«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет156/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   208
 
 
 
 
 дәуірінің   болмыс-бітімін   жан-жақты   бейнелелеп,   жырлап   өткен  ақын.  ХХ  ғасыр 
 басындағы   қазақтың     ағартушылық-демократиялық  бағыттары  қаламгерлердің  оқу-білімге 
 шақырған  идеялық  ой-толғамдарына  ұқсас  «Жаңылғаным»,  «Талғамалар»,  «Маңым», 
«Жыбырлық»,  «Замандасқа»  атты   өлеңдерінде   төңкеріске  дейінгі  надандық   пен 
 жоқшылықтан  шығар  бір  жол - оқу-білім екеін  айтып,  сонымен қатар адами - моральдық 
 мәселелерге  ден  қояды. 
Өнерге   ұмтыл,  өнерді біл  замандас! 
Қамдан, жатпа,  заманыңнан  хабарлас! 
Ынта  салсаң, білім  туын  қолға  алсаң
Теңдік тиер,  ешкім  күйе  жаға алмас!- 
«Жыбырлақ» өлеңінде де  қазақ  ішіндегі  жаман  әдеттен  ада  болуға  шақырады. 
Сынға салдым 
Шынға  салдым, 
Жас талапкер  өзіңе,- деп, одан  арғысын әр  жастың өз  таңдауына  береді. 
Ортаға  ұран,  үміттік  әуез  сарындас   өлеңдерінде  де  ел  теңдігі   үшін  жан  аямай 
 күресуге,   әлеумет пен   қоғам   ісіне   адал,     белсене     араласуға   шақырады. Бұл   тұрғыдағы 
 шығармаларға   «Жастар  ұраны»  (1922),  «Тілек»  (1922),  «Жанар  тау»  (1922)  т.б.   өлеңдері 
жатады. 
Әйел-еркек, жалпы жас! 
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!... 
Топтал,  тұтас, туғандас! 
Жасасын еркің! Жоғалмас. 
Жамырас,  үлес, жалпы жас
Қосыл, қозғал,  қоғамдас! 
Ақын   ертеңгі   болашақты   бүгін   ойлау   қажет  деген   идеяны   жастарға   арнайды. 
 Жарқын  күнге  жету  үшін,  өмірде өз   жолыңды  табуды  қажет десе,  бірде  өз жолын әлі 
таба   алмаған,   алдына   мақсат   қойған   жеткіншектерге   «Жастар»,  «Саналы  жастарға», 
«Баласынан  анасына  хат»,  «Оқимын  »  деген   өлеңдер   тобын   жазады.Мысалы,  мына 
 төмендегі   өлеңді  алайық;  1929  жылы  «Еңбекші  қазақ»  газетінде   атақты  француз  ақыны 
Виктор  Гюгоның  «Қырғында»  деген   революциялық  өлеңін  қазақ  тіліне   аударып,  жарыққа 
 шығарады. 
Осы   тақылеттес   шығармаларының  ішіндегі   айрықша  әдемі,   мазмұны   мен  түрі   қиысқан, 
 кесек  шыққан  шығармаларының бірі  -«Гималай» атты  өлеңі. 
Гималай – көктің кіндігі. 
Гималай – жердің  түндігі, 
Мұз- туырлық, қар- үзік 
Түрілмеген бір күні,-деп, жырлайды. 
Шумағындағы  кіндік,  түндік,  туырлық,  үзік  секілді  қазақтың   ұғымындағы  сөздерді 
 метафора  ретінде  шебер  пайдаланған ақын  өзінің  табиғи сезімінен туған, нағыз толқыған 
жанның   жүрек   түпкірінен   шыққан   шынайы   сөзін  берген.  Бұл  өлең  –  бүгінгі   күні 
 революциялық   идеядан  нәр  алып,   отаршылықтың  бұғауын  үзіп,   өз  тізгінін  өзі   алып, 
тәуелсіздік 
 жолға 
 түскен 
Азия 
мен 
Африка 
 елдерінің 
кешегі 
 өмірі. 
Ақын  Гималайды  адам   кейіптес   етіп   бейнелейді.  Бұрқақ   астында  қалған   асқардың  азат 
көріп,  күңіренген үні шығады. Терегі  көкке  өрлеп, аңы  таста  ойнаған  құт  мекен  қаншама 
байлық  ордасы  бола  тұра,   халі     мүшкіл   тартқан.  Ақын   Гималайдың   осы   жайын   айта 
 келе,  «Гималай  асқар  неге  олай?»  деп  сұрақ   қойып   отыруы   өлеңін  композициялық 
сапасына, 
құрылысы 
менидеялық 
  
тұтастығына 
 ерекше 
 әр 
 береді. 
Өлеңінде   талай   ғасырлар   бойы     билеуші   таптың  табан  астына  түсіп  азап  шеккен, 
 бостандығынан   айрылған  Шығыс   елдерінің  трагедиялық  кейпі   сөз   болған.  Ақын  қорлық 
пен  зорлықтан   шығудың   басты  жолы  –  әлеуметтік    тартыс   пен   саяси   күрес,   басқа   жол 
 жоқ деген идеяны  алға  тартады. 
 


 
131 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет