Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

ҮШ АҚЫН – ҮШ АҒЫН
Кейде өзіңе де көрінбей тек ұғым дүниеңнің әлдебір түк-
пірінде бұғып жатқан, ұйқылы-ояу сезіміңе жан бере алар 
күштің иесі де – поэзия құдіреті, ақындар әулеті. Өмір та-
нымыңның терең түкпірінде қыстап жатқан шалажансар 
көбелегің өзіне жеткен жылулы демнің шарпуымен қы-
бырлап тіріліп, қанатын қағып-қағып жібереді... Сөйтіп, 
ақын жыры өз қиял әлеміңді өзіңе зерттетіп, жан-сезіміңнің 
қалтарысын мекендеген әлгі сырлы қанат көбелегің гүл ден-
гүлге қона бастайды.
Қысқасы, әркімнің өз жан өлшемі деңгейіне тең қанша 
қасиет-қастері бар болса, соның бәрін жақсы ақынның саң-
лақ қиялынан жаралған сұлу жыры жан бітіре жаңғыртады. 
Өз көкірегіңде керуен-керуен көш жылжи бастайды. Аңсап 
жүрген жоғыңды тауып береді. Түлеп, жаңғырасыз.
Менің қолымда Исраил Сапарбайдың 1986 жылы «Жа-
лын» баспасынан шыққан «Жүрегіме ұя салған қарлығаш» 
атты бір ғана кітабы бар. Аталмыш ақынның кейін де бірне-
ше өлең кітаптары жарық көрген. Бірақ, ой қозғау үшін,  
сана-сезім айнасын ауық-ауық сүртіп, тазалап отыру үшін, 
ептеп шегініс те керек. Мұнымды есті оқырман ерсі көре 
қоймас деген ойдамын. Оның тұңғыш жинағы біз елде 
 
жүр ген кезімізде 1976 жылы «Жалын» баспасынан жарық 
көрген «Аққу арман» кітабын авторды танымайтын уағы-
мызда оқып, түбі тігілмей шығарылған жұқа жинақ не-
ше бөлініп түсіп қалса да тастамай қаптап, көктеп тігіп 
Алматыға ала келген едім.
Кейін автормен танысқанда көрсетсем, бұған таңырқа-
ған ақын «осы алғашқы жинақ өзіме де бір түрлі ыстық 
еді, менде де қалмаған екен...» деп уақытша сұрап алды. 
Ол жинақтағы «Арманым менің», «Қыз бен қымыз» тәрізді 
бірнеше өлеңдері менің көкейімде жатталып қалған. 
Көп ізді кестім апарар саған жолды іздеп, 
Жар басып жүріп жартасқа қондым жалғыз кеп. 

241
 Әдебиет – жан нұры 
Жазғы кештерде жұлдыздар қонып кеудеме, 
Тіледім сенен бағымды менің жанғыз деп. 
Алдымда – белес, алдымда – асу, қарлы шың, 
Сені іздеп келем, арманым менің, бармысың? 
               («Аққу 
арман»)
Бұл өлең бала кезімізде қолымыздан тастамай, жастанып 
жатып өліп-өшіп оқыған «Лейлі-Мәжнүнді» еске түсірді. 
«Жар басып жүріп, жартасқа қондым жалғыз кеп» дегені 
қиялданып, қаңғып кеткен атышулы Мәжнүн тәрізденген.
Әрі бұл өлең ойымен ғана емес, төгіліп тұрған сұлу 
ағысымен де әуесіңді қоздырады. Өлең жалғасына назар 
аударайық:
Жанарда жанған жалынмен өртеп түн уағын, 
Сусамыр күйде судың да сырын тыңдадым. 
Тасбауыр тасқа табаным тайып, жүз жүдеп, 
Шапағатыңды тілеп, махаббатымды шыңдадым. 
Алдымда – теңіз, жағалау тілеп бар күшім, 
Сені іздеп келем, арманым менің, бармысың? 
Алғашқы жинағының өзіне осындай тебіреніске толы 
өлеңдер енген Исраилдың жыр жазбауға лажы бар ма еді? 
Исраил ақын әлі күнге дейін әдеби сын, рецензияларда өз 
бағасын дер кезінде еншілей алмаған, еңбекқор талант та-
рымыздың бірі. Поэзия жолындағы бейнетіне риза ақын 
қолпаштау, мақтауға құштар да емес. Бірақ «Бағбанның 
маңдай тері жемісін жегеннің мойнында» демекші, оның 
жыр 
шылдық дәстүрінен шынайы ләззат тапқандарымыз 
ауызға алсақ – сол парыз.
Аталған жинақ үш бөлімнен тұрады. «Ғұмыр сазы» 
бөліміндегі алғашқы «Ана» өлеңінде ақын адамзат бала-
сының ең-ең қастерлі ұғымы – Ана мен баланың бір-бірінен 
айырылысар сәтін нәзік астармен береді. Баланы ана жүрегі 
ғарышқа ұшырған кемеге теңей келе:
«Алдың ашық болғай да – деп, – алдың бақ»
Қоштасумен сен қаларсың қол бұлғап.

242
Жанат Ахмади
Жүрегің – Жер.
Қайта айналып қонам ба,
Қонбаймын ба,
Саған, маған сол жұмбақ.
Шеңберіңнен шырқ айналып шыға алмай
Шолпан жақты жүрермін мен шолғындап. 
Иә, ой-қиялынан жан анасын бір шығара алмай, алыстан 
«шолғындап» жүру дегеніңіз, қимас сағыныш сезімі емес пе!
Енді екінші бөлім – «Алматы ақшамындағы» мына бір 
өлеңнің алғашқы және шешуші соңғы шумағына назар ау-
дарайық: 
Алысқанды жығам деп, ұстасқанды 
Алматыда бір күнде қыс басталды. 
Аспан жайып сыпыра, елгезермен 
Үн елеген анаға ұқсастанды. 
Аспан жақтың бейілі ақтарыла 
Қар жауып тұр қалаға, бақтарыма. 
...Алматы – немересін алдына алып, 
Алатау-қарт оранды ақ тонына...
«Ақ тонға» оранған қарт Алатау Алматыдай немересін 
ғана алдына алып қоймай, сонымен қоса миллиондаған 
адамды да баласындай әлдилегені өлең астарына өз-өзінен 
сыйып тұр. 
Қара жер көз жасыңды құрғат-тағы,
Үнімен уақыттың тіл қат, кәні! 
Төгіліп жазықсыздан жатыр неге 
Адамның алтыннан да қымбат қаны?
Өзімшіл, өзеуреген бұл ғасырда сырласым да. 
Өзіңсің мұңдасым да, сырласым да.
Жете алмай ұштығына бұл өмірдің, 
Қамалып қаншама ойлар жүр басымда...
Ақын тапжылмайтын қара Жерді ғана айнымай, аумай 
сенерлік дос тұтады. Басқа баянсыздықтан, опасы аз жал-
ғандықтан көңілі қалған, жүрегі шайлыққан. Өзімшіл ға-

243
 Әдебиет – жан нұры 
сырдың өзеуреген саясатынан әккі болған, секемшіл басы-
ның тыныстап, тұрақтар тұғыры «емсең емшек, кессең 
беріш» болатын, төзім кіндігі – көнбіс Жер-ана ғана! Екінші 
өлеңнен:
Тұрғанда астында Жер, Ай қасында
Бейопа, безбүйректер байқасын ба:
Жақсылық Жамандықпен әлі күнге
Арасат майданында айқасуда!
Өзін Айдың қасында тұрғандай сезінетін, мақсатына 
же 
тіп алған «безбүйректер» қатар өмір сүріп тұрғанда 
«Арасат» майданындай жер бетін 
дегі таразы-тартыс та 
бітіп жоғалмайтынын жырлайды ақын. «Жүрегіме ұя сал-
ған қарлығаштың» алдында да, бұдан кейін де бірнеше кі-
таптардың авторы болып үлгерген Исраил Сапарбай 
дың 
бұл жинақтағы баллада, өлең, поэмасын ыждағатпен оқып 
шығыңыз. Сонда ақынның шығармашылық мүмкіндігі мол 
екенін аңғарасыз. Аңғарасыз да оның келесі бір топ та масын, 
жыр жинағын асыға іздей бастайсыз.
Ендігі аз-кем пікір Кеңшілік Мырзабеков жөнінде. 
Кеңшілікті өмірінің соңғы кезінде маған Байбота Серікбаев 
таныстырды. Алғашқы да, соңғы да көруім – сол 1988 жыл-
дың қысы. Құлақ түріп іздей жүріп «Кітап – почта» деген 
дүкеннен марқұмның 1988 жылы «Жазушы» баспасынан 
жарық көрген «Дәуір-дастан» атты кітабын таптым. Үш дас-
тан мен өлеңдерден тұратын 4–5 баспа табақ жинаққа Аян 
Нысаналин пікір жазған екен. Бізсіз де мақтауы жеткілікті, 
дарынды ақын Кеңшілікті мен осы жинақты бастан-аяқ 
оқығаннан кейін білдім. Кітаптағы өлең-дастандар са 
ры-
нынан асқақ ақынның ешкімге бас имей, әрі өзгеге ұқ-
самай өткен, тек оның өзіне тән ғұмыры байқалғандай. 
Майырылмас пәктікке жаралған таланттың кез-келгенмен 
жараса бермеген де жағдайлары барын кішірейіп ақтарғысы 
келмесе де, өзіне тізгін бермей лықсып туып кетіп отыр-
ғанын, біраз өлеңдерінен аңғарасыз. Ақын жинағын зерттеп 
оқудағы мақсаттың өзі, арамыздан көзі кеткеннен кейін 
ұмыта бастамаудың жолы еді.

244
Жанат Ахмади
«Дәуір-дастандағы» үш поэманың екеуі: «Дүрбелең», 
«Дү 
ние дәнекерлері» Қазан төңкерісі мен Ұлы Отан со-
ғысы кезіндегі майдан ерлігіне арналып жазылған. Бұл 
дастандарды сол кезеңнің өз талабына орай барып салып 
жаз ғандығын «Заманға бақпай ер оңбайды» деген нақылдың 
төңірегінен қарастырсақ болады. Ал Иманжүсіп туралы 
дастанына біраз тоқталуға тура келеді. Басталған бойда 
тартып ала жөнелетін асау қанды кейіпкер тұлғасына 
құрылған бұл дастан ақын жанының сілкінісінен туған 
көркем дүние.
Басынан аяғына дейін жұп-жұмыр, сом болып шыққан 
бұл дастанды әңгімелеу керек емес, оқу керек. Авторды 
есір кеу не мадақтау емес, жаныңа жай отының ұшқынын 
алып, пендешіліктің бас игізген күйбеңін өзіңнен сілкіп тас-
тап, қайта жаңғыруың үшін оқу керек. «Көкжал туған қой 
терісін жамылмайды» демекші, бұл серпін ақынның жел-
ке жүні күдірейген, сол мінезіне сәйкес, асау ақылынын, 
шамырқанған сезімінен туып отыр. Талант атаулы мінезсіз 
болмайтыны және олардың кейбір «көкелеріне» ұнамайты-
ны, тіпті жолын кесетін жайлар болатыны, сол арқылы 
өмірден ерте қажытып, түңілдіретіні де бар. Таланттарды 
көпірден өткізе білу – парасат, ал өзгелер өздері-ақ жол 
табады... «Иманжүсіп» бейнесі Кеңшілік қанындағы өзінен 
астам келгенге пepici ұстап кететін, арқалы туылыстың 
 
алмас жүзді көрінісіндей. Иманжүсіп бейнесін арамыздан 
ерте кеткен Кеңшіліктің өз болмысы ретінде қабылдау 
қажет.
Енді үш поэма аяқталған жерден басталатын «Мі нез», 
«Қырықтағы қайнағалар», «Баллада» сияқты шығарма-
ларына ойысатын болсақ, қай-қайсысын оқымаңыз, Кеңші-
лікті өзге ақындардан бөліп тұрған өзіндік мәнерді, бітімге 
келмейтін кереғар кескін-келбетті танисыз. «Мінез» өле-
ңінен мысал:
Өзімді-өзім жеңе алмай жүрген бір кезім,
Іздеймін кейде мен сондай күндердің өзін, 
Өзімді-өзім жеңемін, өлемін бір күн, 
Өлтіре жаздап жүр мені құрғыр мінезім.

245
 Әдебиет – жан нұры 
Удай тілмен, ілмек біздей, шаншып-тартып өзгені ше-
несе, өмірдің сан құбылған, қитұрқы сусымалы талабына 
бейімделе алмайтын «құрғыр мінезі» бар өзін де аяп қал-
майды. Ашығына кетеді. Екінші өлеңдегі қарама-қай-
шылықты тағы аңдаңыз:
Қырықтағы еркек қалады қайнаға болып 
Қайнағалықтан зиян да, пайда да көріп. 
Серілік дәурен бәрібір байытпайтынын 
Байыптай келіп біледі, ойлана келіп.
Алдымен осылай – қырықтағы құрбы-құрдастары қай-
наға болып шекесін қыздырмайтынын бір аңғартып өтеді де:
Бұл кісілер біреудің қайнағалары, 
Сыпайы тартып сондықтан – майдалағаны. 
Қырықтағы еркек қаншама қайнаға болсын,
Замандас болмай бәрібір қайда барады?! 
– деп өз сөзімен айтқанда «серілік дәурендегі» еркектің қыз-
келіншек десе қызыл өңеші көрінбей қоймайтынын «әзіл-
шыны араласпен» әдемі аңғартады. Енді «Балама» өлеңін 
бажайлайық: 
Қызылшаққа қиялың сана болғанша, 
Уыз жүрегің ушығып, жара болғанша, 
Жара жазылып уыты тарағанынша 
Ұшырарсың жүректі зәрені алғанша.
Шындық мұнан артық қалай қазбаланбақ. Махаббат 
таңғажайыбын жеріне жеткізе өрнектеген төмендегі «Көз 
алдымда тұрсың сен» өлеңінің мына бір жолдарына қайта 
үңіліңізші: 
Шын ғашық, болсаң сен-дағы мені бір жылат, 
Тәтті бір түстей көзімнің алдын бір бұлдырат! 
Жұмағың – жұмбақ, тозағың да қат, қимасым, 
Көзіңнен бір күн ұшармын мен де, біл, бірақ! 
«Қиыла сүйген елжіретер, күндер де бір күн еңіретер» 
деген халық даналығы немесе Чернышевскийдің: «Сүюдің 

246
Жанат Ахмади
жа лынына шалдыға білмейтін адам шынайы сүю дегеннің 
не екенін білмейді» дегеніне жүгінетін болсақ, мынандай 
өлең тудырған Кеңшілік Мырзабеков рухы қай кез-кезеңде 
де өз халқымен бірге жасайды. 
Өлеңге қалам тартысымен, айналасын елең еткізген ақын 
қызымыз Гүлнәр Салықбаеваның тұңғыш жинағы – «Бір 
жұ тым ауа, қызыл күн» тыныс-лебі өзгеше, поэзиямызға 
тө 
тесінен келіп қосылған құбылыс болғанына ешкім дау 
айтпас. Тегінде, Гүлнәр өз өмірінің бастамасындағы мына  
дү 
ниеде ешнәрсемен орны толмас, ешқандай асылыңмен 
айыр басталмас, асқақ ақыл-сезімінің, содан өрбіген махаб-
бат үрейінің тосқауыл-мұңын тек поэзияға ғана қиып, соған  
ғана теңгере алған, жан ойраны басым ақын екенін бай-
қайсыз... Булыққан көкірегін сонымен ғана тыныстата-
тындай, өлең дерінің әрбір шумағын ауыр тылсымды ойға 
құрады. Назамен қираған жан шырайын қысқа толғаммен 
келтіре жеткізетін жас ақын сенің де өміріңдегі қиғаш 
құбылыстармен үндесе үйлесіп:
Тіршілік деген тілазар
Көрмейін десем – көзім бар, – 
деп көкейіңді дәл баса қояды. Ақын мейлі, балалық шақ-
тың тақырыбына барсын, соған төте достық-махаббат, 
сүйіспеншілік тақырыбын жырласын, немесе алуан түрлі 
әлеуметтік арнаға қалам тартсын, айтар ойдың ең негізгі 
қан-сөлін қалдырып, өте ұтымды қысқа тәсілін қолданады. 
Бедерлі, тая-баспас табанын тіреп, сіресіп жазады. Жас 
ақынның өзіне сонша қаталдығын ойлап бір асқақ, тар-
тымдылықты оның күре тамырларын бойлаған қанынан 
іздегің келеді.
Сап-сары нұрға қарадым, 
Қарадым-дағы сарғайдым.... 
Орнына балын араның, 
Тегін берсең де алмаймын,
– десем сол үшін сіз рақаттанғайсыз, сенің айтқалы жүрген, 
айтуға таппай дағдарып жүрген бірдемеңді аузыңа шайнап 

247
 Әдебиет – жан нұры 
салып отырғаны. Тегінде, Гүлнәрді оқығанда қылаусыз 
ескеретін бір жай – оның кітабындағы жырлар басынан 
аяғына қарай мазмұн жағынан хронологиялық тәртіппен 
түзіліс табатыны. Өйткені, басқы беттердегі ой желісі кі-
таптың өн-бойына ширыға тартылып отырады. «Бір жұтым 
ауа, қызыл күн» жинағындағы өлең атаулының барлығын 
біріне-бірін астыртын тамырласқан, тұтас дүние деп қарау 
керек. Өлең жалғасына ойысайық:
Қап-қара түнге қарадым, 
Қарадым-дағы қартайдым... 
Бетеге болып барамын, 
Аршасы едім Алтайдың. 
Қоп-қоңыр түске қарадым, 
Қарадым-дағы жыладым... 
Қағанағы қарық қарағым, 
Ести ме, сенің құлағың... 
Философиялық тереңдікке құрылған өлеңнің не айт-
қалы күйзеліске түскенін соңғы екі жолдан бір түйгендей 
болып аңғарып қаласыз... Ақын өлеңдері төбесінен жай 
түскен «Алтайдың қарағайындай» ойранды болатын себебін 
соңыра, бір-бірлеп ұғына бастайсыз дейтініміз осы.
Қып-қызыл күнге қарадым, 
Қарадым-дағы өрт іштім. 
Бу болып ұшып барамын,
Тамшысы едім Ертістің.
Иә, бұндай өлең-жырларды кім ойға батпай, кім тұ-
щынбай оқи алады? Гулнәр Салықбаеваның көп ақындарға 
ұқсамайтын ерекшелігі – өлең құрылысы мен кітаптағы 
өлеңдерінің ішкі астары бір-бірімен хабарласып, оқырманын 
да сол арқаудың бойымен бірден-бір тартып, барған сайын 
ынтызар ете отыратындығы. Әсіресе, махаббат сырының 
мұқтаждығына ұялы тамыр, үзілмес керме тартылған. Өз 
басындағы өмір құбылысының айқара басылған таңбасын 
поэзияның сиқыры бар бедерлі үнімен айқындап, өте-мөте 
тосқауылға ұшыраған махаббат шырайымен сізді өзіне дос, 

248
Жанат Ахмади
сырлас етіп алады. Жан иірімінің терең сырлы ғажаптары-
на кіріктіре араластырады. Оның қамын іштей бірге жеп, 
өміріне тілеулестікте отырасыз. Көп өлеңдерін махаббат сы-
рына байланыстыра отырып-ақ, әлеуметтік деңгейге көтере 
біледі ақын.
Оқырман кітаптағы алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ 
ақын ның қозғалыстағы жан әлеміне күзетші бола отырып, 
«Бір жұтым ауа, қызыл күн» жинағын өзінің тұтас бір 
шаруа шылығындай игеріп алады. Соған құлшынғаныңды 
байқамай да қаласың.
Гүлнәрдің көкірегіне пікір толтырып жіберетін өлең-
деріне тоқталып, сол төңіректе талай ой айтуға болар еді. 
Шоғырлы авторларға құрылған мақаламызда ол мүмкін 
емес. Айтпай кетуге болмайтын, Мұқағалиды еске түсіре- 
тін: 
«Нали бергенің неткенің, –
Өмір сүр» – деді өкпелі үн...
Бармысың әлі әлсіз от,
Сен сөніп қалған жоқ па едің?
Қайнадым, қайта түзілдім, 
Келмейді ерте үзілгім. 
Бата бер, маған, биік тау, 
Бір жұтым ауа, қызыл күн. 
немесе:
Аңқасы кепкен арманым, 
Айтатын әлі бар ма әнің? 
Тістеуден тісім кетіліп, 
Қан-жоса болды-ау бармағым!
Қан-жоса болды жүрегім,
Рауғаштай реңім...
Мен қалай енді қуанам -
Meн қалай өмір сүремін?
Құдай-ау, бұл неткен күрсініс?! 

249
 Әдебиет – жан нұры 
Неткен ғана ындын кептірерлік ынтызарлық?! Жас адам 
жанын осынша жай отына айналдырып, түскен жерін өртіне 
шалдықтырардай, бөгде жай-күйге жеткізген не нәрсе?
Ішкі сырымды сыртқа жайсам, Гүлнәр ақынның өлең-
дерін менен көп қайталап оқыған кісі жоқ та шығар. Бір  
оқып алып келесі ақынға ауысып жүре беретін жеңіл мі-
незді оның өлең болмысы кешірмейді. Оңашада ойыңа 
оралады, у-шудан бойын аулақ салады. Ішкі әлеміңе қайта 
шықпастай еніп алып, жүрек тұсыңнан сыбыр қағады. Ол 
сыр-сыбырды өзің ғана естисің. Сонан соң Гүлнәр кітабына 
қайта үңілгеніңді өзің де байқамай қаласың. Сірә, шынайы 
өлеңнің екінің бірі түсіне, тұщына қомайтын бір құпия 
құлпы осында жатқан болар ма?..,
Ақын өзіне лайықты сөзді көркейетін, көгеретін ке-
зінде естігені абзал. Ақынның кейде бала, кейде дана бол-
мысы осыдан қанаттанады. Талантты сүйемелдеу аз, тіке-
лей қамқорлық қажет. Ал, құдайшылығына келсек, Гүл нәр 
Салықбаева өлеңді пәлсапалық ағында жазатын, әдебие-
тіміздегі құнарлы құбылыс десек, асырып айтқандық бола 
қоймас.
* * *
Енді тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, ма-
қаламыздың атынан аңғарылып тұрғандай, біз қалап түстеп 
танып алған үш ақынның өлең жазу мәнері үш түрлі яғни 
үш ағынның үні үзілмес үлгілері іспетті. Анығын айтсақ, 
бұ 
лар бәленше ақынның түгенше туындысына еліктеп із 
қуушы сарынқұмар шайырлардан емес. Ал арнайы ой біл-
діріп, пікір түю үшін бір ақынның он кітабын оқу шарт бола 
қоймас. Көп жинақпен мықты ақын бола алмай жүрген 
әріптестер де арамызда аз емес. Біздің мақсатымыз – осыны 
тағы да бір алға салып, даралық пен дарын, талғампаздық 
пен талант табиғатын тағы да бір тиянақтау, өлең деген ғажа-
йып сыршыл әлемге көпшілік назарын құмарта қызық тыру. 
Ал, өлеңсіз өмір өмір ме?!

250
Жанат Ахмади
НӘЗIКТIК ПЕН ЖАЗЫҚТЫҚ
«Ақша молданы намазынан қалдырады» демекшi, соң-
ғы жыл дары ел-жұрт нарықтық ықтиятқа тәуелдi болған 
заман әсерi ме, басқа ма, жалпы әдеби сын, поэзия, проза 
жайлы баспа бетiнде пiкiр айту дәстүрiмiз босаңсып кеттi. 
Шариғатта дос тық болмайтыны сияқты, әдебиетте де достық 
болмай, барын бардай, жоғын жоқтай көрсетiп отыру дегендi 
жат жұртқа келiн боп барып, тағдырын табар қызына өз ата-
анасының берген тәлiмi ретiнде көруiмiз шарт едi. Өйткенi 
қолымызға қалам ұстаған барлығымыз әдебиеттiң қамқор 
ата-анасымыз.
Рас, тәуелдi адам дәрменсiз... Қай-қайсымыз да әр нәр-
сеге тәуелдi, жалтақпыз. Асы бар аяқты аттай алмай, кiмнiң 
арбасына мiнсек (түссек) соның өлеңiн айтуға мәжбүр заман 
орнады. Солай бола тұрса да ынсаният тiрлiгiнде ең-ең қас-
терлi ұғым – әдебиет үшiн, оның ешкiмдi кешiрмейтiн киесi 
үшiн; жүз жыртыспай тұрып дос көңiлi көркеймейтiнi 
сияқты ақын-жазушы атаулы бiр-бiрiмiзге куәгер болып 
жүруiмiз қажет-ақ!
Әсiресе ақындар әулетi-жалпы ақын атаулы досқұмар 
болып келедi. Дана қазақ «асқұмардың тәнi семiредi, дос-
құмардың жаны семiредi» деп босқа айтпаған. Ал дiлсiздiк 
– дос iздетпейтiн кiнәрат. Дiлде жоқты тiл жеткiзбейдi. 
 
(Ақын-жазушы өзгеден сол дiлi мен тiлi үшiн озық. 
«Әкiмдiктен ақындық артық» дейтiнiмiз сол). Олай десек, 
ақын-жазушы көптiң рухани ырысы.
Дей тұрсақ та жөнi осы екен деп, қаршыға орнына қар-
ғамызды, тұйғын орнына тырнамызды сорайтып тықпа-
лауымыз өз-өзiнен түсiнiктi ғой. «Болмасқа болысам деп 
көңiлшек өледi, ұйқының ұйығына батып ерiншек өледiнiң» 
керiн келтiрсек, өзiмiздi ғана «өлтiрiп» қоймай, иман сөзiндей 
қастерлейтiн әдебиетiмiздi өгейсiтiп жансарлатамыз.
Қасиеттi өлең әлемiне өзiндiк үнiмен келген Қазыбек 
Иса ұлының жырнамасы жақсы болғанмен, жарнамасы же-
тiс пеген «Керiмсал» кiтабы жайлы айтқанда ең алдымен 

251
 Әдебиет – жан нұры 
ауызға аларлық басты нәрсенiң бiрi – автордың жазу мәнерi. 
Қазыбек қандай тақырып болсын, жазуға оңай, баяндау 
төсiлiнен басқаша қырға мiнiп, ой орамын түкпiрлеп, кеулеп 
әкетудi, дiттеген жерiне сол арқылы жетуді ұнататыны 
байқалады. Көбiнше солай.
Екi бөлiмнен тұратын кiтаптың алғашқы бөлiмi «Сырлы 
әуен» аталса, содан таралатын былайғы үзiк бөлiмшелер: 
«Мезгiл мiнездерi», «Өмiр-өнер», «Өмiр-өлең», «Өрнектi 
өл ке», «Кескiн-келбет», «Дүбiрлi дүние» деп аталады да, 
екiн 
шi бөлiм «Мұңды әуен» деген тақырыппен басталса 
осының барлығы поэзия техникасын керегiне қарай емiн-
еркiн жаратқан ақынның iшкi дүниесiне орайласып, реттi 
түзiлгенi кiтапты оқып шыққанда ашыла түседi.
Әр бөлiмшеден дәлел iздеп оқырманды мезi етпей-ақ, 
кез келген тұстан мысал алатын болсақ, «Элегия» (18 бет.), 
«Аттанарда» (31 б.), «Базардағы қайыршы» (35 б.), «Жү-
ректегi зiлзала» (52 б.), «Мен жыр жаздым» (82 б.), «Жұбату» 
(102 б.), «Ақын тойына» (112 б.) және т.б. 
Мiне осы тақырыптағы өлеңдердi оқып көрiңiз.
«...Сынап дүние бiр күнi сыртын берiп, 
Кете ме деп қорқамын күлкiм кемiп... 
Құнсызданып барады адамдар да, 
Құн заңының бүгiнгi құлқын көрiп...
Кеңпейiл-ақ, жiгiт ем кешiрiмдi, 
Бiлмей қалдым дүние не сырыңды. 
Көрсетерiң көп пе едi, Көктегi ием, 
Көлденеңдей бересiң кесiрiңдi...»
        «Аттанарда»(33)
Мейiрi мол ел едiк қой, меймандос, 
Өмiр мынау,
Көңiл болсын қайдан қош... 
Қайыршыдан қаймығатын қалтаңмен, 
Қайда барып жетiсесiң қайран дос...»
      «Базардағы 
қайыршы» 
(35)

252
Жанат Ахмади
Ақынның санап алғысыз сыршыл да, мол өлеңiн жү-
йелеп оқып шыққан кiсi оның тақырып аясы кең, өрелi 
ақындарымыздың санатынан табылатынына куә болар едi. 
Көрiнiске сырбаз, сырт бiтiм болмысы сыпайы, кербез кө-
рiнген Қазыбек Исаұлының iшкi дүниесi серiппедей жиы-
рылған тегеуiрiндi, ой-қиялы кезеген беймаза ақын екен-
дiгiн оның жырларындағы шиыршық атқан жан толқыны-
сынан танисыз. 
Сондай-ақ Қазыбектiң:
«Қазағым-ай қанағатқа кекiрген»
Күнге қарар бетiм жоқ, 
Түнге қарай қуандым...
Еске ессiздiк түсер деп 
Ес жиюға қорықтым...
Кеңiстiкке көз жiберiп жүрген ұл 
Биiктiкке кiрпiк қақпай қарайды...
«Жынды ғып кетер мұңдыны, 
Тыныштық ұйып барады»
деген тәрiздес сiздiң де сезiм дүниеңiзге қай-қайдағы 
жарақат тыртықтарыңызды көлденең тартқызып, ойға 
батыратын тұстар кiтаптың кез келген бетiнен кездеседi. 
(Жоғарыдағы жолдар өлеңдердi тұтас оқығанда сөзiмiз 
дәлелдi бола түседi). Ендi ақынның «Элегия» атты өлеңiмен 
толық танысып байқайық:
«Күз де келдi.
Сарыуайымға салып бәрiн жеткеннен, 
Өкiм айтты өркеуде күз өктеммен. 
Ағаштардың иығынан сыпырды, 
Киiп келген көйлектерiн көктемнен.
Жердiң миын шығарғанша тарамас, 
Бұлттан ығып бүрсеңдеген тал, ағаш. 

253
 Әдебиет – жан нұры 
Сорасы ағып, баса алмай тұр солқылын, 
Су астында қалғандықтан жалаңаш.
Көңiлшек көк егiлдi ерте ерiксiз, 
Келiншекке көрiндi өлке көрiксiз. 
Сақинасын сипалайды ол, ал қарттың 
Сақинасы ұстап жатыр келiп күз...
Уақыт тағы бiр жазыңды сызды әйгi, 
Өткен күндер жүрегiнде сыздайды. 
Сыртылдатып машинкамен тамшылар 
Шатырларға жыр жазуда күз жайлы.
 
Күллi бояу көретұғын күреңнен, 
Күн көретiн көк жүзiнен түнерген, 
Әрбiр күннен бiр өзгерiс күтумен, 
Қалың ойдың қамауында жүрем мен.
Ашылғанда аласа аспан түндiгi, 
Жауынның да деген кезде тынды үнi, 
Ағаштардың көз жасымен ойнайды, 
Ала бұлтты сығалаған күн нұры...
Жылынумен шоғына үмiт отымның, 
Бiр-бiрiнен аумай өтiп жатыр күн. 
Жаңбыр жауып күн шықса да артынан, 
Түк болған жоқ... Түк бiтiрмей отырмын.
Күн өтуде,
Қимылдайық ендi бiз.
Көп кешiкпей көмкередi көлдi мұз.
Келдi деген күз де кетiп барады,
Өмiр осы. Ал бiреуге соңғы күз...
Мiне, мұндай өлеңге ешқандай дәрiп-дағуаның керегi 
жоқ. Әр оқырман өз өмiрiнен әр алуан өрнек түйе жатады.

254
Жанат Ахмади
Қазыбектiң мамандығы суретшi екенi табиғат туралы 
тар тымды жырларынан анық аңғарылады. Жалпы, ақын 
өлеңдерiне тән нәзiктiк, iшкi тереңдiк «Мезгiл мiнездерi» 
бөлiмшесiнде де байқалады. Табиғатты жырлап отырған 
ақын iшкi сезiмiн, көңiлiн бейнелеп, тiптi, махаббатқа 
ауысып кет 
кендей болып көрiнедi. Бұл туралы автор 
ерекшелiгiн жас ақын, мәдениеттанушы Әмiрхан Балқыбек 
«Қазыбек өлеңдерiнде қыстың өзi де нәзiк суреттеледi. 
Кейiнгi кезде жоғалып бара жатқан нәзiктiк қазақ өлеңiне 
Қазыбек поэзиясы арқылы қайта келгендей» («Жас алаш» 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет