«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет136/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
рұқсат  сұрауының  өзі  –  оның  ақыл  иесі  екенін  танытады.  Сағынай  асындағыдай  аста-төк 
астамшылық болмаған сияқты»[2.,148], - дейді.   
Үлкен  аста  атқарылған  істер  барысында  Абайдың  басқаруымен,  жауапты  адамдар 
барлығы  ерекше  тәртіп,  ұйымшылдық  танытады.  Асқа  келген  қонақтардың  көзіне  түсіп, 
өздерінің  басқа  күтушілерден  өзгешелігін,  айрықша  даралығын  көрсетеді.  Құнанбай  мен 
Бөжейдің араздығын естіген жұрт Абай ісіне сүйсініп, қатты риза болды. «Келер күн ең ауыр 
күннің  өзі  болды.  Астың  дәл  үлкен  күні  осы.  Абайға  тиісті  қонақтар  бұл  күні  түске  шейін 
кешегі  үйлерінен  қозғалған  жоқ.  Таңертеңнен  бері  шай,  қымызбен  сыйлап  келіп,  дәл  түске 
тақай бергенде барлық он үйге ет тартылды. Абайдың бұл жолғы жасаған тәртібі қонақтарды 
қатты  сүйсіндірді.  Табақ  тартуға  өңшең  жорға  аттарды  сайлапты.  Барлық  ат  күміс  ер-
тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер бастарына тегіс жібек орамал байлапты. Ас ошағымен 
екі  арада  бұлар  қос  табақпен,  қатар  ызғытып  жөнелгенде,  өлке  бойы  жайнап  кеткендей 
болды. Нағашыларға арналған  сый оқшау сый болды» [3.,236].  Астағы тігілген үйлер сәні, 
қонақ  күту  салтанаты  айрықша  суреттелген.  Бүкіл  ел  ықыласына,  ризашылығына  бөленген 
Абай есімі үлкен аспен бірге айрықша аталып, дүйім елге таралады. Бөжей асын өткізудегі 
Абайдың өнегесі бүкіл елдің, асқа қатысқан жан-жақтан келген елдің есінде қалып, аңыз етіп 
айтып жүрерлік, тіпті жақсы іс есебінде үйренерлік үлкен уақиға іспеттес болды. Абай тағы 
бір  белге  көтеріліп,  өз  жолынан  болашақ  бағытын  бағдарлайды.  Абайдың  Бөжей  асындағы 
іс-әрекеттері – оның өсіп, адам болып қалғандығының, халық үшін бір жақсы азамат болып 
келе  жатқандығының  дәлелі  еді.  Сондай  үлкен  астың  бірі  Түркістан  үстін  жайлаған 
Қоңыраттан шыққан Бөгенбай болыстың  «Қарасаз» атты жайлауда үш жүзге сауын айтып, 
әкесіне  ас  беруі.  Бұл  асқа  да  бірнеше  мыңдаған  адам  ат  сабылтып  келеді.  Ағасы  Мансұр 
Бегеженов  бауыры  Нартайды  ертіп  аста  өнерін  көрсетуін,  елге  танылуын  мақсат  етіп  ертіп 
келеді. 
-Нартайжан,  сенің  бала  әнші  атанғаның  жетер  енді.  «Қыран  қанаты  ұшса  ғана 
қатаяды» деген, сенің де қияға көз тастап, алысқа самғайтын мезгілің жетті, елге танытуым 
керек,-дейді. Осы аста ат бәйгесінің өзінен екі күндік жерге жіберілетін «Аламан» бәйгеге екі 
жүз  ат  қосылады.  Содан  кейін  тоқ  бәйге,  құнан  бәйге,  тай,  жорға  бәйгелер  өткізіледі. 
Сонымен  бірге  небір  жезтаңдай  әншілер,  бал  бармақты  күйшілер,  күміс  көмей  жыршылар, 
арқалы  ақындар  топқа  түседі.  Айтайын  дегеніміз  аста  тек  қарын  тойдыру  емес,  негізінен 
өнер сайысының басты орын алатындығы. Енді ел адамдарының киім киістеріне қарасақ тым 
бөлек.  «...«Сазды  »  айнала  үш  жүздің  баласына  арнап  тігілген  ақ  шаңқан,  аппақ  аршылған 
жұмыртқадай ақ үйлер үш жүзден асады. Үстеріне бар асылын киіп алған. Бастарында үкілі 
сәукеле.  Аш  белдерін  күміс  белдеумен  қынай  буған.  Қос  бұрымдарындағы  шолпылардың 
шылдырымен жарыса, жараса шыққан күміс күлкілермен әсем үндесіп, жарастық тауып, сай-
жыраларды өрлей қыр жаққа қарай беттеп барады» [4.,189] 
І.Жансүгіров  суреттеген  Сағынай  асы  мен  Бөжей  асы  арасындағы  басты 
айырмашылық:  Бөжей  асы  ел  аузында  өнегелілік  сипатымен  қалды.  Табақты  теуіп,  бет 
жыртысып,  жаға  жұлысып  жатқандарды  көрмейсің.  Сағынай  асы  Құлагердің  мерт  болуы, 
яғни үлкен трагедиямен аяқталады. Қорыта айтқанда, ас беру дәстүрі жалғасып келе жатқаны 
белгілі.  Тәуелсіздігімізді  алғаннан  кейін  1991  жылы  Торғайда  А.Байтұрсынұлы  мен 
М.Дулатовтың,  1992  жылы  Көкшетауда  Абылай  ханның,  Ақмолада  Бөгембай  батырдың, 
Талдықорғанда  Қабанбайдың  астары  қазынасы  мол  халықтық  дәстүрлердің  тәрбиелік, 
ұлттық рухани байлығымыздың қайта оралғанының айқын көрінісі екенін тағы да дәлелдеп 
берді. Халқымыздың қазынасы молая берсе деген тілек әрбір қазақтың шын ниеті болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет