«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет165/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   208
 
 
 
 
дәуірінде  –  XV-XVIIІ  ғасырларда  жасаған,  көпшілігінің  аты-жөні,  өлең-жырлары  беймәлім  
болып  келген    арқалы  ақын,  дана  жырауларға  арналған  мақалалар  жазған.  Терең  ізденістің 
нәтижесінде  «Қобыз  сарыны»  1968  жылы    баспадан  шықса,  1970  жылы  «Алдаспан»,  1984 
жылы «Бес ғасыр жырлайды»  антологиялары шықты.  
Халық алдында әдебиеттің өткен дәуірін арыдан іздеген , ғылыми негіздеген КазМУ-
дің    қазақ  әдебиеті  кафедрасының    ғалымдары  1967  жылы    «Ертедегі  әдебиет  нұсқалары»  
деген атпен шыққан еңбекте жыраулар поэзиясынан сыр шертеді.  
ХХ  ғасырдың    80-жылдарында  жыраулық  поэзияны    зерттеу  мәселесіне  Қазақ  ССР 
Ғылым  академиясы, М.О.Әуезов  атындағы әдебиет және өнер институты, әдебиет тарихы 
бөлімі  де    бел  шеше  кірісті.  Нәтижесінде    «XV-XVIIІ  ғасырдағы    қазақ  поэзиясы»  (1982), 
«Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» (1983)  деген жинақтарды жарыққа шығарды. Осы бөлімнің 
меңгерушісі  Әнуар  Дербісалин  «Көне  әдебиет  және  оның    зерттеуі»  деп  аталатын    мақала 
жариялады.  Жоғарыдағы  жинақтарға  кіріспе  сөз  жазды.  Аталған  топтың    алға  қойған 
мақсаты    XV-XVIIІ  ғасырларда  толық    мағынасындағы  поэзияның    өмір  сүргеніне  қазір 
ешкім  шүбә  келтірмесе  де,  ол  поэзия  біздің  тұсымызға  бастапқы  қалпында  толық  жеткен 
жоқ,  ал  жеткен  жеке  нұсқалары  сан  түрлі    өзгерістерге  ұшырап,  кейінгі  дәуірлердің  көп 
қосындыларын бойына сіңіре жетті. Әдебиет зерттеушілерінің  алдында осыған байланысты  
туатын  үлкен  міндет-мүмкіншілігінше,  бір  кездегі  поэзияның  өзіндік  болмысын  тануға, 
анықтауға талпыну болса керек.  
Зерттеушілер  XV-XVIIІ ғасырлар қазақ поэзиясын екі негізгі салада зерттеуді дұрыс 
деп  санаған.  Бірі  –  ғылыми  проблемалық  тұрғыда,  екіншісі  –  жеке  жырау,  ақындар  туралы 
мақалалар,  тараулар  арқылы.  Алғашқы  бөлімінде  ауыз  әдебиеті  мен  жеке  автор 
творчествасына  ортақ,  әдебиетіміздің  өзіндік    ерекшеліктерінен  туындайтын    мәселелерді 
анықтауға  назар  аударылды.  Атап  айтқанда,  ауыз  әдебиеті  дәстүрлері,  олардың  жыраулар 
творчествосына  әсері,  жыраулық  творчествоның  әдебиетті  ілгерлетудегі  орны  ,  қызметі, 
жанр табиғаты т.б.  
Кітапты 
жазуға 
әдебиет 
тарихы 
бөлімінің 
ғылыми 
қызметкерлері                        
Б.Ақмұқанова («Таурих хамса  және қазақ әдебиеті», «Поэзиядағы өмір көріністері». І бөлім). 
Ә.Дербісалин  («Алғы сөз», «Толғау жанры туралы»), С.Дәуітов («Марғасқа жырау», «Тәтті 
қара  жырау»),  М.Жармұхаммедов  («Жыраулық  поэзияның  даму  ерекшеліктері»,    «Бұқар 
Қалқаманұлы»),  Ө.Күмісбаев  («Шал  Құлакеұлы»,  «Ақтамберді  Сарыұлы»,  «Үмбетей 
Тілеуұлы»),  Қ.Сыдиқов  («Ақын  жыраулар  мұрасының  көркемдік  ерекшеліктері»,  «Шалгез 
Тіленшіұлы»), Ж.Тілепов («Поэзиядағы өмір көріністері»  ІІ бөлім), Г.Тұрсынова («Бір халық 
өлеңі    хақында»)  ат  салысты.  Енді  жыраулар  поэзиясына  қатысты  еңбектерде  шолу  жасап 
өтелік.  М.Жармұхаммедов  аталған  зерттеуінде  «жырау»    сөзіне  тоқтала  отырып,  зерттеуші 
ғалымдардың  пікірлерін  бір  арнаға  тоғыстырады.  Атап  айтар  болсақ,    М.Әуезов, 
Е.Ысмайылов,  М.Мағауин,  Қ.Сыдиқов,  Е.Тұрсынов,  Ә.Дербісалиннің  жыраулық  поэзияға 
байланысты  еңбектерін  ерекше    атап  көрсетті.  Сонымен  қатар,  Қ.Халидұлы,  В.В.Радлов, 
З.Ахметов, Ә.Тәжібаев,  Ә.Марғұлан сынды ғалымдардың еңбектерінен сілтеме ала отырып 
жыраулық  поэзия  өкілдеріне  сипаттама  берді.  Жыраулық  поэзияға  байланысты  өз  пікірін 
айта  отырып  төмендегіше  топтастырады.  «Қазақ  жырауларының  сан  ғасырлық, 
творчествасын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған  жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық  
дәстүрдің  негізін    қалаған  алғашқы    өкілдері  Қорқыт,  Аталық  және    Сыпыра  жыраулар 
жатады.  Бұл  дәуір  ХІ-XІV  ғасырларды  қамтиды.  Жыраулықтың  қалыптасу  кезеңін  
белгілейтін  екінші  топқа  Асан  қайғы,  Қазтуған,  Шалгез,  Доспамбет  шығармалары  кіреді. 
Мұның кезеңі XV-XVI ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың  әбден толысып кемелденген 
кезеңіндегі,  Үмбетей,  Жиембет,  Ақтамберді,  Бұқар  жыраулар  құрайды.  Бұған  XVІІ-XVIIІ 
ғасырлар  жатады.  Автордың  аталған  еңбегінен  толғау  жанры  туралы,  жыраулар  шеберлігі, 
шығармашылықтарындағы    ұлағатты  аксиомалар  жайлы,  шеберліктен  туған    көркемдік 
ерекшеліктерге  байланысты    пікірлерін  таба  аламыз.  Бұқар  жырауға  байланысты    зерттеу 
еңбегінде    жырау  шығармашылығының    жинақталуына,  зерттелуіне  байланысты    пікірлер 
айтқан.  Сонымен  қатар  жыраудың    ақындық  қуаты  мен  идеялық    бет-бағдар,  өмірлік 


 
137 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
нысанасын  белгілейтін    толғауларына  тоқталып,  оның  тақырып-мазмұны  мен  құрылысы, 
көркемдік бейнелеу тәсілдері жағынан да дерек келтірген.  
Ал    Б.Ақмұқанованың    «Тауарих  хамса»    және  «Қазақ  әдебиеті»  атты  еңбегінде 
Қ.Халидұлының  зерттеуі  талданса,  «Поэзиядағы    өмір  көріністері»  зерттеуінде  XV-XVIIІ 
ғасырда    өмір  сүрген  жырауларға  олардың  шығармаларына  сипаттама  беріледі.  Қ.Сыдиқов 
«Атадан балаға, жыраудан  жыршыға көшіп, ертелі-кешті  қағаз бетіне түсіп, негізгілері ғана  
сақталған  XV-XVIIІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы-оны туғызған жыраулар мен ақындардың 
талант-дарының әйгілеп, олар өмір сүрген алыс заманалар сырын шертетін көркем шежіре» 
[2, 143] -дей отырып, ақын  жыраулар мұрасының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталған. Ал 
жеке  жырауларға    байланысты  С.Дәуітов,  «Марғасқа  жыраудан»    қысқаша  дерек  келтірсе, 
Ө.Күмісбаев  Ақтамберді    жырау  мен    Үмбетей  жырауға    тарихи  тұрғыдан  баға  беріп, 
шығармашылықтары идеясын ашады.  
70-80  жылдары  аталған  еңбектерден  басқа  да  құнды  ғылыми  зерттеулер  жарыққа 
шықты.  Мәселен,  белгілі  фольклорист  Н.С.  Смирнова  өзінің    Бұқар  шығармашылығына  
арналған    көлемді  зерттеуінде  оның    импровизаторлық    өнерінің  ерен  қуаты  мен  
демократиялық    тенденциясының    нығайа  түсу,  ерекшеліктеріне,  соңғы  шығармаларында 
халықтық  ұғымының  әлеуметтік терең  сипатқа  ие болып отыру жайына [3, 45] айрықша 
мән береді.  
Тәуелсіздік  қарсаңында  Х.Сүйіншәлиев  ХІІІ-  XVIIІ  ғасырлардағы    қазақ  әдебиетін, 
Қ.Сыдиқов    «Дала  жыршыларын»  басып  шығарды.  Сонымен  кеңестік    дәуір  бұғаулаған  
әдебиет  бодандықтың    құрсауында  жүріп-ақ    зерттеу  жұмыстарын    өз  деңгейінде  жүргізді. 
Олай дейтініміз  еркін көзқарастың  қайнар бұлағы осында жатыр.  
Тәуелсіздік  –  елдің  елдігін,  бірлігін,  тірлігін  айғақтайтын    ұлы  құбылыс  десек, 
егеменді  ел  болғалы  бері  әдебиет  тарихында  тың  арна  қалыптасты.  Кезінде  тек  тарихи 
оқиғаны,  жыраулар  өмірін  баяндап,  шығармаларын  топтастырумен,  топтастырумен 
айналыссақ,    бүгінде  жыраулық    поэзияға    түбегейлі  бойлап,  ондағы  азаматтық  әуен,  ел 
бірлігі  жайындағы  танымдармен  патриоттық  тәлімдер  зерттеле  бастады.  Өткен  кезеңдерде 
зерттеу жұмыстары  шындық  шегіне жетпеді, жеткен күннің өзінде жазықсыз жапа шегіп, өз 
бағасын ала алмады. Қоғамның қыспағынан жүректері шайылған  ғалымдар айтқысы келген, 
солай  болуы  тиіс  мәселелерді    іштеріне  сақтады.  Күн туды,  еркіндіктің  лебі  есті,  қағаз  бен 
қалам  олқылықтардың  орнын  толтыра  бастады.  Кезінде  сызылып  тасталған  құнды 
зерттеулер  қайтадан  орнына  келтірілді.  Осындай  еңбектердің  қатарына  М.Мағауиннің  
«Қазақ хандығы дәуіріндегі  әдебиеті» және Х.Сүйіншәлиевтің  «Қазақ әдебиетінің тарихы» 
кітаптары.  Алғашқысы    «Қобыз  сарының    көшірмесі»  іспеттес  болса,  келесі  автор  кезінде 
кереғар пікірлердің кесірінен көлеңкеде қалған кейбір мәселелерді көрсете отырып, әдебиет 
тарихын жаңа бір биік сатыға көтерді. Қазақ әдебиетінің тарихын  көнеден бастай отырып, 
хандық кезеңдегі әдебиетті жеке топтап қарастырады. «Ноғай қазақ мұралары»  деп аталатын 
еңбегінде кейбір талас туғызып жүрген  мәселелерге жауап іздейді. Онда «Ноғайлы» сөзіне 
түсінік  бере  отырып,  тарихи  оқиғаларға    шолу  жасап,  аталған  өлкелерді  мекендеген 
ұлыстардың  XІV-XV  ғасырларда  жасаған  мәдениеті  мен  әдебиет  ескерткіштерін  ноғайлы 
аталған  елдердің  мұралары»  [4,  210]  –  деп  түсінік  береді.  Аталған  дәуірге  жататын  қазақ 
әдебиетінің    мол  да  құнарлы  саласы  жыраулар  мен  ақындар  творчествасы    екенін    негізгі  
өкілдеріне    Сыпыра  жырау  мен  Асан  қайғы  жататындығын  айтады.  Тіпті  Қазтуған, 
Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың қай-қайсысы да  ноғайлы елі атынан сөйлейтіндігін тілге 
тиек етеді.  
Жыраулар  шығармаларының  көркемдік  бейнелігі  тұрғысынан  зерттеу  жүргізген         
С.  Негимов  «Ақын  жыраулар  поэзиясының  бейнелілігі»  деген  тақырыпта  ізденіс 
жұмыстарын  жүргізді.  Нәтижесінде  ақын-жыраулар  поэзиясының  бейнелілік,  суреттілік 
сипаты,  көркемдік  құралдар  жүйесі  халықтық-поэзиялық  дәстүр  табиғаты    контекст 
аясындағы    сөз  мағынасының    құбылулары    яғни  әсерлілік,  ықшамдылық,  экспрессивтік, 
сұлулық  сырлары,  көркемдік  ойлау,  көркемдік  қиял,  сөз  қолдану  ерекшеліктері    сөз  бен 
образ  қатынасы»  [5,  2]    жайлы  пікірлер    тоғысқан  кітап  жарыққа    шықты.  Дәл  осындай 


 
138 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет