180
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Тілектесім,
Жүрсін біліп,
Берейін жүрегімнен гүл сындырып,
Қырмызы қыр самалы сипап өтті,
Жанымның жапырағын сілкіндіріп.[2,35]
«Асылы, адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді
:
бірі
— өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі — өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше
айту. Осы екі мақсат орындалған жерде ғана, шын мәніндегі әдеби туынды бар» [5,56],
- дейді академик З.Қабдолов. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, М. Айтхожина
бейнелі, образды сөйлеп, өлең дәнін тереңге тартып, жанының жапырағын сілкіндіріп
өткен ақын.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Айтхожина М. Жапырақ сілкінген кеш. – Алматы: - Жазушы, 1992ж.
2. Айтхожина М. Аққу-жүрек. Алматы: -Үш қиян 2003ж.
3. Юнг К.Г. Архетип и символ.- Москва: - Ренессанс, 2011.
4.
http://www.google
. kz 2012г.
5. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: - Қазақ университеті, 1992ж.
6. Ахматова А.А. Лирика. Москва: - Худ. лит., 2009ж.
ӘОЖ 378.147
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ АУДАРМАШЫЛАРЫ ЖӘНЕ АУДАРМАТАНУ ІЛІМІ
Б.Т. Суюмбекова, М.Ж. Бельгибаева
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы,
bal_1991@mail.ru
ХХ ғ. ағылшын, неміс, француз әдебиеттерін аудару үшін орыс тіліне жүгінетінбіз, ал
қазіргі таңда тікелей қазақ тіліне тәржімалау дамып келеді. Бұл мақалада біз қазіргі заманғы
аудармашылардың және аударма саласында зерттеу жүргізіп жүрген отандық ғалымдардың
еңбектерін қарастырдық.
ХХ в. чтобы переводить литературу с английского, немецкого, французского мы
ссылались на русский язык, а в нынешнее время мы переводим на прямую на казахский. В
данной статье мы рассматриваем работы современных переводчиков и работы ученых,
которые исследует переводоведение.
In XX century we translate the English, Deutsch, French literature into Russian, nowadays are
improving translation directly into Kazakh.In this article are examined works of contemporary
translators and scientists who research translation study.
Тірек сөздер: Тәржімалау, аударматану, әдебиет, аударманың дамуы, ағылшын-америка
поэзиясы.
Аударма дегенде, басқа елдің шығармашылық әлемі ойымызға оралады. Әдебиет
дегеніміз не деген сауалға – өнер деп жауап беретін дағдылы ұғымды кезіктіреміз.
Аудармаға дәл солай сауал қойғанда жауап қандай болмақ, бұл да өнердің өнері емес
пе?
Қазіргі көркем әдебиетіміздің басында тұрған сан алуан түйткілді мәсе лелер
жеке әдебиеттің ғана емес, соның ішінде аударма ісінің де ортақ мәселелеріне жатады.
181
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Көркем аударманың деңгейін анықтайтын құрал ол – төл әдебиетіміз. Себебі, көркем
аударма әдебиеттің ісі. Әдебиетіміз өскен жерде аударма өнері де дамып, бірге өркен -
деп отырады. Аударма арбасын өрге сүйрейтіндер және оны өздеріне міндет-борыш
санайтындар көбіне-көп сөз өнерін жетік игерген ірі қалам иелері. «Ревизор дағы»,
«Ана» романдарындағы қол жеткен көркемдік аудармашылық шебер ліктің ең биік
үлгілері болып қала беретіні содан.
Әдебиет сияқты көркем аударманың да басты мәселелері – көркемдік сапасы
мен оның ұйымдастырылу жағы. Қазіргі уақыт тұрғысынан алып қарағанда, бізде
көркемдігі біршама жақсы аудармалар бар. Бірақ олар келер уақытқа мызғымай жететін
кесек дүниелер емес, көлемі шағын дүниелер. Соның өзінде де бұлар бізде аз. Бір
қуанарлығы, біз әдебиетін аударатын елдердің қатары артып келеді және оларды
түпнұсқадан төте аударған тәржімасынан оқитын күйге жетіп отырмыз. Соның бірі
қытай ақын-жазушыларының еңбектері. Өз ортамызда қытай тілінен аударма
жасайтындар аз болғандықтан, бұл жағынан біз қытай қазақтарының аудармашыларына
сүйенеміз. Бұның өзі шетелдегі қан дастардың аудармадағы елеулі еңбектері қазақ
көркем аудармасының бүйірін қампайта түсер мол қазына екенін көр сетеді. Ал өсіп
келе жатқан жас аудармашыларымыз бен аға буын қаламгерлерімізді аударма еңбегіне
жеге білу де өз алдына жатқан үлкен міндет. Бәрінен де, олардың шынайы шабытпен
аударған еңбектеріне уақытылы назар аударып, сын айта отырудың қажет екенін
сыншылар қауымы ойда ұстауы керек [1].
Өзге елдердің аударма өнерімен салыстыра қарағанда біздің ұтылатын жеріміз –
біздің әдебиетшілердің шетел тілін біле бермейтіндігі. Ағылшын, француз, испан, неміс
тілдерінде оқи да, аудара да білмегендіктен барлық дүниелер орыс тілінен аударылып
жатады. Себебі, түрлі шет тілдерін білу үрдісі біздің әдеби ортамызға әлі кірікпеген
дәстүр. Сол сияқты, өз дүниемізді шетелдіктерге таныту үшін де орыс тіліне барып жү-
гінеміз. Қазір бұл сеңнің көбесі сөгілетін уақытқа келдік. Тәуелсіздіктен кейін келген
жас әдебиетшілеріміздің, түрлі саладағы зерттеушілеріміздің болсын арасында
өркениетті елдердің тілін білетіндердің қатары өсіп келеді. Бұл дегеніміз қазақ көркем
аудармасының жаңа көкжиегі ашылып, өзге жұрттың құнды әдеби мұраларын және ұлт
әдебиетіндегі классикалық туындыларды шет тіліне аудару мүмкіндігі туып келеді
деген сөз. Біздіңше, жас аудармашылар әлем классиктерімен қоса әдебиеттің қазіргі
қарым-қуатын білдіретін жаңа заманғы көркем сөз шеберлерінен де барынша өндіре
аударуға
тиіс.
Нағыз Қапшықбай, «Қазақстан» ұлттық арнасы, редактор-аудармашысының
айтуынша «Кинотуындыларды аудару көркем аудармадағыдай емес бірсыдырғы.
Аудармашы әдеби туындыны аударғандағыдай үлкен дайындықпен келіп, еңбектің
ащы азабын тартпауы мүмкін. Бірақ бұл кинофильмдердің тілі жеңіл, көркемдігі төмен
дегендік емес. Мұндағы басты көркемдік режиссерлік және әртіс тік шеберліктен туады.
Сонда да кейіпкерлердің аузына нанымды, қонымды етіп сөз сала білу аудармашыдан
үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Рас, кейде уақыт тығыз келіп, үлгеру
жағына көбірек мән беріп алатын кездер болады. Ал бірақ аударылатын фильм
салмақты, кесек туындылардан болса, мысалы, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы»,
«Макбеті» сияқты аударылуы күрделі дүниелерде асығыстық жасау әсте болмайды [1].
Кез келген саланың өзіне тән проблемасы болатыны секілді аударма ісінде де
өзіне тән проблема жетерлік. Аударма жасау үшін тек қана тілді біліп қоймай, сол елдің
тарихын, мәдениетін, пәлсапасын, ділін жете білуің керек. Қазіргі жаһандану дәуірінде,
ел мен ел арасындағы мәдени, экономикалық, саяси және т.б. байланыстардың артқан
заманында аударманың рөлі өте маңызды. Сондықтан да еліміздегі аударма деңгейінің
төмендігі, сапалы аудармашылар тапшы лығы шетелмен байланысымыздың дамуына
өзіндік зиянын тигізіп жатады. Әсіресе, қазақ тілді аудармашылар жоқтың қасы деуге
болады. Ал, қазақ тілді, ұлтжанды аудармашы мамандар даярламай тұрып, еліміздің
182
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
әдебиеті де, мәдениеті де өзге елге танылмайтыны айдан анық. Аудар маның қай түрін
алып қарасаңыз да солай. Мысалы, бізде халықаралық деңгейдегі жиында негізгі
баяндаманың қазақ тілінен орыс тіліне, одан әрі басқа тілдерге ілеспе аударма жасалуы
алғаш рет Түркия Президенті Тұрғыт Озалдың 1993 жылғы Қа зақстанға ресми
сапарында жүзеге асты. Баяндамалар түрік тілінде жасалып, аудармашы оларды қазақ
тіліне аударды, одан әрі орыс тілі арқылы ағылшын, француз, араб, қытай, тағы басқа
тілдерге аударма жасалды. Бұдан кейін анда-мұнда болмаса, қазақ тілінен тікелей
аударма жасалған емес [1].
Аудармашы болам деген адам негізінен үш түрлі қасиетті білуі қажет: ең
бірінші, өзінің ана тілін жетік меңгеруі; екінші, таңдаған шет тілінің құрылымымен
ғана емес, ол елдің тарихы, әдебиеті, тұрмысынан хабардар болуы; үшінші, сөзбе-сөз
аударудан гөрі, мағынасы мен идеясына аса көң іл бөліп аударуы керек. Тілдің ұлттық
айшығын терең түсінбейтін маман сапалы аударма жасай алмайды. Яғни, біздің
мәдениетімізді, тектілігімізді әлемге танытатын аудармашы текті ортада туылып, қазақ
тілінің тамырына терең бойлап, әдебиетіміздің кез келген түпнұсқасынан аударма
жасай алуы керек.
«Әрине, көркем аудармашы болу менің бала күннен келе жатқан арманым.
Герольд Бельгер сияқты қаламы жүйрік аудармашы ағаларымыздың еңбектерін оқып
өстім. Және аудармадағы үлгі тұтар адамым да сол кісі. Жалпы, қазақ әдебиеті корей
еліне әлі таныла қоймаған, сол сияқты корей әдебиеті де біздің елімізде өте тапшы.
Сондықтан алдағы уақытта осы салада біраз еңбек етіп, екі ел арасындағы әдеби
байланыстың дамуына өзімнің үлесімді қоссам деймін. Бірде Оңтүстік Кореядағы
Хангуг шет тілдер университетінің профессоры, қазақтанушы Сон Ёң Хун мырзаның:
«Біз студенттерімізге қазақ тілін оқытып жатырмыз. Әрине, қазақ тілін біліп шыққан
студенттерімізге жұмыс табу өте қиын. Тіпті, мүмкін емес. Себебі, қазақ жерінде
қазақтардың өзі де қазақ тілін жетік білмей, орыс тілінде нан сұрап жейді. Бірақ, мен
студенттеріме ылғи «Қазақтың әдебиетін оқыңдар. Әсіресе, Абайдың қара сөзін
оқыңдар. Қазақ тілінде сөйлеп, нан тауып жей алмасаңдар да, қазақ әдебиетінен рухани
азық табасыңдар» деп ескертіп отырам дегені бар еді. Құдайға шүкір қазақ әдебиеті
классикалық туындыға кенде емес. Қазақтың Абайы, Мұхтары, Мұқағалиы, Дулаты,
Әбдіжәмілі сияқты ұлдарының кез келген шығармасын аудару мен үшін асқақ арман.
Бірақ, мұндай шығармаларды аудару мен секілді аудармаға жаңа келген маман үшін
оңай шаруа емес. Қажырлы еңбекті, тынбай ізденісті, сонымен қоса біліктілік пен
тәжірибені ауадай қажет етеді. Сол сияқты озық техникасымен әлемге аты шыққан
корей елінің де әдеби туындыларын қазақ тілінде сөйлетіп, қазақ оқырманына ұсыну
менің басты армандарымның бірі» [1].
«Әрине, көгілдір экранда көрсетіліп жатқан телехикаяларды шетінен аударып
беріп жататынымыз рас. Бірақ, уақыт тапшы екен деп сапасыз аудармаға жол бермеу
керек. Себебі, аударма аудармашыдан асқан адал дықты, үлкен жауапкершілікті талап
етеді. Шама шарқымыз келгенше сапалы аударма жасауға тырысып жатырмыз деп
ойлаймын. Бірақ, тәжірибенің аздығынан «әттеген-айлар» да жоқ емес. Дегенмен де,
осыдан дәл бес-алты жыл бұрынғы аудармамен салыстырып қарасаңыз, көгіл дір
экрандағы аударманың да, дубляждың да сапасының бір шама өскенін байқайсыз»,-
дейді Данияр Әнуарұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану
факультетінің оқытушысы, жас аудармашы.
Серік Асылбеков, прозашы, аудармашы: қазіргі кешендегі Қазақстандағы
аударма жайлы: «Аударма мәселесі туралы сөз қозғағанда, ең әуелі сөздіктер
мәселесіне тоқталу қажет сияқты. Мәселен, бізде орыс ша-қазақша, қазақша-орысша
үлкен сөздік бар. Ал енді қазақ ғылымы, қазақ өнері дүниежүзімен эммиграцияға түсуі
үшін бізде қазақша-ағылшынша, ағылшынша-қазақша, немесе француз, неміс
тілдерінің толық сөздіктері болуы керек. Осы уақытқа дейін мұндай сөздіктің
183
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
жоқтығынан біз әлі күнге орыс тіліне иек артып, соның алдында тәуелді болып отырған
жайымыз бар. Енді ғалымдардан үлкен топ құрып, әуелі сөздіктерді шығар у мәселесін
қолға алғанымыз жөн деп ойлаймын. БҰҰ-ның ресми алты тілі бар емес пе. Жоқ
дегенде сол алты тілдің қазақша толық сөздігін жасайтын уақыт жетті. Әрине қазірде
шет тілдерін жақсы білетін жастар аз емес. Бірақ шығарманы өзге тілден тікелей аудару
үшін жай біліп қана қоймай, ол тілдің әдеби нормаларын да игеруі керек қой. Және бір
адам өзге тілдің бүкіл сөзін білуі мүмкін емес. Сондықтан да жаңағыдай толық сөздік
ең басты қажеттілік болып отыр» [1].
Белгілі аудармашы К.Юсуптің редакторлығымен шығатын «Әлем әдебиеті»
журналы қазақ көркем аудармасына, аударматануына үлкен үлес қосып жүр. Болашағы
зор осынау журналға жан-жақты қамқорлық, қаржылай көмектесу қажет.
Республикалық деңгейдегі қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі аударма басылымын шығару
да – уақыт талабы.
Кеңестік коммунистік идеологияда көркем аудармаға ерекше көңіл бөлінді.
Кейбір республикалар мұны ұтымды пайдаланды. Мысалы, Балтық жағалауы, Грузия,
Әзірбайжан, т.б. республикалар басқа тілден тікелей тәржімелеудіқолға алды. Сонымен
бірге басқа тілге үздік аударылған туындыларын бағалап отырды. Эстонияда өзге тілге
аударылған үздік шығарма аудармашысы мен басқа ұлттың шығармасын өз тіліне
шебер тәржімелеушіге жыл сайын сыйлық тағайындалды. Ресейден бастап, бірқатар
елдерде бұл дәстүрлі сипат алды. Бізде 1983 жылы көрнекті жазушы М.Д.Симашкоға
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы мен Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке»
дилогиясының екінші кітабын аударғаны үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық
берілді. Суреткердің қазақ тақырыбында жазылған көптеген тілдерге аударылған
туындылары еленбей, ақыр аяғында аудармасы ғана лауреаттық атақ иеленді.
Аударманы түпнұсқамен салыстыра сараптағанымызда, көркемділігі мен стильдік
сәйкестігі жағынан түпнұсқадан төмендігі аңғарылады. Бізде аударманы зерттеу
дамымағандықтан, шетелдегі атақ-абыройы үлкен жазушы амалсыз аудармасына ғана
атақ алды. Қазақ әдебиетінің қазынасына қаншама көркем классиканы баламалы да
биік үлгіде аударған ұлттық аудармашыларымыздың еңбегі еленбеді. Осыдан туатын
ой: көркем аудармада М.Әуезов атындағы республикалық мемлекеттік сыйлық
тағайындау уақыты да жетті. Ұлы суреткердің әлем және орыс классикалық
әдебиетінен аударғаны өз алдына, аударма зерттеуге және аударманың басқа да түріне
белсене араласқаны белгілі. Балтық бойы мемлекеттеріндей ұлтының талантты ақын-
жазушыларының туындыларын өз тіліне сәтті және өз әдебиетін басқа тілге сапалы
тәржімелеген дарынды аудармашыларды елеп-ескеріп, марапаттап отырсақ,
әдебиетіміздің әлем өркениетіндегі беделі де артар еді [2].
Біздегі тағы бір кемшілік – көркем аударма редакторларын даярлау ісі. Барлық
аудармалар ешқандай рецензиясыз әрі әдеби өңделмей, баспаға барады. «Аударма»
баспасы осыдан біраз жыл бұрын кеңестік кезеңдегі бірқатар классикалық туындылар
аудармасын қайта бастырып шығарады. Ол кездегі кейбір тәржімелер сапасы сын
көтермейді. Сонан соң классиканың бәрін аудару міндет емес, ұлттық ерекшелігімізге
лайықтысын тәржімелеу қажет. Тәуелсіз елімізді шетелдік үздік әдеби шығармалармен,
таңдаулы классикамен толықтыру – аса маңызды, қажетті, игілікті іс. Көркем
аударманы ұлттық әдебиетіміздің басты талаптарының біріне айналдырмай, өркениетті
елдер санатына ілесе алмаймыз. Сапалы да білімді, білікті, жазу өнерін жетік меңгерген
көркем және жазбаша тәржімешілер әрі кәсіби ауызша аудармашылар даярлауды
үкіметтік деңгейде қолға алу – аса қажет.
Қазіргі таңда шет тілдерінен тікелей қазақ тіліне аударып жүрген
аудармашыларымыз көп емес. Соның бірі, М.Құрманов, ол неміс ақыны Гетенің
шығармаларын аударған. Немісшеден жасаған өлеңнің жолма-жол аудармасы:
Барлық шыңдардың басында
184
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Тыныштық
Ағаштардың басында
Болар болмас
Леп байқалады,
Ормандағы құстардың үні өшкен
Тек сабыр ет, сәлден кейін
Сен де тыншығарсың.
М.Әлімбаев та аударған:
Мақпалдай қара түндерде,
Маужырап таулар мүлгиді.
Тым-тырыс, бей-жай қыр-белде
Қоңыржай мұнар сырғиды.
Бұрқ етпес шаң да жолдағы,
Желпінбес жасыл шалғында.
Аялдай тұрсаң болғаны.
Тыныстар күнің алдыңда.
Әрине, М.Әлімбаев неміс тіліндегі түпнұсқадан емес, Лермонтов мәтінінен
тәржімалаған. Нәтижесінде Лермонтовтың қосымша өлеңі болып шыққан. Ал Абай
аудармасындағы «Таулы шыңдар» гетелік түпнұсқаға рухани жақын. Лирикадағы
ырғақ, интонация, ақындық ой-сезімді терең сезіліп жеткізді. Бұл – классикалық
аударма үлгісі [3].
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына балақайлар үшін тамаша тарту жасаған
«Болашақ» қауымдастығы, «Меломан» компаниясы және «Алтын қыран» қоры бірігіп,
Голливудтық жоба «Көліктер-2» мультфильмін қазақ тілінде сөйлетуге мұрындық
болды. Ал анимациялық фильмді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударған белгілі ақын
Дәурен Берікқажыұлы болатын [4].
Ал анимациялық фильмнің аудармасын жасағандардың қатарында белгілі ақын
Дәурен Берікқажыұлы бар. Бауыржан Байбектің айтуынша, фильм тікелей ағылшын
тілінен аударылған. Аударманың бүгінгі баланың таным-түсінігіне сай келуі талап
етіліпті. Сондықтан да болса керек, аудармаға тартылғандардың көпшілігі жобаның
соңына дейін шыдамаған көрінеді [5].
Шет ел әдебиетін қазақ оқырманына жеткізуді мақсат етіп қойған
Д.Берікқажыұлы бүгінгі таңда ағылшын-америка поэзиясын тікелей аударумен
айналысып жүр. «Қазақстан» арнасынан берілетін ағылшын тіліндегі фильмдерді
қазақшалаумен айналысатын ол «Тіршілік әлемі» («Living», 26 серия), «Шынайы өмір»
(«Natural State», 26 серия), «Чемпионат алдындағы бір жыл» («On The Ball», 22 серия)
деректі фильмдері мен «Құрдым» («Pitch Black »), «Анджеланың азабы» («Angela’s
Ashes»), «Боб Робертс» («Bob Roberts») және «Салқын басытқы» («Buffet Froid»)
сияқты бірқатар фильмдерді ана тілімізде сөйлеткен [5].
Аударма Абайдан бастау алған дейміз, Абайдың кезіндегі аудармалар тек орыс
тілінен аударылған болатын. Өзге тілдердің әдебиетін де тек орыс тілі арқылы қазақ
тіліне аударған. Абай көбіне орыс ақын шығармаларын аударған, мысалға айтып өтсек:
А.С.Пушкиннен «Онегиннің сипаты», «Татьянаның Онегинге жазған хаты», «
Онегиннің Татьянаға жауабы», «Онегин сөзі», «Ленский сөзінен»; М.Н.Лермонтовтан
«Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға», «Ал сенейін, сенейін», «Көңілім менің
қараңғы. Бол, бол, ақын..», «Қараңғы түнде тау қалғып...», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл»,
«Көңілдің күйі тағы да...»; А.Мицкевичтен «Дүрілдеген нажағай...»; И.А.Буниннен
«Қоқытпа мені дауылдан...»; В.А.Крыловтан «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын...»;
Я.П.Полонскийден «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы...»; И.А.Крыловтан «Емен мен
шілік», «Қазаға ұрынған қара шекпен», «Есек пен бұлбұл» тағы басқа көптеген
185
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен алғашқы қазақ аудармашысы атанған [6,381].
Қасым Аманжоловтың аудармаларына келер болсақ, ол Джорж Байронның «Чайль
Гарольд» поэмасынан үзінді, «Романс», «Альбомға», А.С.Пушкиннің «Қысқы кеш»,
«Ақын», «Тұтқын», «Арыстанды тырнағынан таниды», «Жазушы мен ақын»,
М.Ю.Лермонтовтың «Ақын ажалы», «Тұтқын», «Отан», «Күн», «Маскарад», «Желкен»,
«Тамара», Н.А.Некрасовтың «Сұрқия жылан», «Таңертеңгі саяхат», «Саша» атты
шығармаларын қазақ тіліне аударған [7,422].
Аударма дамып келеді, кезінде тек орыс әдебиетін аударған болса, қазіргі таңда
шет ел әдебиеттерін де қазақшалағандары бар. Мысалы айта кетер болсақ, Гераклит,
Демокрит үзінділідерін Ә.Қодар аударған. Платонның «Сократтың ақталу сөзін»
Қ.Әбішев, «Пратагорын» Р.Сәбитов, М.Сәбит, «Мемлекет» бірінші, екінші кітабын
Т.Әбжанов,
«Тимейді»
А.Сағиқызы
қазақша
тәржімалаған.
Аристотельдің
«Метафизика» кітабын Қ.Әбішев, Ә.Қодар, «Үлкен этика» бірінші кітабын
Т.Рысқалиев, «Саясат» кітабын Қ.Әбішев қазақ тіліне аударған болатын [8,352].
Балаларға арналған Ганс Христиан Андерсен ертегілерінде қазақша
тәржімалаған аудармашыларымыз бар, олар «Шақпақтас», «Қайтпас қайсар қалайы
солдат» Ғ.Жұмабаев, «Нағыз ханша» Ш.Бейсенова, «Кішкене Иданың гүлдері»
Б.Мұқаев, «Түйме қыз» Ж.Нұсқабаев, «Түймедағы» Т.Әбдіков, «Үй сәулесі», «Шынайы
шындық», «Аю бадам анасы», «Қорған дуалынан қарағанда» Қ.Құрманғалиев, т.б.
аударған [9,397].
Көріп отырғанымыздай, аударма саласы күннен күнге дамып келеді. Қазақ
жерінде аударманың бастау алғанда тек орыс классик әдебиетін тәржімалаған болатын.
Келе-келе шет ел классиктерінде қазақшалай бастады. Дегенмен, шет тілден аударатын
аудамашылардың саны қазіргі таңда да көп емес, болашақта саны артады деген
сенімдеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақ әдебиеті газеті. № 8 (3276) 2012.
2.
www.anatili.kz
3.
www.abai-inst.kz.
4.
www.baq.kz/kaz/news.
5.
Газет «Қазақ тілі мен әдебиеті» 10.10.2006.-125б.
6.
Құнанбаев А. Қалың елім қазағым.- Алматы: Жалын,-1995.-382б.
7.
Аманжолов Қ.Аудармалар ІІ том. Алматы: -2001.- 422б.
8.
Әбішев Қ., М.Сәбит, Рақымжанова Б. Антика дәуірі философия үлгілерінің қазақ
тіліндегі аударма мұрасы. Астана аударма: 2009.- 400б.
9.
Андерсон Х. Таңдамалы ертегілер. Алматы: Балауса, 2005.-400б.
Достарыңызбен бөлісу: |