Авторы: Халық.
Тақырыбы: ел қиялындағы әділ ел билеушісі.
Жанр: Ертегі.
Идея: Жаманның басынан өткен оқиғалар арқылы, билеушінің нағыз бейнесін дәріптеу.
Кейіпкерлері: Мадан хан –
40 уәзір –
Жаман – Аяз би. «Таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес-он қойды бағып жүр. Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді; келін жұмсап, қызық көріп отыр. Мен қайда болса сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің құлшылығында жүрмін.»
Ақша хан – ханның құдасы.
Ханның анасы – 80 жаста.
Зәрлі хан – ханның атасы, өыз туғандары үшін 19 әйелінің ішін жарып өлтірген.
Уәлі бай – Қалада қара болса да, байлығы ханмен қатар.
Меңді - он бес жастан күйеу таңдап: «Өзімнен ақылы артық кісіге тием», – деп, жиырма жылдай отырды, қазір отыз бесте. Бұған дейін ешкім ақылы артып, оған күйеу бола алған жоқ. Бәрі де барып, қызға жауап қайтара алмай, қайтып кетеді.
Меңдінің жеңгесі –
Тау басында қой баққан шал – данышпан.
Жер – су аттары:Қаратоғай орманы, Барсакелмес.
Маңызды ақпараттар:
Хан дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып келуге тапсырма береді.
Берілген уақыт 11 ай.
Уәзірлер шөп жаманы деп - шеңгелді, құс жаманы деп – қырғауылды алады.
«Менің Ақша хан деген құдам бар еді. Соның тұлпар табатын бір биесін қалап алдырғанмын. Бие күні жетіп, құлынды туа алмай, өлер болған соң: «Бие өлсе өлсін, құлын қалсын», – деп, ішін жарып, құлынды алғанмын. Сол құлын осы еді, әбден отығып кеткенше, сиырдың сүтімен асырап едім.» - хан сөзі, тұлпар сыны.
Гауһар тастың қасиеті 2 жылдан соң бітеді.
Тастың ішінен 2 ақ қарабас құрт шығады.
«Атаң сенің Зәрлі хан еді. Менен бұрын он тоғыз әйел алып, кілең қыз тапқаны үшін бәрінің де ішін жарып өлтірген екен. Соның үшін де «Зәрлі хан» деп халық ат қойып еді. Жиырмасыншы әйел етіп мені алды. Мен де екіқабат болған соң, жалғыз жанымнан қорқып, тәуіптерге қаратып едім: «Сенің ішіңдегі де қыз», – деді. «Қыз тапсам мені де өлтіреді ғой!» – деп, қайғы жедім. Сол күндерде аспаз наубайдың әйелі де екі қабат екен. Оның да тамырын ұстатып қарап едім: «Оның ішіндегі ұл», – деді. Жалғыз жаным үшін сол жерде маған ой келді. Ол әйелді оңаша шақырып алып, барлық мұңымды айтып, қазынадан табақтап алтын беріп: «Ақиреттік дос болайық, ұл тапсаң ұлыңды маған бер, менің қызымды ал. Бірақ бұл сырды ешкім білмесін!» – деп жалындым. Әйел табақтап алтын алып, бір жағынан мені аяп, сол жерде уәдесін берді. Туар кезімізде Зәрлі хан аңда еді, екеуміздің толғағымыз бір күнде келіп, бір сағатта босанып, сырды ешкім білмесін деп, басқа біреуді де жолатпай, біріміздің баламыздың кіндігін біріміз кесіп, сол қолыммен қызымды беріп, оң қолыммен алған шырағым сен едің!» - ханның анасының құпиясы.
«Мен Жаман-жақсы болсам да үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы-жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, мені келісімен аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз.» - Жаманның хан сынауы.
Қыз гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас береді.
Жаман балға мен төсті алған соң қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты жетесінен сындырады, гауһар тасты қақ жарады.
Жаманның сырды айтпаған себебі: «Мен барып, Уәлібайдың қызына сырттан хабарласқанда, ол маған бір тәрелке, бір қайрақ, бір пышақ, бір гауһар тас беріп жіберді. Ол оның: «Қайрақтай болып езілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып, басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі, мына гауһар тастай жарып мені алады», – дегені еді. Сол сырды: «Пышақтай болып басым кесілгенше айтпаспын!» – деп, пышақты жетесінен сындырып, «қайрақтай езілгенше!» деп, қайрақты уатып, «тәрелкедей уатылғанша» деп, тәрелкені қиратып, «гауһар тастай жарып, сені алам!» – деп, гауһар тасты қақ бөліп, уәде беріп едім. Сол себепті мана шынымды айтпап едім. Қыздың өзі мені аяп, ақ боз атқа мініп, бетіне перде жауып келіп, дардың жібін қиып, көкірегіме көлденең қылыш тастап кеткені: «Мен үшін кінәсыз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал», – дегені еді.» - дейді.
Хан уәзірлер кеңесімен Жаманды «Барса-келмеске» жұмсайды.
«Мен осы тәңірінің ісіне таңмын. Әркімді өзінің қатарына қосса еді. Арасы жер мен көктей адамдарды біріне-бірін қосып қойған, тәңірінің құдіреті күшті-ау деймін. Өзіме қарасам, он төртінде туған ай сияқтымын, саған қарасам, суы біткен көлдей, қара майы біткен шелектейсің» - Меңдінің өз сұлулығына тамсанып, айнаға қарап отырып, Жаманға айтқан сөзі.
«Жоқ, олай емес! Атамыз Адам бейіштен қуылып, шығып бара жатқанда, тәңірі: «Ей, Адам, бейіш сенің үшін жаратылып еді, шайтанның азғыруымен шығып барасың, енді бейіштен қалағаныңды алып кет», – деген еді. Сонда Адам: «Тәңірі! Сенің қандай затыңның қадірлі екенін қайдан білейін?» – деген соң: «Адамзатқа пайдалы үш затым бар, біреуі - қыдыр, біреуі - бақыт, біреуі - ақыл, осының бірін ал», – деген екен тәңірі. Сонда Адам ақылды алыпты. «Ақыл тұрмаған жерде біз де тұра алмаймыз», – деп, қыдыр да, бақыт та ақылға табынған екен. Сол сияқты, сен қазынадағы қызыл алтын едің, мен ақыл едім. Менің қаралығыма, иә қарттығыма қызығып тиген жоқсың, ақылыма тидің,» - Жаманның әйеліне айтқан жауабы.
«Бар, сені «Барсақелмеске» жұмсарын көптен-ақ сезгенмін. Риза бол, бірақ жолға жұлқынған жүйрік, жылжыған жорға мінбе, жылқыдағы ең семізді мін. Қырық уәзір сені үш күншілік жерге шығарып салар. Олардың карасы үзілген соң, сен де қайт. Орман ішіне апарып, атыңды сой да, етін алып кел, соны қорек қылып, жата береміз,» - әйелінің Жаманға берген кеңесі.
«Барсакелмес» дейтін жерде «інжулі қой» дейтін қой бар. Бір түгі - алтын, бір түгі күміс, сойса, терісі - бір адамға тон. Соның терісін үстіме кигім келеді. «Інжулі үйрек» деген үйрек бар, қанаты - күміс, басқа жері - алтын». Соны тәж қылып кигім келеді. «Дәудің інжулі қара арғымағы бар, бір шапқанда жүз шақырым шабады» дейді. Соны мінгім келеді. – деп, Жаманды хан кілең өтірікке жұмсайды.
Жаман бір семіз атты тандап мініп, жолға шығады. Қырық уәзір үш күншілік жерге шығарып салып қайтады. Уәзірлердің артынша Жаман да кейін қайтып, Қаратоғай дейтін орманға апарып, атын сойып алады. Төсегінің астынан адам бойы жер қазып, күндіз сонда, түнде әйелінің қасында жата береді.
«...Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мен: «Барсакелмеске», барып жауды мұқатқанша, мына жауды мұқатайын!» – деп, қылышымды суырып алып, қуып кеттім. Өз ауылыма апарып, қамап едім, онан шығып кетті. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын, – дейді.» - Жаманның жорықта болған уақиға дегені.
Хан бірнеше түйеге жасау, асыл зат арттырып, Жаманды Ақша ханның еліне көшіріп салады.
Барып күлдіреуішінің басын салып берсеңдер, ханның қызметі тамам болады, – деп Жаман хан уәзірлеріне кеңес береді.
«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің».
Хан қой баққан шалдың даналығын сезіп, «Қырық уәзірімді жөнге салып, ақыл айтпас па екен?» – деп, сәлем беріп, тілдеседі. Хан: «Бұл таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды?», «Бұл таудың етегін қырау шалғалы неше жыл болды?», «Бұл таудың басынан бұлақ аққалы неше жыл болды?», «Ата, өзің нешеусің?», «Қырық асыранды қазым бар, соны қан шығармай сойып, білдірмей жұлып, күйдірмей пісіріп беретін кісі бар ма?» - дейді. Хан: «Мен не дегенімді, шал не дегенін айырыңдар, оны айыруға бір ай уақыт берем, – дейді.
Уәзірлер Жаман сөзі бойынша «отыз тоғыз атты сойып, бір атты қалдырып, сойған аттардың біреуінің етін өздерінің киімін жағып пісіріп, етін жеп алады. Етті жеп болған соң, соймай қалдырған ала шолақ атқа Жаман мінеді, қолына құрық алып, жалаң аяқ, жалаң бас уәзірлерді ханға айдап жөнеледі.»
Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысын біріктіріп, ел арасында достық орнайды. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би» деп ат қойыпты.
Аяз би Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының мандайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз би, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» – деп, көңілін басушы еді дейді.