Жанр: Ертегі


үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы-жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, мені келісімен аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз



бет6/13
Дата11.12.2023
өлшемі35,58 Kb.
#137256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
аяз би

үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы-жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже түсіп, мені келісімен аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз. Сіздің шонжарлы, атаулы хан емес екеніңізді содан байқадым, – дейді. Жиналған жұрт таң қалады. Сол күйінше хан тағы да хандық қылды. Жаман оған жақсы уәзір болды. Жаман ханға ақылымен, тапқырлығымен жақты. Қырық уәзір шетте қалды.
Күндердің күнінде, бір күні Жаман сыртқа шығып тұрса, қаланың ортасында тігулі алты қанат ақ боз үй тұр; төңірегінде қаптаған кісі, үйге кіруге кезек күтеді. Жаман қайтадан үйге кіріп, ханнан:
— Бұл не жиын? – деп сұрайды.
Хан сонда:
Қалада қара болса да, байлығы менімен қатар, Уәлібай дейтін бай бар Сол Уәлібайдың Менді дейтін қызы он бес жастан күйеу таңдап: «Өзімнен ақылы артық кісіге тием», – деп, жиырма жылдай отырды, қазір отыз бесте. Бұған дейін ешкім ақылы артып, оған күйеу бола алған жоқ. Бәрі де барып, қызға жауап қайтара алмай, қайтып кетеді. Ол жиын - қызды жеңіп аламыз деп жүрген бай мырзалардың жиыны, – дейді Жаман: «Мен де барып көрсем кайтеді?» – деп ойлап, кешке жұрт орынға отырған соң, жайлап қыздың үйіне барады. Есікті қағып еді, бір әсем келіншек шығып:
— Не жұмысыңыз бар? – деп сұрайды.
— Менің жұмысым сенде емес, қызда. Бар, қызға айт! – дейді.
Келіншек күліп, қызға барып:
— Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың-ау! Адам көргісіз бір жаман кісі сенде жұмысым бар, – дейді. Сенен ол да дәме етіп келген білем! – деп, калжыңдайды. Қыз жымиып күліп:
— Ол түрге жаман болғанмен қандай кісі екенін қайдан білесің? Мынаны алып барып бер, – деп жеңгесіне гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді. Жеңгесі ол заттарды апарып берген соң, Жаман қолына алып қарап тұрады да:
Бар, мұның құралын әкел, – дейді.
— Ойбай! Әлгі Жаманың: «Мұның құралын әкел» дейді, – деп, жеңгесі қызға қайтып барады.
Қыз:
— Жарайды, – деп, жеңгесіне балға мен төс береді. Жаман балға мен төсті алған соң

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет