«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет185/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   208
Жер соғып қанатымен хан қалар ед 
Тек қана құмалақ сап іздетісіп.  («Күйші») 
Тіліміздегі  мұз  арқалап,  күл  төгу  (бар  қиындықты  көтеру  мағынасында) 
фразеологизмін мұз төсеніп, қар кешу  деп өзгертіп береді. 
Мен өзім тауда туып, тасында өстім
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім. (« Құлагер») 
Дәл осы фразеологизмді Ілияс «Жас жалшыға» өлеңінде өзгертіп тағы бір вариантын 
береді. Мысалы: 
Аязды суық боранда,  
Қалшылдап өстің сүмсиіп. 
Таңды атырдың қораңда, 
Қар құшақтап, мұз сүйіп. 
Ал іші өртену тұрақты тіркесін толықтырып ішінде өрті жанып деп өзгертеді. 
Ішінде өрті жанып басылмастай
Шемендеп дерті кеткен ашылмастай. ( «Құлагер») 
Ғалым    К.Аханов:  «Тіл-тілдегі  сан  алуан  фразеологиялық  единицалар  астарлы, 
образды  мағынада  қолданылады  да,  олардың  мәнерлеп  бейнелеуші    қызметі  өте  күшті 
болады. Олардың көпшілігі эмоциялық бояуы басым, айрықша образды, экспрессивті қызмет 
атқарады», – деп ой түйеді [4]. 
Фразеологизмдердің адам жан дүниесін,   мінез-құлқын, ішкі психологиясын, қимыл-
әрекетін,  сөйлеу  мәнерін  беруде  проза,  поэзия  тілінде    қолданылатын  түрлері  ерекше 
экспрессивті-стильдік 
бояуды 
танытатыны 
айқын. 
Ілияс 
шығармаларындағы 
фразеологизмдер  белгілі  бір  бейнені  суреттеп  берудегі  экспрессиясы  күшті  поэтикалық 
құрал.  Демек,  «поэзия  тіліндегі  фразеологизмдердің  басты  белгісі  –  олардың  образды 
/бейнелі/    болатындығы.  Жеке  суреткер  тіліндегі  образды  фразеологизмдердің  типтерін, 
олардың  көп-аздығын,    ескі  жаңаларын  түгендеу  үстінде  ақынның  не  жазушының  
фразеологизмдер  саласындағы  байырғы  қазынаны  қаншалықты  игеріп,  кәдеге  асырғанын, 
қаншалықты  жаңаларын  ұсынғанын  көруге  болады.  Ал  бұлар  шығармашылық  контекст 
немесе  авторлық  даралық  дегенді  танытады,  тіпті  кеңірек  қарасақ,  суреткер  тіліндегі 
фразеологизмдер әлемі оның  поэтикалық тіл арқылы көрінетін дүниетанымын көрсетеді». 
Ақын поэзиясындағы фразеологизмдердің қоланылу ерекшеліктерін қарастырғанда ең 
алдымен олардың семантикалық категорияларының (антонимдік)  қолданысын айқындауды 


 
155 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет