«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет117/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
Технология  пәнінің бағдарламасында бүгінгі ұмытылып бара жатқан қазақ халқының 
қолөнер бұйымдары туралы мағлұмат беру ғана емес, оқушыларға оларды жасауды үйретуде 
(домбра,  т.с.с.,ағашты  пайдалана  отырып    қазақ  үйдің  жиһаздарын  дайындау  сияқты 
мәселелер) көзделеді.  
Әр  мемлекеттің  болашағы  оның  мектебінен,  отбасынан  шыңдалады.  Ертең  осы  елге 
ие  болып,  тізгінін  ұстар  азаматтар  бүгінгі  мектеп  оқушысы  болғандықтан,  казақстандық 
барлық  мектептерге  үлгі  болуға  тиісті  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердің  бүгінгі  жайы, 
даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында. Өйткені 
барлық  қазақстандық  мектептердің  ішіндегі  сан  жағынан  болсын  алдыңғы  орнында  және 
мемлекеттік  тілде  білім  беретін  бұл  мектептер  еліміздің  ұлттық  білім  беру  жүйесінде 
айрықша  орынға  ие.  Осы  жерде  біз  алдымен,  бүгінгі  казақ  мектептерінде  "технология" 
сабағындағы  ұлттық  қолөнер  дәстүріне,  жалпы  этномәдениеттің  даму  жайына  ерекше 
тоқталғымыз  келеді.  Өйткені  бұл  сабақтағы  қолөнер  бұйымдарын  оқушыларға  жасату 
арқылы білім беру мәселесі тәуелсіз мемлекетіміздің мәдениетін нығайтуға болады. 
Бұл үшін оқушылар қажетті мүмкіндіктерін анықтауы қажет. Олар: 
-  туындаған ойларды іске асыру
-  технологияны талдау, өнімді, істі құрастыруды ойластыру
-  жұмысты жоспарлау;.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              
Технология  пәнінде  қолөнер  бұйымдары  шынайы  әсем  екенін,  оның  өмірге 
қажеттілігін  оқушыларға  ұғындырумен  бірге,  олардың  алға  қойған  мақсат-мұраттарына 
ықпал етіп, кәсіптік бағдар алуға бейімдеу керек. Шынында жаңағы бұйымдар оқушыларды 
өмірдегі асыл, көрікті, әсем нәрселерді бағалауға, еңбекке, шыдамдылыққа, талғампаз болуға 
баулиды. 
Қазақ  ұлттық  өнерін  дамыту  қазіргі  кездегі  күн  тәртібіндегі  бірінші  мәселе. 
Сондықтан,  мектеп  оқушыларын  ұлттық  бұйымдарды  жасауға  деген  талпынысты 
қалыптастыру  қажет.  Ұлттық  бұйымдарды  жасау  барысында,  қолөнершілер  туралы 
мәлімет немесе анықтама беріп, қолөнер сөзінің мазмұнына, ертеден келе жатқан қазақтың 
сәндік  әшекейлі  домбра  т.с.с.,  тұрмыстық  бұйымдарына  тоқталамыз.Оларды  жасайтын 
адамдарды, халқымыз барынша кұрметтеп «шебер» деп атаған. 
Әрине шеберлердің жұмыстарының әр қайсысымен жеке-жеке таныстыру шарт емес, 
негізінде  алға  қойған  мақсат  -  шебер,  зергер  туралы  жалпы  ұғым  бере  отырып,  қолөнер 
шеберлерімен  таныстыру,  жас  жеткіншектердің  бойына  мүмкіндігінше  ата  кәсібіне  деген 
қызығу, құрмет сезімін дарыту.  
Зерттеу  жұмысының теориялық және пратикалық маңыздылығы 
Мұғалімнің негізгі мақсаты білім сапасын кетеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ 
сапасын  көтеру,  түрін  жетілдіру,  оқушының  сабаққа  деген  қызығушылығын,  белсенділігін 
арттыру,  қабілетгерін  дамыту  міндеттері  тұрады.Оқушының  ойлау  қабілетін  дамыту, 
байқағыштығын  арттыру,  сабақтағы  белсенді  іс-әрекетін  ұйымдастыру,  осылар  арқылы 
психологиялық  дамуын  қалыптастыру  дамыта  оқытудың  негізі  болып  табылады. 
Сондықтан,  мұғалім  оқушының  оқу  қызметін  ұйымдастырғанда,  өткізілетін  сабақ 
оқушының  белсенділігін  арттыруға,  өз  әрекетін  зерделеуге,  ойлау  жүйесін  нақты  бір 
мәселені  шешуге  бағытталуы  керек.  Осы  тұрғыдан  қарағанда  оқытудың  мазмұндық  және 
процессуалдық  жақтарының  бірлестігін  ескере  келе,  ұлттық  тәрбие  беру  мақсатында 
мынадай мәселелерге ерекше мән беріледі: 
-технология пәнін оқытудың әдістемесін дайындау барысында қазақ баласының мінез-
құлқына жақын, оның дамуына әсерін молынан тигізетін әдіс-тәсілдерді таңдап алу
-  оқулықтағыдан  басқа  қосымша  оқу-әдістемелік  құралдарға  баланың  ұлттық  сана-
сезімін оятатын, оны қалыптастыратын, қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, дәстүрі 
және әдет-ғұрыптарын тақырыптарымен таныстыратын материалдарды барынша мол енгізу
- осылардың ішінен қазіргі уақыттың талабына сай келетін ата дәстүрлерді таңдап алу 
ұлттық аспап домбраны т.с.с., жасау және олардың деңгейін кетеруді көздеу. 
 


 
93 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Мектептегі  технология  пәні  мұғалімдері  инавациялы  оқыту  әдістемесін  оқытуда  және 
ұлттық бұйымдарды жасауда  кең түрде қолданулары қажет. Осы жұмыс келешекте технология 
пәні мұғалімдеріне сабақ беру барысында әдістемелік нұсқау  ретінде қолдануға болады. 
         


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет