көшесіндегі кісі өлімі»туындысындағы Дюпен бейнесі, одан келіп Шерлок Холмс, Браун,
Лекок және мистер Каффаның ұмытылмас образдары туындады. Нақ сол Эдгар По сюжетке
алғаш жеке ізкесуші мен қауіпсіздік қызметкерін қатар қосады. Мұнда әрине жеке ізкесуші
әрдайым жоғарғы орыннан көрінеді.
Детектив жанры Англияда У.Коллинздың «Ақ киімді әйел» және «Айлы тас»
романдарынан кейін кең танымалдылыққа ие болды. Ал жалпы детективтің алтын ғасыры
болып ХХ ғасырдың 30-70-жылдары саналады. Осы кезеңде А.Кристи мен Ф.Бидингтің
туындылары жарыққа шыға бастады. Олар өз кезегінде жанрды одан әрі дамытты [5, 153].
Ал қазақ ауыз әдебиетінде детектив жанырындағы аңыз – әңгімелер, ертегілер
айтарлықтай жеткілікті. Би-шешендердің қылмысты, дауды шешудегі тапқырлықтарын
нағыз кемеліне жеткен із кесушілерге жатқызуға болады. С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған
Хамит», «Тар жол тайғақ кешу», Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер», М. Әуезовтің «Бүркітші»
шығармаларында детектив сарыны кездеседі. Қазақ әдебиетінде «детектив жанрының
жақұты» аталған Кемел Тоқаевтың Шығармаларын тілге тиек етеміз. Жазушының «Көмескі
із», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға»,
«Таңбалы алтын», «Дикарьдің өлімі», т.б. деректі шығармалары бар. Сонымен қоса 1974
жылы Алматы қаласында «Қазақстан» баспасынан басылып шыққан «Қоғамдық тәртіп
сақшылары» деген жинақта детектив жанрында жазылған шағын әңгімелер де бар.
Детектив жанр болып қалыптасқалы бері бірнеше өзгерісті бастан кешті. Дегенмен өзінің
мәні мен мағынасын жоғалтпады. Сондықтан детектив жазудың әр қилы нұсқаулықтары шыға
бастады. Әр автор өзінше өзгеріс қосып отырды. Зерттеу барысында Эдгар По мен Артур Конан
Дойлдың әдістеріне көз жүгірттік. Соның ішінде Кемел Тоқаевтың детектив жазуда өз мүддесін
еш ойламағаны анық көрінеді. Тек мемлекет пен қоғам мүддесі үшін қалам тартқан жазушының
сюжеттік желісінде өзгешілік болуы орынды секілді.
Қоғамның кеселi, көлеңке жақтары қылмысты iстер арқылы көрiнiс табатындығын
ескерсек, сол дерттi анықтап беретiн тамыршы жанр осы детектив болса керек. Бұл жанрдағы
қазақ тiлiндегi оқырманға ұсынылып жатқан дүниелер некен-саяқ. Қылмыс тақырыбына
жазылатын күнделiктi газет мақалаларына ұқсап кетiп жататындары да аз емес. Сол себепті
қазақ қоғамында детективті жанр ретінде дамыту үшін әдебиет тарихын кеңінен оқыту,
детективті қалай жазу керектігі мен тәсілдері, әлемнің озық детектив үлгілерін аудару
мәселелеріне көңіл бөлінсе дейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – А.: Аруна, 2010. – 211 б.
2. Кестхейн Т. Анатомия детектива. – Будапешт: Корвима, 1989. -262. С.
3. Ван Дайн С.С.Двадцать правил для написания детективных романов/электроный
ресурс/ – режим доступа – URL: http: //scriptmaking.ru/
4. Тугушева М. Под знаком четырех. о судьбе произведений Эдгара По, Артура
Конан Дойла, Агаты Кристи, Жоржа Сименона. – М.: Книга, 1991. - 290 б.
153
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018