117
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Кейінгі кезде біздің кейбір ақындарымыз бен кейбір сыншыларымыз аузынан
азаматтық әуен қазіргі поэзияның ең басты қасиеті болу керек деген талап-тілек жиірек
айтыла бастады. Тегінде біз әрқашан да өлең-жырларымыздың идеялық астары, көркемдік
нақыштары – оқырман жұртшылыққа ізгі ғибрат, әсем әсер берсе екен деген мұратта болып
келдік.
Ал нағыз алымды ақын шынайы поэзияны азаматтық әуен мен шын лирикаға
жіктемесе керек. Тебіренісі күшті, шеберлігі жетік сырбаз ақындар қандайлық тақырыпты
жыр етсе де, өз жүрегінің лүпілін, өз сезімін жырлап отырған дүниесіне араластырмай
қоймайды, өмір құбылыстарына өз төрелігін, өз сүйінішін, өз күйінішін сездірмей қалмайды.
Көріністі, мейлі әлеуметтік жәйттар болсын, жалаң сөз тіркестерімен, оңай ұйқастармен,
бейнесіз, сезім қатынасынсыз жадағай жырласа, оңай өлеңдер ешкімді де толқытпайды.
Ақындар шығармалардың әлеуметтік бағыттарына разылық сенім сондайлық берік
болғандықтан, біз өлең-жырдың мазмұн мәндігіне қоса, поэзиялық әсемдігі, ақын
қаламының шеберлігі үшін дайым қатал талап қоюымыз шарт, қара дүрсін плакаттық
жырсымақтар мен шалағай, нәрсіз біздің жаңа поэзиямыздан орын алуына қарсы күресуіміз
шарт. Саяси-әлеуметтік тақырыптардың маңызын желеу етіп, болымсыз, сүреңсіз
өлеңсымақтарды алға ұсынып, кеуде керетіндерге енді жол бермеуге тиіспіз. Біздің
жырларымыз өмірдің терең сырларын шертетін әсем жырлар болуға тиіс. Шынында да
ақындық «мен» типтік деңгейге көтерілмейінше, іргелі философиялық түйін жасау, оқырман
жүрегіне жол табу оңай емес. Ол жылдары туған жер туралы жазылған жырлардың өзінде
ұсақтық бой көрсетеді. Әркім өз аулынан немесе аралап көрген жердің тау-тасын, өзен-көлін
тамашалаудан ұзай алмайды. Дүние туралы жалпы адамзат тағдыры туралы толғану, тұтас
халық мүддесін, ел мерейін кең диапазонда жырлау жетісе бермейді. Көңіл-күйі, ақындық,
азаматтық толғаныстардағы асқақтық, жалпы жұртқа, замандасқа үндестік, сол арқылы
көптің көкейінен табылу жағы сирек.
Ақын жүрегінің жан айқайы кімді де болса толғандырмай қоймайды. Бүгінгідей
қуатты Қазақстанға жету жолымызда осыншама келеңсіздіктердің болғанын еріксіз
мойындаймыз. Ақын жырының салмағы да осында. Кешегі кемшіліктерді бастан өткерген
қауым өлең өзегінен өткенін танып, бүгінге шүкіршілік айтар.
Біздіңше азаматтық үн бірлігі ақынның даралығына нұқсан келтірмейді. Азаматтық
жырлар саяси тақырыпқа да, махаббат, табиғат тақырыбына да жазылатынын көріп жүрміз.
Бұл күмәнсіз. Кей-кейде айтылып жүретін азаматтық әуенге тек күн талабына болмаса, саяси
тақырыпқа публицистикалық леппен жазылып жүрген жырларды еншілеп, айдар тағып
қоятынымыз өрескел. Тіпті, әрі-беріден соң, азаматтық әуен мен публицистикалық өлең
дегендердің теориялық түрде ұғымдары, сипаттары екі басқа. Азаматтық үн ол - шындықты
жазу, болашаққа ой салу, өміршең жыр, халықтың жағдайы, заман сырын ашу, қоғамдық,
азаматтық мәселені толғау. Біздіңше, арғы, бергі даналардың айтқандарын еске алып, Асан
қайғы, Абайдың айтқандарын саралай келгенде – ақынның елін, жерін, Абайша айтқанда
«қалың елі, қазағы, қайран жұртын» жақсы көріп,
қадірін біліп, шын сүюінде.
Қазақ поэзиясындағы азаматтық әуенді сөз еткенде алдымен біз жерлес
ақындарымызға тоқталғанды жөн көрдік. Ақсулық ақынымыз Ілияс поэзиясы ұлттық
әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем
мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Олар
қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, адамгершілік
идеяларды толғайды. І.Жансүгіров дегенде ия, ең алдымен көз алдымызға «Құлагер»
поэмасы, ондағы Ақан сері, Ақанның жүйрік тұлпары Құлагер елестейді. Құлагерді күтіп
баптаған Ақанның қандай сері болғандығы, ер қанаты – тұлпарға деген ерекше
сүйіспеншілгін Ілияс поэмада сөз өрнектерімен әсерлі жеткізе білген. Мәселен, ақынның
Ақанға берген мына сипаттамасына қарасақ:
“Жүйрік ат,
сонар саят,
қыз-қырқынмен,
Өмірді өткізген жан өз қырқынмен.
Өмірдің ащы емес, тұщысын да