Жанерке балабақшасы «Көктем аруы»


Қыздардың орындауында «Кукуреку»биі



бет4/4
Дата24.08.2023
өлшемі24,24 Kb.
#105524
1   2   3   4
Қыздардың орындауында «Кукуреку»биі
Ән: «Айналайын ақ мамам»


3. Ас үй анасымен ( видеоролик).
Заңғар топ ұлдарының аналар мерекесіне орай жырларына кезек берейік.
1. Асылхан
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
2. Әмір
Аялаған анашым ,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
3. Иманжүсіп
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
4. Ертарғын
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым

5. Думан
Аспандағы айымсың


Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
6 Димаш
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
7. Бейбіт
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
8. Айсұлтан
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
9.Орынбасар
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
10. Ермұхамед
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!
11. Бейбарыс
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық
12. Аңсар
Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың егізі.
Әдемі сөз анамның,
Анаға айтар лебізі.

Қыздарымыз дайын болғанша, ер балаларының орындауында « Анашым» флешмоб биімен қарсы алыңыздар.


Көңілді ойын: «Анамның бір күні» ұлдар арасындағы ойын.
Шарты: Ойын барысында балалар кір жуып, үй сыпырып, бала қарап, тамақ істеп жарысады.


4.Төртінші сайысымыз «Талаптыға нұр жауар».
Қыздарымызға оюлар таратылады. Ою қиындыларынан қыздарымыз сандықты әшекейлеуі қажет.


Әділқазыларымыз шешім шығарғанша Заңғар тобының тәрбиеленушісі Төлеуқажы Жансаяның орындауында әсем әуенге кезек берелік.
«Гүл сыйлау» ойыны
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Жүргізуші: Сүйкімді арулар, сіздерді құттықтаймын! Құрметті, қонақтар, бізбен бірге болып, байқауға қатысушыларымызға қолдау көрсеткендеріңізге рахмет! Кешіміз аяқталды! Сау-саламат болыңыздар!

Жүргізуші:
Өнер - білім серігің, адам - атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрін аман болыңдар, жамағатым!
Әділқазыларға «Көктем аруы 2023», «Өнерлі ару», «Көрермен көзайымы», «Білімді ару» атағымен марапаттап, сыйлықтар ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет