Сыртым бүтін, ішім түтін – көңілі жарым, іш құса
Қамалым, хан дәнішпан, Кенем – құтым,
Менің де сыртым бүтін, ішім түтін...
Ордадан бұдан артық тілемеймін,
Бер маған осы адамды басы бүтін... («Күйші»)
Ақ үстінен қара танымау – оң-солын, дұрыс-бұрысын білмеу
Олай болса, біздің бәріміз де не ақ үстінен қара танымаймыз, не жазған кісі – перінің
баласы! Екінің бірі! («Мынау не дейді»)
Көзді ашып жұмғанша – лезде, дем арасында
Әні-міні дегенше көзді ашып жұмғанша,
Гудогіңді шыңғыратып, отарбаңды сырқыратып
Алатаудың төсіне келіп-мініп қаласың ( «Жаңа астана»)
Достарыңызбен бөлісу: |