«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет179/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
енгізеді  (айыптау  үкімін  негізсіз  деп  есептеп);  бірінші  сатыдағы  сотпен  тағайындалған 
жазаны  жеңілдету  туралы  (үкімді  тым  қатаң  деп  есептеп);  қылмыстық  жазаның  жеңілдірек 
түрін  көздейтін  заңды  қолдану  туралы  (ең  ауыр  жаза  туралы  заңды  қолдануға  қарсы 
болумен) және т.б. Аталған әрекеттер прокурор түсінігін айыптаушы тек айыптаушы ретінде 
түсінік берілмейді. Жоғары тұрған прокурор бағынышты прокурорға айыпты қолдау туралы 
нұсқау  беріп  қана  қоюға  құқылы  емес,  өзінің  ішкі  сенімі  бойынша  қылмыстық  істің 
апелляциялық  талқылауына  қатысушы  прокурорға  ол  келіспеуіне  байланысты  қорытынды 
беруге міндеттей алмайды. ҚР Бас прокуроры, прокуратура органдарының орталықтандыру 
қағидаттарын  қатаң  сақтай  отырып,  өзінің  бұйрықтарымен,  нұсқауларымен  қылмыстық 
істерді  сотта  қараудың  заңдылығын  сақталуын  қадағалауды  жүзеге  асырушы  прокурордың 
процессуалдық тәуелсіздігін нығайтады [1]. 
Апелляциялық  сатыда  прокурордың  іс  жүргізу  жай-күйі  сотталушының, 
қорғаушының,  жәбірленушінің,  басқа  да  сот  процесіне  қатысушылардың  іс  жүргізу  жай-
күйлерінен  ерекше.  Заң  қылмыстық  процеске  қатысушылардың  барлығына  белгіленген 
мерзімде апелляциялық тәртіпте соттың үкімін, ұйғарымын және қаулысын даулауға құқылы 
дейді. Сотталушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер бұл 
құқықты апелляциялық шағымда нақты іске асырады, ондай шағым бар болған жағдайда, сот 
үкімінің,  қаулысының  және  ұйғарымының  заңдылығын  және  негізділігін  тексеруге  жоғары 
тұрған сотты міндеттейді. Сонымен қатар, қорғаушыға, жәбірленушіге, азаматтық  талапкер 
мен  азаматтық  жауапкерге  олардың  пікірі  бойынша  кез  келген  әділетсіз  үкімге 
шағымдануларына  бөгет  болмайды.  Прокурор  басқа  шектелерге  қойылған.  Заң  талаптары 
бойынша  прокурор  әр  негізсіз  және  заңсыз  үкімдерге  апелляциялық  тәртіпте  наразылық 
келтіруге  міндетті.  Прокурордың  заңсыз  және  негізсіз  үкімдерге  наразылық  келтірмеуі, 
өзінің  қызметтік  парызын  өтемеуі  болып  табылады.  Басқа  қылмыстық  процеске 
қатысушылардың 
шағымдарымен 
салыстырғанда 
прокурордың 
наразылығы 
істі 
апелляциялық  тәртіпте  немесе  қадағалау  тәртіпте  қайта  қараудың  сылтауы  ретінде  заңға 
және қылмыстық іс материалдарына жауап беруі керек. Аталған процеске қатысушылардың 
шағымдарына  мұндай  талаптар  қойылмайды.  Наразылық  келтіру  мәселелері  бойынша 
прокурордың  рөлі  аса  маңызды,  себебі  прокурордың  қатысуынсыз  кез  келген  үкімді  бұзу 
немесе өзгерту, прокурордың өз міндеттерін тиісті орындамауын куәландырады.  
Сот  органдарының  үкімдерін,  ұйғарымдарын  және  қаулыларын  қадағалау  тәртібінде 
қайта қарау кезінде де, прокурордың рөлі өткен сот талқылауы кезеңдеріндегі сияқты болып 
қала береді. Процестің бұл кезеңінде заң сақтаушы ретінде прокурордың іс жүргізу жай-күйі 
соттардың  қадағалау  сатыларында  қылмыстық  істерді  қарауда  прокурордың  қатысуын 
міндетті шарты ретінде анықталуымен де ерекшеленеді. Қадағалау наразылығы бойынша істі  
қарау  кезінде  сотталушының,  ақталғанның  немесе  олардың  қорғаушыларының,  сондай-ақ 
қылмыстық  процеске  қатысушылардың  басқаларының  істі  қадағалау  тәртібінде  қарауға 
қатысулары,  соттың  қарауы  бойынша  анықталады.  Сондықтан,  соттардың  қадағалау 
сатыларында  қылмыстық  істерді  қарауға  прокурордың  қатысуы  -  осы  соттардың  заңды  және 
негізді  сот  шешімдерін  шығаруын  қамтамасыз  ететін  шарттардың  бірі  болып  табылады.  ҚР 
қылмыстық  іс  жүргізу  заңының  ережелері  едәуір  бағдарламалы  болып  табылады.  ҚР  ҚПК-де 
наразылық  келтіру  құқығы  тек  прокурорға  тән  және  мұны  прокурордың  апелляциялық 
наразылық  келтіруді  қамтамасыз  етудегі  едәуір  жетістігі  деп  есептеу  керек.  Қадағалау 
сатысында  прокурордың  іс  жүргізу  жай-күйінің  ерекшелігі,  бұл  сатыда  заңды  күшіне  енген 
үкімнің  заңдылығы  мен  негізділігі  мәселесі  болып  табылады.  Осыған  байланысты,  қадағалау 
міндетін  жүзеге  асыру  жоғары  тұрған  прокурорларға  ауысады.  Қадағалау  сатысында 
қорытындымен  шығатын  және  қызметтік  жайы  заңмен  анықталған  прокурор  мемлекеттік 
айыптың  өкілі  болып  табылмайды.  Ол  осы  іс  бойынша  апелляциялық  сатыларға  қатысқан 
мемлекеттік айыптаушы мен прокурорлардың көзқарастарына қарамастан, қорытынды береді.  
Прокурорлық  қадағалаудың  іс  жүргізушілік  маңызын  бір  сатыда  басқа  сатылардың 
алдында  жоғары  бағалауға  болмайды.  Қылмыстық  істерді  сотта  қараудың  заңдылығын 
прокурорлық  қадағалау  бірінші  сатыдағы  сотта  қалай  маңызды  болса,  қылмыстық  істерді 


 
149 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
кассациялық апелляциялық тексеруде де, сондай-ақ қылмыстық істерді қадағалау тәртібінде 
қарау  кезінде  де  солай  маңызды.  Жариялық  шартында  өтіп  жатқан  сот  процесі  оған 
қатысушылардан,  әсіресе  заң  және  мемлекет  атынан  айыпты  қолдаушы  прокурордан 
сабырлықты, сот алдына келген адамдардың әрбіреумен сыпайы және дұрыс қатынаста болуды 
талап етеді. Сот процесін жариялық түрде өткізу, оған қатысушыларға терең әсер қалдыру және 
тәрбиелік  ықпал  ету  үшін  барлық  іс  жүргізу  ритуалын  қатаң  сақтауды  талап  етеді.  Түрлі 
асығушылықтар,  шапшаң  сөздер,  ойластырылмаған  іс  жүргізу  әрекеттері  және  прокурордың 
орынсыз пікірлері жойылуға тиіс [2, 19]. Прокурордың басты сот талқылауына қатысуы соттың 
заңды  да  дәйекті  үкімді  қаулы  етуінің  маңызды  кепілдігі.  Мақсат  -  формалдық  стереотиптен 
арылып,  мемлекеттік  айыптаудың  сапасымен  тәрбиелік  деңгейін  ұдайы  арттырып  тұруда. 
Үкімнің  заңдылығы  мен  дәйектілігіне  мемлекеттік  айыптаушының  дәлелдерді  анықтау 
барысындағы  бірбеткейлігі  мен  кәсібилігі,  принципшілдігі  әсерін  тигізеді.  Әрине,  айыпты 
қолдай отырып, прокурор заңға және іс материалдарына негізделіп қалыптасқан ішкі нанымын 
басшылыққа  алады.  Сотталушының  жағдайын  ауырлатпайтын  және  оның  қорғану  құқығын 
бұзбайтын жақтарын ескеріп прокурор айыпты өзгерте алады. Ал, ҚПК-нің бабының талабына 
сай,  сот  талқылауы  барысында  айып  дәлелін  таппаған  жағдайда,  оны  қолдаудан  бас  тарту 
прокурордың  міндеті  болып  саналады.  Прокурор  біршші  болып  істің  мән-жайын  толыққанды 
баяндап, айыптау сөзімен өз қызметін басты сот талқылауында аяқтайды. Өзінің құқықтық мәні 
және  процессуалдық  мағынасы  бойынша  мемлекеттік  айыптаушының  сөзі  оның  басты  сот 
талқылауы  барысындағы  өкілеттіктерін  жүзеге  асыруына  қажетті  құралы  ретінде  танылады. 
Сондықтан, оған белгілі бір талаптардың қойылатыны хақ.  
Прокурордың сөзі заңды да, дәйекті болу үшін, соттың барысында зерттелген дәлелдерді 
қатаң бір жүйеге келтіруі тиіс. Сонымен қатар, прокурорға дәлелдерді жәй атап қою ғана емес, 
оларға  сындарлы  талдау  жүргізу  мен  обьективті  баға  беру  міндеті  жүктеледі.  Прокурор 
мемлекеттік айыпты қолдау үшін алдын ала мұқият та зерек дайындық көруі қажет. Оның негізгі 
тезистері  ертеректен  әзірленіп,  қажетті  өзгерістер  мен  толықтырулары  сот  мәжілісінің 
барысында енгізіліп тұруы керек. Заң мемлекеттік айыптаушының сөзінің мазмұнын алдын ала 
белгілей  алмайды.  Ал,  негізгі  прокурор  сөзін  ҚР  ҚПК-нің  бабында  көрсетілген  үш  сұрақтың 
шеңберінде қамтуы тиіс. Сотта мемлекеттік айыпты қолдау бағытындағы тәжірибе прокурордың 
сөзінің негізінен мынадай құрылымдарын қалыптастырады: қылмысқа берілетін қоғамдық-саяси 
баға;  дәлелдерді  талдау  мен  бағалау;  қылмыстардың  алдын  алу  бағытындағы  іс-шараларды 
ұсыну;  қылмысты  саралау  мен  дәрежелеу;  сотталушының  жеке  басын  мінездеу;  жазаның  түрі 
мен мөлшерін ұсыну; материалдық залалды өндіру жөніндегі пікір; айғақ заттардың тағдырын 
шешу туралы ұсыныс; сот үкімі заңды күшіне енгенге шейін сотталушының бұлтартпау шарасы 
туралы ұсыныс [3].  
Сот  жарыссөзіндегі  прокурордың  сөзін  мемлекеттік  айыптаушының  сөзі  деуге,  осы 
арқылы  прокурорды  айыптаушы  жақ  деп  тануға  оның  процессуалдық  мәртебесі  мен  сот 
процесіне  қатысудағы  мақсаттары  мүмкіндік  бермесе  керек.  Өйткені,  прокурор  сотта 
мемлекет  мүддесін  білдіреді.  Осы  орайда,  мемлекеттің  мүддесі  деп  бірінші  кезекте  сот 
процесінде  мемлекет  заңдарын  дәл  және  біркелкі  қолдану,  осылайша  заңдылықтың 
үстемдігін қамтамасыз ету жақтарын назарға алсақ, прокурор ешкімнің де жағында болмауы 
тиіс;  -екіншіден,  айып  дәлелін  таппаған  жағдайда  прокурордың  оны  қолдаудан  бас  тарту 
міндеті  және  тек  айыптаушы  болып  қоймай,  сотта  құқық  қорғау  функциясын  атқаруы, 
сондай-ақ  сот  шешімінің  заңдылығын  қадағалауы  прокурорды  мемлекет  өкілі  ретінде, 
жоғарыда  көрсетілгендей  оның  мүддесін  білдіретін  және  мемлекет  атынан  қорытынды 
беруші ретінде танып, оның процессуалдық мәртебесін өзгертуге негіз болады. Заң жүзінде 
прокурордың  сотта  заңдылықты  қадағалау  болғанмен  іс  жүзінде  прокурор  алдын  ала 
мемлекеттік айыптауды жүргізуге байланған. Яғни, ол тұлғаға қатысты іс қозғайды, айыптау 
қорытындысын  бекітіп,  оны  сотқа  өткізеді  [4,  181].  Прокурордың  әрине  бұл  кезде 
заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуі мүмкін емес. Ол тек басындағы айыптауды қолдайды.  
 
 


 
150 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет