«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет18/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
Бала қолындағы малтаға қарап: 
Жымың - жымың күлдірген, 
Жып - жылмағай малта ғой. 
Малта - малта малақай, 
Қайдан шықтың айта ғой. 
Автор: 
Жоғарғы ерні қыбырлап, 
Төменгі ерні жыбырлап, 
Малта сонда сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді: 
Малта: 
Жайылып желін толтырған, 
Қоңырша қойдың сүті едім. 
Апаң қақтап сауған соң, 
Шелекте қалып бүркендім. 
Қазанға құйды, пісірді, 
Пісірді де түсірді [1], 
- деп келетін өлең жолдары  бірден баланы  өзіне баурап алып, әрі қарай сол малтаның  
дайындалу  үрдісіне  қатыстырады.  Баланы  тамсандырып,    шынымен  -  ақ  аузынан    су 
ағызғандай  әдемі сурет жасайды. 
 «Өтірік» өлеңдер (жинақ) 1929 жылы жазылған.  Жинақ  92 беттен тұрады.  
Кітапшаға  ауыз әдебиетінен алынған  өтірік өлеңдер мен өтірік ертегі, ұзақ әңгімелер 
енгізілген.  «Бұл  жинақтың  ішінде  жиғандарым,  -  деп  жазады  автор  өзінің  жазған  кіріспе 
сөзінде,  -    балаларды  жұбатқанда,  ойнатқанда,  басқа    жаратылысты,  түрлі  хайуанаттарды 
еліктеткенде,  әйтеуір  қандай  да  болса    бала  қоғамының  өмірінде  жатталып,  айтылып, 
шашылып кеткен, біздің ел әдебиетінің бір түрі.  
Мен мұны нәзік, ең қымбатты дүниелер деймін. Себебі: бұлар баланың  ой - мөлшері, 
ұғым  - санасына қарай соны түрі,  жан азығы.  «Өтірік» жинағы негізінен балаларға ыңғай  -
ланып    дайындалды.  «Ел  өтірігі»  үлкендерден  гөрі  балалардікі,балалар  әдебиетіне  жатады. 
Себебі,  бізде  балалар  әдебиеті  әлі  жасалмай,  жадағай  жатыр.    Жасалғанда  да  табан  тасы, 
табалдырығы ауыз әдебиетінің үлгісінен өтуі тиіс. Осы оймен бұл кітапша балаларға  бейім» 
- деп жазады. 
Бұл  өлеңдерде  өтіріктің  өмірге  ұқсастығы,  өз  мәніндегі  тіршіліктің  шын  жағына 
ауысып отыруы суреттелінеді. Мысалы: 
Инелік пен масаны құда  қылып, 
Инеліктің үстіне шекпен жаптым. 
Ақын  осы  өлең  жолдарымен  қазақтың  құдалығын:  құдаға  кит  беру,  ат  мінгі  -зу, 
шекпен жабу, т. б. көрсете отырып, «инелік те шекпен жамылып, жамбас жеуге , құда болуға 
лайық» -  деп бағалайды. Немесе:  
Әкесіне ас беріп жатыр екен  
Көбелектің үйіне кіріп барсам, 
-  деген  жолдардан  салт  -  дәстүр,  әдет  -  ғұрыпқа  байланысты  балаларға  түсінік  беру 
жағы көзделген. 
Әрине, қазақ салтындай, көбелек те ас береді.  Ас беру – мұра ғой. Көбелектің ас беруі 
– елді билеген салт-сананың, әдет-ғұрыптың белгісі болып көрсетіледі. 
 Сол сияқты:  
Кенеге кежім жауып бесті ат қылдым, 
Бетегені бес жарып, келсап қылдым. 
Бозторғайдың шудасын күзеп алдым, 
Күндіз - түні иіріп бес қап қылдым. 
Айттым да өтірік өлең, айла қылдым, 
Кесіп - ап бетегені найза қылдым. 


 
15 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Шыбынды үш қонаққа сойып беріп, 
Жарты етін алып қалып, пайда қылдым [1], -деп жалғаса береді. 
І. Жансүгіровтың өзі ерекше бағалаған өтірік өлеңдердің босқа емес, өте шеберлікпен, 
тілдің  орамдылығымен  өзгеше  өнделген  сөз,  тұрмыс  құбылысындағы    болымсыз  нәрсені 
әлденеге  ұқсатып,  тыңдаушының  сілекейін  шұбыртқан  өтірік.    Өтіріктің  өмірге  ұқсастығы  
балалардың көңілінен шығып, естерінде қалатыны белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет