мазмұнмен, бірақ тек қана XV-XVIIІ ғасырлардағы жыраулар мұрасын түгелге жуық
қамтыған Қ.Сыдиқовтың «Көркемдік өрнектер» еңбегі де жеке кітап болып шықты. Бұл
уақытқа шейін жыраулар мұрасын көркемдік тұрғыдан терең зерттелмеген деуге болады. Бұл
еңбек жайлы автордың өзі «... бұл дәуірдегі ақын, жыраулар мұрасының әлі ашылмаған
қыры-сыры аз емес.Солардың бірі – ақын жыраулар поэзиясын көркемдік ерекшеліктері .
Әрине, шағын еңбекте үш-төрт ғасыр поэзиясының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін
түгел байыптап беру мүмкін емес. Сондықтан біз ақын, жыраулардан жеткен асыл
мұралардың басты-басты өзіндік өрнек, көркемдік құнарын байыптап қарадық» [6, 3] –
дейді. Сонымен бұл шағын еңбекте хандық дәуірде туған әдеби мұралардың көркемдік
өрнектері. Ұлттық бейнелеу ерекшеліктері қарастырылады.
Қ.Сыдиқовтың бастамасы мен жарыққа шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты
еңбекте еркіндіктің лебі мен еркін тыныстаған М.Жармұхаммедов, Ж.Тілепов, Қ.Сыдиқов,
С.Қорабаев, С.Дәуітов, Ө. Күмісбаев, С.Негимов т.б. авторлардың ғылыми мақалалары
топтастырылған. Алғысөзін жазған Ш.Сәтбаева «Соңғы жылдарға дейін қазақ әдебиеті
тарихын зерттеу саясат идеология қыспағында, талай қаулылармен шектеуге мәжбүр болған
қиын жағдайларда жүргізілсе, енді еліміздің тәуелсіздігі орнығып дами түсуі кезінде қазақ
халқыны, бай , көркем сөз қазынасы жөніндегі ғылым да өркендеп биік деңгейде болары
хақ» [7, 7] деп тілегі мен ниетін қазіргі зерттеушілерге жолдаған. Тағы бір тәуелсіз
көзқараспен сұрыпталып жазылған еңбектердің бірі Ж.Тілеповтың «Тарих және әдебиет»
зерттеу кітабы. Мұнда жыраулық поэзия өкілдерін тарихи кезең оқиғаларымен
байланыстыра отырып көрсеткен. Мәселен «XІV-XVIIІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің
тарихилығы» деген бөлімінде осы ғасырларда болған жағдайларды Асан қайғы, Сыпыра,
Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа жыраулардың өмірі мен
шығармашылықтары мен сабақтастырған. Екінші бөлімінде «XVІІІ-XІХ ғасырлардағы
жыраулық мұра һәм ел тағдыры, жер тағдыры» деген тақырыптың айналасында сөз қозғап,
Бұқар, Үмбетей жыраулардың шығармашылығын талдайды.
Тың ойлар мен тынысы кең зерттеулер жыраулар поэзиясының поэтикалық
құныдылығын, эстетикалық қуатын, көркемдік көкжиегін жан-жақты зор үлес қосатын
мақалалар мен жеке зерттеулер де көзге жиі ұшырасады. Әсіресе, баспасөз беттерінен
әртүрлі тақырыптағы хабар беретін XV-XVIIІ ғасыр поэзиясының кейбір ерекшеліктеріне
баға беретін ғылыми еңбектерді ерекше атауға болады. Мәселен, Б.Оспановтың «Жыраулық
өнер: оның қалыптасу кезеңдері», атты мақаласында «Жыраулық үрдіс әрі өнер, әрі дәстүр.
Оның ерекшелігі синкреттік сипатында, яғни поэзия, музыкалық мақам және
орындаушылық шеберліктің бірлігінде» [8, 18] деген пікір айтылып, оның өміршендігі ел
тарихы мен ата-баба дәстүріне негізделуі мен айқындалатынын және оның сонау түркі
дәуірінен бастау алып, күні бүгінге дейін жалғасын тапқан поэзия екендігін атап өтеді.
Жыраудың өзін сан қырынан танытып «жырау-шығармашылық тұлға», «жырау-өздеріне
тән мақам-саз иесі», «жырау-этикалық дәстүрдің негізгі сақтаушысы», «жырау-этнограф »
[8, 18] – деп атап көрсетіп, ашып түсіндіреді. Ал, XV-XVIIІ ғасырларда өмір сүрген
жыраулар поэзиясының тәлім-тәрбиелік мәні туралы Гүлқадиша Нысанбаева өзінің пікірін
«Жыраулық поэзияның ірі өкілдері Қазтуған мен Асан қайғының Доспамбет пен Шалкиіздің,
Жиембет пен Марғасқа жыраудың Ақтамберді жырау мен Тәттіқара ақынның, Үмбеттей мен
Бұқар жыраудыңелдік пен ерлікті, азаматтық пен адамгершілікті жырлаған өршіл өлең-
жырлары, туған жер-ата қоныс, ел тағдыры, өмір өткелдері мен қоғам жайлы философиялық
толғау тұжырымдары, өткір ойшылдық пен шешендік өнер өнегелері адамзат атаулыға тән
асқақ идеяны паш етеді. Сол себептен де өскелең ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып,
дүниетанымын қалыптастыруда, ойлылыққа баулып, шешендікке төселдіруде жыраулық,
жыршылдық, термешілдік өнердің қыр-сырына қанықтырып, көркемдік әлемін байытуға
тиімді пайдалана алсақ нұр үстіне нұр болар еді» [9, 48] – деп оның ішкі құндылығын
көрсетіп, ұрпаққа берер тәлімін танытады.
Бұдан да басқа көптеген зерттеу жұмыстары дәл бүгінгі күні көптеп кездеседі. Бұдан
шығатын қорытынды жыраулық поэзияның қызығы мен құпиясы әлі де болса қойнауында
139
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
жатыр дей аламыз. Кеңестік кезеңде келте қиылған шындықтың орнын толтырып, шынайы
көзқараспен зерделеу, олардың шығармашылығын жоғары оқу орындарында оқыту бүгінгі
әдебиеттің өзекті мәселесі әрі міндеті болып табылмақ.