І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
1
, Талдықорған қ.,
E-mail: аset_shara@mail.ru
Мақалада Ілияс Жансүгіров шығармашылығының беймәлім тұстары қарастырылады. Тірек сөздер: әдебиет, ақын, зерттеу, факт. В статье рассматривается неизвестные стороны творчество Ильяса Жансугурова. Ключевые слова: литература, поэт, исследование, факт. The article discusses the unknown side of creativity Ilyas Zhansugurov. Key words: literature, poet, research, fact.
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында өмір сүрген ұлы ақын, жазушы,
фольклорист, публицист, драматург, аудармашы, өнерпаз, Жетісу тарихын зерттеуші, ірі
мемлекет және қоғам қайраткері І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын зерттеу күн
тәртібінен түспейтін өзекті мәселе.
Қазақ әдебиетінің көшбасында тұрған Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен
шығармашылығына қатысты мақалалар ХХ ғасырдың бас кезінде жазыла бастағаны мұрағат
жадығаттарынан белгілі. 1928-1937 жылдар аралығында Ілияс шығармашылығы жайында
70-тен аса сын мақалалар жарияланған. Бұларды біз ілиястану ілімінің алғашқы адымдары
деп білеміз. Негізінде, Ілияс жайлы алғашқы сын-мақалалар «Еңбекші қазақ», «Қазақ
әдебиеті», «Социалды Қазақстан», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Әдебиет майданы»
журналында және кейбір облыстық газеттерде жарық көрген.
Ақынның 1920-28 жылдары газет-журналдарда басылған өлеңдерінің таңдамалары
және бұрын еш жерде жарияланбаған бірсыпыра өлеңдері мен аудармалары енген «Сағанақ»
жинағына (Қызылорда, 1928ж.) жазған Сәбит Мұқановтың алғы сөзі – Ілияс
шығармашылығы жайындағы алғашқы сын. Одан кейін 1929 жылы Ғаббас Тоғжанов
«Әдебиет және сын мәселелері» деген еңбегінде: «Жаңа түр іздеу, өлеңді әдемі, көркем
шығару жағынан Ілияс көп ақындарымыздың алдында», - деп, ақындығын жоғары бағалаған
94
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары