Ілияс Жансүгіровтің эпикалық туындылары, әңгіме, повестері мен сатирасы – қазақ
халқы өмірінің көп саласын қамтитын, әсіресе кеңес өкіметі жылдарындағы адамдардың
тағдыры мен өмірі, тұрмысы мен мәдениетін суреттейтін, жаңа тұрпатты бейнесін бар
қырынан ашатын көркем, мейлінше ашық, батыл жазылған бірқатар мистицизм мен
мифографияға толы туындылар бар. Нағыз халықтық тұрғыдағы туындылардың ішінде
“Гималай” туындысында:
“Гималай – көктің кіндігі.
«Гималай- жердің түндігі,
Мүз- туырлық қар- үзік
Түрілмеген бір күні,”[1]-дейді.
Шумағындағы кіндік, түндік, туырлық, үзік секілді қазақтың ұғымындағы сөздерді
метафора ретінде шебер пайдаланған ақын өзінің табиғи сезімінен туған, нағыз толқыған
жанның жүрек түпкірінен шыққан шынайы сөзін берген. Бұл өлең – бүгінгі күні
революциялық идеядан нәр алып, отаршылықтың бұзауын үзіп, өз тізгінін өзі алып,
тәуелсіздік жолға түскен Азия мен Африка елдерінің кешегі өмірі.
Ақын Гималайды адам кейіптес етіп бейнелейді. Бұрқақ астында қалған асқардың
азат көріп, күңіренген үні шығады. Терегі көкке өрлеп, аңы таста ойнаған құт ойнаған
құт мекен қаншама байлық ордасы бола тұра, халі мүшкіл тартқан. Ақын Гималайдың
осы жайын айта келе, «Гималай асқар неге олай» деп сұрақ қойып отыруы өлеңін
композициялық сапасына, құрылысы мен идеялық тұтастығына ерекше әр береді.
Өлеңінде талай ғасырлар бойы билеуші таптың табан астына түсіп азап шеккен,
бостандығынан айрылған Шығыс елдерінің трагедиялық кейпі сөз болған. Ақын қорлық пен
зорлықтан шығудың басты жолы - әлеуметтік тартыс пен саяси күрес, басқа жол жоқ
деген идеяны алға тартады.
114
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары