініксіз құпиясы су
рет-
теледі. Кешке қарай бір трактормен кезектесіп жер жыр-
туға шыққан екі жігіт – Әлдибек пен Айдар түн ішінде
көздеріне көрініп, жұмыс істеуге мүмкіндік бермей қойған
елестен қорқып, амалсыз үйлеріне қайтады. Автор сол күні
жыртылатын жерді былай суреттейді: «Бүгінгі кезек қорым
жақтағы алаңқай еді. Алыпқашты әңгіменің, аңыздың ұйы-
ғы еді бұл жер. Түн қараңғысын қақыратып, әндетіп би-
леп,
жын-пері көшіп жүреді дер едің. Орталарына көгілдір
жалынды от жағып, алқақотан қоршап, жын ойнақ жасайды
197
Әдебиет – жан нұры
дер еді. Жалғыз-жарым жолаушыға құбыжық көрініп,
басын айналдырады деп еді. Кішкене кезімізде естіп алып,
көрер таңды қоян көзденіп атырушы едік. Ойын қуып
ауылдан қанша ұзасақ та, ол жаққа аттап баспау, әрқашан
есімізде жүретін». Міне, осыдан бастап, оқырман әлдебір
күдікті бол мысты күте бастайды. Ойлағандай-ақ, түсініксіз
бәлеге ұшыраған жігіттер түн жарымында үйлеріне қаш-
қан. Бірақ ондайға
сенбейтін партком секретары, әйелі-екеуі
аналардың орнына жер жыртуға енді өздері барғанда, дәл
солардың көргенін көріп шошынады. Ата-баба киесін аяққа
басқысы келген коммунист басшының сыңар езулігі үшін
ұшыраған қорлығын ұғынған оқырманның айызы қана ды.
Жас жазушы Ермұрат ұлтымыздың өкілдеріне қомсына
қарайтын керенау, билікшіл басшы Уаң секретарьға де ген
өшпенділігіңді қоз
дыра отырып, содан қапысыз есе қай-
тарып береді, әрі шү бәсіз сендіреді. Соған орай, автор тілі
шұрайлы және сөзді сапырмай, аз қолданып, оның есесіне
астарында жататын ойға құрады. Әсіресе, әңгімені барынша
қысқа жазуымен ұтады. Ал сөз тіркестеріне мән берсек,
«Жиделі Байсын жер іздеп», «жер жегісінен безіп», «саусақ
нілі жұқты дегенше», «алқара аспандағы жұлдыз», «кенеуі
кеткен шаруаларын», «қорғасындай ауыр ұйқы бойын улап»
деген тәріздес тапқыр ойлар толып жатады.
«Ертеңгісін тракторшылардың бірі екіншісінің үйіне
же тіп:
– Бастықтар іздеп жатыр екен екеуімізді. Ашулы дейді,
тез жетсін, депті. – Барайық, киін, – дейді.
Екеуі кеңсеге келіп кіргенде ауыл бастығы Шынасыл,
үгіт бөлімінің бастығы Әмет, ауданнан жаңа келген парт ком
секретары Уаң Жүң отыр екен. Сөз кезегін Уаң секретарь
өзі алды:
– Әмет жолдастың айтуынша, сағат түнгі бірден 55 ми-
нутта моторды сөндіргенсіңдер! Жоғарының партия ұйы-
мының жүктеген міндетін орындамауға нендей себеп бол ды?
Ашық сөйлескенді ұнатам. Қане, баяндаңдар!
Қырым ет жоқ, қан-сөлсіз жүзі тым тәкаппар, орсақ
тіс
терін дүрдитіп жіберген қалың еріндерінің айналасы
198
Жанат Ахмади
баты ра қырылған. Таңдақтанып көгереді. Сары бұлдан ті-
гілген әскери киім талдырмаш денесіне жарасқан. Тіп-тік
отыратын әдетімен сіресіп қатып қалыпты. Ызғар кіреукелі
ала көздері иманыңды айтқызардай тынымсыз тімтінеді.
Айдар мен Әлдибек болған жайды тәптіштеп баяндап
шықты. Әмет ерекше қағілездікпен қағып алып, қытайша
тәржімалап шыққанда, Уаң секретарь бөлмені басына кө-
теріп күлді-ай кеп.
– Әй боқмұрындар-ай! Сендерді де партияның қол
қа-
наты деп сенім артып жүріппіз! Ескілік бұғауынаң тазар-
маған санадан, жаңа идея көреміз дедік-ау! Қазірден бас-
тап жүргізушіліктен босайсыңдар!
Тексеру жазыңдар. Ком-
сомолдан қуу мәселесі кеңейтілген жиылыста қаралады.
– Уаң секретарь! Бұл ауылда осылардан басқа трактор
тілін білетін жан жоқ. – Сөз қысқырған ауыл басы еді.
– Қараң қалмайды, өзім жүргізем.
– Жөн, жөн дегенмен... көмекке бір адам керек қой.
– Әйелім, жолдас Шиау Лианды көмекке аламын. – Сөз
сонымен бітті. Шынасыл мен Әмет өміріне: «Уаң секретарь
ер екен-ау! десіп бара жатты. Айдар мен Әлдибек сүлкіндері
түсіп, жасып қайтты».
Көріп отырсыздар, Ермұраттың туып-өскен ортасы қан-
дай болғанын. Үкімет пен партия зілі осы жалғыз бастық тың
нұсқасынан-ақ танылады.
Сол сияқты жазушының «Шанхай көшесіндегі Данко»
әң гімесін оқыған кісінің көңілі еріксіз ойран болуға тиіс.
Өйткені жазықсыз тибеттік Шанхай халқының қорлауына
төзе алмай, әсіресе «қара жүрек» деген сөзге шыдай алмай,
тибеттіктер жүрегі қызыл болатынын дәлелдеу үшін алты
жасар ұлы Ердениді қанжарымен бүйірінен жарып жіберіп,
жүрегін суырып көрсететін тұсы тым-ақ аянышты. Автор бұл
әңгімені болған оқиға сарынымен жазған екен. Бірақ қалай
болғанда да, бейкүнә сәбидің жазықсыз қан құшқанынан
жаның түршігеді. Әкесіне ме, жоқ, оның жанын аяусыз
жаралаған Шанхайдың тибеттікті кісікиік, жабайы орнында
санайтын астам, өктем, тұрғындарына ма, кімге өкпелеп,
199
Әдебиет – жан нұры
кімге кінә артарында біле алмай, дал боласың. Қанды сурет,
қайғылы қылық ойыңнан шықпай қояды. Өздерін жек көре,
жирене қараған елде шаруасы болмай, осынау қасиетті
өлімінің алдында ғана әкесіне кінәсіз, сәби көңілімен өз
тілімен тынбай былдырлап келе жатқан еді.
Машинаға басып әкелген он бес қодастың ақшасын
қалтасына басып алғаннан кейінгі әкелі-балалы таңғұттың
көрінісі былай: «Шалқар түс әлетінде автовокзал маңындағы
ығы-жығы халық өздерін хайуанаттар бақшасында жүр-
гендей сезінді. Таңғұт қойы терісімен жиектелген, күнқа-
ғары бір жағына қараған ұлттық кепеш киген. Қырқылған
қодас терісінен жүнін сыртына қаратып тігілген күпісін
түймелеусіз қаусырынып, белін ою-өрнек белдікпен буын -
ған. Қынабы тізесін соққан Тибет қанжары. Қайқыбас еті -
гінің қо нышы қодастың мойын терісінен жүнін желкілдете
сырты на қаратып істелген. Басынан аяғына дейін ұлттық
үлгіде киінген. Көлденең көзге қонжығын ерткен қоңыр
аю тұрды тажалдай. Автор көзқарасымен айтқанда, шаң-
хайлықтар дың таңғұттарды жек көретіндігі сонша, Гонбо
ыңғайсыз
данып қара қоңыр жүзінен теуіп шыққан тер
тамшыларын күпісінің жеңімен ебедейсіз сүртінді. Ұлына
көз салды. Ол сасар емес.
– Оу, әкетай, не деген көп ел! Қарашы, бізден қорқады
ә, өздері Қодас құртын берейін бе? – әкесінің етегінен
тартқылап, сәби тілімен былдырлайды-ай келіп. Міне, осын-
дай бал тілді баланы сырттағы басқа ұлт өкілдерінің ма-
зақтағанына бола бұғана қабырғасының астынан ора тар-
тып (алдымен баланың сол жақ жеңін шешіндіріп жала-
ңаш денесін шығарып алған) жіберіп, тибеттіктердің ба-
йырғы қой өлтіру тәсілімен әлгі жарған жерінен қолын
сұғып жіберіп, өз перзентінің жүрегін суырып көрсеткен
малғұн әкені ақтай алмайсың. Мың жер ден «намыс қысты»
дегеніңмен, мұншалық тасжүректікке жеткен, адам мүсінді
жыртқыштық шанхайлықтардың «жа байы» деген сөзін мың
есе дәлелдеп берген. Бір ғажабы, авторға осы әңгіме үстінде
де қалтқысыз сенетініңіз. Хи
кая болған оқиға бойынша
200
Жанат Ахмади
жазылған сияқты. Ал жас жа зушы Ермұрат Зейіпхан мұ-
ны жасамалыққа бұрмаған тә
різді. Әдебиет нормасына
сәйкестендіруге әуре болғысы келмегендей аңғарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |