«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет140/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   208
 Көктен күні сәуле шашып
 Көкке шарпып нұрын дала. 
 Өлкем өсіп ел кенелді, 
 Көгім жайнап жер гүлденді. 
 Тауым ашып қазынасын, 
 Жомарт жерім шашты кенді. 
 Елім жаңа жұртқа қонды
 Жұрт жұмысқа қойды қолды. 
 Білім бұлақ сусын болды
 Елдің өмірі жырдай болып. 
 Сұмның  күні  қуғын  болды…”[2],  -десе,  соңғы  жыр  шумағын  “мұндай  ма  еді  бұрын 
дала?”- деп,  қорытады. Бұл Ілияс поэзиясының дәстүрлі әдісі.  
Ілиястың  өндіріс  тақырыбына  арналған  өлеңдерінде  мистицизм  мен  мифографиялық 
өзіндік  үн  бар,  дауысы  бөлек,  жырлау  формасы  да  ерекше.    Мұнда  басқа  ақындардан 
айырмашылығы- индустрия тақырыбын игеруде ұлттық образдарды, фольклорлық үлгілерді 
бейнелеу  мен  көріктендіруді  қазақ  ұғымына  сай  жаза  білу,  шебер  ұйқастырып,  мистицизм 
мен  мифографияны  ұтымды  пайдалана  алуы.  Мысалы,    Алтын  қазан”  өлеңін  былай 
жырлайды: 
“Сақырлап машиналар тасығандай, 
Үгіп тұр тасты, кенді насыбайдай. 
Тетіктеп бір жұмыскер жүргізіп тұр. 
Өзінің бір жақсы атын қасығандай. 
Мырышты алып жатыр илеп нандай
Қорғасын шыжғырылып, еріп майдай. 
Арылып арамынана алтын жатыр, 
Кілегей сүтке қаймақ ұйығандай…” [3]- деп кете береді. 
Жанды  сурет.  Нағыз  халықтық  сипат.  Күнделікті  көріп  жүрген  қазақ  жеріндегі, 
өміріндегі  күйкі  тірліктегі  құрал-жабдықтар  мен  болар-болмыс,  қазақы  болмыс  -  бітім  мен 
көріністер  мистицизм  мен  мифографияға  жақын  келеді.    Бәрі  де  таныс.  Бәрі  де  күнде 
қолымен  ұстап  жүрген,  пайдаланып  жүрген  дүниелер.    Аталмыш  “Алтын  қазан”  өлеңі- 
қазақтың он бір   буынды қара өлең  түріндегі,  әшекейлі  де әуезді  жазылған жұмыр, жатық 


 
115 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
туынды  /қазіргі  Ленингорск/    айналасындағы  табиғаттың  көркі,    ішкі-  сыртқы  сипаты  мен 
сол  өндіріс  орныны  игеріп  жатқан  жас  қазақ  жұмысшыларының    бейнелері  көркем 
суреттелген.  
Коллективтендіру тақырыбына мистицизм мен мифографияға жататын тағы да бір ірі 
туындысы  –  1922  жылы  жазылған  «Жаңа  туған»  поэмасы.  Басқа  шығармаларымен 
салыстарғанда, бұл туындысында реалистік бейнелеулер мен образдық ой-толғамдар бояуы 
қалыңдау шыққан. Поэманың кіріспесінде қазақ даласындағы болып жатқан ұлы өзгерістерді 
айта  орыра,  көпшілік  қауымның  коллективтік  еңбекке  қалай  кіріскенін  баяндайды. 
Алғашында жеті  үйден құралған артель болса, кейін адам саны көбейіп, колхоз дәрежесіне 
көтерілді.  Міне,  осы  тұста  колхоздандыру  кезінде  асыра  сілтеу,  шолақ,  саяси  шикі 
белсенділердің  өрескел  қылықтары,  соңында  қалың  жұртты  аштыққа  апарған  кезеңді  ақын 
бүкпесіз,  ашық  жариялайды.Ілияс  Жансүгіровтің  аталмыш  тақырыпқа  арналған  «Мәйек», 
«Кеңес»  атты  поэмалары  жазылған.  Бұл  циклдағы  ой  мен  науқандық  кезеңдегі  актуалды 
саналатын  тақырыптарды  мейлінше  ашық,  батыл  айту  пафосы  мистицизм  мен  мифография 
айқын көрініп тұр.     
Ілиястың поэзиясының ауқымы қаншама мол, шалқар болса, оған айтылар ой-пікір де 
осал болмаса керек-ті. 
 
Поэманың  басты  кейіпкері  –  Мұқан  байдың  дүниесін  тәркіленген  сәттегі  ішкі 
психологиялық  қиналысы  бейнеленген.  Мұқанның  малының  алынуын,  жинаған  дүние-
мүліктің  жалшы-жақыбайға  үлестірілуін,  зират  басына  апарып  көмген  тайтұяқ  алтыны  мен 
жамбысы  ортаға  салынып,  шаңырағының  ойраны  шыққанын  ақын  фольклордағы  жоқтау 
өлеңінің  формасы  арқылы  шебер  көрсете  білген.  Дүние-мүлік  пен  елден  айырылып,  жер 
аударылған Мұқан мен әйелі Ұлжан бөтен ел мен жұрқа бара жатыр, олардың сауық-сайран 
дәурені  біткен,  поезд  бұларға  адам  жұтатын  айдаһар  болып  елестейді.  Ақынның  мұндағы 
меңзейтіні – ескі элементтердің жаңа заманның жаңалығын қабыл ала, алмайтыны, олардың 
ғұмыры бітіп, құрыдымға кеткенін көрсету. 
 Қазақстан тарихындағы саяси-әлеуметтік науқан  – қазақ жеріндегі ірі байлықтардың 
мал-мүлікін  тәлкілеу,  өздерін  жер  аудару  науқаны  1928  жылы  басталды.  Оған  қызу  ат 
салысқан творчествалық одақтар үгіт-насихаттық жұмыстарды жан-жақты жандандырып, өз 
тараптарынан  үлесін  қосып  жатты.  Әдебиет  саласындағы  өкілдер  қалың  қауымға  үгіт-
насихат жүргізу мақсатында өлең, әңгіме, очерк, дастандар мен деректі шығармалар жазып, 
көзге түсті. Ілияс бұл науқандық шараға арнап «Кәмпеске» деген шағын поэма жазды.  
Ілияс  Жансүгіров  ақталғаннан  кейінгі  тұста  жарық  көрген  (1960  жылдар  мен  1986-
1998  жылдары)  таңдамалы  шығармаларына  қазақ  әдебиетттану  ғылымының  аса  көрнекті 
ғылыми-зерттеушісі  академик  Мұхаметжан  Қаратаев,  Әбділда  Тәжібаев,  Мырзабек 
Дүйсенов, Тұрсынхан Әдірахманова, Рымғали Нұрғалиев, Бақыт Сарбалаев және тағы басқа 
ілиястанушылар  өз  тарапынан  ақын  поэзиясынның  сан-салалы  құпиялары  мен  ашылмаған 
қыр-сырын дәйекті зерттеу еңбектері мен монографиялар жазып, сол арқылы дүйім жұртты 
бір  серпілтті.  Осы  игі  қадам  арқасында  әдебиет  жиырма  жылға  тарта  поэзия  нәрімен 
сусындатқан  Ілияс  ақынның  кейбір  танылмай,  көрінбей  жатқан  асыл  көмбелері,  тіс  жарар 
таза  бұлақ  кәусары  баяу  жылжып,  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  алтын  қорына  қосылды. 
Бүгін  Ілияс  Жансүгіровтің  күйлі,  сыршыл  сан  ғасырлық,  «Сұлу  сөзбен  алтын  сарай 
салдыртқан»  өлмес  поэзиясы  қазақ  жұртының  қымбат  қазынасы,  осы  арқылы  оның  өр 
тұлғасы алаш елінің құлай сүйген адал да қадір тұтар сүйікті перзентіне айналды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет