«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет147/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   208
Байланысты:
6-2018

Keywords: ethnos, ethnolinguistics, national culture. 
          
Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда 
тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе бастады. Осыған байланысты ұлттық рухани-
мәдени мұраның тарихи маңызын саралап, қайта бағалау мүмкіндігі туып отыр. Кез келген 
этнос атаулының ежелгі дүниетанымдық жүйесі, халықтық рухы әуелі оның тілінде көрініс 
табады.      
Тіл  этностың  бүкіл  рухани,  мәдени  байлығының  негізгі  көрсеткіші  болып  табылады 
және ұлт тіліндегі этномәдени лексика ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, оның мәдени мұрасы ретінде 
мәңгі  сақталады.  Кез  келген  тілдің  көрінісі  халықтың  тарихына,  мәдениетіне,  әдебиетіне, 
салт-дәстүріне,  әдет-ғұрпына,  дүниетанымына,  жалпы  тұрмыс-тіршілігіне  байланысты 
болып,  сол  тілден  мол  деректер  беретіні  мәлім.  Тілді  мәдениетпен  байланыстыра  зерттеу, 
сонымен  бірге,  тілдің  қызметіндегі  және  қалыптасуындағы,  дамуындағы  лингвистикалық, 
этномәдени  және  этнопсихологиялық  факторлардың  өзара  әсерін,  бір-бірімен  байланысын 
қарастыру тіл білімінің өзекті мәселесі болып табылады.  
Қазақ тіл біліміндегі осы саладағы зерттеулердің тақырыбы, мазмұны, ұстанымы мен 
дереккөздері  де  осы  қағидаға  сәйкес  жүргізіліп  отырғанын  байқаймыз.  Жоғарыда  атап 
көрсеткеніміздей,  оның  бастау  көздерін  ұлттық  мәдениет  пен  болмыстық  ерекшеліктерді 
таныту,  лингвомәдениеттану  пәніне  қатысты  Ш.  Уәлиханов,  Ә.  Марғұлан,  Қ.  Жұбанов,  М. 
Әуезов  еңбектерінен  басталып,  ғалым-тілшілер  І.  Кеңесбаев,  Ә.  Қайдар,  Р.  Сыздық,  Е. 
Жұбанов,  Е.  Жанпейісов,  Т.  Жанұзақов,  Н.  Уәлиев,  Ж.  Манкеева,  А.  Жылқыбаева,  Қ. 
Рысбергенова, Р. Шойбеков, т.б. ғалымдар еңбектеріндегі тіл зерттеулерінің ұлттық сипаты 
ретінде  жалғасқанын  көреміз.  Осымен  байланысты  Ә.  Қайдардың,  Р.  Сыздықтың,  М.М. 
Копыленконың,  Е.  Жанпейісовтің,  Н.  Уәлиевтің  тілдік  ақпаратты  ұлттық  болмыс 
тұрғысынан зерттеген еңбектерінде тілдің тек онтологиялық сипаты ғана емес, уәждік негізі, 
уақыт  пен  кеңістік  контексіндегі  этнотанымдық  табиғаты  да  ашылған  және  оларды  осы 
саланың теориялық-әдістанымдық бастау көздері деп қарауға болады. 
Дегенмен,  мәдениеттің  дерегі  ретінде  тіл  әлі  де  жеткіліксіз  қарастырылуда.  Осыған 
сай  тілдегі  мәдениеттің  айқын  үлгілері,  әсем  өрнектері  ажарланған  ұлттық-мәдени  лексика 
атаулары,  киім-кешек  атаулары,  зергерлік  бұйымдар  атаулары,  мифологемдер,  т.б. 
этномәдени болмысын тіл  арқылы ашу  «тіл  –  мәдениет  – ойлау»  үштаған сабақтастығында 
арнайы зерттеліп, лингвомәдени негіздердің қалыптасуының тілдік уәждері мен тетіктерінің 
ежелгі  (алғашқы)  құрылымдық  түрлері  мен  вербалдануы  айқындалғандығын  мына 
еңбектерден байқаймыз:  
Сыздықова  Р.  Сөздер  сөйлейді  (1980,  1984,  2004),  Жанпейісов  Е.  Этнокультурная 
лексика  казахского  языка  (1989),  Хусаинов  К.Ш.  Қазақ  тіліндегі  күлкі  және  жылауға 
байланысты  дыбыс  -  бейнелеуіш  етістіктердің  лексика-семантикалық  топтары  (1988), 
Ақбердиева  Б.Қ.  Лексика-фразеологиялық  жүйедегі  мифтік-танымдық  құрылымдар  (2000), 
Серікбаева Ұ.Б. Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түр-түс атауларының этнолингвистикалық 
сипаты  (2003),  Қайырбаева  Қ.Т.  Қазақ  тіліндегі  этномәдени  атаулардың  символдық  мәні 
(2004), т.б. Әртүрлі тақырыптық топтарды ұлттық мәдениетке қатысты этнолингвистикалық 
зерттеулер: 
а) Өсімдік атаулары: Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары (1988), Сейітова Ш. 
Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты (1999).  
ә)  Ономастика,  топонимика,  антропонимика:  ЖанұзақовТ.  Қазақ  ономастикасы 
(2006), Рысбергенова К.К. Историко-лингвистический анализ топонимов Казахстана (1993), 
Әшімханова Ф. Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі (2007), Керімбаев Е. 


 
121 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Атаулар  сыры  (1984),  Ержанова  Ұ.Р.  Батыс  Қазақстан  облысы  топонимдерінің 
этнолингвистикалық  сипаты  (1998),  Тасполатов  Б.  Қазығұрт  өңірі  топонимиясының 
этнолингвистикалық  сипаты  (2010),  Мұсабаева  М.Д.  Қазақ  тіліндегі  антропонимикалық 
аталымдардың  этнолингвистикалық  сипаты  (1995),  Көшімова  Б.Ә.  Қазақ  лексикасындағы 
бейонимдеу  үрдісі  (2001),  Ағабекова  Ж.А.  Қазақ  тіліндегі  араб  текті  кісі  аттарының 
этнолингвистикалық  сипаты  (1995),  Арысбаев  А.  Қазақ  топонимдерінің  кумулятивтік 
қызметі (2005).  
б)  Малға,  итке  байланысты:  Панзарбекова  Р.З.  Қазақ  тіліндегі  жануарлар  төлінің 
атауы  (1998),  Тлепин  Б.Қ.  Қой-ешкі  атаулары  мен  тіркесімдерінің  этнолингвистикалық 
сипаты  (2004),  Тоқтағұл  Б.С.  Түркі  тілдеріндегі  төрт  түліктің  жасына  қатысты  атаулардың 
этнолингвистикалық  сипаты  (2005),  Бектемирова  Б.С.  Қазақ  тіліндегі  киноморфизмдер 
(2005). 494  
в)  Өлшем  атаулары:  Күркебаев  К.Қ.  Қазақ  тіліндегі  ұлттық  өлшемдердің 
этнолингвистикалық  сипаты  (2003),  Дүсіпбаева  Қ.  Қазақ  есімдерінің  сандар  жүйесіндегі 
тілдік  көріністері  (2002),  Асқар  Л.О.  Қазақ  тіліндегі  тәулік  кезеңдері  атаулары  (2005), 
Сарбасова Г. Қазақ және түрік тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың 
этнолексикалық сипаты (2010).  
г)  Материалдық  мәдениет:  Жилкубаева  А.Ш.  Термины  питания  в  казахском  языке 
(1991),  Манкеева  Ж.А.  Қазақ  тіліндегі  этномәдени  атаулардың  танымдық  негіздері  (2008), 
Шойбеков  Р.  Қазақ  зергерлік  өнерінің  лексикасы  (1992),  Алмауытова  Ә.Б.  Қазақ  тіліндегі 
киім атауларының этнолингвистикалық табиғаты (2004), Әлімжанова А. Қазақ тіліндегі әйел 
қолөнеріне  байланысты  халықтық  лексиканың  этнолексикалық  сипаты  (2008),  Ахметжан 
Қ.С.  Қазақтың  дәстүрлі  қару-жарағы:  даму  тарихы,  құрылымы,  этномәдени  қызметі  (2003), 
Жаубасова  Т.  Қазақ  ұлттық  музыка  аспаптары  атауларының  этнолингвистикалық  сипаты 
(2006),  Иманалиева  Р.  Этнолингвистическое  изучение  терминов  пространства  (1989), 
Мухатаева А. Этнолингвистическое изучение лексики казахского эпоса (1989), Сатенова С. 
Образно-фоновая  основа  устойчивых  выражении,  образованных  на  основе  лексики 
скотоводства в казахском языке (1990).  
ғ) Рухани мәдениет: Қайдар Ә. Халық даналығы (2004), Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі 
табу мен эвфемизмдер (1998), Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени 
аспектілері  (1999),  Жұмағұлова  М.  Газет  публицистикасы  тіліндегі  эвфемизмдер  (2000), 
Дина  Б.  Қазақ  тіліндегі  мақал-мәтелдердің  танымдық-прагматикалық  аспектісі  (2002), 
Жапақов  С.  Этикалық  фразеологизмдердің  когнитивтік  негіздері  (2003),  Жұмағұлова  Ж. 
Қазақ  тіліндегі  этноәлеуметтік  құрылым  атауларының  лингвомәдени  негіздері  (2006), 
Жанпейісова  С.Е. Қазақ  тілінің  рухани  мәдениет  лексикасы  (1996), Уәлиев  Н.  Фразеология 
және тілдік норма (1998), Жолдасбек Л.О. Қазақ сөйленістеріндегі  туыстық  атаулар (1999), 
Сағынова Б.Ұ. Қазақ тіліндегі адам интеллектісіне қатысты лексика (1999), Ғабитханұлы Қ. 
Қазақ  мифологиясының  тілдегі  көрінісі  (2011),  Әбутәліп  О.  Қазақ  күнтізбе  жүйесінің 
лексико-фразеологилық бірліктері (2008).  
д)  Көркем  мәтін  тілі:  Сейілхан  А.  Қазақ  тіліндегі  этнографизмдердің 
лингвомәдениеттанымдық мәні (2002), Ниятова Ж. Махам-тілдік тұлғасы (2007), Хабиева А. 
Тарихи  лексиканың  мазмұндық  құрылымындағы  құрылымдық  компоненттер  (2007), 
Имашева Г. М. Дулатұлы шығармаларындағы «ғаламның тілдік бейнесі» (2007), Абдуллина 
З.  Балалар  әдебиеті  кейіпкерлерінің  тілдік  тұлғасы  (2008),  Ермекова  Ж.  М.  Жұмабаевтың 
тілдік  тұлғасы  (2010),  Орынбетова  Э.  М.  Әуезовтың  «Абай  жолы»  эпопеясының 
ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты (2010), Оразбаева Э. Кекілбаевтың тарихи 
романдарындағы 
жалқы 
есімдердің 
этномәдени, 
лингвостилистикалық, 
лингвоконцептологиялық  ерекшеліктері  (2010),  Елемесова  Ш.М.  Көркем  мәтіндегі  ұлттық 
мәдениеттің  релеванттары  (Ғ.  Мүсіреповтің  «Қазақ  солдаты»  романы  бойынша)  (2003), 
Снасапова  Г.Ж.  Ғ.  Мүсіреповтің  «Ұлпан»  повесіндегі  лингвомәдени  бірліктер  (2003), 
Қожақметова Ф. Т. Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық сипаты (2005), Аубакирова Г.Г. 
Идиэтническая  семантика  и  лингвостилистические  функции  собственных  имен  в 


 
122 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет