119
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Қаратаудың басында қара бұлт,
Бұлтпен бірге шет асып барады жұрт. [4,143б].
Ақынның тақырып өрісі кеңейіп, шеберлігі артып келе жатқанын аңғартатын
туындылардың бірі – туған жерге арналып жазылған «Әлемнің һәм Жетісудың жеті
кереметі» өлеңі.
Кереметтердің еліне рас, бармадым,
Барып та көру болмапты тіпті, арманым.
Жерұйық мекен – Жетісуым бар шырайлы,
Айналайын ардағым.
Өзіңде менің бар бағым, - деп өлеңді бастаса, дәл осы қарқынмен туған жерге деген
ыстық ықыласын басқа ел, жермен теңеу жасап барып, өлеңнің соңында да еліне деген
сүйіспеншілікпен аяқтайды.
Айналайын,
Атамекенім, киелім,
Мен сені шексіз жан жүрегіммен сүйемін.
Зарлы үнмен емес, шаттық күйімен тербетем,
Түзетіп алып, қобыз кеудемнің тиегін. [4,146-148б].
Ойымды түйіндей келе азаматтық әуен жөнінде сәл де болса бөле-жара пікір білдіруге
талпынғандағы мақсатымыз – ол тек поэзия ғана емес жалпы өнер атаулысының ең бір
өміршең әрі қасиеттісі екенін айта кету керек. Поэзияның қазақ халқы өмірінде кеше де,
бүгін де аса маңызды рөл атқарғанын, оның қашанда қоғамдық-әлеуметтік сипатта болғанын,
ал азаматтық әуен, рух – жалпы қазақ поэзиясының әрқашан күретамыры, негізгі өзегі, алтын
арқауы болғаны шындық екені ешқандай дәлел керек етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: