«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет168/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   208
 
ӘОЖ 806 
 
І.ЖАНСҮГІРОВ ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Сейсенбаева Ж.А. 
1
 ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
1
, Алматы қ,
 
 
Ұлттық  әдебиетіміздің  тереңнен  тамыр  тартқан  тарихымен  бірге  бүгінгі  кескін-
келбетін айқындауда да қаламгерлік қабілетпен талант даралығының маңызы зор. Неғұрлым 
талантты жазушылар мол болса, ұлттық әдебиеттің керегесі кеңейіп, күмбезі көркейе түсері 
анық. Қазақ халқының сөз өнерінде өзіндік ой-танымымен дараланып, қаламгерлік қуатымен 
жаңа  өрістерге  жол  ашқан  ақындар  санатында  –  І.Жансүгіров  шығармашылығының  орны 
қомақты.  
І.Жансүгіров  қаламгер  ретінде  өзі  өмір  сүрген  кезеңін  әлеуметтік,  психологиялық 
жай-күйіне  үн  қоса  білді.  Адамгершіліктің  асқақ  көріністерін  көбіне  замана  шындығынан 
шығарып  суреттеуге  мән  береді.  Сол  арқылы  халықтың  ақыл-ойын,  ішкі  сезім  дүниесінің 
мөлдірлігін  қастерлеуге  ұмтылады.  Оның  шығармашылығының  өн  бойына  замана  үнінің 
қоғам мүддесімен  тығыз байланысты екенін аңғару қиын емес.  
Әрбір  қаламгер  өзі  өмір  сүріп  ортаға  деген  көзқарасын  шығарма  тақырыбына  арқау 
етеді.  Қай  жазушы  болса  да  өз  заманының  шындығынан  алыстап  кете  алмайды.  «Адамды 
заман  билемек»  деп  Абай  тегін  айтпаған.  Заманмен  керағар  келіп,  онымен  ашық  тартысқа 
түсу  арқылы  ешбір  жазушы  «батыр»  атағын  алмаған.  Ол  қайта  онымен  ымыраға  келе 
отырып, дәуір,  заман қайшылығын  көркем образдар арқылы ашқан.  Сол арқылы заманына, 
Чернышевский тілімен айтқанда, үкім шығарған [1, 162 б.]. 
Әдебиет  –  қоғамдық  ой-сана,  пікірлердің  аса  жүйелі,  жинақталған  көрінісі.  Әдебиет 
туралы  сөз,  қалай  болғанда,  уақыт  туралы  сөз  болмақ.  Әдебиет  қоғамдық  ой-сананы 
танытушы  ғана  емес,  белгілі  бір  дәрежеде  қалыптастырушы  да.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 
уақыт  талабына  жауап  беретін  шығармалардан  алдымен  іздейтініміз  –  тақырыптың 
көркемдік  шешімін  табуы,  ой  мен  сезімнің  тереңдігі  мен  мөлдірлігі,  өмір  нақыштарының 
молығы, жан-жақтылығы, ең бастысы адамгершілік ізденістер болмақ.  
Ілияс  Жансүгіров  әдебиеттің  бар  жанрында қалам  тербеген.  Оның шығармаларының 
қай-қайсысы  да  ақынның  дарындылығын  халыққа  көркем  шығармашылықпен,  өзіндік 
қолтаңбасын көрсетіп, от жалынды, өткір тілді, дауылпаз тұлға екендігін дәлелдей түседі. Өз 


 
140 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет