«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет78/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
бойынша соттың қаулысымен анықталған мән-жайлар, сол бір тұлғалар қатысатын әкiмшiлiк 
құқық бұзушылықтар туралы басқа iстердi қарау кезінде дәлелдеудi қажет етпейдi. 
Төмендегі мына мән-жайлар дәлелдемелерсіз анықталған деп есептеледі: 
-қазіргі  заманғы  ғылымда,  техникада,  өнерде,  қолөнерiнде  жалпыға  бiрдей 
қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы; 
-адамның заңды бiлуi; 
-адамның өзiнiң қызметтiк және кәсiптік мiндеттерiн бiлуi; 
-олардың  болуын  растайтын  құжатын  ұсынбаған  және  арнаулы  даярлықтан  өткен 
немесе  бiлiм  алған  оқу  орнын  немесе  басқа  мекеменi  көрсетпеген  адамның  арнаулы 
даярлығының немесе бiлiмiнiң жоқтығы. 
Өздерiне  қажеттi  дәлелдемелердi  ұсыну  мүмкiн  болмайды  деп  немесе  қиынға  түседi 
деп  қауiптенуге  негiзi  бар  тараптар  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  iстi  қарап  жатқан 
судьяға,  органға  (лауазымды  адамға)  осы  дәлелдемелермен  қамтамасыз  ету  туралы  өтiнiш 
жасай алады. 
Дәлелдемелермен қамтамасыз ету iске қатысуына қарамастан, ұйымдардан құжаттар, 
мәлiметтер  және  қорытындылар  ұсынуды,  сараптама  жүргiзудi,  болған  жердi  тексерiп 
қарауды талап ету жолымен және өзге де тәсілдермен жүргiзiледi. 
Дәлелдемелермен қамтамасыз ету туралы арызда:  
-қамтамасыз  етiлуi  қажетті  дәлелдемелер;  растау  үшiн  бұл  дәлелдемелердi  қажет 
ететiн мән-жайлар;  
-арыз берушiнi қамтамасыз ету туралы өтiнiш жасауға итермелеген себептер, сондай-
ақ бұл дәлелдемелердi қажет етiп отырған iс көрсетiлуге тиiс. 
Арыз  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  iстi  қарап  жатқан  сотқа,  органға 
(лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған 
электрондық құжат нысанында берiледi. 
Ендігі  кезекте  дәлелдемелер  болып  саналатын  нақты  деректердің  әрқайсысына 
сипаттама беріп өтейік. 
1) Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан 
тұлғаның  түсiнiктемелері,  жәбiрленушiнiң  және  куәнiң  айғақтары  –  аталған  тұлғалардың 
ауызша немесе жазбаша нысанда хабарлаған, іске қатысы бар мәліметтерін білдіреді.  
Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан 
тұлғаның  түсiнiктемелері,  жәбiрленушiнiң  және  куәнiң  айғақтары  әкімшілік  құқық 
бұзушылық  туралы  немесе  іс  бойынша  іс  жүргізуді  қамтамасыз  ету  шараларын  қолдану 
туралы  хаттамада  көрсетіледі,  ал  қажет  болған  кезде  –сауал  қою  хаттамасымен  рәсімделіп, 
іске тігіледі. 
2)  Сарапшының  қорытындысы  –  бұл  арнаулы  ғылыми  бiлiмдi  пайдалана  отырып 
жүргiзiлген  iс  материалдарын,  оның  iшiнде  заттай  дәлелдемелер  мен  үлгiлердi  зерттеу 
нәтижелерiне негiзделген, оның алдына жүргізуінде  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 
жатқан  судья,  орган  (лауазымды  адам)  қойған  мәселелер  бойынша  жазбаша  нысанда 
ұсынылған түйіндер болып саналады. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезiнде қолданған 
әдiстерi,  қойылған  сұрақтарға  жауаптардың  негiздемесi  және  сарапшының  өзінің 
бастамасымен белгіленген, iс үшiн маңызы бар мән-жайлар да көрсетiледi. 
Қорытындыны  зерттеулер  жүргiзгеннен  кейiн  оның  нәтижелерiн  ескере  отырып 
сарапшы  (сарапшылар)  өз  атынан  жасайды,  оны  өзінің  (өздерiнiң)  қолымен  және  жеке 
мөрiмен  куәландырады.  Сараптаманы  сараптама  органы  жүргiзген  жағдайда,  сарапшының 
қолы аталған органның мөрiмен расталады. 
Сарапшының қорытындысында: 
-оның ресiмделген күнi, сараптаманың жүргiзiлген мерзiмдерi және орны
-сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi;  
-жүргізуінде  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  іс  жатқан  судья  туралы,  орган 
(лауазымды адам) туралы мәлiметтер
 


 
63 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
-сараптама  жүргiзу  тапсырылған  сот  сараптамасы  органы  және  (немесе)  сарапшы 
(сарапшылар)  туралы  мәлiметтер  (тегi,  аты,  әкесiнiң  аты  (ол  болған  кезде),  бiлiмi, 
мамандығы,  мамандығы  бойынша  жұмыс  өтілі,  ғылыми  дәрежесi  және  ғылыми  атағы, 
атқаратын лауазымы); 
-сотта  көрiнеу  жалған  қорытынды  бергенi  үшiн  қылмыстық  жауаптылық  туралы 
өзiнiң ескертiлгенi туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгi; 
-сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер
-сараптама  жүргiзу  кезiнде  процеске  қатысқан  қатысушылар  және  олар  берген 
түсiндiрмелер туралы мәлiметтер
-объектiлер; 
-пайдаланылған  әдiстемелер  көрсетiле  отырып,  зерттеулердiң  мазмұны  мен 
нәтижелерi;  
-жүргiзiлген  зерттеулердiң  нәтижелерiн  бағалау,  сарапшының  (сарапшылардың) 
алдына  қойылған  мәселелер  бойынша  түйіндердің  негiздемесi  мен  тұжырымы  көрсетiлуге 
тиiс. 
Сарапшының айғақтары  – бұл  өзі  ұсынған қорытындыны түсіндіру  немесе нақтылау 
мақсатында  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  істі  қарау  барысында  хабарлаған 
мәліметтері болып табылады.  
3) Маманның қорытындысы – бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс 
жүргізуді  жүзеге  асыратын  уәкілетті  лауазымды  адам  немесе  тараптар  маманның  алдына 
қойған мәселелер бойынша жазбаша түрде  ұсынған пікірі, оларға жауап қайтарылған кезде 
тиісті зерттеу жүргізу талап етілмейді. 
Маманның қорытындысы кіріспе, сипаттау бөліктерінен және түйіндерден тұрады. 
1.  Кіріспе  бөлігінде:  қорытындының  берілген  күні,  орны,  уақыты;  арнайы  зерттеу 
жүргiзуді тапсырған лауазымды адам; маман туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол 
болған  кезде),  бiлiмi,  мамандығы,  мамандығы  бойынша  жұмыс  өтілі,  ғылыми  дәрежесi, 
ғылыми атағы, атқаратын лауазымы) көрсетiлуге тиiс. 
2. Сипаттау бөлігінде: маманның алдына қойылған мәселелер, қорытынды беру үшін 
маманға  ұсынылған  объектілер,  материалдар,  құжаттар,  зерттеу  кезінде  қатысқан  адамдар 
қамтылады.  
3.  Түйіндерде  маманның  қойылған  мәселелерге  жауаптары  және  олардың  ғылыми 
негіздемесі көрсетіледі. 
Маманның айғақтары – бұл маманның әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау 
барысында арнаулы білімді талап ететін мән-жайлар туралы хабарлаған мәліметтері. 
4) Заттай дәлелдемелер - құқық бұзушылықтың құралы не нысанасы болған не оның 
iздерi қалған заттар болып саналады. 
Заттай  дәлелдемелер,  егер  қажет  болса,  суретке  түсiрiледi  немесе  өзге  тәсiлмен 
тiркеледi  және  iске  тiгiледi,  бұл  жөнiнде  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  хаттамаға 
немесе  осы  Кодексте  көзделген  өзге  хаттамаға  жазба  жазылады.  Жүргізуінде  әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн заттай 
дәлелдемелердiң  сақталуын  қамтамасыз  етуге  қажеттi  шаралар  қолдануға,  сондай-ақ  iстi 
қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi. 
5)  Құжаттар  –  егер  ұйымдар,  лауазымды  адамдар  және  жеке  тұлғалар  баяндаған 
немесе  куәландырған  мәлiметтердiң  әкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  iс  үшiн  маңызы 
болса, дәлелдемелер деп танылады. 
Құжаттар  жазбаша  да,  өзге  де  нысанда  тiркелген  мәлiметтерді  қамтуы  мүмкiн. 
Құжаттарға, оның ішінде осы Кодексте көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алдырылған 
немесе  ұсынылған  компьютерлiк  ақпаратты,  фото  және  кино  түсiрiлiмдерді,  дыбыс  және 
бейнежазбаларды қамтитын материалдар жатқызылуы мүмкiн[1]. 
Дәлелдемелер  тура  және  жанама  болып  бөлінеді.  Тура  дәлелдемеге  әкімшілік  құқық 
бұзушылық  бойынша  алынған  заттар,  көлік  құралының  авариялық  жағдайы  және  т.б. 
жатады. 


 
64 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет