«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет170/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   208
 
 
 
 
отырған «Бәкеңнің нашар көретін, жанары қайтқан көзіне аспан көгілдір көл сияқты, ақ шарбы 
бұлт-көбігіндей. Ана аэроплан көбік астындағы тұйық суға сүңгіп жүрген балық...» [3, 48 б.],- 
дейді.  Бұл  салыстырулар,  сөз  жоқ,  прозашыға  тән  көрегендік  пен  ақынға  тән  сезімталдықты 
айқын аңғартады. 
Прозалық  әңгімеге  жазушының  тағы  бір  көзге  түсер  ұтымды,  көркемдік  қуатын 
арттырытын белгісі − туындының қорытынды бөлігі. Онда Батырбек қойшының қиялға беріліп, 
астындағы өгізді ұмытып кетіп, өзінің әдетіндегі «ех» дейтінімен қолындағы жуан таяғы өгіздің 
басына  сарт  ете  түскенде,  жайбарақат  шөп  жеп  тұрған  жануар  шошып,  атып  кеткенде 
қойшының жерге топ ете түсетіндігі, сөз жоқ, езу тарттырыды, аңқаулықты ажарлайтын күлкі 
шақырады. Сырттай бақылаған адам ғана емес, тіпті момын, ақкөңіл қойшының өзі де даладағы 
ерсі  қылығына  бір  күліп  ап,  өгіздің  басын  ұстайды.  «Аэроплан  −  Алматыға,  қойшы  −  қойына 
кетті...»[4, 238 б.], - деп, жазушы сәтті сөз өрнегімен прозалық әңгімесін кілт тоқтатады. 
Әр  халықтың  өз  дүниетанымына  сай  мәселені  шығарма  тақырыбына  айналдыра 
отырып,  халықтық  мінездерді  тауып,  оны  адамдық  бар  болмысымен,  шынайы 
психологиясымен, мұратты ой-сезіммен айқындауын жазушының шеберлігі деп қана жалаң 
қарамай,  шығармашылық  жаңалығы  деп  бағалауға  әбден  болады.  Қаламгер  әңгімесіндегі 
характер табиғатына үңілу мақсатында карта деталь ретінде алуы сюжетті өрбітуге септігін 
тигізген. Әрі бұл деталь мінездің көркемдік сипатын аша түскен. 
Әдебиетте  өзіндік  қолтаңбасы  қалыптасқан,  өрнек-айшығы,  оқшау  тәсілімен 
дараланған І.Жансүгіров  сөз өнерін жаңа образдар мен соны ізденістерімен байытты. Оның 
сомдаған  кейіпкерлері  күнделікті  өмірде  кездесетін,  өмір  шындығынан  жаралған  шыншыл 
бейнелер.  Автор  шығармашылығының  барлығы  дерлік  тақырыптық-идеялық,  проблемалық 
мәселелерден  туындайтын  автордың  ізденіс  жүйесін  танытады,  қаламгердің  стильдік 
даралығын айқындайды.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдар беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.  
2. Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996. – 254 б. 
3.Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: ҚМКӘБ, 1959. – 556 б.       
4. https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1174  
 
 
УДК 159.9.07 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет