Жанталас (Көшпенділер-2)



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.12.2021
өлшемі1,25 Mb.
#21827
1   2   3   4   5
ЕКІНШІ БӨЛІМ 
 
 
І 
 
 
 
Қазақ  елінің  батыс  тұсында  дәл  қазір  алып-жұлып  бара  жатқан  бәлендей  қорқыныш 
болмағанмен,  солтүстік  жағы  тағдырына  елеулі  әсер  етердей  уақиғаларға  толы  еді.  Ұшы-
қиыры  жоқ  сұсты  Сібір  өлкесінде  ежелден-ақ  мал  шаруашылығымен  шұғылданатын, 
балықшылық пен аңшылықты кәсіп ететін түрік және монғол тектес көшпелі халықтар мекен 
ететін. Бірақ бұларда баяғы Түрік Қағанатынан кейін қалыптасқан мемлекет болмай келген. 
 
Сол себептен о жаққа өзара ру таластарынан таяқ жеген қазақтың ер-азаматтары ғана 
емес,  өз  елінде  жапа  шеккен  Қазан,  Астрахань  хандықтарының,  көне  Еділ  бойы  мен 
башқұрт, татар төрелерінің сан түрлі адамдары қашып барған. Со жақтан пана іздеген құл-
төлеңгіттер,  ұлтын  айырып  білуге  болмайтын  не  қилы  босқын  тұтқындар,  боярлар  мен 
князьдардың  қыспағына  шыдай  алмаған  орыс  жігіттері  Сібір  жерін  атам  заманнан  әбден 
бауыр  басып  алған-ды.  Бұлар  аздай,  патша  ағзамның  қиянатына  шыдамаған  кейбір  орыс 
қара  шекпендері  ауыл-аймағымен  Орал  тауынан  аса,  тірі  жан  басып  көрмеген  Сібірдің  
мылқау  түкпірлеріне  қарай  шұбыруды  шығарған.  Соңғы  кезде  әсіресе  бұ  жаққа  патшаның 
әділетсіз  заңы  қыр  соңына  түскен,  патша  жандармдарының  таяғы  етінен  өтіп,  сүйегіне 
жеткен жәбірленген соқа басты адамдар да көп қашқан. Бұлар әр түрлі ұлттан еді, бірақ тез 
тіл  табысып,  заматта  ұғысып  кететін.  Бәрі  бірігіп,  өздеріне  казак  деген  ат  қойып,  тіршілік 
етуге кіріскен. Бұлар көне қазақ елінің атын алғанда, өздерінің сол жауынгер көшпелі елдің 
ешкімге  бағынбайтын  еркін  салтымен  өмір  сүретіндерін  аңғартқан.  Олардың  жасақтағы 
бағыну тәртібі де қазақтың көне кездегі өз батырларына ғана бас иетін әдеттеріне ұқсас еді. 
 
Осындай,  әрқайсысының  жеке  атамандары  бар  ондаған,  жүздеген  жасақтар  көшпелі 
елдердің  аламандары  тәрізді  көршілерінің  малын  барымталап,  бай  саудагерлердің 
керуендерін  тонап,  тіпті  болмаса  бірімен  бірі  айқасып,  ұшы-қиыры  жоқ  еркін  далада 
ойларына келгенін істеп жатты. 
 
әйткенмен,  бұлар  ежелгі  көшпелі  елдермен  араласып,  біртіндеп  отырықшы  жұртқа 
айнала  бастаған.  Сөйтіп  Сібір  жері  ерте  кезден-ақ  ұлы  Россияның  бір  бөлегіне  айналды. 
Бертін  келе  орыс  патшасы  бұдан  түсер  пайданы  бірден  ұқты.  Ұшы-қиыры  жоқ  Сібір  жерін 
тек әскери күшпен билеудің қиындығын түсінген ақ патша, енді осынау бас кесер өжет казак 
жасақтарын өз саясатына жұмсауды ойлады. Осылар арқылы бүкіл Сібірді өз қолына алмақ 
болды. Енді оларды шекара күзету ісіне де пайдалануға кірісті. 
 
 
 
 
Осы кезде, бүкіл Сібір жерінде Строган деген кісінің аты жер жарды. Бұл Сібір жерін ақ 
патша  қанауға  берген  Строганов  саудагердің  есімі  еді.  Ол  бүкіл  Сібірдің  шетіне  сауда 
қалаларын,  қоймаларын  сала  бастады.  Сол  қоймаларды  және  жан-жаққа  жүргізе  бастаған 
сауда керуендерін қорғауға  Строганов тек казак-орыс жасақтарын пайдаланып қойған жоқ, 
көршілес  қазақ  ауылдарының  көп  жігіттерін  де  жалдады.  Бұл  қазақ  жігіттері  Сібір 
саудагерлеріне  қазақ  елінің  жылқысын,  қойын,  жүн-терісін  бірінші  сатушылары  болды. 
Әрине, орыс шекарасындағы саудагерлер қазақ елінің өлі затын тым арзан бағамен алды, 
бірақ  бұл  сауда-саттық  дала  жұртына  тек  Бұхар,  Хиуа,  Үргеніштерге  ғана  емес,  өзімен  
шекаралас  орыс  еліне  де  өзінің  артық  малын,  шикізатын  сатуға  мүмкіндік  берді.  Осындай 
сауда  жолы  арқылы,  қазақ  халқының  орыс  елімен  алғашқы  қарым-қатынас  әрекеттері 
басталған. 
 
Ал  Жоңғар  әскерінің  қазақ  жеріне  енуі  тек  қазақ  халқына  ғана  емес,  онымен  көршілес 
елдерге де қиын тиді. Сібір қалаларында суық желдің лебі сезілді. Қырғыздар тау арасына 
қашуға  мәжбүр  болды.  Қарақалпақтар  ығысып,  қазақтың  босқын  ауылдарына  қоныс  берді. 
Жоңғарларды енді Ташкенттен бері қарай аттанар деп қауіптенген өзбектердің де берекесі 
күні бұрын кетті... 
 
әсіресе бұл жағдай Еділ бойындағы қалмақтарға қиын тиді. Еділ мен Жайық бойындағы 
қазақтардың  жайылымын  басып  қалуды  арман  еткен  қалмақтар,  Жоңғар  шабуылының 
алғашқы  кезінде  қазақтардың  ойраттардан  жеңілуін  тілеген-ақ  еді.  Бірақ  бұл  үміттері 
ақталмады.  Жоңғардан  шегінген  қазақтар  малына  жайылым  іздеп,  енді  Еділ  мен  Жайық 


 
47 
өзенінің  бойына  қарай  беттеуге  шықты.  Ал  Россия  саясатшылары  күншығыс-оңтүстік 
жағындағы  қазақтың  ұлы  даласында  болып  жатқан  уақиғаларды  сырттай  бақылаумен 
болды.  Россияның  бұл  кездегі  әрекеттері  өзге  кездегісінен  тіпті  басқаша  келді.  Оның  әр 
қимылында енді сабырлылық, алыстың артын бағушылық байқалды. 
 
әрине, қазақ елінің басына қара түнек туған қилы кезеңде, күншығысынан Жоңғар әскері, 
күнбатысынан  —  Еділ  бойындағы  қалмақ  нояндары,  солтүстігінен    башқұрт  бекзадалары, 
оңтүстігінен  Орта  Азия  хандары  қазақ  даласын  борша-борша  етіп  бөліп  алса  —  Россия 
секілді ұлы мемлекет өзінің қомақты үлесін, арыстан үлесін, өзгелерден әлдеқашан тартып 
әкеткен  болар  еді.  Сөйтудің  қазір  де  кезі  келіп  тұр.  Сөз  жоқ,  Бірінші  Петрден  бұрынғы 
Россия  патшаларының  қайсысы  болса  да  дәл  осылай  істер  де  еді.  Ал,  Бірінші  Петр 
патшадан бастап Шығыс істеріндегі Россия саясаты басқаша құрыла бастаған. Бұл терең де 
және  алысқа  қол  сермеген  саясат  еді.  Оның  көп  шешімдері  сонау  төрт  мұхиттың 
жағаларына  бірдей  қанат  жайған  өзге  ұлы  мемлекеттердің  саясаттарымен  қат-қабат  келіп 
түйісіп 
жатқан. 
Сол 
себептен 
Россия, 
Азияның 
жүрегі 
— 
Орта 
Азия- 
дағы  әрекеттерін  әзірге  достық  қарым-қатынас  пен  сауда-саттықты  жөндеуге  жұмсап, 
алдағы болашақ уақиғалардың табиғи шешімдерін күтуде еді. 
 
Бірақ  бұл  саясат  қазақ  елін  басып  алуға  шыққан  жоңғар  шабуылын  тоқ- 
татқан  жоқ.  Қазақ  елі  батысынан  да,  шығысынан  да  тікелей  жәрдем  ала  алмады.  Тек  өз 
күшіне сенуге тура келді. 
 
 
 
 
Бөгенбай батыр қатты толқу үстінде еді. Ол ауыл сыртына шығып, көп жүрді. Қазір, міне, 
төбе  басында  отыр.  Ой-қиялы  сан  саққа  жүгіріп,  көз  алдынан  Жоңғар  шабуылы 
басталғаннан  бергі  талай  шайқастар  елестеп  өтті,  әсіресе  Шұно-Дабо  ноянмен  екеуінің 
арасындағы айқас есінен кетпеді. 
 
...  Құз  басына  біткен  шынардай,  мызғымас  берік  Бөгенбай  атының  басын  кейін  бұрып 
алды.  Астындағы  омырауы  есіктей  биік  күрең  айғыр,  орағыта  бұрылды  да,  тұяғының 
астындағы құмды ошақтай ойып, қайтадан шапты. 
 
 
Нардай  ақ  боз  текежаумыт  мінген  Шұно-Дабо  ноян  да  атының  басын  бұрып  үлгірген 
екен. О да азынатып келе жатыр... 
 
Бөгенбай  мен  Шұно-Дабо  аттары  үзеңгілесе  тақалып  кеп  қалғанда,  қолдарындағы 
бұзаубас  қара  шоқпарларын  біріне-бірі  тағы  сілтеді.  Бұ  жолы  шоқпарлардың  шойын 
бастары  біріне  бірі  дәл  тиді,  аямай  ұрған  қос  батырдың  алып  күшіне  шыдай  алмай  қыл 
мойындарынан шорт сынып, екі жаққа ұшып түсті. 
 
Аттарының  басын  қайта  бұрып,  екі  батыр  бір-біріне  қарсы  ұмтылғанда,  бұлардың 
қолдарында  енді  сала  құлаш  көк  құрыш  алдаспандары  жарқ-жұрқ  ойнады.  Үзеңгілес  келіп 
екеуі  алдаспандарын  қатар  сермеді.  Бірақ  қылшылдаған  көк  құрыш  қанша  қан 
сағынғанымен,  екі  батырдың  денелеріне  дарымады.  Бірінің  жүзіне  бірі  тиіп,  шақ  етіп  өте 
берді. Батырлар аттарының басын бұрып алып қайта шапты. Бұл жолы олар ақ көбік атып, 
қара  терге  малынған  жүйріктерін  бір  орнында  шыр  көбелек  ойнатып,  ұзақ  уақыт 
қылыштасты...  Ақырында  алдаспандарының  жүздері  майырылып,  екеуі  де  бұл  алыс-
жұлыстан  айнып  шықты.  Екі  батыр  ең  алғашқы  кездескен  беттерінде-ақ  садақ  тартысып, 
найза  салысқан.  Садақтарының  жебелері  шынжыр  сауыттарын  бұзып  өте  алмады.  Ал 
найзаларының  сүмбіл  ұштары  болат  қалқандарына  шақ-шұқ  тиіп,  тез-ақ  майы- 
сып, істен шығып қалды. 
 
Осындай  бірін-бірі  жеңе  алмаған  теке-тірес,  биенің  екі  сауымындай  уақытқа  созылды. 
Өздері де әбден әлсіреп, қара терге малынды, аттары да болдыруға айналды. 
 
Енді бұлар аттарынан созыла түсіп, қылшылдаған ақ семсерлерін жалаңдата бір-біріне 
қарсы жаяу ұмтылды. Тең күш бұ жолы да бірін-бірі жібермеді. Қарулы қолдардың сығуына 
шыдаспай,  алақандары  жазылып,  болат  қанжарлар  жерге  сусып  түсіп,  ақыры  бұлар  қоян-
қолтық  алыса  кетті.  Тобықтан  келетін  жұмсақ  құмды  кешіп  жүріп,  бірін-бірі  жамбасқа  да 
алды, іштен де шалды, көтеріп ап жерге де ұрды. Бірақ бұдан да ештеңе шықпады. Пара-
пар  келген  алып  күш  бірін-біріне  жеңдірмеген.  Күн  шыға  алысқан  қос  арлан  сәске  ауған 
уақытта ғана барып, әбден дымдары құрып, екеуі екі төбешік құмның үстіне әлсірей құлады. 
Біріне-бірі  алдырмайтынын  сезген  қос  батыр  майданға  қайта  шықпады.  Орындарынан 
тәлтіректей  түрегеліп,  анадай  жерде  тұрған  аттарына  кетіп  бара  жатып,  уәделескендей 
екеуі де бірдей кілт тоқтап, арттарына қарады. 


 
48 
 
—  Бөгенбай  батыр,  —  деді  Шұно-Дабо,  —  жекпе-жек  алысып  көрдік,  екеуміздің  де 
арымыз  таза.  Ендігі  жерде  кімде-кім  жолын  табады,  сол  өлтіреді.  Абайсыз  жүріп,  қапы 
қалма! 
 
— Жарар. Сен де арманда кеттім деме! 
 
Осыдан  кейін  екеуі  аттарына  мініп,  бірі  күншығысқа,  екіншісі  солтүстікке  қарай  желе 
жортып кете барған. 
 
Бұл  екеуінің  арасындағы  өшпенділік,  жас  Шұно-Дабоның  қазақ  жеріне  ең  алғашқы 
шабуылға  шыққан  кезінен  басталған.  Содан  бері  бұлар  сан  айқаста  бетпе-бет  кездесті. 
Бірақ  бірін-бірі  жеңе  алмай-ақ  қойды.  Бойға  біткен  алып  қуат  пен  ызалы  кек  ақыры  әкеп 
жекпе-жекке шығарды. Бірақ бұ да ерегес бәсін шешпеді. 
 
әйткенмен  қастасқан  қос  батыр  бес  жылдан  кейін  қайта  кездесті.  Арыс  пен  Бадам 
өзенінің арасындағы адырлы, бұйратты ойлы-қырлы кең дала Үш жүздің атты әскеріне лық 
толған.  Бадам  өзенінен  бес  шақырым  жердегі  «Орда  басы»  деген  биіктің  үстінде  қазақ 
жасақтарының  қолбасшысы  —  ақ  боз  атты  Әбілқайыр  тұр.  Алды  да,  арты  да,  көз  жеткен 
жерге дейін, алақандағыдай айқын көрінеді. Күнгей жағында қара бұлттай тұтасқан жоңғар 
әскері.  Бәрінің  алдында  Шұно-Дабо  ноянның  өзі.  Тау  етегінде  есік  пен  төрдей  қара  көк 
сәйгүлік  мінген  Бөгенбай.  Екі  көзі  әскерінің  алдында  жүрген  Шұно-Дабода.  Сәске  көтеріле 
дабыл ұрылды. Екі жақ бірдей лап қойды. 
 
Бұ  жолы  ұрысқа  отыз  мыңдай  жауынгер  қатысты.  Соғыс  бесінге  дейін  созылды.  Адам 
қаны тағы да судай ақты. Тағы сан ана баласыз, сан бала әкесіз қалды. Бұл Аңырақайдан 
кейінгі ең үлкен айқас еді. Қазақтар бұ жолы да жоңғар әскерін оңдырмай жеңді. Күн ұясына 
қона жоңғар әскері Бадам өзенінің арғы бетіне қарай қашты. Міне, осы арада Бөгенбай мен 
Шұно-Дабо  тағы  кездесті.  Бұлардың  бұ  жолғы  кездесуі  ұзаққа  созылмады.  Әдісін  тапқан 
Бөгенбай, жоңғар ноянының дәл қолтығының астынан көк сүмбілі найзасын мықтап қадады. 
Қолтық астының сауыты жұқалау еді, ұшы біздей көк құрыш Шұно-Дабоның өңменіне бір-ақ 
жетті.  Ноян  ат  жалын  құшып  қалды.  Жерге  құлап  та  түсетін  еді,  иесінің  тізгінін  босатып 
жібергенінен  бір  сұмдықтың  болғанын  сезген  қара  айғыр  мол  сулы,  көбік  атқан  Бадамға 
күмп берді. 
 
Қолтығынан шапшыған қызыл қаны ат жалын бояған Шұно-Дабо кенет есін жиды. Арғы 
бетке таяп қалған екен. Бұның келуін күтіп жағада тұрған немере інісі Қалден Церенді көрді. 
Қолында  шойын  басты  шоқпары.  Шұно-Дабо  жанталасып  атының  басын  кейін  бұрғысы 
келді. Бірақ сол сәтте есінен қайта танып кетті. Астындағы айғыры қос аяғын жар ернеуіне 
зорға  іліндіріп,  арғы  бетке  шыға  берді.  Сол  сәтте  Қалден  Церен  де  шойын  шоқпарымен 
Шұно-Дабоның дәл маңдайынан қос қолдап кеп ұрды. Миы бұрқырап, басы күл-талқан боп 
ұшып  кеткен  ноянның  денесі  ат  үстінен  сырғып,  сұрғылт  толқынға  күмп  етті.  Көбік  атып 
бұрқыраған асау ағыс тірісінде қолы жетпеген қазақ жеріне енді оның өлігін алып кетті. 
 
—  Бар!  Бар!  —  деді  Қалден  Церен,  сұрғылт  суды  қызыл  қанға  бояп  ағып  бара  жатқан 
өліктің сыртынан шоқпарын білеп, — көр енді алтын тақтан дәметіп! 
 
Сөйтті  де  күншығысқа  қарай  шаба  жөнелді.  Өзен  жағасынан  ұзай  бере,  оған  басқа  бір 
ноян қарсы кездесті. 
 
—  Шұно-Дабо  баһадЇрді  көрмедіңіз  бе?  —  деді  ол.  —  Аты  әскер  соңынан  шауып 
барады... Жау қолынан қаза таппаса игі еді. 
 
— Қаза тапса естілер еді ғой,  — деді Қалден Церен.  — Аты бос кетіп  бара жатса, өзі 
қазақ арасында қалған болар... 
 
Қалден Церен артына бұрылып қарамастан, атын тебініп жүріп кетті. 
 
«Шұно-Дабо қазақ жерінде қалып қойыпты» деген аңыз, міне, осылай туған. 
 
Бөгенбай  батыр  халқын  қан-жоса  еткен  қасынан,  Қалден  Церен  өзінің  Жоңғар  тағына 
бәсекелес туысынан осылай құтылған. 
 
Төбе басында отырған Бөгенбайдың есіне енді Бұқар жырау айтқан бір әңгіме оралды. 
«Осы  біздің  Бұқар  шынында  әулие  ғой!»  деп  ойлады  ішінен.  Ол  сонау  «Ақтабан 
шұбырынды»  кезінің  өзінде-ақ:  «Біз  жоңғарларды  түбінде  жеңеміз»  деп  еді.  Сол  айтқаны 
дәл келді. 
 
Шұно-Дабо  өлген  ұрыс  шынында  да,  Жоңғар  басқыншыларының  қазақ  қолдарынан 
мықтап тойтарыс алуының басы еді. 
 
Тәуке ханды өз көзімен көрген Бұқар жырау бірде жорықтан келе жатып, бұған: 


 
49 
 
—  Есіңде  болсын,  құртамын  деп  қылышын  сүйретіп  келген  жау,  әрқашан  да  өзіне  сол 
жерден  ажал  табады.  Халқы  қоштамаған  әділетсіз  соғыс,  түбі,  Жоңғар  қонтайшысының 
күйреуімен бітуге тиіс. 
 
— Сыбан Раптанның бұл шабуылын халқы қолдамай отыр ма? 
 
—  Қолдаса,  соғыстан  олжа  табам  деп,  бала-шағасын  шұбыртып,  бар  жоң- 
ғар  осы  маңға  көшпес  пе  еді?..  Қазақ  жеріне  қонтайшыларының  дүмпуімен  тек  әскері  ғана 
келді... Бірақ басқыншы әскер, қанша айбарлы болғанменен, жат жерде ұзақ орнығып отыра 
алмайды.  Халқы  жақтамаған  соғыс  қашан  да  шапқыншылардың  күйреуімен  біткен.  Бұл  — 
тарих  қағидасы.  Әттең  не  керек,  ел  басқарушы  күштілер  сол  тарихи  сабақты  естерінен 
шығарып алады. Басқаны былай қойып, қазақ хандарының кейбіреуі бөтеннің жерін басып 
алам деп жүріп,  сол жат жерде қаза тапқан. 
 
—  Сіз  кімді  айтып  отырсыз?  Сонау  көне  заманда  болмаса,  өзім  ес  білгелі  қазақ  әскері 
бөтен елді шапты дегенді естігем жоқ. 
 
— Естімесең мен айтайын, тыңда. 
 
Бөгенбай  қоржынын  шынтағының  астына  сап,  ыңғайланып  жатты.  Бұл  әңгіме  Жоңғар 
қолын  аңдыған  бір  үлкен  жорықта  болған.  Жырау  Хақназар  хан  өлгеннен  кейінгі  хикаяны 
бастап та кетті. 
 
 
 
 
— Ер азбай, ел азса  — айдын көлдің суалғаны. Ел азбай, ер азса  — зор  бәйтеректің 
құлағаны,  —  деп  бастады  Бұқар  жырау  қазақ  елінің  ұлы  шежіресінің  бір  тармағын.  — 
Бәйтерегің  құласа  —  ағаш  орнына  ағаш  өседі.  Айдын  көлің суалса  немен  толар  есесі?  Ер 
бұзылса да ел бұзылмасын. Бұзылғанды түзетеді. Түзелмесін жер етеді. 
 
—  Тәуекел  сұлтан  Абдолла  ханнан  қашқан  бетімен,  —  деді  ол  сөзін  жалғап,  —  Талас 
өзенінің  бойындағы  Дулат  еліне  келген.  Мұнда  Есім  сұлтанның  шешесі,  Шағайдың  өзіне 
ермей қалған бәйбішесі Балғайым Бикенің аулы бар еді. Содан кейін Тәуекел қайын жұрты 
Қараспандағы  Қыпшаққа  барды.  Одан  Сарайшыққа  сапар  шекті.  Мұнда  әмеңгерлік 
дәстүрімен,  Хақназардан  айрылса  да,  әлі  де  болса  толықсып  отырған  Ақторғынды 
тоқалдыққа  алды.  Ақыры,  адуынды  Балғайым  Бикенің  ықпалы  жүретін  Жетісудың  теріскей 
өңіріндегі  Ұлы  жүздің  рулары  мен  Ноғайлы,  Қыпшақ,  Қоңырат  билерінің  қолдауы  арқылы 
арада үш жыл өткенде Үлкен Орда тағына хан боп көтерілді. 
 
—  Қазақ  елі  Тәуекелдің  өткен  күнәсін  кешіріп,  Үлкен  Орда  төңірегіне  шоғырлана 
бастады,  —  деді  Бұқар  жырау.  —  Өйткені  оған  басын  қосар  ер  керек  еді.  Ойпатты  тасқын 
басқанда, не орманды өрт алғанда қасқыр мен қоян, бұғы мен жолбарыс апаттан құтылмақ 
боп бірге қашады. Қазақ елі ол кезде осындай жағдайда еді. Жан-жағынан қаптаған жаудан 
құтылудың  жолы  —  тағы  да  тек  бас  бірлігі.  Бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып,  бір 
ердің  соңынан  еру  қажет  болатын.  Ондай  адам  Абдолла  жағындағы  әкесі  Шағайдан 
бөлінген  бақ-дәулетке  қарамаған  ер  азамат  Тәуекел.  Осылай  деп  бекзадалар  халықты 
ұғындырған.  Осылай  деп  бүкіл  туған-туысы,  аға-інілері  де  дәріптейді.  Жалғыз  қауіп  Шағай 
болса, о да жақында дүние салған. 
 
Бұл кезде, әрине, Бұхар ханы Абдолла да текке қарап жатпады. 
 
Бұхарға қарсы көтерілген еңбекші жұртты қанға бояп, басты. Хандығының оңтүстігіндегі 
Бадахшанды,  батысындағы  Қорасан,  Гилян,  Хорезмді  өзіне  біржолата  бағындырып  алды. 
Шығыс  Түркістанға  аттанып,  Қашқар  мен  Жаркентті  аямай  шауып,  көп  мал-мүліктерін 
олжаланды.  Енді  алдында  Сырдың  орта  және  аяқ  шеніндегі  қалаларды  бағындыру  ғана 
қалды. 
 
Осы екі арада Абдолла хан мен оның баласы әбді-Мумин арасында бір хандықты екіге 
бөлген араздық қаулап кетті. Абдолла хан болған күннен бастап, әбді-Мумин бүкіл Балхыны 
меңгеріп келген. Оған енді бұл билік аз көрінді, бүкіл хандықты билегісі келді. 
 
Сөйтіп Бұхара хандығының күші екіге бөлінді. 
 
Осы  жағдай  енді  қазақ  хандығының  күшеюіне,  Түркістан  саясатына  тікелей  
қатынасуына көп көмек берді. 
 
Сөйткенмен де қазақ даласының халі қиындай бастады. Қытай боғдыханы айдап салған 
Жоңғар 
әскері 
қазақ 
ауылдарын 
шабуды 
үдетті. 
Сан 
түрлі 
жауыздық  әдіс  қолданып,  Қытай  саясаткерлері  көшпелі  халықтардың  арасына  от  жағып, 
біріне-бірін  айдап  салып,  олардың  шұрайлы  жерлерін  өзіне  ала  берді.  Өзара  айқаспен 
қалжырауға 
айналған 
бұл 
халықтар 
Қытайдың 
тәртіпке 
қойыл- 


 
50 
ған  әскерлеріне  ұзақ  қарсылық  білдіре  алмады.  Қытай  айдаһары  созыла  жылжып,  қазақ 
жеріне түсті. 
 
Ал  құбыласы  мен  теріскей  жағынан  дәл  қазір  төніп  тұрған  қауіпті  Тәуекел  хан  көрмеді. 
Түбі  Қытай  боғдыханымен,  Жоңғар  қонтайшысымен  алыса  қалар  күн  туса,  бұл  жақтағы 
айбарлы көршісі Россияның керегі болар деп ойлады ол. Тіпті Абдолламен соғысқан кезде 
де  орыс  патшасының  тыныш  жатқаны  қажет-ақ.  Осы  жағдайларды  есепке  ап,  ол  Түменге 
өзінің немере ағасы Оразмұхаммед батырды елшілікке жіберді. Бірақ Оразмұхаммед Түмен 
қаласына барған соң, осы қаладағы Мәскеуге қарсы әрекет жасап жүрген Ноғайлы билерінің 
тобына  қосылып  кетіп,  қолға  түскен.  Орыс  патшасы  тұтқындарды  айдап  Мәскеуге  алып 
келіп,  Ноғайлы  елінің  билерін  өлім  жазасына  бұйырып,  «Джамши  әл-тарихиды»  жазған 
Жалайыр  Қадір  әлби  мен  Оразмұхаммедті  тірі  қалдырады.  Оразмұхаммедтің  әкесі  Борис 
Годуновтың  қарамағында  біраз  жыл  қызмет  істеп,  патшаға  еңбегі  сіңген  адам  еді.  Сол 
себептен оның баласына тимеген. Ал Тәуекел хан немере ағасы Оразмұхаммедті босатып 
аламын  деп  көп  әрекеттенді.  Мәскеу  патшалығымен  келісім  сөз  де  жүргізді.  Елшілік  те 
жіберді.  Бірақ  патша  Оразмұхаммедті  босатпады  да  және  өлтірмеді  де.  Ақырында  орыс 
жеріне қуылып  барып, қызметімен ұнаған Тоқтамыс ханның немересі Қасым сұлтанның аты 
берілген  Касимовка  (Кармек-Шахар)  қаласына  Оразмұхаммедті  әмірші  етті.  Енді  Тәуекел 
хан  тыныш  жатқан  жолбарыстың  құйрығын  басқысы  келмей,  Мәскеу  патшасы  Борис 
Годуновпен тіл табуға тырысты. Бұған Оразмұхаммед те аз жәрдем берген жоқ. Құбыласы 
тынышталған  Тәуекел,  әкесі  мен  баласының  арасындағы  өшпендікті  пайдаланып, 
Абдоллаға қарсы соғыс ашпақ болды. Әрине, соғыс ашуға хандарға қашан да болса себеп 
табылады,  түбі  Сыр  бойындағы  қазақ  шаһарларына  туатын  қауіп  осы  хан  жағынан  туады 
деп  сенген  Тәуекел.  Содан  кейін  барып,  қазақ  жеріне  көзін  тіккен  Қытай,  Ойрат 
хандықтарымен алыспақ болды. 
 
 
 
 
— Яссы шаһары бұл кезде Түркістан шаһары деп аталған. Тәуекел ханның астанасы да 
осы  Түркістан.  Хан  сарайы  Қожа  Ахмет  Яссауи  мешітінің  күншығыс  жағында,  қалың  бау-
бақшаның арасына салынған. Күйген кірпішке сан түрлі бояумен әшекейлеп жазылған құран 
сүрелері, сырлы әдемі өрнектер. Оңтүстіктің аңызақ ыстық желі еш әсер ете алмас, қалың 
қабырғалы  кең  бөлмелер.  Түркістан  хан  сарайы  Самарқант  пен  Бұхар  патша 
сарайларындай алтын күмбезді, айбарлы болмағанмен, біркелкі сыпайы, салтанатты. 
 
Ал  қазір,  жасыл  төккен  майдың  сәулетіне  қарамай,  соғысқа  дайындалған  қала 
әдеттегісінен  бір  түрлі  суық,  ызғарлы.  Жасақ  жалғыз  Түркістан  ішінде  ғана  емес,  сонау 
Қарнақ пен Сукенттен бастап, Түркістан маңындағы дих, қышлақтардың бәріне де лықылдап 
толған. Ақ Жайық, Есіл, Нұрадан келген жуан қоныш батырлар, Жаркент, Ақсудан да келген 
Қытайы қылыш безенген жауынгерлер. 
 
Кеше хан кеңесі болған. Бұл кеңесте Тәуекелдің қарамағындағы қалың әскер үш сапқа 
бөлініп,  Абдоллаға  күш  жинауға  мүмкіндік  бере  алдымен  Ташкентке,  онан  кейін 
Самарқантқа  аттанылсын  деп  шешілген.  Бұл  қалаларды  алғаннан  кейін  барып  Бұхар 
ханымен келісім сөз жүргізілсін делінген. 
 
 
Түркістаннан  шығатын  әскердің  басшылары  әрине  хан  тұқымынан  болмақ:  оң  қолын 
Тәуекелдің  інісі  батыр  Құджек,  сол  қолын  қазір  жиырмаға  жеткен,  жұрт:  «Еңселі  бойлы  ер 
Есім»  деп  атай  бастаған  Есім  сұлтан  басқармақ.  Әскердің  ортадағы  кіндік  қолының  туын 
Тәуекел  хан  өз  шатырына  тікпек.  Осылай  үш  тісті  өткір  айырдай  қалың  қол  Ташкентті 
қоршамақ. Бұндай жағдайда қандай үлкен шаһар болмасын, тек өз күшімен ғана қарсыласа 
алады.  Оларға  сырттан  жәрдем  келмейді.  Ал  Абдолла  әскерінің  дені  жалдама  әскер.  Сан 
түрлі  ұлттың  қанқұмар,  бұзық,  тентектерінен  құрылған.  Бұндай  жалдама  әскердің  өзінен 
күшті қолға қарсы жанқиярлық көрсете қоюы екіталай. Оның үстіне қала тұрғындары Бұхар 
хандығының ауыр алым-салығынан әбден жадап-жүдеген. Бұған шыдай алмаған шаруалар 
қатын,  баласын  шұбыртып  қазақ  даласына  қарай  қашатын.  Абдоллаға  бір  кезде  қызмет 
істеп, Бұхар жұртшылығының қандай ауыр күйде екенімен жақсы таныс Тәуекел, Ташкент, 
Самарқант  жатақтарына:  егер  шаһарлары  бұған  көшетіндей  күн  туса,  алым-салықтан 
мүлдем босатамын деп уәде берді. Бұ да қала тұрғындарының бірігуіне ірткі салды. 
 
Жеңіс  өз  жағында  болатынына  көзі  жеткен  Тәуекел  ғибадат  бөлмесіне  кіріп, 
Ақторғынның төсегінде ұйқысы қанып шыққан. 


 
51 
 
Бірақ таңертеңгі асқа отырар алдында оған тағы бір жаман хабар жетті. Ол өзіне серік 
адамдардың бірде-бірін шақыртпай, хан сарайына Жиембет жырауды алғызды. 
 
Таңертеңгі  намазын  оқып,  шайын  ішіп  хан  сарайына  келсе,  Жиембет  жырау  есік 
алдындағы бауда күтіп отыр екен. 
 
Тәуекел уәзіріне: 
 
— Жырау кірсін, — деді. 
 
Бұл баяғы ұстай қалсаң шоқтай күйіп тұрған Жиембет емес. Түрі солғын, отыздан жаңа 
асып  бара  жатса  да  қою  қара  сақалына  ақ  түсе  бастаған.  Басындағы  бөркі  де  жас 
кезіндегідей  қып-қызыл  қыр  түлкісінің  терісінен  көмкерілмеген,  сұрғылт  жүнді  Қаратау 
қарсағының пұшпағынан жасалған. Үстіндегі шекпенінің  де жағасы мен жеңдері қырқылған. 
Тек  үкілі  домбырасы  ғана  жап-жаңа.  Сірә,  хан  ордасына  Қазықұрттан  жол  шегерінде 
домбырасын әдейі жаңартқандай... 
 
 
Жиембет  сарай  жырауы  болғысы  келмеген.  Ол  Індір  маңынан  Қаратау  тұсына  көшіп 
келгенмен, хан ордасына анда-санда ғана қатынап тұратын. Келген сайын Тәуекел оған ат 
мінгізіп, шапан жаптыратын. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей, Тәуекелдің өзі 
қашқын болып жүрген кезінде жас Жиембет оның соңына ерді. Ноғайлы жерінде Тәуекелді 
алғашқы мадақтаған да осы Жиембет. Жыраудың одан басқа да Тәуекелге керек жері бар. 
 
Жиембет  жырау  қызық  адам.  Ол  Тәуекел  хан  болған  күннің  ертеңіне  жоқ  болып  кетті. 
Соңынан  хан  жіберген  қуғыншылар,  жырауды  әрі-бері  іздеп  таба  алмай  қайтқан.  Сол 
Жиембетті екі жыл өткеннен кейін әлдекімдер қол-аяғын қыл шылбырмен матап, Тәуекелдің 
алдына алып келді. Тексерген уақытта оқиға былай болып шықты. Еліне қайтқан Жиембет 
Байұлы  руының  атақты  бір  шонжарының  он  жеті  жасар  Есенбике  атты  қызымен  көңіл 
қосады. 
Астындағы 
жал- 
ғыз аты, қолындағы екі шекті домбырасынан бөтен қалың мал төлер қайраты жоқ Жиембет 
Індір тауына қызды алып қашады. 
 
Қанша  от  ауызды,  орақ  тісті  болғанменен,  жырауды  өзіне  тең  көрмей  бай  жігіттерін 
жіберіп,  қызы  мен  Жиембетті  ұстап  әкелдіреді.  Бірақ  жыраудың  Тәуекел  ханға  жақындығы 
барын естіген қыз әкесі ата ғұрпын бұзған ақынын өзі жазаласын деп, қол-аяғын байлап хан 
алдына алып келген. 
 
— Иә, сөйле жырау! — деген, Тәуекел күрсініп Жиембетті көрісімен. 
 
— Қол-аяғы байлаулы жырау қалай сөйлейді? — деді Жиембет ханға тесіле қарап. 
 
Тәуекел жігіттеріне «босат» деген ишарат білдірді. 
 
Босанған Жиембет керегеге сүйеулі тұрған хан домбырасын алып, шырқай жөнелген: 
 
 
«Үш ай тоқсан кезінде 
Қақ көктемнің кезінде 
Қошқар менен бура мас
Айғыр менен бұқа мас. 
Жас болжамы жеткенде 
Қыздар менен жігіт мас — 
Сол мастықтың жөнімен 
Алдыңа келген мен бір жас, — 
Кессеңіз, ханым, міне бас!» 
 
 
Сонда Тәуекел езу тартып: 
 
— Қыз бен жігіт екеуі де айыпты екен, екеуі де жастыққа мас болған екен, — деген қыз 
әкесіне қарап, — екі балаңды бірдей дүрелеп, байеке, елге жақсы ат ала алмассыз, болған 
іс  болып  қалған  екен,  бұларды  айырғанмен,  сынған  тобатай  қайта  бүтінделмес.  Бір  жолға 
күнәсін кешіріңіз. 
 
Жазадан құтылғанмен байдың ашуынан сескенген Жиембет сүйген жары Есенбикемен 
Індір жағына бармай, Қазықұрт маңындағы ел арасында қалып қойған. Ол той-думанда тек 
жарлының  жоғын  жоқтап,  халықтың  сүйікті  жырауына  айналған.  Кеше  хан  кеңесі  кезінде 
Үстірт  жағынан  Тәуекелге  көмекке  келген  Кіші  жүздің  шағын  қолының  ішінде  Жиембет 
жырау  да  бар  дегенді  Тәуекел  естіп  қалған.  Ел  аралаған  ақын,  жыраудан  қарамағындағы 
жұрттың  өзіне  деген  ойын,  алғысын,  қарғысын  біліп  тұру  хандардың  қашаннан  бергі  әдеті. 
Осы дәстүр бойынша «халық құлағы, көзі» деп саналатын жырауды өзіне шақырып, жорық 
алдында жұрт аңысын білгісі келді. 
 
Амандасып болғаннан кейін Тәуекел: 
 
— Сөйле, жырау! Біздің жорығымыз жайында ел-жұртың не деп жатыр? — деді. 


 
52 
 
— Қуанышты ел-жұртты көрмедім... 
 
— Айта бер, жырау. 
 
—  Бізге  бөтен  елдің  жері  керек  емес  деп  жатыр  жұртың.  Бұхар,  Самар- 
қантты  аламыз  деп  —  халықтың  қанын  төгу  қиянат,  хан  мен  сұлтандардың  бұл  әділетсіз 
жорығын  қостамауымыз  керек.  Алда-жалда  Ташкент,  Самарқанттағы  хан  сарайлары  керек 
болса, 
сұлтандардың 
өзі 
барып 
соғыссын 
дейді 
хал- 
қың.  Расында  да,  Тәуекел  хан,  сен  жақсылыққа  бастап  отырған  жоқсың.  Соңыңнан  жұрт 
ерсе,  өз  елін,  өз  жерін  қорғаймын  деп  ерді.  Ал  сен...  Бұл  бүліншіліктің  аяғы  неге  барып 
соғатынын  білесің  бе?  Енді  өзбек  қалалары  ғана  өртеніп  қоймайды,  қазақ  даласын  да  өрт 
алады! 
 
 
Хан сұп-сұр боп кетті, бірақ сыр берген жоқ. 
 
— Айтарың болса тағы айт! 
 
—  Қыс  ұзаққа  созылса  мал  қырылады,  хан  ием.  Далада  иін-тірескен  шөпті  шабудың 
орнына, ер азаматтарың соғысқа аттанғалы жатыр. Бұдан жұртыңа қандай пайда бар? 
 
— Айт, айта түс, жырау! 
 
Жиембет кілт тоқтады. 
 
—  Жоқ,  мен  болдым,  —  деді.  —  Сен  бұйырсаң  да  хан  ием,  бұл  сөзді  айтып  жүрген 
адамдардың атын мен саған естіртпеймін. 
 
—  Естіртіп  қажеті  жоқ,  —  деді  Тәуекел  езу  тартып,  қазір  оларды  өз  көзіңмен  көресің... 
Сөздерін өз құлағыңмен естисің... 
 
— Сосын!? 
 
— Олардың күмәндануы дұрыс па, төрелігін өзің айтасың... 
 
Тәуекел  есік  алдындағы  күзетшілерге  ишарат  етті.  Сол  сәтте  есіктің  ар  жағынан 
шынжырдың шылдырлаған үні естілді. 
 
Аздан  кейін  он  шақты  күзетші  қоршаған  екі  батыр  үйге  кірді.  Аяқ,  қолдары  кісендеулі. 
Жиембет жыраудың жүрегі ойнай жөнелді. Бұл атақты егіз жігіт  Қияқ пен Тұяқ еді. Жақында 
ғана  хан  екеуін  мың  басы  еткен.  Тәуекел  Ақ  Орданың  қалдығын  жинап,  қазақ  хандығын 
қайта  құрғанға  дейін,  екеуі  де  оған  аянбай  қызмет  етіп  келген.  Тәуекел  Қияқ  батырға  өмір 
бойы  борышты  да  еді.  Сөйткен  қос  батыр,  міне,  енді  хан  алдында  айыпты  боп,  кісендеулі 
тұр. 
 
—  Жорық  алдында  халық  арасында  сенімсіздік  туғызып,  әлгі  сөзді  айтып  жүрген 
ерлерің,  міне,  мыналар,  —  деді  Тәуекел,  —  «Құм  жиылып  тас  болмас,  құл  жиылып  бас 
болмас» деген де, міне осы! Қан майданда қан төгілсе тек құлдардың ғана қаны төгіле ме? 
Айқаста ажал қарасың ба, төресің бе, таңдап жатпайды. Қан төгілмей хандық құруға болады 
дегенді кім айтқан?! 
 
Жиембет  бар  сырды  бірден  ұқты.  Еңгезердей  күзетшілердің  ортасында  шоқтығы 
анағұрлым  биік  қос  батыр  тапжылмай  тұр.  Қол-аяқтары  кісендеулі.  Сонда  да  тәкаппар 
бастарын төмен иер емес. Осындай ұлы жорықтың алдында Қияқ пен Тұяқ секілді халықтың 
сүйікті батырларын біржолата құртып жіберуге Тәуекелдің де көңілі дауаламаған. 
 
Хан ишарат етті. Күзетшілер үйден шығып кетті. Сонда ғана Тәуекел: 
 
—  Егер  сендерді  бұрыннан  білмесем,  сөздеріңнен  Абдолланың  алтын  ақшасының 
сылдыры естіледі дер едім... — деді қос батырға ренжи қарап. 
 
—  Біздің  мына  ақылсыз  бастарымызды  бірден  алдырып  тастамағаныңызға  рақмет, 
тақсыр хан, — деді Қияқ батыр. Оның даусынан мысқыл білінді. 
 
—  Басымыз  алынбай  қалады  деп  қорықпаңдар!  —  деді  Тәуекел  кекесін  сөзге  кекесін 
жауап  қайтарып.  —  әйтсе  де,  Абдоллаға  неге  сонша  жандарың  аши  қалды.  Қияқ?  Соны 
айтшы? 
 
— Біз қазақпыз, хан ием. 
 
— Иә? 
 
— Қазақ болғанда жай қазақпыз. Бізге басқаның жерінің мүлде керегі жоқ. 
 
— Ал Абдоллаға ше? 
 
—  Келіп  көрсін.  Біздің  шаһарларымызды  аламын  деп  екі  рет  келді  емес  пе,  одан  не 
шықты?  Оны  өзің  де  білесің.  Ал  бізге  басқа  елдің  қаласының  керегі  жоқ.  Мұны  жалғыз  біз 
емес, қарамағыңдағы барлық жұрт айтады. 
 
—  Дәшті  Қыпшақ  елінің  жорықтарын  ұмыттың  ба,  Қияқ  батыр?  Еліміздің  ерлігі  көне 
жырлардың  бәрінде  де  айтылған.  Ата-бабамыздың  атын  естігенде,  сонау  Стамбул,  Рум 
дірілдеген! 


 
53 
 
— Ол хандардың жыры, хан ием. 
 
— Ал атағы ше? 
 
— Ол хандардың атағы, хан ием! 
 
— Бәрін бізге бергенде, өзіңе не қалды? 
 
—  Ата  мекен  жерім  қалады!  Оған  қоса  сонау  менің  қараша  үйімнің  жанында  жайылып 
жүрген  елу  қой,  төрт  түйе,  жауға  шабар  бір  жүйрігім  қалады!  Со  да  жетеді  маған.  Ал  егер 
жұт  келіп,  сол  күн  көрісімнен  айрылсам,  менің  үй  ішімді  еш  ханның  атағы  аштықтан  алып 
қала алмайды. Тіпті қос мүйізді Ескендір Зұлхарнайынның атағы да! 
 
— Ал Тұяқ батыр, сен не дейсің? 
 
—  Біздің  бәріміздің  тілегіміз  бір.  Өзбектің  де,  қазақтың  да,  қырғыздың  да.  Ташкентте 
жақыны  жоқ  Түркістан  тұрғындарын  кездестіре  алмайсың.  Өз  күнін  өзі  әзер  көріп  жүрген 
Бұхар ұстасын жалғыз атты Тұяқ барып шапқанда не табады? 
 
—  Тек  Бұхар  ұстасын  ғана  шабамысың?  Қолыңды  қышытып  жүрген  хан  сарайын  да 
тонайсың ғой. 
 
— Одан маған не тиеді? Хан сарайының мүлкі — хандардың үлесі... 
 
Ханның  жарылып  кете  жаздап  ашуланғанын  Жиембет  жырау  көріп  тұр.  Тәуекелдің 
бетінен қаны қашып, отты көзі ұшқын атады. 
 
—  Соғыс  бола  ма,  болмай  ма,  оны  сендер  емес,  хан  шешеді,  —  деді.  —  Тек  мынаған 
ғана жауап беріңдерші. Ташкентте де туысымыз бар дедіңдер ғой жаңа. Ал сол Ташкенттен 
қазақ жеріне жүздеген адам неге қашады? 
 
— Ол жақта бір кедейдің терісін екі рет сыпырады, ал мұнда... 
 
— Тоқтама, аяғына дейін айт! 
 
— Ал мұнда бір жарым рет қана! — деді Қияқ батыр, ханның бетіне тіке қарап. 
 
—  Ұмытпаспын  бұл  сөзіңді,  батыр,  —  деді  Тәуекел  ызадан  тұншыға,  —  жарайды,  бұл 
жайында тағы да сөйлесерміз. Тек сендер маған мынаны айтыңдаршы... Ташкент жорығына 
бармай-ақ  қойыңдар.  Сонда  Бұхар  әміршісінің  құлдығынан  құтыламыз  деп  бізді  күтіп 
отырған ағайын-туыстарыңның үмітін сатқандарың ба, қалай болғаны?.. 
 
Мұндай сұрақты күтпеген қос батыр бірден жауап таба алмай қысылып қалды. 
 
— әрине, біз оларға жәрдем беруге тиістіміз... — деді Қияқ күмілжи. 
 
—  Бәсе,  солай  шығар!  Ташкентті  алсақ,  Абдолла  ханның  шаһарларымызға  шабуыл 
салатын қаласы қалмайды. Көрдіңдер ме, бұл жорықтың не үшін керек екенін? Жә, болды 
енді, батырлар... Барыңдар... Тезірек Ташкент жорығына  дайындалыңдар. 
 
Тәуекел күзетшілерді шақырып алып, екі батырдың аяқ-қолдарындағы кісендерді алуды 
бұйырды. Қияқ пен Тұяқ ханға ләм-мим деп тіл қатпай, құр бастарын иіп тәжім етті де, үйден 
шығып кетті. 
 
—  «Қилы-қилы  заман  болар»  деген  міне,  осы  —  деді  Тәуекел  Жиембет  жырауға 
бұрылып. — Бұрынғыдай емес, хан қарамағындағы адамдарына: «Жорыққа бірге жүріңдер» 
деп өтінетін күйге жетті... 
 
— әйтсе де, әлгі екеуін дұрыс босаттың, хан ием. 
 
— Ташкент жорығына олар аттанады, — кенет, оның жүзі тағы сұрланып кетті, — содан 
кейін  жолыма  бөгет  болып  көрсін!  Абдолланың  маған  ойлаған  қастығын  өмір-бақи 
ұмытпаспын.  Самарқантын  да,  Бұхарын  да  аламын!  Балқы  мен    Хиуаға  да  барамын! 
Абдолланы  үрім-бұтағымен  бірге,  табанымның  астына  саламын.  Мойнына  арқан  байлап 
Бұхардың  о  шеті  мен  бұ  шетіне  сүйретіп  өтем.  Ақсақ  Темірдің  туы  желбіреген  Самарқант 
пен Бұхарда Ақ Орданың ақ туын желбіретем! Бар әлемге атағымды шығарам! 
 
Екі  иығын  кере,  орнынан  қалай  тұрып  кеткенін  Тәуекел  өзі  де  сезбей  қалды.  Көзі  сәл 
жұмылып кеткен. Не айтып, не қойғанын білер емес. Аузы ақ көбіктеніп, бір қолын жоғары 
көтеріп, тұншыға сөйлеп тұр! әлден уақытта өзіне тіксіне қараған жыраудың көзіне көзі түсіп 
кетіп кілт тоқтады. 
 
Ақ Орда ханы созыла барып орнына отырды. 
 
— Көкейкесті армандарымның аузымнан шыққаны шошытқан жоқ па сені, жырау? 
 
Жиембет басын шайқады. 
 
— Жоқ. Тек бұл кеселді саған дәл осылай тым ерте келеді деп ойлаған жоқ едім. 
 
 
— Қандай кесел? 
 
— Хан кеселі... Тым ерте келді. Соңыра-ақ келсе төгілетін қан да аз болар еді, хан ием... 
 
Екі  жақ  Ташкент  шаһарының  күнбатыс  тұсында  кездесті.  Абдолла  хан  алпыстан 
асқанына  қарамай  ақ  боз  атын  ойнақтатып,  қан  майданға  өзі  шықты.  Бұл  айқаста  әбді-


 
54 
Мумин қатысқан жоқ. Ол өзінің әскерін Балқы шетінде ұстап қалды. Қазақ қолынан екі есе 
кем Абдолла лашкарлары барынша ерлік көрсетті. Бұл кездегі олардың ең сенімді қарулары 
Ташкент шаһарларының ең биік қамалының үстіне орнатқан «Қара бура» зеңбірегі, бықыған 
қазақ қолына ажал  тасын жаудыра бастады. Қазақ әскері шыдай алмай кейін шегінді. Дәл 
осы  мезгілде  Ташкент  шаһарындағы  бұрынғы  Бабасұлтан  жағындағы  көп  тұрғындар 
қаланың  түкпіріндегі  темір  қақпаны  ашты.  Осы  қақпадан  кірген  Қияқ  пен  Тұяқтың  екі  мың 
әскері шаһар ішіндегі Абдолла қолын күл-талқан етіп, ескі қамал  үстіндегі қатар тұрған төрт 
«Қара  бура»  зеңбірегін  қиратты.  Кейін  шегінуге    айналған  Тәуекел  хан  әскері  қайтадан 
шабуылға  шықты.  Есім  мен  Құджек  сұлтанның  екі  бүйірін  ала,  қиялап  шапқан 
жауынгерлерінен  қоршауға  түсіп  қалады  екенбіз  деп  сескенген  Абдолла  әскеріне  кейін 
шегінуге  бұйырды.  Сол-ақ  екен,  «жау  қашты»  деп  сойыл,  шоқпар  ұстаған  қалың  қазақ  лап 
қойды. Бұдан бұрын бетіне жан қаратпаған, қорасан құрышына бөленген Бұхардың атақты 
лашкарлары,  бүкіл  Орта  Азияға  әйгілі  Ұбайдолла,  Асфандияр,  әбді-Латиф,  Ходжа-Кули-
құшбегі,  Құдайберді  жасауыл,  Құлбаба-кЇкілташ  секілді  әскер  қолбасшыларынан  айрылып, 
тым-тырақай шегіне бастады. 
 
әлі  де  болса  лашкарларын  тоқтатам  деп  әуре  болып,  жасақтарының  орта  шенінде 
жүрген  Абдолла  ханға  кенет  әлдекім  сауыт  бұзар  жебесін  жіберді,  Аралары  садақ  оғы 
жетердей  жерде  емес,  алыс  еді.  Сөйтсе  де  ысқыра  ұшқан  жебе  «жеттім  бе  саған  да» 
дегендей, екі қабат тор сауыттан өтіп Абдолла ханның қақ бүйірінен кеп қадалды. Ат үстінен 
құлап  бара  жатқан  ханды  күзетші  жігіттері  қағып  алып,  жау  қолына  түсірмей  әкетті.  Енді 
Абдолла  әскерінің  әлі  де  болса  жауына  төтеп  беріп  жүрген  топтары  қарсыласуын  қойып, 
аттарының басын Бұхарға қарай бұрды. 
 
— Маған оқ атқан сол жігіт. Тек соның ғана оғы менің сауытымды бұзып өте алады, — 
деді қансырап жатқан Абдолла. 
 
Иә,  дәл  Абдоллаға  арнап  көк  құрыш  сауыт  бұзар  оғын  Сайрам  айқасынан  бері  сақтап 
келген Қияқ батыр еді. Бұ да ұзақ күткен арманына жетті. 
 
Қазақ әскерлері осы қарқынымен, тасыған өзендей, жолдарында кездескен  бөгеттердің 
быт-шытын шығарып, Ақсақ Темірдің ордасы Самарқантты алды. Бұдан екі жүз жыл бұрын 
бүкіл  әлемді  тітіреткен  Ақсақ  Темір  көреген  Алтын  Орда  астанасы  Сарайға  қандай 
айбармен  кірген  болса,  енді  сол  Алтын  Орда  хандарының  ұрпағы  Тәуекел  хан,  сары 
алтынмен  қақтаған  ер-тұрманды  сүліктей  қара  арғымағын  ойнатып,  сондай  айбармен 
Самарқантқа  кірді.  Қожа  Ахмет  Яссауи,  Қожа  Нахшбанди  мешіттерін  салдырған  әлем 
әміршісі  Ақсақ  Темір  гүлдей  жайнаған  Сарай  шаһарын,  бір  кезде  Батый  мен  Берке  тұрған 
Гүлстан  сарайларын  жермен-жексен  етіп  қиратса,  көшпелі  елдердің  әскерін  басқарған 
Тәуекел хан Самарқант шаһарының бірде-бір кірпіші бүлінбесін деп жарлық берді. Бұнысы 
Тәуекелдің  болашақ  ұрпақтың  қарғысынан  қорыққаны  емес-ті.  Бұхар  хандығына  қарсы 
шықса  да,  қазақ  елі  Самарқант,  Бұхара,  Хиуа,  Хорезм  шаһарларын  пір  тұтатын.  Оның 
салтанатты  сарайларын  көргенде,  көріктеріне  таң  қалып,  жас  баладай  қуанатын.  Тәуекел 
хан  соңынан  ерген  осы  халықтың  рухани  сезіміне  қарсы  шығып,  оны  өзіне  өшіктіргісі 
келмеді. Сол себептен Самарқанттың алтын күмбезді сарайлары аман қалды. 
 
 
 
 
әлемді тітіренткен Ақсақ Темір әмірші зираты «Гөр әмірдің» қасында, өзімен бірге алып 
жүрген  сырлы  хан  тағында  қазақ  даласының  әміршісі  Тәуекел  отыр.  Күншығыс  жағындағы 
Ұлықбек мұнарасының үстінде жылқы құйрығының қос уыс қылы байланған Ақ Орданың ақ 
туы желбірейді. Хан жанына Есім, Құджек, тағы солар секілді сұлтан, би, батыр, ақсақалдар 
бірінен  соң  бірі  келіп,  тәжім  етіп  жатты.  Хан  көзі  әлдекімдерді  іздеп,  ақыры  қалың  топ 
мырзалардан шеттеу тұрған Қияқ пен Тұяқты тауып алды. 
 
—  Жауды  жеңуге  тетік  болған,  міне  мынау  қос  бөрі,  —  деп  Тәуекел  Қияқ  пен  Тұяқты 
көрсетті. — Жауға бұлар аш бүркіттей шүйілді, көкжал қасқырдай шапты! Бұхар маралының 
төсін қанжардай тырнағымен жыртқан қанды көз барыстай, жау шебін күл-талқан етті! 
 
Хан  ишаратымен  бұл  екеуіне  уәзірлері  олжаға  түскен  қазынадан  Бұхардың  екі  асыл 
қанжарын  әкеп  берді.  Саптары  сом  алтыннан,  бетіне  ең  қымбат  гауһар  тастар  орнатқан. 
Үстеріне жағасы бұлғын, алтын зерлі Бұхар шапандарын жапты. Алдарына бақтри тұқымдас 
екі ақ боз арғымақ тартты. 
 
— Ақ Орда — сендерден бұдан да зор ерлік күтеді! — деді Тәуекел. — Қандай тілектерің 
бар, айтыңдар? Бәрін де беремін! 


 
55 
 
Сөзге жақындау Қияқ батыр сәл алға шығып тізесін бүкті. 
 
—  Біздің  қарамағымыздағы  екі  мың  жігіттің  көпшілігі  малшы-егінші...  Іштерінде  темір 
ұстасы, ағаш шеберлері де бар. Соларға елге қайтып, өз шаруаларына кірісуге рұқсат етіңіз, 
тақсыр хан. 
 
Қарадан  туса  да  Қияқ  батырдың  даусы  тегеурінді  шықты,  құлаққа  ұрған  танадай  тына 
қалған тыныштықта, жұрт ызалана қалған хан тісінің шықыр ете түскенін ап-анық естіді. 
 
Бұхар  ханы  Абдолла  бұл  күндері  оқ  тиіп  жараланған  жолбарысқа  ұқсайтын  еді.  Хан 
Бұхар,  Хиуа,  Балқы,  Қорасан  түгіл,  өзіне  бағынышты  жердің  бәрінен  әскер  жинауды 
бұйырған.  Бір  ай  өтпей  сан  жетпес  қалың  әскер  Самарқант  пен  Бұхардың  ортасындағы 
Зеравшан  жағасына  шатырларын  тікті.  Бір  күні,  жарасы    әлі  жазылмаған  Абдоллаға  бүлік 
шығарып жүрген баласы әбді-Мумин келді. Шатырға кіре тізе бүгіп отыра қалды. 
 
—  Сенің  жүрегіңе  жара  салған  менің  бір  білместігімді  кешір,  әке,  —  деді.  —  Бүгіннен 
бастап ең адал ұлың боламын. Міне нан, міне құран, бұдан былай қарай сенің айтқаныңды 
екі етпеймін! 
 
Абдолла хан шын қартайған болуы керек, көзіне жас алды. 
 
— Қартайғанымда жалғызымды көрсетіп, қатесін кешіруге мүмкіндік бердің, алла тағала, 
мұныңа да шүкіршілік, — деді ол шын жүректен. — Мұрагер жалғызым қасымда, бар тілегім 
орындалды, қазір өліп кетсем де арманым жоқ! 
 
Бұхар  секілді  қасиетті  хандықты  басқаруда  қандай  жолдар,  қандай  сырлар  барын  кәрі 
хан ұлына ұзақ жыр етті. Құпия сырлар да аз емес екен. Содан кейін барып шаршап кеткен 
хан  ұлынан  анандай  жерде  тұрған  құмырадағы  жүзім  шырынын  құйып  беруді  сұрады.  Ұлы 
әкесінің  өтінішін  орындады.  Сәл  бұрыла  тұрып,  жүзім  шырынын  кесеге  құйып  әкеп  берді. 
Алла  тағала  оның    жаңа  ғана  «қазір  өліп  кетсем  арманым  жоқ»  деген  тілегін  орындағысы 
келген    болуы  керек,  баласы  берген  шырынды  ішісімен,  Абдолла  хан  қырылдай  беріп 
жастыққа  шалқасынан  түсті.  Әбді-Мумин  әкесінің  бетіне  тесіле  қарап,  ұзын,  жіңішке 
саусақтарымен  көзін  жапты.  Содан  кейін  кесенің  түбінде  қалған    шырынды  шатырдың  бір 
бұрышына  құйып,  орнына  апарып  қойды.  Далаға  шыққан  соң  «ұйықтап  кеткен  ханды 
оятпаңдар» деп бұйрық берді де, әскеріне қарай аяңдады. 
 
Тек кеш таянғанда ғана күзет бастығы хан шатырына кірді. Жастық үстінде шалқасынан 
жатқан Абдолланың бетіне көзі түсіп кетісімен өн-бойы дір ете қалды. Бүкіл әлемге аян сәл 
езу тартып күлімсірейтін ишараты езуінде. Тағы да біреуге өлім жазасын айтып жатқандай. 
 
О дүниеге сапар шеккен әкесінің жанына әбді-Мумин бірінші боп келді. Сақалынан жасы 
сорғалап  отырып,  ұзын  саусақтарымен  әкесінің  езуіндегі  күлкісін  уқалап  кетірді.  Әмірдің 
неден өлгенін білуге шақырған Бұхардың ғалым дәрігерлері «Патшаның патшасы Абдолла 
жүрегінің кенет тоқтауынан қайтыс болған» деген қорытынды шығарды. Сөйткенмен, қалың 
бұқара  арасында  «баласының  ауру  әкесіне  берген  жүзім  шырыны»  жайындағы  қауесет 
сөздер де тарап жатты. 
 
Пәуескеге жегілген сегіз қара ат Абдолланың пырағын Бұхарға алып келді. Қасиетті діни 
Бұхардың  мыңдаған  мешітінің  қасындағы  минареттерден  мыңдаған  ишан,  молдалар  алла 
тағаладан Абдолланың күнәларын кешіруін сұрап, шаһарды азан-қазан етіп басына көтеріп 
азан  шақырды.  Екі  күннен  кейін  Абдолланың  табыты  Қожа  Нахшбандидың  атақты 
мазарының  тас  еденіне  қойылды.  Бұл  христиан  есебі  бойынша  1598  жылы,  ал  хаджири 
есебі  бойынша  1006  жылы  болды.  Ертеңіне  Бұхар  тағына  Мұхаммед  дінінің  жаңа 
қорғаншысы, мәртебелі әбді-Мумин әмір келіп отырды... 
 
Самарқантты  алған  Тәуекел  қаралы  Бұхарды  шабудан  құдайдан  қорқып  бас  тартқан 
жоқ.  Мұндай  сылтауды  сол  кездегі  тарихшылар  ойлап  тапқан-ды.  Ханның  Бұхарға 
аттанбауына  себеп  болған  Қияқ  пен  Тұяқ  батырлардың  және  солардың  соңынан  ерген 
жұрттың қылығы еді. Самарқант шаһарын алу тойы бітісімен, қос батыр өздерінің жігіттерін 
ертіп кейін қайтқан. Өзге қазақ батырлары басқарған әскердің көбі бұлардың соңынан ерді. 
Жауынгерлер  жат  елге    барып  қала  тонағаннан  гөрі,  елдеріне  қайтып,  қатын-балаларын 
асырағанын  жөн  тапқан.  Ырқына  көнбеген  жандарды  жазалауға  Тәуекелдің  батылы 
бармады.  Өйткені  шегінушілер  тым  көп  еді.  Көпке  топырақ  шаша  ала  ма,  ақыры  Самар- 
қанттан кетуге бұйрық берді. 
 
Ташкентте де қазақ атты әскері көп кідірген жоқ. Бұлардың көпшілігі көшпелі рулардан 
болғандықтан  қыс  қыстауға,  жаз  жайлауға  шығу  керек  екенін  жадыларына  ұстап, 
ауылдарына  жеткенше  асықты.  Тәуекел  ханға  шаһардың  қақпасын  ашқан  Ташкент 


 
56 
тұрғындарының  арасында  да  күңкіл  көбейе  бастады.  Хан  уәдесін  бұзып,  жеңілген  қалаға 
салған салығы бұқараға ауыр тиген. 
 
Ал  салықсыз  соғысты  жүргізе  алмайтынын  білген  Тәуекел  осылай  істеуге  мәжбүр 
болған.  Тәуекелдің  бұл  әрекетіне  қарсы  топты  басқаруға  Абдолланың  жақын  туысы 
Хазретсұлтан  мүфти  кіріскен.  Әбді-Мумин  де  тыңшылары  арқылы  Ташкент  тұрғындарына 
алым-салықтан мүлде босатамын деп өтірік уәде беріп, жаңа бықсып жана бастаған халық 
наразылығын  үрлей  түскен.  Тәуекел  әрі  ойлап,  бері  ойлап  Түркістанға  қайтуды  жөн  көрді. 
Өз ордасына келгеннен кейін Ташкент уәлиетінде не болып жатқанын тек алыстан бақылап 
қана отырды. Кей жағдайларда болмаса, Ташкент ісіне көп кіріспеді. 
 
Алты  ай  өтпей,  төсегінде  ұйықтап  жатқан  әбді-Муминді  бұхарлықтар  балтамен 
шапқылап  өлтірді.  Әбді-Мумин  Шайбани  ұрпағынан  шыққан  ең  ақырғы  Бұхар  ханы  еді. 
Осымен Бұхардағы Шайбани үрім-бұтағының хандық жолы аяқталды. Енді Бұхар  ханының 
алтын тағына Астраханнан қашқан хандардың бірінің тұқымы Жармұхаммед отырды... 
 
Иә,  әкесін  өлтірген  хандарды  жазмыш  оңдырған  емес.  Жәнібекті  өлтірген  Бердібекпен 
Батый  ұрпағының  Алтын  Ордадағы  хандық  дәуірі  біткен.  Ұлықбекті  өлтірген  Латиф  пен 
Ақсақ  Темір  ұрпағының  Самарқанттағы  хандығы  аяқталды.  Міне,  енді  сондай  жағдай 
Бұхардағы Шайбани ұрпағына да туды... 
 
Тәуекел  ханның  да  күткені  осы  кезең  еді.  Оған  Жиембет  жырау  «хан  кеселіне» 
ұшыраған  екенсің  деп  дұрыс  айтқан.  Бірақ  Тәуекел  мұндай  соғыста  халыққа  сенудің  қиын 
екенін  түсінген-ді.  Халық  өз  жерін  қорғағанда  табанды  да,  күшті  де.  Ал  басқа  елдің  жерін 
тартып  алу  үшін  соғысып  көрші,  ең  ер  жүрек  деген  батырдың  өзі  тірегінен  айрылғандай, 
босаңси қалады. Оның орнына жауың он есе күшейе түседі. Осындай жағдай Самарқанттан 
табылған бір көне кітапта да айтылған. Өз жері — әскер күшінің мөлдір бұлағы. 
 
Осыны біле тұрса да Тәуекел хан тағы жорыққа дайындалды. Оның қолындағы әскеріне 
қырғыздан  шыққан  бай-манаптардың  жасақтары  мен  оңтүстік  Қашқардың  ханы 
әбдірашиттың  жауынгерлері  қосылды.  Барлығы  жүз  мың  әскер,  Самарқант  пен  Бұхарға 
аттанды.  Бірақ  енді  бұларға  ешкім  шаһар  қақпасын  ашқан  жоқ.  Тұрғын  ел  келе  жатқан 
әскерден азық-түлікті, мінер атқа деген шөбін жасырды. Барлығын күшпен алуға тура келді. 
Мұндай жағдай әскердің тәртібін бұзады, әлсіретеді. 
 
әйтсе  де  құмырсқадай  қаптаған  қалың  қол  алғашқы  қарқынымен  Ташкентті, 
Самарқантты  алды.  Енді  Бұхардың  өзін  қоршады.  Бетпе-бет  ашық  майданға  шығуға  күші 
жетпейтінін сезген Жармұхаммед хан Бұхар шаһарының ескі бекінісіне кіріп алып, қарсылық 
көрсетті. 
 
Осындай  бірін-бірі  аңдыған  ұрыс  жиырма  күнге  созылды.  Сөйткенше  шілденің  сарша 
тамыз  ыстығы  келді.  Сол  жылғы  жаз,  Мауреннахр  жерінде  өте  ыстық  болды.  Төбеден 
күйдірген  күн  мен  күнгей  жақтан  аңырап  соққан  аңызақ  желден,  онсыз  да  шөбі  шамалы  
Бұхардың  жері  күйген  құйқадай  тақырға  айналды.  Күннің  ыстығынан  қара  жердің  өзі 
шатынап  жарыла  бастады.  Тебінге  үйренген  қазақы  жылқы  қабырғалары  ырсиып,  әзер 
жүретін  халге  жетті.  Ақырғы  екі  жүз  жылдың  ішінде  жат  жерде  соғысып,  басқа  елдің 
қамалын  алып  үйренбеген,  қазақ,  қырғыз,  ұйғыр  сыпайлары,  бұл  соғыстың  өздеріне  тіпті 
керек емес екенін енді түсініп, күңкілдей бастады. Оның үстіне күннің ыстықтығынан әскер 
арасында  іш  ауру  пайда  болды.  Енді  қазақ  сыпайлары  Бұхарды  алудан  гөрі,  өздерінің  елі 
қалған  теріскей  жаққа  телміре  қарауды  шығарды.  Баяғы  Қияқ  айтқан  күйге  жетті.  Тәуекел 
хан  Бұхар  маңындағы  елді  үнемі  талап,  осыншама  әскерді  қоректендірудің  қисыны 
болмайтынын ұғып, амал жоқ кейін шегінуге бұйрық берді. Қазақ әскері Самарқантқа келіп 
бекінді.  Бұл  кезде  Хиуадан  қалың  әскермен  Жармұхаммед  ханның  інісі  Бақимұхаммед 
сұлтан  келіп,  Бұхар  әскеріне  қосылды.  Енді  екі  жақтың  күші  теңдесіп  қалды.  Бірде 
бұхарлықтар,  бірде  түркістандықтар  жеңіп,  Самарқант  түбіндегі  айқас  бір  айға  созылды. 
Осындай  бір  түнгі  ұрыста  Тәуекел  хан  қатты  жараланды.  Күні  күйіп  тұрған  Мауреннахр 
жерінде  жаз  бойы  соғысып  әбден  жүдеген  қазақ  әскері  амалсыз  Самарқантты  тастап, 
Ташкентке келіп бекінді. Бұл арада да ұрыс саябырлаған жоқ. 
 
Тәуекел  ханның  халі  қиындай  түсті.  Жарының  ауыр  жаралы  екенін  естісімен,  бір  топ 
нөкерімен Ақторғын ханым да жетті. 
 
Күшті  кезінде  серік  болған  одақтастары  енді  мұны  жалғыз  тастап  кетті.  «Жалған  дос 
көлеңке  тәрізді,  күн  ашықта  жаныңнан  қалмайды,  аспанды  бұлт  торласа  қасыңда 
болмайды» дегеннің не екенін Тәуекел енді түсінді. Сонда ғана барып ол өзіне ермей қалған 
қазақ  батырларын  есіне  алды.  Дегендеріне  көнбегеніне  өкінді.  Бұл  кезде  Бұхар  әскері 


 
57 
Ташкентті  тастай  етіп  қоршап  болған.  Түркістанға  баратын  ең  соңғы  жол  да  үзілген.  Ал 
Тәуекел  ханның  жанында  ең  сенімді  достары  мен  Ақторғын  ғана  қалды.  Ісік  уыты  бүкіл 
денесіне жайылып бара жатқан Тәуекел, кенет жастықтан басын көтерді. 
 
— Бұл не шу? — деді ол елегзи. 
 
— Жау әскері біз тұрған бекініске атой салып жатыр. 
 
Бұхардың қалың әскері қаланы алып болып, Тәуекел хан мен оның серіктері бекінген ең 
ақырғы  қорғанды  шабуға  шыққан-ды.  Қорғанның  тақа  биік  емес  қабырғаларына 
баспалдақтар қойып, үстіне көтерілуге тырысып жатқан. Жау кей жерінің қабырғаларын бұза 
бастаған.  Ат  үстіндегі  ұрысқа  үйренген  қазақ  жауынгерлері  енді  жаяу  соғысуға  мәжбүр 
болды. Бұл оларға жеңіл тимеді. Жеңуге айналған жау әскері хан жатқан сарайға жақындай 
берді. Сырттағы шу үдей түсті. 
 
— Не болды? Не боп қалды? — деді есі бір кіріп, бір шығып жатқан Тәуекел хан. 
 
Дәл  осы  сәтте  есік  сарт  етіп  шалқасынан  ашылды  да,  үйге  еңгезердей  бір  батыр  кіріп 
келді. Үсті шаң басқан қан-қан. 
 
— Біз сені әкеткелі келдік, — деді кірген кісі. 
 
Сөйдеді де батыр жігіт жерге сылқ етіп құлап кетті. 
 
Орнынан  сүйретіле  тұрып,  Тәуекел  жігіттің  бетіндегі  шынжыр  торды  ашты.  Қияқ  батыр 
екен. 
 
—  Сені  алып  кетуге  келдік,  —  деді  ол  кезеріп  кеткен  ернін  әзер  қимылдатып,  —  жат 
жерден тезірек кетуің керек... 
 
— Басқа елге тиме, өз басыңа өзің жетесің деп едің, Қияқ батыр, айтқаның келді, — деді 
Тәуекел.  Сосын  ол  да  Қияқ  батырдың  үстіне  құлап  түсті.  Дәл  осы  сәтте  Қияқ  батыр  да 
ақырғы рет ышқынып, демін бір алды да, о дүниеге жүре берді. 
 
Сөйтіп бір күні, бір мезетте туған екі батыр бір күнде, бір мезетте о дүниеге сапар шекті. 
Сұлтан тұқымынан шыққан Тәуекел артына алты әйелі мен сегіз баласын қалдырды. Иран, 
түрік,  орыс  әдебиеттерінде  Тәуекел  хан  деген  айбарлы  атын  қалдырды.  Ал  сол  ханмен 
бірге  өмір  сүрген,  құлдан  шыққан  Қияқ  батыр,  елі-жері  үшін  үнемі  жорықта  жүріп,  елуден 
асқанша бұл дүниенің рахатын көре алмай кетті. 
 
Осындай  мыңдаған  белгісіз  батырлардың  арқасында  қазақ  елі  сан  жанталаста  жеңіп 
шығып, ғасырлар бойы өзін аман сақтап келді... 
 
 
 
 
Қазақ  жерінен  Тұяқ  батыр  мен  Кіші  жүзден  шыққан  Жолымбет  батыр  бас- 
қарып келген қалың қол жетісімен, Бұхар әскері сәл кейін шегінді. Енді ұрыс бұрынғысынан 
да қыза түсті. Есім сұлтан қаланың күнгей жағына, Құджек сұлтан — теріскей тұсына шапты. 
Құбыла  жағындағы  Қаңлы,  Шанышқылы  секілді  рулардың  әскерін  Тұрсынмұхаммед  әмір 
басқарды.  Бекіністің  ең  қауіпті  жағы  күншығысы  еді.  Бұл  тұсты  Жолымбет  батыр  қорғады. 
Шабарман  енді  бұл  батырдың  да  жараланған  хабарын  әкелді.  Осы  себептен  қаланың 
күншығысына  Тұяқ  батырға  шабуға  тура  келді.  Хан  ордасы  күншығыс  жақтағы  майданда 
болатын.  Кімде-кім  осы  майданды  басқарса,  сол  жалпы  әскердің  қолбасшысы  саналуға 
тиісті еді. 
 
Қазақтың іргелі руларынан шыққан батырлар мен Шыңғыс ұрпағынан тараған сұлтандар 
Тәуекел  ханның  Қияқ  пен  Тұяқты  мың  басы  еткеніне  іштей  наразы  еді.  Әрине,  дәл  қазір 
бұлар  Тұяқтың  айтқанына  бағына  қоймаулары  да  мүмкін.  Бұны  түсінген  Ақторғын,  ерінің 
сауытын кие бастады. 
 
Атына  қонғалы  жатқан  Тұяқ  үйден  бір  жас  батырдың  жүгіре  шығып,  Тәуекелдің 
Теңбілкөгіне асыға мінгеніне таң қалды. 
 
— Тұяқ батыр, мен де сізбен бірге барамын, — деді әлгі жас батыр. 
 
«Бұл кім? Қайдан пайда болды бұл батыр?» Жөн сұрасар уақыт емес, қатарласа шаба 
жөнелді. Сонда ғана Тұяқ жанында келе жатқан — Тәуекел ханның кіші бәйбішесі Ақторғын 
екенін білді. Тұяқ оған: «Қайт кейін!» дей алмады. Қазақтың батыр қыздарының жауға қарсы 
шабуы  жаңалық  емес.  Ақторғынның  жанында  болуы,  хан  атынан  Тұяққа  «қазір  сен  әскер 
қолбасшысысың» дегенді ескерткендей еді. 
 
Бұлар күншығыс қақпаға жеткенде, ең алдымен көргендері: қамалды қоршап не істерін 
білмей  үрпиісе  қалған  қазақтың  қалың  әскері  мен  осы  қамалға  ар  жағынан  тұтасқан  қара 
бұлттай,  жұбын  жазбай  төніп  келе  жатқан  жау  лашкарлары  болды.  Тәуекел  ханның  қаза 
тапқаны  екі  жаққа  бірдей  жеткен  екен.  Айбарлы  қолбасшысынан  айрылған  қазақ  әскері 


 
58 
қандай абыржыса, жау жағы сондай қатулана түскен. Күншығыс тұсты қазір басқара қоятын 
батыры  жоқ  екенін  сезген  Жармұхаммед  пен  Бақимұхаммед  сұлтандар  әскерлерінің 
көпшілігін де, білектісін де осы өңірге төккен. 
 
Міне, олар қара бұлттай қаптап келе жатыр... Жаңадан күш қосылғанына қарамай қазақ 
жауынгерлерінің  құты  қашқан.  Әр  жерден  «Сап  түзеңдер!»,  «Қашушы  болмаңдар!»  деп 
айқайлаған мың басыларының жарлығын ешкім тыңдар емес, соғыс кезінде хан өлуі жаман 
ырым! Мүмкін содан да болар, кешегі айбынды қазақ жігіттері, қазір қасқыр шапқалы тұрған 
қойдай үрпиісе қалған. 
 
Қорған  мен  жау  арасы  бір  шақырымдай.  Жау  қазір  лап  қояды.  Сонда  бәрі  де  бітеді. 
Қашқанға қатын да батыр, қазақ әскерін мынау келе жатқан алып күш көше-көшені қуалай 
жүріп  қырып  салады.  Қала  ішіндегі  ұрысқа  үйренбеген  қазақ  жігіттері  ең  болмаса  өз 
бастарын да арашалай алмайды. Жаумен не болса да жазық далада кездесу керек. 
 
Кенет қорған қақпасынан жауға қарай бір салт атты шаба жөнелді. Астында Тәуекелдің 
Теңбілкөгі,  үстінде  Тәуекелдің  сауыты,  басында  дулығасы...  Абыржыған  қол  заматта  тына 
қалды. «Бұл кім? Бүгін ғана өздері қара жерге қойған Тәуекел тіріліп келгені ме? Япырмау, 
ханмен  қатарласа  шауып  бара  жатқан  Қияқ  батырдың  өзі  ме?  Оны  да  бүгін  ханмен  бірге 
жерлеген жоқ па едік?» 
 
Сөйткенше болған жоқ, бұлардың құлағына Ақторғын мен Тұяқ батырдың: 
 
— Аруақ! Аруақ — деп айқай салған ұраны естілді.  
 
Сол-ақ екен, жаңа ғана үрпиісіп тұрған қазақ жігіттері, аттарына қамшыны басып-басып 
жіберіп, алға қарай қалай лап қойғандарын  өздері де білмей қалды. 
 
— Ақжол! Ақжол! 
 
— Үйсін! Дулат! Шақабай! 
 
— Қарақожа! Қабанбай! 
 
— Бекет! Қаңлы! Бөрібай! 
 
Қашан да болса бірінші боп атой салған жау қорқынышты. Қолбасшыларынан айрылған 
әскерден  мұндай  қимылды  күтпеген  Бұхар  лашкарлары  дүрлігіп  қалды.  Кейбіреулері 
аттарының басын кейін бұрып та алды. Тәуекел ханның өздеріне аян Теңбілкөгі мен алтын 
жалатқан дулығасын көрген Бұхар әскері  хан өлмеген екен деп ойлады. Өздеріне таяп келе 
жатқан қаһарлы күшке қарсы тұра алмады. Тіріліп келген Тәуекел мен Қияқтың сұсы жеңді 
ме,  кейін  қарай  қаша  жөнелген  лашкарлар  көрінді.  Тек  кейбір  топтары  ғана  найзаларын 
ыңғайлап  қарсы  шапты.  Көптіктен  гөрі  ерлік  жеңетін  заман,  қазақ  әскерлері  сол  қаһарлы 
беттерінен  таймаған  қалпында,  алыстан  кеп  бар  пәрменімен      жағаны  ұрған  долы 
толқындай,  жұбын  жазбай,  Бұхар  шебінің  дәл  ортасына  кеп  кірді.  Қарқындары  соншалық 
екпінді  болды,  тынық  суды  қақ  жарған  сүйір  тұмсық  қайықтай,  жау  шебін  қақ  бөліп  өте 
шықты.  Әне-міне  дегенше  көк  найзалар  қағысып,  құрыш  алдаспандар  құлаштай  сермеліп, 
қоян-қолтық  ұрыс  басталып  та  кетті.  Қабақ  қаққанша  талай  жүйріктер  шылбырларын 
сүйретіп босап шыға берді, сан ерлер «әттеген-ай» деп қара жерді қаба құлады. Тұяқ өзінің 
ежелгі серігі алты жігітімен қаптаған жаудан Ақторғынды қорғаумен болды. 
 
Ұрыс  қыза  түсті.  Жауларының  аз  екенін  білген  Бұхар  лашкарлары  қазақ  жігіттерін 
тықсыра бастады. Осы кезде «Есім! Есім батыр жетті!» деген айқай шықты. 
 
Сол  сәтте  бір  бүйірден  астындағы  Ақтанкерін  көсілдіре  салған  еңсегей  бойлы  Есім 
көрінді. Соңынан шұбыра шапқан қалың қол. Бұл қаланың күнгей жағындағы Бұхар әскерін 
жеңіп 
енді 
күншығыс 
тұсындағы 
майданға 
келе 
жат- 
қан Есім жасақтары еді. Қазақ әскеріне жаңа күш қосылғанын көрген Бұхар қолы енді кейін 
шегіне бастады. 
 
әңгімесін айтып болып Бұқар жырау Бөгенбайға қараған: 
 
 
— Міне, көрдің бе? Қарамағындағы жұрттың тілін алмаған Тәуекел не тапты? Қаншама 
халықтың  қанын  төгіп,  ақырында  өзі  де  жау  қолынан  дүние  салды.  Тарих  әділеттілігі 
осылай... 
 
—  Иә,  хан  хандығына  тартпай  тұра  ма?  Қара  халықтың  қамын  қайсысы  ойлап  жүр 
дейсің? — деді Бөгенбай. — Мені қажытқан жоңғарлар емес, Әбілмәмбет пен Әбілқайырдың 
алтыбақ алауыздығы. 
 
— Сен осы Әбілмәмбетпен әлі табыса алмай жүрсің бе? 
 
 
— Сірә, түсініспей-ақ өтетін шығармыз. 
 
Жоңғар  әскері  Түркістанды  алғаннан  кейін,  Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет  ордасы  Үш 
жүздің түйіскен жері — Телікөлдің тұсына көшкен. Баянаулы жағынан келген Бөгенбай мен 


 
59 
Бұқар жырау Арқаның біраз жігітімен осы арада, хан ордасының жанында болатын. Бұл кез 
жоңғарлармен  үлкен  ұрысқа  бармай,  уақ  жорықтарда  итжығыс  түсіп,  екі  жақтың  арасы  бір 
мезет  қару  күшінен  көрі,  тіл  қуатына  көшкен  шақ.  Түрлі-түрлі  келісім  сөздер,  әділетті, 
әділетсіз бітімдер жүріп жатқан. Дәл осы күндері Әбілмәмбет ордасына кенет бір суық хабар 
жеткен. Қалден Цереннің қанқұмар інісі Лоло-Доржи, Қалден Цереннің келісімінсіз, өзінің бес 
мың 
қолымен 
Сырдың 
төменгі 
етегіндегі 
Әбілқайыр 
хан- 
ға  қарайтын  қарақалпақ  пен  Тама,  Табын  руларының  біраз  аулын  аямай  шауыпты. 
Соғыстың  алғашқы  кезіндегідей,  әлгі  ауылдардың  күлін  көкке  ұшырып,  бар  малын  айдап 
әкетіпті.  Көп  адамын  қырып,  іске  татитын  қыз,  бозбала,  сұлу  әйел,  қарулы  жігіттерін 
Хиуадағы  күң  мен  құл  сататын  базарға  әкетіп  бара  жатыр  деген  хабар  жетті.  Әбілмәмбет 
шаптырған барлаушылар бәрін растап қайтқан. Және олар «Жоңғардың қолы екі бөлініпті. 
Үш  мыңы  қыруар  малды  айдап,  өздерінің  ордасы  тұрған  Ілеге  қарай  қайтыпты.  Ал  Лоло-
Доржидың  өзі  екі  мың  сыпайымен  сан  жетпейтін  тұтқынды  матап  Хиуаға  беттепті. 
Тұтқындардың  ішінде  Тама  еліне  серуенге  келіп  жатқан  Әбілқайырдың  туған  қарындасы 
Сақыпжамал бике де бар екен» деген хабар әкелді. 
 
Орда  маңындағы  батырлар,  жауынгерлер  дүрліге  қалған.  Алдаспандарын  қайрап, 
найзаларын  ұштап,  Хиуа  базарына  айдалып  бара  жатқан  қарақалпақ,    қазақ  бауырларын 
құтқарып қалмақ боп, жорыққа дайындала бастаған. Сол дүрліккеннің бірі Арқадан бес жүз 
сарбазбен келген Бөгенбай батыр еді. Бірақ Әбілқайырдың Үлкен Ордадан бөлініп кеткеніне 
риза емес Әбілмәмбет Кіші жүз ханының қарындасы Сақыпжамалдың да күңдікке сатылуға 
айдалып 
бара 
жат- 
қанын  естігенде,  ішінен  «шоқ-шоқ»  айтып,  қолын  бір-ақ  сермеді:  «Шабылған  жұрт 
Әбілқайырдікі. Күшті болса адамдарын өзі алып қалсын» деген. Даурыққан жауынгерлер су 
сепкендей тез басылды. 
 
Әбілқайырдың бұл кезде сонау Жайық бойында жорықта жүргенінен хабардар Бөгенбай 
ғана  қызуын  баса  алмаған,  «Әбілқайыр  үлгіре  алмайды,  Хиуа  жолына  біз  жақынбыз!»  деп 
Бөгенбай  ханға  келіп,  жорыққа  шығуын  өтінген.  Бірақ  Әбілқайырға  өкпелі  хан  көнбеген. 
Ашуға мінген Бөгенбай өзінің бес жүз жігітіне атқа қонуға бұйырған. 
 
Сонымен  Бөгенбай  қолындағы  аз  әскермен,  бір  төбенің  бауырында,  өзінен  әлдеқайда 
көп  жауының  жолын  тосып  жатты.  Көп  кешікпей-ақ  алыстан  талмаусырап  бір  қайғылы  үн 
естілді. Жауынгерлер тына қалды. Көп дауыс қосылып бір зарлы ән айтып келеді. 
 
 
«Қара таудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. 
 
 
ән  жоқтау  тәрізді.  Шерлі  жүректен  шыққан  ащы  запырандай.  Бүкіл  халықтың  қайғысы 
осы бір өкси айтылатын өлеңге сыйып кеткендей, адамның жүрегін тырнап әкетіп барады. 
Бұл 
әнді 
көзінен 
жасы 
парлаған, 
елінен, 
жерінен 
айрыл- 
ған  көп  әйел  қосылып  айтқанда  жаныңды  қоярға  жер  таппайсың.  Жар  тасалап  жатқан 
жігіттердің үстін ауыр зіл басып, жарық дүние қарауытып кеткендей болды. Жігіттер тістеніп, 
қаруларының сабын қыса түсті. 
 
Бұлар жатқан жер терең шатқалды, ұзыннан-ұзақ созылған тау арасы еді. Ирелеңдеген 
көш  жолы  осы  тау  арасынан  өтіп,  алдындағы  жазық  алаңға  шығады.  Одан  әрмен  қарай 
құмайт, тақыр дала басталады. 
 
Көп кешікпей бір қойнаудан салт атты көрінді де, біртіндеп көбейе бастады. Енді сай ішін 
қаптаған  адам,  күңіренген  үн  жауып  кетті.  Қан  сасыған  талай  ұрысты  басынан  өткізген 
Бөгенбай да көз алдындағы мына көріністен жаны түршігіп, бармағын тістей берді. 
 
Топтың  алдында  күміс  ер-тоқымды  нардай  қара  айғыр  мінген,  басында  қазандай  қара 
дулығасы, үстінде көк темір сауыты бар, қара мұртын құлағына апарып орап қойған, Лоло-
Доржидың  өзі  келе  жатыр.  Сырт  бейнесінің  өзі-ақ  бұл  ноянның  қаншалық  қанқұмар  екенін 
көрсеткендей. Оның соңынан жолдың екі ернеуін ала, кілең көк найзалы, шойын шоқпарлы, 
ат  үстіне  оба  тастай  боп  шөккен  жоңғар  басқыншылары.  Ортада  ұзыннан-ұзақ  созылған 
тұтқындар.  Шаштары  тұлымдалынып  жұлынған  қыздар,  жалаң  аяқ,  жалаң  бас  әйелдер, 
кейбіреуі  жас  нәресте  бөпесін  арқалап  алған,  ал  қайсыбіреуі  аяғын  жаңа  ғана  апыл-тапыл 
басқан  баласын  жетектеп  әзер  келеді.  Бұлардың  дәл  ортасында  ұзын  қыл  арқанмен 
маталған 
кешегі 
жайсаң, 
жақсы 
жігіттер. 
Киімдері 
жыр- 
тылған,  денелері  жарақаттанып  ісінген,  үстері  қан-қан.  Шыққан  көз,  жұлынған  құлақ...  Осы 
сұмдық  көрініске  қосыла  нан  сұрап  жылаған  жас  баланың  ащы  даусы,  «қой-қойлап» 


 
60 
жалынған анасының күбір-сыбыры, жүре алмай қиналған ауру, жаралы жандардың ыңқыл-
сыңқылы,  оларды  боқтаған,  балағаттаған,  зірк-зірк  еткен  жоңғар  нояндарының  қаһарлы 
айқайлары тұмандай тұтаса келіп, тау арасын бір сұмдық үрейлі үнге толтырып жіберді. 
 
 
... Қарындастан айрылған жаман екен, 
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді». 
 
 
Жылау-сықтау  арасынан  аспанға  әзер  қалықтап  көтерілген  жаралы  құстай,  өкініш-
қайғыға толы күйікті ән талып жетеді. 
 
— Сорлы халқым-ай! — деп бір жас жауынгер еңкілдеп жылап жіберді. 
 
— Сабыр ет, жігітім! — деді Бөгенбай бұрылмастан тістене. — Қазір олар  сыбағаларын 
алады. 
 
 
Бөгенбай бұл араны өзі таңдаған. Жоңғар әскері сонау алаңға шыға бере тиіспек. 
 
Шұбырған  топ  өте  бергенде,  бір  жастау  әйел  жол  шетіне  шығып,  емшектегі  баласын 
құндақтай  бастады.  Бұны  көрген  еңгезердей  қара  ноян  жарға  қонғалы  келе  жатқан  қара 
құстай  әйелге  таяй  берді.  Кенет  көк  найзасын  жарқ  еткізіп  жерде  жатқан  нәрестені 
найзасының  ұшыменен  іліп  алып,  жолдың  шетіне  қарай  лақтырды.  Әйелдің  жан  даусы 
шығып  шар  ете  қалды.  Нәресте  лақтырған  тымақтай,  аспанға  далбаңдай  көтеріліп,  қалың 
бұтаның арасына барып түсті. 
 
Ноян  өзінің  ісіне  мәз  болып,  қарқылдап  күлді.  Оның  баланы  соншалық  алыс- 
қа лақтырғанына қошамет көрсете, өзге нояндар да күле бастады. Тау арасы бейне бір бос 
күбідей күңгірлеген, сасық күзендей шақылдаған, сұмпайы күлкілерге толып кетті. 
 
Баласынан айрылғанын жаңа түсінген әйел, жан ұшырып жаралы барыстай, әлгі ноянға 
тап  берді.  Бұны  көрген  тұтқындар  да  шыдай  алмай,  жоңғарларға  қарсы  ұмтылды.  Бірақ 
байлаулы, матаулы топ не істей алады, қарулы жоңғарлар енді оларды қамшының астына 
алады.  Жарқылдай  түскен  жоңғардың  қисық  қылышы,  бар  күшімен  сермелген  шойын 
шоқпарлар.  Талай  жас  нәрестелер  найза  ұшына  ілініп,  көкке  ұшты,  қос  қолдап  ұрған 
шоқпардың салмағынан талай қыршын жастың мойны үзіліп жерге түсті. Тау арасы іп-ілезде 
қан-жоса болды. 
 
 
 
 
Сабалып  жатқан  топ  ішінен  бір  сәт  қолаң  шашы  жерге  төгілген,  үстіндегі  мақпал  қара 
пешпентінің өңірі дал-дал болған бір жас қыз жүгіріп Лоло-Доржидың алдына барды. «Мына 
қырғынды  тоқтат»  деген  болуы  керек,  ноянға  бірдеме  айтып  жатыр.  Ноян  жауап  қайырар 
емес,  кенет  үзеңгісіне  жабысқан  қызға  қарады  да,  сәл  еңкейіп,  қыздың  шашын  ұстап, 
тақымының астына басты. Содан кейін қыздың бажылдап, бақырғанына бүлк етпей, қанды 
қырғынға қарап, мелшиіп қатты да қалды. 
 
Дәл осы сәтте:   
 
—  Ағатай-ау,  бұдан  да  өлгеніміз  жақсы  еді  ғой!  —  деді  Бөгенбайдың  қасында  ашуға 
булыққан әлгі жас дауыс. 
 
Бөгенбай жалт бұрылды. Қарсы алдында үріп ауызға салғандай бір жас жігіт тұр. Оның 
көзінде тұнған мөлдір жасты көрді де: 
 
— Аттарыңа мініңдер! — деді. 
 
Бұл  жас  жігіт  Науан  ұстаның  жалғыз  баласы,  соңынан  ерлігімен  бүкіл  қазақ  еліне  аян 
болған Керей еді. Ол серіктеріне жүгіре жөнелді. 
 
Аздан кейін: 
 
— Аттан! — деген Бөгенбайдың күшті даусы шықты. 
 
Тау арасы ұранға толып кетті. 
 
— Ақжол! Ақжол! 
 
— Бөгенбай! Бөгенбай! 
 
Кертөбелімен  ойқастап  шыққан  Бөгенбай,  ат  қарқынын  тоқтатпастан  келіп,  қара 
шоқпарымен  қос  қолдай  соғып,  ә  дегенде  Лоло-Доржиды  ұрды.  Ол  дүниенің  не  болып 
кеткенін білмей ат  жалын құшақтап шаба жөнелді. Жоңғарлар есін жиғанша қазақ жігіттері 
біразын жайратып салды. 
 
Жоңғардың  қатыгездігінен  жандары  түршігіп,  әбден  ызаланған  жігіттердің  әрбіреуі  он 
кісінің  қимылын  істеді.  Қолбасшылары  жараланған,  әрі  күтпеген  жерден  тиген  соққыдан 
абыржып қалған жоңғарлар қаша жөнелді. Бірақ тау арасындағы тар шатқалдан жол тауып 
құтыла алмай, көбі сойылға жығылды. Тек екі жүзге жетер-жетпесі ғана қашып құтылды. 


 
61 
 
Үшінші «қалмақ қырылған» ұрысы осылай аяқталып еді. Бағанағы Лоло-Доржиға барып, 
өтініш айтқан қыз Әбілқайырдың қарындасы Сақыпжамал бикенің өзі екені. 
 
Ұрыс  біткеннен  кейін,  Бөгенбай  жігіттерімен  Кіші  жүз  еліне  қонаққа  бар- 
ған,  Бөгенбайдың  батырлығына  риза  болған  Әбілқайыр  және  бұл  секілді  батырды  өз 
жағында ұстауды жөн көріп, Сақыпжамалды Бөгенбайға қосты. 
 
Бөгенбай сол бетімен осы жақта қалып қойған. Содан бері ол  Ұлы жүз бен Кіші жүздің 
түйіскен  жерінен  қоныс  алып,  осы  арада  бес  жылдай  отырды.  Әбілмәмбетке  өкпелі 
Бөгенбай  әлі  де  осы  жақта  қала  берер  ме  еді  қайтер  еді,  жақында  Абылай  сұлтаннан  кісі 
келген.  «Қазақ  елінің  алдында  әлі  талай  асу  бар,  батыр  елге  қайтса  жөн  болар  еді»  депті 
Абылай. Оған Бұқар жырау да өтінішін қоса жолдапты. Бұл арада да Бөгенбай абыройсыз 
болған  жоқ.  Сан  ұрысқа  қатынасты.  Халқының  алғысын  алды.  Әйтсе  де,  кіндік  кесіп,  кір 
жуған жерін өзі де сағынып жүр еді. Әрі ойлап, бері ойлап, ақыры елге қайтуға келісім берді. 
Осылай,  әне-міне  көшемін  деп  жүргенінде,  кеше  Әбілқайыр  ханнан  да  шабарман  жетіп, 
«Ордаға келсін! деген хабар әкелді. 
 
Бөгенбайдың  бүгінгі  толқуы  осыдан  еді.  «Хан  неге  шақырды  екен?  Менің  көшкелі 
жатқанымды біреу жеткізген ғой шамасы. Енді ашық айтуға тура келеді...» 
 
Ол не де болса хан ордасына барып қайтпақ болды. 
 
ІІ 
 
 
Орта жүз ханы Сәмеке Сарыарқаның түкпірі Нұра өзенінің арғы бетіне қарай ығысқанда, 
Күші жүздің ханы Әбілқайыр ордасын Ырғыз өзенінің жағасына әкеп тіккен. 
 
Бұл  кезде  қазақ  елі  жоңғарлармен  тайталас  түсіп,  кейде  жеңіп  те  жүрген.  Осындай 
жеңістің бірі Әбілқайыр хан мен Тайман батырдың басқаруымен Сарысуға құятын Бұланты 
өзенінің жағасында, ал екіншісі тағы осы Әбілқайыр мен Бөгенбай батырдың басқаруымен 
Қошқарата  мен  Боралды  өзендерінің  жоғарғы  сағасында  болған.  Сол  айқастардан  кейін 
Әбілқайыр  хан  тікелей  жоңғар  әскерімен  соғысуды  қойған.  Оның  көңілі  енді  басқа  бір 
күрестерге ауған. 
 
Ал бірақ Әбілқайыр көшіп кеткенмен, қазақ елі Жоңғар шапқыншыларына қарсы шығуын 
тоқтатпады.  Күрес  күннен-күнге  үдей  түсті.  Әсіресе  Іле  мен  Қаратал  өзендерінің  бойында 
Қабанбай мен Баян батырлар бастаған халық  жасақтары жоңғарларды сан рет жеңді, әйтсе 
де 
бұның 
бәрі, 
негізі 
мықты 
құрыл- 
ған  жоңғар  әскерін  күйрететіндей  күшке  айнала  алмады.  Тек  басқыншыларды  тойтаруға 
болатынын көрсететін, халықтың рухын көтерер айқастар өресінен аспады. 
 
Жоңғарды  жеңген  күнде,  ар  жағында  одан  да  күшті,  өзіне  көз  тіккен  Қытай 
боғдыхандары  бар  екенін  еске  алмаған  жұрт  осылай,  өз  тағдыры  үшін  жан  аямай  күресе 
берді. 
 
Сөйтсе  де,  ел  басына  туған  күннің  тым  қатерлі,  қазақ  жеріне  қызыққан  көршілерінің 
қауіпті  екенін  ойлағандар  да  табылды.  Соның  бірі  Кіші  жүздің  ханы  Әбілқайыр  болды.  Ол 
енді  батыс  жаққа  үміттене  қарады.  Бірақ  ханның  Ырғызға  көшіп  келісімен  қазақ  пен 
қарақалпақ елінің атынан «қарамағыңызға алыңыз» деп жазған хаты Петербургке жеткенде, 
орыс әкімдері таң қалмады. Жоңғармен күресіп жатқан қазақ елінің түбі өзіне осылай келіп 
пана  сұрайтынын  олар  бұрыннан  да  білетін.  Сол  себептен  аптықпай,  қазақ  елінің  шын 
жағдайын түсіну үшін, Россия патшалығы арнаулы елші жіберуді ұйғарды. Россия  әкімдері 
шығыс  көршілеріне  өз  қарамағындағы  мәдениеті,  дәстүрі,  тілі  жақын    кісілерден  елші 
жіберуді  әдет  етіп  келген.  Бұ  жолы  да  со  дағдысына  салып,  татар  молдасы  Мақсұт  Юнус 
оғлын аттандырды. 
 
Кіші  жүздің  ханы  бұл  молдамен  бір  мың  жеті  жүз  жиырма  алтыншы  жылы  қарақалпақ 
жерінде  кездесті.  Осы  кездесуден  кейін  Әбілқайыр:  «Еділ  қалмақтары  тәрізді  бізді  де 
қарамағыңызға  алыңыз»  деп  ақ  патшаға  хат  жазып,  Қойбағар  Көбек  ұлын  бас  етіп  тағы 
елшілер  аттандырды.  Бұл  елшілерге:  «Қайтсеңдер  де  патша  ағзамнан  башқұрт  жері  мен 
Жайық  өзенінің  ортасында  көшіп  жүруге  және  Россия  қалаларына  барып  сауда-саттық 
істеуге  рұқсат  алуға  тырысыңдар»,  —  деп  тапсырған.  Бірақ  шығыс  жағында  әлі  әбден 
бекініп болмаған Россия патшалығы, қазақ елін қарамағына алса, Жоңғар қонтайшысымен 
бұрынғы  қарым-қатынасын  бұзуы  мүмкін  екенін  еске  ұстап,  тоқ  етер  жауабын  түрлі 
сылтаумен  соза  берді.  Россия  патшалығының  қолтығына  кірген  Еділ  қалмақтары  мен 
башқұрт  елінің  «мұртын  балта  кеспей  отырғанын»  көрген  Әбілқайыр  Россия  патшалығына 


 
62 
«қарамақтарыңа  ал»  деп,  әлсін-әлсін  хат  жазып,  елшілер  жіберуді  қоймады.  Ақырында 
қазақ 
елінің 
өзіне 
бағынышты 
бо- 
луынан  тек  пайда  түсетінін  ұққан,  Бірінші  Петр  патшадан  кейін  таққа  отырған  Анна 
Иоанновна 
Әбілқайыр 
ханның 
бір 
мың 
жеті 
жүз 
отызыншы 
жылы 
нау- 
рыздың  сегізі  күні  «қорғандық»  істеуін  өтінген  қағазына  жауап  ретінде,  қыр- 
ғыз-қайсақ  жұртын  қарамағына  алғандығын  білдіріп,  бір  мың  жеті  жүз  отыз  бірінші  жылы 
февральдың  он  тоғызыншы  күні  указ  шығарды.  Бұл  указды  бір  мың  жеті  жүз  отыз  бірінші 
жылы  октябрьдің  бесі  күні  Ырғыздағы  Әбілқайыр  Ордасына  Сыртқы  Істер  коллегиясының 
тіл машығы — аударушысы Мұрза Тевкелев әкеп тапсырды. Россия патшасы Кіші жүзді өз 
қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатай батыр, Бұлақ батыр 
қол  қойған,  «бізді  де  қол  астыңызға  алыңыз»  деп  Анна  Иоанновнаға  жазылған  өтінішті 
Петербургқа  Қангелді  батыр  алып  келген.  Сөйтіп,  қазақ  елі  мен  Россия  жұртшылығының 
арасындағы жаңа дәуір басталды. 
 
әйтсе  де  Әбілқайырға  берілген  указдан  кейін  де  қазақ  елінің  Россия  патшалығымен 
қарым-қатынасы бірден жөнделіп кете алмады. Башқұрт пен Еділ қалмақтарының шабуылы 
да  тыйылмады.  Ханның  Россияға  арқа  сүйемек  болғанына  риза  емес  қазақтың  өзге 
сұлтандары,  әсіресе,  Әбілқайырдың  бақ  күндес  қастары  оның  саясатына  кедергі  жасап, 
кіжіне түсті. Осындай қамшысын білегеннің бірі Барақ сұлтан еді. 
 
Жоғарғыдай жағдай туған кезде, патшаның  өзі «миллион сомға дейін шығын шығарсаң 
да,  қазақ  жерін  Россияға  заңды  түрде  бағындырудың  жолын  тап»  деп    бұйрық  берген 
Тевкелев  қайтадан  Әбілқайыр  ордасына  аттанды.  Бұл  хабарды  «ұзынқұлақ»  Кіші  жүз 
ханының  Ордасына  тез-ақ  жеткізді.  Сол  күні-ақ  Әбілқайыр  Тевкелевпен  кездесу  қамына 
кірісті.  Ең  алдымен  үзеңгілес  батырлары  мен  өзіне  қарсы  жақтың  ойларын  білгісі  кеп, 
Бараққа, 
Бөгенбайға, 
Тайман- 
ға,  бір  тайпаның  ақсақалы  —  биі  Бөгенбайға  ат  шаптырды.  Бөгенбайдан  өзгесі  хабар 
алғаннан кейін, көп кешікпей хан ордасына  жетті. Бөгенбай мен Тайман жайшылықтағы өз 
серіктерімен  келсе,  Барақ  сұлтан  әжептәуір  қарулы  қолмен  хан  ордасына  кеп  түсті.  Және 
неге  екені  белгісіз,  өзінің  ежелгі  қасы,  қан  майданда  сан  атысқан  Қалден  Цереннің  елшісі 
Церен-Доржиды ерте келіпті. 
 
Бұл бір мың жеті жүз отыз төртінші жылы еді. Әбілқайыр Ордасы бүгінгі қонысы Ырғыз 
өзенінің  жағасында.  Қазір  хан  ордасында  бірнеше  адам  отыр:  Қанжығалы  Бөгенбай,  оның 
қарсы  алдында  Шекті  руының  аты-шулы  батыры  Тайман.  Бұлардан  жоғарырақ, 
Әбілқайырдың оң жағында Найманның сұлтаны Барақ... Жұрт оны қайсарлығы, ержүректігі 
үшін Көкжал Барақ атаған. Ханның сол жақ бүйірінде, Бөгенбайдан жоғарырақ, Жоңғар ханы 
Қалден Цереннің елшісі, қара түндей түнерген Церен-Доржи... 
 
Бөгенбайдың көзі әлдеқалай Тайманға түсіп кетіп еді, өткен бір жайлар есіне келді. 
 
Онда бұл екеуі де қылшылдаған жас жігіт еді. 
 
Сол  жылдары  Қанжығалы  руы  Қараөткел  мен  Керекудің  түйіскен  тұсындағы 
Ерейментау, Қоржынкөл, Ақкөл, Қоянды-Қойтас, Шақша деген жерлерді жайлайтын-ды. Ал 
Шекті  руы  Ақ  Жайыққа  құятын  Жем  өзенінің  бойында    көшіп  жүретін.  Жазы  аңызақ,  ыстық 
келіп, қысы қатты болар жылы екі ел бірдей Сырдың қамысты жағасына қарай жылысатын. 
Осындай  Қанжығалы,  Шекті  рулары  дария  жағасында  бастары  қосылған  жылы  ұлан-асыр 
бір  үлкен  той  болған.  Қоңырат  руынан  шыққан  атақты  бай  саудагер  Қисан  жалғыз  ұлын 
сүндетке  отырғызған.  Осы  тойда  Арқадан  келген  Бөгенбай  мен  Шектінің  жас  жолбарысы 
Тайман қатты керісіп қалған. Содан бері екі ақиықтың бетпе-бет  ұшырасып отырғаны осы. 
Ел басына күн туғанда жеке бастың кикілжіңі естерінен шығып кеткен-ді. 
 
Күннің аңызақ ыстығына қарамай, тіркестіре тігілген хан ордасы — ақ боз үйдің есіктері 
түгел жабық. Жайшылықта жел соқсын деп түріп қоятын іргелері  де түсіріліп қойылған. Он 
екі қанат ақ боз үйде осы бесеуінен басқа есік алдында жалаңаш қылыштарын кеуделеріне 
таяй  ұстаған,  еңгезердей  қос  күзетші  мен  сырлы  тегенедегі  сары  қымызды  сапырып 
отырған,  ханның  он  сегіз  жасар  кенже  ұлы  Ералыдан  басқа  ешкім  жоқ.  Хан,  сірә,  кенжесі 
мен  есік  алдындағы  күзетшілеріне  сенетін  болар,  қонақтарымен  сыр  жасырмай  еркін 
сөйлесіп отыр. 
 
—  Иә,  Әбілқайыр  хан!  —  деп  еңгезердей  қара  сұр  Барақ  сұлтан,  ұшы  құлағына  дейін 
жетіп тұрған, білеудей қара мұртын саусағымен сылап қойды. — Алысқа ат шаптырып, бізді 
неге шақырып отырғаныңды ішім сезеді. Қатын патша біздің елге Теуіпкелді қайта жіберсе, 
бұдан  үш  жыл  бұрынғы  «қарамағыңа  кірдім»  деген  сенің  сөзің  жеткіліксіз  болғаны  ғой...  — 


 
63 
Ол  Әбілқайырға  мысқылдай  қарады.  Қазақ  жерінде  —  Тевкелевті  «Теуіпкел»  деп  атап 
кеткендіктен, оның кім туралы сөйлеп отырғанын бәрі де түсінді. 
 
—  Болжауың  дөп  тәрізді...  Мырзаны  қайта  жіберуіне  қарағанда  бір  менің  уәдем  әйел 
патша  ағзамға  жеткіліксіз  болғаны  хақ...  Бірақ,  —  Әбілқайыр  сол  жағында  отырған  Церен-
Доржиға көзінің қиығын аударды да тына қалды. 
 
— Иә, айта бер, не «бірағы» бар? 
 
Әбілқайырдың жүзі қуқыл тартып үндемеді. 
 
—  Айтамын  деген  сөзіңе,  істеймін  деген  ісіңе  іркілмейтін  Әбілқайыр  хан,  неге  үндемей 
қалдың?  әлде  арамыздағы  жат  адамнан  қысылып  отырсың  ба?  Айта  бер,  Церен-Доржи 
Қалден Цереннің елшісі болғанмен, менің жақыным... 
 
Әбілқайыр езу тартты. 
 
— Қалден Цереннің елшісі жақының болуына қарағанда, Жоңғар қонтайшысының өзі де 
досың боп шықпасына кім кепіл... 
 
— Кекетпе, Әбілқайыр! Церен-Доржи жай ғана жақыным, емес, сенімді  серігім... 
 
Хан оның сөзін мақұлдағандай басын изеді. 
 
Иә, қонтайшы Ордасында да алауыздық бар екенін ол білетін. Бірін-бірі  аямауда бұлар 
арғы бабасы Шыңғысханның шын мұрагерлері еді. 
 
Жоңғар  тағының  болашақ  қонтайшысы,  өзінің  әкесінің  туған  інісі  Шұно-Дабоны  Қалден 
Цереннің қалай жойғаны жұрт арасына мықтап тарай бастаған. Жел болмаса шөптің басы 
қимылдамайтыны  белгілі.  Әсіресе,  осы  үйде  отырған  Бөгенбай  батырға  Шұно-Дабоның 
өлімі Қалден Цереннен болғаны айдан анық еді. 
 
Дүниеде  құпия  қалар  ештеңе  жоқ.  Бәрі  де  естіледі.  Әсіресе  жау  ордасында  болып 
жатқан  оқиға,  дұшпанына  тез  жетеді.  Оған  себеп:  хан  тағының  бір  құлағы  бар.  Ол  — 
алтыны. 
 
Жоңғар  ордасының  мықтылары  екіге  бөлінгенін  Әбілқайыр  бұрын  да  естіген.  Алдын 
болжай білетін тәжірибелі Сыбан Раптан мен оның баласы Қалден Церен бар әскерін жеті 
сала  етіп,  ең  алдымен  қазақ  жерін  жаулап  алу  керек  екенін  жөн  көрсе,  ал  жоңғар 
нояндарының  бір  тобы  әскердің  бетін  Ертістің  төменгі  саласына  бұрып,  Сібірді  алуды 
мақұлдаған. Бұл топ — осы Жоңғар  хандығының негізін салған Чорас руынан шыққан Даян 
ханның  ұрпақтары  —  жас  нояндар  еді.  Соның  ішінде  бағанадан  бері  бір  ауыз  сөз  айтпай 
түнеріп  отырған  Сыбан  Раптанның  ортаншы  ұлы  Церен-Доржи  да  бар.  Бұлардың  жатса-
тұрса  көретіні  сонау  Сібірде  қалған  ата-бабаларының  молалары.  Солардың  аруақтары 
«сенің ата мекенің осы ара — біз жатқан жер» деп шақырып жатқандай көрінетін оларға. 
 
Сібірді  жаулап  алудың  керектігін  жас  нояндардың  құлағына  кімдердің  құятынын 
Әбілқайыр  Қалден  Цереннен  кем  білмейді.  Бұл  кезде  орыс  әскерінің  алдыңғы  шебі 
Манчжурияның  шекарасына  жеткен-ді.  Ол  аз  болғандай,  сонау  Тынық  мұхитта  да  орыс 
кемелері  жүзе  бастаған.  Міне,  сондықтан  да  Қытай  әміршілері  жоңғар  жолбарысының 
тұмсығын  Сібір  жағына  қарай  бұрғысы  келген.  Осы  жолбарыс  өзінің  болаттай  өткір 
тістерімен Тынық мұхитқа созылған қатын патша қолының күре тамырын орып түсуін арман 
ететін. 
 
«Қытай  —  жер  кіндігі  болғанда,  жер  шарының  шеттері  де  Қытайға  жатуға  тиісті!»  — 
боғдыхандар.  Олар  Сібір  өңірін  де  қосып  алып,  қала  салмақ  болды.  «әзірге  бұл  араны 
жоңғар  жолбарысы  мекендей  тұрсын,  ал  уақыты  жеткен  шақта    оны  әрі  қарай,  күнбатыс 
жаққа қуып жіберіп, бар тайганы өзіміз жайлаймыз», — деп ойлаған. 
 
Ал  Қалден  Церен,  көмейі  қанша  кең  болғанмен,  орыс  жерінің  тамағынан  өтпейтінін 
түсінетін. Сібірді жұтамын деп қақалып жатқаннан гөрі, басы бірікпей жүрген қазақ елінің кең 
байтақ даласын біртіндеп қарамағына алып, Ұлы Жоңғар мемлекетін құруды тиімді санаған. 
Ондай мемлекет құру үшін қазақ елінің тең жартысын қырып тастап, қалған жартысын басқа 
елдерді жаулап алуға пайдаланбақ болған. «Бүкіл әлемді сілкіндірген» жирен сақалды ұлы 
бабасы да дәл осылай істеген... 
 
Бірақ  Қалден  Цереннің  бұл  ойына  Чорас  руынан  шыққан  жас  нояндар  көнгісі  келмеді. 
Олар енді өздеріне серік іздей бастады. Бұндай бірен-саран серіктер қазақ сұлтандарының 
арасынан  табыла  кетті.  Соның  бірі  Барақ  еді.  Ол  жақында  өзінің  кіші  қызын  осы  Церен-
Доржиға берген. Бұны да Әбілқайыр білетін. Және ол бүлікшіл Церен-Доржиды қазақ жеріне 
айдауға  аттандырғандай,  Қалден  Цереннің  әдейі  жібергендігінен  де  хабардар  еді.  Қазақ 
даласында ұзақ уақыт жүргендігін пайдаланып Церен-Доржи Орта жүздің кей сұлтандарын 
өзімен  одақтас  етіп  те  үлгірген.  Ал  жоңғар  нояндарына  еріп,  қазақ  сұлтандарының  Сібір 


 
64 
қалаларын шабуға шығуы қазақ еліне ажалмен тең түсетін апат екенін ұққан Әбілқайыр енді 
екеуінен  де  сырын  жасырмауға  бел  буды.  Өйткені  Барақ  пен  Церен-Доржидың  одағы  — 
қазақ елінің Россия қол астына кіруіне қарсы ұйымдастырылған қауіпті одақ еді. 
 
— Жақсы, — деді, қияқ мұртының ұшын бір ширатып қойып Әбілқайыр, — қазақта мақал 
бар  ғой  «Сырыңды  айтпа  досыңа,  досыңның  да  өз  досы  бар»  деген.  Бәрібір  мен  айтқан 
сырды Барақ сұлтан өзінің досы Церен-Доржи мырзаға айтпай қоймас, ашық сөйлесейік. 
 
Барақ  сұлтан  езу  тартты.  Кенет  ол  «қашаннан  бері  мені  өзіңе  дос  санайтын  бола 
қалдың?» деп Әбілқайырдан сұрамақ болды да, сабыр сақтап, өзін-өзі баса қойды. 
 
—  Жарайды,  —  деді  сосын  түксиген  қабағын  сәл  жадыратып.  —  Теуіпкелдің  келе 
жатқанын  естідік.  Ол  неге  келе  жатыр  екен?  Қайсымызды  теуіп  кетпек?  Мені  ме,  Абылай 
сұлтанды ма, Әбілмәмбет ханды ма, қай қасыңды? әлде Ор қаласын салғалы келе  жатыр 
ма?.. 
 
— Мүмкін... 
 
—  Қайдам,  сен  салдырмақ  Ор  қаласы,  бәрімізге  бірдей  қазылған  орға  айналмаса 
нетсін... 
 
Әбілқайыр  ханның  Россия  патшалығының  қол  астына  кірумен  қатар,  патша  үкіметі 
алдына  қойған  екі  негізгі  мәселесі  болатын.  Бірі  —  Кіші  жүз  еліне  Еділ  мен  Жайық 
өзендерінің аралығынан жайылым беру. Екіншісі Ор өзенінің Жайыққа құятын сағасынан Ор 
қаласын  салу,  Әбілқайырдың  ондағы  ойы  —  қол  астындағы  орыс  бекінісі  арқылы  өзінің 
билігін  күшейту,  бекіністегі  әскерді  бақ  күндес  сұлтандарға  қарсы  пайдаланып,  үстемдігін 
арттыра  түсу;  бүкіл  қазақ  елін  өз  дегеніне  көндіру.  Бірақ  бұл  екі  тілегінің  екеуі  де  әзір 
орындалмай тұр. Бар мәселе әзірге екі жақтан бірдей қағаз жазылумен ғана аяқтала берген. 
Тек бір мың жеті жүз  отыз төртінші жылы қазақ жерінің батыс жағын басқаратын Орынбор 
экспедициясы құрылғаннан бері Ор өзенінің төменгі сағасына қала салудың мәселесі қайта 
қозғалған. Барақ сұлтанның «әлде Ор қаласын салуға келе жатқан шығар?» деуі осыдан еді. 
Хан жауабына шамданып қалған сұлтан кекесін сұрағын жалғай түсті. 
 
—  әрине,  Теуіпкелді  ана  жылғыдай  құрметтеп,  сырнай-кернейлетіп  қарсы  алатын 
шығарсың? 
 
—  әлбетте.  Россия  секілді  дос  елдің  елшісі  түгіл,  қас  еліміздің  де  елшісін  қошаметтеп, 
төрімізге шығарып отырмыз ғой... — Хан Церен-Доржиға қарап қойды. 
 
— Бірақ саған келе жатқан қонақ ата-бабасының дінін ұмытқан шоқынды ғой? 
 
— Сенің де қонағың  жетісіп тұрған  жоқ-ау,  — деді Әбілқайыр Церен-Доржидың шүршіт 
дінінің  адамы  екенін  ескертіп,  —  кейін  жиеніңді  сүндетке  отырғызарыңда,  бізді  де  тойға 
шақыратын шығарсың, Барақ сұлтан? 
 
Барақ сұп-сұр боп кетті. Енді ол іштегі ашуын сыртқа шығарды. 
 
—  Қатын  патшаның  Теуіпкел  арқылы  саған  жіберген  сыйлығы  да,  Теуіпкелге  сенің 
көрсеткен  салтанат  құрметің  де  таңғажайып  болып  еді  ғой.  Бірақ  одан  не  шықты?  Қазақ 
жерінде  түнерген  баяғы  қара  бұлт  —  сол  қара  бұлт...  Төрт  жағыңнан  соққан  ызғарлы 
сұрапыл  —  сол  сұрапыл...  Россия  қарамағына  алды  деп,  Еділ  бойын  жайлаған  қалмақ 
мықтылары  малыңа  жайылым  беріп  отыр  ма?  Бұрынғыдан  да  өшігіп  алды.  Оларға  тыйым 
салған қатын патша жоқ. Ал Ор бекінісі саған тек бізбен күресу үшін ғана керек. 
 
— әрине, сол үшін керек! 
 
Барақ не дерін білмей тоқтап қалды. 
 
Сұлтанның  айтып  отырғаны  шындық  еді.  Қазақ  елінің  Россия  патшалығының 
қарамағында  болуына  күрделі  еңбек  істеп  жүрген  Тевкелев  осыдан  бір  жыл  бұрын  ғана 
Сыртқы  істер  коллегиясына  жолдаған  хатында:  «Қырғыз-қайсақ  жұрты  тәрізді  қалмақ  пен 
башқұрт халықтарының да сана-сезімі төмен. Бәрі де тағы және терең ойламайтын елдер... 
Егерде әлдеқалай біреуі Россия патшалығына қарсы бас көтерер болса, қалған екеуін оған 
қарсы пайдалану керек. Мұндай жағдайда біз айыпты емеспіз, біздің ұят-арымыз қашан да 
болса таза қалады» деген. 
 
Россия патшалығы бұл елдерге қарсы өзінің отарлау саясатының бар әдісін пайдалана 
білді. Соның ішінде атам заманнан келе жатқан көне әдісі «бір ұлтты бір ұлтқа айдап салып, 
бөліп  алып  билеуді  де»  молынан  қолданған.  Демек,  отаршылық  саясатының  осындай  бір 
қатал әдістеріне қарамай, бұл ұлттардың болашағы тек Россияға қосылуда ғана қалған еді. 
Өзге жолдың бәрі, әсіресе Жоңғар хандығымен одақтасу тәрізді далбаса жолдар, қазақ елін 
мүлдем 
күйреу- 
ге апаратын... 


 
65 
 
—  Өз  билігің  өз  қолыңнан  кеткен  соң,  бізді  орыс  басқара  ма,  жоңғар  бас- 
қара ма, бәрібір емес пе? — деді Барақ сұлтан қайтадан сұрланып. 
 
— Қонтайшы басып алған жерінің адамдарын тегіс қырып-жойып, тек өлі жандарды ғана 
басқарғысы келеді. 
 
— Орыстар ше? 
 
— Бүгінге дейін орыс саудагерлері біздің жерімізге тек керуендерімен ғана келіп жатыр. 
 
— Соңынан солдаттары келгенде не болмақ?.. 
 
—  Оны  уақытында  көрерміз.  —  Әбілқайыр  тағы  Церен-Доржиға  қарады.  —  «Қорқау 
қасқырдан гөрі арыстанға жем болған жақсы» деген мәтел бар. 
 
— Ендеше, ол арыстаның бізді неге қорғамайды? 
 
— Істеп отырған қастығымыз аз ба? 
 
— Қандай қастығымызды айтасың?   
 
— Қазақ жерінен Ташкент, Хиуа, Бұхарға қарай аттанған орыстың бір керуенін тонамай, 
сау өткіздік пе? Сөйтіп отырып, орыс патшасына қалай қорған бол дей аламыз?.. 
 
Әбілқайыр  ханның  бұл  айтып  отырғаны  да  шындық  еді.  Бір  мың  жеті  жүз  отыз  екінші 
жылы,  полковник  Гарбер  басқарған  жүзге  таяу  жауынгер  қорғаушысы  бар,  орыстың  Хиуа 
мен  Бұхарға  бара  жатқан  сауда  керуені  Астрахань  атырабында  тоналған-ды.  Орыс 
саудагерлерінен  тек  Гарбердің  өзі  мен  бірнеше  солдаты  ғана  аман-есен  құтылған.  Өткен 
жылы,  майор  Миллер  басқарған,  Орынбордан  Ташкентке  бара  жатқан  дәл  осындай  орыс 
керуені тағы тоналды. Мұндай жағдайлар Ертіс, Есіл бойларында да жиі кездесе бастаған. 
 
Әбілқайыр осыларды Барақтың бетіне әдейі салық етіп отыр. 
 
—  Орыс  керуендерін  өткізсең,  елімізге  бейбітшілік  пен  қуаныш  орнайды  дейсің  ғой, 
Әбілқайыр хан. — Барақ сөзі енді тұтыға шықты. — Бұның бекер. Айтайын дегенім көп еді, 
бірақ орда сенікі... 
 
— Айт! Айт! — деді Әбілқайыр мысқылдай. — Айтарыңды айтып жүрсің ғой, бөтен жер 
ме, менің ордам ба, саған бәрібір емес пе? 
 
—  Онда  тыңда!  —  деді  күреңденіп  кеткен  Барақ.  —  Әбілқайыр  хан,  сен  елімізге 
тыныштық емес, бүліншілік әкелгелі отырсың! 
 
—  Мен  бүліншілік  әкелмей  тұрып-ақ,  қазақ  жері  Жоңғар  қонтайшысы  қырған  жұрттың 
сүйегіне толған жоқ па? 
 
Барақтың кенет ерні кезеріп, көзі ұшқын ата қалды. 
 
—  Әбілқайыр  хан,  сен  өзіңнің  қамың  емес,  халқыңның  қамын  ойлайды  екенсің  ғой!  — 
Барақ  Әбілқайырдың  тамағынан  ала  түскісі  келгендей  шарт  жүгініп  отыра  қалды.  Церен-
Доржи  да  тайпы  табан  етігінің  қонышындағы  пышағына  қолын  созды.  —  Кәне  айт,  айтшы 
шыныңды?! 
 
Барақ  сұлтанның  оқыс  қимылынан  Әбілқайыр  ханның  беті  бүлк  еткен  де  жоқ.  Сол 
сазарған  қалпында  селт  етпей  отыра  берді.  Тек  есік  алдында  тас  мүсін  секілді  қозғалмай 
тұрған  қос  күзетшіге  көзінің  қиығын  аударып  еді,  екеуі    бірдей  қолдарындағы  садақтарын 
Барақ 
пен 
Церен-Доржиға 
кезеніп 
тұра 
қалды. 
 
— Жоқ, Әбілқайыр хан, — деді Барақ сұлтан, ашудан күреңденіп кеткен бетінің ызғары 
тарамай,  —  сен  Ор  бекінісін  орыс  патшасына  бәрімізді  матап  беріп,  тек  өз  басыңды 
жоғарылату үшін салып отырсың! 
 
— Менің орнымда өзі¦ болсаң қайтер едің, Барақ сұлтан? 
 
Жылан мен мысық арбасуындай, Ақ Орда ішін бір суық ызғар биледі. Ашулы Барақ тағы 
сөйлемек  болып  келе  жатыр  еді,  бағанадан  бері  жұмған  аузын  ашпай  отырған  Бөгенбай 
батыр жартас үстіне қонған бүркіттей қомданып, саңқ ете қалды. 
 
—  әй,  Әбілқайыр  хан!  әй,  Барақ  сұлтан!  — деді  сол  қолын  жоғары  көтеріп,  —  хан  мен 
сұлтан  өзара  қырқысып  жатырсыңдар.  Сонда  қара  халық  бізді  неге  шақырдыңдар? 
Соларыңды айтыңдаршы! 
 
— Иә, соны естілік, — деді Тайман батыр да сұрланып. 
 
— Иә, иә, сөйле! Сөйле! — деді Әбілқайыр өз айыбын мойнына алғандай, Бөгенбайдың 
халық арасында қандай қадыры бар екені есіне енді түскен болуы керек, ол батыр сөзін бар 
ықыласымен тыңдамақ сыңай көрсетті. 
 
Бөгенбай  ат  арқасына  ерте  қонған  батыр  еді.  Осыдан  он  бес  жыл  бұрын  өзі  Үргеніш 
жақта  жорықта  жүргенде,  жоңғардың  бір  аламан  жасағы  аулын  шауып,  қатын-баласын 
найзалап  өлтіріп  кеткен.  Содан  бері  Бөгенбай  ер  үстінен  түскен  емес.  Елінің  жат 


 
66 
жауларыменен  сан  айқасты.  Және  үнемі  жеңіп  жүрді.  Бұл  күнде  атағы  алты  алашқа  аян 
болып,  даңқының  көтерілгені  соншалық,  тіпті  бұл  істемеген  ерлікті  де  қазақ  бұған  таңды. 
Бөгенбай  аңызға  айналды.  Халқының  осыншама  құрметі  мен  өзінің  жеке  басының 
батырлығы арқасында, ол жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ елінің жауына қарсы жалау 
етіп  көтерген  көсемдерінің  бірі  болды.  Қандай  хан  болсын,  сұлтан  болсын,  Бөгенбаймен 
ақылдаспай майданға шықпайтын күйге жеткен. 
 
— Иә, сөйле, Бөгенбай батыр! — деді Барақ сұлтан да. 
 
—  Сөйле  десеңдер,  сөйлелік,  —  деді  Бөгенбай  ішке  тұнған  ызасы  мен  уайымын  әзер 
басып, — біз хан емеспіз халықты билейтін. Ал халықтың қаны төгілетін жерде жалғыз ғана 
хандар  сөйлеп  қоймаса  керек-ті.  Маған  салсаңдар,  орыс  бекіністерінің  маңында  жұртқа 
қауіпсіздеу  екені  рас.  Сол  себептен  де  Жоңғар  сойылынан  пана  іздеген  көп  ауыл,  орыс 
шекарасына таяу көшіп барды емес пе? әрине, ол арада қара халықтың басына бәлендей 
жақсылық орнап  жатқан жоқ. Сөйтсе де халық деген Сейхұн дариядағы балық тәрізді қаупі 
аздау  тереңдікті  іздейді.  Орыс  шекарасына  да  сол  үшін  таяу  қонып  жатыр.  —  Ол  енді 
Бараққа  қарады.  —  Ел  мына  сенің  жақындарыңнан  алыстау  жерде  түтінін  түтетіп,  малын 
бағып, асын тыныш ішкісі келеді. 
 
Дәл осы сәтте Ақ Орданың есігі ашылып, үйге бүкіл Кіші жүзге аты шыққан әйгілі сұлу, 
Әбілқайырдың кіші тоқалы Нұрбике кербез кірді. Сұңғақ бойлы, тобылғы күрең, мөлдіреген 
қарақат көздерінде адамның жүрегін шөлдетер ашымық бір ұшқын бар. Басына киген алтын 
зерлі  сәукелесі,  үстіндегі  белі  қыналған  алтын  оқалы  мауыты  қамзолы  көлеңкеде  жанған 
шоқ  тәрізді.  Ырғала  басқан  әр  адымында,  жұмырланып,  тола  бастаған  сымбатты  дене 
бітімінде бір ерекше сиқыр ұялағандай, үйдегі еркектердің көзін бірден өзіне аударып әкетті. 
Ашулы  сөздер  ызғарымен  күңгірт  тартқан  ақ  боз  үйдің  іші  кенет  күн  сәулесі  түскендей 
жадырап сала берді. 
 
— Мырзалар, қонақ үйге жүріп дәм татыңыздар, — деді ол, құралай көзінен сәуле төге, 
қоңыр даусын сәндене созып. 
 
Нұрбикенің  көген  көздеріндегі  қызығы  мол  бір  құпия  сыр  жарқ  етіп  Барақтың  бетіне 
төгіле  түсті  де  кенет  біреу  үрлеп  жіберген  шамдай  сөне  қалды.  Енді  ол  көзін  төменірек 
отырған  қос  батырға  аударған.  Бөгенбай  мен  Тайман  батырдың  жүздері  де  тобылғының 
қып-қызыл  шоғына  тосылғандай  әлденеге  балбырап,  қызарып  кетті.  Нұрбике  сұлу  түнде 
көрген  тәтті  түсі  есіне  түскендей  ақырын  жымың  етті.  Енді  ол  жаудыраған  қарақат 
көздерінен  махаббат  күн  шуағындай  әсем  бір  жылылық  төгіп,  сұлу  тоқалдың  кіргеніне  мән 
бермей отырған Бараққа қайта бұрылды. 
 
— Сұлтан қайным, дәм татыңыздар деп тұрмын ғой, — деді еркелене үн қатып. 
 
— Бұйырған дәм болса татармыз, — деді Барақ, жасы отыз беске келіп қалса да әлі де 
жас қыздай сылаңдаған тоқалдың ажарына немқұрайды көз тастап. — Алдыменен мына хан 
тағындағы жұбайыңыздың ақылына қанып алуға мұрсат беріңіз. 
 
Бүкіл алты алашты сұқтандырған көркіне Барақтың назар салмағанына Нұрбике ханым 
шамданып қалды: 
 
—  Ақылға  шөлдеп  келсеңіз,  онда  сусыныңызды  әбден  қандырып  алыңыз,  —  деп 
мысқылмен  күлімсіреді  де  бұрала  басып  шығып  кетті.  Ерке  тоқалының  айтқанын  екі  етіп 
көрмеген Әбілқайыр: 
 
— Астан үлкен емеспіз ғой, — деді, — жүріңіздер, дәм татып шығалық. 
 
— Иә, сөйтелік, — деді батырлар да қостап. 
 
Әбілқайыр  орнынан  түрегелді.  Барақ  сұлтан  да  амалсыз  қонақ  үйге  қарай  беттеді. 
«Ханға әмірін жүргізген бұл қатынның қандай құдіреті бар екен? Байқап көретін екен» деді 
ішінен. 
 
 
Нұрбике ханымның құр ғана сұлулығы емес, хан қадірлер қылығы да мол еді. 
 
Бұл  «Ақтабан  шұбырындының»  алдындағы  бір  тойда  Бөгенбай  мен  Тайман 
батырлардың қатты өштесуіне де осы Нұрбике себепкер болған. Ол той иесі Қойсан байдың 
ерке-шора  қызы  еді.  Тойға  келген  екі  батыр  жігіт  он  жеті  жасар  Нұрбикеге  көрген  жерден 
ғашық болды. О кезде бәсекелес екі батыр сұлу қызды бірінен бірі қызғанып, өз көңілдерін 
қатар білдірген. 
 
Ерке-шора  бай  қызы  бір  жағы  қалжыңбастық,  еркелікпен,  екінші  жағынан  жігіттердің 
намыстарына тиіп, мазақ етпек оймен: 
 
— Екеуіңді де бірдей ұнатам, — деп еді, — тек кімнің өнері асса — сол менің қалауым... 


 
67 
 
Қыз шешімін естіген қызба қанды қос батыр енді ашық бәсекеге түсті. Бірақ сайыста да, 
жамбы атуда да, күресте де, жерден теңге алуда да жеңісе алмады. 
 
Бірінен бірі оза  алмаған батырлар қайтадан қызға келді. Нұрбике екеуін ажуалап, тағы 
күлді. 
 
—  Біріңе  бірің  қимаған  өз  обалдарың  өздеріңе!  Енді  кеш  қалдыңдар,  —  деді  күлкісін 
тыйып. Сосын өзіне кеше ғана Кіші жүздің ханы Әбілқайыр құда түскенін естіртті. 
 
Таласып жүріп, қыздан айрылып қалғандарына өкінген екі батырдың іштері удай ашыды. 
Екеуінің  арасындағы  жігіттік  талас  енді  араздыққа  айналған.  Сөйтіп  жүргендерінде  Жоңғар 
шабуылы  басталды.  Ел  басына  туған  апат  екі  батырдың  арасындағы  араздықты 
ұмыттырды. Жауларына бір майданда қатар тұрып қарсы шықпағанмен, екеуі ерліктері үшін 
бірін-бірі  сырттай  сыйлайтын.  Халық  құрметіне  бөленген  қос  батыр  ақыры  Әбілқайыр 
ханның оң қолы мен сол қолына айналған. 
 
Ал  Нұрбике  сұлуды  алған  Әбілқайыр  дүниедегі  бар  арманына  жеткендей  болды.  Тек 
жанындай жақсы көрген сүйікті тоқалынан перзент көрмеді. Бірақ хан оған опық жеген жоқ. 
Кербез  тоқал  өзінің  нәзік  қылықтарымен  ханның  көңілін  көншітіп,  бабын  таба  білді. 
Әбілқайыр  бәйбішелерінің  үйінде  түнеп  шыққанда,  қымыз  орнына  жылымшы  айран 
ішкендей,  Нұрбикені  аңсап  тұратын  күйге  жетті.  Ерінің  жас  тоқалынан  суымайтынына 
көздері жете бастаған ханның өзге әйелдері, Нұрбикені қаралай, өсек те айтып көрді. Бірақ 
хан сонда да тоқалының өзіне деген махаббатына шек келтірмеді. 
 
Нұрбике жайында өсек-аяң көбейіп жүрген бір жылы Әбілқайыр әлдеқалай жас тоқалын 
ертіп  Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Яссауи  мешітіне  барған.  Зәулім,  әшекейлі  мешіттің 
салтанатты сарайларын аралап жүріп, бір жабық есіктің тұсына келгенде, олар ар жағынан 
бір  сүйкімсіз  қарқылдаған  үн  естіді.  Қожа  Ахмет  Яссауи  мешітінде  бұрын  да  талай  рет 
болған  Әбілқайырға  бұл  есік  бұзыла  бастаған  зәулім  сарайдың  есігі  екені,  ар  жағындағы 
жексұрын  дауыстар  сарай  қабырғасының  құлаған  кірпіштерінің  орнына  ұя  салған  қара 
қарғаның қарқылы екені мәлім болатын. 
 
Бірақ әулие мешітінің ішінде қобалжып келе жатқан Нұрбике әлгі дыбыстан секем алып, 
қасындағы ерінен:  
 
— Бұл ненің даусы? — деп сұраған. 
 
Кенет Әбілқайырға бір ойнақы ой келе қалды. 
 
—  Бұл  дозақ  құстарының  шуы,  —  деді  ол  шімірікпестен.  —  Егер  мынау  сарайға  кірген 
әйел  өмірінде  ерінің  көзіне  неше  рет  шөп  салса,  сонша  құс  ұшып    келіп,  басы-көзін  шоқи 
бастайды... — Хан әйеліне сынай қараған. — Кіресің бе? 
 
Нұрбике  сұп-сұр  боп  кетті  де,  бойын  тез  жинап  алды.  «Егер  аспандағы  алла-тағалам 
жердегі менің істеген  күнәмді санап жүрген  болса, қалай жазалаймын десе де  өз қолында 
ғой. Тәуекел, кірейін» деп ойлады ішінен. Сосын күйеуінің бетіне наздана қарап. 
 
—  Менің  күнәсіз  екенімді  білмейтін  бе  едіңіз,  хан  ием?  Онда  ашыңыз  есікті.  Бәрін 
көзіңізбен көріп, көңіліңіз орнықсын... 
 
Қуанып  кеткен  Әбілқайыр  есікті  аштырмаған.  «Күнәлі  болса,  кіруге  қорқар  еді,  адал 
екен» деген ол. Жас тоқалын өте жақсы көретін хан өзін-өзі алдап, әйелінің күнәсіз екеніне 
сенгісі 
келген. 
Бірақ 
бүгінгі 
Нұрбикенің 
Бараққа 
аудар- 
ған көзқарасынан хан бір сұмдықты аңғарып қалғандай еді, әйтсе де сыр бермеді. 
 
Қыз  болып  көзге  түскелі  өзін  елемеген  еркекті  бірінші  рет  көріп,  Нұрбике  ақ  боз  үйде 
ызаланып  тұрғанда,  хан  қонақтарын  бастап  ішке  кірді.  Нұрбике  жайнап  сала  берді.  Бұлар 
жас  құлынның  балбырап  піскен,  уыздай  дәмді  етін  жеп,  балдан  тәтті  сары  қымызды 
рақаттана сіміріп, ит жүгіртіп, құс салу жайын әңгіме етіп, бие сауымындай мезгіл отырды. 
Содан кейін қайтадан хан сарайына келді. Тек хан Ордасының есігін аша бергенде, Барақ 
сұлтан қонақ үйде шақшасының ұмыт қалғаны есіне түсіп кейін қайтты да көп ұзамай қайта 
оралды. Басқа адам бұдан ештеңе аңғармағанмен, Әбілқайыр қас жауы Барақтың езуіндегі 
болмашы ғана күлкіден оның олжасы тек «ұмыт қалған» шақша емес екенін ұқты. 
 
Хан төрдегі орнына отырғаннан кейін, байсалды үнмен сөзін бастап кетті. 
 
—  Россия  қарамағына  кіреміз  дегеннен  бері  менің  қасым  көбеюде,  —  деді  ол.  —  Қай 
халыққа болса да басқа жұртқа бағынышты болу өте қиын. Бірақ біздің жағдайымызда басқа 
жол жоқ. Жоңғарды жеңсең, ар жағында Қытай бар. Қытай боғдыханына бағыну — тіліңнен 
де, дініңнен де бірдей айрылу деген сөз. Ал Россия оған қарағанда әділ де, адал да жұрт. 
Жеріміз де, тағдырымыз да бір. — Кенет ол даусын көтере сөйледі. — Жоқ, не десеңіздер 
де Россияға қосылу — бізге қалған жалғыз жол! 


 
68 
 
Күндікке үндемей отырған Церен-Доржи кенет шіңк ете қалды.  Алпамсадай денесі мен 
тұнжыраған  түріне  қарамай,  үні  қанден  иттің  даусындай  жіңішке,  ащы  екен.  Аузынан  көбік 
ата, сөйлеп қоя берді. 
 
— Тақсыр хан, қазақ еліне Россияға қосылудан бөтен жол жоқ дегенің бекер, — деді ол 
астындағы  атлас  көрпе  жамбасына  батып  отырғандай,  қозғалақтап.  —  Батыр  адамның 
бәрін  өзімізге  қосып  аламыз.  Сені  де!  Сені  де!  Қатын  патшасын  ат  құйрығына  байлап 
өлтіреміз!  Сосын  орыс  жерінен  де  асып,  әрі  қарай  барамыз!  Арғы  бабаларымыз  жеткен 
жерге  біз  де  жетеміз!  Одан  да  әрі  кетеміз!  Жолымыздағы  қала  біткеннің  бәрін  қиратып 
жоңғар мен қазақ малына жайылым етеміз. Адам біткеннің бәрін қойдай көгендейміз! Саған 
бұдан артық қандай жол керек? 
 
Бөгенбай батырдың Церен-Доржиға жеркене қарағанын көзінің қиығымен шалып қалған 
Әбілқайыр: 
 
— Сонда қазақ жерін қайтесіңдер, құрметті ноян? — деді ананың бар ойын білгісі келіп, 
—  қазірдің  өзінде  жеріміздің  тең  жартысынан  айрылдық...  Ол  жерді  бізге  кім  қайтарып 
береді? 
 
—  Шын  батырларды  өзімізге  қосып  аламыз  дедім  ғой,  —  деді  Церен-Доржи  қайтадан 
шіңкілдеп, — оларға жер береміз. Ал қара халыққа жер неге керек? Өлсін! Қырылсын! 
 
—  Жарайды,  сенің  айтқаныңдай-ақ  болсын,  —  деді  Әбілқайыр.  —  Бірақ  өзің  орыс 
зеңбіректерінің қалай атылатынын көрдің бе? 
 
— Көргем жоқ. Көргім де келмейді. 
 
— Жерін тартып алмақшы болып жатқаныңда, орыстар сенің «көргім келмейді» дегеніңе 
көнер ме екен? 
 
 
— Мен одан қорықпаймын,  — деді Церен-Доржи, — маған боғдыхан ондай зеңбіректің 
мыңын береді. 
 
Қызба қанды Жоңғар нояны, ашу үстінде бұл сөзді қалай айтып қалғанын өзі де білмеді. 
 
Церен-Доржиға  енді  Барақ  та  тұнжырай  қарады.  Найман  тайпасы  жоңғарлармен 
көршілес отырғандықтан, бұл екі елдің арасында ұрыс-керіс ғасырлар бойы тынбай келген. 
Жоңғардың  жеңіл-желпі  шабуылдарына  Найманның  батыр  ұлдары  әрқашан  да  тойтарыс 
бере алған. Сөйтсе де, көп жылдан бері қатар көшісіп жүргендіктен, бұл екі жұрт кейде қыз 
беріп, қыз алысып та жататын. Әсіресе, мұндайда жоңғарлықтар қазақтың төре тұқымынан 
шыққан  адамдармен  жақындасуға  құмар  келетін.  Бірақ  Наймандар  қазақ  еліне  жоңғарлар 
тиіссе болғаны, құдалығын да, көршілігін де ұмытып, қолына найзасын алып шыға келетін. 
Найманның бүкіл қазақ еліне әйгілі осындай батырының бірі Қаракерей Қабанбай еді. Барақ 
қызын Церен-Доржиға бергеніне Қабанбай батыр қатты ашулы дегенді де сұлтан естіген-ді. 
Сол себеп болды ма, әлде Қытай боғдыхандарының мәңгі қастығы есіне түсті ме, ол Церен-
Доржиға: 
 
— Маған шүршіттің жәрдемін айтпа, — деді кейіп, — шүршіттің зеңбіректерінен гөрі бізге 
орыс  зеңбірегі  жеңілдеу  тиер...  —  сосын  ол  Әбілқайырға  бұрылды.  —  Сонда  не  істейміз? 
Жерімізге орыстардың қала салуына көніп отыра береміз бе? 
 
— Россияға бағыну — қала салдыру ғана емес. Бұл үлкен саясат, — деді Әбілқайыр, — 
жақында ғана маған Аралбай мен Оразкелді ақсақалдар келіп: «Қатын патшаға өтініп, Ұлы 
жүзді  де  Россия  қол  астына  алдыр»  деп  кетті.  Ал,  Жайық  пен  Ор  өзенінің  түйіскен  жеріне 
қала салуды сұраған менмін. Бұл қала  жеке маған ғана емес, бәрімізге керек... Түбі, қазақ 
елі  толып  жатқан  ақымақтардың  қолында  бөлшектеніп  жүргенше,  бір  ақылдының  қолында 
тұтас 
отыр- 
ғаны жөн емес пе... Мұнымды кім теріс дейді?.. 
 
—  Мұндай  қамқорлық  Үлкен  Орда  ханы  Әбілмәмбеттің  ісі  емес  пе?  —  деді  Барақ 
тұнжырап. 
 
Әбілқайыр тура жауап беруден жалтарды... 
 
— Мен Үш жүздің басын біріктіргім келеді. Сонда ғана өзге жұрт бізбен санасады, — деді 
сөзін  сабақтап.  —  Жаңа  Бөгенбай  батырдың  сөзін  естідіңдер  ғой.  Жұрттың  көбі  осылай 
ойлайды. 
 
Жерге қарап отырған Церен-Доржи басын көтеріп алды. 
 
— «Кірпікшешен ініне кіргенше ғана дос» деген біздің жоңғарда мақал бар, — деді ол, — 
ініне  кіріп  алғаннан  кейін  инелерін  сұға  бастайды.  Түбінде,  қалап  алған  досыңнан  қашып 
құтыла алмай жүрме. 
 
— Жоңғар кірпікшешені жөнінде айтып отырған жоқсың ба, ноян? — деді Тайман батыр. 


 
69 
 
—  Иә,  Церен-Доржи,  орыс  патшасы  бізге  нендей  сый  әкеледі,  әзірге  беймәлім  —  деді 
Әбілқайыр. — Бірақ жоңғардың бұғауымен таныспыз. Ал шүршіттің зұлымдығын өздерің де 
бізден кем білмейсіңдер... 
 
—  Жарайды,  Әбілқайыр  хан,  сенің  бұл  шешіміңді  мен  ұлы  қонтайшыға  күні  ертең-ақ 
жеткіземін,  —  деді  Церен-Доржи  ханды  қорқытпақ  боп,  —  Жоңғардың  бар  түмені  Ырғыз 
түбіне жеткенде сөйлесерміз. 
 
— Мейлі, Қалден Цереннің қанды қолын жаңа көріп жүр дейсің бе? Жіберсе, күтіп алуға 
бармын! 
 
— Онда кешікпей Қалден Церенді де көріп қаларсың. 
 
Жоңғар  нояны  орнынан  түрегелді.  Ханға  әдет  бойынша,  сәл  басын  иіп  тәжім  етті  де, 
асыға басып шығып кетті. Оның соңынан Барақ сұлтан да тұра берген... 
 
— Отыра тұр, Барақ сұлтан,  — деді Әбілқайыр қолымен ишара жасап. Барақ үн-түнсіз 
қайта  отырды.  —  Тевкелевтің  келе  жатқанын  жаңа  айттым  ғой.  Әрине  босқа  келе  жатқан 
жоқ. Бұл жолы қазақ елінің ақ патшаға біржола бағынуын талап етуі хақ. Оған қандай жауап 
қайтарамыз? 
 
— Өзің қандай жауап қайтармақ ойдасың? 
 
— Мен жауабымды осыдан бес жыл бұрын бергем. 
 
—  Мен  де  жауабымды  сонда  бергем.  Сірә,  екеуміздің  жауабымыз  бір  жерден  шыға 
қоймас. 
 
— Сонда ат құйрығын кескен жеріміз осы болғаны ма? 
 
Әбілқайыр  мен  Барақ  арасындағы  араздық  өз  алдына.  Қазір  бұлардың  шешетіні  тым 
жауапты  мәселе  еді.  Бірақ  амал  не,  халық  тағдыры  бас  араздықтың  қанжығасында  кете 
барды.  Найман  тайпасы  Жоңғар  хандығымен  қатар    тұрғандықтан,  Бараққа  да 
Әбілқайырдың айтқанына көне қою қиын еді, сондықтан да ол: 
 
— Ат құйрығын кестім десең өзің біл, Әбілқайыр хан! — деді де ордадан  шығып кетті. 
 
Күзетшілер сол тас мүсін қалпында тұрып қалды. Үй ішін тағы да тымырсық тыныштық 
басты. 
 
—  Хан  ием,  —  деді  Тайман  батыр  тыныштықты  бұзып,  —  халайық  қайда    болса,  хан 
сонда  болады  деп  сенеміз.  Соңыңнан  ердік,  әзірге  үмітімізді  ақтап  келесің.  Бірақ  бүгін  бір 
түсінбай қалған жайым бар. 
 
— Сөйле, Тайман батыр? 
 
 
— Бізге Жоңғарлардың істемегені бар ма? Елімізді қан-жоса етті, шалымызды кәрі деп 
аяған жоқ, баламызды жас деп мүсіркемеді. Қыс қыстау етер, жаз жайлау етер бүкіл жылы 
өңірімізді  басып  алды.  Ал  сондай  ата  жауымыздың  жаңағы  Церен-Доржи  тәрізді 
қандышелек  батыры  қолымызға  өзі  түсіп  отырғанда,  аман-есен  қоя  береміз.  Ол  аз 
болғандай, 
оның 
көзінше 
ашпайтын 
құпия- 
мызды  ақтарамыз.  Біздің  бар  ойымызды  ол  ертең-ақ  Қалден  Цереніне  жеткізбей  ме? 
Білмеймін, жарқыным, неге бұлай бұның бәрі... 
 
—  Құпиямызды  айтсақ,  ол  құпияны  Церен-Доржи  ешкімге  жеткізе  алмайтынын  білген 
соң айттық. 
 
— Қалайша? 
 
—  Церен-Доржи  қасындағы  жігіттерімен  бүгін  түнде  Қанды  жартас  тұсында  ажал 
табулары керек! 
 
— Кім орындайды ол үкімді? 
 
— Батыр Тайман мен оның сайыпқыран жас бөрілері. 
 
Тайман абыржып қалды. 
 
— әй, қалай болар екен?! Менің жігіттерім Көкжал Бараққа татымайды ғой. Оған қарсы 
ұрыс ашуға кімнің батылы барады... 
 
— Церен-Доржиды қасында Барақ жоқ кезде өлтіреді. 
 
— «Барақ жоқ кездеңіз» қалай? Бәрі бірге аттанады ғой. 
 
— Барақ сұлтан ымырт үйіріле, осы біздің ауылдың тұсына қарай кейін қайтады. 
 
— Неге? 
 
Әбілқайыр жүдеу ғана езу тартты. 
 
—  Иә,  Барақ  кейін  қайтқан  соң,  сендер  Қанды  жартас  түбінде  аңдып  тұрып  Церен-
Доржидың  тобын  басуларың  керек.  Бірде-бірін  тірі  жібермеңдер.  Біздің  ордадан  аман 
кеткені бүкіл жұртқа аян. Сонан кейін елшісінің қанынан Барақ сұлтанның өзі ақталып көрсін. 


 
70 
 
әңгіменің ар жағы күбір-сыбырға айналып кетті. Бұл кеңес біткеннен кейін, сүт пісірімдей 
мезгіл  өтер-өтпесте,  қасында  қару-жарақты  елу  жігіті  бар  Тайман  батыр  хан  ауылынан 
күншығыс жаққа қарай қиялап шыға берді. 
 
Әбілқайыр  үйде  оңаша  қалды.  Бейуақта  берілген  әмірінен  бөтен  ешкімнің  хабардар 
еместігіне  сенген  хан  енді  тағына  сүйеулі  тұрған  үкілі  домбырасын  алып,  бір  асау  күйді 
безілдетіп ойнай жөнелді. Осының алдында ғана ашу, ыза, әдіс, қулық  секілді неше алуан 
сезімді басынан өткізген ханның домбыраны осыншама құшырлана қағуы — жүрегін өртеген 
бар азапты ұмытып, бір мезет көңіл қобалжуын басуы еді... 
 
Ал  Барақ  сұлтан  болса,  Әбілқайыр  айтқандай,  хан  ордасынан  әжептәуір  ұзап  барып, 
ымырт үйіріле Церен-Доржи тобынан өзінің сенімді екі жігітін бөліп алып, кейін қайтқан. Қас 
қарая  хан  ауылының  тұсындағы  терең  сайға  келіп,  атын  жігітіне  беріп,  өзі  бергі  жағаға 
шықты да, көзін хан аулынан алмай етпетінен жатты да қойды. 
 
Қара  шапан  жамылған  Нұрбике  тек  ауыл  ұйқыға  қатты  кеткен  кезде  ғана,    уәделескен 
жеріне жетті. Шыдамы таусылған Барақ сұлтан орнынан атып тұрды. 
 
Баласыз  әйел  қанша  сұлу,  еріне  қанша  ыстық  болмасын,  ол  тек  жас  кезінде  ғана 
жарына  қымбат!  Бұл  қазақтың  ескі  дәстүрі.  Әсіресе  бұл  заңды  қартайғанша  жас  иіс  құмар 
төре  тұқымы  мықты  ұстаған.  Осыны  білетін  жеңгелері  «Егер  хан  күйеуің  суып  кетпесін 
десең,  оған  күлге  аунасаң  да  бір  перзент  тап»  деген  ақылдарын  жүрегіне  мойнындағы 
тұмардай сақтаған ерке тоқал қара мақпал шапаны бозаң үстіне қалай жайылғанын екеуі де 
түсіндегідей  ғана  сезінді...  Бие  сауымындай  өткен  кезде,  орнынан  созыла  түрегелген 
Нұрбике Бараққа ерінің Церен-Доржиды өлтір деп әмір бергенін айтты. 
 
Барақ атына қарай жүгірді. Әне-міне дегенше тыныш түнді үркіте оятып, жазық даланы 
дүбірлете күншығысқа қарай шаба жөнелді. Ашу қысқаны сонша, ат дүбірінен ауыл оянып, 
Нұрбикенің қылмысы ашылып қалар деп ойлаған да жоқ. 
 
Бірақ  бұл  қылмысты  Әбілқайыр  онсыз  да  біледі.  Сай  жағасындағы  қалың    талды 
жападан-жалғыз  бағанадан  бері  аралап  жүрген  көлеңке  —  бұл  Әбілқайыр  хан  еді.  Әттең, 
дүние-ай, Барақты ол тек атына мінген кезде ғана көріп қалды. 
 
Сол  күні  ол  көрер  таңды  көзімен  атқызып  шықты.  Тек  таңертең  ғана  нөкерлеріне  ең 
жақсы  көретін  тоқалы  Нұрбикені  бар  жасауымен  Сыр  бойындағы  әкесі  Қойсан  байдың 
аулына апарып салуды бұйырды. Нөкерлері де,  Нұрбике де «неге?» деп сұраған жоқ. 
 
Сәскеден  ауа,  Нұрбикенің  көші  ұзап,  жаңа  көтерілген  сағыммен  араласа,  көкжиекте 
бұлдыр 
тартып 
кеткен 
кезде 
ғана 
ол 
үйден 
шықты. 
Кетіп 
бара 
жат- 
қан көштің сыртынан ұзақ қарап тұрды. Әлден уақытта барып, жүрегінің бір нәзік қылы үзіліп 
кеткендей,  қинала  күрсінді.  «Асықпа,  Барақ  сұлтан,  күнім  туса  сені  өз  қолымнан 
бауыздармын» деді тістене күбірлеп. 
 
Осы  мезетте  күншығыс  жақтан  құйындата  шапқан  салт  аттылар  көрінді.  Бұлар  Тайман 
батырдың  жігіттері  еді.  Көп  ұзамай  олар  аттарын  ауыл  сыртындағы  кермеге  байлап,  бері 
қарай жүрді. 
 
Тайман батыр өзгелерден бөлініп кеп, Әбілқайырға сәлем берді. 
 
— Жолың болды ма, батырым? — деді хан. 
 
Тайман батыр төмен қарады. 
 
— Сәті түспеді, хан ием. 
 
— Қалайша? 
 
—  Біз  Церен-Доржидың  тобына  жеткен  кезде,  Барақ  сұлтан  сіз  айтқандай,  олардың 
арасында жоқ екен. Аттылы жаумен белес арасында кездесуді қауіп көріп, қара көрсетпей 
Қанды  жартасқа  дейін  еріп  отырдық.  Қанды  жартасқа  жеткен  кезде  олар  аттарынан  түсті. 
Көліктерін  отқа  қойып,  бастарына  қоржындарын  жастанып,  көздері  ұйқыға  кетті-ау  деген 
кезде,  біз  де  тидік.  Ұйқылы-ояу  сасқалақтаған  жігіттерін  бірден  сойылға  жықтық.  Бірақ 
Церен-Доржи  атына  мініп  үлгіріп  қалды.  Талағы  түскір  әбден  ұрысқа  үйренген  бе,  біздің 
дүбіріміз  шығысыменен  арқырай  кісінеп  иесіне  жетіп  келді.  Ат  үстідегі  Церен-Доржи  осал 
жау  болмай  шықты.  Маңына  таяған  екі-үш  жігітімді  айбалтасымен  ұрып  құлатты.  Түн 
қараңғы  боп,  өзім  оған  дәл  кездесе  алмадым.  Енді  қолыма  түстің  бе  деп,  бес-алты 
жігітіммен  қоршай  бергенімде,  Барақтың  «Аруақ!  Аруақ!»  деген  айбарлы  даусы  естілді. 
Жігіттерім тым-тырақай қаша жөнелді. 
 
— Өзің ше? 


 
71 
 
—  Өзім  де  шегінуге  мәжбүр  болдым.  Барақтан  қорықпағанмен  де,  төре  тұқымы  ғой, 
қарсы  сойыл  көтеруді  жөн  таппадым.  Өзге  қауым  қалай  көреді,  ол  әлі  ашық  жау  болып 
шыққан жоқ қой? 
 
—  Дұрыс  еткенсің:  қардың  басын  қар  алар,  ханның  басын  хан  алар,  қарашаның  төре 
тұқымына сойыл соғуы лайықты емес. 
 
— Өзім де солай болжадым. 
 
Әбілқайыр бұдан әрі қазбаламады. 
 
— Өңгерген өліктеріңді көрмедім. Сойылға жығылғандарың қайда? 
 
— Көрші ауылда. 
 
— Жөн еткенсің. Орда маңайы онсыз да қара түнек. 
 
Әбілқайыр  теріс  бұрылып,  ауыл  сыртындағы  белеске  қарай  жүре  берді.  Соңынан 
нөкерлері  емес,  қасқыр  алатын,  хан  жалғыз  жүргенде  жанына  кісі  жолатпайтын,  күшігінен 
асыраған қасқыр қандас қара қылшық, тайшадай арлан төбеті ерді. 
 
Басқа  сөз  айтпай,  зерлі  шапанын  иығына  бос  салып  жалғыз  кетіп  бара  жат- 
қан Әбілқайырдың соңынан Тайман түнере қарап тұрды да, жанына келген серіктеріне: 
 
—  Қаза  болған  жігіттердің  үйлеріне  хабар  беріңдер,  —  деп  бұйырды  да,  Бөгенбай 
батырға арнап тігілген үйге қарай беттеді. 
 
Аңызақ  желге  маңдайын  сүйгізе  Әбілқайыр  хан  жападан-жалғыз  келе  жатыр.  Көзі 
алыстағы  көкжиекте.  Жан  дүниесі  астан-кестен  болып,  қара  торы  жүзіне  ыза  теуіп, 
сұрланып кеткен. Церен-Доржиды өлтіріп, оны Бараққа жаба алмағаны жанына қатты батып 
келеді. Бұрынғыдай емес, Барақпен екеуінің арасындағы болмашы көпір біржолата құлаған. 
Қалден Церен де бұған деген ақырғы сеніммен енді мәңгі қоштасады. Жоңғар қонтайшысы 
Әбілқайыр ханды құртпай, Кіші жүз жеріне шабуылын тоқтатпайды. Бұның бәрін Әбілқайыр 
ап-анық сезінді. Ақыл-ойын жайлаған сұрапыл ашу, өшпенділік тұла бойын өрттей күйдіріп 
әкетіп  барады.  Әсіресе,  Нұрбикеге  ызалы.  Кеше  Барақтар  кеткеннен  кейін,  кеңес  құрып 
отырғанда ауызғы бөлмеде шолпының сылдыры шыққандай болып еді. Енді міне... сол ауыз 
үйде  жүрген  Нұрбике  екен.  Оның  не  айтқанын  өз  құлағымен  естімесе  де,  Барақтың  асыға 
жүріп  кетуінен  бәрі  де  белгілі  болды.  Нұрбике  сұлтанға  құшағын  ғана  жайып  қоймаған, 
жұбайының құпиясын да ашқан. Қандай опасыз! 
 
Енді оны бір сәт өкініш биледі. Түнде ашу қысып тұрған шақта хан әбес құлықты тоқалын 
жендеттеріне өлтіртпек те болған, бірақ қанды жолдан бас тартып еді. Он жыл бойы балдан 
тәтті ләззат сыйлаған қылықты әйелін өз қолынан өлтіруге қимаған. Опасыздығы үшін мәңгі 
талақ  етіп,  еліне  қайтуға  бұйрық  берген.  Сол  көңілшектігінің  зардабынан  енді,  міне  «Қап!» 
«Қап!» деп тістене аһ ұрады. 
 
Жоқ, Әбілқайыр көңілшек жан емес. Кіші жүздің тағына отырған жиырма жылдың ішінде 
досына  да,  қасына  да  көңілшектік  істеп  көрген  жоқ.  Мұның  тамырында  да  ұлы  бабасы 
Шыңғыс ханның қаны бар-ды. Рас, Әбілқайыр Жәнібек ұрпағының кіші тармағына жатады. 
 
Жәнібектің  тоғыз  баласының  ішінде  бір  анадан  Ұснақ  пен  Жәдік  туған.    Жәдіктің 
балалары  жеті  атасынан  хан  болып  келген.  Ал  Ұснақтан  тараған  Бұлақай  Құяннан  оның 
баласы Айшуақ, Айшуақтан туған Нырыш, Нырыштың баласы өз әкесі Аджаға (Абдоллаға) 
дейін,  бірде-бір  хан  болып  көрген  жоқ.  Бақ  пен  дарын  жеті  атадан  кейін  бір  қонады  деген 
қазақта қауесет бар, мүмкін содан болар, Жәнібектің жетінші буыны өзі хан болды. Онда да 
тек  Кіші  жүзге  ғана.  Рас,  Үлкен  Ордадан  бұ  да  дәметкен.  Әттең  не  керек,  бақ  күндес 
туыстары мақсатына жеткізбеді. Ал Кіші жүз жеке отау тігіп, Әбілқайырды өзіне хан сайласа, 
о да сонау Їш жүздің қара шаңырағы — Үлкен Орда хандығы болжырап нашарлап кеткеннің 
нәтижесі!  Ал  ел  басына  күн  туып,  Жоңғардың  қалың  әскері  қаптағанда,  қазақ  жұртын 
біріктіріп  жауына  қарсы  тұруды  басқарса,  онысы  өзінің  ерлігінің,  көрегендігінің  арқасы. 
Әбілқайырдың  бұл  қасиеттері  жұрт  алдында  абыройын  асырды,  кейде  исі  қазақ  елінің 
көсемі  дәрежесіне  дейін  көтерді.  Орта  жүздің  кейбір  ру  басшысы,  Жәнібек  секілді  батыры 
бұның  соңынан  ерді,  қарындасын  алып,  жекжат  болды.  Солардың  демеуімен  Әбілқайыр 
өзін кейде бар қазақтың жоқтаушысы ретінде сезінді. Әрине, көпшіліктің көкейкесті арманы 
—  тыныштық.  Әбілқайыр  халықтың  сол  тілегін  пайдалана  білді.  Ұлы  Россияға  бізді 
қарамағыңызға алыңыз деп ең бірінші боп хат жазды. Өзге хандардан гөрі Әбілқайыр Қытай, 
Жоңғар  боғдыхандарының  қазақ  елін  мүлдем  құртуға  бел  байлағанын  жақсы  түсінді. 
Әбілқайырдың қылығы үлгі боп, Сәмеке хан да орыс патшалығының қол астына кіруді талап 
етті. 


 
72 
 
Ал  жоңғар  дауылының  қарқыны  сәл  басылып,  қазақ  елі  кей  жерде  оларға  төтеп  беріп, 
кәрі Сәмекенің орнына Орта жүзде Әбілмәмбет, Абылай, Барақ, Қазыбек секілді ел басқара 
алатын адамдар шыға бастап еді, ел билеп отырған «игі жақсылар» екі бөлінуге айналды. 
Россия  патшалығының  қолтығына  кіріп  алып,  Әбілқайыр  бәрімізге  үстем  болмақшы  деп 
қорыққандар  да  табылды.  Олар  енді  Әбілқайырдың  саясатын  теріс  көріп,  кешегі  жауы 
жоңғарлықтармен келісімге келуге де бар  екенін жасырмады. Соның бірі Барақ сұлтан, Ал 
Әбілмәмбет пен Абылай... 
 
Әбілқайыр беті ауған жаққа жүріп келеді. Тек құлағын қайшылап қара қылшық кәрі төбеті 
ғана  соңынан  қалмайды.  Расымен  Әбілмәмбет,  Абылай,    Барақ  жоңғарлардың  жалған 
дәлелдеріне сеніп, кешегі төгілген ағайын-туыстың қанын кешпек пе? Жоңғарлардың айтуы 
бойынша,  қазақтардың  жерін,  малын  тартып  алу  үшін  таламаған  көрінеді.  Қытай 
боғдыхандары  апатқа  ұшыратып  жатқан  кезінде,  Жоңғар  елін  қазақ  батырлары  үнемі 
шауып, әбден зығырдандарына жеткен-мыс. «Ақтабан шұбырындыда» Жоңғарлардың қазақ 
еліне істеген қиянаты, кәрі-жасына қарамай қырып, ен даласын қанға бояғаны соның ызасы-
мыс.  Айыпты  қазақ  елінен  алған  кегі-мыс.  Расында  солай  ма  еді?  Жоқ,  бекер  сөз!  Ол 
кездерде Қытай мен Жоңғар арасы қандай болса, қазақ пен жоңғар, Қытай мен қазақ арасы 
да  сондай  еді  ғой.  Бықыған,  өсіп  келе  жатқан  малына  жайылым  іздеген  жоңғарлар  бос 
жатпаған-ды.  Ертістен  бері  қарай,  таудан  құлаған  қорым  талай  рет  жөңки  қаптаған.  Бүкіл 
тарихында қазақ жауынгерлері Жоңғардың жерін тартып аламын деп, Ертістен асып соғыс 
ашқан  емес.  Рас,  өзі  келген  жаумен  сан  айқасқан,  әрқашан  да  жеңіп,  кейін  шегіндіріп 
отырған.  Осының  бәрін  Әбілмәмбет,  Абылай,  Барақтар  білмей  ме?  Білсе  керек-ті.  Онда 
жоңғарлықтармен  қалай  бітімге  келіп,  қолтықтаса  қалмақ?  әлде  айла  ма?  Менің  орыс 
патшалығының  қол  астына  кіріп  күшейіп  кеткенімнен  қауіптеніп,  біз  Жоңғар  жағындамыз 
деп,  маған  халықты  қарсы  қоймақ  па?  Олай  болса  өздері  де  орыс  патшалығына  бағынуға 
бармыз  деп,  менімен  жарысып  неге  бірнеше  рет  уәде  берді?  Бұл  қандай  ойын?  әрине, 
Барақтың  ұстаған  жолы  ежелден  басқа.  Ал  сонда  Орта  жүздің  ханы  мен  басқа 
сұлтандарынікі  не?  Жоңғар  мен  орысты  өтірік  бірін  апа,  бірін  жезде  еткен  боп,  өздеріне 
дұрыс қаратып, қазақ еліне тек өз бастарының үстемдігін жүргізбек пе? әрине, содан барып 
жұрт  Орта  жүз  сұлтандары  біздің  жоғымызды  жоқтайды  екен  деп  әрі  қарай  ауып  бара 
жатқаны  хақ.  Ал  Барақ  секілді  сұлтандары  мені  тіпті  орыс  патшалығына  ел-жұртын  сатқан 
адам ғып көрсетпек. Түбі еліміздің де, келешек ұрпақтардың да көзі жетер, бүгінгі әрекетімді 
ақтар;  бізге  қалған  жалғыз  жол  —  ол  Россияның  қол  астына  ену.  Бүгін  күшті  болып 
көрінгенмен, бар тірлігі құр мал өсіру, өзінен әлсіз елді шабу болған Жоңғар тайпасы да күні 
ертең  не  Қытайға,  не  Россияға  бағынады.  Күні  ертең  бізге  туған  күн  оларға  да  туады. 
Өйткені,  ұлы  мемлекетке  лайық  қайнар  бұлағы,  көзі  тайыз.  Өнері,  білімі,  шығарып  жатқан 
қорғасыны,  темірі,  егіп  жатқан  егіні,  өсіп  жатқан  бау-бақшасы,  салынып  жатқан  қаласы, 
бекінісі  жоқ  ел  ұзақ  өмір  сүрген  емес.  Бір  қатты  боранда  бар  малынан  айрылып  қалатын, 
елінің  шетіне  жау  келсе  құр  сойылы  мен  отты  жүрегін  ала  шабатын  біз  секілді  ел  жан-
жағыңнан  қалың  жау  қаптап  тұрғанда,  өз  алдына  жеке  жұрт  болып  тұру  қайда?!  Тұра 
алмайды.  Осыны  неге  түсінбейді  олар?  Жоқ,  біз  қайтсек  те  Россия  мемлекетінің 
қолтығының астына кіруіміз керек. Бұл қазақ еліне бірден-бір келешегі бар жол. 
 
Әбілқайыр сәл кідіріп тұрып қалды. Оның сұрғылт көзі тұнжырап кетті. «Мені Ор қаласын 
салдырмақсың»  деп    айыптайды.  Ор  қаласын  салдырсам,  қазақ  елін  Россияға  бағындыру 
үшін  салдырам.  Оны  жасырып  отырмын  ба?  Егер  сөзіме  көнбесе,  айтқанымды  күшпен 
істетем.  Күшпен  бағындырам!  Өз  халқыма  өзім  осылай  зорлық  көрсетуім,  біле  білсе  сол 
халықтың  өзі  үшін  емес  пе?  Бүгінгі  ісіме,  ертең  болашақ  ұрпақ  алғыс  айтады!  Ал  осы 
арманым үшін, жолымда кім қарсы тұрса аяғымның астына сап таптаймын! Сол үшін маған 
қазақ  жеріне  салынар  Ор  бекінісі  керек!  Ол  бекіністе  мұздай  қару-жарақты,  аузы  түкті  көп 
солдат болуға тиісті! әрине, қастарым «осының бәрін Әбілқайыр өз басы үшін істейді, орыс 
патшасының  күшімен  бәрімізге  хан  болғысы  келеді!»  дейді.  Сөздерінде  шындық  бар,  рас 
мен  орыс  патшасына  сүйенген  хан  болғым  келеді.  Күшті  хан  болғым  келеді.  Бір  жағынан, 
надан ел-жұртым, сенің қамыңды ойлайтын хан болғым келеді. Халқым, саған адал екенімді 
кешегі  қырғын  ұрыстарда  көрген  жоқсың  ба?  Өз  басымның  қамын  ойлап  қай  жерде  бұғып 
қалғаным бар? Алдағы уақыттарда да бұғып қалмаспын! Оған ар-ұятым куә! 
 
Әбілқайыр кілт тоқтады. Көптен бері жүрек түбінде жатқан бір ауыр ой кеудесіне кенет 
шаншудай қадала қалды. «Ал егер менің үмітім ақталмаса ше? Сонау салынғалы жатқан Ор 
қаласы, Барақ сұлтан айтқандай, өзіміз құлайтын орға айналса, ел-жұртқа не деймін? Жоқ, 


 
73 
олай болуы мүмкін емес, егер ақ патша мені тек халқымның мүңкір-нәңкірі етіп пайдаланбақ 
болса,  онда...  Онда...  Мен  де  алысып  өлем!  Осылай  етуді  құр  өз  басым  ғана  емес,  мына 
әрқайсысы  әр  тайпа  елді  басқаруға  жарап  қалған  ұл-қыздарыма  да  өсиет  етіп  тапсырып 
кетем! 
 
...  Әбілқайыр  ханды  бағалай  білмеген  кейбір  орыс  пен  қазақ  тарихшылары  оны  қара 
басының қамы үшін жұртын сатқан, бақ күндес жауларын табанының астына саламын деп 
қазақ елін Россия патшалығына бағындыру саясатын қолдаған дейді. Сол бір қилы кезеңде 
Әбілқайырдың  түпкі  ойы  солай-ақ  делік...  Бірақ  болашақ  тарих,  ұстаған  жолының  дұрыс 
екенін  айқындады.  Қазақ  елінің  Россияға  бағынуының  қажеттігі  Әбілқайырдың  өз  басының 
қамынан  көрі,    әлеуметтік  қасиетін  жоғары  сатыға  қойды.  Әбілқайыр  ұстаған  саясаты  үшін 
еш  уақытта  күрестен  бұғып  қалған  емес. Оған  куә  қан  майданда  үнемі  алғы  шепте  болуы, 
қауіп-қатерді  кезеңдерде  өз  басын  қорғап  тығылып  қалмауы.  Ұстаған  жолы  үшін  өз  басы 
түгіл, туған балаларының ешқайсысын аямай кезек-кезек аманат ретінде патша қол астына 
беруі.  Демек,  бұның  бәрі  Россияның  қол  астына  кіру  керек  екеніне  оның  шын  жүрегімен 
берілгендігін көрсетеді. 
 
Әбілқайыр  қанша  қатыгез  болғанмен  балаларының  орыс  қаласына  аманат  боп  барып, 
тәлім-тәрбие, өнер-білім алуын қуаттаған. Әрине орыс төрелерінің арасында ол өзіне деген 
қастарының  да  көп  екенін  білді.  Олар  әйел  патшаға  бұны  екі  жүзді  деп  хат  та  жазды. 
Келешек үлкен мақсаты үшін бұл оған да шыдап баққан. 
 
Әбілқайырдың  төрт  заңды,  үш  заңсыз  әйелінен  он  бестен  астам  ұл,  қызы  болған. 
Ханның  көзі  тірісінде  бәйбішесі  Бопайдан  туған  Нұралы,  Ералы,  әділ,  Айшуақ,  Қожахмет 
және  қалмақ  әйелінен  туған  Шыңғыс,  Қаратай  сұлтандар  өзіменен  үзеңгілес  жауға  шауып, 
Орда  ісіне  кіріскен.  Әбілқайыр  бұларын  орыс  бекіністеріне  аманат  етіп  қалдыру  былай 
тұрсын, 
оларды 
ең 
қауіпті 
жорықтар- 
ға,  тартыс-таластарға  жіберіп  отырған.  Ханның  сайдың  тасындай,  кілең  «сен  тұр,  мен 
атайын» осы жеті ұлы көп жағдайда өзіне сүйеніш, серік болған... 
 
Әбілқайыр ұзақ жүрді. Ол ауылдан әжептәуір алыстап кеткенін аңғарған жоқ. Оның ойы 
енді бастаған істерінің қаншалықты қиындыққа түсетініне ауды. 
 
Ханның  Россия  патшасы  Анна  Иоанновнаға  жазған  хаты  бойынша  Тевкелев  бір  мың 
жеті  жүз  отыз  бірінші  жылы  Кіші  жүз  Ордасына  келген  шағында  қандай  қиындыққа 
ұшырамады?  Жыл  өткенде  еліне  әзер  қайтқан  жоқ  па?  Әбілқайырдың  Россия  патшасына 
басшыларымен тегіс ақылдаспай, бүкіл халық атынан хат жазғанын соңынан білген Кіші жүз 
бен  Орта  жүздің  шонжарлары  не  істемеді!  Тевкелевті  еліне  қайтартпай  қандай  қорлық 
көрсетпеді! «Бұл қазақ жеріне тыңшылықпен келген, біздің күшімізді біліп алып келесі жылы 
соғыс  ашпақ»  деп,  оны  өлтірмек  те  болған.  Дәл  осы  кезде  башқұрт  батырлары  Торғай 
бойындағы  қазақ  ауылдарының  малын  шауып,  әлі  Россияға  бағынудың  байыбына  жете 
түсінбеген  халықтың  наразылығын  бұрынғысынан  да  өршіте  түсті.  Әрине,  Бұғыбай  батыр 
мен  оның  күйеу  баласы  Есет  батыр  кіріспегенде,  о  жолы  Тевкелев  те,  оған  еріп  келген 
адамдардың  бірде-бірі  тірі  қайтпаған  болар  еді.  Рас,  осы  жолы  Россиямен  жақындасу 
жөнінде  көп  іс  істелді.  Бұхара  мен  Хиуа  хандарына  уәкілдер  жіберілді.  Қарақалпақ  елінің 
ханы Қайыппен сөз жүргізіліп, оның Россия қол астына кіргісі келетіні анықталды. Әбілқайыр 
менімен  ақылдаспай  қатын  патшаға  хат  жазды  деп  өкпелеп  қалған  Орта  жүздің  ханы 
Сәмеке де хат жолдап, Тевкелевпен кездеспек болды. Бірақ Арқа жеріне қарай осы  кезде 
Жоңғар қонтайшысы  әскерінің бет алған қаупімен байланысты бұл кездесу болмай қалды. 
Демек,  өз  басына  төнген  ажалға  қарамай  Тевкелев  бұл  жолы  да  қазақ  елі  мен  Россияны 
жақындастыру жолында көп шаруа істеп кетті. Ол Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Абылай, 
Ұлы жүздің ханы Жолбарыс пен Қарақалпақ билеушісі Қайыптың Россия қол астына кіруге 
бар екенін біліп қайтты. 
 
Ал  қазір  қалай  болмақ?  Тевкелев  қандай  қауіп,  қандай  жақсылық,  қандай  жамандық 
әкеле жатыр? Мырза не тілемек? Тілегін мен орындай аламын ба? 
 
Кенет  ол  селк  ете  қалды.  Хан  ордасына  таяу  тігілген  қараша  төлеңгіт  аулынан  «ой, 
бауырымдап!»  бері  қарай  шапқан  ері,  әйелі  аралас  бір  топ  адамды  көрді.  Шұбалаңқы  топ 
дәл  хан  тұрған  белесті  бетке  алып  келеді.  Бұл  сойылға  жығылған  Тайман  жігіттерінің 
туыстары  екенін  Әбілқайыр  жаңа  ғана  ұқты.  Сөйткенше  болған  жоқ  «ой,  бауырымдаған!» 
қаралы  топ  хан  жанынан  өте  берді.  Тек  белес  үстіндегі  Әбілқайырды  көріп  екі-үшеуі  бері 
бұрылды. Алдыңғысы кәртең әйел екен, астындағы ұшқыр биесінің тізгінін бос қоя беріп, екі 
қолымен шашын жұлып, бетін тырнап, ойбайлап келеді. 


 
74 
 
әйел  Әбілқайырдың  тұсына  таяй  беріп,  қос  қолымен  биесінің  тізгініне  жабысты.  Бие 
тоқтамағанмен, шабысын сәл бәсеңдетті. 
 
—  Жалғызымнан  айрылдым,  қарашығымнан  айрылдым,  —  деді  ол  қу  даланы  басына 
көтере  қарлыққан  сұмдық  бір  қайғылы  айғаймен.  —  Алтын  күнім  батты,  қара  жыланың 
шақты! Жалғызымды ажалға айдаған сенсің, Әбілқайыр хан! Құдай сені де жылатсын! Бала-
шағаңның қызығын көрме! Көріңде өкір, көріңде өкіргір тас бауыр хан! 
 
Ашу  қысқан  хан  қалш-қалш  етті.  Баласы  өлсе  —  ел  басына  туған  күйзелісте  кімнің 
баласы  өлмей  жатыр!  Бүгін  бұның  жалғызы  өлсе,  ертең  менің  он  ұлым  бірдей  қанды 
айқаста қаза таппасына кім кепіл! 
 
Әбілқайыр жалғызынан айрылған сорлы ананы тоқтатар жылы сөз таба алмады.   
 
— Тарт тіліңді, ей сорлы! — деді ол ақырып. — Балаң өлсе жалғыз сенің балаң өліп пе!.. 
 
—  Тартпаймын  тілімді!  —  деді  қайғыдан  налыған  бейбақ  ана.  —  Қанішер,  қара  жүз! 
Адыра  қал!  Сен!  Сен  өлтірдің  менің  баламды!  Қайтарып  бер  ойбай,  қайтарып  бер,  атаңа 
нәлет, қанішер! 
 
Туғалы  мұндай  сөз  естімеген  хан  ашудан  бұрынғысынан  да  бетер  жарылып  кете 
жаздады.  Ол  дәл  осы  сәтте  жалғыз  баласынан  айрылған  мынау  сорлы  ананың  ақылынан 
адасып  кеткенін  де  аңғармай  қалды.  Екі  құлағын  қасқырша  тігіп,  шолақ  құйрығын 
бұлаңдатып, иесінен бұйрық күтіп тұрған қара қылшық арланына: 
 
— Айт! — деуге ғана шамасы келді. 
 
Қанды көз айбарлы қара төбет алқымынан ала түспек боп, екі орғып жанына жетті де, 
келіп  қалған  салт  атты  әйелге  қарсы  атылды.  Сол  мезетте  әйелдің  соңынан  тепеңдеп 
жеткен  күрең  байталды  қапсағай  қара  жігіт  қолындағы  құрығын  итке  қарай  қос  қолдап 
сілтеді. Қайың құрық шекесінен тиген жолбарыс денелі ит бір-ақ рет қыңсылай шаңқ етті де, 
кісі бойындай көтерілген қалпынан қара жерге гүрс етіп құлап түсті. 
 
—  Сорлы,  сорлы-ай,  ханда  не  шаруаң  бар  еді!  —  деді  ол,  әйелдің  шылбырына 
жабысып, — сенің балаң өлді не, сенің өзің өлдің не, оған бәрі бір емес пе! 
 
әйелдің  көзі  шарасынан  шыға,  аузынан  көбік  атып,  бажылдағанына  қарамай,  биенің 
тізгініне қолы тиісімен-ақ өліктер жатқан ауылға қарай тепеңдеп шаба жөнелді. 
 
«Ой,  бауырымдаған!»  жұрттың  қарасы  өшкен  кезде,  Әбілқайыр  жерде  сұлық  жатқан 
итінің қасына келді. Қос қолдап ұрған қайың құрық арланның бас сүйегін опырып жіберіпті. 
Қып-қызыл  қан  мен  миы  бұрқырап  жерде  шашылып  жатыр.  Бүйірі  әзер  ғана  бүлк-бүлк 
соғып,  көзі  тасырайып,  кешегі  топ  қасқырға    жалғыз  шабатын  қылшық  жүндісі  енді 
талмаусырап  өліп  бара  жатты.  Күшігінен  асыраған,  сан  қауіпті  сапарларда  өзіне  серік 
болған  итін  қимай  Әбілқайыр  ұзақ  тұрды.  Ақырғы  рет  тынысын  тартып,  төрт  аяғын  бірдей 
жазып, тына қалғанда ғана, теріс бұрылып кетті. 
 
Әбілқайыр  ұзақ  жүрді.  Бағанағыдай  емес,  бойынан  ашуы  тарап,  енді  болған    істі 
басынан аяғына дейін көз алдына елестете бастады. 
 
Ақырғы  он  жыл  өмірінің  ішінде  үнемі  қан  жосыған  сұмдықтардың  арасында  жүріп  еті 
үйреніп кеткендіктен бе, бойын тез-ақ жинап алды. Кенет баласынан айрылған жаңағы қарт 
әйелдің  «қанішер!»  деген  сөзі  құлағына  қайта  келді.    Сонда  барып  бұл  әйелдің,  итін  ұрып 
өлтірген  жігіттің  кім  екенін  есіне  түсірді.  Осы  әйелді  баяғыда  қарақалпақ  елінен  олжалап 
әкеліп,  өзінің  төлеңгітіне  қосқаны  ойына  келді.  Күйеуі  өліп,  жалғыз  ұлы  ер  жетіп,  Тайман 
жасағында жүретін. Енді бүгін о да мерт болды. Иә, әйелдің Әбілқайырды «қанішер» деуге 
шын хақысы бар екен. Енді итін өлтірген жігіттің де кінәсін кешкен тәрізді. Жігіт өзінің қарулы 
жылқышысы,  жаңағы  әйелдің  қайнысы  Хұсайын  деген.  Қатты  сүзек  боп  ауырып,  төсектен 
тұрғанына бір айдай болған. Бүгін-ертең жылқыға шықпақшы еді. 
 
Бұл адамдардың өздері де, тағдырлары да таныс болғандықтан ба, хан енді әлгі оқиға 
жайын естен шығаруға тырысты. Бірақ оның ойынан бір нәрсе кетпей-ақ қойды. 
 
Ұрыста ер жігіт қаза тапты деп ешкім де ханды сөкпесе керек еді. Бұл ел салтында жоқ. 
Ал  бүгін  неге  бұлай  болды?  Ханды  балағаттар,  аяулы  итін  өлтіртер  бұларға  мұндай  желік 
қайдан  бітті?  Мұнда  қандай  себеп  бар?  Жалғыз  қара  халық  емес,  батыр,  сұлтандар  да 
Әбілқайырға қарсы сөйлеуді жиілетіп жүр. Осылардың бәрінің түбірі неде? Жарайды, жұрт 
ұрыстан, соғыстан қажыды делік. Мезі болған жұрттың тілі де шыға бастауы мүмкін. Бұл бір 
ақиқаты болар. Екіншісі неде? Екіншісі... Әбілқайыр мойындағысы келмегенмен мойындауға 
мәжбүр  болды.  Екіншісі  —  «Ақтабан  шұбырындының»  алғашқы  жылдарындағыдай  емес, 
халық алдында қадірінің түсе бастағанында еді. 


 
75 
 
...  Түн  ортасы  ауа  хан  өзінің  ауыр  ойларынан  сергігендей  сезінді.  Қарсы  алдындағы 
ошақтың  қызыл  шоғы  сөнуге  айналған.  Тынық  түнде  жас  қи  түтінінің  болмашы  күлімсі  исі 
келеді. Арғы беттен өгізшағаланың құлаққа жағымсыз айқайы естіледі. 
 
Әбілқайыр  отырған  диірмен  тасынан  түрегелді.  Кенет  өн  бойы  дірілдеп  кетті.  Қарсы 
алдында бүгін ғана жығылған ақ отаудың жапырылған орны жатыр екен. Иә, бұл бір кезде 
ханның жанындай жақсы көрген тоқалы Нұрбикенің қымбат ақ отауының орны еді... 
 
ІІІ 
 
 
Қазақ даласының Россия қол астына кіруін бір куәлік қағазбен, не бір указ күнімен атау 
мүмкін  емес.  Бұл  ондаған  жылға  созылған  ұзақ,  қайшылығы  мен  қиындығы  мол  ауыр 
қалыптасу  кезі  еді.  Және  қазақ  елінің  Россияға  қосылуын  бір  ханның,  қала  берді  бірнеше 
қайраткердің  есімдерімен  ғана  байланыстыру  —  о  да  дұрыстыққа  жатпайды.  Бұл  заңды 
шешімі  бар,  саяси,  экономикалық,  әскери  фактілер  секілді  көптеген  себептермен 
шиеленіскен  дәуірінің  тілегіне  қарай  тарихтың  өзі  жаратқан  перзенті.  Россияға  қосылу  — 
рулар  арасындағы  талас-тартыс,  сол  рулардың  жағрафиялық  жағдайы  —  толып  жатқан 
қасын  да,  досын  да тудырды.  Бір  жағынан,  ұшы-қиырына  құс  жетпес  кең  даласында  қазақ 
қауымының  қалыптасқан  тұрақты  экономикасының  жоқтығы  және  негізгі  кәсібі  құбылмалы, 
көшпелі,  тұрмыспен  байланысты  болғандығы,  екінші  жағынан,  Жоңғар  шапқыншылығының 
дүмпуі  әсер  етіп,  ру  басшылары  өздерінің  Россияға  бағыну  саясатын  әрдайым  өзгертіп 
отырды. Мұндай жағдайда Россия қол астына кірудің кешегі қолдаушылары бүгін оған қарсы 
шығып, ал кешегі қарсыларының бүгін оны жақтауы — таңқаларлық іс емес-ті. 
 
Бірақ  келешекке  керексіз,  болашағы  жоқтың  бәрін  өзінен  әрі  итеріп,  тарих  доңғалағы 
алға  қарай  айнала  берді.  Осылай  қазақ  даласына  аяуды  білмес,  орасан  қатты  жаңа 
тарихтың дауылды көктемі келді. 
 
Сондай-ақ  Әбілқайыр  ханның  Анна  Иоанновнаға  1730  жылы  жазған  хатындағы 
«қорғаныңызға  алуыңызды  тілейміз»  деген  сөзді  соңынан  шыққан  ресми  қағазда  «Россия 
қол  астына  алуыңызды  өтінеміз»  деп  өзгертуі  жайындағы  ғалымдардың  таластарының  да 
керегі  шамалы.  Әрине,  тарихи  куәлік  қағаздардың  дұрыс  аударылғаны  жақсы-ақ,  бірақ 
бүгінгі күні «қорғаныңызға алыңыз», не болмаса «қарамағыңызға алыңыз» деген сөздердің 
қандай айырмасы бар? 
 
Тарихи деректерге қарағанда, Россия патшасы Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға берген 
грамотасында:  «...  Өздеріңнің  өтініштерің  бойынша  жоғарғы  көрсетілген  тараулардың 
негізінде,  қырғыз-қайсақ  ханы  Әбілқайыр,  сені  және  бар  қырғыз-қайсақ  әскерін  қол 
астымызға  алдық...  Сондықтан  хан  мен  оның  бар  әскері  біздің  императорлық  мәртебеміз 
бен  оның  мұрагерлеріне  мәңгі-бақи  адалдығын  сақтауы  керек»  делінген.  Бұл  грамотада: 
«Адал  және  әділетті»  патшаға  қызмет  істеу,  соғыс  кезінде  Россия  әскери  басшыларының 
қарамағына қару-жарақты қол болып келуі, Жайық єазає-орыстары, башқұрт, қалмақ секілді 
Россияға бағынышты ұлттарды шаппауы, қазақ жері арқылы өтетін орыс-сауда керуендерін 
тонамау,  бұрын-соңды  қолға  түскен  орыс  тұтқындарын  қайтару  секілді  қазақ  хандарының 
міндеттері  көрсетілген.  Сонда  ғана  Россия  патшалығы  қазақ  елін  өз  қорғанына  алмақ 
болған. 
 
Әбілқайыр хан да, одан кейін «Россия қол астына кіріп адал қызмет істеуге» ант берген 
Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет  пен  Абылай сұлтан  да,  сол  жылы Бұғыбай  мен  Есет  батыр 
бастаған  Кіші  жүздің  үш  жүз  тоқсан  тоғыз  «игі  жақсылары»  да  Россияға  бағыну  деген 
ұғымды қорған болу деген мағынада түсінген. 
 
Не  дегенмен  де  бұл  кезеңнің  басты  маңызы  —  қазақ  елі  осы  шақтан  бастап  Россияға 
арқа  сүйей  отырып,  өзінің  шаруашылығын,  саясатын,  енді  сол  Россияның  көз-қарасымен 
байланыстыра  жүргізуінде  болды.  Бұл  тарихи  керек  жағдай  еді.  Және  бұл  жағдай  осы 
кезден бастап, алдындағы бөгеттердің бәрінің күл-талқанын шығарып, әрі қарай дами түсті. 
 
әрине,  мұндай  тарихи  ауыр  күрес-қимылдарда  бағынышты  қазақ  елі  мен  патшалық 
Россия секілді отаршылық саясатты ұстаған екі жұрттың арасында қайшылық, толып жатқан 
қиындықтардың  туатыны  да  мәлім.  Бірақ  соның  бәріне  қарамай,  енді  қазақ  жеріне  Жоңғар 
шабуылы  тоқталды.  Жоңғар  қонтайшысы  тек  өзі  басып  алған  қазақ  даласының  оңтүстік 
өңіріне ғана ие боп қалды. 


 
76 
 
Осындай «қол астына» кірген қазақ елін Россия патшалығы бір мың сегіз жүз қырқыншы 
жылдары  Үргеніш,  Хиуа  тұсынан  төнген  Иран  патшасы  Надир  шахтың  шабуылынан  да 
сақтай алды. 
 
Ор  қаласынан  кейін  Россия,  Жайық,  Елек,  Жем  өзендерінің  бойына  әскери  бекіністер 
сала бастады. Орыс патшалары бүкіл Россия шекараларына тұрғызылып жатқан бекіністер 
мен  әскери  қорғандарды  бірімен  бірін  байланыстырып,  солдаттармен  толықтырды. 
Әскермен бірге қазақ даласына Россияның алыс түкпірлерінен қара шекпендер келді. Бұлар 
үй салып, егін егіп, меншігіне берген жерді иеленуге кірісті. Мұндай жағдайда келімсек жұрт 
пен  жергілікті  елдің  арасында  қырғи  қабақтық,  жанжал,  сойыл  ала  жүгіру  тәрізді  келісімсіз 
істердің де тууы сөзсіз еді. Бұқара халықты біріне-бірін айдап салып елді басқару — ежелгі 
саясаты  болған  орыс  генералдары  да,  қазақ  бай-манаптары  да  бұл  алау- 
ыздық,  жанжалдарға  астыртын  дем  беріп,  өршіте  түсті.  Ұлт  наразылығын  тудыруда  бұл 
екеуі  де  үнемі  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып  отырды.  Халықтар  достығының 
неге  апарып  соғатынын  әсіресе  Пугачев  көтерілісінен  кейін  бұлар  өте  жақсы  түсінген-ді... 
Қазақ  елі  Россияға  қосылуының  арқасында  феодалдық  ұйқысынан  оянып,  мәдениетке  қол 
соза бастады. Россия оны тарихтың алыс-жұлысына өзімен бірге алып кірді, қоғамдық және 
саяси  жағынан  күшеюіне  мүмкіндік  берді.  Отырықшылық  пен  егін  салуға,  сауда-саттықтың 
жаңа үлгілері мен өнеркәсіптің өндірістік түрлеріне үйретті. 
 
Бірақ  бұл  өрбу-өркендеу  өзінің  қоғамдық  сатысында  шүу  дегеннен-ақ  екі  бағытта 
дамыды. Бір жағынан осы екі ұлттың ең алдыменен зәбір көрген кедей топтары бірімен-бірі 
белсене  жақындай  түсті:  қазақ  аулының  кедейі  мен  малшылары,  өз  жеріне  көшіп  келген 
қара шекпендермен тіл табысты, содан кейін патша ағзамның тұз кептіретін, кен шығаратын 
кәсіпорындарында  қазақ  пен  орыс  бейнетқорлары  достасты,  ақырында  барып,  сауда 
капитализмнің  өркендеуінің  арқасында  күрделі  өндірістерде  екі  ұлттың  пролетариаттары 
бірікті. Бұл бағытта революциялық сана-сезімі жоғары орыс пролетариатының соңына қазақ 
елінің  сезімі  ояна  бастаған  алдыңғы  қатарлы  ұл-қызы  ерді.  Осы  достасу  күн  сайын 
тереңдей,  дами  берді.  Қазақ  жұртының  алдыңғы  қатарлы  адамдарының  революциялық 
сана-сезімінің  оянуына  айдаудан  келген  декабристер  мен  олардың  жолын  қуушы  орыс 
интеллигенциясының жәрдемі көп тиді. Бұған қазақ жеріндегі орыс жұмысшылары қосылды. 
Осылай  тағдыры,  келешегі  бір  екі  халық  күннен-күнге  достаса  түсіп,  өздерінің  алдағы 
бақытты болашағына қол созды. 
 
Екінші  жағынан,  қарамағындағы  елді  жеке  билеп-төстеудегі  феодалдық  ықпалын 
азайтқаны үшін, ақ патшаны қанша жек көргенімен, қазақтың кей ханы, сұлтаны өздері сол 
патшаның  өкілдері  генерал-губернаторларымен  ауыз  жаласып,  солардың  қазақ 
даласындағы  шоқпарына  айналды.  Бұл  оларға  күннен-күнге  айтқандарына  көнбей  бара 
жатқан  бұқараны  ауыздықтап  ұстап  отыру  жолы  болып  табылды.  Россия  патшасының 
отаршылық саясаты мұндай адамдардың дегенінен шықты, тікелей жәрдем берді. Рас, орыс 
генералдарының  ішінде  әділеттілікті  сүйетіндері  де,  ақылдылары  да  болды.  Олар  билеп 
отырған  өлкелерінде  қазақ  балаларына  арнап  мектеп,  аурухана  ашты.  Алым-салық 
жинайтын  шенеуніктері  мен  почта  қызметкерлерінен  жергілікті  халықтың  тілін  білуді  талап 
етті. 
Кейбіреулері 
Петербургке 
барып 
қазақ 
секілді 
бұратана 
ұлт- 
тарға аздаған теңдік те сұрады. 
 
Бірақ мұндай губернатор, генералдар тым аз еді. Ал қазақ жеріне келген шын тарих  — 
отаршылық тарихы аяуды білмес, қан шеңгелді, қатал тарих болатын. 
 
Патшалы Россия бірте-бірте «халықтар түрмесіне» айналды. Декабристерді өз қолымен 
дарға  асып,  ұлы  орыс  халқын  табанының  астында  шірітуді  ойлаған  Бірінші  Николай 
патшадан қазақ секілді басқа ұлттар қандай жақсылық күте алатын еді? Бұндай жақсылықты 
Екінші  Николай  патшадан  да,  оның  генералдарынан  да  дәмеленудің  орны  жоқ-ты.  Егерде 
Россия  жерінің  өзінде  қиянат,  қазнаны  ұрлау,  пара  секілді  жексұрын  қылмыстар  орасан 
өрістеніп  жатқанда,  қазақ  даласы  секілді  отаршылық  саясаты  қаулаған  өлкелерден  не 
күтерсің! Ондай сорақылық бұл жақта екі есе, үш есе арта түсуде еді! Егер Петербургте сот 
әділетсіздік  істесе,  Қаратал  не  Іле  бойында  ондай  әділетсіздік  темір  шынжырлы,  қанды 
апатқа айналған. Егер Петербургте әділетсіз сот бір кісінің басын алуға бұйырса, бұл арада 
«кәрі қылыш» жасағы сотсыз жүз кісінің басын бірдей домалатқан. 
 
1737  жылы  Сәмеке  дүние  салды.  Орта  жүздің  билігі  енді  біржолата  Үлкен  Орда  ханы 
Болат ханның баласы Әбілмәмбетке көшті. Бірақ ол алыстағы Орынбор әкімшілерінен көрі, 
қасындағы  Жоңғар  қонтайшысына  жалтақтап  қарай  бастады.  Егер  Қалден  Церен  оған  ата 


 
77 
мекен  Түркістан  шаһарын  қайтарып  беруге  көнсе,  Жоңғар  хандығына  бағынышты  боп, 
аманатқа  бір  баласын  жібермек  ойға  да  келген.  Әйтседе  қонтайшымен  біржолата 
қолтықтасып кетуіне ел наразылығы көлденең түскен. Халық ойын Бұқар жырау: 
 
 
Ежелгі дос жау болмас, 
Шіркеуіште хаты бар. 
Ежелгі жау ел болмас, 
Көңілінде кірдің таты бар — 
 
деп ханға тікелей айтқан. Жұрт жырау сөзін мақұлдаған. Және Әбілмәмбеттің ойын сезген 
Орынбор 
әкімі 
Неплюев 
те 
босқа 
жата 
алмаған. 
Орта 
жүз 
Жоң- 
ғарға ауып кете ме деп қауіптеніп, онымен тіл табуды дұрыс көрген. 
 
Бұндай  жағдай  Орға  қала  салдырып,  орыс  патшалығына  арқа  сүйей,  бүкіл  қазақ  елін 
қолыма  алам  деген  Әбілқайырдың  жігерін  құм  етті.  Енді  ол  Әбілмәмбет  пен  Абылай, 
Барақтардан  орыс  патшалығын  қызғанды.  Кіші  жүз  ханының  бүйтіп  зығырданы  қайнауына 
тағы бір себеп бар еді. Әбілқайыр: «Орыс патшасының қол астына кірсем, Жайық пен Еділ 
өзендерінің  екі  ортасындағы  жайылымдарға  малымызды  жаюға  рұқсат  береді»  деп 
үміттенген.  Ал  Орынбор  әкімдері,  патша  ағзамның  нұсқауы  бойынша,  жайылым  бермек 
түгіл, Кіші жүздің руларына Жайықтың ар жағына өтуге тыйым салды. Ол ол ма, арғы бетке 
өтпес  үшін,  күз  келе  Жайықтың  бергі  бетінің  он  шақырымдай  жерін  өртеп  тап-тақыр  етуді 
бұйырды.  Күзгі  жайылым,  шұрайлы  жерінен  айрылған  Кіші  жүздің  асау  рулары  «Орысқа 
бағынсақ бізді жарылқаймын дегенің қайда» деп, енді ханды ашық келеке ете бастады. Ал 
Ордан  жетпіс-сексен  шақырым  бері  тұратын,  Торғай  өзенінің  бойын  жайлаған 
Әбілқайырдың  қол  астындағы  Арғын  мен  Қыпшақ  руларының  кей  ауылдары  енді  Кіші  жүз 
ханының  қарамағынан  шығуды  ойлады.  Өйткені,  егінге  қолайлы  Торғай  өзенінің  кең 
алқабының өзіне орыс отаршылары көз тіге түскен еді. Әсіресе, Орынбор бекінісінен екі жүз 
елу  шақырым  жоғары  жатқан  Торғай  өзенінің  бойындағы  Қарақоға,  Доғал  секілді  малға 
жайлы  ойпаттарды  егіске  ыңғайлай  бастаған.  Және  осы  кезде  сонау  Жайық,  Миас 
өзендерінің  бойымен  созылған  бекіністер  Қорған,  Омбы  қалаларымен  шектес  келіп,  Ертіс 
өзенінің  бойымен  жоғары  көтерілген.  Одан  әрі  Бийск  қаласының  солтүстігін  ала,  Алтай 
тауларының  етегінен  шығып,  қазақ  даласын  қоршауға  айналған.  Бүгін  болмаса  ертең  енді 
қазақ жерінің ішіне де ақ патшаның ауыз салатыны белгілі болып қалған. 
 
Бұл  отарлау  саясатының  ызғарлы  лебін  ең  алдымен  әзер  күн  көріп  отырған  бұқара 
халық сезінді. Жайылым жерінен айрылғалы тұрған жұрт енді орыс патшалығына ғана емес, 
өздерін сол патшалықтың қол астына сүйреген Әбілқайыр, Сәмеке секілді хандарына үрке 
қарай  түсті.  Оның  үстіне  алым-салық  ауырлап  жұрттың  еңсесін  баса  берді.  Қарамағына 
кірген  Орта  жүз  бен  Кіші  жүздің  елдеріне  Анна  Иоанновнаның  указы  бойынша  салынған 
салық    жоқтың  қасы  еді.  Бар  болғаны  осы  екі  Жүздің  жылына  төлейтіні  бір  мыңнан    үш 
мыңға  дейін  түлкі  мен  қарсақтың  терісі  ғана  болатын.  Бұл  болмашы  салықтың  өзін  де  ел 
алғашқы  он  жыл  бойы,  кейде  беріп,  кейде  бермей  келген.  Ал  ақырғы  кезде  қазақ  жерінің 
шекарасына  бекіністер  салумен  байланысты,  жергілікті  орыс  әкімдері,  бұл  салықтарды 
маңындағы  ауылдарға  азық-түлік,  мал  басына  қарай  айналдырған.  Мұндай  салықтың 
салмағы  көбіне  Орынбор  губернаторының  қарауына  жататын  Кіші  жүздің  елдеріне  түскен. 
Бұрын жанынан еріксіз біреуге бірдеме беріп көрмеген және «мал ашуы — жан ашуы» деп 
қарайтын  қазақ  елі,  төлеп  жатқан  мал  бастары  бәлендей  болмағанмен:  «Қалалары 
салынбай  жатып  істеп  отырғаны  мынау,  ертең  бекінген  кезінде  неміз  қалады»,  —  деп  күні 
бұрын сары уайымға түсті. 
 
Осындай жағдайлармен ел алдында қадірі кете бастаған Әбілқайыр, бір жағынан патша 
үкіметінен күткені ақталмай, не істерін білмей, іштей әбігерленуде еді. Ол ақыры «үш жүздің 
қамы» түгіл, өз хандығының не боларын білмей, әбден састы... Екі ұрты суалып, сопақ беті 
бұрынғысынан  да  созыла  түскендей,  ақ  сұр  жүзінен  қаны  қашып,  сүзектен  тұрғандай 
бозарып кеткен. Сұрғылт көздері де бұрынғыдай емес, нұры сөніп, қанталап, қызара қалған. 
Мезгіл,  заманның  ағысы,  тағдыр,  басқа  қонған  бақ  көтеріп,  ұлы  тілектерге  қол  созған 
адамның сол заманның өзі тудырған дағдарысынан, қиындығынан күйреуі табиғи іс еді. 
 
 
 
 
Ол қазір ауыл сыртындағы төбеде отыр. Қасында жақында ғана Арал маңындағы қазақ 
пен қарақалпақтың ханы болып сайланған үлкен баласы Нұралы. Бозаңды төбенің басына 


 
78 
төселген  текеметтің  үстінде  ақ  жастыққа  шынтақтай  жатып,  әкелі-баланың  оңаша 
әңгімелескеніне  бие  сауымынан  артық  мезгіл  өтті.  Қабақтары  жабыңқы,  түстері  солғын. 
Әкелі-балалы адамдардай емес — арбаса қарайды. Бұл арбасу «Хан баласы туған әкесін, 
өзі хан болуды ойлағанша ғана әке санайды» деген көне қағидадан туған тәрізді. 
 
— Сөйтіп сен, Неплюевтен іргеңді алыс салма дейсің ғой? — деді Әбілқайыр Нұралыға 
көзінің қиығын аудара. 
 
—  Іргеңді  алыс  салатын  мезгілден  өтіп  кеттің,  көке,  шамаң  келсе  тіл  табуға  тырыс.. 
Сенің сөзің бүкіл Кіші жүздің сөзі... 
 
— Ал егер оның өзі тіл тапқысы келмесе ше? 
 
— Сол тіл тапқысы келгені үшін шақырып отырған болар. 
 
— Жалғыз мені ғана шақырып па? Неплюев Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанды да 
шақырып отырған жоқ па?.. Анна Иоанновна маған берген грамотасында мені бүкіл қырғыз-
қайсақ  ханы  деп  бекіткен  жоқ  па  еді?  Қарамағымдағы  елді  де:  Орта  жүз  бен  Кіші  жүз  деп 
атаған... Неплюев егер тіл тапқысы келсе, менің мәртебемді осы тұрғыдан неге қарамайды? 
 
—  Көке,  одан  бері  де  он  екі  жыл  өткен  жоқ  па?  Сенің  ондағы  айбарың  мен  қазіргі 
айбарың бір емес қой... Орта жүз қазір Сәмеке ханның кезіндегідей емес, қай жауыңа болса 
да  төтеп  бере    алатынын  аңғартып  отыр... Ақ  патша  губернаторлары  олармен  санаспасқа 
амалы  жоқ.  Ал  алда-жалда  Әбілмәмбет  пен  Абылайға  Неплюевты  қарсы  қойғың  келсе, 
оның жолын табу керек. 
 
— Қандай жол бар? Сірә, тапқандайсың ғой... 
 
— Көке, менің ақылыммен бәрібір жүрмейсің ғой. 
 
— Сен менің ақылыммен жүргелі тұрсың ба? 
 
— Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас... 
 
— Солай де... 
 
әкесі  мен  баласы  талайға  дейін  үн-түнсіз  отырып  қалды.  Бұл  екеуінің  бүгінгі  сырласуы 
Ор қаласында болатын кеңеске дайындалудан туған. Орынбор губернаторы Неплюев қазақ 
жеріне  патша  үстемдігін  жүргізу  ісі  күннен-күнге  қиынға  түсе  бастағанына  көзі  жеткеннен 
кейін,  Орта  жүз,  Кіші  жүз  және  Орынбор  губернаторына  бірдей  жер  орталығы  деп 
саналатын Ор қаласындағы кеңеске Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанды және Әбілқайыр 
ханды шақырған-ды. Өзі де сол Орға келмек. Губернатор соңғы бес жылдың ішінде Кіші жүз 
бен Орта жүздің арасында пайда болған қайшылықтармен жақсы таныс. Қазақ хандарының 
Россия  патшалығына  адал  қызмет  істеуін  талап  етумен  бірге,  осы  жолы  екі  ханның 
арасындағы наразылықты да сөз етпек болған. 
 
Әбілқайыр  баласы  Нұралы  екеуінің  арасы  салқындап  бара  жатқанын  бұрыннан  да 
сезетін.  Бірақ  Арал  маңындағы  елді  Россия  патшалығы  Нұралыға  беріп  хан  санап  указ 
шығармағанына,  бұл  жұрт  әлі  өз  қарамағында  екеніне  тәубе  етіп,  баласымен  бәлендей 
ашық  сөзге  бармайтын.  Әбілқайырдың  ұққаны  Нұралының  орыс  патшасы  жағында  екені. 
Түбі қандай жолға түсері белгісіз, ал әзірге тағдырын да, болашағын да орыс патшасының 
дегеніне бейімдеген. Баласының өзінен де өткен орысшыл болуына, оны ес білгелі осылай 
тәрбиелеген  Әбілқайырдың  өзі  себепкер  еді.  Енді  ол  Россия  патшалығына  деген  өзінің 
өкпесін, күдігін бұдан әрі Нұралыға ашпады. 
 
— Солай де... — деді Әбілқайыр қайтадан. 
 
— Солай... 
 
Әбілқайырды кенет ашу қыса қалды. Өзімен іштей арбасып отырған баласы Нұралының 
бір  тайпа  елдің  ханы  екенін  ұмытып  кетіп,  жанында  жатқан  хан  асасының  астына  алып, 
сойып салмақшы да болды. Асасына қолының тез барып қалғанын өзі де сезген жоқ, бірақ 
одан артық қимыл етпеді. Өйткені, Нұралының да ұзын тарамыс саусақтары беліндегі Хиуа 
қанжарының сабын қыса түскенін көзі шалып қалған. 
 
— Солай де!.. 
 
— Солай! 
 
Дәл  осы  кезде  ауыл  жақтан  үлкен  бәйбішесінен  туған  қызы  Жанат  көрінді.  Жанында 
қалмақ тоқалы тапқан сегіз жасар ұлы Шыңғыс бар. Екеуі ұрысқан адамдай тымырайысып 
отырған  әкесі  мен  үлкен  ағаларына  әдеппен  сәлем  берді.  Жанат  сұңғақ  бойлы,  әкесіне 
тартқан  сұрша  қыз.  Түр-келбетінде  сұлулықтан  гөрі  тәкаппарлық,  қайсарлық  басым.  Киген 
киімі де ауылдың қос етекті, камшат бөрікті, алтын сырға, күміс шолпылы бойжеткендеріне 
ұқсамайды.  Киімдері  жауынгер  көшпелі  елдің  ат  үстінде  өскен  қыздарына  лайық  ықшам. 
Белінде  күміс  сапты  қанжар  таққан  жалпақ  белбеу,  үстінде  белін  қынаған  қысқа  жеңді 


 
79 
мауыты  пешпент,  балағын  оюлаған  кестелі  шалбар.  Аяғында  биік  өкшелі  шоңқайма  етік. 
Басында құндызбен әдіптеген шошақ бөрік. Ұзын шашын бөгет болмауы үшін шашбауымен 
қосып  белбеуіне  қыстырып  қойған.  Нықтап  басқан  аяғының  ырғағына  қарай,  қыпша  белі 
болмашы  бұраң  тартқанмен,  жазы  өтіп,  күзге  қарай  сояулана  бастаған  балқурайдай,  дене 
бітісінде  буыны  әбден  қатқан  егделік  байқалады.  Жанындағы  қалмақ  өңдес  жалпақ  бет, 
тобылғы күрең бала жігіттің тұтас біткен төртбақ дене құрылысы алып күштің иесі боларын 
көрсетіп  тұр.  Бұның  кигені  де  хан  баласына  тақа  лайық  киімдер  емес.  Белінде  қанжарлы 
қалың  қайыс  белбеу.  Үстінде  ықшам,  жағасын  қара  барқытпен  көмкерген  қызғылт  шапан. 
Аяғында кең қоныш былғары етік, басында елтірі бөрік. 
 
Балаларының сәлемін алып, Әбілқайыр: 
 
— Жай жүрсіңдер ме, Жанатжан? — деді. 
 
—  Жай  емес.  Бүгін  таңертең  Қарақыз  жеңешеме  «Шыңғыс  қалаға  жүреді,  жолға 
дайында» депсіз. Қашан және қанша уақытқа барады? Ұзаққа ма, әлде аз күнге ме? Соны 
сұрағалы келдім. 
 
Жанаттың «Қарақыз жеңеше» деп тұрғаны  — әкесінің қалмақтан алған тоқалы. Қалмақ 
есімін дұрыс айта алмағаннан кейін, ауыл әйелдері қара күрең түсіне қарай Қарақыз ханым 
деп  атап  кеткен.  Бүгін  түнде  Әбілқайыр  ортаншы    бәйбішесі  Үкілімайдың  үйіне  қонып 
шыққан. Бұл Жағалбайлы руының бір атақты байының қызы болатын. Бақытсыз Нұрбикеден 
кейінгі ең сұлу әйелі. Әбілқайырға аздаған ықпалы да бар. Түнде ханның көңілінің кеңіген бір 
шағын    тауып,  бір  жағы  өкпе,  бір  жағы  назы  етіп:  «Хан  ием,  Қожахмет  ұлыңды  қашан- 
ғы  орыс  бекінісінде  ұстайсың,  сағындым  ғой,  қайтатын  уақыты  жеткен  жоқ  па?  Орнына 
тоқалдың баласын жіберсейші, о да сойталдай жігіт болып қалды ғой», — деген. 
 
Әбілқайыр ортаншы ұлы Қожахметті өзі де жақсы көретін. Аманат ретінде  Орынборда 
тұрып  жатқанына  жеті  жылдан  асып  кетті.  Оның  үстіне  Ор  өзенінің  бойын  жайлаған 
Жағалбайлы руы Ор бекінісі салынғаннан бері өзге рулардан гөрі өздерінің күйеу баласы — 
Кіші жүз ханына анағұрлым ала көз. Әбілқайыр өзі де биыл Қожахметті Орынбордан алып 
келіп,  Жағалбайлы  жұртына  —  нағашы  еліне  жібермек  еді.  Жиендерін  көріп,  мүмкін 
Жағалбайлы 
да 
жібір, 
ағайынның араздығы басылар деген үміті де бар. 
 
Осындай  ойға  бекіген  хан  Қарақыз  тоқалына  таңертең  «Шыңғысты  дайында,  қалаға 
жүреді» деп бұйырған. Ханым: «Не үшін, қанша уақытқа жүреді?» деп сұрауға бата алмаған. 
Ханның  сыры  әйелдеріне  мәлім,  өз  еркімен  бірдеме  демесе,  сұрап  одан  ештеңе  де  біле 
алмайсың.  Сондай  мінезіне  қанық  Қарақыз  бике  үндемей  қала  берген.  Тек  үйіне  Жанат 
келгенде  ғана  «Баламды  қайда  апармақ?  Қанша  уақытқа?  Неге  апармақ?  Біліп  бер»  деп 
жалынған.  Ал  Әбілқайыр  болса,  өзге  балаларына  қатал  болғанымен,  Жанатқа  келгенде 
жаны бөлек, оның айтқанын екі етпейді. 
 
—  Шыңғыс  ұзақ  уақытқа  барады.  Мүмкін  бірер  жыл  ауылға  қайта  қоймас,  дұрыстап 
дайындасын, — деді. 
 
Шыңғыс сұп-сұр боп кетті. Баласының кенет өзгерген түрін көріп, Әбілқайыр сәл жібіді. 
 
—  Жігіт  болып  қалдың,  саған  да  шет  жұртты  көрген  жөн.  Тәлім-тәрбие,  өнер  үйренуің 
керек, — деді. 
 
Хан жанында тұрғандар бала жігітті аманатқа апара жатқанына шек келтірмеді. 
 
— Жақсы, — деді Шыңғыс басын иіп. 
 
Әбілқайыр  орнынан  түрегелді.  Ол  бағанадан  бері  күншығыс  жаққа  әлсін-әлсін  көз 
жіберіп алаңдап отырған. Сол тұстан кенет үш салт атты көрінді. 
 
— Құдабайлар ғой, — деді Әбілқайыр, — сендер ордаға қайта беріңдер. 
 
Жанат  келе  жатқан  салт  аттылардан  көзін  айырмай  сәл  тұрды.  Қайтқысы  келмеп  еді, 
бірақ әкесі мен аға-інісінен ұялды ма, бұрылып кетті. Нұралы, Шыңғыс үшеуі ауылға қарай 
беттеді.  Келе  жатқан  үш  салт  аттының  бірі  Құдабай  —  әкесінің  хатшысы  әрі  тілмашы. 
Орынбор  маңындағы  қазақ  ауылдарынан.  Келбетті  және  тепсе  темір  үзетін  жас  жігіт.  Осы 
жігітпен былтырдан бері Жанат көңілдес. Көрмесе сағынып қалады. «Осыған барам» деуге 
әкесінен 
жас- 
қанады. Қарадан шыққанға төре тұқымы қыз бермейді. Еркін өскен хан қызы сол себептен 
де  үй  ішіне  білдірмей,  бүгінге  дейін  жігітпен  құпия  кездесіп  келген.  Жақында  Қазалы 
қаласының  маңындағы  датқа  құдалары  келмек.  Күйеу  келетін  мезгіл  таяған  сайын  Жанат 
Құдабайға  елте  түсуде.  Ханның  тапсырмасымен  кеткен  жігітті  алты  күн  көрмей  қалып  еді, 
жанын қоярға жер таппады... 


 
80 
 
Әбілқайыр сырға өте берік жан. Ал алда-жалда көңілінің бір күмәнін ашқысы келсе оны 
тек  Жанатқа  ғана  айтатын.  Өйткені  әке  балаға  сыншы,  Жанат  заты  әйел  болғаныменен, 
өзіне  тартқан  қатыгез,  сырға  берік  тұңғиық  екенін  білетін.  Әбілқайыр  Неплюевтен:  Ор 
қаласына  келсін,  онда  Әбілмәмбет  хан  мен  Абылай  сұлтан  болады  деген  хабарды 
алысымен Орынборға жанына он бес жігіт нөкер ертіп осы Жанатты жіберген. Қызы арқылы 
Неплюевке:  «Әбілмәмбет  Жоңғар  қонтайшысы  Қалден  Церенмен  жақындасқалы  жүр. 
Қалден  Церен  оған  Түркістан  шаһарын  қайтарса,  Жоңғарлармен  қайтадан  татуласпақ, 
достықтың белгісі етіп аманатқа бір баласын жібермек. Егер Әбілмәмбет Ор қаласына келе 
қалса, одан Жоңғар жағына шықпаймын және ақ патшаға адал қызмет істеймін деген антын 
алу  керек.  Және  Әбілмәмбет  сөзінде  тұруы  үшін  бір  баласын  аманатқа  тапсырсын.  Ал 
аманат  баласын  әкеліп  бергенше,  өзін  жібермей,  тұтқын  ете  тұрсын»  деген.  Жанат 
Неплюевке бұл сәлемді бұлжытпай жеткізді. Бірақ әкесі бұл сырды ешкімге айтпа дегеніне 
қарамай, әлдеқалай Құдабайға айтып қойды. 
 
Осы Құдабайды Әбілқайыр Ор қаласына келе жатқан Әбілмәмбеттің алдынан шығарған. 
Күшігінен  асыраған  итіндей  хатшысына  екі-үш  күн  Әбілмәмбеттің  қасында  болып,  бар 
сырын біліп келуді тапсырған. 
 
Әбілқайыр  кешеден  сол  Құдабайды  тыпырши  күтуде  еді.  Белестен  салт  аттылар 
көрінісімен, сабыры қалмай, әрі-бері жүре бастады. 
 
Құдабай атынан түсіп, ханның қасына жаяулап келді. 
 
— Армысыз, хан ием? 
 
— Барсың ба, жарқыным? Қандай хабар әкелдің? 
  
Кенет  ханның  көзі  Құдабайдың  беліндегі  жарқыраған  күміс  белбеуге  түсті.  Кісесі  де, 
кішкентай  қанжарлы  қынабы  да  сом  күмістен  соғылған.  Әттең  не  керек,  бұл  күміс  белбеу 
ненің төлеуі болғанын білер ме еді. Ханның өзіне сезіктене қарағанын бірден ұққан хатшы, 
титтей де абыржымай бейқам тұр. 
 
Хан күдігі тез тарады. Жанатқа тапсырылған құпиядан хатшым хабардар болып қалған 
жоқ  па  екен  деген  сұрау  оның  ойына  кірмеген.  «Хатшыма  мынадай  бір  қаралық  белбеу 
тартқаны, 
— 
Әбілмәмбет 
ханның 
менімен 
тіл 
табыс- 
қысы келгені ғой» деп жақсылыққа жорыды. 
 
— Айта бер, не естіп, не көрдің? 
 
—  Естігенім  де,  көргенім  де  аз.  Тек  бар  түсінгенім,  орыс  патшасымен  араздасар 
Әбілмәмбет те, Абылай да жоқ... Ал Жоңғар қонтайшысымен келіссөз жүргізулері жай қулық 
тәрізді.. 
 
Құдабай көрген-білгенін түгел айтты. Кенет Әбілқайыр әлденені ойлана қалды. 
 
— Қастарында ақылгөйі Бұқар жырау бар ма екен? 
 
— Жоқ... Көргем жоқ. 
 
—  Сонда  қалай  болғаны?...  Бұқар  жырау  ел  көзі  ғой.  Келмеуіне  қарағанда  жұрты 
хандарының ойын ұнатпағаны ма? 
 
— Білмедім. Губернатор жырауды шақырмаған шығар... 
 
Енді олар Ордаға қарай аяңдады. 
 
Үш күн өткен соң Әбілқайыр қасына Кіші жүздің қырықтан аса ақсақалдары мен батыр, 
билерін ертіп Ор қаласына жүріп кетті. 
 
... Бір мың жеті жүз қырық екінші жылы жиырмасыншы август күні Неплюев Ор бекінісіне 
таяу Тасөткел деген жерде қазақ хандарымен кездесуге шатырларын тіккізді. Бұдан үш күн 
бұрын жеткен Әбілқайыр Орынбор губернаторы кеңеске тек қана Әбілмәмбет пен Абылай, 
Барақтарды  шақырып  қоймағанын  білді.  Жоңғар  елшілері  Кошка  мен  Бурун,  олардың 
серіктері  —  қарақалпақ  батырлары  Момор  мен  Құшақтың  да  губернатор  шақыруымен 
келгенін  естіді.  Екі  күннен  кейін  Неплюевтің  бұйрығы  бойынша,  Әбілқайырдың  екі  ұлы 
Ералы мен Нұралы да өздеріне арнап тігілген үйге келіп түсті. 
 
Шақырылған  қонақтардың  санына  қарағанда  бұл  кеңеске  орыс  әкімдері  үлкен  маңыз 
беретіні анықталды. Оған Кіші жүз ханының көзі көп кешікпей жетті де. 
 
Неплюев  жұпар  аңқыған  жанаргүл,  қазоты  аралас  қалың  шөпті  Тасөткелдің  талды 
ойпатына елуге таяу ақ боз үй тіккізген. Өзімен бірге келген екі эскадрон атты, бір батальон 
жаяу  әскеріне  арнап  жиырма  шақты  шатыр  тұрғызған.  Аттарының  ер-тоқымдары  да, 
солдаттарының  киген  киімдері  де  судай  жаңа.  Бәрі  мұздай  боп  көк  темірлі  қару-жарақ 
асынған.  Қылыштарының  сары  жез  саптары  мен  мылтықтарының  жалаңаш  ұштары  күн 


 
81 
сәулесімен жарқ-жұрқ ойнайды. Қонақтарына Россия патшасының айбарлы күшін көрсеткісі 
келген болу керек, Неплюев лагерь сыртына алты зеңбірек қойғызды. 
 
Қонақтардың  бәрі  жиналғанмен,  жиырмасында  келуге  тиіс  Орта  жүздің  ханы  мен 
сұлтандары  августың  жиырма  екісіне  дейін  келмеді.  «Бұлар  неге  кешігіп  жатыр?»  деп 
алдарынан жіберген кісісі: «Тасөткелге жарты күндік жердегі Қияқты сайына осыдан үш күн 
бұрын Әбілмәмбет хан қосын тіккен екен, түнде  кеңес құрып, таңертең кейін қайтып кетіпті» 
деген хабар әкелді. «Қандай себеппен қайтты екен? Ешкім ештеңе демей ме?» деп сұраған 
Неплюевке,  жіберген  кісісі:  «Жоқ  себебін  айтпапты.  Сол  араның  бір  байынан  сұрап  көріп 
едім, ол: Орта жүз ханының алдынан Әбілқайырдың тілмашы шыққанын, сол тілмаш еліне 
кеткен күнінің ертеңіне Әбілмәмбеттің де кейін шегінгенін айтты. Сірә, сол тілмаштан сіздің 
Жоңғар  елшісін  де  шақырғаныңызды  естіген  болуы  керек.  Әбілмәмбет  өзі  Жоңғар 
қонтайшысымен  келісім  сөз  жүргізіп  жүргендіктен,  сізбен  ол  ел  елшілерінің  көзінше 
сөйлескісі келмеген шығар» деген жорамал айтты. Неплюев жирен мұртын сипап, түксиген 
түкті  қабағын  қарс  жауып  сәл  ойланып  қалды.  «Бұл  сөздің  қисыны  бар.  Жоңғар  елшісінің 
келгенін  естісе,  Әбілмәмбет  атының  басын  кейін  бұруы  ғажап  емес.  Жоңғар  әскері  бұған 
жақын  тұр  ғой.  Бірақ  оны  қалай  естиді?  Осындай  жағдай  болмас  үшін  Жоңғар  елшісінің 
келетінін мен Әбілқайырға да білдірген жоқ едім ғой... Жоқ, мұнда басқа гәп бар». 
 
Дереу  ол  Құдабайды  шақыртты.  Кіші  жүз  ханының  хатшысы,  Неплюевтің  одыраң-
одыраң аттауынан, жирен мұртының едірейіп, көк көзінің шыныдай боп мызғымай қалуынан 
губернатордың ашулы екенін айтпай түсінді. 
 
—  Сау-саламатсыз  ба,  марқабатлы  губернатор  мырза,  —  деді  Құдабай  тілі  сәл 
күрмеліп. — Сіз шақырып жатыр деген соң... 
 
Губернатор хатшының амандасуына жауап та қайырған жоқ. 
 
— Әбілмәмбеттің алдынан Әбілқайыр сені неге жіберді? — деп сұрады ызғарлы үнмен. 
 
әккі  тілмаш  әңгіме  Орта  жүз  ханының  кеңеске  келе  жатып  кейін  қайтқаны  жайында 
екенін  сезе  қойды.  Әбілмәмбет  бүгін  болмаса  ертең  келе  қалса,  өзінің    не  үшін  кейін 
қайтқанын түсіндіреді. Сонда хан алдында да, губернатор алдында да тілмаштың қара бет 
ісі  әшкереленеді.  Әбілқайырдан  гөрі,  оған  өзінің  шын  қожасы  Неплюевтің  ашуланбағаны 
керек. 
 
—  Әбілқайыр  хан  мені  Әбілмәмбеттің  алдынан  жібергені  рас,  —  деді  ол  басын  иіп.  — 
Сізге жеткізуге ыңғайлы жағдай бола қоймады. 
 
— Қандай тапсырмамен? 
 
—  Әбілмәмбеттің  Жоңғар  қонтайшысымен  келісім  сөз  жүргізіп  жүргенін  Орынбор 
губернаторы  біледі.  Егер  бұл  жолы  Россия  жағында  екенін  дәлелдеу  үшін  бір  баласын 
аманатқа  қалдырмаса,  сол  баласын  Орынборға  әкелгенше  Орта  жүздің  ханын  еліне 
қайтармайды деді. Соны Әбілмәмбетке жеткізуге жіберді. 
 
Неплюев  Құдабайдың  сөзіне  сенді.  Ол  жерге  бір  түкіріп,  үйдің  ішін  кезіп  жүр.  «Маған 
Россия жағында Орта жүздің болуы үшін, Әбілмәмбеттің бір баласын аманатқа ала тұрыңыз 
деп  ақыл  үйреткен  Әбілқайырдың  өзі  емес  пе  еді.  Кіші  жүз  ханының  бұл  құпияны 
Әбілмәмбетке жеткізуінің қандай себебі бар? әлде бәлені маған жапқаны — Әбілмәмбеттен 
қорыққаны  ма?  Жоқ,  бұл  арада  басқа  сыр  бар...  Әбілмәмбет  пен  менің  арама  от  салғысы 
келеді.  Орта  жүз  ханының  маған  қарсы  екенін  сездіріп,  өзі  менің  алдымда  да  жақсы 
көрінбек.  Россия  патшалығы  тек  өзін  ғана  қолдасын  дейді-ау  шамасы.  Бұ  да  айла.  Бірақ 
Орта жүз бен Россияның арасының алшақтай бергенінен оған қандай пайда  түседі? әлде 
Орта  жүзді  де  өзі  арқылы  бағындырсын  дей  ме?  Солай  тәрізді.  Демек,  Әбілқайырдың  бір 
сыры ашылды ғой... Бұл ойыны немен бітер екен? Білмеген адам боп жүре тұрайын». 
 
— Құдабай мырза, — деді бір заматта. — Сіздің ақ патшаға адал еңбек еткіңіз келетінін 
мен жақсы білемін. Бірақ сіз әлі біз риза боларлық қызмет көрсеткен жоқсыз... 
 
— Губернатор мырза, мен естігенімнің бәрін жеткізіп жүрмін ғой. 
 
Неплюев қабағын сәл түйді. 
 
— Ойлаңыз, айтылмағаны да бар шығар. 
 
Құдабай кідірместен жауап берді. 
 
— Білерім сол, алдыңызда құран ұстап ант беруге бармын... 
 
— Құран ұстап ант берудің құны қанша екенін сіз екеуміз де білеміз ғой, — деді кекетіп 
күлген губернатор. — Ал Әбілқайырдың қалмаққа бермек қарындасы жайында не естідің? 
 
— Түсіне алмадым, тақсыр. 
 
— Кіші жүздің ханы бір қарындасын Қалден Церенге бермек көрінеді ғой. 


 
82 
 
— Естімеген әңгімем. 
 
Құдабай  шынын  айтқан.  Әбілқайыр  Орынбор  губернаторына  Жайықтың  арғы  бетінен 
жайылым  бермеді  деп  ренжігенінде,  Хиуаға  жүргелі  тұрған  Нұралыға  «Хиуа  ханы  арқылы 
Қалден  Церен  жағына  қармақ  салып  көр.  Әбілмәмбеттен  гөрі  бізге  жөн  қарайтын 
мүмкіншілік  тумас  па  екен...  Мұндай  жағдай  туа  қалса  қарындасым  Қарашашты  беруге 
бармын...  Әрине,  орыс  патшасы  рұқсат  етсе...»  деген.  Нұралы  бұл  әңгімені  аяқтай 
алмаған... Надир шахтың Хиуа хандығын  басқарып отырған адамына бұл өтінішті жеткізудің 
орнына,  Нұралы  қастасып  қайтқан.  Бірақ  оның  есесіне  Неплюевке  жеткізген.  Орынбор 
губернаторының оспақтап сұрап отырғаны осы жәйт. Құдабайдың бұл хабардан ада екеніне 
сенген Неплюев: 
 
—  Әбілқайырдың  Жоңғар  қонтайшысына  қарындасы  Қарашашты  берсем  бе  деген  ойы 
бар ма, жоқ па, соны біл, — деп тапсырды да қоя берді. 
 
Неплюев шатырында болғанын білген соң Құдабайды енді Әбілқайыр шақырды: 
 
— Не сұрады? — деді ол хатшысынан. 
 
Құдабай болған әңгімені жасырған жоқ, бәрін айтып салды. 
 
—Жоңғар  ханымен  сізді  жақындаспақшы.  Қалден  Церенге  қарындасы  Қарашашты 
бермек ойы бар көрінеді дейді... Соның анығын білуді бұйырды. 
 
Әбілқайыр  тұнжырай  қалды.  Құдабайдың  Орынбор  губернаторының  тыңшысы  екенін 
хан білетін. Бірақ ол Әбілқайырға Неплюев не сұраса да айтып беремін деп уәдесін берген. 
Оған  қанша  сенгенмен  де  кейбір  құпия  сырын  жасырып  қалуға  тырысатын.  Одан  тіпті 
қорқатын  да.  Хатшысын  біржолата  қуып  жіберуге,  Неплюевтің  өзіне  қандай  қақпан  құрып 
жүргенін Құдабайсыз тағы  біле алмайды. Бірақ Неплюев Әбілқайырдың сырын кім арқылы 
білді? Бұл құпия ойын тек баласы Нұралыға ғана айтқан жоқ па еді? Сонда қалай болғаны? 
Неплюев,  әрине,  хан  сырын  Нұралыдан  естіді.  Әлде  Нұралы  басқа  біреуге  айтып, 
губернатор содан естуі де мүмкін ғой... Япырмай, солай болғай да! 
 
Әбілқайыр ойлана түсті. Ол бірде көңілденіп отырып бәйбішесі, ақылды Бапайдан: «Мен 
өлсем,  қай  ұлым  хан  болуға  лайық»  деп  сұрағаны  бар.  Сонда  Бапай  тұрып:  «Айшуақты 
қойсаң  —  ат  үстінен  тұрып  сиерсің;  Ералыны  қойсаң  —  жауыңа  күнде  тиерсің,  Нұралыны 
қойсаң — мауыты шапан киерсің», деп жауап берген. Расында, осы Бапайдың сөзі дұрыс-
ау... Бірақ Нұралы сол тақты әкеден өзі тартып алмақ па, қалай?» 
 
Кіші  жүздің  ханы  боп  отыру  үшін  қазір  ерліктен  гөрі  ептілік,  ақылдан  гөрі  айла  керек. 
Бұны  Әбілқайыр  жақсы  біледі.  Сондықтан  ол  Нұралыны  кінәлаудың  орнына  өзінің 
айлакерлігін  көрсетпек  болды.  Неплюевке  Қалден  Церен  туралы  ойын  өзі  айтады.  Ал 
Неплюевтің  бұл  сырды  Нұралы  арқылы  біліп  қалғанын  сездірмес  үшін,  Орынбор 
губернаторына бұрынғы өтініші өзі өлгеннен кейін Кіші жүз тағына Нұралыны отырғыз дейді. 
Содан кейін Неплюев өзі шешсін, кімнің ақ патшаға адал екенін. 
 
Сөйтіп  Құдабайға  Орынбор  губернаторы  Кіші  жүз  бен  Орта  жүздің  арасындағы  құпия 
сырдың  бәрі  айқын  болды.  Үшеуі  де  Құдабайдан  сезіктенсе  де,  бәрі  де  оған  өз  құпиясын 
ашты. 
 
«Сенсе — жарылқайды, сезіктенсе — қорқады» көптен бері қызығып жүрген, қызыл етін 
сыртқа теуіп, оқтаудай боп жараған көк жорғаны Әбілқайыр оған сыйға тартты. 
 
— Астындағы атыңның аяғына қан түскен екен, ертеңнен бастап ана көк жорғаны мін, — 
деді хан. 
 
Көңілі  көтеріліп,  құлпырып  кеткен  Құдабай  «бұл  сыйлық  не  үшін?»  деп  сұраған  жоқ. 
«Бағана Неплюев шатырының алдында судай жаңа қызыл сафьян былғары ер-тоқым жатыр 
еді. Шіркін-ай, көкжорғаға қандай жарасар еді!» деді ішінен. 
 
Орта  жүз  ханы  мен  сұлтандарының  келмей  кеткеніне  іштей  қатты  ренжісе  де,  Нелюев 
сыр бермей, ертеңіне яғни августың жиырма үші күні Әбілқайырға арналған үлкен қонақасы 
берді. Бұған Тасөткел қойнауына жиналған қонақтардың бәрі шақырылды. 
 
Неплюев  айдалаға  ұзын-ұзын  столдар  қойғызып  дастарқанын  соның  үстіне  жайды. 
Россия  байлығын  көрсеткісі  келгендей,  столдарды  қазақтың  табақ-табақ  семіз  еттері  мен 
уылжыған сары қымызына, орыстың сан түрлі тағамына лық толтырды. Бұнда шошқа етінен 
басқаның  бәрі  бар:  құс  еті,  балық  еті,  жеміс,  тұздаған  капуста,  помидор,  қияр,  ең  аяғы 
қабығымен бірге пісірілген картоп та  қойылды. Мойындары ұзынды-қысқалы бөтелкелерге 
құйылған  орыстың  ақ  арағы,  бенедиктин,  ликер,  тағы  басқа  шетелдің  түрлі  шараптары 
самсап тұр. 


 
83 
 
Қонақтары  асқа  отырмастан  бұрын  Неплюев  тағы  бір  керемет  көрсетті.  Бір  батальон 
солдатын ортадағы алаңға шығартып, жаяу әскер соғысының неше алуан тәсілін ойнатты. 
Шабуыл,  шегіну,  қолма-қол  ұрыс,  мылтықтың  сүйір  ұшымен  жауын  түйреу.  Одан  кейін  екі 
эскадрон  салт  атты  драгундар  қонақтарды  атты  әскер  ұрысының  қыран-қырлы  түрлерімен 
таныстырды.  Орыс  әскерінің  неше  алуан  ат  ойнату,  тал  шабу,  ордан  секірту  тәрізді 
өнерлерін  бұрын  жақын  жерден  көрмеген  қазақтың  ақсақал,  би,  сұлтан,  батырларының 
естері  шықты.  «Ой,  пәле!»,  «Жігітім-ақ  екен!»,  «Па,  шіркін,  мына  кертөбел  қалай 
ойқастайды!»  деген  қошемет  дауыстар  бүкіл  өзен  бойын  алып  кетті.  Көріп  отырғандары 
әскер  ойынынан  гөрі  соғысқа  ұқсаңқырап,  «Орынбор  губернаторы  осы  араға  бізді  неге 
жинап  алды  екен»  деп,  Неплюевқа  күдікпен  қарап  отырған  кейбір  аңқау  байлар  ойын 
біткенше, «Ей, алла тағала, өзің сақта!», «Құдай-ай, бекер-ақ келген екенмін!» — деп, ішінен 
иманын айтып, құдайына жалбарынумен болды. 
 
Бұл  ойындар  біткеннен  кейін  «бәлем,  зәрелеріңді  біржолата  алайын!»  дегендей,  өзінің 
солдаттарының  өнеріне  риза  болған  Неплюев  қонақтарын  лагерь    сыртындағы  төбеге 
қойған алты зеңбіректің қасына алып барды. Зеңбіректің қалай атылатынын көрсетпек боп, 
арт жағында үрейлене топырлап тұрған қалың топқа бір қарап қойды да, «от беріңдер!» деп 
бұйырды. 
 
Осыдан екі жыл бұрын Орынбор қаласында «орыс патшасының қол астына кірмек» боп 
келген  Әбілмәмбет  пен  Абылайға  Орынбор  комиссиясының  бастығы  бір  зеңбіректен  бір 
минут ішінде он рет оқ атқызып жұртты таң қалдырған. Бұ жолы Неплюев алты зеңбіректен 
бірдей екі минут оқ жаудыртты. Алты зеңбірек екі минуттың ішінде аузынан жалын төгіп, жүз 
жиырма  рет  гүрс-гүрс  етті.  Аспан  аударылып  жерге  түскендей  болды.  Бүкіл  сар  даланы 
тітіреткен  бір  қорқынышты  гүріл  билеп  кетті.  Нағыз  ақырзаман  туғандай,  бұрын  мұндайды 
естімеген  қазақ  жылқылары  кісіней  шыңғырып,  шылбырларын  үзіп,  ер-тоқымын  бауырына 
ала, айдалаға шаба жөнеледі. 
 
Мұндай гүрілдің қан базарын бұрын-соңды көрмеген қазақтың «игі жақсыларының» көбі-
ақ  «астапыралла,  астапыралла!»  деп  жағаларын  ұстап,  имандарын  үйірумен  болды.  Атыс 
бітісімен өзенге қарай жүгіргендері де бар... 
 
Зеңбірек  үнімен  жұрттың  зәресін  алғанға  мәз  болған  Неплюев  «қазақтың  жауынгері 
Хиуаның  білтелі  мылтығын  бір  атып  қайта  тұтатқанша,  бұл  зеңбірек  он  рет  оқ  шығара 
алады.  Осы  зеңбіректің  атқан  оғынан  бес  минуттың  ішінде  бір  ауыл  жоқ  болады,  ал  бір 
сағаттың ішінде он екі ауылды құртып жібере алады» деді. 
 
Зеңбіректердің  жалын  атқан  әлемді  тітіреткен  гүрілін  естіген  жұрт  бұл  сөзге  күмән 
келтірмеді.  Бұл  алты  зеңбірек  түріктермен  соғысып  жатқан  Россияның  қазақ  жерін 
отарлауға  әзер  бөлген  бар  қаруы  екенін  білген  жоқ.  Неплюевтің  де  қазақ  хандары  мен 
Жоңғар, Қарақалпақ уәкілдерін Ор бекінісінің ішінде емес, сыртында қабылдауының да бір 
себебі осында еді. Әлі қару-жарағы шамалы Ор бекінісін қонақтарына көрсеткісі келмеді. Іші 
толған пәле екен деп, құр сыртқы сұсынан шоши берсін деп ойлаған. 
 
Осылай  күні  бұрын  еңсесін  басып  алған  қонақтарын  ертіп,  генерал  енді  дайындалған 
стол басына келді. Неплюевтің оң жағында Әбілқайыр мен оның күйеу баласы, Орта жүздің 
батыры  Шақшақ  руынан  шыққан  Жәнібек,  сол  жағында  Жоңғар  елшілері  мен  Қарақалпақ 
батырлары отырды. 
 
Өзге  үш  жүзге  таяу  қазақтың  игі  жақсылары  мен  Неплюевке  еріп  келген  орыс 
офицерлері,  жаңа  ғана  «соғыс  ойынына»  қатысқан  драгундер,  гренадерлер,  мушкетерлер 
бастықтары өздерінің шен-шекпендеріне қарай стол бастарына орналасты. 
 
Генерал Неплюев осынша жұрттың достық, бітім үшін жиналғанын, Россия елінің ең ұлы 
мақсаты көршілес елдермен тату-тәтті тұру екенін айта келіп, шыныға құйылған шарапты ең 
алдымен  ұлы  Россияның  мәртебелі  әйел  патшасы  Елизавета  Петровнаның  құрметіне 
көтеруді ұсынды. 
 
— Кімде-кім өзінің алдындағы шынысына құйылған зәмзәм суын ішпесе, — деді күліп, — 
ол біздің мәртебелі ақ патшамыздың қасы. 
 
Бұл сөзге нанып қалған қазақтың кей аңқау батыр, ақсақалдары «тәуекел!» деп алдында 
тұрған кішкентай шыны ыдыстарға амалсыз қол созды. 
 
Бірақ бұны ішсек кәпір болып кетеміз деп сазарып отырып қалғандар да бар. Осы кезде 
Неплюевтің  өзімен  бірге  еріп  келген  Орынбор  мұсылмандарының  муфтиі,  ахун  Нәсіполла 
молда орнынан түрегеліп: 


 
84 
 
— Патша үшін бұл шарафні ишпағанлар күнәға батады! — деп жариялады. Сөйтті де өзі 
жұрт көзінше қолындағы арақ құйылған шыныны аузына апарып, көмейіне төңкере салды. 
 
Бұдан  кейін  ешкім  «ішпеймін»  дей  алмады.  Барлығы  да  шыныларын  қолдарына  алды. 
Біреулері  бірден  жұта  салды,  біреулері  қақала-шашала  ішті.  Кейбіреулері  аузына  апарған 
боп, білдірмей жерге төкті. 
 
Ішіп болғандар жамыраса сөйлеп, күліп жатты. 
 
— Удай ғой! 
 
— Өңешімді өртеп жіберді ғой итің! 
 
— Қой, пәлесінен аулақ. 
 
— Молла-екең өзі рұқсат еткен соң ғана іштім. 
 
— Өле-өлгенше көргенім осы ғана болсын! 
 
— Қатын патша да, губернатор да риза шығар... 
 
Жамырасқан  бейшаралар  өздері  ауыздантқан  осы  арақ-шарапқа  бір  екі  жүз    жылдан 
астам  уақыт  өткен  кезде,  үрім-бұтақтарының  әбден  қанығып  алатынын  қайдан  білсін! 
Қайран  аңқау  сорлылар!  Енді  олар  асқа  кірісті.  Бұған  келгенде  қазекең  ақ  патшаның  атын 
ататқан  жоқ.  Екі  білекті  сыбанып  жіберіп,  сүбенің  майлы  етін  асағанда  қарап  тұрған 
адамның  айызы  қанғандай  еді.  Он  екі  мүшесі    түгел  астауға  салынған  құнанның  семіз  еті, 
қабырғасы  қабырға,  төсі  төс,  жілігі    жілік  күйінде  заматта  жоқ  болып  жатыр.  Астаулар  мен 
табақтар  әне-міне  дегенше  дымы  қалмай  қайтып  жатыр.  «Ана  бір  домалағына  қол  жалғап 
жіберші»,  «әлгі  ботташық  дегені  осы  болар»,  «тамақ  емес  қой  мына  жарықтығың»,  «мына 
бір  шөп  жапырағының  ащысы-ай»,  «бұл  орыстар  не  болса  соны  тамақ  етеді  екен-ау», 
«пәле, балық болсаң осындай бол, әр қабырғасының өзі тебендей ғой!»  деген дауыстар да 
шығып қалды. Ішілген қымыз, төгілген шарап. 
 
Бір кезде Неплюев орнынан тағы көтерілді. Ол рюмкесін жоғары ұстап: 
 
— Ал, құрметті қонақтар, мына шарапты Россия елінің шын досы, Кіші жүздің ханы, ұлы 
Әбілқайыр үшін алып қоялық, — деді. 
 
Столдың  бір  жағында  отырған  бір  топ  «Ура!»  деп  шу  ете  қалды.  Бұл  драгун, 
гренадерлер тобы еді. 
 
Бұл  жолы  молла  үгіт  жүргізген  жоқ.  Біреулер  ішті,  біреулер  шыныға  қолын  да  тигізген 
жоқ. Тек әр жерден естілер-естілмес күңкіл үндер шығады. 
 
— Мәртебең өсе берсін, Әбілқайыр!.. 
 
— Әбілқайыр үшін шарап ішкенше, у ішкенім жақсы емес пе... 
 
— Бағы жоғарылай берсін хан иеміздің. 
 
— Шаңырағы күйреп ортасына түссін. 
 
— Көріңде өкір, көріңде өкіргір Әбілқайыр, сенің әлегіңнен күнәкәр боп кәпірдің қолынан 
дәм таттық қой... 
 
— Байқап сөйлеңіз, қария біреу-міреу естіп қалар? 
 
—  Естіп  қалардай  не  айттым?  Айыбым  көрмегенімді  көрсетті  дегенім  бе?..  Шырағым, 
пәле  жаппай  отыр...  Пайғамбар  жасына  келгенде  маған  Әбілқайыр    ханнан  бөтен  кім 
мұндай құрмет көрсеткен. Бұдан да абыройың аса берсін, Әбілқайыр хан. 
 
— Осы құрметтің бәрі Әбілқайыр үшін ғой. 
 
— Шіркіннің қадірі қалай күшті еді. 
 
— Күшті болмай, бар қазақты бір тоқтыдай көрмей арзанға сатып отырса... 
 
— Тек, жайыңа отыр! Жөн-терісін білмей... 
 
әр  жерден  осындай  күңкілдер  естіліп  жатты.  Бірақ  кімнің  аузынан  не  шыққанын  адам 
аңғарар  емес,  гу-гу  әңгіме.  Әлдекім  қолына  домбыра  ап  патшаны,  губернаторды, 
Әбілқайырды мақтамақ боп шырқай жөнелді. Бірақ та оның үні қызып алған офицерлердің 
«Ұзақ  өмір  берсін»  деп  қосыла  салған  әнінің  астында  қалды.  Бұл  әнге  мас  бола  бастаған 
бай мен билер де қосылды. Арасында мүфтидің жіңішке ащы даусы да естілді. 
 
Қонақтары  осылай  өзді-өзі  болуға  айналғанда,  Неплюев  Әбілқайырды  стол  басынан 
тұрғызып ап, қолтықтап, сай жағалай қыдырып кетті. Бұрын да мұндай қонақасында екі-үш 
рет болған, шарапты да қанша ішуді білетін хан өзін жақсы ұстап келеді. 
 
Неплюев  сәл  қызулау,  көңілдегі  сөзін  айтып,  ханмен  ашық  сөйлескісі  бардай.  Бірақ 
губернатордың  бұнысы  қулық  екенін  Әбілқайыр  жақсы  біледі,  сол  себептен  де  ол  артық 
бірдеме айтып қалмайын деп сақтана түсті. 


 
85 
 
—  Әбілқайыр  хан,  —  деді  Неплюев  жұрт  шуынан  алыстаған  кезде,  —  ертең  кеңесіміз 
басталмақ. Сізге Жоңғар мен Қарақалпақ елшілерінің көзінше тілектеріңізді ашық айту қиын 
да болар...   
 
— әсіресе, ол тілектеріміз өтпей қалып жүрсе... 
 
—  Иә,  ондай  да  жағдай  болуы  мүмкін...  Сондықтан  мен  сізбен  оңаша    сөйлескім  келіп 
еді. 
 
— Менің де. 
 
— Онда тіпті жақсы. Қандай өтініштеріңіз бар? Айтыңыз. 
 
—  Өтінішім  үшеу.  Алдыменен  екеуін  айтайын.  Ол  екеуі  қабылдана  қалса,  үшіншісінің 
қажеті де болмас. 
 
— Жақсы. Бірінші өтінішіңіз? 
 
—  Бірден  бұл  өтінішімнің  неден  туғанын  баяндап  өтуге  рұқсат  етіңіз...  Жасыратын  түгі 
жоқ, соңғы кезде менің қадірім Кіші жүз елінің алдында төмендеп барады. Бұған себеп Орта 
жүз ханы Әбілмәмбеттің әрекеті... 
 
— Қалайша? 
 
—  Әбілмәмбет  хан:  «Әбілқайырға  орыс  патшасының  жәрдемі  жоқ»  дейді.  Сөйтіп  менің 
жұртым  алдында  абыройымды  түсіруде.  Ал  өзі  Барақпен,  басқа  да  сұлтандармен  бірігіп, 
Жоңғар  қонтайшысының  жағына  шықпақ.  Аманат  та  бермек.  Тек  менен  қауіптеніп  мұндай 
іске  бармай  жүр.  Біле  білсеңіз,  Әбілмәмбет  хан,  Абылай,  Барақ  сұлтандар  Россия 
патшалығына қарсы. 
 
— Олар сіздің де қасыңыз ғой? 
 
— Кімде-кім Россия патшасына қарсы болса, ол менің де жауым. 
 
—  Солай  делік.  Бірақ  бұл  болжауға  сену  қиын.  Өйткені  Әбілмәмбет  те,  Абылай  да, 
Барақ  сұлтан  да  осыдан  екі  жыл  бұрын  Урусов  генералдың  алдында  бастарына  құран 
көтеріп «Россия патшасының қол астына кірдік» деп уәде берген жоқ па еді? 
 
Бір  мың  жеті  жүз  қырқыншы  жылы  августың  жиырма  сегізі  күні  көп  келісім  сөздерден 
кейін,  Орынбор  комиссиясының  бастығы  генерал-лейтенант  Василий  Алексеевич 
Урусовтың  алдында  «Россия  қол  астына  кірдік»  деп  Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет  пен 
Абылай  сұлтан  мұсылман  дәстүрімен  бастарына  құран  көтеріп  ант  берген.  Генерал-
лейтенант со жолы әрқайсысына күміс қынапты  қылыш тартқан. Сондай қылыш Кіші жүздің 
батыры Бұғыбай мен Есетке де тапсырылған. Сол күні «Россия патшалығының қол астына 
кірдік» деп Орта жүздің жүз жиырма сегіз старшынасы, ал келесі күні, Кіші жүздің жүз алпыс 
бес старшынасы қолдарына құран ұстап келісімге келген. 
 
Орта  жүздің  ханы  мен  сұлтандарының  Россия  патшалығының  қарамағына  кіруіне  көп 
еңбек  еткен  Урусов  со  жолы  Петербургке  бөтен  қызметке  шақырылып,  келесі  жылы  оның 
орнына Неплюев келген. Қазір Орынбор губернаторының айтып тұрғаны осы жағдай. 
 
— Біз көшпелі елміз ғой. Антты құр бос уәде деп қарайды қазақтың көп адамы. 
 
— Сіз олай қарамайсыз ғой! 
 
— Менің жолым бөлек. 
 
— Әбілмәмбет хан да антын бұзған жоқ қой... 
 
— Бұзбаса енді бұзады. 
 
— Оған қандай дәлеліңіз бар? 
 
— Дәлелім... Әбілмәмбет хан сіздің мәжілісіңізге неге келмей қалды?.. 
 
— Бәсе, неге келмей қалды? 
 
—  Жоңғар  уәкілін  шақырғаныңызды  біліп,  келмей  қалды.  Өзі  Жоңғар  жағына  шыққалы 
жүргендіктен  ол  елдің  елшілерінің  алдында  сізге  жолыққысы  келмеді...  Бұным  дәлел  емес 
пе?.. 
 
—  Жарайды,  Әбілмәмбет  Россия  патшалығына  қарсы  делік,  —  деді  генерал  салқын 
үнмен, — сонда сіздің бірінші тілегіңіз неде болмақ? 
 
— Россия патшасының жауы — менің жауым. Әбілмәмбет секілді жауды құртып, Россия 
патшасының  аяғының  астына  салу  үшін,  бірінші  өтінішім  —  маған  қарулы  үш  мың  солдат 
беріңіз. Мыңы орыс, қалған екі мыңы қалмақ пен башқұрт жауынгерлерінен. 
 
Неплюев бұған тіпті қуанып қалды. Әбілқайыр мен Әбілмәмбет  ханның арасының шын 
жаман екеніне көзі анық жетті. Бұл Россия патшасының бір елді бір елге, бір ханды бір ханға 
айдап  сап,  ортасынан  пайда  көздейтін  ежелгі  саясатына  дәл  келетін  жәйт  еді.  Россия 
әкімдері  бір  ханның  ұпайынан  екінші    ханды  күшейтуді  дұрыс  көрмейтін.  Бірін-бірі  жеңе 
алмай,  ит  жығыс  боп  алысып-жұлысып  жүргендері  оларға  тиімді  еді.  Оның  үстіне 


 
86 
Әбілқайырға үш мың әскер беретін Орынбор губернаторының халі де жоқ. Орыс патшалығы 
өзі үлкен соғыс жүргізіп жатқанда, қазақтың хандық таласына үш мың әскер қайдан берсін. 
Бірақ ол шу дегеннен «бермеймін» демеді. 
 
— Ал екінші тілегіңіз не? — деді Неплюев, — не болса да екеуін де естиік... 
 
— Екінші тілегім: ортаншы ұлым Қожахмет сіздердің қолыңызда аманат болып тұрғалы 
жеті  жылдан  асып  барады.  Шешесі  сағындым  деп  әбден  мазамды  алып  жүр.  Енді 
Қожахметті босатып, оның орнына кіші ұлым Шыңғысты аманатқа алсаңыздар. 
 
— Шыңғыс қай әйеліңізден туып еді? 
 
— Қарақыз ханымнан. 
 
— Е... е... 
 
Әбілқайырдың ортаншы бәйбішесінен туған Қожахметті жақсы көретінін, оны өзіне қырғи 
қабақ  бола  бастаған  Жағалбайлы  руына  қарсы  пайдаланғысы  келетінін  бұрын  Нұралыдан 
естіген-ді. Бәлендей баурына тартып өзіне жақын ұстап көрмеген, тоқалдан туған Шыңғысты 
аманатқа бергенінен — бермегенінің өзі жақсы емес пе? 
 
Әбілқайырдың  түпкі  ойларын  түсінген  Неплюев  енді  оның  өтініштеріне  тікелей  жауап 
беруге кірісті. 
 
— Әбілқайыр хан, — деді ол жылы сөйлеген боп, — Сіздің Россия патшасының алдында 
еңбегіңіз көп. Сіз бірінші боп қазақ елін Россияға бағындырам деп бірталай әрекет істедіңіз. 
Сол  еңбектеріңіз  үшін,  жай  уақытта  болса,  екі  тілегіңіздің  екеуін  де  орындар  едік.  Ал  қазір 
бұл өтініштеріңді орындайтын мүмкіндігіміз жоқ... 
 
— Қалайша? 
 
— Қазір Россия үлкен соғыс үстінде. Әр солдат есепте. Мұндай  жағдайда қазақтың екі 
ханы бірін-бірі мұқату үшін Елизавета Петровна үш мың солдат бере алмайды. Әрине, қазақ 
даласында  Россияға  жамандық  келтірердей  шын  қиын  жағдай  туып  тұрса,  онда  бір  сәрі... 
Үш мыңнан да көп солдат табуға болады... 
 
Неплюев  ақырғы  сөзімен  Әбілқайырдың  қомақтап  айтқан  себептерін  жоққа  шығарды. 
Бұны ұққан Әбілқайыр: 
 
— Бәрі түсінікті, — деді қабағын сәл шытып, — ал Қожахмет жайында не айтасыз? 
 
—  Бұл  ойланатын  мәселе.  Түбі  мәртебелі  Россия  патшасы  Елизавета  Петровнаға  хат 
жазу қажет шығар. Аманатты ауыстыру үшін патша ағзамның указы керек... 
 
— Солай деңіз. 
 
— Ал енді үшінші тілегіңізді айтыңыз. 
 
Әбілқайыр  қаншама  өзін-өзі  ұстағысы  келгенмен  де,  тамағына  тығыла  қалған  ашуын 
баса алмады. 
 
— Үшінші тілегім. Көптен бері Қалден Церен менің қарындасым Қарашашты сұрап жүр 
еді,  —  деді  даусы  сәл  қырылдап  шығып.  —  Біздің  ойымыз  Қалден  Церенді  өшіктіре 
бермеу...  Артымда  бәлендей  сүйенер  тірегім  болмағандықтан,  Жоңғар  қонтайшысымен 
үнемі жауласа беруден пайда шықпас деймін. Мәртебелі Елизавета Петровна бұған қарсы 
болмас. 
 
«әһе,  —  деді  ішінен  Неплюев,  —  тырнағыңды  сен  де  көрсете  бастадың  ба?  Бұның: 
сендер мені қолдағыларың келмесе, мен былай шығам, — деген қоқан-лоқың ғой... Қарайық 
бұдан не табар екенсің?». 
 
— Жоңғар тайпасымен Бірінші Петр патшаның кезінен достық бітіміміз бар. Бізбен дос 
елмен  достасамын  дегенің  теріс  емес,  —  Әбілқайыр  Неплюевтің  кекетіп,  не  шынын  айтып 
тұрғанын  түсінбейді.  Жайбарақат  пішінмен  генералдың  бетіне  қарап  еді,  қатып  қалған  тас 
мүсін тәрізді, шикіл сары бетінің бір тамыры бүлк еткен жоқ. Неплюев сөзін жалғай түсті, — 
әйткенмен сәл қоя тұралық, арғы күнгі келіс сөзден не шығар екен, соны күтіңіз. Қыз болса 
күйеу табылар... 
 
Әбілқайыр бұл өтінішімен де ештеңе ұтпағанын сезді. Өкпелеймін деп бір сырын ашып 
алғанына өзі де өкінді. Сөйтсе де бұл ойын Неплюев Нұралы арқылы бұрыннан да білетіні 
есіне  түсіп,  «оқасы  жоқ,  ең  болмаса  менің  бұлардан  жасырын  ісімнің  жоқ  екенін  ұқты  ғой, 
бұған да шүкір» деп далбасалады. 
 
Нұралы туралы сөзді енді Неплюевтің өзі қозғады. 
 
— Өзге балаларыңызға қарағанда, Нұралы қазіргі жағдайды анағұрлым жақсы түсінеді, 
— деді генерал. — Сіз ол туралы бұрынғы пікіріңіздемісіз? 
 
Әбілқайырдың  зығырданы  қайнады.  Нұралы  туралы  әкесінен  бұрын  Неплюевтің  сөз 
қозғауы оның күдігінің дұрыс екенін анықтады. Сонда да сыр бермей: 


 
87 
 
—  Нұралы  менің  тірегім,  менің  ісімнің  жалғаушысы,  —  деді.  —  Ол  туралы  ойымды 
өзгертпеймін. 
 
Неплюев  те  Нұралының  әкесі  жайында  ақпар  беріп  жүретінін  Әбілқайырдың  білетінін 
түсінді. Бірақ оның сөзін бөлген жоқ. Хан сәл ойланды да: 
 
—  Жаман  айтпай  жақсы  жоқ,  мен  алда-жалда  қаза  таба  қалсам,  ақ  патшадан  жалғыз 
тілегім: менің орныма Кіші жүздің ханы етіп Нұралыны бекітсін. 
 
— Бұл тілегіңізді патша ағзам мақұлдар деймін, — Неплюевтің лып етіп  көне қалғанына 
Әбілқайыр  іштей  қатты  ренжіді.  «Осы  иттер  менің  тез  өлгенімді  күтіп  жүр  ме,  қалай?» 
Неплюев те өзінің тым тез жауап бергенін сезді. Ол күліп: 
 
— Бірақ, сіз әлі ұзақ жасайсыз. Нұралы қанша жақсы болғанымен сіздің жолыңыз бөлек. 
Россия өзінің адал достарынан айрылғысы келмейді. 
 
Неплюевтің  бұл  сөзді  саясат  үшін  айтып  келе  жатқанын  түсініп  тұрса  да,      хан  көңілі 
көтеріліп қалды. Жылы сөзге кім жібімесін: 
 
— Иә, Нұралы жақсы хан болуы мүмкін... 
 
—  Нұралының  тағы  бір  артықшылығы  —  ол  Қарақалпақ  елімен  жақсы.  Тіпті  бір  рет 
қарақалпақтарды  өзіңіз  шаппақшы  болғаныңызда  оларға  араша    түсіпті.  Нұралыны 
қарақалпақтар сыйлайды. Ал бізге қазір олардың Россия қол астына кіргені шарт. Өйткені, 
Хиуаны Россияға қарату үшін, орта жолдағы Қарақалпақ жерінен өтуіміз керек. 
 
— Сөз жоқ, қарақалпақтарды Россияға қаратуда Нұралы таптырмайтын адам. Ал бірақ 
Хиуа  туралы  оның  өз  ойы  бар...  Нұралы  жақында  Хиуадан  қайтты.  Ондағы  бар  жағдайды 
көзімен көріп келді. Егер маған әскер берсеңдер, өзім барып Хиуаны Надир шахтың қойған 
адамынан тартып аламын дейді. 
 
«Әбілқайыр қулықпен орыс әскерлерін тағы қолына түсіргісі келіп тұр-ау» деп тұжырған 
Неплюев; 
 
— Қандай әскерді айтады Нұралы сұлтан? — деді елең етіп. 
 
—  әңгіме  қазақ  әскерлері  жайында.  Хиуаға  орыс  әскерін  енгізудің  керегі  жоқ.  Діншіл 
жұрт,  кәпір  әскері  келді  деп,  бүкіл  халқы  боп  қарсы  тұруы  мүмкін.  Ал  қазақ  жауынгерлері 
оларға өз қосындарымен бірдей. Хиуаны біздің бабаларымыз бұрын да талай алған. Әрине, 
басып  кірген  Қызылбас  елінің  патшасы  Надир  шахтан  көрі  қазақ  сұлтаны  Нұралыны 
жергілікті ел құшағын жая қарсы алады. 
 
— Бұл еске алатын жәйт екен, — деді Неплюев ойлана, — бірақ дәл қазір Надир шахқа 
қарсы  соғыс  ашу  мүмкін  бе?  Россия  жеті  жылдан  бері  Түркиямен  соғысып  жатыр.  Азов 
төңірегінде  жеңгенмен,  Очаковоны  алғанмен,  біз  әлі  түріктерді  мүлдем  тізе  бүктірген 
жоқпыз. Оның үстіне Персиямен соғыс ашсақ... 
 
— Сіздер емес. Хиуадағы Надир шах әскерімен біз соғысамыз ғой. «Надир шах туралы 
әңгімені бұл неге бастады, деп ойлады Неплюев, — бізді тағы бір үлкен соғысқа арандатпақ 
қой. Сөйтіп лай суға қармақ сап, пайда таппақ...» 
 
— «Біз» дегеніңіз кім? Кіші жүз хандығын айтасыз ба? әлде сіз, Әбілқайыр мырза, Кіші 
жүздің  Россия  қол  астындағы  ел  екенін  білмейсіз  бе?  Сіз  білмегенмен  мұны  Надир  шах 
жақсы түсінеді ғой. Хиуа мен Үргенішті алған Надир шах енді қазақ жеріне кірмек болғанда, 
кім тоқтатып еді оны? Сіз бе? әлде Ұлы Россия патшасы ма? Жоқ, мұндай елмен қазір соғыс 
ашудың  қажеті  болмас.  Ал  соғыс  аша  қалар  жағдай  туса,  бұған  Петербургтың  рұқсаты 
керек. Онсыз қимылдауға қақымыз жоқ. 
 
Әбілқайыр ақырын басын изеді, Россия қол астына еніп, Жоңғардан аман қалғаны үшін, 
Әбілқайыр өзінің билігін құрбан етті. Енді ол бұрынғыдай қалаған уақытында сау етіп Хиуа 
қақпасының  алдына  бара  алмайды.  Оған  Россия  патшасының  рұқсаты  керек!  Иә,  мұндай 
бағыныштылыққа болашақ ұрпақтары қалай қарар екен? 
 
—  Жөн  екен  айтқаныңыз,  губернатор  мырза,  —  деді  Әбілқайыр  сыр  бермей  — 
Петербург не айтады, соны күтейік. Надир шахтың әскері Хиуаны бүгін-ертең тастап кеткелі 
тұрған жоқ қой. Әлі уақыт бар... 
 
Неплюев  Әбілқайырдың  көңілі  жүдеп  қалғанын  білсе  де,  оны  жұбатқысы  келмеді. 
«Қанша  дегенмен  де  бізге  бағынышты  адам  ғой.  Бәрібір,  бүгін  болмаса,  ертең  осылай 
сөйлесуге тура келеді, еті үйрене берсін» деді генерал ішінен. 
 
—  Бірімізбен  біріміз  ұғынысып  алғанымыз  қандай  жақсы  болды,  —  деді  Неплюев, 
қалтасынан  шынжырлы  алтын  сағатын  алып.  —  Біраз  уақыт  болып  қалыпты.  Қалған 
шаруаны ертең кеңесте талқылармыз. Қайталық. Әлі маған Жәнібек мырзамен де ақылдасу 
керек. 


 
88 
 
Әбілқайыр бұған елең ете қалды, бірақ үндеген жоқ. 
 
Арғынның  бір  тарауы  Шақшақтан  шыққан  Қошқарұлы  Жәнібек  «Ақтабан  шұбырынды» 
басталып,  Абылайдың  атағы  үш  жүзге  тарағанға  шейін,  Орта  жүздің  ықпалды,  ең  әйгілі 
адамының бірі еді. Әбілқайырдың қарындасына үйленгеннен бері, ол Кіші жүз ханының оң 
қолына  айналған,  Кіші  жүз  ханына  Орта  жүздің  де  кей  руларының  бағынуына  көптеген 
себебі тиген. Егер Әбілқайырдан дабыл шықса, әскерін ертіп ең алдыменен хан ордасына 
жетіп  келетін  осы  Жәнібек.  Сондай  қылықтың  бірі  бір  мың  жеті  жүз  отыз  сегізінші  жылы 
болған. «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын-ақ Жайық пен Еділ арасындағы жер үшін таласып 
келген  Еділ  қалмақтары  Кіші  жүздің  Жоңғар  әскерінен  күйреп  Россия  патшалығының 
қанатының  астына  әлі  кіре  алмай  жүрген  шағында,  аулын  шауып  малдарын  айдап  әкетіп, 
маза  бермеген.  Жайықтың  арғы  бетінен  жайылым  бер  деген  Әбілқайырға  Еділ 
қалмақтарының  сол  кездегі  ханы  Дондук  Омба  «әлі  өз  жеріңнен  айырылып  қалма»  деп 
жауап  қайырған.  Әбілқайыр  «жыланның  үш  кессе  де  кесерткелік  әлі  бар,  Қалден  Церенге 
күшім жетпесе де, дәл саған күшім жетер, Дондук Омба» деп жиырма екі мың сойылмен екі 
қол  болып  Еділ  бойындағы  қалмақтарға  қарсы  аттанған.  Соның  бір  қолын,  он  мың 
сарбаздан құрылған Орта жүз әскерін осы Жәнібек батыр басқарып барған. Әбілқайырдың 
осы  екі  қолы  Еділ  жағасындағы  Қызылжар  деген  жерде  Қалмақ  әскерімен  кездескен. 
Қазақтардың  келе  жатқанынан  хабарсыз  отырған  Қалмақ  әскерін  Әбілқайыр  мен  Жәнібек 
осы  жолы  қан-жоса  етіп  жеңген.  Көп  ауылдарын  шауып,  мал-мүлкін  талап,  екі  мың 
шаңырағын өздерімен бірге айдап әкелген. Бұл қорлыққа шыдай алмаған Дондук Омба іле-
шала қол жинап, бір мың жеті жүз қырқыншы жылы жиырма мың әскермен қазақ даласына 
аттанбақ  боп  тұрғанда,  Балдан  Норбидың  әкесіне  істеген  опасыздығының  кесірінен  бұл 
жорық болмай қалған. Сонан кейін Орынбор экспедициясының бастығы генерал-лейтенант 
Урусов  екі  елдің  хандарын  шақырып  алып,  кек  алу  мәселесін  тоқтатқан,  Бірақ 
қарамағындағы  елдердің  тату-тәтті  тұруын  көздемейтін  патша  саясатын  мықты  ұстанған 
Орынбор губернаторлары Кіші жүз бен Еділ бойындағы қалмақтардың хандарын түбегейлі 
келісімге  келтірмеген.  Кейде  араларына  шоқ  тастап  та  қоятын.  Осындай  жағдайда 
Әбілқайыр үнемі Жәнібекке арқа сүйеуші еді. 
 
Жәнібек  батырдың  қазақ  руларының  Россия  патшалығының  қол  астына  кіруінде  де 
еңбегі  бар.  Ол  басқа  хан,  сұлтандар  сияқты  Россия  мен  Жоңғар  арасында  ауытқымай, 
бастан аяқ Россияға қосылу жағында болған адам. Сондықтан Орынбор комиссиясының екі 
бірдей  бастығы,  алдымен  белгіленген  Урусов  та,  кейін  оның  орнына  келген  Неплюев  те 
«Жәнібек  батырдың  абыройы  қазақ  еліне  ешбір  ханнан  кем  емес»  деп,  онымен  үнемі 
санасып  отыратын.  Екеуі  де  Анна  Иоанновнадан  Жәнібек  батырға,  Россия  патшасының 
бұратана  ұлттардан  шыққан  еңбегі  сіңген  әскери  адамдарына  берілетін  тархан  атағын 
сұраған. Бұны Әбілқайыр да қолдаған. 
 
Жәнібектің көптен аңсап күткен сол атағы жайлы патша указы кеше ғана келіп еді. Бұны 
әзірше  Неплюевтен  басқа  жан  білмейді.  Ол  бұл  указды  губернатор  кеңесі  біткеннен  кейін 
қонақтарын  тағы  жинап,  солардың  көзінше  оқымақ,  адал  қызмет  істейтін  адамды  Россия 
патшасы қалай жоғары бағалайтынын айтып, мақтап өтпек. 
 
Жәнібектің аты аталған шақта Әбілқайырдың әлденеге секем алғанын  аңғарып қалған 
Неплюев: 
 
—  Жәнібек  батырды  мен  сіздің  жекжатыңыз  ғана  емес,  одақтас  досыңыз  деп 
қадірлеймін, — деді. 
 
— Оған шек келтірмеңіз. 
 
— Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан келе жатып, кейін қайтып кетті. Ал 
Орта  жүзден  келген  басқа  ақсақал  би,  батырлар  көп.  Біреу  соларды  басқармаса,  біздің 
кеңесіміз Орта жүздің пікірінсіз өтеді. Мұндай мәжіліске олардың қатысқаны жөн. 
 
— әлбетте. 
 
— Оның үстіне Жоңғар елшілері Орта жүз өз тағдырын Әбілмәмбет пен Абылайсыз да 
шеше алатынын көрсін. 
 
—  Дұрыс  айтасыз,  генерал  мырза,  —  деді  бұл  шешімге  қуанып  қалған  Әбілқайыр,  — 
менің  де  айтып  жүргенім  осы  ғой.  Орта  жүздің  тағдырын  тек  Әбілмәмбетке  беріп  қоюға 
болмайды. Жас болса да қазір билік Абылайға көшіп бара жатқан секілді... 
 
Бұл  жолы  Неплюев  пен  Әбілқайырдың  ойы  бір  жерден  шықты.  Орта  жүз  елінің  ішінен 
Әбілмәмбет пен Абылайға қарсы қоюға жарайтын бір адам болса — ол Шақшақ Қошқарұлы 
Жәнібек батыр. 


 
89 
 
Әбілқайыр  мен  Неплюев  стол  басына  қайта  келгенде,  жұрт  азан-қазан  екен.  Хан  мен 
генерал  жоқ  деп,  ешкім  күтіп  отырмапты.  Арақ,  шарапқа  тойғаны  мас  боп,  көгал  үстінде 
қорылдап ұйықтап жатыр. Көпшілігі арақ араластырған сары қымызға лықия тойып ап, шеке 
тамырлары  білеудей  боп  жапанды  жалпағынан  басып,  гу-гу  етеді.  Орыс  офицерлері  де 
есесін  жібермеген  тәрізді.  Орыспын,  қазақпын  демей,  бірін-бірі  құшақтап,  әлденені  айтып, 
қарқылдап күліседі... 
 
Жұрттың мұндай күйін көрген Неплюев қонақтарын дастарқан басына бұдан ары ұстауға 
қорықты. Мас болып қалған біреуі әлдеқалай шатақ шығармай тұрғанында, бұл жиынды дер 
кезінде таратуды жөн көрді. 
 
Ол арақ толы бокалын қолына алып: 
 
—  Құрметті  қонақтарым,  мен  соңғы  тосты  сіздердің  құрметтеріңізге  ішемін,  —  деді. 
Сосын  үлкен  бокалдағы  арақты  аяғына  дейін  қағып  салды.  «Браво!  Браво!»  деген 
офицерлердің  айқайы  естілді.  —  Келгендеріңе  көп  рақмет!  Бүгінгі  бас  қосуымыз  осымен 
бітсін. Таңертең сағат онда ресми мәжілісіміз басталады. 
 
— Көп рақмет! 
 
— Көп жаса, генерал мырза! 
 
—  Бір  бас  қосып  қалдық  қой...  —  деген  сөздермен  жұрт  опыр-топыр  түрегеліп,  тарай 
бастады... 
 
Жиырма  үшінші  август  күні  басталған  мәжіліс  жетінші  сентябрьге  дейін  созылды. 
Жоңғар  елшілері  қатынасып  отырғандықтан,  ең  күрделі  мәселе  Россия  қол  астына  қазақ 
елінің  кіргендігін  Жоңғар  хандығының  мойындауы  еді.  Сол  себептен  кеңестің  біраз  күні 
Россия,  Жоңғария  және  Қазақ  елі  арасында  қандай  байланыстар,  келісімдер  болатынын 
анықтауға  кетті.  Россия  патшасының  өкілдері  Жоңғар  елшілерінің  қазақ  жеріне  не  үшін 
келгендерін, қандай талап қоятындарын білгісі келді. Оған Кошка мен Бұрун: 
 
— Қазақ елі біздің Қытаймен ұзақ уақыттар бойы соғысып жатқанымызды пайдаланып, 
талай  шапты.  Сол  үшін  біз  олардың  көп  жерін  басып  алдық.  Қазақ  елі  енді  бізге  салық 
төлеуге, аманат беруге тиісті, — деген пікір айтты. 
 
Оған Неплюев: 
 
—  Біздің  қол  астымыздағы  елдің  бөтен  жұртқа  салық  төлеуі  не  аманат  беруі  Россия 
империясының заңына қайшы келеді, — деген жауап қайырды. 
 
—  Біздің  қастарымыз арамызға  қандай  от  жақса  да,  қазақ  елі  қолына  құран  алып,  Ұлы 
Россия  патшасына  берген  антында  тұрады,  —  десті  Орта  жүз  бен  Кіші  жүздің  атынан 
сөйлеген Әбілқайыр мен Жәнібек, — Россиямен мәңгі біргеміз. Ал Жоңғар елін шапсақ, ол 
ғасырлар бойы бітпей келе жатқан арамыздағы ұрыстың жалғасы еді. Егер Жоңғар елі бізге 
тыныштық  беретін  болса,  біз  де  оларға  қол  көтермеуге,  ұлы  мәртебелі  губернатордың 
алдында уәде етеміз. 
 
— Қазақ хандары жаратылғалы уәделерін орындап көрген жоқ, — деді Жоңғар елшілері, 
— бұл біз талай естіген көкек әні, антын ертең-ақ бұзады. 
 
— Бұл жолы олардың антын бұзбайтынына біз кепілміз, — деді Неплюев. 
 
— Олай болса, біздің ұлы қонтайшымыз Қалден Церенге елші жіберіңдер, — деді Кошка 
мен Бұрун, — қалған келісім сөзді сонда бітірелік... 
 
Осылай келісті, бірақ Жоңғар елшілері бірден жүріп кетпеді. Олар үш жүздің ақсақал биі, 
батыры  қолдарына  құран  ұстап:  «Россия  қол  астына  кірдік»  деп    губернатор  алдында  ант 
бергенін  көздерімен  көрді.  «Игі  жақсыларға»  рақмет  айтып,  әсіресе  Ұлы  жүздің 
басшыларына  ризашылығын  білдіріп  сөйлеген    Неплюевтің  сөзін  естіді.  Бұл  Жоңғарларға 
қатты  батты.  Өйткені  Жетісу  олар  үшін  Жоңғар  қонтайшысы  басып  алған  өлке  боп 
саналатын. Ұлы жүз бұл кезге дейін қонтайшысына салық төлеп, аманатын беріп келген. 
 
Орыс  патшасының  қазақ  жеріне  ішкерілеп  кіре  бастағанын  көрген  Жоңғар  елшілері, 
өздерімен одақтас Қарақалпақ батырларын ертіп, дым бітіре алмай, елдеріне қайтып кетті. 
 
Бұлар  кеткеннен  кейін  Неплюев  тағы  екі  мәселе  қарады,  бірі  Орта  жүз  бен  Кіші  жүз 
хандарының  арасындағы  қайшылық  болса,  екінші  Еділ  қалмақтары  мен  қазақ  елінің 
арасындағы өшпей келе жатқан қастық еді. 
 
Қазақ  хандарының  өзара  жау  болуы  Россияға  қаншама  тиімді  болғаныменен  де, 
Әбілқайырды біржолата шошытып алмайын деп, Неплюев оған «қандай қиын істі болса да 
татулықпен  шешуге  тырыс»  деп  ақыл  берді.  Оның  үстіне  Әбілқайырға  өз  қарамағындағы 
орыс қарашекпендерімен жақынырақ отыру үшін, Елек пен Берді өзендерінің бойында көшіп 
жүруге рұқсат етті. Бұл соңынан қазақ еліне деген үлкен жақсылық боп табылды. Осы арада 


 
90 
Кіші  жүздің  ең  алғашқы  егінші  жұрты  пайда  болды.  Ал  ханның  өзіне  «орыс  бекіністерінің 
қайсысына  болса  да  кіріп  жүруге  еріктісің»  деді.  Сондай-ақ  Кіші  жүздің  ханын  қазынаның 
астығымен қамтамасыз етуді орыс әкімшілігі өз міндетіне алды. Неплюев осы болмашы істің 
бәрін  патша  ағзамның  Әбілқайырға  ерекше  көрсеткен  құрметі  деп  ұғындырды.  Бұның  бәрі 
жылаған  баланың  қолына  бір  үзім  нан  ұстатқанмен  бірдей,  Орынбор  губернаторының 
шығарып салма саясаты екенін Әбілқайыр түсінсе де, қарсы ештеңе айта алмады. 
 
Еділ  қалмақтары  мен  қазақ  елінің  таласын  да  Неплюев  оңай  шешті.  Дос- 
тастырып,  бірімен  бірі  қарым-қатынасын  жөндеп,  ел  боп  араласып  тұратын  келісімге 
келтірудің  орнына,  «Еділ  қалмақтары,  сен  Жайықтың  бергі  бетіне  өтпе,  ал  қазақ  елі,  сен 
Жайықтың  арғы  жағасына  шықпа»  деп  үкім  айтты.  «Тұтқындарымызды  қайтарып  берсін» 
деген Еділ қалмақтарының өтінішіне, Жәнібек: «оларды қайтару мүмкін емес, біз сол жылы-
ақ  қалмақ  тұтқындарын  Хиуа,  Бұхар  базарларына  сатып  жібергенбіз»  —  дегеннен  кейін, 
Неплюев бұл мәселені соңынан қарамақ болды. Осылай тынымды ештеңе өндіре алмаған 
Еділ қалмақтарының елшісі де іштей тынып еліне жүріп кетті. 
 
Бұл мәжілісте тікелей өз басына олжа тапқан тек Жәнібек болды. 
 
Келісім сөз қызу жүріп жатқан кезде, қалт еткен бір үзілісте Неплюев қонақтардың басты 
адамдарын 
өзінің 
шатырына 
жинап, 
қазақтың, 
қалмақтың, 
баш- 
құрттың  сұлтандары  мен  батырларының  алдында  тамаша  бір  шабытты  үнмен  Елизавета 
Петровнаның указын оқып шықты. 
 
Бұл  указда  патша  азғамға  көрсеткен  адал  қызметі  үшін  Жәнібекке  қырғыз-қазақ 
халқының бірінші тарханы деген атақ берілді. (Бұл Россиядағы фельдмаршал дәрежесімен 
тең  еді).  Егер  патша  ағзамға  адал  қызмет  істесе,  тархан  атағы  оның  балаларына, 
ұрпақтарына дейін мирас етіледі делінген. 
 
Указды  оқып  шыққаннан  кейін  жаңа  тарханның  құрметіне  барабан  соғылып, 
зеңбіректерден салют берілді. 
 
Қошамет көрсеткен жұрт гуілдесіп кетті. 
 
— Уа, Шақшақ, атың бәйгеден келді! 
 
— Даңқың аса берсін, Жәнібек! 
 
— Тархан дегені хан дегені ме екен? Қарадан да хан шығады екен-ау! 
 
— Шап ауылға, сүйінші сұра! 
 
— Уа, Арғын атам, бір көтердің ғой аруағымды! — десіп, бүкіл дала шуға толып кетті. 
 
Тархан? Бұл қай халықтың тіліндегі сөз. Дәрежесі қандай болмақ? Жәнібекке бұл атты 
сұрағалы  қашан!  Патша  ағзам  указын  әне  берем,  міне  берем  деп,  Жәнібектің  алдына оны 
қызыл  түлкінің  құйрығындай  бұлаңдатты  да  қойды.  Ақыры  берді-ау  әйтеуір.  Бұрын  өзі 
тілектес  боп  жүрген  Әбілқайырдың  қиялы  қазір  алай-түлей.  Бұл  не?  Қызғаншақтық,  әлде 
көре  алмастық  па?  Ағайынды  екі  адам  бәйгеге  ат  қосып,  ағасының  аты  келсе,  қызғаншақ 
болса,  інісінің  жаны  күйінеді.  Бұ  да  сондай  бірдеңе...  Әйтпесе  Әбілқайырға  Жәнібектен 
жақын кім бар? Туған балалары да ханға бұдан артық жақсылық ойлаған емес. 
 
Жәнібекке  тархан  аты  берілгенде  шаттанғандары  көп,  жанына  қызғаныш  шоғы  түсіп, 
күндестік  сезім  билегендер  де  аз  емес.  Ондайлар  құр  күлген,  қуанған  болады.  Бірақ, 
көздерінде ызғар, еріндерінде кекесін ізі байқалады. 
 
Ал, Неплюевтің өз есебі өзінде, «Бала секілді, бұлардың қуануы да, ренжуі де оп-оңай. 
Мұндай  елді  басқару  қиынға  түспейді.  Егер  біреуді  мерт  еткің  келсе,  өзгеден  оның 
дәрежесін жоғары көтере қойсаң болғаны». 
 
... Жалпы келіссөздер бітіп, қонақтар тарқардан бір күн бұрын Неплюев Құдабайды тағы 
шақырды. 
 
— Әбілқайыр хан көптен бері Сырдарияның етегіндегі құлап қалған көне  қала Жанкентті 
қайтадан жөндеуді сұрап жүргенін білесің бе? — деді. 
 
 
— Білем... 
 
— Не үшін екенін де білесің бе? 
 
— Мүмкін Жоңғарға таяу тұрғысы келетін шығар. 
 
Қу  тілмаш  осылай  деп  губернатордың  бетіне  күлімсірей  қарады.  Губернатормен  соңғы 
кездерде жиі кездесіп жүрген тілмаш Неплюевтің ызғарлы түріне де, орынсыз айқайына да 
үйреніп алған-ды. 
 
Неплюев өз ойын онан ары сабақтады. 
 
—  Ол  күйреп  қалған  қаланы  қайта  тұрғызу  үшін,  қанша  қаржы  керек  екенін  білуге 
геодезистер жіберуге тиістіміз. Жақында хан ордасына прапорщик-геодезист Илья Муравин 


 
91 
барады.  —  Неплюев  Құдабайға  түксие  қарады.  —  Оның  қызметі  тек  көне  қаланың  орнын 
зерттеу ғана болмайды. Бар хабарды соған жеткізіп тұрасың... 
 
— Құп, тақсыр, сеніміңізді ақтауға бармын. 
 
—  Әбілқайыр  Муравинді  өзіне  патша  үкіметінің  атынан  келген  кеңесші  деп  санайды. 
Солай  деп  онымен  келісілген.  —  Генерал  күлімсіреген  болды.  —  Кеңесші  тілмаш  емес, 
ханның  ішінде  не  жатқанын  да  біліп  тұруға  міндетті.  Ал  осы  прапорщик  барғанша  оның 
міндеті саған жүктеледі... 
 
Неплюевтің  өзіне  сенбей  Муравинді  жіберіп  отырғанына  іштей  наразы  болып  қалған 
Құдабай: 
 
— Ол міндетті мен бұрын да атқарып келе жатқан жоқ па едім? — деді төмен қарап. — 
Және жаман да атқармаған секілді едім. 
 
Неплюев өз тыңшысының көңілін тақа жүдеткісі келмеді. 
 
—  Сен  жаман  жұмыс  істеп  жүрген  жоқсың.  Адал  еңбегің  үшін  дәрежеден  де  құр 
қалмассың... Прапорщиктен саған келер зиян жоқ. Бар! 
 
— Құп, тақсыр. 
 
Жарты  сағаттан  кейін  Құдабай  Әбілқайырдан  көптен  бері  қолы  жетпей  жүрген  сусар 
бөрік пен оқалы шапан киді. Бірақ хан одан жақында өзінің Ордасына Жанкентті тексеруге 
прапорщик Муравин келетінін, ал оның негізгі қызметі ханды аңду екенін білді. Ал сол күні 
түнде  Неплюев  Петербургке,  сыртқы  істер  коллегиясына:  «Әбілқайыр  туған  баласын 
аманатқа  беріп  отырып,  Россияға  қарсы  шыға  алмайды,  бірақ  оған  сенуге  де  болмайды, 
өйткені ол екі жүзді және тәкаппар адам» деп хат жазды. 
 
...  Ал  бұл  кезде  Әбілқайырдың  орыс  патшасының  алдында  тек  өзім  ғана  адал  болып 
көрінсем  деген  саясатының  арқасында,  Россия  әкімдеріне  өкпелеген  Орта  жүз  ханы 
Әбілмәмбет  Түркістан  шаһары  мен  оның  төңірегіндегі  Қарнақ,  Сукент,  Сауран,  Сығанақ 
секілді тағы отыз екі қаланы қайтарып берем деген Жоңғар қонтайшысының сөзіне сеніп, бір 
мың жеті жүз қырық екінші жылы Боқыраудың басында Қалден Церенге аманат етіп, өзінің 
кіші баласы әбілфейізді жіберді. Кешегі жауына бас иген бұл қылығын ол бір жағынан, осы 
кезде Жоңғар қонтайшысының қолына тұтқынға түскен Абылай сұлтанды босатып алу үшін 
істеген боп көрінді. 
 
Бұрын өзіне қарсы кеп, әр басқан адымын аңдып отырған Орта жүз ханының өз жағына 
шығатын  құлқынын  сезген  Қалден  Церен  қырық  бесінші  жылы  орыс  бекіністері  мен  қазақ 
жерінің  іргелеріне  жиырма  мың  қарулы  әскері  мен    жол  салуға  арналған  жеті  мыңдай 
адамын  әкеп  қойды.  Бұның  бәрі  бүгін  болмаса,  ертең  қазақ  жерінің  дәл  ортасына  басып 
кірудің  дайындығы  еді.  Үлкен  айқас  басталғанша  олар  жақын  тұрған  қазақ  ауылдарын 
дүркін-дүркін шауып, мазасын ала берді. 
 
Мұндай  қиын  жағдайда  Орынбор  әкімдерінің  алдында  екі  түрлі  міндет  тұрды.  Бірі,  осы 
уақытқа  дейін  қазақ  даласынан  жырып  алған  жерлерін,  салған  бекіністерін  сақтап  қалу 
болса, екіншісі, қазақ даласына Жоңғар әскерін кіргізбеу. 
 
Бұнымен қатар Орынбор губернаторы Кіші жүздің еліне Жайық өзенінің арғы бетіне мал 
жаюды  тоқтатуды  бұйырды,  Жайық  пен  Еділдің  ортасында  бұрыннан  көшіп  жүрген  кейбір 
рулар енді бұл араны тастап, Жайықтың бергі бетіне қуып шығарылсын деді. Ал бұған қазақ 
ауылдары  көнбейтіндей  ниет  көрсетсе,  осы  маңдағы  казак-орыстардың  қарулы  күштерінің 
бас  қолбасшысы  подполковник  Ртищевке  қалмақтың  қарулы  әскерлерін  қазақтарға  қарсы 
қолдануына  рұқсат  етілді.  Және  қалмақтарға  қазақтардан  талап  алған  мал-мүлік,  тартып 
алған  жерінің  бәрі  өздерінің  қарамағында  қалатынын  айтты.  Ал  бұндай  шараларға  көнбей 
қарсылық  істейтін  қазақ  ауылдарының  басшыларын,  сенат  өзінің  бір  мың  жеті  жүз  қырық 
төртінші  жылғы  бесінші  марттағы  указы  бойынша  «ұстап  алып,  Орынбордағы  Роговик, 
Сібірдегі Нерчинскийдің күміс шығаратын заводтарына жер аударылсын» деп жарлық етті. 
Бұл  шара  аз  болғандай,  бір  мың  жеті  жүз  қырық  жетінші  жылы  Сыртқы  істер  коллегиясы 
қазақ елі Жайық өзенінің оң жағына малдарын айдамас үшін, бұл өзеннің сол жағасы Каспий 
теңізіне  дейін  күзді  күні  өртелсін  деп  бұйырды.  Бұнымен  қатар  орыс  бекіністерін  қазақ 
ереуілшілерінен  сақтау  үшін  қазақ  жеріне  қарулы  әскер  шығаруға  указ  берді.  Бұл  указ 
бойынша,  қарулы  әскер  қызметін  Жайық  бойының  казак-орыстарына  міндеттеді.  Оларға 
қазақтардың жылқыларын ғана айдап алу емес, өздерін де тұтқын етіп, жер аударуға рұқсат 
етілді.  «Шаш  ал  десе  бас  алатын»  казак-орыстар  енді  ойларына  келгенін  істеуге  еркіндік 
алды. 


 
92 
 
Мұндай  жағдай  тек  қана  Жайық  бойында  емес,  Сібір  губернаторының  қарамағындағы 
қазақтарға да қарсы пайдалануға бұйырылды. 
 
Бұл  қысым  жалғыз  қазақ  кедейлеріне  ғана  емес,  жақында  ғана  кеп,  жаңа  жерге  қоныс 
тепкен  орыс  шаруаларына  да  түсті.  Патша  қанауына  шыдай  алмаған  бұқара  арасында 
Пугачев  бастаған  көтеріліс  белгі  бере  бастады.  Бұған  қазақ,  башқұрт  секілді  ұлттардың 
кедей тобы да қосылды. 
 
Неплюев қазақ елі мен патша үкіметінің арасындағы қырғи-қабақтықты бәсеңдетудің бір 
айласы  бітім  сөз  жүргізумен  қатар,  қазақ  даласымен  сауда-саттықты  кеңейте  түсуде  деп 
ойлады. Ол, тіпті, бір мың жеті жүз қырық жетінші жылы Сыртқы істер коллегиясына берген 
рапортында:  «Бұл  халықты  құр  қорқытумен  ғана  емес,  көбірек  сауда-саттық  секілді 
жақсылық  істер  арқылы  да  бағындыру  жолын  ойлауымыз  керек»  деп  жазды.  Егер  бұған 
қазақ  елі  көнбейтін  болса,  оларды  күшпен  бағындыру  үшін,  өзіне  және  Ойыл  жолындағы 
әскердің  бастығы  генерал-майор  Штокманға  Жайық  қазақ-орыстарынан  екі  мың,  Орынбор 
мен Ор бекіністеріндегі әскерден бес мың солдат берілуін сұраған. Түбі бұл әскер аз бола 
қалса,  тағы  қалмақ,  башқұрт,  шоқынған  татарлар  мен  мешерлер  секілді  Россия 
патшалығына  бағынышты  бұратана  ұлттардан  он  мыңға  тарта  қарулы  адам  қосылсын 
деген. Әрине, осыншама әскерді Неплюев неге сұрап отырғаны Сыртқы істер коллегиясына 
да айқын еді. 
 
Осындай жағдайда қазақ елінің өз тәуелсіздігін сақтап қалуы екіталай шаруа. 
 
Бір жағынан жиырма мың әскерін жалақтатып жоңғар қонтайшысы Қалден Церен, екінші 
жағынан  дәл  осындай  әскерін  қазақ  жеріне  кіргізе  бастаған  орыс  патшасы.  Жан  алқымға 
енді келді. Хан мен сұлтандар өздерінің жолын тауып жатты: бірі орыс патшасына қызметке 
кірді,  бірі  Жоңғар  қонтайшысымен  ауыз  жаласпақ  болды.  Ал  қара  халық  ше?  Жерінен, 
бостандығынан айрылуға жақын қалғанын сезіп, жанталасты. 
 
Орыс патшасы арқылы «жұмақ орнатам» деген Әбілқайырдан да, Жоңғар қонтайшысы 
арқылы  тыныштық  әкелем,  атамекен  Түркістаныңды  қайтып  әперем  деген  Әбілмәмбеттен 
де  халық  суий  бастады.  Білегін  сыбанып  жіберіп,  ол  енді  батыр  жігіттерінің  соңына  ерді. 
Орыс  патшасы  салдырған  бекіністерді  шапты,  керуендерін  тонады,  патша  солдатының 
қолынан  бір  шаруа  өлсе,  оның  құнын  екі  есе  қайтаруға  тырысты.  Осылай  Кіші  жүздің  көп 
рулары атқа қонса, Орта жүздің жігіттері де бос қалмады. Әбілмәмбет ханнан көрі, енді олар 
өз  араларынан  шыққан  Баян,  Малайсары,  Бөгенбай,  Бұқарбай,  Олжабай,  Елшібек  секілді 
батырларының жасағы боп, тұс-тұстан Жоңғар қонтайшысының үстемдігіне қарсы шықты. 
 
Орыс  патшалығынан  не  әскер,  не  Жайықтың  арғы  бетінен  жайлы  қоныс,  не  аманатқа 
берген  баласы  Қожахметті  қайтып  ала  алмаған  Әбілқайыр  өзінің    қадірінің  шын  түсе 
бастағанын енді айқын сезінді. Бұл Әбілқайырдың емес, Орынбор губернаторы Неплюевтің 
қатесі  еді.  Әбілқайыр  қазақ  елін  Россияға  қосу  жолындағы  алғашқы  қайраткерлерінің  ең 
табандысы екені даусыз болатын, ел көзінде оның қадірін көтере білу керек еді. 
 
Соңынан  ерген  жұртының  өзінен  алыстай  бастағанын  ұққан  Әбілқайыр  қатты  састы. 
Біресе  қарамағындағы  елді  Орта  Азия  хандарының  жеріне  көшуге,  не  болмаса  Иран 
шахының  қол  астына  кіруге  үгіттеді.  Ондағы  ойы  егер  қазақ    рулары  солай  қарай  ауар 
болса,  орыс  патшасы  қарамағыма  өзіме  керек  әскер  беріп,  қазақ  елін  біріктіруге  тағы 
шақырар  деген  үміт.  Бұдан  да  ештеңе  шықпады.  Қазақ  жұрты  жат  ел  хандарына 
жалынышты болғаннан гөрі, қандай қиындық көрсе де өз жерінде қалғанын артық көрді. Бұл 
бір ерекше өкініш еді. Нәдір шах әскері келмей тұрып, 1744 жылы Әбілқайыр Хиуаны басып 
алған. Соңынан тұрғын елдің бүліншілігі арқылы аз уақыт бұл араға Нұралы да хан болған. 
Нәдір шах мұны да қуып жіберген. Хиуа хандығынан айрылып қалған Әбілқайырдың жүрегін 
өкініш  жегідей  жеген.  Халық  болса  жолын  өзі  тауып  кете  ме  деп  қорыққан  Әбілқайыр, 
сасқанынан орыс патшалығына қарсы қимыл көрсете бастады. Сондай әрекеттің бірі қырық 
жетінші  жылы  болды.  Әбілқайырдың  ақылымен  қазақтың  екі  мықты  қолы  Үйшіктің  төменгі 
жағындағы  мұз  боп  қатып  қалған  Жайық  өзенінің  үстімен  өтіп,  Қызылжар  деген  жерде 
қалмақтардың  ұлысы  мен  орыс  балықшыларының  қалашықтарын  шапты.  Көп  малын, 
табын-табын  жылқыларын  айдап  алды.  Алты  жүзден  астам  қалмақ  пен  орыс  адамдарын 
тұтқын етіп өздерімен бірге әкетті. Осы жылы тағы да қазақтың бес жүз адамнан құрылған 
жасағы  Үйшікті  айнала  өтіп,  үстірт  арқылы  Еділдің  жағасына  шықты.  Тағы  тыныш  жатқан 
жұртты  шауып,  мал-мүліктерін  олжа  етті.  Бірақ  жолай  өздерін  аңдып  жатқан  казак-орыс 
жасағына душар болып, әзер қашып құтылды. Әбілқайыр Россия бекіністеріне қарсы басқа 


 
93 
да жорықтар ұйымдастыра бастады. Әбілқайырдың бұндай қылығын көрген Кіші жүздің кей 
рулары оның маңына қайтадан шоғырлана түсті. 
 
Алайда  Әбілқайыр  Россия  секілді  ұлы  мемлекетті  аз  қолмен  қарсы  шығып,  мұқата 
алмайтынын  жақсы  білетін.  Сол  себептен  де  ол  баласы  Қожахметті  босатып  аламын  ба 
деген үмітпен, тұтқынға түскен орыс адамдарын қайтарып бергізуге бірталай әрекет істеді. 
Бірақ  орыс  әкімдері  оның  бұл  ойын  тағы  теріс  ұқты.  «Бізге  қарсы  әрекеттерінен  ештеңе 
шықпайтынын  білгендіктен,  Әбілқайыр  бұрынғысынан  көрі  жуасыды»  деп  жазды  Неплюев 
Сыртқы істер коллегиясына. 
 
Ал бұл кезде Жоңғармен тіл табам деген Әбілмәмбеттің де басқыншы елмен дос бола 
алмайтынына  көзі  жеткен.  Қалден  Цереннің  бар  көздегені  қазақ  елін  бүтіндей  өзіне 
бағындыру  екенін  Орта  жүздің  ханы  түсінді.  Россия  патшалығы  алдында  Әбілқайырдың 
беделінің түсе бастағанын білген Әбілмәмбет енді орыс әкімдерімен тіл табуға тырысты. 
 
Демек,  орыс  әкімдері  Әбілмәмбеттің  және  оған  ерген  Абылай  секілді  сұлтандардың 
мұндай  ықыласын  пайдаланғысы  келді.  Енді  Орынбор  губернаторы  Неплюев  өзінің  ескі 
әдеті — қазақ хандарын, сұлтандарын бір-біріне айдап салатын әдісіне қайта көшті. Ол енді 
Әбілқайырға  қарсы  Барақ  сұлтанды  пайдалануды  ойлады.  Бұл  кезде  Әбілқайыр  мен 
Барақтың арасы әбден шиеленісіп болған. Осыдан жарты жыл бұрын ғана Барақтың баласы 
Ханбабайдың  Созақты  билеп  тұрған  әкесіне  Хиуадан  Сырдария  арқылы  жіберген  жетпіс 
түйелі  керуенін Әбілқайырдың жасақтары талап алған, осы керуен жайында хабар берген 
Неплюевтің өзі еді. 
 
Бұл  кезде  Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет  Түркістанды  беремін  деп  алдаған  Қалден 
Цереннен 
мүлде 
ат 
құйрығын 
үзген. 
Жоңғар 
қонтайшысының 
шақыр- 
ғанына,  ақсақалдармен  ақылдасып  бармай  қойған.  Бұған  ашуланған  Қалден  Церен 
қолындағы  Әбілмәмбеттің  аманат  баласы  әбілфейізді,  Барақтың  ұлы,  Шағайды  өздеріне 
қайтарып,  қазақ  даласындағы  елшілерін,  саудагерлерінің  бәрін  жинап  алған.  Бұнысы 
Қалден  Цереннің  тағы  соғысамын  дегені  еді.  Бұндай  жағдайда  Орта  жүздің  ханы 
Әбілмәмбет те, батырлары Барақ, Абылай, Жәнібек, Бөгенбай, Күшік те, Кіші жүздің белді 
адамдары Бұғыбай, Бөкембай, Алтай, Тайман, тіпті хан балалары Нұралы, Ералы, Айшуақ 
та  Россия  жағына  шығып,  соны  паналауды  ұйғарған.  Бұны  біреуі  ел  қамын  ойлап  істесе, 
енді біреулері қорыққандығынан мақұлдады. Барақ секілділері Россия патшасына бағынуды 
түпкі ойы ұнатпаса да, басқа лажы болмай, амалсыз көнді. 
 
Бүкіл  Орта  жүз  бен  Кіші  жүз  басшыларының  бұлай  Россия  жағына  күрт  құлауына  тек 
Жоңғар қонтайшысымен араларының қиындап кетуі ғана себеп болған жоқ. Халық бұл кезде 
соғыстан, алыс-жұлыстан әбден шаршаған еді. Енді ол аз уақыт болса да тыныштық іздеп, 
өзінің  азып-тозып  бара  жатқан  шаруасын  жөндегісі  келген.  Мұндай  аласапыран  кезеңде 
халық  тыныштық  тек  орыс  патшалығы  арқылы  ғана  келеді  деген  сенімде  еді.  Өйткені 
Россия  патшалығы  кеше  қазақ  жеріне  бекініс  ретінде  салған:  Орск,  Елецк,  Троицк,  Үйшік, 
Ямшенев,  Семейпалат,  Тобольскілердің  бәрінде  де  сауда-саттық  жүргізе  бастаған.  Қазақ 
еліне керегі де осы. Енді олар бұл қалалардағы орыс саудагерлеріне  малын, терісін, жүн-
жұрқасын  сатса,  өзіне  керек  астығын,  матасын,  қазан-ошақ,  ыдыс-аяғын,  кетпен-балтасын 
алды.  Орыс  әкімдері  қазақ  еліне  тек  мылтық,  күкірт  секілді  қауіпті  заттарды  көп  сатуға 
рұқсат етпеді. 
 
Россияда  сауда  қалаларының  күшейе  бастағаны  соншалық,  ондағы  болатын 
жәрмеңкелерге  қазақ  жерін  басып  Орта  Азия  хандарының  сауда  керуендері  де  келді.  Ал 
қалың  бұқара  орыс  қара  шекпендерімен  таяу  танысып,  олардан  егін  салу,  балық  аулау 
секілді  өнегелерді  үйренуге  кірісті.  Көбі  өзі  секілді  шаруалармен  тамыр-таныс  боп  алды. 
Орыс әкімдері де бос жатпады. Біресе Әбілмәмбетке, біресе Абылай, Барақ, Жәнібектерге 
бір кезде Россия қол астына кіргендерін құлаққағыс етіп, кісі жіберумен болды. 
 
Осы  тұста  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайырдың  күйі  бұрынғысынан  да  нашарлай  түсті.  Екі 
жүзділік  саясатының  салдарынан  ол  не  қазақ  елінің,  не  орыс  патшалығының  сеніміне  кіре 
алмады.  Ал  Орынбор  губернаторы  Неплюев  өз  жұртының  алдында  қадірі  кеткен 
Әбілқайырдан мүлдем құтылуды қарастыра  бастады. Бұл жолы ол Әбілқайырды сенат, не 
Сыртқы  істер  коллегиясы  арқылы  емес,  Кіші  жүз  ханының  Орта  жүз  сұлтандарымен  бәз 
баяғы бас араздығын пайдалану арқылы-ақ құртпақ болды. 
 
Ал Әбілқайыр енді тікелей Петербургпен тілдеспекке қол созды. Ол өзінің Неплюевпен 
қырғи-қабақ екенін айтып, жәрдем сұрап Тевкелевке хат жазды. Орынборға бұл хатты алып 
келген Құдабайды ертеңіне Неплюев шақырып алды. 


 
94 
 
— Орынборға неге келдің? — деді амандықтан кейін. 
 
Құдабай жасырған жоқ. 
 
—  Әбілқайыр  ханның  генерал  Тевкелевке  жазған  хатын  әкелдім.  Осы  жерден 
Петербургке баратын біреу арқылы беріп жібермекшімін. 
 
— Хат не жайында? 
 
әрине,  дворян  тәрбиесімен  өскен  Неплюев  бірудің  хатын  ашып  оқудан  аулақ  еді.  Ал 
тілмаш,  ханның  өтінішімен  өзі  жазған  хаттың  дымын  да  жасырмай  бәрін  айтып  берді. 
Хаттың түпкі мәні Кіші жүздің ханын Орынбор губернаторымен татуластыру жайында және 
Неплюевтің  өзі  сенатқа  жазған  Әбілқайыр  екеуінің  арасындағы  қайшылықтар  туралы 
болғандықтан, Неплюев Әбілқайырдың аңқаулығына езу тартып күлді де: 
 
— Жақсы, хатыңды ертең біздің почта арқылы жібер, — деді. Сосын кетіп бара жатқан 
Құдабайды  тоқтатып,  —  Кіші  жүз  ханы  мен  Орта  жүз  сұлтандарының  арасындағы  бақ 
таластықты, қайсымыз орыс патшасына көбірек жағынып, атақ-дәреже аламыз деуден туған 
өшпендікті  өзім  де  жақсы  білемін.  Бірақ  мәселе  қазір  онда  емес...  Басқада.  Россия 
патшалығы енді Әбілқайырға арқа сүйей алмайды... 
 
Құдабай сәл басын көтерді. 
 
— Әбілқайыр  хан райынан мүлдем қайтып, біржола Россия патшалығына арқа сүйегісі 
келсе де ме? 
 
— Бәрібір, — деді Неплюев. — Енді Әбілқайыр райынан қайта ма, қайтпай ма, маңызы 
жоқ. Өзінен ақылды жас шықса, кәрінің оған жол беруі жаратылыс заңы... 
 
«Ол  жасың  Әбілқайырдың  баласы  Нұралы  ғой!  —  деді  ішінен  Құдабай.  —  Нұралы  шу 
бастан өзін дұрыс ұстап келеді. Бірақ Әбілқайыр тәрізді көкжалдар бір бұлқынғанында жоқ 
қылғалы тұрған арыстан ашуланса, Нұралы секілді көжектің несін қалдырады?» 
 
— Сонда... Біздің ханымызды орнынан түсірмексіздер ме?  — деді тәуекелге бел буған 
Құдабай, — сенат ол туралы указ берді ме?.. 
 
—  Өйте  қояр  ма  екен...  —  Неплюев  енді  Құдабайға  ызғарлана  қарады.—  Патша 
үкіметінің  Әбілқайырда  енді  шаруасы  жоқ.  Қазақ  сұлтандарын  өзіне  қарсы  қойған  екен, 
жауабын да өзі берсін... 
 
«Сонда  Әбілқайырды  о  дүниеге  қай  сұлтан  жөнелтуге  тиісті?  —  Құдабай    тіпті  терлеп 
кетті. — Губернаторы қайда бастап барады?» 
 
—  Меніңше  қазақ  еліндегі  оның  қас  жауы  Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет,  —  деді 
Құдабай. — Екеуінің арасындағы бақ таластық... 
 
— Жоқ, Орта жүздің ханы бұл іске жарамайды. Әбілмәмбет Әбілқайырды  өлтіріп, бүкіл 
Кіші жүзді өзіне қарсы қояр ақымақ емес. Басқа қайсысы бар? 
 
—  Барақ  сұлтан...  Екеуінің  арасындағы  өшпенділік  бірін-бірі  нағыз  өлімге  қиярлық 
жағдайда.  Оның  үстіне  Барақ  сұлтан  орыс  қалаларының  қазақ  жеріне  салына  бастауының 
бас айыпкері Әбілқайыр хан деп санайды, Кек алуға ол тайынбас... 
 
—  Иә,  Барақ  сұлтан  бізге  де  дос  емес,  «қол  астына  кірдік»  деген  анты  құр  шығарып 
салма сөз. Шын беріліп жүрген ол жоқ. Міне, осы Барақ сұлтанды пайдалану керек... 
 
— Сонда маған не бұйырмақсыз? 
 
— Барақтан жоңғар қонтайшысы құнын сұрамайды. Рақметін айтады, сенің міндетің  — 
Бараққа  біздің  ойымызды  сездіру...  Және  Россия  патшалығының  да  қуғын 
салмайтындығына сендіру. 
 
—  Жоңғар  мен  орыс  патшасы  Әбілқайыр  үшін,  Барақты  дарға  асып,  оққа  байламайды 
делік.  Бірақ  мұндайда  жайшылықта  жек  көргенмен,  хан  құнын  жоқтар  Кіші  жүздің  рулары 
бар емес пе? Барақ олардан сескенбей ме? Қанша көкжал дегенмен, оған да жан керек қой. 
 
—  Кіші  жүз  руларын  Нұралыға  жібер.  Болашақ  хан  өзіне  бағынышты  елімен  тіл 
табысар... 
 
— Ал өзім жайында... 
 
— Өзің жайында қам жеме... Россия империясы өз адамын қашан да қорғай білген. 
 
Қанша  сұм  болғанмен,  Құдабай  осынау  бір  алыста  жатқан  сұмдықтың  ыз- 
ғарынан  өзін  тоңып  кеткендей,  бозара  қалды.  Тыңшысының  мұндай  халін  ал- 
ғашқы рет көрген Неплюев оның көңілін ашқысы келді. 
 
—  Орынборға  көптен  бері  келген  жоқсың  ғой,  —  деді  сөзді  басқа  жаққа  бұрып.  — 
Губернатор кассасында бірталай еңбек ақың жатыр. Соны ала кет. 
 
Жаңа ғана салы суға кетіп тұрған Құдабайдың түрі енді жайнап сала берді. 


 
95 
 
— Менің еңбегімді ұмытпағаныңызға мың да бір рақмет!  — деді Құдабай басын иіп.  — 
Жаңағы тапсырғандарыңыз бұлжытпай орындалады. 
 
Елге  қайтқаннан  кейін  Құдабай  Хиуа  ханының  қол  астында  жүрген  Барақтың  үлкен 
баласы  Ханбаба  арқылы  сұлтан  Неплюевтің  ойын  жеткізді.  Ханбабадан  да  шапан  киіп,  ат 
мінді.  Енді  ол  Әбілқайырға  да  Орынбор  губернаторының  бар  сырын  жайып  салды.  Тек 
Ханбабамен сөйлескенін ашқан жоқ. Ханнан да камшат ішік киіп, жорға мінді. 
 
Неплюевтің  ойы  бұнсыз  да  күтпеген  жерден  тез  орындалды.  Бір  мың  жеті    жүз  қырық 
сегізінші  жылы  шілде  айының  аяғында  Әбілқайырмен  сөйлесуге  Петербургтен  генерал-
майор  Тевкелев  келді.  Бұл  хабарды  естісімен  бүкіл  балаларын  және  Кіші  жүздің  басты 
адамдарын  ертіп  Әбілқайыр  Орға  жетуге  асықты.  Он  күндік  жерге,  ат  ауыстырып  отырып 
бес  күнде  келді.  Екі  аптадай  болған  әңгімеде  Әбілқайыр  орыс  патшалығына,  әсіресе 
Орынбор  губернаторына  деген  бар  өкпесін  айтты.  «Келіннің  бетін  кім  бұрын  ашса,  сол 
ыстық»  дегендей,  Кіші  жүздің  ханы  «Россия  қол  астына  кіруіне»  себепкер  болған 
Тевкелевтен  еш  сырын  жасырған  жоқ,  бар  ой-құпиясын  жайып  салды.  Өз  заманының  бір 
ақылды,  берік  адамы  және  Россия  мен  қазақ  даласының  қосылуына  көп  еңбек  сіңірген 
Тевкелев бұ жолы да Россия патшасының отаршылық саясатын жүргізуші адал уәкілі екенін 
ақтады.  Тіл  тауып,  Әбілқайырдың  ашуын  тарата  білді.  Әбілқайыр  шын  жүректен  бұдан 
былай  да  ақ  патшаға  адал  қызмет  етуге  уәдесін  берді.  Тевкелевпен  келісіп,  жеті  жылдан 
бері  қайтара  алмай  жүрген  Қожахметін  қайтарды.  Орнына  ел  ағаларының  балаларымен 
бірге өзінің ортаншы ұлы Айшуақ сұлтанды аманатқа қалдыратын болды. Бір жыл өткеннен 
кейін  Айшуақтың  орнына  ең  кенжесі  әбілді  жіберетін  боп  уәделесті.  Ал  Неплюев  пен 
Әбілқайырдың арасын жөндеуді Тевкелев өз міндетіне алды. 
 
 
 
 
Осылай  ақ  патшаға  адал  қызмет  істемек  боп,  Әбілқайыр  еліне  қайтты.  Құдабайдың 
айтқан  құпия  сырынан  қорқып,  жолай  Орынборға  соғып  Неплюевке  жолықпай,  тікелей 
Ырғыз өзенінің бойында отырған Ордасына беттеді. 
 
Әбілқайыр  жоңғар  жағына  шығып  кеттіңдер  деп  көршілес  қарақалпақ  елін  оқта-текте 
шабумен  болатын.  Әсіресе,  Әбілқайырдың  сойылы  «Ақтабан  шұбырынды»  кезінде  осы 
қарақалпақ  тайпасына  келіп  қосылған  Ұлы  жүздің  бір  бөлегі  Жалайыр  ауылдарына  қатты 
тиген.  Бұл  ел  құрып  кете  ме  деп  қорыққан  Жалайырдың  басты  адамдары,  екі  мың 
шаңырағын  және  олармен  араласып  кеткен  екі-үш  қарақалпақ  аулын  Кіші  жүздің 
шекарасынан  Торғай  бойына  көшірмек  болған.  Осы  бір  тайпа  елі  көшіп  келе  жатқанда 
«Сендер Әбілқайыр ауылысыңдар» деп, жақында ғана өзін Орта жүздің біраз жұртына хан 
көтерткен Көшек сұлтан екі жүз сойылымен қапыда кеп тиіскен. Көшектің қолына Барақ та 
келіп қосылды. Олар қарусыз көшті басып  қалғанда, тек жүз үй қарақалпақтар ғана қашып 
құтылған. Осы құтылған жүз үйге Ор қаласынан қайтып келе жатқан Әбілқайыр кездесті. 
 
Қарақалпақтар  айыптарын  мойындарына  алып,  Кіші  жүз  ханының  қолына  берілді.  Енді 
Әбілқайыр  Барақтан  анау  екі  мың  шаңырақты  тартып  алмаққа  бел  байлады.  «Өзіміз  бар 
болғаны  жүз  елу  ғана  сойылмыз,  Бараққа  төтеп  бере  алмаймыз»  деген  серіктеріне: 
«Барақтан  қорыққан  сендер  —  қатынсыңдар.  Әйтпесе  еркектен  еркек  қорқа  ма  екен»  деп 
болмай,  сол  жүз  елу  адамымен,  ұзап  кеткен  көшті  қуып  берген.  Мүмкін  Кіші  жүз  ханы 
жасағының  жеткіліксіз  екенін  ойлаған  да  шығар,  бірақ  нартәуекел  етті.  Баяғы  Нұрбике 
оқиғасынан  кейін  Бараққа  әбден  өшігіп  алған  намысқой  Әбілқайыр,  бұл  айқастың  қауіпті 
екенін ақылға сала алмады, бар арманы Барақты өз қолымен өлтіру болды да тұрды. Осы 
жолы  қас  жауының  қанын  ішпесе,  оған  Барақ  екінші  рет  кездеспейтіндей  көрінді.  Сол 
себептен  де  атына  қамшыны  асыға  басты.  Екі  қол  Торғайдан  бір  күндік  жердегі  Улкаяқ 
өзенінің жағасында кездесті. 
 
Қарамағына  енген  Жалайыр  жігіттерімен  жасағы  көбейіп  қалған  Барақ,  Әбілқайырдың 
жүз  елу  адамына  бет  бақтырмады.  Тықсырып,  қоршап  алып,  біреуін  қалдырмай  қыруға 
айналды.  Әбілқайырға  әбден  өшігіп  алған  Жалайыр  мен  қарақалпақ  жігіттері  енді  Барақ 
жағына  шығып,  жан  аяспай  соғысты.  Бірақ  жаратылысынан  батыр  Әбілқайыр  «тағдырдың 
жазғаны  осы  болса  көріп  алайын»  деп,  кейін  шегінбеді.  Бірінші  адамды  ат  үстінен  ұрып 
түсірді. Өзі де Барақтың баласы Шағайдың қолынан ат жалын құшып құлады. Жерде сұлап 
жат- 
қан  ханның  жанына  шапқылап  жеткен  Барақ  беліндегі  ұзын  сапты,  сүйір  ұшты  Хиуа 
қанжарымен  жүрек  тұсынан  сәл  төмендеу  жерден  құлаштап  ұрды.  Әбілқайыр  ышқынып 


 
96 
барып 
демін 
алды. 
Көгілдір 
аспан 
заматта 
қанға 
малын- 
ғандай қып-қызыл боп, шыр көбелек айнала жөнелді.  
 
—  Міне  енді  алыс-жұлыс,  үміт-арман...  бәрі-бәрі  бітті,  —  деді  ол  үнсіз  күбірлеп.  Кенет 
ғажайып  бір  ой  ең  ақырғы  ақыл-сезімін  шарпып  өтті.  —  Қандай  данышпан  едің,  байғұс 
қазақ?!  Сенен  басқа  бірде-бір  халық  дүние  шіркінге  «жалған»  деген  ат  қоймаған  болар. 
Қалай тауып қойғансың. Қу дүние, шын жалған екенсің... Өттің де, кеттің ғой... 
 
Барақ алабұртып қабындап кеткен жүрегін зорға басып: 
 
—  Өз  қолыммен  өлтірдім!  Өз  қолыммен  қаныңды  іштім!  —  деді  айдалада  насаттана 
дауыстап. — Енді арманым жоқ. Қолыммен істегенімді мойныммен көтеруге бармын. 
 
Сонан кейін ол артына қарамастан, атына мініп, күншығыс жаққа қарай жорта жөнелді. 
 
... Бір жылдан кейін Кіші жүздің ханы етіп, Елизавета Петровна Нұралыға указ берді. 
 
Әбілқайыр өлгенде, оның артында көптеген ұлы-қызы, үрім-бұтақтары қалды. Олардың 
ішінен  патша  үкіметінен  шен-шекпен  киген  правительдер  де,  жұртын  ағарту  жұмысына  ат 
салысқан ғалымдар да шықты. 
 
Әбілқайырдың  өз  аты  да  тарихтан  орын  алады.  Бірақ  ол  хандық,  жаугершілік,  ерлік 
істерімен  емес,  сан  қиындықтары,  қайшылықтары  болса  да,  түбі  тарих  өзі  ақтаған,  қазақ 
елінің Ұлы Россия қол астына кірсек деген ғасырлар бойы келе жатқан тілегін ресми түрде 
мемлекеттік саясат сатысына көтерген алғашқы ханы болып танылды. 


 
97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет