«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет39/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
 
 
 
анықталған, iс күрделi және маңызды болған кезде алдын ала тергеудi жүзеге асыратын бiр 
немесе  бiрнеше  органның  тергеушiлерi  арасынан  тергеу  тобын  құра  алады,  бұл  ретте 
прокурорды  осы  топтың  жетекшiсi  етiп  тағайындап,  бұл  шешiмдi  өз  қаулысымен 
ресiмдейдi.Тергеу  тобының  жетекшiсi  қылмыстық  iстi  өзiнiң  iс  жүргiзуiне  қабылдайды, 
тергеу  тобының  жұмысын  ұйымдастырады,  басқа  тергеушiлердiң  iс-әрекеттерiне 
басшылықжасайды. Iстердi бiрiктiру және бөлу, қылмыстық iстi толығымен немесе оның бiр 
бөлiгiн  тоқтату,  iс  бойынша  iс  жүргiзудi  тоқтата  тұру  немесе  қайта  жаңғырту  туралы, 
сондай-ақ  тергеу  мерзiмiн  ұзарту  туралы  өтiнiштердi  қозғау,  бұлтартпау  шарасы  ретiнде 
қамауға алуды, үйде қамап ұстауды қолдану және оларды ұзарту туралы шешiмдердi тергеу 
тобының жетекшiсi ғана қабылдайды.Айыптау қорытындысын және медициналық сипаттағы 
мәжбүрлеу  шараларын  қолдану  туралы  мәселенi  қарау  үшiн  iстi  сотқа  жiберу  туралы 
қаулыны  тергеу  тобының  жетекшiсi  жасайды  және  оған  қол  қояды.  Тергеу  тобының 
жетекшiсi  басқа  тергеушiлер  жүргiзетiн  тергеу  iс-әрекеттерiне  қатысуға,  тергеу  iс-
әрекеттерiн  жеке  өзi  жүргiзуге  құқылы.  Тергеу  тобының  жетекшiсi  болып  тағайындалған 
прокурор  тергеушiнiң  осы  Кодексте  көзделген  барлық  өкiлеттiктерiн  пайдаланады. 
Қылмыстық  процестің  сатысына  дейінгі  алдын  ала  тергеудің  мәні  бұл  уақыт  кезеңінде 
қылмыстық  ізге  түсу  органының  бүкіл  қызметі  істі  ашу  мен  тергеуге  жұмсалатындығында. 
Тергеудің жалпы талабына жататындар: заңдылық, жан-жақтылық, толықтылық, өндірістегі 
бірқатар  жалпы  талаптарды  сақтауға  байланысты  болатын  алдын  ала  тергеудің 
объективтілігі.  Олар  өзін  заңмен  белгіленген  және  кылмыстық  іс  жүргізу  қызметінің  осы 
түрінің  өзіне  тән  ерекшеліктерін  белгілейтін  қылмыстық  іс  жүргізу  принциптеріне 
байланысты ережелер оған қойылатын өте маңызды талаптар ретінде көрсетеді. Қылмыстың 
мән-жайын ең қысқа мерзімде және күш пен құралды өте аз жұмсау арқылы белгілеу алдын 
ала тергеу шарттарының бірі. Сонымен бірге шарттар жеке адам мен азаматтың құқығы мен 
бостандығына кепілдік жасайды, мүмкін болатын қателердің алдын алады, болдырмайды. 
ҚР-ң Ққылмыстық процестік кодексі сонымен қатар тергеу шарттарына, талаптарына 
мыналарды жатқызады: 
— тергелу реті (ҚР КПК 182-бап); 
— сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер (ҚР ҚПК 188-бап); 
— қылмыстық істерді біріктіру (ҚР ҚПК 43-бап); 
— қылмыстық істі бөлектеп алу (ҚР ҚПК44-бап); 
— сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері (ҚР КПК 180-бап); 
— қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы (ҚР КПК 184-бап); 
— өтінішті мәлімдеу және шешудің міндеттілігі (276-бап); 
— алдын ала тергеу мен анықтау деректерін жария етуге жол бермеу (ҚР ҚПК 201- 
бап)[3].  Алдын  ала  тергеудің  міндеттері—  бұл  қылмысты  тез  және  толық  ашу,  оны 
жасаған  адамды  табу  және  бөлектеу.  Әрбір  іс  бойынша  алдын  ала  тергеу  жан-жақтылық, 
толықтық,  объективтілік  және  істің  мән-жайын  зерттеудің  шапшандығы  сияқты  талаптарға 
жауап  беруі  қажет.  Алдын  ала  тергеудің  сапасын  арттыру  мақсатында  заңдылықты  қатаң 
сақтау қажет. Ең алдымен қылмыстық жауаптылыққа кінәлілерді дер кезінде тартуды тергеу 
әрекеттерін  жекелеп  және  олардың  барлығын  біріктіріп  жүргізу  тәртібін  реттейтін 
қылмыстық іс жүргізу нормаларын сақтау.Сонымен қатар тергеу барысында кінәлі адамның 
айыбын  айғақтайтын  да  ақтайтын  да  немесе  айыпты  жауапкершілігін  жеңілдететін  де  мән-
жайлардың  ашылуы  және  зерттелуі  мүмкін.  Тергеу  органдарына  қылмыс  жасауға 
итермелейтін  себептер  мен  мән-жайларды  ашу,  одан  әрі  оны  болдырмаудың  алдын  алу 
шараларын қабылдау міндеті жүктелген. 
Тергеу әрекетінің хаттамасы: 
1.  Тергеу  әрекетінің  хаттамасы  тергеу  әрекетiн  жүргiзу  барысында  немесе  ол 
аяқталған бойда жасалады. 
2.  Хаттама  қолмен  жазылуы,  машинкамен  не  компьютермен  басу  тәсілі  арқылы 
жасалуы  мүмкiн.  Хаттаманың  толық  болуын  қамтамасыз  ету  үшiн  стенографиялау,  киноға 
түсiру,  дыбыс-  және  бейнежазба  немесе  өзге  де  ғылыми-техникалық  құралдар  қолданылуы 


 
29 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
мүмкiн.  Стенографиялық  жазба,  дыбыс-  және  бейнежазба  материалдары  немесе  өзге  де 
ақпарат жеткізгіштер хаттамаға қосып тігіледі және iспен бiрге сақталады. 
3.  Хаттамада:  тергеу  әрекетiн  жүргiзу  орны  мен  күнi;  оның  басталу  және  аяқталу 
уақыты минутына дейiнгі дәлдікпен; тергеу әрекетін жүргізген адамның лауазымы мен тегі, 
тергеу  әрекетіне  қатысқан  әрбір  адамның  тегі,  аты,  әкесінің  аты  (ол  болған  кезде) 
көрсетiледi.Хаттамада процестік әрекеттер олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу кезінде 
анықталған  iс  үшiн  елеулі  мән-жайлар,  сондай-ақ  тергеу  әрекетін  жүргiзуге  қатысқан 
адамдардың мәлiмдемелерi жазылады. 
4.  Осы  Кодекстің  97-бабы  қолданылған  жағдайда,  сотқа  дейінгі  тергеп-тексеруді 
жүзеге  асыратын  адам  тергеу  әрекетінің  хаттамасында  жәбірленушінің,  оның  өкілінің, 
сондай-ақ  куәлардың  (куәгерлердің)  жеке  басы  туралы  деректерді  келтірмейді,  қорғалатын 
адам өзі қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамаларында таңдайтын адамның бүркеншік аты 
мен қоятын қолын қолданады. 
5.  Егер  тергеу  әрекетін  жүргiзу  кезiнде  фотосуретке  түсiру,  киноға  түсiру,  дыбыс- 
және  бейнежазба  немесе  өзге  де  ғылыми-техникалық  құралдар  қолданылса  не  iздiң 
баспатаңбалары  мен  бедерлері  әзірленсе,  сызбалар,  схемалар,  жоспарлар  жасалса,  онда 
хаттамада  сондай-ақ  оны  жүргiзу  барысында  қолданылған  ғылыми-техникалық  құралдар, 
оларды  пайдалану  талаптары  мен  тәртiбi,  осы  құралдар  қолданылған  объектiлер  және 
алынған.  Хаттамада  бұған  басқа  ғылыми-техникалық  құралдарды  қолданудың  алдында  бұл 
туралы тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi аталуға тиiс. 
6.  Хаттама  танысу  үшiн  тергеу  әрекетін  жүргiзуге  қатысқан  барлық  адамдарға 
ұсынылады.  Оларға  хаттамаға  енгiзiлуге  жататын  ескертулер  жасау  құқығы 
түсiндiрiледi.Хаттамаға  енгiзiлген  барлық  ескертулер,  толықтырулар,  түзетулер  келісілуге 
және осы адамдардың қолдарымен куәландырылуға тиiс. 
7. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, жауап алынған адам, аудармашы, маман, 
куәгерлер  және  тергеу  әрекетін  жүргiзуге  қатысқан  барлық  өзге  де  адамдар  қол  қояды. 
Тергеу әрекетінің хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкiн болмаған 
жағдайда,  бұл  фактiнi  куәландыру  осы  Кодекстiң  123-бабының  жетіншi  және  оныншы 
бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi. 
8.  Хаттамаға  тергеу  әрекетін  жүргiзу  кезiнде  орындалған  фотографиялық  негативтер 
мен  суреттер,  кинотаспалар,  диапозитивтер,  фонограммалар,  бейнежазба  кассеталары,  өзге 
ақпарат  жеткізгіштер,  сызбалар,  жоспарлар,  схемалар,  iздiң  баспа-таңбалары  мен  бедерлері 
қоса тiркеледi. 
9.  Егер  тергеу  әрекетін  жүргiзу  барысында  маман  өз  зерттеу  нәтижелерi  бойынша 
ресми құжат жасаса, осы құжат хаттамаға қоса тiркеледi, бұл туралы хаттамаға тиiстi жазба 
жасалады.  Тергеушінің  айыптау  функциясын  жүзеге  асыруының  бір  нысаны  болып  белгілі 
бір  тұлғаны  (адамды)  қылмыс  жасады  деп  ресми  айтылған  күдігі  табылады 
[4,171].Қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  сезікті  ретінде  қылмыс  жасады  деп  күдіктенудің 
заңды көрінісі болып: ұстау хаттамасы, айып тағуға дейін бұлтарпау шарасын таңдау туралы 
қаулы табылады.Қылмыс жасады деп күдіктеніп кез-келген ұсталған адамға қатысты хаттама 
толтырылады,  онда  басқа  жағдайлармен  қатар  қылмыс  жасауға  күдіктенуге  негіз  болған 
ұстау  негіздері  жазылады.  Ұсталған  адам  ұстау  хаттамасымен  танысады,  ол  күдіктену  мен 
ұстауға  қатысты  түсініктеме  бере  алады.  Оның  түсініктемесі  хаттамаға  тігілуі  тиіс.  Айып 
тағылғанға  дейін  тергеуші  бұлтартпау  шарасын  қолдану  туралы  негізделген  қаулы 
шығарады.  Онда  тиісті  адам  күдіктелетін  қылмыс  көрсетіледі  және  тиісті  бұлтартпау 
шарасын  қолдану  негізі  жазылады.  Бұл  қаулы  оған  қатысты  шығарылған  адамға  жария 
етілпді.Егер  күдікті  ұсталған  болса  немесе  оған  қатысты  қамауға  алу  түріндегі  бұлтартпау 
шарасы қолданылса онда дереу жауап алынуға тиіс. Егер жауапты дереу алу мүмкін болмаса 
сезікті ұсталған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сғаттан кешіктірмей жауап алынуға тиіс. Бұл 
орайда, жауап алу барысында оған қандай қылмыс үшін күдік келтіріліп отырғаны айтылуы 
керек,  бұл  туралы  жауап  алу  хаттамасында  тиісті  белгі  жасалады.  Сезікті  нысанында 
айыптау  функциясын  жүзеге  асыру  қылмыстық  іс  бойынша  шынайылыққа  қол  жеткізудің 


 
30 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет