Жанталас (Көшпенділер-2)



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата31.12.2021
өлшемі1,25 Mb.
#21827
1   2   3   4   5
ҮШІНШІ БӨЛІМ 
 
 
 
 
 
 
 
 
І 
 
 
 
 
 
Қалампыр,  миялы  жұпар  аңқыған  көкорай  шалғын  белуардан  келеді.  Сырымбет 
тауының  күнгей  жағында  қаз-қатар  қонған  кілең  ақ  боз  үй  алыстан  ақ  шағаладай  боп  көз 
тартады.  Бұл  —  Абылай  сұлтанның  аулы.  Сәл  қашықтау  тұстағы  шағын  қараша  үйлер  — 
төлеңгіт аулы. Төлеңгіт аулының да, сұлтан аулының да маңайы әбігер, қараң-құраң жұрт. 
Сойылып жатқан мал, көтерілген қазан. Жас иіс толы жаздың басы. Таңертеңгі мезгіл. Түс 
ауа  үлкен  той  басталмақ.  Қазір  соған  әзірленіп  жатыр.  Той  Абылай  сұлтан  мен  Қалден 
Цереннің  қарындасы  Хочадан  туған  тұңғышы  Қасымның  жетіге  толып,  сүндеттелуіне 
арналған.  Абылай  жоңғарлармен  бір  үлкен  айқаста  қолға  түсіп,  үш  жыл  қонтайшының 
Ташкенттегі  сарайында  тұтқында  болған.  Ақыры  немере  ағасы  Әбілмәмбет  хан  мен 
Орынбор губернаторы Неплюевтің кірісуінің арқасында бір мың жеті жүз қырық үшінші жылы 
тұтқыннан  босанған.  Қалден  Церен  бұның  орнына  аманат  етіп  Әбілмәмбет  ханның  кіші 
баласы әбілфейіз бен Барақ сұлтанның ортаншы ұлы Шағайды алып қалған. Қалден Церен 
Абылай сұлтанды құр босатпаған, түбі өзіме керек болар деп, оған сүйікті қарындасы, батыр 
Хочаны жар етіп қосқан. Әрине, жоңғар қонтайшысы өзінің бұл ісінде ел басқаратын адамға 
керек, Абылайдың батырлығын да, ақылдылығын да еске алған. 
 
Абылай  даңқы  бұл  кезде  жер  жаратын.  Қарындасын  берген  қонтайшы  қателескен  жоқ 
еді.  Өзі  хан  болмағанмен  немере  ағасы  Әбілмәмбет  ханнан  Орта  жүзге  бұның  қадірі  кем 
түспейтін.  Ел  басқаратын  ерекше  қасиеттерінің  арқасында  оның  даңқы  үш  жүзге  бірдей 
тарай бастаған. Кім болса да Абылай пікірімен санасатын күйге жеткен. Қарындасын берген 
әккі  қонтайшы  қателесті:  Абылай  дегенін  істемеді,  өз  саясатын  жүргізді.  Қандай  жағдайда 
болса да қазақ жерін  Жоңғардан босатуды  ойлады. Бірақ атағы жер жарғанмен, Абылайға 
тікелей  бағынған  ел  —  Көкшетаудың  жан-жағында  сыңси  қонған,  өзіне  жеті  қызын  беріп, 
жеті отау тіккен, Атығай, Қарауыл тәрізді Арғынның белді рулары ғана еді. Бұл әлі оның үш 
жүзге  хан  саналып,  бетіне  жан  қаратпайтындай  айбарлы  кезі  емес.  Арғынның  өр  көкірек, 
долы  мінезді  кей  рулары  Абылайға  тақа  бас  ие  қоймаған  шағы.  Жетідегі  сотқар  ұлын 
сүндетке  отырғызып,  той  істеудегі  сұлтанның  бір  ойы,  әзірге  шет  жайылып  жүрген  осы 
руларды өзіне тарту еді. 
 
Ел билеу? 
 
Ел билеу оңай тисе, халық тізгіні қолында болған адамның бәрі де ел аузында қалмас 
па  еді?  Қазақ  тарихында  жүздеген  хан  менен  мыңдаған  сұлтандар  өтті.  Солардың  халық 
жадында қалғаны саусақпен санап аларлықтай. Хан тағына жету кейде оңай болғанмен, хан 
тағында  отыру  қиын.  Өйткені  оған  тек  қана  күш  емес,  ақыл,  айла,  саясат  керек.  Бұл 
қасиеттер сандықтағы дүниең тәрізді, біреуде бар, біреуде жоқ... 
 
Абылай ел билеу ісінде Есім хан тәсіліне көңілін көбірек аударатын. Тікелей оның жолын 
ұстамағанмен,  кей  әдістерін  өз  ісінде  қолданып  отыратын.  Бұған  да  себепкер  болған  бәз 
баяғы Бұқар жырау. Ол бір күні Есім ханның тарихын оған айтып берген: 
 
—  Хан  тағдыры  —  халық  тағдыры  емес,  —  деген  Бұқар  жырау,  —  кейде  жауымен 
тартысы бір болып, қан майданда бірге қаза тапса да жатар моласы бөлек. Тек тарихтағы 
азды-көпті  ісі  халық  ойынан  шықса,  сондай  ханды  қазақ  елі  есінде  қалдырған.  Соның  бірі 
Есім хан. 
 
— Хаджири есебі бойынша бір мың сегізінші жылы, яғни біздіңше, бір мың алты жүзінші 
жылы,  —  деген  Бұқар  жырау  Абылайға,  —  Тәуекел  ханның  орнына  қазақ  елі  жиырма  екі 
жасар Есімді хан көтерді. 
 
Есім  қазақ  хандығының  тағына  отырысымен,  ағасы  Тәуекел  мен  Қияқ  секілді 
Мауреннахр  жерінде  ұрыста  қаза  болған  белгілі  батыр,  сұлтандардың  пырағын    Ташкент 
жерінен әкеп, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешітінің түбіне жерлеткізді. 
 
Оның  бұл  кездегі  ең  күрделі  саясаты:  Шығыс  Түркістанда  болып  жатқан  Моғол  бектері 
мен  Жағатай  ұрпақтарының  арасындағы  жанжалдарға  кірісуі  еді.    Өйткені  дәл  осы  шақта 
Қытай айдаһары Шығыс Түркістанға қарай созыла жылжып келе жатқан. Бұл қазақ еліне зор 
қауіп  туғызған.  Сондықтан  Қытай  мен  қазақ  хандығы  ортасындағы  елдердің  қандай  күйде 
екенін білу керек болды. 


 
98 
 
Ал  Жетісу  мен  Шығыс  Түркістанның  біраз  жеріне  әмірлігін  жүргізіп  әбдірашит  хан 
өлгеннен  кейін,  балаларының  арасында  үлкен  дау-жанжал  басталған.  Олар  бұрын  қазақ 
хандарымен  одақтас  саналған  қырғыз  елінің  де  кей  тұсын  өздеріне  қаратуды  ойлаған. 
Бұларға қырғыз руларының ала ауыздығы да өздерінің жерін, суын талан-тараж етуіне жол 
ашты. 
 
Есімнің  хан  болған  кезінде  әбдірашиттің  ортаншы  ұлы  әбдірахман  Шалыш  пен 
Тұрфанның  билігін  алған.  Жетісу  мен  Шығыс  Түркістанның  қалған  жері  әбдірашиттың  өзге 
балаларының қолында қалған. Бірі Ақсуда хан болса, бірі  Құсанды, бірі Құшты меңгерген. 
Қысқасы,  әбдірашит  қайтыс  болысымен  оның  ұрпақтары  билікке,  жерге  таласып  қырық 
пышақ боп бүкіл Моғолстанды талан-тараж еткен. 
 
Есім шақырған хан кеңесінде қазақ елі әбдірахманды қолдамақ болды. Әбдірахманның 
шешесі Жетісу бойындағы Үйсін қызы еді. Және әбдірахманның да, өзіме жәрдем түбі осы 
жақтан  келеді-ау  деп,  бір  бүйірі  қазақ  еліне  тартып  тұрды.  Есімге  бұл  мәселе  жөнінде 
қырғыз  манаптары  да  қосылды.  Оған  себеп,  қырғыз  еліне  Жаркент,  Ақсу,  Қашқар 
хандарынан гөрі ертеден одақтас болып келген қазақ елі қолайлы еді. Тағы бір жағдай: осы 
тұста  Жоңғар  қонтайшысы    күшейе  бастаған.  Ал  олардың  шапқыншылығынан  құтылу 
саясатында  қырғыз  бен  қазақ  тілегі  ұштасып  жатқан-ды.  Сан  мәртебе  екеуі  бірігіп, 
Жоңғарларға тойтарыс та берген. 
 
Есім  әбдірахманға  жәрдем  ретінде  бес  мың  қазақ  әскерін  жіберуді  ұйғарды.  Ол  бұл 
әскерді Тұяқ батырға басқартпақ болды. 
 
Ертеңіне  хан  Тұяқты  шақыртып  алды.  Тұяқ  пен  Есім  екеуі  де  еңселі,  зор  денелі  еді. 
Сарайға тәжім беріп кіріп келген батырға, хан: 
 
—  Жоғары  шық!  —  деп  қасындағы  жастықты  төрге  қарай  сырғытып  тастады.  Қарадан 
шыққан адамға ханның өз қолымен жастық тастауы зор құрмет. Тұяқ жайғасып отырғаннан 
кейін Есім оны неге шақырғанын айтып келіп: 
 
—  Жетісу  мен  Түркістан  маңайындағы  Ұлы  жүздің  бар  руларын  біз  өз  қолтығымыздың 
астына алуымыз керек, сол себептен Үйсіннің көп жұртын билеп отырған әбдірахман ханға 
жәрдем беруді ұйғардым, — деп сөзін аяқтады. 
 
—  Хан  ойы  халық  тілегінен  шықса,  оған  не  жетсін!  —  деді  Тұяқ  сабырлы  үнмен.  — 
Бәріміз  де  адамбыз  ғой.  Адам  болған  соң  армансыз  тіршілік  ете  алмайды  екенсің. 
Бұйрығыңызды  орындамастан  бұрын,  менің  де  бір  арманым  бар  еді,  егер  рұқсат  етсеңіз, 
соны айтайын... 
 
— Айт, батырым. 
 
—  Үміт  деген  бір  қайық.  Ер  жігітті  жолы  болса  дүниенің  қапасынан  да,  қайғысынан  да 
алып шығады, менікі сол бір үміт қой. Тағдыры өзіңнің қолыңда... 
 
— Тыңдайық, аяғына дейін айт... 
 
—  Жарайды,  құлдың  баласы  демей,  батырым  деп  тыңдағың  келіп  тұрса,  айтайын... 
Алдымен мынаны білгім келеді. Хан ием, мен ақ сүйектен шыққан жоқпын, жан-тәніммен ел-
жұртыма қызмет істеп келем. Ерлігім, не қызметім  көңіліңізге олқы соғып жүрген жоқ па? 
 
— Жоқ, өзге батырларым бір төбе де, сен бір төбесің ғой. — Шыны ма, кекесіні ме Тұяқ 
айыра алмады. — әбдірахманға жұмсап отырғаным да содан емес пе... 
 
—  Онда  айтайын.  Бас  кеспек  болса-дағы  тіл  кеспек  жоқ.  Қисаң  жеңгең  Ақторғынды 
маған бер. 
 
Біреу жағынан тартып жібергендей, Есімнің өңі қара күреңденіп кетті. 
 
— Ей, сен не малтаңды езіп отырсың? 
 
— Жаңа өзің айтқан жоқ па едің, өзге батырларым бір төбе де, сен бір төбесің деп... 
 
Ханның  ызадан  қаны  қашып,  мойнына  құрық  түскен  асаудай  басы  кекжең  ете  қалды. 
Әрине, қазақ елінде хан мен әйелі бірге өлсін деген заң жоқ. Ағасы Тәуекелдің жұбайы да 
өмір бақи жесір қалмайды. Біреуге шығуы керек қой. Бірақ ол ханның әйелі, ханның жеңгесі 
емес пе? Есігінде жүрген құлға қалай шығады? Ол мүмкін емес... 
 
— Жеңгең Ақторғын да осыны тілейді, — деді Тұяқ батыр. 
 
— Сонда қалай болғаны? Тәуекел ханға жыл болмай жатып көңіл қосып қойғансыңдар 
ма? Онда екеуің де айыптысың? 
 
— Жоқ, олай емес, хан ием! 
 
— Жә, тоқтат! 
 
Қанына тартпағанның қары сынсын дегендей, Есім қазір қанына тартып отыр. Төреден 
жаратылған  ханның  жесірін  қарадан  шыққан  бір  батырдың  аламын  дегеніне  қорланып 


 
99 
қалған. Бұл да ештеңе етпес еді, егер құралай көз, оймақ ауыз жесір жеңгесіне жас ханның 
өзінің көзі түспеген болса... Өзінен он жас үлкен болса да, Есімге ол он жеті жасар қыздай 
көрінген. Қыпша бел, ақша маңдай, кербез жеңгесінің қасында өзге орда сұлулары аққудың 
жанындағы  қоңыр  қаздардай  ғана  боп  қалған.  «Аға  өлсе,  іні  мұра»  деп  қарайтын  қазақ 
дәстүрімен, Есім ағасының асынан кейін жесірін өзі алмақ ойда еді. Хан қанша әділеттімін 
дегенмен де, өз нәпсісінің тілегінен аса алмаған. 
 
Ол  қолындағы  күміс  қоңырауын  үсті-үстіне  ашулана  қақты.  Үйге  асыға  кірген 
күзетшілерге: 
 
— Қару-жарағын сыпырып алып, мынаны қазір зынданға тастаңдар! — деп бұйырды да 
теріс бұрылып кетті. 
 
Хан  сарайының  жанындағы  қара  алаңдағы  зынданға  атақты  мыңбасы  Тұяқ  батырды 
апарып салған хабар заматта бүкіл Түркістан шаһарын шарлап өтті. 
 
«Қару-жарағын сыпырып алып Тұяқ батырды қара алаңға апара жатыр»  деген хабарды 
дәйекші балаларының бірі келіп жеткізгенде, Ақторғын жерге тиер ұзын қолаң шашып өргізіп 
отырған-ды. Жүрегін ұстап, кенет аппақ бөздей боп шошып кетті. 
 
 
— Жолымбет батырды шақыр, — деді қасында тұрған әйелге. 
 
Кіші  жүздің  таңдаулы  қолын  басқарып  жүрген  Жолымбет  батыр  Ақторғынның  нағашы 
атасы.  Ханнан  кешірім  сұраудың  керегі  жоқтығын  ханым  бірден  ұққан.  Сұрағанмен  де  бұл 
өтініші жақсылыққа апармайды. Қазақ дәстүрі: Есім өз жесіріне не істеймін десе де еркі бар. 
Әрине, ақылға салса хан өзінің нәпсісі үшін Тұяқ секілді халықтың сүйікті батырын зынданға 
тастап, қалың елді өзіне қырғи қабақ етпес еді. Және Ақторғынның Кіші жүздің қызы екенін 
де  естен  шығармағаны  жөн.  Бір  тайпа  елдің  намысына  тиюдің  қанша  қажеті  бар?  Аз  күнгі 
ләззатынан басқа, он жас үлкен Ақторғын оған не бере алады? Алдымен өзі суынбай ма? 
Ал Тұяқ болса бір сәрі. Қырық жас еркектің қылшылдаған кезі. Тұяқтың жасы да Ақторғынға 
сай.  Сол  себептен  де  Ақторғынның  кішкентай  жүрегін  ол  өзінің  үлкен  алақанына  сап 
мәпелеп  тұрғандай  болып  көрінеді  жесір  әйелге.  Иә,  Тұяқтың  бұны  өмір  бақи  мәпелеп 
өтетіні хақ. 
 
Ақторғынға  мұндай  сезім  осыдан  жарты  жыл  бұрын  пайда  болған.  Тұяқ  бұны  бір  күні 
қолтығынан көтеріп атына мінгізген. Ағашты түбірімен жұлып алатын сонау бақандай күшті 
қолы  сонда  Ақторғынның  кеуде  тұсына  тіпті  жұмсақ  тиген.  Неге  екені  белгісіз,  сол  сәтте 
бұның  кішкентай  жүрегі  алас  ұрып  ойнай  жөнелді.  Ақторғын  сонда  осы  бір  алып  қолдың 
жүрек тұсында ұзақ қалуын тілеген... 
 
—  Хан  тағында  отырған  қайнымнан    еш  жақсылық  күтпеймін,  —  деді  Ақтор- 
ғын нағашы ағасына  бар жайды айтып болып,  — мен елге қайтуым керек. Сенің жігіттерің 
қалада  тұрғанда  тез  қашқаным  жөн.  Тұяқпен  дос-жар  секілді  едің,  хан  соңымнан  қуғын 
жіберіп  әбігер  болып  жатқанда,  оны  зынданнан  құтқара  көр,  нағашы  аға.  Айыбымызды 
Ноғайлы елі өзі айтсын... 
 
Намысқор Жолымбет батыр жиенінің сөзін мақұлдады. «Ақторғынды берсе, Ақ Орданың 
шаңырағын  сыйлап  Тәуекелге  берген  Кіші  жүз,  Есімге  ойыншық  еткізбейді.  Төркін  елімен 
ақылдаспай, бұл қай қорлағаны! Ал Тұяқ батырға келсек, жиеннің бұл тілегін де орындауға 
болар, — деді Жолымбет батыр, — жиен қарындасын құтқаруға көнгенде оның көңіл қосқан 
жігітін  зынданнан  шығарудан  неге  қашсын.  Тұяқ  батыр  бір  елдің  ардагері.  Кеше  Бұхарға 
аттану керек пе, керек емес пе деген сұрақ туғанда, жұрт ханның сөзін емес, осы Қияқ пен 
Тұяқтың сөзін тыңдаған жоқ па еді? Егер Тұяқты құтқарса, қара халықтың алғысын алады». 
 
Жолымбет батыр осылай ойлады.   
 
Тұяқ сол қара алаңдағы қара зынданда отыр. Анда-санда қозғалып қалса, шынжырлары 
шылдырлайды. Шыңырау үстіндегі болмашы тесіктен сонау көгілдір аспан көгінде оқта-теке 
ұшып бара жатқан құстар ғана көрінеді. Тек өткен күндер қиялдары ғана жан серігі. 
 
Тұяқ  жүрегінде  Ақторғынға  деген  от  сонау  алғашқы  кездескен  күннен-ақ    жанған.  Осы 
оттың 
да 
зардабы 
болуы 
керек, 
Ташкент 
түбіндегі 
ұрыста 
ол 
Ақтор- 
ғынға  арналған  талай  өткір  найза  ұшына  өз  кеудесін  тосты.  Ақторғынға  төнген  сан  жауды 
шойын басты келте шоқпарымен жайратты. 
 
Түркістанға келгеннен кейін, Тәуекелдің қырқын бергенше Тұяқ Ақторғынды көрген емес. 
Одан  кейін  де  сирек  кездесіп  жүрді.  Онда  да  жұрт  көзінше  ғана.  Осы  кезде  бір-ақ  рет 
Ақторғынды өз қолымен атқа отырғызды. Соның ертеңіне дәйекші бала келіп: 
 
— Ханым сізді шақырып жатыр! — деді. 


 
100 
 
Тұяқ  баланың  соңынан  ерді.  Бұны  сарай  есігінің  алдында  қарсы  алған  Ақтор- 
ғын: 
 
— Батыр, бір күннің ішінде асауымды үйретіп бере аласың ба? — деп сұрады. 
 
— Жарайды, — деді Тұяқ қуанғаннан жүрегі жарыла жаздап. 
 
«Патша әйел сүйген жігітін ең алдымен асау жылқысын үйреткізіп сынайды екен» деген 
бір  аңызды  Тұяқ  жас  кезінде  естігені  бар.  Ханымның  бетіне  қарады.  Жаудыраған  көзінен 
өзіне  деген  бір  өзгеше  сезімді  байқады.  Ақторғын  бұған  асау  атын  емес,  асау  жүрегін 
сынатқалы тұрғандай көрінді. 
 
Ақторғынның  үйрет  деген  асауы  төркіні  —  Жағалбайлы  елі  жіберген,  құрық  көрмеген 
жеті жасар тағы жылқы боп шықты. Төрт жігіт арқандап әзер ұстап  тұрған  асаудың үстіне 
Тұяқ  секіріп  мінді.  Асау  құйындата  құба  жонға  ала  жөнелді.  Күн  батып  бара  жатқан  кезде 
қара  терге  малынған,  әбден  жуасыған  асауды  батыр  Ақторғынның  босағасына  әкеп 
байлаған. 
 
— Мың жасаңыз, батырым, — деді жесір, көзі баяғысындай тағы ұшқын атып. 
 
Сол  күні  ел  жатардың  алдында  Тұяқтың  шатырына  дәйекші  әйелдің  бірі  келді.  Батыр 
әйелдің  соңынан  ерді.  Сарай  есігінің  алдында  Ақторғынның  өзі  күтіп  тұр  екен.  Үйге  кіріп, 
оңаша қалғаннан кейін ол: 
 
— Батыр, асауымды мініп көрдім, тамаша етіп үйретіпсің, ақысына не   берейін? — деді 
даусы дірілдеп. 
 
Тілі  күрмелген  адамдай  Тұяқ  ештеңе  айта  алмай  тұрып  қалды.  Қуаныштан  жүрегі 
лүпілдеп, демін әзер алды. 
 
— Жарайды, ақысы үшін... Өзім сүйейін, — деді күліп Ақторғын. 
 
Қуаныштан  есін  жия  алмай  тұрған  батырдың  қасына  келді.  Аяғының  ұшымен  созылып 
көріп еді, ерні тек Тұяқтың кеуде тұсына ғана жетті. 
 
— Түу... бойым жетпеді ғой, — деді ол еркелене, — көтерсейші өзің. 
 
Тұяқ  бақандай  қолымен  Ақторғынды  тік  көтеріп,  жас  баладай  алдына  алды.  Жесір 
әйелдің жұп-жұмыр аппақ білегі мойнын орай түсті. Дүние шыр көбелек айналып кетті. Тек 
жүрегінің жан тамыры лүпілдей соғып, қуанышқа сыймай тұрған Ақторғын нұрға малынған ақ 
жүзін Тұяқтың кезерген тастай қатты ерніне таяй берді. 
 
Таң  қараңғысы  кезінде  Тұяқ  батыр  Ақторғынның  сарайынан  шықты.  Ханымның  ақ 
сазандай аппақ денесі құшағында тұрғандай екі қолымен әлденені әлдилей күлімсіреді. 
 
—  Тәубе!  Тәубе!  —  деді  даусы  қуанышқа  сыймай,  мұндай  да  тамаша  түндер  болады 
екен-ау! 
 
 
 
 
Ақторғын құрсақ көтеріп қалған еді. Бірақ Бұхардың кең жібек көйлегі оның тола бастаған 
ішін  өзгелерге  аңғартпаған.  Әйтсе  де,  хан  сарайындағы  тесіле  қараған  көп  көзден  ханым 
қысыла бастаған. Бүгін болмаса, ертең құпия сырдың ашылуы айқын... Тұяқ батыр анадай 
күйге  ұшырағаннан  кейін,  оған  қашудан  бөтен  жол  жоқ-ты.  Қашпаса  бәрібір  жұрт  алдында 
масқара  болады.  «Не  Тұяқ  батырға  қосылуым  керек!»  деді  нағашысы  Жолымбет  батырға 
Ақторғын өзінің шын сырын ашпаса да, алыстан ұқтырып. 
 
Бір  сұмдықтың  болып  қалғанын  іші  сезген  Жолымбет,  енді  бүкіл  Кіші  жүздің  абыройын 
сақтағысы  келді.  Бұрын  көңілінде  аздаған  дүдәмал  күдігі  болса,  осы  мезгілден  бастап 
«нартәуекел!» деп, Ақторғынды құтқаруға кірісті. 
 
Сол  күні  түні  Жолымбет  батыр  бастаған  бір  топ  жауынгер  қаланың  күнбатыс  жағында 
қақпаның түбіне келді. 
 
— Қайда барасыңдар? Кім рұқсат етті! — деп алдарынан кес-кестей күзет бастығы тұра 
қалды. 
 
— Мен рұқсат еттім! — деді Жолымбет атының басын сәл тежеп. Кіші жүз батырының ұр 
да жықтау, сотқар мінезімен бұрыннан да таныс күзет бастығы «ә, сіз бе едіңіз» деп кейін 
шегіне берді  . 
 
Бір  топ  жігіт  қала  қақпасынан  шығып,  батысқа  қарай  шаба  жөнелді.  Ортасында  Тұяқ 
батыр  үйреткен  есік  пен  төрдей  шұбар  айғырды  мінген,  бет-аузын  тұмшалап  жауып  алған 
біреу кете барды. Бұл Ақторғын еді. 
 
Жесір  жеңгесінің  қашқанын  ертеңіне  білген  Есім  ашуланып,  дереу  қуғын  жіберді.  Бірақ 
Ақторғынды ұстай алмай бар қаһарын Тұяққа аударды. Күзетін күшейтті. Жолымбет батыр 


 
101 
оны  құтқарып  үлгермеді:  Есім  хан  Тұяқ  батырды  қара  алаңдағы  зынданнан  шығарып,  өз 
сарайының іргесіндегі зынданға әкеп салдырды. 
 
Есім  Кіші  жүзбен  біржолата  жанжалдасқысы  келмеді.  Өшін  бөтен  жолмен    қайтаруды 
ойлады. 
Тұяқ 
батырдың 
орнына 
Шығыс 
Түркістандағы 
болғалы 
жат- 
қан  ұрысқа  ол  енді  Жолымбетті  жіберді.  Бір  ажалға  барып  қайтсын,  деді  хан  ішінен,  тірі 
келсе сонда көрерміз, хан ісіне қалай кірісудің керек екенін! 
 
Жолымбет  Қашқардан  алты  айдан  кейін  оралды.  Және  үлкен  жеңіспен  қайт-ты.  Бұл 
жеңісті  ол  әбдірахманның  іні,  ағаларымен  соғысудан  емес,  сыртқы  жауымен  айқасудан 
тапты. 
 
Қытай  боғдыханына  тістері  бата  алмаған  Жоңғар  қалмақтары  осы  кезде  Жетісу 
бойындағы  қазақ  пен  қырыз  ауылдарына  шабуылды  үдеткен.  Осындай  үйреншікті  бір 
жорығынан қалмақтың қалың қолы қайтып келе жатты. Алдарында қыруар мал, түйе теңдері 
толған дүние-мүлік. Арқанмен матастырған қырғыз-қазақ ауылдарының қыз-келіншегі. 
 
Шатқал,  құзды  тауларының  бір  бөктерінде  аңдып  тұрып,  жоңғар  қолы  жазық  ойпатқа 
шыққан  кезде,  Жолымбеттің  бес  мың  жауынгері  жан-жағынан  атой  салған.  Жау  әскерінің 
саны  көп  болса  да,  ойламаған  жерден  тиген  қазақ  жауынгерлеріне  төтеп  бере  алмаған. 
Зәре-құты қашып, өз бастарын қорғаумен болды. 
 
Жолымбет қалмақтардың күл-талқанын шығарып, бес жүздей жауынгерін қолға түсірді. 
Шабылған  қазақ,  қырғыз  ауылдарының  адамдарын  босатып,  мал-мүлкін  тегіс  өздеріне 
қайтарды.  Ал  Жоңғар  қолынан  түскен  басқа  көп  олжаны    «елдегі  қатын-балаларыңның 
несібі»  деп  ала  жібіне  дейін  қалдырмай,  алты  айдан  бері  олжасыз  жүрген  әскеріне  бөліп 
берді.  Оның  ішінде  «хан  үлесі»  саналатын  қазына-мүлік  те  кеткен.  Жолымбет  Ордаға 
қайтпай  жатып,  оның  бұл  қылығын  (әрине,  түскен  олжаны  он  есе  өсіріп)  қастары  Есімге 
жеткізді.  Ханға  «олжамыз»  деп,  тек  бес  жүз  тұтқын  жау  жауынгерін  ғана  алып  келген. 
Бұрыннан  да  өш  Есім,  енді  бетінен  түгі  шыға  ашуланды.  Оның  үстіне  сол  күні  түнде 
зынданнан  Тұяқ  батыр  да  қашып  кеткенін  естіген.  Тексеріп  келгенде  Тұяқты  қашыр- 
ған    Жолымбеттің  адамдары    болып  шықты.  Әбден  ызаланған  Есім  Жолымбетті  ұстауға 
бұйырды. Жендеттер Тұяқтың орнына енді Жолымбеттің өзін зынданға  апарып салды. 
 
Сол күні түнде «Жолымбет дарға асылсын» деген хан үкімі жарияланған-ды. Ертеңінде 
Қара  алаңда  дар  дайындалды.  Жолымбет  секілді  ел-жұртқа  әйгілі  батырды  жазалап 
жатқанда қара бұқара наразылық көрсетіп жүрер деп сескенген хан, алаңды қоршай әскер 
қойды.  Осы  аласапыран  күндердің  алдында  ғана  Түркістанға  Жиембет  жырау  келген. 
Болайын деп жатқан сұмдықты естіп, ол хан сарайына беттеді. 
 
Ағасы Тәуекел ханның досы болған атақты жырауды көргенде, Есім амалсыз күлімсіреп 
қарсы жүрді. 
 
—Армысың, жырауым! Жүрісің тым асығыс екен, ел-жұртың аман ба? 
 
Жиембет жауап орнына толғай жөнелді. 
 
 
«Әмірің қатты Есім хан, 
Бүлік салып бұйырдың, 
Басын бер деп батырдың, 
Қанын ішіп қанбаққа, 
Жанын отқа салмаққа. 
Атадан жалғыз ол емес, 
Хан ие, ісің жол емес
Жолбарыстай Жолымбет 
Құрбандыққа қол емес. 
Жол тосып алып кетіпті, 
Қалмақтан алмақ сыйыңды, 
Қаһарыңды басқалы 
Қалың елім жиылды. 
Бастап келген өзге емес, 
Жиембет сынды биіңді. 
Малын салып алдыңа 
әр саладан құйылды. 
Он екі ата Байұлы 
Бір тәңірге сыйынды». 
 
 
Жырау  толғауының  зілді  толғау  екенін  түсінген  Есім  хан  райынан  тез 
қайтты. 
 
— Жарқыным, ең алдымен амандасайық та! — деді. 


 
102 
 
Жиембет тізе бүкті. 
 
— Бұл айып бізден, арсың ба, хан ием! 
 
—  Барсың  ба,  Жиембет  жырау?  Сен  келгенде  қимайтын  қиындық  бар  ма?  Бір  ауыз 
толғауың үшін қидым Жолымбет батырдың күнәсін. Босатыңдар батырды! 
 
Есік алдында тұрған дәйекші үйден ата жөнелді. 
 
— Бір тілегімді орындадың, хан ием,  — деді Жиембет басын иіп.  — Бізді риза еткенің, 
бүкіл халықты риза еткенің! 
 
Есім ханның да ойлағаны осы еді. 
 
Жолымбеттен  айрылған  Есім,  енді  әбдірахманға  жәрдем  беруге  қалың  қолмен  өзі 
аттанды. 
 
Ол бұл өңірде әбдірахман хандығы қырғыз елімен одақтасып, Ақсу, Жаркент, Ош секілді 
шаһарларды  әбдірашиттің  өзге  балаларынан  тартып  алмақ  боп  сан  мәртебе  жорыққа 
шықты.  Тарбағатай  тауын  бөктерлей  құлаған  Батур  қонтайшы  басқарған  жоңғар 
қолдарымен  де  алысты.  Ақырында  аз  уақытқа  болса  да  Жоңғар  шапқынын  тоқтатты.  Есім 
дәкпіріне шыдай алмаған жоңғар әскері Жетісуды жаулап алудан  бас тартты. Бұдан басқа 
оның  тағы  бір  жеңісі  —  қырғыз  елімен  бауырласа  білді.  Ташкент  тартысында  өзімен 
достасқан  қырғыз  манабы  Көкеменге  арнап  Ташкентте  «Көкеменнің  көк  күмбезі»  атты 
салтанатты  мешіт  салдырды.  Және  Шалыш  пен  Тұрфанның  ханы  әбдірахманмен  достық, 
жекжаттық одағын мықтап бекітті. Бұл достық әбдірахман өлгенше сақталды. 
 
—  Есім  жетпіске  дейін  өмір  сүрді,  —  деген  Бұқар  жырау.  —  әрине,  ол  ел  билеу  ісінде 
тегеуірінді, кәрлі әрекеттерді де көп қолданды. Әйтпесе Жиембет  жырау оны босқа «әмірің 
қатты  Есім  хан»  демесе  керек-ті.  Бірақ  ол  керек  жерінде  батырларының  да  сөзін  тыңдап 
отырған. 
 
Сөзінің аяғында жырау: 
 
—  Саған  берер  тағы  бір  ақылым,  —  деген  Абылайға.  —  Замана  түлкі,  адам  қыран... 
Бөктерде  бүркітті  көрген  түлкі,  етекке  түсіп,  жауымен  кең  жерде  айқасудан  тайсалса,  сол 
бөктердегі өзі түстес бір қызғылт тастың қия бетіне құйрығын шаншып тұрып қалады. Қыран 
ондай түлкіні көруі керек. Ел билігі қолыңа тиген екен, көреген бол. Ақылың мен айлаң қатар 
жүрсін. 
 
Абылай Бұқар жыраудың осы сөздерін жадына мықтап тұтты. Басына қауіп-қатер туған 
сан  қатерлі  күндерде  де  ол  қара  басынан  гөрі,  өзі  таңдаған  жолын      жоғары  ұстады.  Сол 
табандылық оны алыстағы армандарына да жеткізді. 
 
Абылай қазір қырықтан жаңа асып бара жатыр. Ол сұңғақ бойлы, ат жақты, қара сұр, түсі 
суық адам. Үлкен, ойлы сұрғылт көздері кісіге қарағанда өңменнен өткендей ызғарлы... 
 
Күн  ұясынан  жаңа  шығып  келе  жатқан  мезгіл...  Дүние  жүзі  сонау  алтын  күннің  нұрына 
шомыла жайнап, гауһар тастай құлпырады. 
 
Абылай  бұлғын  жағалы  қара  мақпал  шапанын  иығына  бос  жауып,  ақ  ордадан  шықты. 
Қолына  жез  құман  ұстаған,  иығына  шетін  кестелеген  хиуа  сүлгісін  жапқан  бала  жігіт 
сұлтанның өзіне қарай жақындауын күтіп, анадай жерде үн-түнсіз тұр. 
 
Абылай  сонау  бір  ғажайып  табиғаттың  оянып  келе  жатқан  бейкүнә  көрінісіне  сұқтана 
қарап  сәл  тоқтады  да,  құман  ұстаған  бала  жігітке  қарап  бірер  аттап,  тұра  қалды.  Дәл  сол 
сәтте Сырымбеттің ойпаңдау етегінен атой салып шауып келе жатқан екі салт атты көрінді. 
 
Қатар  шапқан  қос  күрең,  көл  бетін  қанаттарымен  сипай  ұшқан  қырғи  құстар  тәрізді. 
Ауылға жақындай бере хабаршының; 
 
— Аттан! Аттан! Жау келіп қалды! — деген дауыстары да жетті. 
 
Көзді  ашып-жұмғандай  мезгіл  өткен  жоқ,  басына  орамал  байлап  алған  салт  аттының 
біреуі  қараша  ауылға  қарай  бұрылды  да,  ал  далбағай  киген,  түйе  жүн  шекпенді  мұрттысы 
Абылайдың жанына келіп тоқтады. 
 
—  Арғынның  бес  мейрамының  бес  мың  әскері  келе  жатыр,  —  деді  жігіт  ентіге,  — 
Ботақанның құны үшін Абылайдың басын аламыз дейді. 
 
— Бастап келе жатқан кім? 
 
— Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат би. 
 
— Ұлы бидің өзі қайда екен? 
 
—  Көктемнен  бері  сырқат  деген.  Арғынның  елірген  тентектерін  баласы  Бекболат  ертіп 
келеді. 
 
— Өздері қай тұста?.. 
 
— Сәске көтеріле жетіп қалар. Әйтеуір түстері суық, біреудің қанын ішпей тоқтар емес. 


 
103 
 
Абылай  сәл  ойланып  тұрды  да,  дереу  шапанын  киіп,  артында  тұрған  бір  нөкеріне 
бұйрық берді. 
 
— Ұр дабылды! Қолына қару ұстайтын еркек кіндік тегіс жиналсын. 
 
Сол-ақ екен, орда қасындағы кепкен қарынмен кернелген тай қазандай қос дабылды екі 
жігіт оқтаудай жұмыр таяқпен қос қолдап ұра бастады. Жаугершілік заман, жауға шабатын 
жігіттердің аттары белдеуде тұрған. Біразы жақын маңда шідерлеулі жайылып жүрген. Ауыл 
үсті лезде опыр-топыр бола қалды. Әне-міне дегенше ер азаматтар аттарына да мініп, ауыл 
сыртына  жиналды.  Үстіне    сауыт-сайманын  киіп,  Абылай  да  ақ  боз  үйден  шықты. Төлеңгіт 
жігіттің біреуі Абылайдың атақты бәдәуи тұлпары Жалынқұйрығын алдынан тарта берді. 
 
Ал  жұртты  әбігерге  салған  бұл  оқиғаның  тарихы  мынадай  еді.  Бұдан  екі  жыл  бұрын 
Арғынның  бір  тармағы  Қаракесек  елінде  бір  үлкен  ас  болған.  Үш  жүздің  баласы  тегіс 
шақырылған сол асқа өзінің төлеңгіттерімен Абылай да барған. 
 
Бәйге,  күрес,  жамбы  ату  басталып,  ас  әбден  қызған  шақта,  тамаша  көруші  жамағатты 
аралап жүрген Шаншардың еріккен қуларының бір тобы Абылайдың үстінен шығып қалады. 
Абылай теңге алуды тамашалап тұрған-ды. Сонда көп қудың ішіндегі тентектеу біреуі: 
 
— Сұлтанның басындағы қалпағын қағып түсірсе қайтер еді, — дейді. 
 
Қасындағылар оны желіктіріп: 
 
— Абылайдың қалпағын қағып түсірсең, өзіңнің де басың кетеді, — дейді. 
 
Сонда  әлгі  қу  жан-жағына  қарамастан  сұлтан  тобына  кимелеп  келеді  де,  аңдамаған 
болып,  қамшысының  сабымен  Абылайдың  басына  киген  алтын  зерлі  айыр  қалпағын 
ұшырып түсіреді. 
 
Сұлтан Шаншар қуының бұл қылығы жанына қатты батса да сыр бермеген: 
 
«Ұлан асыр үлкен ас, жеген тоқ, ішкен мас деген осы екен-ау!» — деп  күлген де, атының 
басын бұрып жүре берген. Жерге түскен қалпаққа қайырылып та қарамаған. 
 
Келесі, бір мың жеті жүз елу екінші жылы генерал Киндерман Қызылжар бекінісін салып 
болып, осы бекіністің бітуіне Қызылжарда үлкен жәрмеңке ашылған. Оған Қаракесек ішінен 
де  біраз  адамдар  барады.  Осы  жәрмеңкеде  Абылай  өткен  жылы  өзін  күлкі  етпек  болған 
қулардың  айыбы  ретінде  Қаракесектің  Жанай,  Ботақан  деген  екі  белгілі  адамын  ұстатып 
алып  қалған-ды.  Әлде  сұлтаным  деп  сыйламай,  тіл  тигізді  деді  ме,  әлде  өткен  жылы 
қулардың қылығына масайрай күлген топтың ішінен осылар көзіне шалынып қалды ма екен, 
әйтеуір, Абылай Жанайға онша көп қысым көрсетпейді де, Ботақанды тірідей көрге салады. 
 
— Шаншар жігіттерінікі жай қалжың еді ғой, — деп ақыл айтқысы келгендерге, Абылай: 
 
—  Бағынышты  елінің  бүгін  қылжағын  кешірген  сұлтан,  ертең  оның  қылмысын  көтеруге 
мәжбүр болады! — деп жауап берген. 
 
Көрге  түскен  Ботақан  ас-су  ішпей  жатып  алады.  Бір-екі  күн  өткен  соң,  Абылайдың 
бұйрығы бойынша, «енді көрден шық» деп келген жігіттерге ызалы Ботақан, «Көрге түскен 
адам тірі шықпайды» деп, өзінің ішін өзі есіп жіберіп, жарылып өлген. 
 
Бұл  хабар  елге  жеткен  соң  Арғынға  жататын  Қуандық,  Сүйіндік,  Бөгендік,  Шегендік, 
Қаракесек  —  Балтақожа,  Шұбыртпалы,  Қаржас  тегіс  атқа  қонған.  Әскер  саны  үш  мыңдай 
адам. 
 
Ат  басы  Абылай  сұлтанның  аулына  қарай  бұрылысымен-ақ,  бұған  жолай  төре 
тұқымынан  қиянат  көрген  басқа  рулардың  кедей  топтары  да  қосыла  берген.  Ақыры  бес 
мыңға жуық қол Ботақанның құнын жоқтап, алдында кім тұрса да быт-шыт етуге дайын долы 
күшке айналған. Арғынның ұлы биі қаз дауысты Қазыбек осы кезде жетпіс жетіге кеп, төсек 
тартып жатқандықтан, бұл топты Абылайдың басқа да астамшылық, қиянаттарын көріп әзер 
шыдап жүрген Бекболат басқарып келе жатыр еді. 
 
Бекболаттың  өзіне  өш  екенін  білетін  Абылай,  ауыл  сыртына  шыққан  соң,  жиналған 
жігіттерін жіті шолып өтті. Бар болғаны үш жүздей ғана сойыл екен. Мұндай аз күшпен ашуға 
мініп тасыған өзендей ереуілдеп келе жатқан қара қазаққа төтеп бере алмайтынын Абылай 
бірден  ұқты.  Рас,  Абылайдың  жігіттері  сан  айқаста  болған,  біреуі  жүзге  татитын,  мүйізі 
шаңырақтай  кілең  марқасқалар,  сөйтсе  де  сұлтан  бос  қан  төгіске  барғысы  келмеді.  Кенет 
барлаушы жігітке бұрылып: 
 
— Келе жатқандардың ішінде кімдер бар екен? — деп сұрады. 
 
Барлаушы кімнің барын айтуға аузы бармағандай күмілжіп қалды. 
 
— Айта бер, кімдер бар? 
 
— Айдабол Олжабай батыр да бар... Жанында бала жырау Көтеш... 


 
104 
 
Абылай  басын  көтеріп  алды.  «әділет  сүйгіш  Олжабайдың  өзі  ереуілшілерге    қосылса, 
бұл  тегін  аттаныс  болмады».  О  кезде  жыраудың  батыр  болуы,  батырдың  жырау  болуы 
таңқаларлық іс емес. Арғынның бір тармағы Қаржас руынан шыққан Олжабай әрі батыр, әрі 
жырау  еді.  Қырыққа  жасы  келіп  қалса  да,  қай  өнерінің  басым  екенін  өзі  де  білмейтін. 
Жиырмасынан  бастап  батырлығы  Орта  жүзге  әйгілі  бола  бастаған.  Олжабай  қатыспаған 
қазақ  пен  жоңғар  арасында  бірде-бір  белгілі  ұрыс  өтпеген  шығар.  Со  кезде  қазақ  жерінде 
айтылып жүрген қисса, дастаннан Олжабай білмейтін біреуі де жоқ еді. Әлдеқалай ол бәлен 
ауылда өзіне таныс емес дастан не жыр бар дегенді естісе, қанша алыс жер болса да оған 
аттың терін аямайтын... Естіген бір сөзін ұмытпайтын. Сондықтан да болуы керек. Олжабай 
жырлағанда фарсы, араб, тіпті, кейде орыс тілінің де жеке сөздері кездесіп отыратын. Осы 
Олжабай  сан  мәртебе  домбырасын  қолға  алып,  өзі  дастан  шығаруды  да  ойлады.  Бірақ 
бірде-бір реті келмей-ақ қойды. Ол домбырасын ұстаса болғаны, дәл сол сәтте «ел шетіне 
жау  келіп  қалды!»  деген  жаршы  айқайы  естілетін.  Жырау  домбырасын  тастай  беріп,  енді 
қолына найзасын алатын. Осылайша ол Абылаймен бірге сан мәртебе жоңғарларға қарсы 
жорыққа  аттанған.  Жас  Абылай  қолға  түсер  жолы,  жоңғардың  үш  ноянын  өлтіріп, 
Олжабайдың өзі әзер құтылған... 
 
Олжабай енді жорықты тастап, қолына домбыра ап, ел қыдырып, халқының мұң-зарын 
жырлауды қаншалық арман етсе де, жаугершілік заман мұрша бермеді. Әзірге бар қолынан 
келгені,  өзі  секілді  ән  мен  күйді  аңсаған,  бірақ  қолы  оған  жетпей  жүрген,  жас  дарындарға 
жәрдем беру ғана. Ондай жасты құр қасына ғана ертіп жүрмей, атсызына ат берді, үйсізіне 
үй  берді.  Осындай  жастың  бірі  ата-анасынан  жетім  қалған  он  жеті  жасар  Көтеш  ақын  еді. 
Олжабай оны өзіне серік етті. Өзі жете алмаған өнер қиясына Көтештің жетуін тіледі. 
 
Осы  ақ  жүрек,  ескі  досы  Олжабай  енді,  міне,  Абылайдың  қанын  ішуге  аттанған  топпен 
бірге келе жатыр. 
 
Жоқ, бұл жай ереуіл емес, халық наразылығы әбден шегіне жеткен қанды ереуіл. 
 
Абылайдың  кенет  ешкімнің  ойына  келмеген  оқыс  шешім  алуына  осы  жағдай  себеп 
болды. 
 
— Келе жатқан Арғын ереуілшілеріне қарсы шықпай-ақ, бой тасалай тұрайық, — деді ол. 
 
— Сонда біз қайтеміз? — деп  ауылда қалатын қатын-қалаш, кәрі-құртаңдар шу етті. — 
Бекболат жігіттерін біз қалай тоқтатамыз? 
 
—  Арғын  жігіттерін  тойға  дайындалған  тағамдармен  жақсылап  қарсы  алыңдар!  Иілген 
басты ешкім де шаппайды, — деді сұлтан. 
 
Абылай  соны  айтты  да  жігіттерін  ертіп,  бел  асып  жүріп  кетті.  Үйі  тігулі,  жүгі  жинаулы, 
қазаны  асулы  қалды.  Өрістегі  малына  да  тимей,  әдейі  ауыл  төңірегіне  тастады.  Келер 
жауды қарсы алу күтуші жігіттер мен әйелдерге ғана міндеттелді. 
 
Екпіндеп  жеткен  ереуілшілер  мұны  көрген  соң,  күрт  басылды.  Бұл  —  Абылайдың  өз 
айыбын  түсініп,  кешу  сұрағаны  деп,  басалқы  айтушылар  да  табылды.  Өздері  шаршап, 
қарындары  ашып  келген  жұрт  мал  сойып,  қазан  көтеріп  жатқан  ауыл  адамдарымен  әкей-
үкей  табысып  кетті.  Аздан  кейін  қазандағы  ас  та  пісіп,  жігіттер  қауқылдасып,  кенелді  де 
қалды. 
 
Дәл  осы  сәтте  анадайдан  аттан  түсіп  жаяулап  келе  жатқан  Абылай  сұлтанның  өзі  де 
көрінді.  Қасында  бір-екі  адамы  мен  талай  жорыққа  бірге  аттанған  Тұрсынбай  батыр  ғана 
бар. 
 
Ботақанның немере ағасы Қапан мерген қара шиті мылтығын оқтап жіберіп, Абылайды 
атпақ боп тізерлей отыра қалып еді, Бекболат би ақырып жіберді:  
 
— Алдыңа келсе әкеңнің құнын кеш деген. Тоқтат!  
 
Қапан мерген орнынан амалсыз түрегелді. 
 
Абылай сәлем беріп, топ ортасына кіре берген. Сол уақта көлденең тұрған бір бозбала 
жігіт оның алдына жетіп барып, үкілі домбырасын қағып-қағып жіберді де, шырқап қоя берді. 
 
 
«Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, 
Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің, 
Сұлтаным, қарашыңмен дауыл болып, 
Үстіне ақ орданың қол келтірдің. 
 
Абылай, күйіп кетті салған қалаң, 
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң? 
Жанайды бүгінгі күн босатпасаң, 
Болады ертең жесір қатын-балаң!» 


 
105 
 
 
Бұл жігіт — Арғынның ішіндегі Сүйіндік руынан шыққан Көтеш ақын еді. 
 
Бұдан кейін билер дауы басталды. 
 
Абылай  өзін  кінәлі  санап,  Ботақанның  өлімі  үшін  үш  кісінің  құнын  —  әрқайсысы  атан 
бастаған тоғыз қарадан, жиырма жеті бас мал, оған қоса ат-шапан айып төледі. Өзін атпақ 
болған Қапан мергенге мылтығыңның қарымы қайтпасын деп, ал оны ұстап қалған Бекболат 
биге,  өлімге  қимаған  жақсылығың  үшін  деп,  құндыз  жағалы  күзен  ішік  пен  бір-бір  жорға 
мінгізді. Екі жақ бітімге келіп, жанжалдың аяғы тойға ұласты. 
 
Арғынның  бұл  келген  ереуілді  тобынан  Абылай  сұлтан  екі  затты  бүйіріне  қатты  түйді. 
Бірі — қарамағыңдағы бұқара өзіңе қарсы шықса, онда төре ісінің қараң қалғаны. Ашуланған 
халық  жараланған  арыстаннан  кем  емес,  өзіңді  жарақаттамай  тынбайды.  Төремін  деп 
басынба,  жазамен  ықтырам  деме,  шамаң  келсе  баурыңа  тартып  ашуын  басуға  тырыс. 
Екінші түйгені, сырт жауың болса, оған ел болып қарсы шығасың, не басын аласың, не қан 
сорпа  етіп  қуасың...  Ал  өз  еліңнің  қай  тентегінің  басын  кесіп  құртасың?  Мұндай  халықты 
билеудің жолы бөлек. Арыстанды темір торда ұстасаң ғана қауіпсіз. Халықты да үнемі темір 
торда ұстай біл. Мейлі ол саған ақырсын, айбат көрсетсін, бәрібір шаба алмайды, мерт ете 
алмайды.  Ал  бар  халыққа  темір  тор  құру  мүмкін  бе?  Жоқ,  халқыңа  деген  темір  торың,  құр 
ғана жалаңаш қылыш әскерің емес, ол ақылың, айлаң... 
 
Абылай өле-өлгенше осы екі тұжырымын бұлжытпай орындауға тырысып өтті. 
 
Қасымның  сүндет  тойы  сол  күні-ақ  түс  ауа  басталған.  Шабуылдан  аман  қалған  сұлтан 
аулы келген қонақтарын тік тұрып күтті. Күрес, көкпар, бәйге, айтыс, сайыс  — бәрі болып, 
тойға жиналған топ ертеңіне тарады. 
 
Сұлтан ордасында енді тек осы Көкшетау, Қараөткел, Атбасар, Қызылжар маңайындағы 
Орта  жүздің  басты  адамдары  мен  Абылайдың  үзеңгілес  батырлары  —  Арғын  тайпасына 
жататын  Бәсентин  руынан  Сырымбет,  Малайсары;  Қаржас  руынан  Олжабай;  Тарақты 
руынан  Байғозы;  Ұлытаудағы  Бағаналы  руынан  Оразымбет;  Керей  руынан  Тұрсынбай 
батырлар  қалды.  Бұл  жиынға  жер  шал-ғай  боп  Арғынның  аты  шулы  батырлары  Шақшақ 
Жәнібек,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Алтай  руынан  ағайынды  үш  бөрі  Жанұзақ,  Жолдыбай, 
Сеңгірбай;  Найманнан  Қаракерей  Қабанбай,  Кіші  жүздің  батырлары  Тайман  мен  Бұғыбай, 
Абылай сұлтанның ең жақсы көретін батырының бірі Уақ руынан Батыр Баян келмей қалды. 
 
Ханмен қадірі бірдей сұлтан өзге батырлардың келмегеніне бәлендей мән бермегенмен 
де, Батыр Баянды күткен-ақ еді. 
 
әрине,  Абылай  баласының  сүндетке  отыруын  сылтау  етіп,  бұл  жиынға  өзінің  үзеңгілес 
сенімді  батырларын  түгел-ақ  шақырған.  Оған  себеп  Әбілмәмбет  ханмен  арасы  алшақтап 
кеткен  Жоңғар  қонтайшысы  қазақ  жерін  тағы  шаппақ  боп,  қалың  қол  жинауда  деген  хабар 
алған. 
 
—  Жарандар,  —  деді  Абылай,  қонақтары  отырып  болғаннан  кейін  байсалды  үнмен,  — 
менің қайын ағам Қалден Церен қазақ елін қайта шаппаққа Ертістің арғы бетіне жиырма бес 
мың әскер дайындап отыр... 
 
Үйдегі жұрт тегіс елең етті. Кеңеске шақырылған кісілердің жас мөлшері, дәрежелері де 
әр  түрлі  еді.  Бәрінің  де  денелерінің  үстінен  сұп-суық  боп  жылан  жорғалап  өткендей  жан 
түршігер бір сезім билеп кетті. «Ақтабан шұбырындының» қанды уақиғасын әлі ешқайсысы 
да  ұмытқан  жоқ-ты.  Тек  о  жолы  жоңғар  әскері  қазақ  даласының  күнгей  жағын  шапса,  енді 
міне Орта жүздің негізгі қонысы Сарыарқаның шетіне кеп тұр. 
 
Канси өлгеннен кейін таққа отырғанына он сегіз жыл толған Қытай боғдыханы Цзянь-Лун 
Жоңғарға  деген  Қытай  саясатын  әлі  де  өзгертпеген.  Солтүстік  пен  күнбатысқа  қарай 
сырғытып,  шұрайлы  жерлерін  басып  алумен  болған.  Қарсы  келген  ойрат  жасақтарын, 
басым  күшпен,  бірін  қалдырмай  қырып  отырған.  Ол  күндегі  Қытай  әскері  көшпелі  ел  — 
Жоңғар хандығының әскерінен, соғыс өнері тұрғысынан қарағанда, анағұрлым күшті еді. 
 
Россия  империясының  қол  астына  кірген  Орта  жүздің  жеріне  Қалден  Церен  шабуылға 
шығуды ойласымен-ақ, Жоңғардың қанқұмар нояндарына Цзинь-Лун қолдан келер жәрдемін 
аямаған. Қару-жарағын да, азық-түлігін де берді. Аузынан жырып, күрішіне дейін төкті. 
 
әрине,  мұндайда  боғдыхан  өзінің  алтынын  да  аяған  жоқ.  Жоңғардың  қанды  қол 
түмендерін қалаған жағына жұмсай білетін нояндардың көбін алтынымен сатып алған. Сол 
себепті  де  жоңғар  әскері  орыс  бекіністерімен  қатар  жатқан  Орта  жүз  жеріне  қарай  бет 
бұрған. 
 
Жоңғар қонтайшысының осылай дайындалып жатқанын, Ертістің бергі жағын жайлаған 
Уақ  —  Керей  тайпасының  батырлары  да  айтып  келді.  Қалден  Цереннің  енді  тек  ыңғайлы 


 
106 
кезді  күтіп  отырғаны  мәлім  болды.  Әрине,  Қалден  Церен  Орта  жүзге  Әбілмәмбеттен  гөрі 
Абылай ықпалының күшті екенін біледі. Егер шу дегеннен қазақ әскерінің күйрей бастағанын 
көрсе, Абылай амалсыз менің жағыма шығады деп ойлады ол. Абылайдың Жоңғар жағына 
шығуы  —  жеңіспен  тең.  Егер  Орта  жүз  Жоңғар  жағына  шықса  орыс  қалаларының  іргесі 
ашылады. Қытай саясатшыларының да көздегені осы. 
 
Абылай бұл мәжіліске досын да, қасын да шақырып отыр. Әсіресе Жоңғармен көршілес 
рулардың әйгілі адамдары тегіс хабарланған. Әттең, Батыр Баян  келмей жатыр. Сұлтанды 
азырақ ренжіткен осы. 
 
Абылай  жаңа  ғана  бастаған  сөзін  енді  жалғай  берем  дегенде,  сырттан  дабырласқан 
дауыстар шықты. 
 
— Бұқар жырау келді! 
 
— Ұлы жырау аттан түсіп жатыр! 
 
— Арқаның ардагерін қарсы алайық! 
 
— Қош келіпсіз, Арғынның майталманы! 
 
Сөйткенше болған жоқ, бір топ адаммен ордаға Бұқар жыраудың өзі де кіріп келді. 
 
Бұл ұзын бойлы, қапсағай денелі, ат жақты, шоқша сақалды, қошқар тұмсық, еңселі кісі 
еді. Руы Баянауыл төңірегін жайлаған Алтынторы — Қаржас. Әкесі Қалқаман батыр шешен 
кісі  болған.  Алпыс  жасында  халқының  тәуелсіздігін  қорғаған  Бөгенбай,  Қабанбай  секілді 
батырлардың  ерлігін  көп  жырлаған  әйгілі    жырау.  Бұл  кезде  халық  «көмекей  әулие»  деп 
атап кеткен. 
 
Мәжілісте  келелі  мәселе  сөз  болғалы  тұрған  соң,  Бұқар  жырауды  Абылай  әдейі 
шақырған. 
 
Бұқар  кіріп  келгенде,  Абылай  өзі  түрегеліп,  оң  жағынан  орын  берді.  Жырау  бір 
қарағаннан-ақ үйде көптен бері бастары қосылмай жүрген адамдардың жиналғанын байқап, 
жүзі жадырап сала берді. 
 
— Арсыңдар ма, жарқындарым? 
 
— Барсың ба, Арғынның ақиығы! 
 
—  Бармын,  арысым...  Сен  той  жасағалы  жатыр  деген  соң,  ой  салғалы  шығып  едім. 
Бұрын Баян мен Көкшенің арасы жақын-ақ еді... 
 
— Енді алыстап кетіп пе, Бұқар аға? 
 
—  Жоқ,  жақын.  Бірақ  жақын  болса  да  алыс.  Ортаңа  салған  орыс  бекіністерін  орағыта 
жүремін деп кешеуілдеп қалдым. Ат-тон айыбым бар. Жырымды аласың ба, әлде шерімді 
аласың ба? 
 
Абылай  езу  тартты.  Адуын  жыраудың  «ортаңдағы  орыс  бекіністерін  орағытып»  деген 
сөзінен-ақ сезіктеніп, әңгімені бөтен жаққа бұрғысы келді. 
 
— «Жырыңыз» бен «шеріңізді» естіп, ат-тон айыпты біз төлеп жүрмесек нетсін, — деді 
күліп, — сол ат-тон айыбымды берместен бұрын, басқа бір өтінішім бар. 
 
—  Төренің  қарадан  өтініші  болмас,  өкініші  болар.  Шамам  келсе  өкіндірмейін,  арысым 
айта ғой. 
 
—  Түнде  түс  көрдім.  Табытта  жатыр  екенмін.  Басыма  ілінген  Үш  жүздің  жалауын  үш 
тобыр  жұрт  жұлып  әкеткелі  тұр.  Табытымның  бір  бүйірінде  арыстан,  екінші  бүйірінде 
айдаһар отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім-бұтағым. Уәлиден тараған бір ұрпағым маған құран 
оқып жатыр. Қасымымнан өрбіген бір тентегім қолына қанжарын ұстап мені қорғап тұр. Ал 
мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаһарға кезек қарап, мыналардан 
қалай құтылам деп жанталасудамын. Осы түсімді жорып берші, Бұқар аға? 
 
Бұқар тұнжырап біраз отырды. Үй іші де тына қалды. Әлден уақытта барып жырау: 
 
— Түс жору — түлкі аулаумен тең, кейде ізіне дәл түсесің, кейде шет кетесің, сөйтсе де 
жорып көрейін...  
 
— Сөйлеңіз, көмекей әулие... 
 
—  Қырыққа  келмей  табытта  жатсаң  —  өмірің  ұзақ  болады  екен.  Басыңа  жалау  тігіліп, 
оған үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге хан болады екенсің. Бірақ хан атына ие болсаң 
да, халқыңа ие бола алмайды екенсің. Сен өлген күні үшеуі үш жаққа ыдырап кетеді екен. 
Табытта 
жатып, 
екі 
бүйіріңдегі 
арыс- 
тан мен айдаһардан қалай қашып құтылам деп қорықсаң, өле-өлгенше еліңнің екі бүйірінде 
тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен өтеді екенсің... Ал аяқ жағыңда тұрған үрім-бұтағыңның 
ішінен  бірі  құран  оқып,  бірі  қанжар  қайраса,  Уәлидің  ұрпағынан  шыққан  бір  тұқымың  атын 
қағазда, ал Қасымнан туған бір балаң атағын майданда қалдырады екен. 


 
107 
 
Абылай үндемеді. 
 
— Үндемей қалдың ғой, сұлтаным. Шешуім ұнамады ма? 
 
— Бір ұрпағым атын қағазда, екінші ұрпағым атағын майданда қалдырады екен. Сонда 
мен өзім қайда қаламын?.. 
 
— Басыңа үш жалау босқа тігілді ме? Ісіңді ел ұнатса үш жүздің жүрегінде қаласың! 
 
Абылайдың  қабағы  жадырап  сала  берді.  Қазақ:  «еркектің  ақылы  қырықтан  бастап 
толады, алпыстан бастап солады» дейді. Абылай қазір қырықтан жаңа асып барады. Түсін 
жорыған сыншы жырау оның түпкі сырын дұрыс болжады. Абылай — қазақ елін ұлы елдер 
қатарында көргісі келді, хан болса сол ұлы елге хан болуды арман етті. Сондықтан да ана 
жылы тұтқында жатқан Абылайға Қалден Церен: «Дүниеде не жаман?» деп сұрағанда, ол: 
«Дүниеде аз асқа бақауыл, аз елге хан болған жаман» деп жауап берген. 
 
Абылай — Әбілқайыр да, Әбілмәмбет те, Барақ та, Нұралы да емес еді. Ол бұл кезде 
көп нәрсені түсінгенді. Өзінің әр әрекетін сол тұстағы көшпелі ел көсемінің қолынан келетін 
мүмкіндігіне қарай құратын. Ал тек құдай алдында ғана жауапкер Бұқар жырау болса, күнде 
өзгеріп жатқан дүние қайшылығын көріп, «дүние шіркін қайда бара жатыр?» деген аздаған 
күмәнда  болатын.  Сүйері  көк  шалғыны  толқынданып,  жұпар  иісі  аңқыған  қазақтың  жасыл 
даласы, тілегі — халқының қамы. 
 
Бұқар  жырау  үнемі  қасынан  тастамайтын  қарағай  домбырасын  қолына  алды.  Құлақ 
күйіне келтіріп, біраз шертіп отырды да, алыстан күркіреп келе жатқан жауар бұлттай, әуені 
қобалжыған бір термені бастап кетті. 
 
«Ай заман, заман-ай, 
Түсті мынау тұман-ай, 
Істің бәрі күмән-ай 
 
 
Осылай ол бір толғап алды да, әрмен қарай нөсерлете жөнелді. Жырау салынып жатқан 
бекіністер мен қазақ елінің болашағын толғады. 
 
Ол  әр  сөз  шумағын  лақтырған  сайын,  алпыста  емес,  жиырма  беске  жаңа    шыққан  жас 
жігіттей қызулана түсті. Қазақтың көсем ұлдарынан, әсіресе, Абылайдан ел қамын ойлауды 
талап етті. 
 
Жырау  толғауы  отырғандарға  ұнады  ма,  жұрт  енді  домбыраның  қағысымен  бірге 
қимылдап, қызулана «Уа, пәле!» деп қосыла теңселді. 
 
Жырау бір мезет ел  жайын емес, тек өз басының қамын ойлаған хандарды сөге келіп, 
кенет  сөзін  бітірді  де,  қолындағы  домбырасын  ашулана  есікке  қарай  лақтырып  жіберді. 
Шабыттанған  шақтағы  жыраудың  мұндай  әдетіне  қанық  есік  алдында  тұрған  атқосшы  жігіт 
домбыраны жерге түсірмей қағып алды. 
 
Бұқар жырау Абылайға түйіле қарады. 
 
—  Бар  сенгеніміз  сенсің,  Абылай!  Оң  жағыңдағы  тұңғиықтан  құтыламын  деп,  сол 
жағыңдағы шыңырауға құлап кетіп жүрме. Шүршіттің ызғарынан қорқып, орыс патшасының 
қолтығына  кірдім  деп  ант-су  іштің.  Мүмкін,  бұның  дұрыс  та  шығар...  Дегенмен,  «көппен 
кеңесіп пішкен тон келте болмас», жұртыңмен ақылдас. 
 
Абылай үнсіз тыңдап отыр. Қазақ даласы қазір үлкен қобалжу үстінде... 
 
Орынбор генерал-губернаторы Неплюев Ор, Елек, Жайық бойларында орыс бекіністерін 
салып, қазақ жерін отарлау саясатын қолға алса, Сібір генерал-губернаторы князь Гагарин 
де  одан  кейін  қалмаған.  Ол  бір  мың  жеті  жүз  он  үшінші  жылдың  өзінде-ақ  Бірінші  Петр 
патшаға  Ертіс  бойына  бекіністер  салудың  мүмкіншілігі  барын  айтып  хат  жазған.  Осыдан 
кейін  бір  мың  жеті  жүз  он  сегізінші  жылы  Семей  бекінісі,  бір  мың  жеті  жүз  жиырмасыншы 
жылы  Өскемен  бекіністері  салынған.  Бұдан  екі-үш  жыл  өткеннен  кейін  орыс  солдаттары 
Көкшетау  маңын  иемденіп,  жиырмасыншы-отызыншы  жылдары  Ақмола,  Баянауыл, 
Қарқаралы бекіністері тұрғызылған. Бұл бекіністердің бәріне солдаттар әкелініп, Россияның 
шалғай түкпірінен көшіп келген шаруаларға жер беріп, енді бұл араны біржолата қоныс ете 
бастаған.  Ал  Сәмеке  хан  қайтыс  болған  бір  мың  жеті  жүз  отыз  жетінші  жылдан  бастап, 
патша  үкіметі  Ақмола  мен  Көкшетау  арасына  жол  жүргізіп,  бекеттер  салуға  кіріскен.  Бұған 
он  мыңға  таяу  орыс  жұмыскерін  сонау  орталық  Россиядан  әкеп  төккен.  Бұл  жол 
Көкшетаудың 
тау- 
лы  алқаптарының  бойын  қуалай  он  жыл  ішінде  әзер  біткен.  Әрине  қазақ  жерінің  бұл 
«бөлісінде» 
шонжарлар 
өз 
ұпайын 
жібермеген. 
Жерлеріне 
жер 
қосып 
ал- 
ған.  Сөйтіп,  қазақ  кедейі  қиянатты  орыс  генерал-губернаторымен  бірге  өз  би, 


 
108 
сұлтандарынан да көрген. Қатар қоныстануға мәжбүр болған қазақ, орыс кедейлері өмірдің 
ауырлығын да, азабын да бірге тарта бастады. Осы қиындықта туған бауырмалдық қатынас 
ақыры екеуін бірдей апарып Пугачев ереуіліне қосты. Әділетсіздікке көнгісі келмеген қазақ 
аулына патша бекінісі мен хан ордасынан ел жылатқан «кәрі қылыш» жасағы шығып тұрды. 
Бірақ  қалың  халық  дәл  бүгін  ыңғайлы  сағатын  күтіп,  Ертістің  арғы  бетінде  қазақ  жерін 
шапқалы  Қалден  Цереннің  жиырма  мың  әскері  тұрғанын  білмейтін.  Бар  ұғары  жерінің 
тарылып, малының азайып бара жатқаны. Жырау толғауы да осыны айтады, халық та сол 
үшін оның сөзін ойлана тыңдайды. 
 
Ал халық күйзелісін өз көзімен көріп отырған, ел қамын ойлайды деген Абылайдың көп 
ісі Бұқар жырауға түсініксіз еді. Әбілмәмбет ханға  еріп, бір мың жеті жүз қырқыншы жылы, 
Қалден Церенге тұтқын болар алдында, Орынбор қаласына барып, қолдарына құран алып, 
«Қол  астыңызға  кірдік»  деп  патшаға  ант  беруі,  содан  кейін  Қалден  Цереннің  тұтқынынан 
қайтып  келісімен,  арасында  бір  ай  өтпей,  Абылай  сұлтанның  Неплюевке  немере  ағасы 
Жолбарысты  жіберіп  «Россияға  қарсылық  көрсетпей,  онымен  сауда-саттық  жүргізуге 
бармыз»  деп  хат  жазып  бас  июі  —  қарт  жырауды  ойға  шомдырған.  Бұл  аз  бол- 
ғандай,  Абылай  бір  мың  жеті  жүз  қырық  бесінші  жылы  Тобыл  губернаторы 
А. М. Сухаревке «Үйсін руын да патша ағзамның қол астына алуларыңызды сұраймын» деп 
хат  жолдаған.  Бір  мың  жеті  жүз  елуінші  жылдары  Абылай  қазақ  жеріне  салынған  орыс 
қалаларының  жәрмеңкелеріне  өзі  қатынаса  бастаған.  Ал  Барақ  сұлтан  Әбілқайыр  ханды 
өлтіргеннен  кейін,  оны  қорғаудың  орнына,  Кіші  жүздің  ханының  қазасына  қиналып,  Барақ 
сұлтанды  «жауыз»  деп,  Орынбор  әкімдері  Әбілқайырдың  балалары  Нұралы,  Айшуақ, 
Ералылармен көбірек ақылдасып тұруын өтініп Неплюевке тағы хат жіберген. Осының бәрі 
қазақ халқының қамын ойлаған жырауға әзірге түсініксіз жәйттер. 
 
«Абылай не айтар екен?» деп үйде отырғандар тына қалды. Бірақ осы жұртты басқарып 
отырған  Абылай  өз  ойын  аша  алар  ма  екен?  Ел  құлағы  елу,  аузынан  шыққан  сөз  ертең 
жіпке тізілгендей боп теп-тегіс Орынборға, Тобылға, тіпті Қалден Церен отырған Ташкентке 
де  ізін  суытпай  жетеді.  Ол  сөзді  сәл  кешігіңкіреп  боғдыхан  да  естиді.  Әйткенмен,  жауап 
бермей құтыла алмасын білген сұлтан, енді Бұқар жырауға қарай отырып сөйледі: 
 
—  Ант-су  іштің  дейсің,  ұлы  жырау.  Осындай  антты  «Жоңғарға  қарсы  қол  көтермеймін» 
деп,  тұтқыннан  босанар  алдында  қайын  ағам  Қалден  Церен  қонтайшыға  да  бергем..  Ал 
бүгін  оның  әскерін  өзінен  бұрын  шаппақшы  болып  отырмын.  Өйткені  мен  шаппасам  ол 
шабады. Сонда қазаққа менің ант-суымнан қандай пайда? 
 
— Жөн делік... Ал батысың қалай? 
 
Абылай басын шайқады: 
 
— Орыс елі Жоңғар хандығы емес қой. 
 
— Шүршіт елі де оңай емес. Бізге бәрінің де күші жетеді. 
 
— Сол себептен де даламызға бекініс салдырып жатқан жоқпыз ба? Россияға сүйенбей, 
шүршіттерге  төтеп  бере  алмаймыз.  Шүршіттердің  ойын  қонтайшының  өзі  айтқан.  Олардан 
енді Жоңғардың өзі құтыла алмай отыр. 
 
—  Шүршіт  боғдыханы  да  біздің  жерімізге  бекініс  салам  десе  қайтесің,  —  деді  Бұқар 
жырау. 
 
—  Онда  соғысамыз.  Өйткені  шүршіт  біздің  ішімізге  кіріп,  орыс  патшасындай  бекініс 
салар болса, — деді Абылай, қазақ атаулысы құл болар еді. 
 
Үй  іші  тағы  тына  қалды.  Қытай  боғдыхандарының  жауыздығы  қазақ  еліне  ежелден 
таныс.  Өрт  алған  жерде  жуырда  шөп  шықпайтын,  Қытай  жауынгері  өткен  жақта  тірі  жан 
қалмайтұғын.  Талай  уақ  халықты  жұтып  жібергенде  Қытай  боғдыхандарының  тамағы 
аждаһаның тамағындай жалмауыз кең келетін. 
 
—  Бұқар  аға,  жалғыз  жолаушыға  топ  қасқыр  шапса,  жолаушы  ең  алдымен  қайсысына 
қылышын сермейді? — деп сұрады Абылай. 
 
— әрине, ең таяу қалғанына, сұлтан. 
 
Бұқар жырау бұл жұмбақ адамның кім екенін енді түсінгендей Абылайға ойлана қарады. 
Қазақ  елін  қан  қақсатқан  алдымен  Қалден  Церенді  жеңбек.  Өзге  жауларын  содан  кейін 
барып ойланбақ... 
 
Абылай кенет жанында тұрған қоржынынан бұзау терісіне салынған картаны алды. 
 
— Міне, — мына жерде Қалден Цереннің әскері тұр, — деді, — бір күні болмаса бір күні 
олар Ертістен бері өтеді. Сол уақытта үш жүздің әскері, міне, мына тұстан кеп үш жағынан 
қоршайды.  Көрсін  сонда  Қалден  Церен  осы  қақпаннан  құтылып!  Даян  ханнан  бері 


 
109 
жоңғарлар үнемі біздің көк желкемізден шығып келген. Ал бұл жолы олардың көк желкесінен 
біз шығамыз. 
 
—  Ертіс  жағасына  келіп,  Кіші  жүздің  батырлары  соғысқа  қатынасады  дегенге  сенгім 
келмейді, — деді Бәсентиін батыры Сырымбет. 
 
—  Неге?  —  деп  елең  ете  қалды  төртбақ  келген,  Тарақты  батыры  Байғозы.  —  Орта 
жүздің 
батырлары 
сонау 
Еділ 
қалмақтарымен 
ұрсысып 
жүрген 
жоқ па... 
 
— Кімің бар ол жақта ұрсысып жүрген?.. 
 
— Жетім сары Шақшақ батыры Жәнібек ше? 
 
—  Ойдөйт  дегенің!  —  деді  екі  иығына  екі  кісі  мінгендей  жалпақ  жаурын,    алшақ  кеуде 
Сырымбет.  —  Жәнібек  қалмақтармен  ұрысса  —  өзінің  қайын  ағасы  Әбілқайырдың  жоғын 
жоқтап  отыр.  Қала  берді  Жетім  сары  Шақшақтың  қонысы  хан  аулымен  аралас-құралас, 
Ырғыз  бен  Торғай  өзендерінің  өңірінде  отырған  жоқ  па?  Жәнібектің  аулы  деген  құр  аты... 
Әбілқайырмен жері де бір, суы да бір... 
 
Абылай ұнатпаған рай байқатты: «Міне, үнемі осылай. Біздің жеріміз Ертіс, сенің жерің 
Жайық деп, бар қазақ быж-тыж боп бөлініп шыға келеді. Жоқ, мұндай жұртпен жауды жеңу 
қиын, ең алдымен өз еліңнің басын қосып ал. Сосын барып жауыңа тиіс. Сонда оның басын 
қалай қосу керек? Қотанына қасқыр тимей ел ұйқысынан оянбайды. Қазіргі қазақ елі сондай. 
Қотанына  тигелі  тұрған  қасқыр  —  тағы  Қалден  Церен.  Сен  осыны  пайдалан,  бастарын 
біріктіре бер. Майданға бірігіп шықса, артынан ыдырауы қиынға түседі... Елің бірікпей жауды 
жеңем деп үміттенбе...» 
 
Кенет  жұрт  назарын  аударып,  үйге  Ертістің  арғы  бетіне  жіберілген  барлаушылар  кіріп 
келді.  Олардың  айтуы  бойынша,  Ертістің  арғы  жағындағы  Жоңғар  ұлыстарына  әлі  Қалден 
Церен әскері келмеген көрінеді. Әркім әр түрлі жорамалдайды деді барлаушылар. 
 
Абылай  ойланып  қалды.  «Иә,  әккі  қонтайшы  ойламаған  жерден  жау  шаппасын  деп 
әскерінің  жатқан  ұясын  жасырған  екен.  Мұндай  жайда  жоңғар  жасағының  шабуылды  қай 
тұстан  бастайтынын  ешкім  біліп  болмайды...  Сірә,  Қалден  Церен  жауынгерлерін  әлі  ел 
түпкірінен қозғамаған болу керек. Әрине, Жоңғардың тоқпақ жалды мықыр жылқысы үш-төрт 
күннің ішінде-ақ текіректей желе шауып отырып бұл араға жетіп үлгереді. Қонтайшы соған 
сенеді. Шыныменен Қалден Церен Сарыарқаға аттанбақ па? әлде Түркістан майданын кең- 
ейте  түсіп,  Арал  арқылы  Кіші  жүзге  қарай  ойыспақ  па?  О  да  мүмкін.  Екі  жаққа  екі  қол 
шығарады  деген  де  сыбыс  бар  еді  ғой,  әлде  солай  ма  екен?  әттең  не  керек,  Үш  жүздің 
әскері бірдей бағынса ғой бұған. Онда әр жүздің әскерін әр тұсқа қойып, Жоңғардың келуін 
асықпай  күтер  едім-ау!  Бір  жетіде  екі  жүз  мың  атты  әскер  жинап  алатын  Қасым  хан  дәуірі 
әлдеқашан  өткен!  Көрінген  қара  тасқа  сала-сала,  алмас  қылыштың  да  жүзі  майырылған! 
Енді  міне  қасқыр  қай  үңгірден  шығады  деп,  шиті  мылтығыңа  сүйеніп  жан-жағыңа  алақтап 
қара да отыр...» 
 
... Кеңес ақыры қазақ қолдарының жиналатын жерін Телікөл тұсы болсын деп ұйғарды. 
Бұл  ара  Үш  жүздің  әскеріне  бірдей  жақын.  Әрине,  Әбілқайыр  сарбаздары  келмейді,  бірақ 
Жоңғарға  өшіккен  Кіші  жүзде  қазақ  батырлары  аз  ба?  Ең  болмағанда  Ырғыз,  Торғай 
бойындағы Қошқарұлы Жәнібекке бағынышты Орта жүздің жауынгерлері келіп қосылар. Ал 
Ұлы жүз әскері жоқтың қасы. 
 
Абылай  аулы  көктемнің  алғашқы  күндерінде-ақ  Сырымбет  беткейінен  Бурабай  көлінің 
жағасына  көшетін.  Көл  жағасының  қызғалдақты,  сарғалдақты  көк  балауса  шөбі  ерте 
көтерілетін.  Қарағай  мен  ақ  қайың  сыңси  біткен  Бурабай  маңайы  адам  айтқысыз  бір  әсем 
сурет. Осы жайлауында Абылай аулы жаз өткенше болатын. 
 
Сұлтан  кеңесі  бітісіменен,  Сарысу  бойында  отырған  Орта  жүз  ханы  Әбілмәмбетке 
өздерінің  шешімін  айтып  шабарман  жіберді  де,  тамыздың  бас  шенінде  Абылай  аулы  да 
Көкшенің  биік  тұсы  Бурабайға  қарай  көтерілді.  Салтанатты  көш,  көшпен  іргелес  шоқтай 
иіріп, шашау шығармай айдалған қалың көк ала жылқы. Жаугершілік заман; көшті, жылқыны 
қоршай, астарындағы болат тұяқ бедеулері мен бәйгі күреңдері жіті басқан, сойыл ұстаған, 
кілең шолақ сауыт киген батыр жігіттер... Көш ыңғайына қарай, соңынан шұбырған қара мал, 
оттай 
жайылған 
қой-ешкі 
тіпті 
кейін. 
Ауыл-ауылдың 
арасында, 
жор- 
ға  салыстырған,  сары  даланы  бастарына  көтере  ән  салған  топ-топ  қыз,  боз- 
бала... 
 
Аулын Бурабай көлінің жағасындағы «Абылай алаңы» аталатын көк майсалы, сыңсыған 
марал  отты,  қызыл  ағашты,  ақ  қайыңды,  аршалы  тау  қойнауына  қондырысымен,  Абылай 


 
110 
Ұлытау  арқылы,  Бетпақдалалатып,  Телікөлге  қарай  аттанды.  Көкше  теңіз  арқылы  емес, 
алыс  та  болса  осы  жолды  таңдады.  Көкшетаудан  Телікөлге  дейін  екі  мың  шақырымдай 
дала. Ал осы далада сыңсып  отырған Орта жүздің рулары. Көкшетау, Сандықтау, Атбасар, 
одан  әрі  қарай  Есілді  жағалай,  Терісаққан  өзеніне  жетеді,  Қара  қойын  Қашырлыны  басып, 
Ұлытауды  бөктерлей,  Қара  Кеңгір,  Сары  Кеңгір,  Жезді  өзендерінен  асып,  Сарысуға  қарай 
шығатын  сүре  жолмен  Телікөлге  беттейді.  Осы  жердің  бәрінде  Арғын,  Қыпшақ,  Найман, 
Тарақты,  Уақ,  Керей.  Ұлытаудың  күнбатыс  жағында  Торғай  алқабы  қаншама  ел.  «Сонау 
Көкшетаудан шығып, Абылай Жоңғарға аттанып бара жатыр екен!» деген лақап осы қалың 
елге жетсе, бүкіл қазақ ауылдарының Жоңғар қонтайшысына қарсы тік көтерілетініне сұлтан 
шек келтірмеген.  Жолда бір жарым айдай жүріп, Телікөлге кеп шатырын тіккенде, Арқадан 
жеткен  жауынгерлерден  көз  тұнатын  еді!  Абылай  өткен  жерден  қосылмаған  қол  жоқ. 
Саумалкөл  мен  Телікөлдің  арасы  ығы-жығы,  қара  құрымдай  қаптаған  әскер.  Ертеңіне 
Абылайдың  шатырына  жігіттерімен  келген  әр  рудың  басты  адамдары,  батырлары  тегіс 
жиналды. 
 
Анықтап  есептегенде  отыз  мыңнан  астам  жауынгер  басы  көрініпті.  Бұл  «Ақтабан 
шұбырынды» басталғалы, қазақтың ең алғашқы рет бірігіп, мол қол жинағаны. Әлі де келіп 
жатқан  топтар  аз  емес.  Басы  Жәнібек,  қарт  Бөгенбай,  Арғынның  аты  шулы  батырлары 
Тайжігіт, 
Тасболат, 
Сырымбет, 
Жанатай, 
Жан- 
ұзақ,  Сеңгірбай,  Олжабай,  Малайсары,  Оразымбет.  Абылайдың  қамқорлары:  Толыбай  би, 
Қарауылдың  шешені  Қанай  би,  Жәпек  батыр.  Сырғалы  Елшібек,  Шекті  Тайман,  Табыннан 
Алтай батыр. Әрқайсысының қасында мыңдаған, жүздеген жауынгерлер. Қазақ даласында 
бұл  кездерде  атағы  шыққан  аты-шулы  батырлардан  Қаракерей  Қабанбай,  Кіші  жүзден 
Бұғыбай,  Уақ  руынан  Батыр  Баянның  жоқ  екенін  Абылай  іштен  түйіп  отыр.  Әсіресе  Баян 
батырдың  осы  уақытқа    дейін  келмеуі  өкінішті-ақ.  Ерлігімен,  ел-жұрты  үшін  жанқиярлық 
ісімен  танылған  Батыр  Баян  Қанжығалы  Бөгенбай  мен  Қаракерей  Қабанбайдан  кейінгі  ең 
сүйікті батыры еді. Анау екеуі болса қазір пайғамбар жасына келіп қалды, ендігі ең сүйеніші 
со Батыр Баян мен өзімен бірге Қалден Церенде тұтқында болған Жәпек еді. Ел шетіне жау 
келсе,  ең  алдымен  жетіп,  алдыңғы  шепте  жүретін  Батыр  Баянның  осы  уақытқа  дейін 
келмеуін Абылай жаман ырымға жорыды. «Оның өз басына бір қауіп туды, не ел-жұртының 
қамына да қаратпайтын бір пәлеге душар болды» деп ойлады. 
 
Арқада  Обаған  атты  өзен  бар.  Бұл  өзеннің  бойын  ежелден  Уақ  руы  жайлайтын.  Орта 
жүздің жеті арысының бірі болып келетін Уақ руынан бүкіл қазақ даласына әйгілі Ер Көкше, 
Ер Қосай атты батырлар шыққан. 
 
Осы Уақ руына жасының қартайған шағында келіп сіңіп кеткен, Жәнібек ханның кезіндегі 
атақты  батырының  бірі  Саяннан  туған  Аян  батырдың  бір  ұрпағы  осы  Батыр  Баян  еді. 
Қарадан  шықса  да  жеті  атасынан  әйгілі  батыр  тұқымы  болғандықтан,  ел  басына  күн 
туғанда, осы Баян атқа ерте қонды. Өзінің асқан ерлігі, халқы үшін жан пида етерлік істері 
арқасында  ол  көп  кешікпей  Уақ  руының  көсеміне  айналған.  Әке-шешесі  қалмақ 
шабуылының  бір  үлкен  айқасында  қаза  тапқан.  Өзімен  бір  туған,  биыл  он  беске  шыққан 
Ноян атты інісі ғана бар. Ноян әлі қолына найза ұстап жауға шапқан жоқ, бірақ алақанына 
түкіріп,  бүгін-ертең  менің  де  кезегім  келер  деп,  бойына  біткен  қайратын  жұмсайтын  жер 
таппай, аласұрып, ауылда әзер жүрген. Өрт мінезді бала жігіт бір-екі рет ағасына «жорыққа 
мені  де  ала  бар»  деп  жалынғанда,  Баян  оған:  «Кезің  келер,  жорық  сенен  қашып  құтыла 
алмайды. Әзірге сойыл соғып, садақ атып, соғыс өнерін әбден үйрен!» — деп ертпей қойған. 
 
Баянның  да  қазір  қырыққа  таяп  қалған  кезі.  Сұңғақ  бойлы,  аққұба,  сұлу  мұртты,  көрікті 
жігіт.  Жалғыз  інісін  жанындай  жақсы  көреді.  Ағалық  үлкен  сезімнің  әсерінен  де  ол  өткен 
жылғы Іле бойындағы жоңғарларға қарсы аттанған сапарында, Ноянның «мені де ала кет» 
деп көзінен жасы мөлтілдеп тұрып өтінгеніне қарамай, ертпей кеткен. 
 
Екі  жақтың  да  қолы  шығын  болғанмен,  бұл  жолы  қазақ  жігіттерінің  жоң- 
ғарлармен айқасы қиынға түсті. Кескілескен, бірін-бірі аямаған қан төгіс үш күнге созылып, 
ақырында саны сәл басым Баян жағы жеңді. Қазақтың бес жүз жарақты жігіттерінен үш күн 
ұрыстан  кейін  тек  екі-ақ  жүзі  қалды.  Төртінші  күні  ұрысқа  шыдар-шыдамасын  білмей,  Іле 
бойының қалың тораңғыл, жиде тоғайының арасында жатқан осы екі жүз жігіт, таң ата, үш 
күннен  бері  өздері  соғысқан  жоңғарлардың  сегіз  аулының  бірден  көтеріле,  тайлы-таяғына 
дейін  қалмай,  ұбырып-шұбырып,  Қытай  жағына  қарай  көшіп  бара  жатқанын  көрді.  Қазақ 
қолы  бұл  оқиғаға  алдымен  таң  қалды.  Сөйтсе  де,  олар  мал  қайырлап  жүрген  бір  жоңғар 
шалынан  ауылдардың  неге  үркіп  қашып  бара  жатқанын  білді.  Жоңғар  ауылдарына: 


 
111 
«Кешеден  бері  ұрысып  жатқанымыз  қазақтардың  жәй  әшейін  ертөле  топтары  екен, 
Бөгенбай мен Қабанбай басқарған бес мың қол бүгін түсте осы Іле жағасына жетеді екен», 
— деген хабар кепті. Осы хабардан кейін Іле қойнауындағы жоңғарлардың мына сегіз аулы 
қопарыла  көтеріліпті.  Бұл  хабардың  қалай  шыққанын  қазақ  жігіттері  артынан  барып  естіді. 
Жоңғарлардың  қолына  түскен  бір  өжет  сарбаздан:  «Бәрібір  өлесің,  егер  шыныңды  айт- 
саң  қоя  береміз»  деп  осы  ұрыстағы  жоңғар  батыры  жауап  алады.  Одан:  «Осыншама  елге 
шағын қолмен қалай келіп тиістіңдер? Неменеге сендіңдер?» деп сұрапты. Жігіт: «Сендерді 
жеңетінімізге сендік!» депті. «Қалайша? Осыншама жоңғарды бес жүз сойылмен жеңбек пе 
едіңдер?» деп мысқылдап күледі жоңғар батыры. Сонда өжет жігіт: «Бәрібір қырыласыңдар! 
Артымызда Бөгенбай мен Қабанбай басқарып келе жатқан бес мың қол бар! Олар таң ата 
жетеді!  Біз  тек  Јртөлелер  тобымыз!»  дейді.  «Өтірік  айтасың!  Шыныңды  айт!  әйтпесе 
өлтіреміз! Ал егер айтып тұрғаның жалған болса, қазір босатамыз. Тек бізді алдама!» деген 
Жоңғар батырының қорқып тұрғанын білген қазақ жауынгері «бәрібір мені өлтіресің, онан да 
зәреңді ала өлейін»  — деп айтқанынан танбапты. Жоңғар батыры сенеді. Еліне сол түнде 
қопарыла  көшуге  бұйрық  береді.  Әлгі  сарбазды  өз  қолымен  бауыздайды.  Қазақтың  қалың 
қолы  келе  жатыр  деген  сөзді  естіген  жоңғар  ауылдары  алды-артына  қарамай  қаша 
жөнеледі. Бұл оқиғаның неден болғанын соңынан естіген қазақ жігіттері, дәл осы сәтте жаңа 
ғана үйлерін жығып, көштері енді қозғала берген соңғы жоңғар батырының аулына тоғайдан 
шыға лап қояды. Батыр Баян бастаған екі жүз жігіт көшке екі жүз аш қасқырдай тиеді. Әбігері 
кеткен  көш  жөнді  қарсылық  көрсете  алмайды.  Жоңғардың  бас  батыры  Батыр  Баянның 
қолынан қаза табады. 
 
Бірақ  шабылған  елден  Батыр  Баянның  жігіттерінің  қолына  жөнді  олжа  ілікпеді.  Тек  шу 
дегенде  қоршауында  қалған  бір  топ  қыз-келіншек  пен  аздаған  мал-мүлік  қана  қолдарына 
түсті. Босқан елдің көп дүниесі Іле өзенінің суына кетті. 
 
Ұрыс  бітіп,  болмашы  олжаға  көңілі  толмай  тұрған  Батыр  Баянның  кенет  екі  бетіне  қан 
жүгіріп құлпырып сала берді: 
 
— Мынау адам баласы ма, әлде періште ме? — деді ол қасында тұрған Жәпек батырға, 
қолға түскен бір топ қыз-келіншектің ортасындағы, үлбіреген  жас сұлу қызды көрсетіп. 
 
— Бұл Қорен батырдың он бес жасар жалғыз қызы Құралай сұлу, — деді Жәпек. 
 
— Қай Қорен? 
 
—  Кеше  Жанатай  батырды  найзалаған,  ал  бүгін  сенің  қолыңнан  қаза  тапқан  жоңғар 
батыры Қорен... 
 
Баян  Тұлпаркөгін  тебініп  қап,  қоршауда  тұрған  қыз-келіншекті  бір  шолып  өтті.  Құралай 
десе  құралай-ақ  екен!  Мөлдіреген  екі  көзі  тостағандай,  қара  торы  жүзі  сәл  қаны  қашып 
қуқыл  тартқан,  қолаң  шашы  шұбатылып  үзеңгіден  асып  жатыр,  басына  киген  сүйір  төбелі 
құндыз  бөркі  мен  күміс  зерлі  қара  мақпал  қынама  бешпент-шалбары  күміс  ер-тоқымымен 
жарасып  тұр.  Осынау  көрік,  жарастық  көзді  еріксіз  тартып,  барады.  Қызға  тесіле  қараған 
Батыр  Баян  жүдей    жаудыраған  қарақат  көздің  қиығынан  өзіне  деген  бір  өшпендіктің 
ұшқынын сезіп қалды. 
 
— Атың кім, Құралай ма? — деді ол қызға. 
 
—  Атым  Құралай,  біліп  тұрып  несіне  сұрайсыз?  —  Қыз  теріс  бұрылып  кетті.  Бірақ  ол 
қазақ батыры атын қалай біліп қалғанына таң қалды. Баянға сол сәтте бір тәуекел ой келді. 
Жүрегін өртеп бара жатқан сезім жалынын баса алмай: 
 
—  Мына  қыз    менің  олжам!  —  деді  Құралайды  қамшысының  сабымен 
меңзеп. 
 
Ат  жалын  тартып  мінгелі  Баянмен  үзеңгілес  болып  келе  жатқан  Жәпек  сан  олжаны 
бөлген кездерінде әйгілі батырдан бұрын-соңды мұндай сөзді естіп көрмеген-ді. Баян сөзіне 
бұл да таңырқады. Жолдасының бетіне көз қырын сәл аударды да, батырды қандай сезім 
билеп тұрғанын енді ұғып: 
 
—  Болсын!  —  деді  сосын  күзетші  топтың  екі  басты  жігітін  шақырып  алды.  —  Құралай 
сұлуды  көздеріңнің  қарашығындай  сақтаңдар.  Ақ  бетін  қарға-құзғын  шоқып  жүрмесін.  Бұл 
қыз Батыр Баянның олжасы. Ұқтыңдар ма? 
 
— Ұқтық. 
 
Өзіне  сұқтанған  көрікті  кісі  қазақтың  аты  шулы  ардагері  Батыр  Баян  екенін  Құралай  да 
қолға  түсісіменен-ақ  сұрап  білген.  Әкесі  Қореннің  сүбесіне  көк  найзасын  бойлата  бұлғап, 
Батыр Баянның өлтіргенін өз көзімен көрген. Қолға түскен киіктің лағындай жаутаңдаған жас 
сұлу,  «мына  қыз  менің  олжам»  деген  батырдың  сөзін  естігенде,  жүрегі  дір-дір  қағып,  өн 


 
112 
бойы  қалшылдап  кетті.  «Олжа!»  деген  сөздің  ар  жағына  не  жататынын  ес  білгеннен-ақ 
түсіне  бастаған  сұлу  қыз  дәл  осы  сәтте  әкесін  өлтірген  адамның  еркіне  берілу  —  өзі  үшін 
кешірілмес күнә деп есептеді. Өн бойын енді бір ызаның, қайтпас қайсар кектің оты билеп 
әкетті.  «Сенің  олжаң  болып  қасыңа  жатпасқа  ант  етемін,  —  деді  кенет  күбірлеп  жоңғар 
әйелдерінше  екі  қолымен  көкірегін  басып.  Қыз  дәл  осы    ашу  үстінде,  Батыр  Баян  әкесін 
көзінше  өлтіріп,  өзін  қандай  жылатса,  Батыр  Баянның  да  дәл  өзіндей  боп  жылауын  арман 
етті. Шамасы келсе кек алуға анасының ақ сүтімен серт берді. 
 
Ат  жалын  тартып  мініп,  жорыққа  аттанғалы  Батыр  Баян  осы  сапарын  ең  олжалы 
сапарым  деп  есептеді.  Бірақ  өзге  серіктерінің  қабағы  қатыңқы  еді.  Бұны  Батыр  Баян 
байқаған  жоқ,  есіл-дерті  жоңғардың  тұтқын  қызы  болды  да  тұрды.  Тезірек  Обағанға  жетіп, 
некесін қиғызып, үшінші әйелі етіп алғанша асықты... Батыр Баянның өзіне деген ықыласын 
іштей сезсе де, қыз көңілі селт етпеді,  ол күзетші жігіттерден елде Батыр Баянның он бес 
жасар інісі бар екенін естігенде, жүрегінің түбіне бір сұрқия сырды түйгендей болды. 
 
Қол ұзақ жүріп, ақыры Обаған өзеніне де жетті. Ұрыста қаза тапқан балаларын жоқтаған 
кемпір-шалдар  мен  ерлерінен  айрылған  қаралы  әйелдер  дауыс  қып,  бүкіл  даланы  басына 
көтерді. Сөйтсе де жаудан олжалы қайтқан Батыр Баянның алдынан шығып оны жеңісімен 
құттықтаған  ел  адамдары  да  көп  еді.  Батыр  Баян  серіктерін  біртіндеп,  таратып,  жиырма 
шақты  жігіті  мен  Құралайды  ғана  жанына  қалдырып,  өз  аулына  таяған  кезде,  жанында  он 
шақты құрбысы бар, алдынан Ноян шықты. Астындағы ақ боз жорғасын ағызған қалпында: 
«Көке!  Көке!»  деп  ағасының  қасына  жетіп  келгенде,  қуанғанынан  екі  көзі  жасаурап  кеткен 
Батыр Баян, інісін жас баладай атының үстінен көтеріп алды. 
 
— Көкетай, әбден сағындым ғой... 
 
— Жалғыз баурым. Сені көргенше өзім де өліп қала жаздадым ғой. 
 
Ағасының  құшағынан  босанған  Ноян  енді  өз  атына  қайта  мініп,  Баянның  өзге 
серіктерімен  амандаса  бастады.  Кенет  сәл  кейінірек  тұрған  Құралайға  көзі  түсті.  Сол-ақ 
екен, жас жігіттің бойын бір ыстық леп шарпып әкеткендей, ат үстінен ауытқып барып, өзін 
әзер ұстап қалды. 
 
— Көк...е, бұл кім? — деді тілі күрмеле сөйлеп. 
 
«Жеңгең» деуге Батыр Баянның аузы бармады. 
 
—  Тұтқын  қыз  ғой...  —  дей  салды  інісінің  сөзіне  мән  бермей.  Бұл  кезде  Құралай  да 
жаудыраған  қарақат  көзін  жас  Ноянға  қадап  қалып  еді.  Кенет  қыздың  да  екі  бетінің  ұшы 
қызарып,  бойын  бір  тәтті  сезім  өртеп  кетті.  Жас  жігіт  көз  тоярлықтай  сымбатты  екен.  Тіпті 
түр-келбеті  ағасынан  да  көрікті  ме  қалай.  Қыз  жүрегі  алып-ұшып,  жігіт  бетіне  тағы  қарады. 
Ноян  да  одан  көзін  алмай  тұрған,  екі  жанар  түйілісіп,  бір-бірінен  ажырамай  сәл  тұрды  да, 
екеуінің де ішіне от тастап барып тайқып кетті. Осы сәтте қыз да, жігіт те бірінсіз бірі  өмір 
сүре алмайтынын түсінгендей... 
 
— Сауға, көке! — деді Ноян ағасына жалына қарап. — Бір жолғы олжаңды маған қи!.. 
 
Баянның жүрегіне біреу қанжар сұғып алғандай болды. Жайшылықтағы әдетіне салып, 
«ала қой» дей алмады. «Жоқ, бұл жолғы сұрағаныңды бере алмаймын» деуге інісінің көңілін 
тағы қимады. Аузына сөз түспей көп тұрды. 
 
—  Мұндай  сауға  тілеуге,  Ноянжан,  сен  әлі  баласың  ғой,  —  деді  бір  уақытта  даусы 
қарлығып. — Ер жет, саған бұдан да сұлу қор қызын әкеп беремін. 
 
— Жоқ, көке, маған қор қызының керегі жоқ, осы сұрағанымды бер, — деді Ноян, жоңғар 
қызының отты жанарының лебіне еріп бара жатқандай, екі беті бал-бұл жанып. 
 
Дәл осы сәтте Құралай сұлу үн қосты. 
 
— Көкежан, — деді бұ да Батыр Баянның туған қарындасындай еркелеп,  — менің әкем 
жоқ  қой,  сізді  бұдан  кейін  «Көке»  деп  атаймын.  Беріңіз  ініңіздің  бір  тілегін.  Мен  де  сізден 
соны қалаймын. 
 
Өзіне Жоңғар лебізімен қазақша тіл қатқан сұлу қыздың сиқырлы сөзін естігенде, Батыр 
Баянның жаны бұрынғысынан да күйіп кетті, не дерін білмей. 
 
—  Жақсы,  кейін  көрерміз!  —  деп  атына  қамшыны  басып  қап,  ауылға  қарай  шаба 
жөнелді. 
 
Осы  күннен  бастап,  Ноян  мен  Құралай  арасында  махаббат  оты  өрши  түсті.  Қыз  жігітті 
қанша  жақсы  көрсе  де  қызыл  ернінен  сүйгізуден  артыққа  бармады.  Ноянның  махаббаттан 
есі  ауып,  басы  айналды.  Қыз  одан  көрі  естияр  еді.  Әкесінің  Батыр  Баян  қолынан  қалай 
өлгенін  көз  алдына  елестетсе-ақ  болғаны,  өз  бойын  жинап  ала  қояды.  Өне  бойын  кек 
кернеп, қатуланып кетеді. 


 
113 
 
Ал  Батыр  Баянның  жүрегі  қан  жылауда  еді.  Екі  жастың  бірін-бірі  шын  сүйгенін  көрген 
сайын,  өртене  түседі.  Ер  жігіттің  ғашықтық  сезімнен  арылуы,  көк  темірдің  суарылып, 
құрышқа  айналуымен  тең.  Өз  жүрегін  қайта  соқтыру  үшін,  оған  енді  басқа  адам  боп  туу 
керек. Бірақ ел-жұртының намысы, тәуелсіздігі үшін жанын қиюға дайын Батыр Баян, жақсы 
көрген  інісінің  көңілі  үшін,  өзін-өзі  қиянат  жолынан  ұстай  білді.  Жүрегі  оттай  өртенсе  де, 
Ноянға Құралай сұлуға үйленуге рұқсат етті. 
 
Ағасының мұндай жомарттық еткенін естіген Ноян сол күні кештің батуын, аяғымен шоқ 
басып тұрғандай шыдамсыздана күтті. Көшпелі елдің қыз бен жігітінің бірін-бірі жақсы көруі 
таза,  риясыз  түсінікті  келеді...  Қой  қораланып,  сүт  пісіріліп,  қыз-қырқын  алтыбақанға 
шығатын мезгіл де жетті. Лақтырған ақ сүйекті іздеген боп өзгелерден бөлініп кеткен  Ноян 
мен Құралай сай жағасында оңаша кездесті. Жігіт жүрегі алабұртып, ағасының Құралайды 
өзіне сауғаға  қиғанын айтып берді. Қыз бұл сөзді естігенде жігіттің құшағына кіре солқылдап 
жылап жіберді. Бірақ сол сәтте кенет оның көз алдына баяғы бір сурет тағы елестеп кетті. 
Батыр Баян сүңгіте салған көк найзадан өліп бара жатқан әке, су жағасында жер құшақтап 
боздаған  ана...  Соның  бәрін  кешіп,  енді  міне  ата  жауының  інісінің  құшағында  тұр!  Неткен 
опасыздық! 
 
Құралай бойын жинап алды. 
 
— Ноян, — деді ол ыстық жасы бетін жуып, — дүниедегі жалғыз арманым өзің болдың. 
Сенші... Мен мәңгі сендікпін... Бірақ жалғыз ғана тілегім бар. Бер соны. 
 
— Бердім. Айт. 
 
— Көкең Батыр Баян шапқан елде жалғыз анам қалған еді. Мені әкетіп бара жатқанда, 
жер бауырлап жатып: «Құлыным, менің ақ батамды алмай ерге шықпа!» деп еңіреп қалып 
еді. Ана тілегін ақтауға ант беріп едім. Сол антымды орындауға мұрша бер, содан кейін мен 
мәңгі сендікпін. 
 
Жігіттің жүрегі дір ете қалды, қолындағы ақ құсының енді мәңгі ғайып болғалы тұрғанын 
сезгендей: 
 
— Сонда мен не істеуім керек? — деді абыржып. 
 
—  Жоқ,  сен  ештеңе  де  істеме.  Сені  мұнда  тастап  өзім  де  кете  алмаймын.  Кішкентай 
жүрегімді  білегіңе  шынжырлап  байлап  қойғандайсың.  Ол  шынжырды  үзетін  менде  құдірет 
жоқ.  Бар  тілегім  біреу-ақ:  екі  жүйрік  ат  әкел.  Таңды  күтпей  біздің елге  қашайық.  Тірі  болса 
кәрі анамның батасын алайық, өлі болса басына барып әйбатмия қызыл гүл қояйық. Содан 
кейін мен мәңгі сенікімін. Жарың етпей күңің етсең де өмір-бақи ризамын. Тек жүзіңді көріп, 
маңайыңда жүрсем болғаны. 
 
Құшағында  тұрған  жас  сұлудың  көзінен  аққан  ыстық  жасы  жігіттің  албырт  жүрегін 
қорғасындай  балқытып  жіберді.  Ерлікті,  әділеттікті  арман  еткен  бала  жігітке  дәл  осы  сәтте 
қыздың қиыла айтқан бір сөзі дүниедегі ең әділетті, ең қасиетті сөз боп естілді. Құралайдың 
ана  тілегін  орындауға  рұқсат  ет  деген  өтінішінен  оның  қаншалық  пәк,  адал,  қасиетті  жан 
екенін бұрынғысынан да артық сезіне түсті. Дәл осы сәтте қызға еріп, туған елін тастап жау 
жағына  қашу  —  ел-жұрты  кешпейтін  қылмыс  саналатыны  есіне  де  келмеді.  Тек  сүйген 
жарының адамгершілікке жататын күнәсіз тілегін тезірек орындауды борыш санады. Ол өзін 
енді сонау мөлдір аспанда көз жетпес шыңға көтеріліп бара жатқан қырандай сезінді. 
 
— Тілегіңді тегіс қабылдадым, — деді құлшынып. — Темірқазық туа мені осы арада күт. 
Ел жатқанша жылқыға барып қос күреңді ұстап әкелем. 
 
Ноян  уәдесінде  тұрды.  Батыр  Баянның  Тұлпаркөгінен  осал  соқпас  қос  күреңге  мініп, 
бұлар  Темірқазық  туа:  «Уә,  алла,  жолымызды  оң  ете  көр»,  —  деп  оңтүстікке  қарай  «шу!» 
деп жөнеп берді. 
 
Қос  күреңді  түнде  Ноянның  алып  кеткенін,  ауыл  адамдары  сәскеде  көлге  жылқы 
келгенде  бір-ақ  білді.  Ауылда  Ноян  да,  Құралай  да  болмай  шықты.  Қос  күреңге  арналған 
шоландағы күміс ер-тоқым да жоқ екені анықталды. Қарсаққа бүркіт салуға шыққан құсбегі 
таң  атып  бара  жатқанда,  Іле  жақтағы  Жоңғар  еліне  қарай  шауып  бара  жатқан  екі  салт 
аттыны көріпті, Ноянның Құралайдың азғыруына еріп, Жоңғар еліне қашқанына енді ешкім 
шек келтірмеді. Қанша қиналса да амалы жоқ, ауыл ақсақалы, бұл хабарды Батыр Баянға 
барып жеткізді. 
 
—  Ер  Көкше,  Ер  Қосай,  Батыр  Баян,  Уақтың  аруағын  көкке  көтеріп  едіңдер,  —  деді 
қария,  —  сендер  көкке  көтерген  жалауды  Ноян  бала  жерге  түсіріп  тұр.    Үкімін  өзің  айт, 
амалын өзің тап! 


 
114 
 
Жоңғар қызының бір күле қарағанынан періште де жолынан таятынына шек келтірмеген 
Батыр 
Баян 
қайтарып 
ештеңе 
сұраған 
жоқ. 
Кесел 
болып 
іште 
жат- 
қан  күйігі,  елінің  намысы,  жалғыз  інісінен  айрылу  қаупі  —  бәрі-бәрі  жан-жағынан  қабаған 
иттей қамалап жан сезімін астан-кестең етті... Батыр Баян енді бір-ақ шешімге тоқтады. Бір 
қыз үшін елін сатқан қара бетті қалайда қолға түсіріп, өзі жазаламақ болды. Сауыт-сайман 
киместен,  керегеде  ілулі  тұрған  қыпшақ  садағы  мен  сауыт  бұзар  қос  жебе  салынған 
қорамсақты жалпақ күміс белдігіне байлай сап үйден атып шықты. Үнемі белдеуде тұратын 
Тұлпаркөгіне міне сала, бұ да оңтүстікке қарай шаба жөнелді. 
 
Ешкім тоқта деген жоқ. 
 
Батыр Баян ұзақ шапты. Оқтаудай боп жаралған Тұлпаркөк тер шыққан сайын қарыштай 
түсті. Түс ауа Жолдыөзек деген жерге таяғанда, алдындағы екі қараны көрді. Бұл  — Ноян 
мен  Құралай  еді.  Қос  күрең  қанша  жүйрік  болғанмен,  тоқ  күйінде  ұзақ  шабысқа  шыдамай, 
оптығып,  болдыра  бастаған.  Қыз  бен  жігіт  арттарынан  құйғытып  келе  жатқан  жалғызды 
байқады.  Батыр  Баян  екенін  айтпай  таныды.  Атының  шапқан  екпініне  қарап,  батырдың 
қатты ашулы екенін де ұқты. 
 
— А, құдай, құтқара көр! — деп, Құралай тебіне түсті. 
 
Екеуі  жарыса  шауып,  Жолдыөзекке  таяп  қалды.  Бұл  бір  бақытсыз  жер  еді.  Құнарсыз, 
сортаң.  Бұл  арада  бұрынды-соңды  талай  адамның  қаны  төгілген.  Сол  себептен  де  бұл 
өзекті  Асан  Қайғы  «Жолдыөзек»  демей,  «Қандыөзек»  деп  атаған.  Осы  жаман  атынан 
шошып Атығай руы соңғы кезде бұл араны жайламайтын болған. 
 
Осы  Қандыөзекке  келіп  қалғанын  көрген  жас  Ноян  бір  сұмдыққа  душар  боларын  сезді. 
Қашқанмен құтылмасын байқады да, атының басын тежеп, тоқтай қалды.  
 
— Құралай, ең болмаса сен құтыл! — деді ол Жоңғар қызына. — Тоқтама, шаба бер, не 
болса да өзім көрейін... 
 
Ноян  атынан  секіріп  түсіп,  ағасына  қарсы  жүрді.  Садағын  кезене  ананың  шауып  келе 
жатқан түрінен шошынып, жас жігіт қалтырап кетті. 
 
— Көке, кешір! — деді көзі жаутаңдап, ағасы арқан бойы таяғанда. 
 
Бірақ дәл осы сәтте атының басын тартпастан құйғытып жетіп келген ашулы Баян ызаға 
шыдай алмай, қыпшақ садағын тартып қалды. Башқұрт тәсілімен істелген сүйір ұшты сауыт 
бұзар  қайың  жебе  жас  Ноянның  дәл  жүрек  тұсынан  кеп  қадалды,  жас  жігіт  тіл  қатуға  да 
шамасы келмей ұшып түсті. 
 
—  Көкежан,  не  істедің?  —  деп,  Құралай  атының  басын  бұрып  қайта 
шапты. 
 
Екі көзі қанталап кеткен Батыр Баян үзеңгісіне шірене беріп, садағын екінші рет тартты. 
Ноянның тұсына жетіп қалған қыз ат үстінен қалпақтай ұшып  сүйген жігітінің жанына сылқ 
етті. Қызып алған Тұлпаркөкпен орағыта шауып әзер дегенде тоқтатып, Батыр Баян да кейін 
бұрылды. 
 
Күлімсіреген  ишаратын  жоғалтпай,  боп-боз  боп  өліп  кеткен  інісін  көргенде,  ашумен  не 
істегенін енді түсініп, өкіре жылап Ноянның үстіне құлады. Екі бетінен аймалап сүйіп, әлден 
уақытта  барып  басын  көтерді.  Екі  көзден  жасы  сорғалап,  інісінің  басында  тізерлеп  ұзақ 
отырды.  Тек  бір  заматта  ғана  жанында  ыңырсыған  дауысқа  бұрылды.  Бұл  Құралай  еді. 
Батыр Баянның өзіне қарағанын сезді ме, қыз ақырғы рет көзін ашты. Бір кезде берген анты 
есіне  түсті  ме,  Батыр  Баянның  егіліп  жылап  отырғанын  көріп,  қыздың  көзінде  бір  ұшқын 
жалт етті де сөне қалды. Ол енді ешбір кексіз, ашусыз, Баянға жалбарына қарады. 
 
—  Көкежан,  —  деді  үнін  әзер-әзер  шығарып,  —  жалғыз  тілегім,  Ноян  екеуміздің 
арамызға топырақ салмай, бірге көміп кетіңіз... 
 
Осылай деді де, сонау талмаусырап батып бара жатқан күн көзімен таласқандай, қара 
жерге көмуге қимайтын қайран сұлу Құралай көзін жұмып, о дүниеге жүре берді. 
 
Өз  қолымен  өлтірген  қос  аяулысының  басында  солқылдай  жылап  Батыр  Баян  ұзақ 
отырды. Тек таң сыз берген кезде ғана, беліндегі болат қанжарымен терең етіп көр қазып, 
араларына бір уыс топырақ салмай, қос бағланын жер құшағына беріп атына қонды. 
 
Батыр Баян аулына қайтып келіп, ешкімге ләм-мим деп тіл қатпай, аһ ұрып, үш күн бойы 
жер  бауырлап  жатып  алды.  Тек  төртінші  күн  дегенде  орнынан  тұрып,  Уақ  руының  біраз 
батыр жігіттерін ертіп, Абылай шақырған Телікөлге беттеді. 
 
... Сағынып күткен батыры келгенде, Телікөл маңайында жатқан қалың қол мәз-мейрам 
боп қуанды. Тек оның сүзектен тұрғандай сарғайып кеткен жүзін көріп таң қалды. 
 
— Неге кешіктің? — деп сұраған Абылайға ғана қанды оқиғаны бастан-аяқ баяндай кеп: 


 
115 
 
— Ел намысы бір кешірмес ағаттық іс істетті, — деді.    
 
Аяушылықты білмейтін Абылай: 
 
— Жоғалтқаның көп болса да үкімің адал екен. Халық намысы ер құнынан артық деді, — 
қайғың  тек  өзіңдікі...  Ал  ата  жолы  бәріміздікі.  Одан  таймағаның  —  бұл  бәріміздің 
абыройымыз. 
 
Абылай  батырдың  бетіне  қарамай,  алыстағы  көкжиекке  тесіле  көз  жіберіп,  әлденеге 
ойланып қалды. 
 
 
—  Иә,  Абылай сұлтан,  сіз  әділетін  айтып  тұрсыз,  —  деді  Баян  күрсініп,  —  бірақ  менің 
жүрегімде жазылмас жара қалды ғой. Оның емі — тек қан төгу ғана... Қанға — қан! 
 
— Ондай ерлікке күн ертең-ақ туады, — деді Абылай. — Ер жігіт өз жарасын әрқашан да 
жау қанымен жазар болар. 
 
Абылай  сол  күні  Әбілмәмбет  ханмен  ақылдасып  алды  да,  Кіші  жүз  әскерлерінің  келуін 
күтпестен,  Қалден  Церен  қолындағы  Түркістан  уәлиеті  мен  Сырдың  сонау  Аралға  дейін 
баратын  төменгі  жағындағы  қалаларды  Жоңғардан  қайтып  алу  жорығына  аттануға  бұйрық 
берді. Бұл үшінші жыл тоқсанның екінші айының бас шенінде, сәрсенбінің сәтті күні болды. 
Қазақтың сол кездегі атақты батырлары мен Абылай бастаған қырық мыңға таяу қалың қол 
теріскейден күнгейге лап қойды. 
 
Бұл жолғы жорық үш жүздің басының бір мол қосылған жорығы еді. Осы сапар Абылайға 
да үлкен абырой әперді. Қол үш салаға бөлініп, бір саласын жасы келіп қалса да әскери істе 
қолбасшылық  тәжірибесі  мол  Қанжығалы  Бөгенбай  батыр  басқарды.  Бұл  атақты  Үмбетай 
жырау: 
 
 
Баян аула, Қызыл Тау 
Абыралы, Шыңғыс тау. 
Қозы — Маңырақ, қой — Маңырақ 
Арасы толған көп қалмақ. 
Қалмақты қуып қашырдың. 
Қара Ертістен өткізіп, 
Алтай тауға асырдың. 
Ауыр қол жиып алдырдың, 
Ақ Шәуліге қос тиіп, 
Қалмаққа ойран салдырдың, 
Қабанбай мен Бөгенбай 
Арғын менен Найманға 
Қоныс қылып қалдырдың, — 
 
деп  жырлаған  Бөгенбай  мен  Қабанбайдың  ерлігі  ерекше  көрінген  жорық  еді.  Бөгенбай  он 
мыңға  жуық  қолды  басқарып,  Түркістан  уәлиетінің  солтүстік  жағына,  Қалден  Цереннің 
Ұлытауға аттанбақ болған Созақ бекінісі тұсына қарай беттеді. Қолмен бірге атақты жырау 
Үмбетай аттанды. 
 
Екінші  қолды  Жәнібек  тархан  басқарды.  Бұлар  Сыр  бойының  төменгі  саласына  қарай 
сапар шекті. Жәнібек әскеріне тек қана Торғай, Ырғыз бойын жайлаған Орта жүздің жігіттері 
ғана  емес,  бұған  Сырдария  жағасындағы  өздерінің  атамекен  қоныстарын  қайтарып  алмақ 
болған  Кіші  жүздің  Шекті,  Табын,  Тама,  Адай  секілді  біраз  руларының  өжет  жігіттері 
қосылды.  Бұл  қолда  сол  Торғаймен  шектес  Сарыкеш  маңындағы  Уаққа  жататын  Тәтіқара 
жырау бар. 
 
Үшінші  қолды  (негізгі  қолды)  Абылайдың  өзі  басқарды.  Бұл  сап  Шиелі,  Жаңақорған 
бойларымен  кеп  Түркістанның  өзіне  күнбатыс  бүйірінен  тимек  болды.  Бұнда  қазақтың  аты 
шулы  батырларынан:  Баян,  Сырымбет,  Жанұзақ,  Малайсары,  Жәпек,  сәл  кейінірек  келіп 
қосылған Қабанбай болды. 
 
Абылай  қолының  ас-суын  дайындап,  жауынгерлерінің  кір-қоңын  жуатын  бір  топ  қатын-
қалаш, қыз-қырқынмен бірге, Қабанбайдың Гауһардан туған қызы Назым жорыққа шықты. 
 
Бұл  жолы  Баянаулада  Бұқар  жырау  сырқаттанып  қалып  қойды.  Оның  орнына  жазда 
Абылайдан Ботақан мен Жанайдың құнын өлеңмен сұраған он жеті жасар Көтеш ақын ерді. 
 
Жазғытұрымғы сай-саланы қуалай аққан қар суындай қазақ қолдары тарамданып, жан-
жаққа  қарай  аттана  бастады.  Қазақ  жауынгерлерінің  жұмған  жұдырықтай  боп  бір  майдан 
ашудың  орнына  үш  тарам  боп  бөлінуінің  де  себебі  бар  еді.  Қазақ  қолдары  қазір  едәуір 
күшейіп  қалғанмен  де,  соғыс  өнеріне  келгенде,  Жоңғар  хандығының  тұрақты  әскерінен  әлі 
де  болса  төмен  жатқан.  Құр  ерлік,  жанқиярлық,  өжеттік  жеткіліксіз  қасиет.  Әбден 
машықтанған  өнер,  әдет  еткен  соғыс  тәсілдері  керек-ті.  Шиті  мылтықтан  басқа  қаруы  жоқ 


 
116 
қазақ  жігіттерін  топырлатып,  аз  да  болса  зеңбірегі  бар,  соғыста  әбден  шыныққан  Қалден 
Цереннің тәртіпті әскерлеріне қарсы қоюға Абылайдың көңілі дауаламады. Өз әскерін үшке 
бөліп, Қалден Цереннің әскерін де үшке бөлшектеп, жеке-жеке құртпақ болды... 
 
Бірақ  қазақ  тәрізді  көшпелі  елдің  қонтайшысы  Қалден  Церен  Абылай  қулығын  бірден 
ұқты. Қазақтың бас күші Созақ тұсынан шығатын Бөгенбай бастаған, не болмаса Аралдың 
жоғарғы сағасынан, — қарақалпақтың өкпе тұсынан кеп тиісетін Жәнібек сарбаздары емес 
екенін  айтпай  түсінді.  Бас  күш  Абылай  маңайында  деп  ойлады  ол.  Бұны  Түркістанның 
күншығыс  жағына  жіберген  ертөлелері  де  анықтап  қайтты.  Бұл  кездегі  жоңғар  әскер 
басшысы  Қалден  Цереннің  ортаншы  ұлы  Цеван-Доржи  Созақ  пен  Қазалыға  көмекші 
әскерлер  жіберді де, өзі он бес мың қолымен Абылайға қарсы аттанды. 
 
Абылай  әскерінен  бұрын  келіп,  ол  Жаңақорған  бекінісін  қоршай  шебін  құрды.  Ортада 
жаяу жасағы. Екі бүйірінде жоңғардың жал құйрығын өріп тастаған тапал жылқысын мінген 
атақты атты әскері. Цеван-Доржи бұ жолы түйе үстіне орнатылған он бес жеңіл зеңбірегін, 
Абылайдың  мың  төлеңгітінен  құрылған  кілең    ер  жүрек  атты  әскері  жүреді-ау  деген  жерге 
орналастырды. 
 
Алдында жау шебі барын білген Абылай, енді өз әскерін жая түсті. Жаңақорған бекінісін 
алуды  бес  мергені  бар  Қабанбайға  жүктеді,  Сырымбетті  оң  жақ  қанаты,  Баянды  әскерінің 
сол  жақ  қанаты  етті.  Әрқайсысында  үш  мыңнан  атты  әскер.  Олардың  соңынан  сойылды, 
шиті  мылтықты  үш  мыңнан  сарбаздары  бар  Малайсары,  Оразымбет  батырлар.  Өзі 
Сағымбай,  Қанан,  Жанұзақ  секілді  ерлерімен,  жорыққа  алғашқы  аттанған  он  жеті  жасар 
Жанай  деген  баласымен  шептің  дәл  ортасында  болды.  Қарамағында  аты  шулы,  ер  жүрек 
төлеңгіттерден  құралған  мың  салт  атты  жауынгерлері  бар.  Бұны  басқаратын  «Алтайдың 
ақбасы» аталған ер Сеңгірбай. 
 
Жансыз жіберілген ертөлелері арқылы Абылай өзіне қарсы тұрған қайын ағасы Қалден 
Церен  өліп,  енді  Жоңғар  қонтайшысы  болған  Цеван-Доржи  екенін  білді.  Абылайдың  бұл 
әміршіге  ерекше  өштігі  бар.  Қалден  Цереннен  қазақ    жеріне  Ертіс  жағынан  тиюді  талап 
еткен  де  —  осы  Чорас  руымен  көңілдес  Цеван-Доржи.  Абылай  Қалден  Цереннің  қолына 
түскенде,  оған  өлім  жазасын  сұраған  да  —  осы  Цеван-Доржи.  Барақ  пен  Әбілқайырдың 
өштесуіне себепкердің бірі болған да — осы Цеван-Доржи. Ал кейін Әбілқайырды өлтірген 
Барақты  қазақтарға  бермей  қалып,  бірақ  түбі  өз  елі  жағына  шығып  кетуі  ықтимал  деген 
қауіппен  өткен  жылы,  яғни  бір  мың  жеті  жүз  елу  екінші  жылы,  у  беріп    өлтірткен  де  осы 
Цеван-Доржи.  Рас,  Барақтың  өлуімен  байланысты,  Абылайдың  алдында  бақ  таластырып 
кесе-көлденең  тұрар  ешкім  қалмады.  Сол  күннен  бастап  Абылай  Орта  жүздің  бірден-бір 
билеушісі  деп  саналды.  Ұлы  жүздің  біраз  рулары  да  бұның  жағына  шықты.  Бірақ  соған 
қарамастан  Цеван-Доржи  Абылайдың  тісі  көптен  қайраулы  еді.  Ана  бір  жылы  Әбілмәмбет 
хан  Қалден  Церен  бітімге  келіп,  баласы  әбілфейізді  аманатқа  Ташкенттегі  қонтайшы 
Ордасына  қалдырғанда,  уәде  бойынша  қазақ  еліне  қайтаратын  Түркістан  мен  Сыр 
маңындағы отыз қаланы бергізбегендердің бірі — осы Цеван-Доржи. Егер сондағы бітім іске 
асқан  болса,  бүгінгі  қан  төгілмес  пе  еді,  қайтер  еді.  Цеван-Доржидің  күткенінің  өзі  осы 
майдан болса, сол майданды бүгін Абылай ашпақ! 
 
Ұрыс  сәрсенбі  күні  таң  ата  басталды.  Абылай  да,  Цеван-Доржи  да  елшілер  арқылы 
уәделескен  мезгілдерінде  өз  әскерлеріне  «аттан»  деп  бұйрық  берді.  Көлденеңі  он 
шақырымдай  жазық  далада  қан  төгіс  қырғын  тез-ақ  қызып  кетті.  Жер  дүбірлете  шапқан 
аттар,  таңғы  мөлдір  ауаны  қақ  жара  ысылдай  атылған  садақ  оғы,  шиті  мылтық  шаңқылы, 
гүрсілдеген  зеңбіректер.  Біріне  бірі  қарама-қарсы  сермелген  қисық  қылыш,  бүкір 
алдаспандар,  соғылған  сойыл,  батырлардың  болат  денесіне  қырш-қырш  кірген  көк 
найзалар.  Оқ  тиіп,  жан  ұшыра  кісінеген  жылқы,  жан  тапсыра  алмай  ыңыранған  жаралы 
жауынгерлер.  Түс  болмай-ақ  майдан  даласы  қан  сасыды.  Аяғыңды  басқан  сайын  аттан 
құлап 
жат- 
қан адам денелері көрінеді. 
 
Алып  майданның  екі  жақ  шетіндегі  Сырымбет  пен  Батыр  Баян  бастаған  қазақ  әскері 
қиын  да  болса  алға  қарай  жылжып  бара  жатқаны  сезіледі.  Тек  екі  жақтың  екі  бас 
қолбасшысы тұрған майданның орта шебі мызғыған жоқ. Тағы: 
 
— Аттан! Аттан! — деген ұран шықты. 
 
Сол сағатта-ақ Сеңгірбай, Сағымбай, Қанай бастаған сұлтанның мың жігіті зеңбірек оғы 
жетпейтін қалың жыңғылды сайдан шыға сала Цеван-Доржидың тұрған төбесіне қарай лап 
қойған.  Бірақ  бір  шақырымдай  шапқан  кезде  кенет  гүрсілдей  жөнелген  зеңбіректерден 


 
117 
жауған  жойқын  оқтар  дәл  аттарының  маңдай  алдынан  кеп  гүрс-гүрс  жарылған.  Алдыңғы 
шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер қауып, заматта арттарында 
келе 
жатқан 
жау- 
ынгерлерге  бөгет  болды.  Көп  салт  аттылар  алдындағы  аттар  мен  адамдардың  өліктерінің 
үстіне  кеп  құлады.  Осы  кезде  зеңбіректер  қайта  гүрсілдеген.  Амал  жоқ,  лапылдап  келе 
жатқан қалың қол еріксіз кейін шегінді. Абылай бұйрығымен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы 
да  жүзге  таяуы  қаза  тауып,  қалғаны  кейін  серпілді.  Зеңбіректі  Цеван-Доржиды  бұлай  ала 
алмайтынын  білген  Абылай,  енді  шабуыл  шебін  басқаша  құрды.  Зеңбіректерге  тікелей 
шаппай,  оны  ат  тағасындай  қоршап,  жан-жағынан  анталауды  бұйырды.  Бірақ  үш  рет 
шабуылға шығып, ең батыр деген үш жүзге тарта ер жігіттерінен айрылған әскер не істерін 
білмей, тағы дағдарып қалды. 
 
Бұған Абылай: 
 
—  Япырмай,  осыншама,  қазақтан  жауға  шабар  бір  еркек  кіндікті  тумаған  ба?  —  деді 
қатты дауыстап. — Қайсың барсың? 
 
Осы кезде топ ішінен «Абылай!» деген дауыс шықты.  
 
Бұл  ұран  салған  Абылайдың  он  жеті  жасар  баласы  Жанай  еді.  Ол  тебініп  қап, 
зеңбіректерге  қарай  атой  салды.  Бірақ  бұдан  бұрын  гүрсілдеген  тажалдардан  әбден  үркіп 
қалған  астындағы  басы  қатты  кертөбел,  бала  жігітті  жау  шебіне  емес,  бір  бүйірдегі  жиде 
тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт тағы тына қалды. 
 
Дәл  осы  кезде,  Абылайдың  зеңбіректерді  қоршаған  жігіттерінің  оң  жақ  тұсынан  Цеван-
Доржи  тұрған  төбеге  қарай,  басында  үкілі  камшат  бөркі  бар,  ақбоз  атты  бір  қыз  бала 
«Қабанбай!  Қабанбай!»  деп  ұран  тастап,  суырылып  шыға  берді.  Ақбоз  ат  көсіле  сермеп 
келеді.  Қыздың  қолында  не  сойыл,  не  найза  жоқ,  бар  болғаны  тобылғы  сапты  қамшы. 
Осынау қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды. 
 
— Абылай! 
 
— Атығай! 
 
— Ақжол! 
 
— Қарақожа! 
 
— Қабанбай! 
 
— Абылай! Абылай! 
 
«Қабанбай»  аты  аталған  тұста  Найман  жігіттері  гуілдей  шапқан  топтың  алдарында 
келеді. Зеңбіректер ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын жіберіп үлгерді. Бірақ 
екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар жағындағы жоңғар атты әскері келіп 
үлгергенше, түйелі зеңбіректерді түйе-мүйесімен таптап кетті. 
 
Ақ  болат  сауыты  жарқылдап,  Жалынқұйрығын  көсілте  Абылайдың  өзі  де  шапты.  Төбе 
басындағы  қонтайшы  көк  шатырын  жинай  бастады.  Сөйткенше  болған  жоқ,  Жоңғардың 
шаян құйрықты сары жібек жалауы шығысқа қарай шегіне берді... 
 
Қазақ әскерлерінің тегеурініне шыдай алмай, жоңғарлардың тұтас құрған шебі бұзылып, 
енді майдан үзілген жеке-жеке топтардың, қолдардың айқасына айналды. Осы кезде онсыз 
да қызыл қанға боялған әлем бетін бұрынғысынан да қызарта түсіп, күн де батты. Екі  жақ 
өліктерін жинап көмуге ұрыстарын тоқтатты. Бүгінгі күнгі ұрыста Жоңғар жағынан қырылған 
адам қазақтардан анағұрлым көп боп шықты. Осылай жоңғар мен қазақ арасындағы қанды 
ай- 
қастардың  жаңа  белесі  ашылды.  Бұл  қазақ  елінің  жоңғар  қонтайшыларын  мүлдем  жеңіп, 
атамекен жерінен қуудың ең алғашқы айқасы еді. 
 
Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне жападан-жалғыз 
қарсы  шауып,  бүгінгі  жеңіске  жол  салған  қызды  іздетті.  Бұл  Қабанбай  батыр  мен  қазақтың 
батыр  қызы  Гауһардан  туған  жас  Назым  екен.  Бүлдіршіндей  жас  қыздың  осыншама  ерлік 
көрсеткеніне  риза  болған  Абылай,  беліндегі  сом  алтыннан  соғылған  жаңа  белбеуін  шешіп 
берді. 
 
Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды. Қазақ әскері Жаңақорғанды, Шымкентті 
алып  Түркістанға  таяды.  Солтүстіктегі  Бөгенбайдан  да  Сайрам  мен  Созақты  алдық  деген 
хабар  келді.  Батыр  Баян  қолы  да  Талас  өзеніне  таяй  түсті.  Жәнібек  батырдың  да  қолы 
Қарақалпақ жерінен жоңғарларды Сырдың жоғарғы сағасына қарай сырғыта бастады. Енді 
амал жоқ, Цеван-Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды. Абылайдың да бұл бітімге 
көнбестік  лажы  жоқ-ты.  Үш  ай  бойы,  Арқадағы  үйлерінен  алыс  жерде  ұрысқан  қазақ 
жауынгерлері  де  әбден  қажыған-ды.  Жорыққа  аттанған  жауынгерлердің  бестен  екі  бөлегі 


 
118 
қаза  тапты.  Бұл  жаңадан  басын  қосып,  ел  болып  келе  жатқан  қазақ  жұртшылығына  осал 
соққы емес-ті. Оның үстіне Абылай бұл жолғы жеңістерін Жоңғар хандығын шын күйретудің 
басы  деп  санамаған.  Қазақ  хандары  түгіл,  Қытай  боғдыханымен  алысуға  жарап  келген 
жоңғар  қонтайшыларының  әлі  де  күші  мол  екенін  ол  жақсы  білетін.  Қысылып  бара  жатса 
Цеван-Доржи Қытай боғдыханына бас иіп, сол шекарадағы көп әскерін кейін шақырып, қазақ 
еліне төгеді. Тіпті єытайдан да жәрдем алады. Сонда Абылай оған ұрыстан әбден қажыған 
жігіттерімен қалай төтеп береді? Тағы бір естен шығармайтын жайт, күз болса келіп қалды. 
Ар жағында қылышын жалаңдатып қыс тұр. Шаруа   жайын ойламаса да болмайды. 
 
Абылай Цеван-Доржидың жіберген елшісін құрметпен қарсы алды. Ұзақ сөздерден кейін, 
Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің қарамағына Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент секілді үш 
ай  ұрысып  жоңғарлардан  тартып  алған  бірнеше  қалаларды  қалдырып,  Түркістан  шаһары 
мен оның уәлиетін қазақ еліне тегіс қайтарып беру мәселесі алдағы уақытта тағы қаралмақ 
боп  келісілді.  Қазақ  елінен  жоңғар  қонтайшысы  алып  тұратын  алым-салық  көлемі  де 
әжептәуір  азайтылды.  Қазақ  хандарының  қарамағына  Сырдарияның  төменгі  жағы  мен 
Талас  өзенінің  Жаңғы  қаласы  тұрған  жеріне  дейін  қайтарылмақ  болды.  Әрине, 
жоңғарлардың бұрынғы жағдайы болса, Цеван-Доржи бұның біріне де көнбес еді, енді амал 
жоқ көну керек. Өйткені оның арт жағында да қыс бойы ұйықтап, жаз шыға басын көтерген 
айдаһар тәрізді, күшейіп келе жатқан Қытайдың боғдыханы Цзинь-Лун бар... 
 
Осындай абыройға жеткен Абылай, жан-жақтағы батырларына: 
 
— Биылға соғыс осымен бітті. Енді аттың басын елге бұрамыз, — деп бұйрық берді. 
 
Өзі  Арқаға  көшуге  үлгірмей,  Созақ  төңірегінде  қалып  қойған  Әбілмәмбет  ханның 
ордасында  аз  күн  аялдамақ  болды.  Хан  немере  інісінің  құрметіне  үлкен  той  жасап,  сый-
құрмет  көрсетіп  жатқанда,  үйге  асыға  басып  Көтеш  ақын  кірді,  Ол  үкілі  домбырасын 
еңкілдете жылатып қоя берді. Мәз-мейрам боп қуанышқа бөленіп отырған Абылай: 
 
—  Жарқыным-ай,  күйің  қалай  зарлы  еді,  сай-сүйегімді  сырқыратып  жіберді  ғой,  Жанай 
ұлым аман ба? — деді. 
 
Сонда Көтеш: 
 
 
Алтын күн кім қуанар батқанына, 
Аққуды кім қуанар атқанына. 
Жанайың жау қолынан қаза тапты, 
Еліне енді жүргелі жатқанында, — 
 
деп,  жоқ  жерден  он  жеті  жасар  Жанайды  жоңғардың  бір  қарақшысы  өлтіріп  кеткенін 
хабарлайды. 
 
Көрдей  тұншығып  тына  қалған  үй  ішінде,  кенет  булығып  өксіген  дауыс  шықты.  Бұл 
Жанаймен түйдей құрдас және осы жорықта онымен жан аяспастай достасқан бала жырау 
Көтештің өксігі еді. 
 
Ойын-той  былай  қалды.  Абылай  «аһ»  ұрып,  төсектен  басын  көтермей  жатып  алды. 
Жанай өліміне Олжабай жазықтыдай, осы сапарда баласымен бірге болған батырға сұлтан 
тіл  қатпай  қойды.  Абылайға  көңіл  айтып,  сонау  Арқадан  қаз  дауысты  Қазыбек  би,  Ұлы 
жүзден  Төле  би,  Кіші  жүзден  Бала  би  келді.  Бұл  үш  бидің  келуі  Абылайды  Үш  жүздің  елі 
өзіне көсем ете бастағанының белгісі еді. 
 
Сонда қаз дауысты Қазыбек: 
 
—  Уа,  Абылай,  Үш  жүзің  үш  аққан  өзен  еді,  солардың  табысқан  жеріндегі  сен  бір 
бәйтерек едің. Бәйтеректі дауыл ұрмас па, жапырағы оның түспес пе, бұтағы оның сынбас 
па?  Құдай  ма  едің  тетігін  ұстаған  бұл  жалғанның,  бұның  не,  бір  балам  өлді  деп  жатып 
алғаның? — десе, Тәтіқара жырау: 
 
 
Үш жүздің баласы 
Ақылдасып, сырласып, 
Хан көтерсек деп еді. 
Үш жүздің баласын 
Бір баласындай көрмеді. 
Ат құйрығын үзіңдер, 
Аллалап атқа мініңдер, 
Хан талау етіп алыңдар! 
 
деген ашулы толғауын айтып еді. 
 
— Жөн айтасыңдар! — деп Абылай басын көтерді.  
 


 
119 
 
Міне,  осындай  Ордаға  бір  кезде  Көтеш  ақын  тағы  кірді.  Бұ  жолы  ол  күй  тартқан  жоқ. 
Босағада бір тізерлеп отыра қалды да, көзінен жасы сорғалап, ащы дауыспен аңыратып қоя 
берді: 
 
 
Үш жүзге уа, Абылай, қайғың аян, 
Кез жетті қара бұлттан енді оян. 
Тағы да суық хабар әкеп тұрмын 
Өлтірді Олжабайды қашқын ноян... 
 
 
Абылай басын төсегінен жұлып алды. 
 
— Уа, жарқыным, жөніңді айтшы, не дейсің? 
 
Көтеш  ақын  енді  Олжабайдың  қалай  қаза  болғанын  айтып  берді.  Екеуі  өз  қостарына 
қайтып бара жатып, жолай әдемі бір әуен естиді. Олжабай серігінің «қазақ әні емес, қалмақ 
әні тәрізді. Сірә, қоршаудан шыққан тұтқындар болуы керек» дегеніне қарамай: 
 
— Жоңғарлар болса қайтеді, қазір бітіміміз бар емес пе? — деп болмайды. 
 
Бұлар  ән  шыққан  тұсқа  таяп  келгенде,  жанған  отты  қоршай  отырған  Жоң- 
ғардың  қашқын  жауынгерлерін  көреді.  Аттарының  басын  бұрып  үлгірмейді.  Қараңғы  түнге 
қарап  атқан  садақ  оғы  сауытсыз  келе  жатқан  Олжабайдың  дәл  көкірегінен  кеп  қадалады. 
Олжабайдың тек: 
 
—  Дүниеге  келген  соң  өлуге  де  тиістісің,  —  деуге  шамасы  келді.  —  Амал  қанша, 
арманда  кетіп  барам.  Бірақ  мен  өлсем  де  менің  арманым  жетінші  ұрпағымда  бір 
қайталанады.  Бір  әулетім  өзім  тәрізді  батыр  және  асқан  жырау  болады,  —  деді  де  көзін 
жұмды... 
 
  
—  Иә,  Олжабай  өлеңді  жақсы  көретін  еді,  —  деді  Абылай.  Содан  кейін    төсегінен 
түрегеліп, сауыты мен қаруын әкелуді бұйырды. 
 
Олжабайдың  айтқаны  келді.  Жетінші  ұрпағында  тағы  бір  ұл  туды.  Халық  оған  арғы 
бабасының атын берді. Ол жас еді, бірақ асқан дарынды, тамаша ақын болды... 
 
 
 
 
ІІ 
 
 
Манжурлардың  атақты  қолбасшысы  Фу  Де  басқарған  қара  құрттай  қайнаған  Қытайдың 
жаяу  әскері  Алтынемел  қырқаларынан  үшінші  рет  кейін  асып  түсті.  Бүгін  таң  атқалы 
Абылайдың қалың қолы үшінші мәртебе шабуылға шықты. Осы үш шабуылдың үшеуінде де 
јытай  әскері  Іле  өзені  мен  Алтынемел  адырларының  арасындағы  ойпатқа  жетіп,  қазақ 
жігіттерінің тегеурініне шыдай алмай кейін қашты. Майданда қыруар өліктері қалды. Абылай 
«осы жолы жеңдім-ау, енді беттей алмас» деп ойлаған сайын тағы қарсы жақтағы белестен 
шұбырып  түсіп  келе  жатқан  Қытай  әскерін  көреді.  Қанша  қырсаң  да,  бітпейтін  құмырсқа 
сынды.  Оның  үстіне  Қытай  әскерлерінің  арғы  жағына  барып  қайтқан  ертөлелердің  айтуы 
бойынша,  ішкері  жақтан  қаптап  Қытайдың  екінші  қолбасшысы  Чжао  Хойдың  әскері  таяп 
қалған көрінеді. Дені атты әскер деседі. Тұлғасы тұрымтайдай жылқы мінген Қытайдың атты 
әскері  қазақ  жігіттеріне  бәлендей  қорқынышты  да  емес-ті.  Жауынгерлері  ат  үсті  ұрысына 
шорқақ...  Бірақ  Қытайдың  қаныпезер,  қаттылықтарымен  аты  шыққан  екі  қолбасшысының 
әскері  түйісе  қалса,  әрине,  қазақ  қолы  шегінуге  мәжбүр  болады.  Бұндай  жағдайда  Қытай 
әскерінен  кейін  шегіну  деген  сөз  —  қазақ  жеріне  екінші  «Ақтабан  шұбырынды»  келтірумен 
бірдей.  Сондықтан  да  Абылай  төртінші  шабуылға  дайындалды.  Қайткенмен  де  Фу  Де  мен 
Чжао Хойдың әскерін ойсырата жеңсе, әлі де үміт бар. Жоқ, бұ жолы Абылай жауын жеңе 
алмайды. Өйткені ақ түйесінің бүгінгі жатысы оған ұнамаған. 
 
Ақ  түйе  кенжесі  Жанай  қаза  тапқан  жоңғар  жорығынан  қайтысыменен  пайда  болған. 
Қайғыдан әлі сейіле қоймаған Абылай сол күні ерте тұрып, Ақ Ордадан шыққан. Күздің қара 
суығы  келіп  қалған  екен.  Бір-екі  күннен  кейін  аулы  қысқы  қонысы  Көкшенің  қойнауына 
көшпек.  Қысты  қалай  өткізудің  қамын  ойлап  тұрған  Абылай  кенет  ауыл  сыртындағы  ақ 
түйеге  көзі  түсті.  Мүше  бітісі  өзгеше,  ірі,  жүні  сүттей  аппақ,  шудалары  шұбатылып  жерге 
түскен. Абылай баяу басып қасына барды. Түйе үріккен жоқ. Мұрны тесілмеген, үстіне қом 
салынбаған. Әр өркеші баладай. Абылай тағы таяй түсіп еді, ол тайраңдай шауып бел асып 
кетті... Ертеңіне таң атып келе жатқанда Абылай тағы сыртқа шықты, тағы ақ түйені көрді. 
Абылай жақындап еді, қашпады, үйіне қарай беттеп еді, соңынан ере жүрді. Сол қыс ақ түйе 
Абылайдың  түйелерімен  бірге  болды.  Қыс  қандай  қатты  болса  да,  Абылайдың  бірде-бір 
қотыр  ешкісін  қасқыр  тартқан  жоқ,  қотыр  тайы  бораннан  ығып,  жылымға  түсіп  шығынға 


 
120 
ұшырамады.  Жұрт  бұл  түйені  Абылайдың  ырысы,  киесі  деп  жорысты.  Бұл  ақ  түйенің  шын 
ғажап  қасиеті  кейін  байқалды.  Абылай  жаз  шыға  күнгейі  мен  күншығысынан  мазасын  ала 
берген  жоңғар  әскеріне  тағы  қарсы  аттанбақ  болды.  Сұлтан  кеңесі  Ертіс  жағасының 
торғауытына ма, әлде Іле бойының ойратына ма, қайсысына жорыққа шығуды шеше алмай 
тарасты.  Абылайдың  таңертең  өзгеден  ерте  тұратын  ежелгі  әдеті.  Далаға  шықса,  ақ  түйе 
орда  сыртында  жатыр  екен.  Басы  күншығысқа  қараған.  Түйенің  бұрын  үнемі  күнбатысқа 
қарап  жататынын  білетін  Абылай  кенет  бір  ойға  келді.  «Жұрт  бұл  түйені  менің  кием  деп 
босқа  айтпайтын  тәрізді  ғой,  осы  жолы  ақ  бураның  көрсеткен  жағына  аттанайын».  Ол осы 
айтқанын орындады. Жолы болып қайтты.  Сол күннен бастап ақ бураны жорыққа аттанса, 
өзімен  бірге  ала  шығатын  болған.  Ақ  бура  ертең  ұрыс  деген  күні  басын  қай  жаққа  салып 
жатса, Абылай сол жақтағы жауына аттанатын және үнемі жеңіп қайтатын. 
 
Ал  осы  жолы  Абылай  Арқаның  бар  әйгілі  батырларын  ертіп,  Іленің  жоғарғы  жағынан 
баса-көктеп кірген Қытай әскеріне қарсы жорыққа аттанғанда, жолай ол «Абылай асуының» 
үстіне  түнеген.  Таңертең  өзгелерден  ерте  тұрып,  әскерін  аралап  келе  жатып,  ақ  бураның 
Іленің оңтүстік бойына емес, солтүстікке қарап шөгіп жатқанын көрді. 
 
Абылай  енді  жолым  болмайды  екен  деп  кейін  қайтуды  да  ойлады,  бірақ  қаптап  келе 
жатқан  Қытай  әскері  егер  алдынан  қарсылық  көрмесе,  қазақ  жерін  басып  алар  деп 
қауіптеніп, «не болса  да нартәуекел!» деп, келе жатқан бетінен таймаған. Үш күннен бергі 
ұрыста Фу Де әскерін бірнеше рет тойтарып кейін ығыстырғанмен де, жүрегінің күпті болып, 
өз ісіне өзі сенбей әлсін-әлсін қауіптене беруі де сол ақ бураның теріс бұрылып жатуынан 
еді. 
 
әйтсе де үш күннен бері Фу Дені бет бақтырмай тұрған Абылай, Чжао Хой жетпей тұрып 
тағы бір қимылдайын деп, өз әскеріне кезекті бұйрығын берді. 
 
— Батыр Баян қолын қазір кейін шегіндіріп, Іленің оң жағасындағы анау жиде тоғайына 
барсын, Чжао Хой атты әскері бізге қарсы аттанса, бір бүйірінен тисін. Ал Сырымбет батыр 
жауынгерлерін мына қырқаның арғы бетінде тасада ұстасын! 
 
Абылайдың  бұйрығын  алысыменен  қазақ  жауынгерлері  Іленің  тұманды  шат- 
қалдары  жұтқандай,  өзен  бойындағы  жиде,  тал,  қамысты  қойнауларға  кіріп  көзден  ғайып 
болды.  Тек  төбе  бастарында  барлаушылар  ғана  қалды.  Олар  Қытай  әскерлерінің 
дабылдарын ұрып, жаңа шабуылға дайындала бастағанын естіп жатты... 
 
...  Иә,  қазір  қазақ  жеріне  жоңғар  жасақтары  емес,  Қытайдың  көк  темірмен  құрсанған 
қалың  әскері  келе  жатыр.  Қытай  империясын  жер  шарының  кіндігі  деп  санайтын,  аспан 
баласы  —  боғдыхандар  шекара  деген  ұғымды  тіпті  білмейтін.  Қытай  жауынгері  жеткен 
жердің бәрі Қытайдікі деп ойлайтын. Сол себептен де Қытай боғдыханы қазақ деген көшпелі 
елді өзінің дегеніне біржола көндірмек боп, тоқсан мың әскерінің бетін қазақ даласына қарай 
бұрған. 
 
Осының алдында ғана ұлы Жоңғар трагедиясы аяқталған. Көршілес жоңғар мен қазақты 
біріне-бірін  айдап  салып  келген  Қытай  мен  Манчжурия  билеушілері  енді  өздеріне  аянбай 
қимылдайтын  мезгіл  туды  деп  шешкен.  Қазақ  пен  жоңғар    бірін-бірі  әбден  қансыратып 
болды деп ойлаған. Тек енді  оларға жаралы қос жолбарысты ұрып алу ғана қалған.  Және 
тезірек  ұрып  алғысы  да  келген.  Өйткені,  өзінің  ішкі  бүліншілігін  жоя  алмай  жатқан  Россия 
Орталық Азияның істеріне тікелей кірісуге әлі де дайын емес еді. 
 
Бір мың жеті жүз қырық бесінші жылы Қалден Церен өлді. Ұлы қонтайшы өлісімен оның 
балаларының арасында таққа таласу басталды. Бұл таласты жеңіп бір мың жеті жүз қырық 
жетінші жылы таққа Қалден Цереннің ортаншы ұлы, нағашылары Чорас ақ сүйектеріне арқа 
сүйеген  Цеван-Доржи  сайланды.  Бір  мың  жеті  жүз  елу  үшінші  жылдың  аяғында  оны  өзінің 
туған  ағасы  Ламо  Доржи  өлтірді.  Осы  жылдан  бастап  Жоңғар  мемлекетінің  іші  қым-ғуыт 
таласқа  айналды. Қонтайшы тағына енді Қалден Цереннің немересі Амурасана мен Ламо 
Доржи қырылысты. Бұл таласты, әсіресе, Абылай жақсы пайдалана білді. Ол кейде шешесі 
қазақ  Амурасананың  қолтығына  су  бүркіп,  кейде  Ламо  Доржиға  аздаған  атты  әскер  беріп, 
қазақ  еліне  әбден  тізесі  батқан  Жоңғар  мемлекетін  біржола  әлсіретуді  көздеді.  Ақырында 
Қытай  боғдыханының  көмегімен  Жоңғар    қонтайшысы  Амурасана  болды.  Бірақ  бұл  кезде 
Жоңғар империясының тағдыры шешіліп те қалған-ды. 
 
Қытай әбден жаулап алып, алтын таққа өзінің Цинь династиясын отырғызған Манчжурия 
феодалдары  Қытай  боғдыхандарының  басқыншылық  саясатын  қайтадан  жандандырды. 
Қытай мен Жоңғар арасындағы әдеттегі бір қантөгіс жанжалды сылтау етіп, Фу Де мен Чжао 
Хой  генералдар  басқарған  Қытайдың  тоқсан  мың  әскері  Жоңғар  жеріне  баса-көктеп  кірді. 


 
121 
Бұл  жолғы  Қытай-манчжур  әскерінің  жорығы  әдеттегі  ұрысқа  ұқсамады.  Екі  айдың  ішінде 
Қытай  императоры  Цзинь  Лун  жіберген  тоқсан  мың  әскер  өзінен  үш  есе  кем  және 
бөлшектенген  жоңғар  жасақтарының  күл-талқанын  шығарды.  Бір  миллиондай  халқын 
қырды.  Сөйтіп  бір  кездегі  күшті  көшпелі  мемлекет  біржолата  құрыды.  Амурасана  бас 
сауғалап қазақ жеріне қашты... 
 
Кеше ғана өз қолымен бауыздамақ болған нағашы жұрты оны құрметпен  қарсы алды. 
Абылай  үстіне  үй  тігіп,  алдына  үйірлей  жылқы  салды.  Бірақ  көп  кешікпей  Амурасана  сол 
жылы қазақ жеріне Қытайлар әкелген ұлы апат — қара шешектен Тобылда қайтыс болды. 
 
Сөйтіп  шығыстағы  бір  айбынды  мемлекет  көрер  көзге  құрып  кетті.  Жоңғар  қақпасынан 
соққан  жел  қазақ  даласына  ұзақ  уақытқа  дейін  жылымшы  қан  мен  өліктің  сасық  иісін  әкеп 
тұрды. Құзғын қарғалар енді сол қан иісі шыққан жаққа қарай ұшты... 
 
Мұны көрген қазақ елі шошып кетті. Қытай мен өз даласының арасында тұрған жоңғар 
хандығының  жоқ  болып  кетуінен  қандай  қауіп  туғанын  ол  бірден  ұқты.  Енді  шығысқа  үрке 
қарады.  Қытай  боғдыхандары  мен  қазақ  батырлары  бұрын  да  сан  шайқасқан.  Тіпті 
Қытайдың Тан династиясы кезінде де қазақ елі үш жүз жыл күресіп, жеңгізбеген. Рас, Қытай 
әскерінің кейбір кезеңдерде қазақтың көне жері Көкше теңіз — Балқашқа дейін жеткен шағы 
болған.  Бірақ  тұрақтай  алмаған.  Соңдарына  күйген  қала,  күйзелген  даланы  қалдырып 
қайтып отырған. Ал бұл жолғы Қытай боғдыханының қанішерлік қылығы өзгеше көрінді. Енді 
қазақ елі алыстағы аждаһаның ысқырғанын ғана емес, арандай ашқан аузынан қанжардай 
тістері ақсиып, өзін жұтуға келе жатқанын білді. Сол себептен де, бұрын қазақ жерінде орыс 
бекіністері салына бастағанына күмәнданып келген Бұқар жырау: 
 
 
Шүршіт келеді деген сөз бар-ды, 
Көктен түскен төрт кітап 
«Енжіл» атты кәләмда, 
Егер шүршіт келмесін, 
Егер шүршіт қаптаса, 
Алып бір жейді ақтарып 
Көмулі көрден денеңді, — 
 
деп, Қытай әскерінің қорқау қасқырдан кем емес жауыздығын айтып, жұртты күні бұрын ұлы 
айқасқа шақыра бастады. Қазақ елінің басына бұл кезде тағы бір қара бұлт төне түскен. Бұл 
қара бұлт Қоқан хандығы жағынан келе жатты. 
 
Ел 
бүлігі 
қашанда 
болса 
билеушілерден 
шыққан. 
Жоңғар 
мемлекетінің 
жойылуымен  байланысты,  Сырдың  жоғарғы  жағында  көшіп  жүрген  қыпшақтардың 
әміршілері  Нарбота  би  мен  Ерден  батыр  Ташкент,  Түркістан,  Арыс  секілді  Сырдың  орта 
тұсындағы 
қалалардың 
Қоқан 
хандығына 
көшуіне 
көмектесе 
бас- 
тады. Бұл қалалар жоңғар қонтайшысының қарамағынан босанса да, енді Қоқан хандығына 
бағынышты болар қаупі туған. Қоқан  хандығы да енді Ташкент пен Түркістан уәлиеттеріне 
жататын шаһарларды біртіндеп басып алуға айналды. Қазақ еліне екі жаумен алысар ауыр 
күн туды. 
 
Жоңғария  мен  Қашқарияны  оңай  алған  Қытай  боғдыханы  қазақ  жеріне  ғана  емес,  тіпті 
Самарқант, Бұқар, Хиуа, Қоқанға да ауыз салуға баратынына Абылай шек келтірмеді. Өгізге 
туған күн бұзауға да туатыны күмәнсіз. Сол себептен де Абылайды, көкжал қасқырдың бір 
шабуынан  қалмайтын  Ерден  мен  Нарбота  билердің  әрекеті  емес,  қатерлі  аждаһа  Қытай 
боғдыханы  қобалжыта  берді.  Ал,  Самарқант,  Бұқар,  Қоқан  әміршілеріне  ақыл  кіріп,  бұған 
келіп қосылғанша, қазақ даласы айдаһардың өңешінен өтіп кетпесіне кім кепіл? Міне осыны 
ойлаған  Абылай  жаз  ортасы  болмай  Үш  жүзге  ұран  салып,  бар  әйгілі  батырларын  жинап, 
Көкше  теңіз  түбінен  күншығысқа  қарай  қалың  қолмен  жорыққа    аттанған.  Ілемен  жоғары 
көтеріліп, құмырсқадай қаптап келе жатқан Чжао Хой мен Фу Денің әскеріне қарсы жүрген. 
 
әрине,  Абылай  Қытай  империясын  жеңе  қоям  деп  ойлаған  жоқ.  Онда  басқа  да  ой  бар 
еді. Қазақ елінің басы қашанда сырттан жау келгенде ғана бірігетін, Абылай содан үміт етті. 
Кешікпей  сұлтан  жорамалы  шындыққа  айнала  бастаған.  «Қара  Қытай  қозғалса  — 
ақырзаман  болады»  деп  бесіктегі  баласына  өсиет  айтып  қорқытып,  қазақ  рулары  келе 
жатқан  жауының  шын  қауіпті  екенін  түсініп,  бастары  бірігуге  айналды.  Басқыншы  жаудан 
аман  қалудың  бірден-бір  жолы  Үш  жүз  боп  одақтасуда  ғана  екені  айқындалып  қалған. 
Сондықтан да Абылай саясатының жаршысы Бұқар жырау: 
 
 
Шүршіт келсе, Сырға көш, 


 
122 
Ішетұғын суы бар 
 
деп, жан сақтаудың жолын ғана айтып қоймай: 
 
 
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек, 
Бұл үйректей болыңыз, 
Судан суға шүйгумен, 
Көлден көлге қоныңыз. 
Айнала алмай ат өлсін, 
Айыра алмай жат өлсін. 
Жат бойынан түңілсін, 
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз, — 
 
деп  ел  бірлігіне  шақырды.  Ел  бірлігі  —  жау  бетіне  ұстар  қалқан.  Қытай  әскерінің  қазақ 
жеріне  кіруі,  қазақ  ұғымында  —  ордалы  жыланның  келуімен  тең.  Осындай  жағдайда  ақ 
түйенің  майдан  ашылар  жаққа  қарамай  қырындап  жатуы  жұртқа  түсініксіз-ақ.  Бұл  қандай 
ырым? Бұның сыры тек әзірше Абылайға ғана аян... 
 
 
 
 
... Қыр басында тұрған Абылай енді Бұқар жырауға бұрылды. 
 
—  Жырау,  бүгін  ақ  түйенің  қырын  шөгіп  жатқанын  көрдіңіз  бе?  —  деді  ол,  — 
жамандықтың белгісі болмаса нетсін... 
 
Бұқар  жырау  Қытай  әскерлерінің  төртінші  рет  шабуылға  шыққанын  қарауда  еді.  Қара 
құрттай  қаптап  келеді.  Бір  қазаққа  жиырма  Қытай  жабылғалы  келе  жатыр.  Басым  күшке 
шыдай  алмай,  қазақ  қолының  бір  жақ  шеті  жапырылып  кейін  шегіне  түскенін  Бұқар  жырау 
жаңа аңғарды. Бірте-бірте қазақ әскерінің халі қиындай берді. Өмір бойы ішер асқа жарымай 
өткен,  бірақ  өз  әміршілерінің  зорлауымен  соғысқа  әкелінген  Қытай  әскері  шабуылға 
шыққанда  өлген  тірілгендерін  білмейтін.  Әлде  қорлық  өмірден  өлгендерін  артық  көре  ме, 
қарсы жауған оққа кеуделерін тоса, үнемі алға ұмтылатын. Осыны көріп тұрған Бұқар жырау 
Абылай сұрағына асықпай жауап қайтарды. 
 
—  Қасқырдан  қорыққан  қойшыдан  жақсы  күзетші  шыға  қоймайды.  Жауыңды  жеңгің 
келсе, ең алдымен өзіңе-өзің сен. Әйтпесе бәріміз бірдей апатқа ұшыраймыз. 
 
— Көңілімде бір күдік бар. Одан қалай құтылам?  
 
—  Жеңетініне  сенбей  майданға  шыққан  қолбасшының  өмірі  ұзақ  болмайды.  Ондай 
кеселдің бір ғана емі бар... 
 
— Ол қандай ем? 
 
— Ажал. 
 
— Ажал? 
 
—  Иә,  ажал.  Ол  қандай  дауасыз  кеселден  де  құтқарады,  —  деп  Бұқар  жырау  қазақ 
қолының  жапырылып  бара  жатқан  қанатын  көрсетті.  —  Шап  қазір  ана  тұсқа!  Не  ажал 
табасың, не өзіңе-өзің сенбейтін аурудан айығасың. 
 
Абылай  бұған  бір  ауыз  сөз  айтқан  жоқ.  Жалынқұйрығын  тебініп  қап,  жырау  көрсеткен 
майдан алаңына қарай шаба жөнелді. 
 
Бұқар  жырау  атынан  түсті.  Мойнына  белбеуін  салып,  бір  тізерлей  отырып,  алласына 
«ақсарбас» айтып, жалбарына бастады. Әрине Бұқар жыраудың  құдайға бағыштаған сөзін 
діни адамдардың біреуі естісе, «құран сөзін қор еттің!» деп сөгер еді, өйткені, оның аузынан 
құдайға жалбарынудан гөрі, ұран шақыруға ұқсас, ереуілді жыр тізбегі ағытылып жатқан. 
 
Абылайдың жалғыз шапқанын көрген қазақ жігіттері шегінуді тоқтатып, жауға қарай лап 
қойды. 
 
— Абылай! Абылай! 
 
— Аруақ! Аруақ! 
 
Таудан құлаған тастардай, өлген-тірілгендеріне қарамаған садақшы, найзагер қалың қол 
алдарындағы  шәрке  табанды,  қара  қалпақ,  қара  шапанды  жаяу  әскерінің  алдыңғы  шебін 
күл-талқанын шығарып, кейін қуа бастады. 
 
Қайтып оралған Абылай Бұқар жырауға: 
 
— Қолбасшыға күптенудің серік емес екенін енді ұқтым! — деді. 
 
Бүгінгі  жеңістен  рухтанған  Абылай  ертеңіне  де  шабуылды  өзі  басқармақ  боп,  сауытын 
киіп, әскер алдына шыға беріп еді, Бұқар жырау: 


 
123 
 
—  Ажалмен  ойнама,  сұлтаным.  Шөлмек  күнде  сынбайды,  бір-ақ  рет  сынады.  Бүгінгің 
артық! — деді. 
 
— Ер жігіттің серігі тәуекел демеп пе едің, Бұқар аға? 
 
— Жүз тәуекелдің бір тәубесі болар. Кешегі тәуекеліңе бүгін тәубе ет. 
 
Абылай бірдеме деп келе жатыр еді. Бұқар жырау: 
 
— Қазақта Абылай біреу-ақ, ал Қытайда Пуделер көп, — деді қолын жоғары көтеріп, — 
құдай менің тілегімді күнде бере береді дейсің бе, жетер енді! 
 
Жалпы  көшпелі  елдердің  салты  бойынша  жырау,  ақын  дегендердің  қадірі  халық 
алдында  өте  жоғары  бағаланатын.  Жырау  арқылы  ру  көсемдері  өздері  бағынышты  хан, 
сұлтандарға  өкпелерін  де  жеткізетін.  Бүкіл  ел-жұртының  мұң-мұқтажын  жоқтаған  мұндай 
жыраулармен ең тегеурінді хандардың өздері де санасатын. 
 
... Бүгінгі ұрыс кешегіден де қиынға түсті. Өлген, тірілгеніне қарамай, Қытай сыпайлары 
әміршілерінің  бұйыруымен  үсті-үстіне  шабуылға  шықты.  Құлынжалды  садақтарын  шірене 
тартқан қазақ жігіттерінің жебесінен алдыңғысы оққа ұшса, артындағылары өліктерін басып 
өтіп,  алға  қарай  ұмтыла  берді.  Қытай  әскері  қазақ  жігіттерін  тағы  да  ығыстыра  бастады. 
Осындай бір шабуылда, қызып кеткен Бұқар жырау: 
 
—  Кеше  құдай  он  тілегімді  бергенде,  бүгін  бір  тілегімді  бермей  ме?  —  деп  жау  шебіне 
қарсы  шаба  жөнелген.  Абылай  «тоқта»  деуге  де  үлгермей  қалды.  Бір  заматта  Бұқар  оң 
қолының қарынан оқ тиіп, өз кісілерінің жанына әзер жетті. Бұқарды Абылай елге қайтарып, 
қасына енді Тәтіқара жырауды алды. 
 
Абылай  тұрған  қыземшек  биік  шоқының  басынан  көз  жететін  адыр-қырқа  беттері  тегіс 
көрінеді. Оның қасында қазір төрт-ақ адам бар: Қанай, Бекболат, Тәтіқара және Сырымбет 
батыр. Өзге батырлардың бәрі де майдан даласында. 
 
Қырағы  көзді  Абылай  арғы  белестен  тағы  бір  лек  Қытай  әскерінің  төмен  түсіп  келе 
жатқанын көрді. Құдайға шүкір, әйтеуір әлі Чжао Хойдың көк найзалы атты әскерінің шаңы 
шыққан жоқ. 
 
«Бүгін  кешегідей  емес  шабуылдары  анағұрлым  бәсең,  сірә  Чжао  Хойдың  атты  әскерін 
күтіп тұр-ау, — деді ішінен Абылай, — бәлендей қауіп туа қоймас». 
 
Абылай  күнбатыс  жаққа  бұрылды.  Таң  атқалы  уақыт  мөлшерін  де  байқамапты,  күн 
бесіндіден  еңкейіп  бара  жатыр  екен.  Бірдеме  айтпақ  боп  ол  енді  Қанайға  қарай  беріп  еді, 
кенет басындағы қалпағы анадай жерге ұшып түсті. Абылай жалт бұрылды. Қалпағы жерде 
жатыр. 
Тазқараның 
тайлақ 
жүні 
қадал- 
ған  жеріне  қағаз  байланған  қозы  жаурын  садақ  оғы  қалпақтың  дәл  айыр    ұшына  кеп 
шаншылыпты. Абылай жылдамырақ қимылдап қалпағын жерден өзі көтерді. Қағазын жұлып 
алды да, жебені лақтырып жіберіп, оқ тескен қалпағын айналдыра қарап шықты. Егер жебе 
төрт елідей төмен тигенде, Абылай сұлтан бұл дүниеге жоқ екен. 
 
—  Япырмай,  қандай мерген  еді!  —  деді  ол  кім  болса  да  қалпағына  дәл  тигізгеніне  таң 
қалып. Сөйтті де қолындағы қағазға көз жүгіртті. Әдемі әріппен әлдекім: «Абылай, сақ бол, 
бүгін түнде күзетші бір жақының сені өлтірмек. Қайсы екенін анық білмеймін» деп жазыпты. 
«Оқ  сол  жағымнан  атылғандай  болып  еді,  кім  де  болса,  өз  әскерімнің  ішіндегі  бір  дос-жар 
кісі жазған болды», — деді Абылай ішінен, қағазды ұп-уақ етіп жыртты да лақтырып жіберді. 
 
Абылайдың қағазды оқығанын көріп, сұп-сұр боп түсі қашып кеткен Бекболат би: 
 
— Жақсылық па, жарқыным? — деді. 
 
—  Жәй  әшейін...  Жауды  қашан  жеңеміз  деп  сұрайды.  Сірә  ұрыстан  шаршаған  біреу 
болар. 
 
әрине, Бекболат Абылайдың сөзіне сенген жоқ, бірақ одан әрі қазбаламады. 
 
— Мерген-ақ жігіт екен... 
 
— Айтпаңыз. 
 
Абылайдың  бағы  өскен  сайын  қасы  да  көбейген.  Оған  бүгінгідей  садақ  оғы  жасырын 
жерден  талай  рет  атылған-ды.  Түбі  Абылай  хан  бола  қалса,  қарамағындағы  елдеріне 
биліктерінің бұрынғыдай жүрмейтінін сезетін бақ күндес төре тұқымдары да оған жамандық 
ойлай бастаған. Бұны білетін Абылай жанына халыққа қадірі бар батыр, жырау, шешендерді 
көбірек жинауға тырысқан. 
 
Абылайға қарсы бидің бірі Бекболат еді. «Хатта не жазылыпты?» деп ол босқа сұраған 
жоқ-ты.  Әкесі  қаз  дауысты  Қазыбектей  емес,  Абылай  дәрежесінің  бұлай  көтеріле  беруін 
ұнатпайтын.  Және  өзінің  қарсы  екенін  жасырмайтын  да.  Тек  ел  шетіне  жау  келе  жатыр 
дегенді естігеннен бері ғана райынан қайтқан. Қазір қазақ елін тағы бір апаттан алып қалу 


 
124 
үшін  Абылай  секілді  ер  жүрек,  табанды  адамның  соңынан  еруді  Бекболат  мақұл  көрген. 
Қорқынышты  хабар  тараған  күннің  ертеңінде  өз  жігіттерімен  Абылайдың  жасағына  келіп 
қосылған. Ал сол Абылай Бекболаттан сырын жасырып тұр. «Ол қағазда не жазылды екен? 
Сұлтан  соншама  неге  сұрланып  кетті?»  Абылай  батып  бара  жатқан  күнге  тағы  бір  қарап 
қойды. Жау шебінен «бүгінгі ұрыс бітті» деген дабыл үні естілді. 
 
— Жарайды, —  деді Абылай, — бұ жолы біз шүршіттердің дегеніне көнейік. Бүгінгі ұрыс 
осымен аяқталсын... 
 
Қазақ дауылпаздарының дүңкілі де кең даланың үстінде қалықтай жөнелді. Сол-ақ екен 
екі  жақтың  әскері  екі  бөлініп,  кейін  қарай  серпілді.  Ай  туа  майданға  ат-арбалы  өлік 
жинаушылар келді. Майдан шекарасында екі жақтың күзетші әскерлері бір-біріне көрінбей, 
жыра-сайларды бүркеніп, түнгі шептерін құрды. 
 
Абылай  өз  серіктерімен  шатырына  қайтты.  Қазақ  қолдарының  тоқтаған  жері  Іле  мен 
Күркірек  атты  шағын  өзеннің  тоғысқан  алқабы  болатын.  Ортада  Абылайдың  ақ  ордасы. 
Жан-жағында  шашырай  тігілген  өзге  қолбасшы  батырлардың  үйлері...  Абылай  аттан 
түсісімен  шатырына  кіріп,  үстіндегі  сауыттарын  тастап,  жайшылықтағы  киімімен  өзін  күтіп 
отырған  қолбасшылар  кеңесіне  келді.  Сосын  мәжілісін  тез  өткізіп,  әдеттегісінен  көрі  кешкі 
асын да ертерек ішіп, жатып қалды. 
 
Абылайдың  жорықта  ерте  тұру  жалпы  ғадеті  еді.  Және  басы  жастыққа  тиісімен-ақ  тез 
ұйықтап  кететін...  Абылай  бүгін  де  сөйтті.  Тек  жартылай  шешініп  төсегіне  жатар  алдында 
керегеде  ілулі  тұрған  қылышын  қынабынан  суырып  алып,  жалаңаш  күйінде  бас  жағына 
қойды. Сосын ұйқыға кетті. Әлден уақытта кенет көзін ашты. Бағанағы қағаз есіне түсті... 
 
Оянып алғаннан кейін бүгін күзетте кімдер  тұрғанын білгісі келді, бірақ бұл ойынан тез 
қайтты.  Алатын  ажал  болса  алтын  сандықтың  ішінде  жатсаң  да,  әзірейіл  өзі  табады  деп 
ойлады ішінен. «Егер бүгінгі түн менің ақырғы түнім болса, тәуекел, оны да көрелік...» 
 
Абылай біраз жатып тағы ұйықтап кеткен еді. Қара киімді бір дәу адам кеудесінен баса, 
үстіне  кеп  құлады.  Үстінен  қара  бура  басқандай,  тыпыр  еткізіп  қозғалтар  емес,  демі  бітіп 
тұншығып өліп бара жатыр... 
 
— Абылай, Абылай! — деп әлдекім аяғынан жұлқылап тартқандай болды. 
 
Абылай  көзін  ашты.  Шалқасынан  жатқан  екен,  бастырылып  қалыпты.  Үсті-басы  қара 
терге малынған. 
 
— Түс көрдіңіз бе? Дауысыңыз тым қорқынышты шықты ғой... 
 
Абылай қолын жалаңаш қылышының сабына апара берді. 
 
— Бұл қайсың? 
 
— Мен ғой... Нұржанмын. 
 
Абылай қылыш сабынан қолын кейін тартып алды. Бұл Қарауыл руынан алған ортаншы 
әйелі Қамшаттың туған інісі еді. 
 
— Жалғызсың ба?.. 
 
—  Жалғызбын...  Түн  бүгін  тым  қараңғы.  Орданы  айнала  күзет  қойдық.  Мүлік  екеуміз 
босағада тұрмыз.  
 
— Қазір қай мезгіл? 
 
— Түн ортасы ауып бара жатыр... 
 
— Жақсы, әлі бір ұйықтап тұрар уақыт бар екен. 
 
— Иә... Ұйықтаңыз... 
 
Абылай үйде жалғыз қалды. 
 
Ұйқысы кенет шайдай ашылды. Күні бойы болған ұрыстан әбден шаршаған еді, тынығып 
қалыпты; бағанағы хат тағы есіне түсті. Хат сөзі бұ жолы жүрегіне  бір түрлі суық, ызбарлы 
тиді.  «Кім  екен  бұл  хатты  жазған?  Бір  жақының    өлтірмекші  деді  ғой...  Қайсысы  екен? 
Жақының дейді?.. Күзетте бүгін Қарауыл мен Атығай руларының жігіттері тұр. Олар қастық 
ойламаса  керек-ті.  Сонда  қайсысы  болды?  Айтпақшы  Нұржан  есік  алдында  «Мүлікпен 
екеуміз тұрмыз» деді ғой. Жоқ, ол башқұрт болғанмен, оны маған Қарасақалдың өзі жіберді  
емес пе... Бірақ шынында солай ма екен? Расымен Қарасақалдан келді ме екен? Бұны мен 
Қабанбай батырдан неге сұрамадым?» 
 
Қарасақал  бір  мың  жеті  жүз  қырқыншы  жылы  Россия  патшалығының  отаршылық 
саясатына  башқұрт  халқын  қарсы  көтерген  қайраткер  еді.  Патша  әскері  бұл  көтерілісті 
аямай  басқан  кезінде,  қазақ  даласына  қашқан.  Бұнымен  бірге  қазақ  жеріне  келген 
башқұрттың  өзге  кедей,  шаруа  адамдары  соңынан  елдеріне    қайтып,  Салауат  Юлаевтың 


 
125 
жасағымен  бірге  Пугачев  көтерілісіне  қосылған.  Ал  Қарасақал  қазақ  даласында  қалып 
қойған. 
 
Қазақ  даласы  он  жетінші  ғасырдың  аяғынан  бастап-ақ  патша  үкіметі,  жоңғар 
қонтайшысы,  јытай  боғдыхандардың  зәбіріне  шыдай  алмаған  адамдардың  панасына 
айналып  еді.  Құлазыған  ұшы-қиыры  жоқ  кең  дала  кімді  болса  да    жасыра  алады.  Оның 
үстіне  қазақ  халқының  кең  пейілділігі,  жомарттығы,  елінен  айырылғандарға  деген 
аяушылығын  қоссақ,  қазақ  даласы  мұндай  жандардың  екінші  Отанына  тез-ақ  айналып 
кететін. 
 
Қарасақалға  да  халық  сондай  құрмет  көрсеткен.  Ең  алдымен  Кіші  жүз  арасында,  кейін 
Қарқаралы  маңындағы  қаз  дауысты  Қазыбек  биді  сағалап  жүрді.  Қарасақал  бір  жағынан 
орыс патшалығын алдамақ болса, екінші жағынан қазақ елінің Жоңғар мемлекетіне өштігін 
пайдаланып, өзін Сыбан Раптан өлгеннен кейін, қонтайшылыққа таласып, Қалден Цереннің 
қолынан  қаза  тапқан  Шұно  Дабомын  деп  лақап  таратты.  Алдымен  Қазыбек,  артынан 
Қаракерей Қабанбай Қарасақалға сый-құрмет көрсетіп, өзіне жеке ұлыс билетіп қолдарында 
ұстады.  Кейін  оның  Қарасақал,  Шұно  деген  аттарын  өзгертіп,  Қарахан  деп  атады. 
Қараханның  Қарасақал  екенін  білетін  орыс  патшалығына  да,  Шұно  емес  екенін  білетін 
жоңғар  қонтайшысына  да  қазақ  елі  ұстап  бермеді.  Жоңғар  қонтайшысынан  зорлық 
көргендер  енді  жазықсыз  қуғынға  түскен  «Шұно  Дабоның»  қарамағына  қашты.  Бұл  кезінде 
Қалден Церенді қатты қауіптендірген... 
 
Қазақ  елінің  өзіне  көрсеткен  жақсылығын  Қарасақал  да  бос  тастаған  жоқ.  Маңына 
жиналған жоңғар, башқұрт, татар жігіттерінен жасақтар құрып, қазақ қолдарына қосты. Бұл 
жасақтар    қазақ  елінің  бостандығын,  тәуелсіздігін  қорғауға  өзінің  ержүректілігін,  шын 
берілген дос екенін жоңғар, Қытай басқыншыларына қарсы күресте сан мәртебе көрсеткен. 
Көпшілігі  жоңғар  жігіттерінен  құрылған  Қарасақал  жасақтарының  қадірі,  әсіресе,  Жоңғар 
мемлекеті құрылғаннан кейін арта түскен... 
 
Абылаймен  сыйлас  осы  Қарасақал  жақында  оған  өзінің  Мүлік  деген  жігітін  жіберген. 
Майданда Мүліктің ерлігін, мергендігін өз көзімен көрген Абылай, оны өзін күзететін жасаққа 
көшірткен. 
 
Шеттері жырымдалған тулақтай ала шабыр бұлт күміс айдың бетін қымтай жапты. Жаңа 
ғана  самаладай  жарық  дүние  заматта  қараңғылана  қалды.  Есік    босағасында  Нұржанмен 
қатар  тұрған  Мүліктің  тыпыршып  күткені  де  осы  кез  еді.  Ол  қынабынан  қанжарын  суырып 
алып,  жалаңаш  жүзін  қолымен  сәл  сипап  көрді.  Дірілдеп  кеткен  жүрегін  тоқтатып  Ақ  орда 
есігіне  таяй  түсті.  Дәл  осы  сәтте  Абылайдың  ыңыранған  үні  естілді.  Мүліктен  бұрын  үйге 
Нұржан кірді. Өзінің сәл кешігіп қалғанына  өкінген  Мүлік  енді жалаңаш қанжарының сабын 
ашулана қысып, үй ішіндегі дыбыстарға құлағын тосып тұра қалды. 
 
Мүлікті Абылай ордасына Қарасақал емес, Қоқан әміршілері Ерден мен Нұрбота билер 
жіберген.  Жоңғар  қаупінен  құтылған  Қоқан  билері,  орта  жолда  Абылай  жасақтары 
тұрғандықтан,  Қытай  шаубылын  өздеріне  қорқынышты  санамаған,  қайта  Абылайдың  қиын 
жағдайын пайдаланып, Сырдария бойының шаһарларын басып қалуды ойлаған. Бұл ойына 
бөгет  тек  Абылай.  Ал  қазіргі  кезде  қазақ  даласының  саяси  және  әскери  билігі  Абылай 
қолында.  Егер  ол  өле  қалса,  Үш  жүз  тағы  бытырап,  қазақ  хандығының  быт-шыты 
шығатынына  Нұрбота  мен  Ерден  шек  келтірмеген.  Халық  деген  не?  Олардың  ойынша 
басқаратын  кемеңгері  болмаса  құр  топыр.  Енді  олар  Абылайдың  көзін  жоюға  тырысты. 
Міне, кісі өлтіргіш сұрқия Мүлік Абылайдың ордасына осындай құпия тапсырмамен келіп еді. 
Егер  Мүлік  ойлағандарын  орындап  келсе,  қос  би  оның  басына  жұмақ  орнатпақ  боп  уәде 
берген... 
 
Мүлік бүгін жүйрік  атының басына дорба кигізіп, төрт аяғына кигіз  байлап, сайға тығып 
қойып,  іске  кірісуге  бел  байлаған.  Тек  аңдығандай  Нұржанның  қасынан  екі  елі  ажырамауы 
мұны күдіктендіре бастады. 
 
...  Оның  Қоқаннан  келгенін  бір-ақ  адам  білетін.  Ол  әрі  мылқау,  әрі  меңіреу,  өзінің 
атқосшысы өзбек жігіті еді. Ол Хиуа ханы Қоқан әміршілеріне сатқан құл болатын. Қоқанда 
екі  баласы  қалған.  Мүліктің  неге  келгенін  мылқау  білмейтін.  Тек  бүгін  таңертең  Қоқаннан 
келген шабарманның оған қағаз беріп жатқанын көріп қалған. Мүлік шабарманмен сөйлесіп 
тұрғанда  шатырды  жинап  жүрген  мылқау  қоржынға  тығып  қойған  сол  қағаздағы  «тездет» 
деген сөзді оқыған болар деген ой Мүліктің денесін кенет дірілдетіп жіберді. Бірақ сол сәтте 
«қойшы,  әрі  мылқау,  әрі  саңырау  құл  қайдан  хат  танысын»,  деп  өзін-өзі  басты.  Бірақ 
қорыққанға қос көрінеді, күдік алған көңіл қайтадан қобалжи түсті... 


 
126 
 
Ол осылай не істерін білмей, мазасы кетіп, әбігерленіп тұрғанда Ақ ордадан Абылайдың 
өзі шықты. Мүліктің жүрегі жиі-жиі соқты. Абылайдың бойшаң тұлғасы ай сәулесіне бөленіп, 
бұрынғысынан  да  ұлғайып,  айбарлана  түскендей.  Бірақ  Мүліктің  әккі  көзі  оның  қарусыз 
екенін бірден шалып қалды. 
 
—  Азырақ  ауа  жұтқан  жөн  болар!  —  деді  Абылай  кетіп  бара  жатып,  артына  бұрылып 
қарамастан. 
 
— Жақсы, соңыңыздан мен ерейін, — деді Мүлік, сосын Нұржанға бұрылды, — Нұреке, 
Орда есігін сіз күзетіңіз... Біз жоқта үйге біреу-міреу кіріп кетіп жүрмесін... 
 
Абылайдың  езу  тартып  кекете  күлімсірегенін  Мүлік  көрген  жоқ.  Ол  қолындағы  шиті 
мылтығы  мен  беліндегі  қанжарын  шешіп  алып,  Орда  қабырғасына  сүйеді.  Қарусыз 
қолбасшы  дәретке  барарында  соңынан  еретін  күзетшінің  де  қарусыз  болуы  ежелден  келе 
жатқан тәртіп. 
 
Абылай таң қараңғысына көзін сәл үйретіп тұрды да, Ордасының оң жақ іргесінен екі жүз 
қадамдай жердегі сайға қарай аяңдады. Арт жағында ілби басып Мүлік келе жатыр. Кенет 
ол ышқырындағы алмас пышағын қынабынан суырып алды. Абылай сәл кідірді. 
 
— Мынау ағараңдаған не? 
 
— Өзіңіздің ақ бураңыз ғой... 
 
—  Жарықтықты  кешеден  бері  көрген  жоқ  едім,  күндіз  Орда  маңында  бол- 
ды ма? 
 
 
— Иә, кешке таман бір көргенімде алдыңыздағы сай жағасында тұрған-ды... 
 
Бұлар  таяған  кезде  ақ  бура  орнынан  түрегелді.  Абылай  оның  қалай  қарап  жатқанын 
аңғармай қалды. 
 
— Жарықтығым, барсың ба? — деп жанынан өте берді. Ол сайдың қабағындағы қалың 
бұтаға  қарай  аяғын  бірер  басты  да,  арт  жағынан  «Алла!»  деп  бір-ақ  рет  бақырып  қалған 
дауысты  естіп,  жалт  бұрылды.  Дауыс  адам  айтқысыз  үрейлі  шықты.  Абылайдың  жалт 
қарағанда  көргені  —  өзінен  бес  қадамдай  жерде  Мүлікті  желкесінен  тістеп  ап,  жерге  алып 
ұрып, аяғымен тарпып-тарпып жіберіп, үстіне шөге берген ақ бурасы болды. Дауыс шыққан 
жерге Нұржан да, өзге күзетшілер де жүгіріп келген. 
 
—  Уа,  не  болды?  —  деді  Нұржан  даусы  дірілдеп.  —  әйтеуір,  өзіңіз  аман- 
сыз ба? 
 
Абылай ақ бураны көрсетті. 
 
— Күзетші Мүлікті ақ бура басып қалды. Қазір астында жатыр. 
 
—  Ойпырмай,  не  дейсіз.  Ой,  жануар...  —  Нұржан  бураға  қарай  тұра  ұм- 
тылды. 
 
— Тиме! — деді Абылай ақырып. Нұржан кілт тоқтады. — Несі қалды дейсің. 
 
Жұрт не істерін білмей тұрып қалды. Әлден уақытта ақ бура түрегелді де қара түнге кіріп 
жоқ болды. 
 
Бір жас жігіт шақпақ тасын ұрып, от тұтатқан. Лап етіп жанған кепкен қурайдың жарығы 
қанды оқиға болған жерге түсті. Жұрт мылжа-мылжасы шыққан Мүліктің денесі мен қасында 
жатқан  түсі  суық  жалаңаш  қанжарды  көрді.  Мүліктің  тісі  ақсиып  кеткен.  Сықылықтап  күліп 
жатқан  адам  тәрізді...  Оның  қылышы  мен  садағын  тастап  кеткенін  көрген  Нұржан  бір 
сұмдықтың бола жаздағанын енді түсінді. 
 
—  Япырмай,  ә...  —  дей  берді.  —  Ақ  бура  болмағанда...  мына  сұм  сізді  өлтірмек  екен 
ғой.. 
 
Абылай үндеген жоқ. Аяғын саспай басып Ордасына кіріп кетті. 
 
Аңыз  бұл  оқиғаны  бізге  осылай  жеткізді.  Тек  ажалдан  құтқарылған  Абылай,  Мүліктің 
«соңыңыздан ерейін» деген сөзін естігенде, күлімсіреген жерін ғана аңыз айтпайды. 
 
Ал  сұлтан  болса,  Ақ  ордаға  кіріп  бара  жатып,  кешегі  хатты  өзіне  кім  жаз- 
ғанын ойлауда еді. Ол хаттың шетінде «Мүлік» деген, көзге көрінер-көрінбес  сөз де бар-ды. 
Дос адам шынын жазған екен. Оны ақ бура айқындады. Абылай Ордасының есігін аша беріп 
тағы күлімсіреді. «Кісі алатын бір бура он күзетшіге татиды екен-ау». 
 
... Күндегі уақытынан сәл кештеу оянған Абылайға таңертең күзетшілері мылқауды алып 
келді.  Абылай  екеуі  оңаша  қалған.  Өзбектің  тұнжыраған  бетіне  ұзақ  қарап  отырды  да, 
қолына бор алып, жанындағы дөңгелек столдың бетіне араб әрпімен: 
 
«Кеше менің басымдағы қалпақты атып түсірген сенсің бе, жігітім?» — деп сұрады. 
 
Мылқау борды алып жазумен жауап қайырды. 
 
«Менмін». 


 
127 
 
«Мергендігің үшін көп рахмет!» 
 
«Рахметті ең алдымен жазмышыңа айт». 
 
«Мүлікпен екеуің қайдан келдіңдер?» 
 
«Қоқаннан...» 
 
«Кім жіберді?». 
 
«Ерден мен Нұрбота билер». 
 
«Қандай шаруамен?» 
 
«Қоқан билері сенен қорқады». 
 
Абылай  «жақсы»  деп,  басын  изеді.  Ол  түрегеліп  еңгезердей  өзбек  құлына  өзінің 
керегеде ілулі тұрған құндыз жағалы шапаны мен камшат бөркін кигізді. Серіктеріне құлды 
өзінің  қағаз  көшіретін  хатшысы  етіп  алатынын  айтты.  Көп  кешікпей  Қоқан  жағына 
Абылайдың бес жігіті жүріп кетті. Олар өздерімен тілектес саудагерлер арқылы, мылқаудың 
құлдықта жүрген екі ұлын сатып алуға тиісті еді... 
 
... Күн ұясынан көтеріліп те үлгірген жоқ, Жоңғар қақпасының бергі бетінен дүркін-дүркін 
айқай-шу  естілді.  Қытай  жағына  жіберген  Абылайдың  ертөлелері,  түнде  Фу  Де  мен  Чжао 
Хойдың әскерінің қосылған хабарын алып келді. 
 
—  Келген  күштің  негізі  атты  әскер,  —  деді  барлаушылар.  —  Аттары  да  бұрынғыдай 
емес, қазақы жылқы. Шамасы, Қашқария мен Ұлы жүз ауылдарынан тартып алған секілді... 
 
—  Дегенмен  жаяу  әскері  көп  қой,  —  деді  Абылай  барлаушылар  жасағының  бастығы 
Сеңгірбай батырға қарап, — дәл бүгін олар майданға шыға қояр ма екен, қалай ойлайсың... 
 
— Жоқ, бүгін олар ұрысқа шыға алмайды. Алыстан шаршап келді ғой. Ал кешегі соғысқа 
қатынасқандары  олардан  да  жаман  шаршаған.  Түнде  екі  мыңға  жуық  өлік  жинапты,  оңай 
ма...  Ал  қазір  олар  қазан  көтеріп,  тары  орнына,  бүгін  екі  есе  етіп  күріш  салып  жатыр... 
Бұнысына  қарағанда  Чжао  Хойдың  әскерінің  аман-есен  жеткенін  тойламақ  тәрізді.  Бізге 
қарсы тек шамалы қалқан қоймақ ойы бар. 
 
— Жақсы, — деді Абылай. — Менің Ордама мың басы батырларды тегіс шақырыңдар... 
 
Сеңгірбай  алдыңғы  шепке  кетті.  Жан-жаққа  қолбасшы  батырларды  жинауға 
шабармандар жөнелді. 
 
...  Абылай  Ордада  жападан-жалғыз  отырып,  қалың  ойға  шомды.  Ертең 
таңертең  не  істеу  қажет,  соны  бүгін  шешуі  керек.  Абылай  қалай  шешсе, 
таңертең ақ бура солай қарап жататын болады. 
 
Қырғын  ұрыс  басталғалы,  міне  бірнеше  күн  өтті.  Қырылған  шүршіт  бізден  он  есе  көп 
дейік,  бірақ  Фу  Де  ме  Чжао  Хойға  ол  дым  да  емес.  Ал  қазақ  еліне  келсек...  «Ақтабан 
шұбырындыдан» бері әлі бұрынғы санымызға жете алмай келеміз. Бізге әрбір жігіт қымбат. 
Жарайды, Фу Де мен Чжао Хойдың осы екі қолын жеңсін-ақ, сонымен соғыс біте ме? Қытай 
боғдыханы  үшінші,  төртінші,  бесінші,  алтыншы  қолын  жібереді...  Жоқ,  қазір  қазақ  елінің 
Қытайдың мың басты  айдаһарына қарсы тұра алар дәрмені жоқ... Ол айдаһардың қолына 
түскен  қазақ  рулары  әзірге  шыдай  тұрсын...Тірі  қалу  үшін  суыр  болып  жерге  кіріп,  таутеке 
боп  құзға  шықсын,  әйтеуір,  құрып  кетпеудің  жолын  іздесін...  Ал,  қазір  біздің  борышымыз 
неде?  Шүршітке  қазақтың  оңай  жау  емес  екенін  көрсетіп,  әскерімізді  аман-есен  елімізге 
қайтаруымыз керек. Шүршіт соңымыздан қумақ болса, сонда көрсін біздің күшімізді. Әрине, 
ақылы су боп кетпесе бізді қумайды... Қумаса теңбе-тең түскен боп айрыламыз... 
 
Ал  әскерімізді  қайткен  күнде  де  аман  сақтауымыз  қажет.  Қоқан  билері  Мүлікті  босқа 
жіберіп  отырған  жоқ  қой.  Олардың  ойы  ап-айқын:  шүршіттер  қазақ  жауынгерлерін  қырып 
жатқанда,  сұрқия  Мүлік  қазақтың  болашақ  ханын  өлтіреді...  сол  кезде  Қоқан  әміршілеріне 
кім  қарсы  тұра  алады?  Баз  баяғы  қазақ  елін  талан-тараж  етіп,  талап  алмақ.  Әрине,  қоқан 
билері  өздеріне  ең  қолайлы  жерлерді  күні  бұрын  белгілеп  қойғандары  да  мәлім,  әйтпесе 
Арал  теңізі  тұсында  олардың  жасақтары  текке  көрінбесе  керек-ті.  Шүршіт  шапқыншылығы 
олардың  ойына  да  келер  емес.  Алла-тағала  өзінен  өзі  сақтап  қалатындай  көреді.  Шүршіт 
пен Қоқан әмиратының ортасында қазақ қолдары тұр. Надир-шахтың Хиуадағы құлдары да 
Қытай  айдаһарының  бар  екенін  естерінен  шығарған.  Бар  айналдыратыны  қазақ  елі.  Бізге 
тиіспеген,  көз  алартпаған  бір  күндері  жоқ.  Қытай  боғдыхандары  алда-жалда  қазақ  әскерін 
құрта  алса,  шүршіттен  бұлар  аман  қала  ма?  Өгізге  туған  күн  бұзауға  да  тумай  ма?  Иә, 
сөйтеді.  Ал,  кенет  олар  бізбен  біріккен  күнде  де,  Қытай  айдаһарына  Қоқан  мен  Хиуа  да 
төтеп бере алмайды... Сондықтан әзірге... 
 
—  Бүгін  түнде  біз  кейін  шегінеміз,  —  деді  Абылай,  батырлар  әскери  кеңеске  жиналып 
болған соң, — артымызда қуғыншыларға төтеп беретін болмашы қалқан ғана қалады. 


 
128 
 
Үй іші тына қалды. Ызыңдап ұшқан масаның дыбысы ғана естіледі. Батырларда үн жоқ... 
 
— Бұнымыз қашу ғой! — деді Қаракерей Қабанбай ұнатпаған пішінмен. 
 
— Иә, солай десе де болады, — деді Абылай саспай. — Бірақ бұл қазақ батырларының 
ажалдан қорқып қашуы емес. Әскерін сақтаудың амалы. 
 
—  Бұған  біз  түсінерміз-ау,  —  деді  қанжығалы  Бөгенбай,  —  соңымыздан  ерген  жұрт  не 
дейді? 
 
— Дер кезінде шегінбесек, енді жиырма күннен кейін, тек сіз бен біз ғана тірі қалармыз. 
Оның өзі де неғайбыл, — деді Абылай, — өлік жинаушылар кешегі айқаста жеті жүз кісі өлді 
деген  хабар  әкелді.  Алдыңғы  күні  алты  жүздей  жігіт  қаза  болды...  Күнде  осындай  шығын 
етсек санаңдар, қанша күнге жетеміз?.. 
 
— Абылай сұлтан жөн айтып отыр, — деді Жәнібек тархан қамшысын алдына тастап, — 
шегіну керек. Бірақ қай тұсқа барып бекінеміз? Соны ақылдасайық.  
 
Мысқылшыл Қанай мырс етті. 
 
— Торғайға тартамыз. Қытайдан қашсаң, ар жағында Орынбор бар. 
 
Шүршітпен  бетпе-бет  кеп  шайқасуды  ғана  білген  кейбір  қазақ  батырларының  бұл 
оқиғаны  тереңірек  ойлауға  өрелері  жетпей  жүрген-ді.  Сұңғыла  Қанай  көп  адамның  ойын 
айтып  салған.  Осы  отырғандардың  кейбіреуі  Абылайдың  Россиямен  жақындасуын  жөн 
көрмейтін.  Тіпті  оны  айыпты  санайтын.  Бұлар  қалай  десе  олай  десін,  Абылайдың  көз 
алдынан жақында ғана болып өткен жоңғарлардың қанды қайғылы халі кетпейтін. Әттең не 
керек, жаңа әйел патша өзінің империясында не болып жатқанын әлі ұға қойған жоқ. Соның 
салдарынан Абылай да шүршіттің сазайын тартқыза алмай отыр. 
 
—  Жә,  жетер!  —  деді  ол  ақырғы  кесімін  айтып,  —  қазақ  елінің  тағдырын  көкпарға 
салатын  заман  емес.  Көкше  теңізге  дейін  шегінеміз.  Одан  әрі  бармаймыз.  Ал  шегінген 
әскерге қалқан боп, өз жігіттерімен бір батыр қалсын! 
 
Абылайдан батырлар ұйғарымынсыз үзілді-кесілді жарлық естіп көрмеген қолбасшылар 
не дерлерін білмей, абыржып қалды. Ешкімнен ақыл сұрамай, бұлай бұйыра сөйлеуі оның 
ел  тізгінін  өз  қолына  біржола  алғанын  аңғартқандай  еді.  Мұндай  қылық  тек  Үлкен  Орда 
ханына ғана лайықты болатын. Батырлар осылай абыржып отырғанда, Батыр Баян: 
 
— әскер соңында қалуға мен бармын! — деді. 
 
Абылай орнынан түрегелді. 
 
— Онда сөз осымен бітті. Жарықтық ақ бура қалай шөгіп жатыр екен, енді соны көрелік... 
 
Ақұрық  шетінде  жайылып  жүрген  ақ  бура  келе  жатқан  кісілерді  көріп,  бері  беттеді. 
Абылай «бурашым, бурашым» деп еді, бір тізерлей барып, Көкше теңізге қарай басын бере 
шөге бастады... 
 
...  Екі  жақтың  негізгі  күші  түгіл  қатынаспағанмен,  бүгін  тағы  қырғын  ұрыс  болды.  Тек 
ымырт жабыла, Абылайдың бұйрығы бойынша, қазақтың қалың қолы кейін шегінді. Беттерін 
Іленің төменгі сағасына бұрған қалың әскерді арт жағынан қорғап, өзінің таңдаулы мың атты 
қолымен  Батыр  Баян  қалды.  Бұлар  бос  жатқан  жұрттың  әр  жерінен  от  жағып,  әскердің 
шегінгенін жауға сездірмеу үшін алдамшы көрініс жасауға кірісті... 
 
Негізгі қол Балқашқа қарай он бес шақырымдай өткенде ғана, жігіттер арасында күңкіл 
шыға бастады. 
 
— Сірә, біз шегініп бара жатқан тәріздіміз ғой. 
 
—  Түн  ішінде  осыншама  жедел  жүргенімізге  қарағанда,  шегіну  былай  тұрсын,  қашып 
бара жатпасақ нетсін. 
 
— Қашсақ, қашып бара жатқан да болармыз. Олар тым көп қой. 
 
— Көп деп жоңғардан қаш, Қытайдан қаш... Әбден су жүрек боп өлетін болдық қой тіпті. 
 
—  Үндеме,  шырағым.  Біз  шегінгенмен,  шүршіттің  қолында  қалған  ел  ереуіл  шығарып 
жатыр деседі... 
 
— Оны Абылай біле ме екен? Қашқар, Құлжадағы ұйғыр мен қазақтар бас көтеріпті... 
 
— Бұны саған кім айтты? 
 
— Жұрттың бәрі айтып жүр ғой... 
 
— Бәрі дейсің бе?.. Иә, солай шығар. Жұртқа не бетімізбен қараймыз. Қытайдан қорқып 
қаштық дейміз бе? 
 
— Шырағым, біздің тағдырымыз қазір батырлардың қолында. Ал батырлардың тағдыры 
Абылайдың қолында. Шегінсек со кісінің ақылымен шегініп бара жатқан болармыз. 


 
129 
 
— Шегінуге қанша ақыл керек? — деді, қабағы қатулы, бүгінгі ұрыста жалғыз ағасы оққа 
ұшқан    жас  жігіт.  —  Абылай  ақылды  болса  жауды  жеңудің  жолын  таппай  ма?..  Қашу 
қатынның да қолынан келеді. 
 
Алдыңғы жақта келе жатқан Тәтіқара жырау бұрылып кейін қарады. Ай жаңа туып, жер-
дүние сәл ақшыл тартқан. Жігіттің қатыңқы қабағынан өте күйінішті екенін ұқты.   
 
— Ауыл иті ортаға алса, көкжал қасқыр да қашып құтылуға тырысады, — деді ол жігітті 
жұбатып.  —  Асықпа,  иттер  андыздап  соңынан  түскенде  ғана,  көкжал  қасқыр  біртіндеп 
құртады... 
 
Жігіт жауап қайырған жоқ. Енді біраз жүргеннен кейін қалың қол Іленің бір жалпақ өңіріне 
келіп аттан түсті. Әскер кешкі асын ішіп, азырақ көз шырымын алсын деп бұйырды Абылай. 
Заматта қостар тігіліп, әр жерде қазандар  көтеріле бастады. Бірақ жауынгерлердің түрінде 
рең жоқ. Қашқандарына қорланғандай мойындарына су кетіп, иықтары салбырап, әр жерде 
топ-топ  боп  жиналып,  күбір-күбір  сөйлеседі.  Абылайдан  рұқсат  алып,  Тәтіқара  мен  Көтеш 
жырау осы жүдеген топтардың арасына барып, көңілдерін көтермек болды. 
 
Қазақтың  шырқай  салған  ән  шыққан  жерге  заматта  жиналатын  әдеті.  Бір  ошақтың 
жанында отырып Тәтіқара  «алты қырдың  астынан естілетін» күшті даусымен бір  айқайлап 
ап, термені желдірте жөнелгенде, әр жерде шоғырланып астың пісуін күтіп жүрген жігіттер, 
лезде  сол  маңға  жинала  қалды.  Жырау  осы  ұрыста  көзге  түскен  жігіттердің  ерлігін  айтып, 
жұрттың жабыққан көңілін көтеріп-ақ тастады. Енді көп арасынан: 
 
— Уә пәле! Жігіт болсаң Малайсарыдай бол! 
 
— Япырай, Қаракесек Қапан қандай мерген еді! 
 
— Уа, Бөгенбай батырға кім жетсін! Алты алаштың айдары ғой! 
 
— Ойпырмай, шүршітті қырамыз деп жүріп, көп қызықты көрмей қалыппыз ғой, Тәте-еке, 
әлгі жуан Қытай сыпайының қалай қашқанын қайтадан айтып беріңізші! 
 
Тәтіқара жырау екі көзі оттай жайнап, термеге қайта басты. 
 
 
Жуан қарны іркілдеп, 
Қытай қашып келеді. 
әзірейілдей зіркілдеп, 
Жабай қуып береді. 
О заман да бұ заман 
Мұндай қызық кім көрген 
Сан бәйгеде жүлде алған 
Шабысы соққан желмен тең, 
Аты шулы Кертөбел, 
Қалды кейін жете алмай, 
Жуан құрсақ, май басқан 
Сыпай кетті құтылып, 
Қашқан кезде, жігіттер, 
Бұл шүршіттен кім асқан! 
 
 
Осының  алдында  ғана  иіндері  түсіп,  салбырап  отырған  жұрт  мәз-мейрам  боп, 
дуылдасып қалды. 
 
— О, ерің-ай! 
 
— Шіркіннің жанының тәттісін қарашы, Кертөбелге де жеткізбей кеткен. 
 
Ошақ басы ду-ду күлкі... 
 
...  Біраздан  кейін  жігіттер  астарына  тоқымын,  бастарына  ерін  жастанып,  тәтті  ұйқының 
құшағына  енді.  Бұдан  мың  жыл,  екі  мың  жыл,  үш  мың  жыл  бұрын  да  ата-бабалары  дәл 
осылай  ұйықтаған.  Ежелден  келе  жатқан  осы  көне  халықтың  етін  жеп,  сүйегін  мұрнынан 
шығарып тастамақ боп, Қытай айдаһары қазақ даласына дәл осылай сан рет кірмек болған. 
Бірақ  әрқашан  да  басқыншы  жаудың  күрек  тісі  быт-шыт  боп  сынып,  маңдайлары  тасқа 
соғылып,  Жоңғар  қақпасының  тар  шатқалынан  әзер  өтіп,  талай  рет  кейін  шегінген... 
Жыраулар бүгін ата-бабаларының сол ерлігін жас ұрпаққа жыр ғып толғады. Жырау сөздері 
миларына  қонған  жігіттердің  түсіне  айдаһарлар  кіріп,  кейбіреулері  шошып  оянып, 
алдаспандарына жабысты... 
 
Олар  таң  саз  бере,  әлемді  тітірете  күн  күркіреп,  шелектеп  жауған  жаңбырдан  оянды. 
Абылай 
бар 
қолын 
тез 
атқа 
қондырып, 
құйып 
тұрған 
қалың 
жауын- 
ға қарамай, жолға шықты. 
 
Күн шыға жаңбыр басылысымен қосын буырқана ақ көбік атып, долдана тасыған өзенге 
кеп  тірелді.  Тасыған  өзеннің  түрі  адам  шошырлық,  жұдырықтай  тастарды  шыр  көбелек 


 
130 
айналдырып  қақпақылша  қағады.  Алдарында  өткел  бермес  долы  өзен,  арттарында 
Қытайдың  қалың  әскері,  жұрт  дағдарып  қалды.  Осы  кезде  мың  жауынгерімен  Батыр  Баян 
кеп  қосылды.  Қазақ  жігіттері  таң  ата  Қытай  шебіне  тиіпті.  Бұлардың  аз  екенін  біліп  қалған 
Чжао  Хойдың  атты  әскері  қарсы  шауыпты.  Әйтеуір  жер  жағдайын  жақсы  білетін  қазақ 
жігіттері,  жұбын  жазбай  ұрыса  шегініп,  құтылып  кетіпті.  Қытай  қуғыншылары  соңдарына 
түсіп,    тек  қалың  жауын  басталған  соң  ғана  кейін  қайтқан  көрінеді,  Сөйтіп  қазақтардың 
қашқаны Қытайларға мәлім боп қапты. Бұларды Қытайдың көп әскері қайтадан қууы мүмкін. 
Қауіп  әр  сағат  сайын  күшейе  берді.  Оның  үстіне  тасыған    өзен  қайтатын  емес,  арнасынан  
асып, бұрынғысынан да бетер құтырына бастады. Жұрт бұл араны «Күркіреуік» деп бекер 
атамаған  екен,  ақ  көбік  атқан  толқындары  гүрілдей  өкіріп,  адамның  қарадай  зәре-құтын 
алады. Қалың қол долы өзен мен жау әскерінің арасында қалып, қатты қысылды. Міне осы 
кезде Тәтіқара алға қарай суырыла шығып, домбырасын безектете, саңқылдап қоя берді. 
 
 
Қамыстың басы майда, түбі сайда, 
Жәнібек Шақшақ ұлы болат найза. 
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, 
Ер жігіттің ерлігі осындайда! 
 
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, 
Дербісәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы, 
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын. 
Сары менен Баянды айт Уақтағы. 
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт, 
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт, 
Найзасының ұшына жау мінгізген 
Еменалы Керейде ер Жабайды айт! — 
 
деп батырлардың аруағын қозғап, өзенге түсіңдер деп ұран тастады. 
 
Қоянды қамыс, ерді намыс өлтірген. Аты аталған батырлар тасып жатқан өзенге түсуге 
ыңғайлана  бастады.  Бәрінен  бұрын,  үстіндегі  ауыр  киімін  де  шешпестен,  долы  ағысқа 
бірінші  боп  Батыр  Баян  қойып  кетті.  Абылай  оған  қарап  тұрып:  Батыр  Баянның  кеше 
шегінген  әскерге  қалқан  боп  өзі  сұранып  қалуынан,  бүгін  тасып  жатқан  өзенге  жұрттан 
бұрын түсуінен, аяулы батырды айдап салып жүрген — жалғыз інісі Нояннан айрылып, әлі 
жазылмаған қасіреті екенін ұқты. 
 
Батыр Баянмен ілесе аты аталған батырлар суға түсе бастады. Оларға өзге жігіттер де 
қосылды.  Сөйтіп  қалың  қол  аман-есен  өзеннен  өтті.  Бұлар  бергі  бетке  шығып,  үстеріндегі 
киімдерін  кептіріп  жатқан  кезде,  Күркіреуіктің  арғы  бетінде  Чжао  Хойдың  атты  әскерінің 
барлаушылары да көрініп қалды. 
 
—  Өзеннің  бергі  бетіне  бірде-бір  шүршіт  шығушы  болмаcын!  —  деп  Абылай  тағы  да 
Батыр Баянның мың жігітін тастап, өзі қалың қолмен алға қарай жүріп кетті. 
 
Бірақ,  бұлардың  соңынан  сол  күні  де,  келесі  күні  де  ешкім  қуып  келмеді.  Арғы  бетке 
жіберілген барлаушылар: бұ жақта шағын қолмен қалқан қалыпты. Ал Қытайдың басқа бар 
әскері  өздері  жақында  ғана  басып  алған  жаңа  өлке  —  Шыңжанға  қайтыпты  деген  хабар 
әкелді.  Чжао  Хой  әскері  бері  қарай  өтісіменен  Шыңжандағы  қазақ,  ұйғыр  қайтадан  бас 
көтерген.  Қазақ  қолдарын  қумақ  түгіл,  «байтал  түгіл  бас  қайғының»  кебіне  ұшырап, 
көтерілісті  басу  үшін,  Чжао  Хой  әскері  кейін  шегінген.  Атты  әскер  қолбасшысымен 
араздасып қалған генерал Фу Де де, ел талаудағы олжадан құр қалмаймын деп Чжао Хой 
әскерінің  соңынан  кеткен.  Сөйтіп  қазақ  даласы  бұ  жолы  да  Қытай  басқыншыларының 
қаһарынан аман құтылды. 
 
Бір  жетіден  бері  жауын  күтіп  тынығып  қалған  Батыр  Баян  жасағы  енді  бір  күні  түнде 
Күркіреуіктен өтіп, Қытай шебіне қарай беттеді. 
 
Батыр  Баян  ертеңіне-ақ,  қас  қарая  өздерінің  осыдан  он  күн  бұрын  тастап  кеткен 
бекіністерінің тұсына кеп жетті. Мың жігітін төменгі қойнауындағы адыр, асулардың арасына 
тастап,  өзі  екі  серігімен  биіктеу  бір  төбенің  басына  шығып,  арғы  жақтағы  ойпатта  жатқан 
Қытай  жауынгерлерінің  қостарына  көз  жібереді.  Ымырт  жаңа  ғана  түскен,  әскерлер  кешкі 
асын дайындап жатса керек. Бүкіл алқап бойы быжынаған от... Санап көріп еді, мыңға таяй 
беріп  жаңылысып  кетті.  «әр  ошақтың  жанында  жеті-сегіз  адамнан  болған  күннің  өзінде  де 
мынау  ойпатта  кемінде  он  мыңнан  астам  Қытай  жауынгерлері  бар-ау.  Ал  біз  болсақ  — 
мыңға әзер жетеміз» деді ол ішінен. Сөйтті де бір тәуекелге бел буды «ойламаған жерден 
тиген 
қолдың 
бірі 
жүзге 
татиды, 
оған 
тыныш 
жатқан 
елін 
шап- 


 
131 
қан  Қытай  басқыншыларына  деген  қазақ  жауынгерлерінің  жүрегіндегі  ашу-кегін  қос! 
Тәуекел!» 
 
 
 
 
Батыр Баян сол күні түн ортасы  ауа, Қытай әскерлері тегіс ұйқыға кеткен кезде жауын 
шаппақ  болды.  Бірақ  күзетшілер  отырған  бекініс-шепті  оралып  өтіп,  ұйқыда  жатқан 
жауынгерлердің  арғы  түкпірінен  тиюді  дұрыс  көрді.  Сонда  ғана  бұлардың  күлін  көкке 
ұшыруға болады. Батыр Баян өз ойын жігіттеріне жеткізді. 
 
—  Сіздің  бұл  әрекетіңізді  Абылай  қостар  ма  екен?  —  деді  әлдекім  Батыр  Баянның  ту 
сыртынан. 
 
Бірақ  Батыр  Баян  өз  шешімін  өзгерткен  жоқ.  Түн  көзге  түртсе  көрінбейтін  тым  қараңғы 
еді.  Төгілетін  қанды  жасырғысы  келгендей  түксие  түнерген.  Қытай  шебіне  жіберілген 
барлаушылар жау қостарының бер жағында терең сай бар екенін айтып келді. 
 
Батыр  Баян  дереу  қозғалуға  әмір  берді,  сайдан  өткенше  үн  шығармауға  бұйырды.  Іле 
жағасының  жиделі,  тораңғыл  тоғайын  жағалай  отырып,  қазақ  жігіттері  сайдың  арғы  бетіне 
шығып, қайтадан сап құрды. Алдарында бір шақырымдай жерде жау жатыр... 
 
— Уа, аруақ! Ақжол ата! — деп Батыр Баян тықыршып тұрған Тұлпаркөгіне бірінші боп 
қамшы басты. 
 
— Абылай! 
 
— Қарақожа! 
 
— Қабанбай! 
 
Ұрандасқан мың жігіт  ұйықтап жатқан жау үстінен жөңкіліп келіп қалды. Екпіндері қауға 
түскен  өрттей  жан  шыдатар  емес.  Түнде  шапқан  жау  қандай  қорқынышты,  үстеріне  қазақ 
жігіттері,  жетіп  келгенде,  Қытай  сыпайлары  не  істерін  білмей,  қостарынан  шыға,  беттері 
ауған  жаққа  қашты.  Көбі  қара  басып  қарсылық  көрсетпей,  жан  сауғалап  жүргендерінде 
сойылға  жығылды,  найзаға  ілінді.  Бүкіл  дала  Қытай,  манжур  әскерінің  айқай-ұйқайына 
толды. 
 
Жер тартып аламыз деп келген Қытайдың көп жауынгерлері осы жат жерде қаза тапты. 
Өліп  бара  жатқандарында  ғана,  сорлылардың  көз  алдарында  сонау  туған  өлкелерінің  көк 
орманы, мөлдір аспаны, ақырын толықсып аққан мол сулы сұрғылт өзендері елестеді... Көбі 
«әттеген-ай,  бекер  келген  екенбіз,  сол  туған  жерде  неге  өлмедім»  деп  өкінді...  Бірақ  көк 
найзаның  ұшыменен  еріп  келген  ажал  ешқайсысын  мүсіркеген  жоқ,  тас  құшағына  ала 
берді... 
 
Бұл  айқаста  бір  мыңға  таяу  кісі  қаза  тапты.  Қытай  қолбасшылары  әскерін  тәртіпке 
келтіріп,  қарсы  тұрып  үлгіргенше,  қазақ  жігіттері  көзден  ғайып  болды.  Бұларға  тиген  жын 
емес,  адам  екенін  Қытай  сыпайларымен  қатарласа  жатқан  қазақ  жігіттерінің  өліктері  ғана 
анықтады... 
 
Көп кешікпей бозарып таң да атты. Жау қостарынан үш шақырымдай бүйірдегі қамысты 
тоғай  арасына  кіріп  үлгірген  Батыр  Баян  жасағы  шығындарын  есептеп  еді,  қолға  түскені, 
жараланғаны, қаза болғаны бар, үш жүздей жауынгер жоқ боп шықты. Батыр Баянның түсі 
қашып кетті. Енді Іле өзенінің арғы бетіне шығып, кейін қайтпақшы боп тұрған қолға, кенет 
ол: 
 
— Жау қолына серіктерімізді тастап кеткеніміз болмас. Өлсе өлігін, өлмесе жаралысын 
алып  шығуымыз  керек!  —  деді  ызалы  жүзі  сұп-сұр  боп,  —  Қытай  қостарын  қайтадан 
шабамыз!.. 
 
Жұрт үндемеді. Тек бір қартаң жауынгер: 
 
—  Осы  шабуылды  бізге  қисаң  қайтеді,  Батыр  Баян,  —  деді,  —  бір  тәулік    бойы 
астымыздағы  аттарымыз  да  тыным  алған  жоқ.  Және  өзіміз  де  әлсірейік  дегендейміз  бе, 
қалай... 
 
— Сонда шынымен-ақ серіктеріңді жау қолына тастап кетпексіңдер ме? 
 
— Тірі қалғанын құдайға тапсырайық, ал өлгеніне жәрдем беру тек алла-тағаланың ғана 
қолынан келеді... 
 
Тағы бір-екі жауынгер күңкілдеді. 
 
— Құрылған қақпанға өзіміз барып түспекпіз бе? 
 
— Кешірер бізді, шіркін боздақтар... 


 
132 
 
Көп  ішінен  қара  қасқа  жүйрік  мінген  қара  сұр  жігіт  суырылып  алға  шыға  берді.  Бұл 
Тәтіқара жырау ең алғаш шегініп келе жатқандарында «Күйігіңнің кегі қайтар күн туар» деп 
жұбатқан жауынгер еді. 
 
—  Жігіттер,  өлсек  біз  өлгендерден  артықпыз  ба?  Серіктерімізді  тастап  кету  жөн  емес. 
Баста, Батыр Баян. Мен ердім соңыңнан! 
 
— Анадан ұл боп туған жалғыз сенсің бе, мен де ердім! 
 
— Мен де! 
 
— Тәуекел, тағы бір шабалық! 
 
— Иә, сөйткен жөн... Аты құрғыр... 
 
— Менің атым да осы шабуылға жараса игі еді... 
 
—  Жә,  болды!  —  деді  Батыр  Баян.  —  Аттарың  жарайтындарың  бері  шық. 
Жарамайтындарың осы арада қалыңдар. 
 
Жұрттың бәрі Батыр Баян тұрған жерге қарай шықты. 
 
— Бәсе, менің қырандарым осылай болса керек-ті!.. 
 
— Уа, Батыр Баян, сенің бұл әрекетіңе Абылай сұлтан қалай қарар екен?  — деді тағы 
бағанағы дауыс. 
 
Батыр Баян тағы жауап бермеді. Атын тебініп қап алға түсе берді. 
 
Жасақ  Қытай  қостарына  бір  шақырымдай  жер  қалғанша,  құрақты,  тобыл- 
ғылы ойпатпен аяңдай жүріп келді де, тізгінді қоя берді. Жер бетін ұран басып кетті. 
 
— Ақжол! 
 
— Абылай! 
 
— Қарақожа! 
 
— Бөрібай! 
 
— Саптыаяқ! 
 
Батыр  Баян  мен  жаңағы  қарасұр,  жауынгер  өзіне  қарсы  ұмтылған  Қытай  сыпайларын 
жайпай ұрыса бастаған кезде, аттары болдыруға айналған, ең соңғы жауынгерлері де жетті. 
Бұл  жолы  Қытай  сыпайлары  білте  мылтықтарымен  қазақ  жігіттерін  көздеп  атып,  орасан 
қарсылық көрсетті. 
 
Дүние  жүзі  әлем-тапырық  ұрысқа  айналды.  Қытайлар  да  қапы  қалмады,  қазақтар  да 
аянған  жоқ.  Кескілескен  ет,  жосылып  аққан  қан,  ата  жауына  қарсы  өшіге  ұмтылған  ерлер, 
алдыңғы  екі  аяқтарын  көкке  көтере,  найзаға  кеудесін  тосқан  кер  төбел,  мақпал  қара, 
құлагерлер... 
 
Ұрыс күн көтерілгенше созылды. Екі көзі оттай жанған Батыр Баян жан-жақтарын тұтаса 
қоршаған  Қытай  қылыштарынан  қазақ  жігіттерінің  екшеліп  қалғанын  аңғарды.  Көптің  аты 
көп, күш тең түспеген еді. Бірақ қызыл қанға батып жер құшып жатқан Қытай жауынгерлері 
де  аз  емес.  «Аяулы  қырандарым,  өлсе  де  жастығын  ала  өлейін  деген  екен!  —  деді  ол 
ішінен.  —  Бұл  айқас  жауымыздың  есінде  мәңгі  қалар.  Қанша  өлігі  жатыр.  Жоқ,  біз  текке 
айқаспаған екенбіз. Біздің жерімізге шүршіттер енді аяғын байқап-байқап басар!» 
 
Сол-ақ  екен,  өн  бойын  бір  алып  күш  билеп,  өзіне  қарама-қарсы  келіп  қалған,  есік  пен 
төрдей қара ат мінген Қытайдың бір жалпақ бет сыпайын қайқы бел қара алдаспанмен қақ 
бөліп түсті. Дәл осы сәтте қолтығының астынан ұп-ұзын сүйір ұшты көк найза келіп қадалды. 
Көк найзаны Қытай сыпайы тағы бір ырғағанда өкпе тұсынан өткендей болды. Батыр Баян 
ат үстінен сырғып жерге құлай берді... 
 
Батыр Баянның құлап бара жатқанын көрген қара сұр жігіт қолындағы алдаспанын жарқ 
еткізіп көкке көтерді де, құлаштай сермеп, аяулы ерге найза салған жауының басын допша 
қағып түсірді. Сөйтті де ат жалын құшып, арпалысып жатқан Батыр Баянды жерге түсірмей 
көтеріп алып, жау қоршауынан өтпек боп атын тебініп қалды. 
 
Бұлардың  соңынан  қазақтың  сиреп  қалған  жауынгерлері  найза,  қылыштарын  кезей 
ұстап алға ұмтылды. Мұндай әрекетті күтпеген Қытай сыпайлары өздеріне қадалғалы келе 
жатқан  ажалдың  суық  ұштарынан  сескеніп,  жолды  аша  берді.  Батыр  Баянның  денесін 
алдына  өңгерген  қара  сұр  жігіт  жау  ортасын  жарып  өте  шықты.  Бұны  көрген  өзге  қазақ 
жігіттері 
де, 
алдаспандарын 
жар- 
қылдата сермеп, жау шебін үзіп, қоршаудан өтіп үлгерді. 
 
...Үлкен  Орда  ханы  Әбілмәмбет  пен  Орта  жүздің  сұлтаны  Абылай  қатарласа  отыр. 
Әбілмәмбет сәл жоғарылау, Абылай сәл төмендеу. Жоңғар мен Қытайға қарсы айқастарда 
сан жеңіске жетіп, Абылай бүкіл қазақ еліне әйгілі болғанменен, хан отырған жерде ол тек 


 
133 
сұлтан  ғана.  Ал  жалпы  халық  ұғымында    Әбілмәмбет  қанша  хан  болғанмен  Абылайдан 
абыройы, даңқы төмен. Абылай халықты басқарады. Әбілмәмбет — Орданы. 
 
әрине,  Әбілмәмбет  ханның  сонау  Хантағыдан  жеті  күн  жүріп,  Көкше  теңіздегі  сұлтан 
ордасына  текке  келмегенін  Абылай  жақсы  біледі.  Ел  ардақтағанды  хан  да  мақтаған. 
Абылайдың 
шүршітпен 
соғысып, 
әскерін 
қырып 
алмай, 
аман 
қайт- 
қанын  қошаметтеп,  ұлы  тойға  Әбілмәмбеттің  өзі  келген.  Хан  басымен  немере  інісіне 
алғысын айтып, батасын бермек. 
 
Иә,  бұл  соғыс  Абылайдың  қастары  ойлағандай  боп  бітпеді.  Енді  міне,  алдағы  уақытта 
қазақ елі шүршітпен соғыса ма, әлде бейбітшілік бітімге келе ме, тек Абылай ғана шешетін 
жағдай туды. Егер шүршітке қарсы тұрып соғыса бергенінде, бар әскерінен айрылатын еді. 
Әскерсіз  елге  кім  қорған  бола  алады.  Ал  бар  жасақтарымен  Шыңжандағы  ұйғыр  мен 
қазақтарға  барып  болысып,  Қытай  әскерлерімен  қайтадан  айқасуға  дәл  қазір  Абылайдың 
мүмкіндігі жоқ. Жат жерде жүріп жауды жеңу қиын. Онда бәрі де қазір ауыл шетіндегі қаралы 
үйде 
жат- 
қан Батыр Баянның кебін киер еді. Жоқ, Абылай дер кезінде шегінді. Ертең «Үлкен Ордаға» 
хан бола қалса, өзіне керек қалың қолын апаттан аман сақтап қалды. «Үлкен Орда» ханы? 
Абылай тұнжырап кетті. 
 
«Үлкен  Орда»  төңірегіндегі  сұлтан,  батыр,  билердің  ой-мақсаттары  Абылайға 
алақанында тұрғандай аян еді. Өздері хан болудан үміттенбесе де, Әбілмәмбет өлген күнде 
хан көтерсек деген адамдары әлдеқашан белгіленген. 
 
Бақ  күндес  жақындары  қазір  Абылайдың  әр  қадамын  аңдуда,  тілейтіндері  —  сүрінуі. 
Россия қол астына кіруді жақтағанында Абылайға олар қандай айып тақпады! Кейбіреулер 
бұған қара халықты қарсы қоймақ та болды. Әне, анау бір тәспі тартып отырған қария «екі 
көрші» туралы мысал да айтқан. 
 
«Момын шаруаға ала аяқ көршісі келіп, татулық достық үшін өгіз терісіндей жер бер деп 
сұрапты.  «Ала  ғой»  депті  момын  шаруа.  Сонда  әлгі  қу,  өгіз  терісінен  таспа  тіліп,  момын 
көршісінің бар жерін қоршап алып, «осындай жер маған ауысады» деп, момынның бар жерін 
өзіне қалдырыпты. Сенің орыс жандаралдарың да әлгі қуға ұқсайды, — деген осы қария. — 
Ең алдымен бекініс салуға болмашы жер сұрайды. Соңынан оған егін, бақша салатын жерді 
өзі  қосып  алады.  Артынан  мұжық-төлеңгіттерін  әкеп  орналастырып,  қазақты  өз  қонысынан 
қуады...». 
 
Ал қазір қазақ елін шүршіт кеп жан алқымнан алғанда, енді бірде-біреуі «сен бізді кәпірге 
саттың,  ханды  да  соған  көндірдің»  демейді.  Шүршіт  айдаһары  жоңғардың  тарғыл  ырбызы 
емес,  анағұрлым  күшті.  Онымен  артында  орыс  бекіністері  тұрғанда  ғана  жөндеп  сөйлесе 
аласың... 
 
Жоқ, Абылайдың қазір арқа сүйері төре тұқымы емес. Абылай жағындағылар, әне, анау 
халықтан  шыққан  атақты  батырлар.  Өз  аттарын  ел-жұртына  найзасымен  әйгілі  еткен  ата-
бабасы белгісіз жаман тымақ, жыртық тон бұқара жұрт. Тілін таба білсең бұлар жетім лақтай 
соңыңнан ере береді... 
 
Міне, тізесіне тізесі тие отырған, кексе тартып қалған Бөгенбай, оған таяу Еменәлі мен 
Жабай батыр, одан әрі Қыпшақ Дербісәлі мен Маңдай, Дулат Бөкей, Алтайдың ақбас атаны 
Сеңгірбай, Уақтан шыққан Сары батыр... Бәрінің де даңқы жер жарады. Соңдарынан ерген 
топтары да көп. Ешқайсысы Абылай берген бұйрыққа қарсы шыққан емес. 
 
Егер  Абылай  «кейін  шегін»  демесе,  осылар  шүршітті  жеңіп,  оның  табанының  астында 
жатқан Шығыс Түркістанның біраз елін құртар ма еді, қайтер еді? Бүкіл үш жүз болып атқа 
қонуға  әзір.  Бірақ  Шығыс  Түркістан  елі  Арқа  мен  Сыр  бойындағы  бауырларынан  жәрдем 
күтіп  отырғанда,  Абылай  өз  әскеріне  «кейін  қайт»  деді.  Өйткені  болашақ  «Үлкен  Орда» 
ханына  шүршітпен  қазір  соғысу  тиімсіз  болды.  Ханға  тиімсіз  дүние,  бүкіл  қазақ  даласына 
тиімсіз болып саналуға тиіс. 
 
Басындағы  қалпағын  мылқау  атып  түсірген  күні  Абылайдың  Алтынемелдегі  ордасында 
екі  бейшара  дәруіштің  болып  шыққанын  осы  отырған  адамдардың  бірде-бірі  білген  жоқ, 
Дәруіштер күзетшілер арқылы Абылайға, жалғыз ғана иероглифы бар, күміс теңге көрсетті. 
Сұлтан  дәруіштерді  ордаға  кіргізуді  бұйырды.  Ордаға  кірген  дәруіштердің  бірі  үстіндегі 
шапанын шешіп, басындағы сәлдесін тартқанда, Абылайдың денесі мұздап кеткен. 
 
Сұлтан  жас  кезінде  Қалден  Цереннің  қолында  тұтқында  жатқанда,  Таш- 
кентке  осы  көсе  дәруіш  екі  рет  келген.  Тәкаппар,  адуынды  Қалден  Цереннің  басын  иіп 


 
134 
бұнымен  ілтипатпен  сөйлесіп  отырғанын  Абылай  өз  көзімен  көрген.  Соңынан,  осы  көзі 
іріңдеп кеткен көсе шал ұлы Жоңғарияның құрып кетуіне себеп болған еді... 
 
Ақ  ордадағы  әңгіме  ұзаққа  созылмады,  қарт  дәруіш  есегіне  мініп,  белгісіз  жаққа  құрып 
кетісіменен,  Абылай  Алтынемелден  Көкше  теңізге  дейін  шегінуге  бұйырған.  Ертеңіне  ақ 
бура да Көкше теңізге қарай шөккен... 
 
Иә, Абылай сол күні-ақ осы жолды қалаған Алтынемелде шүршітті жеңу болашақ «Үлкен 
Орда»  ханына  тиімсіз  көрінді.  Қытай  жағынан  қауіп  азайды  десең-ақ  осы  отырған  төре, 
билер  басқа  әнге  басатыны  хақ...  Жау  шабуылы  алыстаса-ақ  болғаны,  саясатшыл,  қызыл 
өңеш  ділмәрлар  әрқайсысы  өз  ұлысын  бөліп  алмақ  боп,  шарт  жүгініп  сөзге  кіріседі, 
Мықтылары  сойылына  да  жол  беруге  тырысады...  Онда  үш  жүздің  басын  қосып,  «Үлкен 
Ордаға»  бағынған  ел  болуы  адыра  қалады...  Ал  шүршіт  гүрзісі  қазақ  елінің  басына  төніп 
тұрғанда, Абылай да күшті. Мұндай жағдайда «Үлкен Ордаға» хан болуы айдан анық. Сонда 
барып  ол  Алтынемелге  қайта  оралады...  Оған  дейін  Абылай  өз  күшін  жоғалтпай,  қорқау 
қасқырдай  бұның  өлігін  күтіп  отырған  Қоқан  билері  Ерден  мен  Нұрботаға  жонын  көрсетіп 
қойып, орыс арыстаны мен Қытай айдаһарының арасында ебін тауып жүре тұрады. Екі жақ 
бірдей  сені  өзіне  тартқысы  келіп  тұрса,  тәуелсіздігіңді  сақтау  үшін,  саған  одан  ұтымды 
жағдай  жоқ.  Россияның  қол  астына  кіруді  ол  әлдеқашан  шешкен.  Ал  кей  істе  Қытай 
боғдыханына  да  бағынышты  екенін  мойындаудан  енді  оның  ештеңесі  де  кетпейді... 
Абылайды іздеп келген шал бұдан артықты әзірге тілеген де жоқ. 
 
Жоқ,  бұл  ірің  көзді  кәрі  шүршіттің  арғы  ойын  түсінбейтін  Абылай  милау  емес.  Мыстан 
шүршіт қазақты¦ үш жүзін бірдей жоңғар қан жосығына ұшыратпақ. Жоңғар өлігіне тойынған 
шүршіт  айдаһары  әлі  тоғын  басқан  жоқ.  Сонау  Хуанхэ,  Янцзи  өзендерінің  бойынан  Қытай 
шаруасын  айдап  әкеліп,  оларды    Жоңғардың  тып-типыл  боп  күйген  жұртына 
орналастырғаннан  кейін,  араны  қайта  ашылады.  Ол  тағы  жаңа  жемтігін  іздей  бастайды. 
Сонда  ол  жалмауыз  аузын  ашып,  тағы  да  қазақ  даласына  қарай  жылжиды.  Сол  уақытта 
қазақ еліне өз даласына салуға рұқсат еткен орыс бекіністері де керек болады. 
 
Оған  дейін  Абылай  өз  жолынан  таймайды.  Бұл  жол  қиын  жол,  бірақ  тиімді  жол.  Түбі 
Абылайды  үш  жүздің  алтын  тағына  жеткізетін  жол.  Кімде-кім  осы  ұстаған  жолына  бөгет 
болғысы  келсе,  өз  обалы  өзіне,  ондайлардың  басын  Абылай  алдаспанмен  қағып  түсіріп 
отырады. Осы үйдегі ақсүйегі бар, қара сүйегі бар, ешқайсысы Абылайдың ойлаған ойына 
бөгет  болмауға  тиіс.  Өйтпесе...  Өйтпесе  бұлар  да  Батыр  Баянның  кебіне  душар  болады. 
Абылай  оны  жау  шебіне  тегін  қалдырған  жоқ,  өйткені  Алтынемелден  бұның  неге  шегініп 
бара жатқанын Батыр Баянның түсініп қалғаны Абылайға да аян еді. 
 
...Ханның  «Тағанақ»  кеңесі  бұл  жолы  әдеттегі  дәстүрден  тыс,  өзгеше  бас- 
талды.  Басқа  ақсақал,  билер  сөйлеп  болып,  Әбілмәмбет  хан  енді  кезекті  «маймене»  қаз 
дауысты Қазыбекке бере бергенде, сөзуарлығы жоқ, сабырлы Бөгенбай батыр бақандай екі 
қолын алдына созды. 
 
—  Уа,  тақсыр  хан,  —  деді  ол  әдеттегісіндей  тұтыға  сөйлеп  —  бүгін  үш  жүздің  бетке 
шығар  жақсылары  жиналып  қалған  екен,  осы  кеңесте  менің  Абылай  сұлтанға  қоятын  бір 
сұрағым бар. 
 
— Сөйле, Бөгенбай батыр! 
 
Бөгенбай қамшысын алдына тастай салды да, енді Абылайға бұрылды. 
 
—  Шүршіт  көгенінде  қан  жылап  жатқан  Шығыс  Түркістандағы  бауырларымызды 
құтқаруға біз неге аттанбадық, Абылай сұлтан? Соған жауап берші. 
 
Он екі қанат орда іші тына қалды. Әлден уақытта Абылайдың қоңыр даусы естілді. 
 
—  Шығыс  Түркістандағы  елдің  бас  көтергенін  мен  білген  жоқпын!  —  деді,  адамның 
өңменінен өтетін өткір көзін жалт еткізіп. 
 
«Бұл  хабарды  ең  алдымен  сен  естуге  тиіс  емес  пе  едің?»  дегенді  әркім  іштерінен 
ойласа да, батылдары барып сыртқа шығара алмады. 
 
«Тағанақ» кеңесінде қазақ елі Қытаймен соғыспайтын боп шешілді. Келісім сөз жүргізгелі 
Қытайдың  ресми  елшілері  келгенін  Әбілмәмбет  ханның  өзі  хабарлады.  Бірақ,  Әбілмәмбет 
ханның  айтып  отырғаны  —  Абылай  сұлтанның  ойы  екеніне  де  жұрт  шек  келтірмеді. 
Шүршітпен келісім сөздің басталуына қарамай көктем шыға үш жүздің жігіттерінен үлкен қол 
жинау керек деген хан тұжырымы да Абылайдан шығып отырғаны белгілі еді. 
 
—  Қалың  қол  шүршіттерді  де  тежеп  отырады,  —  деді  Абылай,  —  Қоқан  билерінің  де 
тәубасын  ұмыттырмайды.  Естуімше,  Ерден  мен  Нұрбота  билер  Ташкент  түбіне  көп 
лашкарларын шоғырлап жатқан көрінеді... Келер жазға  дейін біз дайын тұруымыз керек. Ет 


 
135 
бұзылса  тұз  себесің,  тұз  бұзылса  не  себесің?  Жау  жағадан  алғанда  кермек  татып  не 
табасың? Қапылыста жинала қоюға,  жер шалғай. 
 
Үш жүздің «игі жақсылары» Абылайдың бұл ұсынысын әзер дегенде қабылдады. Өйткені 
Абылайдың  қол  астында  мұндай  әскердің  болуы  қайда  апарып  соғатынын  олар  жақсы 
түсінетін еді. 
 
...Кеңес бітісімен жұрт елді-еліне тарады. Ең алдымен жері алыс Кіші жүздің сарбаздары 
өз мекендеріне беттеді. Содан кейін Ұлы жүздің батырларын, Орта жүздің де Торғай, Ырғыз, 
Баянауыл 
секілді 
алыстан 
келген 
жасақтарын 
қоныс- 
тарына қайтарып болып, Абылай енді өзінің қарамағындағы Арғын жігіттерімен Көкшетауға 
сапар  шегуге  дайындала  бастады.  Бұлар  жүреміз  деп  атқа  қонғалы  тұрғанда,  ордаға  қос 
атты шабарман келді. Ол Әбілмәмбет ханның алдына кеп тізе бүкті. 
 
—  Хан  ием,  Лепсі  өзенінің  бойындағы  он  мың  үй  Садыр  әндижан  төңірегіндегі 
ағайындарына көшпек боп жатыр! 
 
— Неге? Қандай себебі бар? — деді Абылай даусы қаттырақ шығып. 
 
Найманға жататын Садыр руы Қытай басып алған бұрынғы жоңғар тайпасының жерімен 
шектес тұратын. Шабарман Абылайға бұрылды. 
 
— Есің барда еліңді тап дейді Тасболат батыр. «Ақтабан шұбырындыда»  қалмаққа жем 
болғандай, бұл Садыр енді Қытайға жем бола алмайды дейді. 
 
— Лепсіге жеткен Қытай, әндижанға жете алмайды деп ойлай ма екен. 
 
—  Онысын  білмедім.  Қоқан  жағынан  кісі  келіпті.  Сендерді  Қытай  құртпаса,  Арғын 
құртады деп, Нұрбота би кісі жіберіп азғырып жатқан көрінеді. 
 
— Арғын құртқаны қалай? 
 
— Әбілмәмбет ханды да, Абылай сұлтанды да Арғын елінің адамдары дейді. 
 
— Сондай сөзге Тасболат батыр құлақ қойды ма? 
 
— Құлақ қоймаса көшер ме еді? Жайшылықта салмақты Абылай күйіп кетті. 
 
— Солай де! Арғындағы өшін менен алмақ болса, көрсетейін мен Садырға Абылайдың 
сойылын! — Ол есік алдында тұрған нөкердің біреуіне, — шақыр Бөгенбай мен Сырымбетті. 
Қонсын атқа қалың қолымен! — деп бұйырды. 
 
Ордада бағанадан бері үндемей отырған Бұқар жырау: 
 
—  Сабыр  ет,  сұлтан,  —  деді.  —  Ел  күйінсе  де  ер  күйінбес  болар.  Бір  жағы  Қытайдан, 
қала  берді  сендерден  қорыққан  Садырды  шапқанда  не  таппақсың?  Қол  жіберудің  қажеті 
болмас, он жігіт қосып бер, ол құтырған Найманмен өзім барып сөйлесейін. Көнбесе амал 
жоқ, сойылыңды сосын қолданарсың. 
 
—  Жырау  дұрыс  айтады.  —  деді  Әбілмәмбет  хан.  —  Қоқан  жеріне  бір  шаңырақты  да 
жіберуге болмайды. 
 
Бұқар  жырау  қасына  он  жігіт  ертіп,  Қоқан  хандығына  көшкелі  жатқан,  Лепсі  өзенінің 
Балқашқа құятын сағасында отырған он мың үйлі Садыр руына жүріп кетті. 
 
Найман  тайпасының  бір  тармағы  Садыр  руы  «Ақтабан  шұбырындыдан»    бұрын  Талас 
пен  Арыс  өзендерінің  арасындағы  Қаратау  қойнауында  көшіп  жүретін.  Әулиеатаға  таяу 
Келтеқара  арығы,  Бұрындай  өзенінің  арғы  жағындағы  Үшащы  қойнауы  бұлардың  келіп-
кетімді қонысы. Бұрындай өзенінің бойында «Садыр-Мүрде» деп аталған жер — бұл рудың 
аталары қойылған зират  еді. Сыр бойының бір қуаңшылық жылы осы рудың атақты батыры 
Жұмарт өзінің қарамағындағы тоғыз аулымен көшіп, жайлауға Арғын руының ата мекен жері 
Арғынаты  тауларына  барады.  Арғындар  бұған  ана  Ұлытауды  жайлаған  Бағаналы 
туыстарыңа көшіңдер деп, жер бермейді. Күшпен Ұлытаудың бергі қойнауына қуып салады. 
Ашу  үстінде  Жұмарт  батыр  Арғын  жасағының  батыры  Ақмырзаны  өлтіреді.  Содан  кейін 
Арқаға  көшуін  қойып,  енді  Бұрындай  өзенінің  бойындағы  Үлкен  тұра,  Кіші  тұра  деген  кіші-
гірім  тауларды  қыс  қыстауы  етіп,  жаз  әулие  етегіндегі  Талас  өзенінің  шұрайлы  қойнауын 
жайлайды. 
 
«Ақтабан  шұбырындыда»  қалмақ  қолынан  тоғыз  баласымен  Жұмарт  батыр  өледі. 
Қырық мың үйдің он бес мың шаңырағы шұбырып, әндижан жеріне өтіп кетеді, ал қалған он 
мыңы  Лепсі  өзенінің  бойындағы  жоңғар  Алатауының  қойнауына  көшеді.  Сөйтіп  жүргенде, 
Жұмарттың  әлдеқалай  тірі  қалған  Тасболат  деген  баласы  ер  жетеді.  Енді  әке  орнына, 
мұнда қалған он мың шаңырақ Садырға сол ие болады. Тарбағатайдан Қытай әскері түсіп 
келе  жатқан  дегенді  естісе  де,  ол  Абылай  жинаған  қолға  қосылмаған.  Бір  кезде  әкесіне 
Арғынның  жер  бермегенін  кек  тұтып,  өзін  азғырып  келген  Ерден  мен  Нұрбота  бидің 


 
136 
елшісінің сөзіне еріп, әндижанға көшпек болады. Бұл хабарды көршілес отырған — Тобықты 
руының шабарманы әкелген. 
 
Серіктерімен Бұқар жырау Тасболат батырдың аулына жеткен кезде, күн бесіндіге таяп 
қалып еді. Ел түйелерін қомдап, үйлерін жығып, көшкелі жат-қан-ды. Битке өкпелеп тонын 
отқа  салған  Тасболатқа  ашуланған  Бұқар  жырау  аттан  түспей,  жанындағы  серіктерімен 
батырдың үйінің сыртынан кеп, кәрі домбырасын қағып-қағып жіберіп, айқайға басып еді. 
 
 
«Садыр, қайда барасың, 
Сарысуды көбелеп? 
Сен қашсаң да мен қойман 
Арғымағым жебелеп. 
Енді алдыңнан шығайын 
Қар, жаңбырдай себелеп, 
Ақмырзамды өлтірдің 
Ақ сойылмен төбелеп. 
Уа, сен танымай кетіп барасың? 
Мен Арғын деген арыспын, 
Азуы кере қарыспын. 
Сен бұзау терісі шөншіксің, 
Мен өгіз терісі талыспын. 
Абылай алдында сен бітсең 
Құдандалы таныспын. 
Абылай алдында бітпесең, — 
Атасын білмес алыспын, — 
 
деп Бұқар жырау, көшпе деп ақыл айтудың орнына Садыр қолынан өлген ерінің құнын сөзге 
тиек етіп, жырын ызғарлы үнмен тоқтатты. 
 
Үй сыртында келіп тұрған үш жүзге мәлім Бұқар жырау екенін біліп, әлі де болса көшерін 
де, көшпесін де шеше алмай, үйін жықпай отырған Тасболат сыртқа шықты. Бұқардың құн 
сұрап келгені жай сылтау екенін әрине, бұ да ұқты. Жырауды қолтықтап аттан түсірді, үйіне 
алып  кіріп,  қошеметтеп  көрпе  төсеп,  төрге  отырғызды.  Амандасып  болғаннан  кейін,  Бұқар 
жырау: 
 
— Жарқыным, бұл қай көшу? — деді әлі де  сабасына түсе алмай. 
 
—  Шүршіт  келе  жатыр  дейді  ғой,  —  деді  Тасболат  ойлана,  —  Қашқардан  қашқандар 
бар... 
 
— Шүршіт келе жатса, Абылай бар емес пе? 
 
— Арғы беттегі елді шүршіттер тып-типыл ғып өртеп жіберіпті. Құдіретті болса Абылай 
сонда қайда қалған? 
 
— Арғы бетке шығып шүршіттермен соғысуға әлі ерте... Жұрт қашты деп, батыр қашпас 
болар... 
 
— Қашпалық...Сонда не ұтамыз? 
 
— Батыр Баян мұндай сұрақ бермес еді. Әне, ол халқы үшін жанын пида еткен жоқ па? 
 
Тасболат үндемей ұзақ отырды. Әлден уақытта барып: 
 
— Жарайды, ендеше, біз де көшпейміз, — деді. 
 
Оның  даусынан  өзінің  жеңілденіп  қалғаны  байқалды.  Кім  ата  мекен  жерін  тастағысы 
келеді. Оның үстіне Қоқан ханының қоластына барып, көгере қоюына Тасболат күмәнді еді... 
 
— Ал біздің жерімізге шүршіт келе жатса, Абылай бізге жәрдем қолын соза ма? — деді 
Тасболат Бұқардан көзін алмай. 
 
— Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астына жиналуы керек, — деді Бұқар жырау. 
— Абылай қол астындағы елін қорғауға тиіс. Ол қорғамаса Бөгенбай, Жабай, Сары-сынды 
батырлар  бар.  Солар  қорғайды...  Бұл  арада  сендер  әзірге  қазақ  жерінің  барлаушылары 
болып қала тұрасыңдар. 
 
Бұқар  бір  қонып,  ертеңінде  еліне  аттанды.  Тасболат  оның  соңынан  ұзақ  қарап    тұрды. 
Жырау сөзін ойға салды. «Исі қазақ Абылай туының астына жиналуы  керек» деп қайталады 
ол ішінен. Жұрт Бұқар жырауды Абылайдың тіл мен көмейі деуші еді, сол есіне түсті. 
 
 
 
 
 
ІІІ 
 
 
Көкейтесті  арманына  жеткен  Абылайдың  көңілі  ай-жай  еді...  Иә,  Телікөлдің  жағасына 
жиналған үш жүздің «игі жақсылары» оны «Үлкен Орда» ханы етіп ақ кигізге көтерген. Рас, 
бұл  жиынға  Ұлы  жүз  бен  Кіші  жүздің  көп  руларының  басты  адамдары  келмей  қалды. 


 
137 
Келмесе, өзі білсін! Абылайға қазір оның қандай маңызы бар? Бүгін келмегені, ертең келеді. 
Бүгін көнбегені, ертең көнеді. Көнбегенін ат құйрығына байлап, ақ сойылдың астына алады! 
 
Ал  қазір  айбарынан  сескеніп  тізе  бүккен  қалың  ел!  «Ханның  қаһарынан  сақта!»  деп 
жалбарынған ру басшылары... 
 
Міне,  бүгін,  Абылайға  осындай  кіріптар  болғанның  бірі  —  Қоңыратқа  жататын  Божбан 
руы.  Түркістан  уәлиетін  жайлайтын  бұл  рудың  басшы  адамдары  жерінің  жақындығын 
пайдаланып,  Қоқан  билерімен  тіл  табысып,  Абылай  қоластынан  шықпақ  болған. 
Саққұлақтары  арқылы  бұны  біліп  қалған  хан,  тал  түсте  Божбан  ауылдарын  шауып,  басты 
адамдарын тұтқынға алған. 
 
Далбасалаған  ауыл  ақсақалдары  қайтсек  Абылайдың  көңілін  жібітеміз  деп,    бар  мал-
мүлкін алдына әкеп тартып, қойнына ең сұлу қызын салды. 
 
Хан қазір осы жас қызбен оңаша тігілген ақ ордада жатыр... Қоңырат етекті ел. Ұлы-қызы 
өлген-тірілгеніне қарамайтын намысқой келеді. Сөйтсе де қыз жеңгелерінің «Ханның көңілін 
таба  білсең,  еліміздің  бағы  жанғаны,  ағаларыңның  ажалдан  аман  қалғаны»  деген  сөзінен 
шыға  алмаған.  Жігіттердің  анда-санда  қалжыңдап,  ақ  төсіндегі  тастай  қатты  қос  анарына 
қолы  тигені  болмаса,  пәк  денесін  әлі  тірі  жанға  сипатып  көрмеген  жас  сұлу  сүттей  адал 
абыройын ханға олжа етіп, елін апаттан, екі ағасын ажалдан алып қалмақ болған. Ол ұяттан 
екі  беті  оттай  жанып,  жүрегі  торға  түскен  торғайдай  діріл  қағып,  жарылып  кетуге  дайын 
тұрса  да,  ханның  ыңғайына  көне  берді,  денесіне  хан  салмағы  қатты  батса  да,  асау  мінез 
көрсетпеуге тырысқан. 
 
Ал  бұл  кезде  Абылай  жарлығын  орындауға  Божбан  руының  бас  көтерген  адамдарын 
хан  нөкерлері  алып  келген.  Олардың  ішінде  осы  қыздың  екі  ағасы  да  бар.  Қыз  құшағында 
ләззатқа кенелген Абылайдың ойына кенет осы екі батырды өлтіру туралы берген бұйрығы 
түсіп кетті. Абылай езу тартты: «Жоқ бір қыздың қызығы үшін, ол бұйрығын бұзбайды, кімде-
кім  бұған  қарсы  тұрса  осылай  өледі!»  Көп  кешікпей  ол,  бөкеннің  етіне  тойып  алып, 
маужырап  ұйқыға  кеткен  жолбарыстай,  тұла  бойын  бір  рақат  тыныштық  билеп,  көзі  іліне 
берді.  
 
Абылайдың қасында құты қашып үн-түнсіз жатқан қыз кенет: 
 
— Хан ием, бауырларымның күнәсін кеше көріңіз... — деді жасқа булығып. 
 
— Көрерміз... — деді Абылай ұйқылы-ояу. 
 
Қос батырды өлім жазасына бұйырғаны тағы есіне түсті. «Оқасы жоқ... күні ертең-ақ екі 
ағаларының  менің  қолымнан  өлгенін  ұмытады.  Тек  хан  қойнында  жатқаны  ғана  есінде 
қалады». 
 
Абылай қайтадан көзін жұмды. Бірақ дәл осы сәтте: 
 
—  Аттан!  Аттан!  —  деген  айқай  шықты.  Кенет  қырқаны  бауырлай  шапқан    аттардың 
дүбірлері естілді. Тынық түндегі оқыс дауыстар құлаққа қандай құбыжық боп жетеді, онсыз 
да  елегізіп  жатқан  ауыл,  үрпиісе  төсектерінен  атып  тұрды.  Үстеріне  жыртқыш  құс  келіп 
қалған балапандай, бала-шаға көздерін тырналай ашып, у-шу боп жылай бастаған. 
 
Ауыл  сыртында  да,  орда  сыртында  да,  анау-мынау  жаудан  сақтап  қалар  қалқаны  бар 
екенін  білсе  де,  Абылай  да  орнынан  ұшып  тұрды.  Тақа  әбігері  кетіп  саспаса  да  үнемі  жоқ 
жерден пайда болар соғысқа үйренген әдетпен жылдам киіне бастады. Шаңырақтан түскен 
ай  сәулесіне  шомылып,  нағыз  бір  түнгі  періштедей  қолаң  шашы  жерге  түсіп  не  істерін 
білмей, үй ортасында тұрған жас сұлуға сұқтана тағы бір қарады да: 
 
—  Маған  арналған  өтінішің  болса,  күндіз  айтарсың,  —  деді  де  адуындай    басып,  күміс 
сапты қылышын сүйрете ақбоз үйден шығып кетті. 
 
—  «Аттан»  салған  кімдер?  Қайдағы  жау?  —  деді  ол  орда  алдында  тұрған  топ  жігітке. 
Күзет  бастығы  баяғы  Батыр  Баянның  сүйегін  алып  шыққан  қара  сұр  жігіт,  қазір  ақ  түсе 
бастаған қою келте сақалын бір сипады да: 
 
—  әзір  белгісіз,  хан  ием,  —  деді  сәл  алға  шығып,  —  «Аттан»  салған    жігіттерді  ауыл 
сыртындағы күзет тоқтатқан тәрізді. Дәу де болса, мына келе жатқан солар-ақ шығар. 
 
Дабырласа  сөйлескен  бір  топ  жігіт  орда  тұсына  келіп  те  қалды.  Күзетшілер  жанында 
тұрған Абылайды көріп, ұзын сары шабарман иіліп сәлем берді. 
 
— Алдияр тақсыр, жаман хабармен келіп тұрмыз, — деді. 
 
— Қандай хабар? Айт! 
 
—  Орта  жүз  бен  Кіші  жүздің  әскерлерін  елдеріне  қайтарып  жібергеніңізді  естіп,  Қоқан 
ханы  әлім  атқа  қоныпты.  Қоқан,  әндижан,  Маргелан,  Наманған  бойын  қойып,  Ташкент 


 
138 
маңындағы  кешегі  өзіңізді  жақтаған  Шанышқылы  мен  Қаңлы  тайпалары  тайлы-тайлағына 
дейін қалмай, соларға еріп келеді. 
 
— Қанша найзасы бар? 
 
— Алпыс мыңнан асар... 
 
Телікөлдің жағасында қазақ еліне хан сайланғаннан кейін үш жүздің елу мыңнан астам 
әскерін бастап Абылай Қоқанға қарсы жорыққа аттанған. Он күн жан аяспас ұрыстан кейін 
Нұрбота  бидің  баласы  Қоқан  әміршісі  әлім  ханның  әскерін  күйрете  жеңген.  «Ақтабан 
шұбырындыдан»  бастап,  кеше  ғана  Қытай  боғдыхандарымен  соғысқан  аласапыран 
кездерде  Қоқан  хандығына  қарап  кеткен  қазақ  руларын  бостан  еткен.  Осы  жорықтың 
нәтижесінде  Сырдария  бойындағы  Түркістан,  Сайрам,  Шымкент,  тағы  басқа  қалалар 
қайтадан  қазақтардың  қолына  өткен.  Ташкент  алым-салық  төлеп  тұруға  мәжбүр  болған. 
Бұнымен  қатар  бұрын  Ташкент  хакіміне  зекет,  гараж  төлеп  тұратын  Шу  мен  Талас 
өзендерінің  бойындағы  және  Қаратау  қойнауындағы  Қоңырат,  Дулат,  Жалайыр,  Суан 
рулары  алым-салықтан  мүлдем  босатылған.  Ал  Ташкент  пен  әндижанның  аралығында 
көшіп  жүретін  Ұлы  жүздің  Шанышқылы,  Қаңлы  рулары  көптен  бері  сол  араларды 
жайлайтындықтарынан  өз  қоныстарында,  Ташкент  құшбегінің  қарамағында  қалған. 
Әйткенмен, Абылайдың қамшысы батып кеткен бұл елдердің арасында қазақ ханына деген 
наразылық та басыла қоймаған. Сондай наразылықтың бірін Абылай кеше ғана осы арада 
қан-жоса етіп басқан. 
 
Ақыры өзіне тиімді бітімге қолы жеткен Абылай «енді ұрыс жоқ, ел іргесі қоныс тапты», 
деп әскерінің негізгі жауынгер күші болған Орта жүз жасағы мен Кіші жүзден келген қолды 
тегіс  елдеріне  —  Арқа  мен  Жайыққа  қайтарып  жіберген.  Абылайдың  қасында  ханның  өз 
гвардиясы  есепті  мың  қаралы  төлеңгіт  пен  Дулат,  Жалайыр,  Албан,  Суан  руларынан 
құралған бір санға жуық әскерлері ғана қалған. 
 
«Үлкен  Орда»  ханының  тек  өз  әскерімен  қалғанын  білген  және  Ұлы  жүздің  жігіттері 
Абылай  жағына  мүлдем  шыға  қоймас  деп  үміттенген  Қоқанның  жас  ханы  әлім  дереу  бас 
көтерген. Ташкентті алып, содан кейін Түркістанды да өзіне қаратпақ боп жорыққа шыққан. 
 
Жағатай  ұлысына  қараған  үш  жүз  жылдан  бері  Жетісу  өңіріне  жан  бастырмай  келген, 
ерлігі 
бүкіл 
Шығыс 
еліне 
аян 
Дулат, 
Жалайыр 
Қаңлы, 
Ша- 
нышқылы,  Албан,  Бестаңбалы  руларын  да  Абылай  өзімен  бір  болады  деп  ойлаған.  Сыр 
бойын  Қоңырат,  Қыпшақ,  Табындар  қандай  қорғаса,  Ұлы  жүздің  жігіттері  де  өз  ата  мекен 
жерін  сондай  қорғайды  деп  сенген.  Ал  кенет  Қаңлы  мен  Шанышқылы  руларының 
қоқандықтардың  азғырғанына  ергені,  оған  Қоңыраттың  да  делебесі  қоза  бастағаны  ханды 
қатты ренжітті. 
 
Ташкент  төлейтін  алым-салықты  Қоқан  ханы  сол  маңдағы  Қаңлы  мен  Шанышқылының 
мойнына  салған.  Және  Ташкент  құшбегі  өз  тарапынан  бұл  елдерге  зекет,  гараж  мөлшерін 
көбейткен.  Жұртқа  осының  бәрі  Абылайға  бағынудың  салдары  деп  түсіндірген.  Халықтың 
ереуілге шығуына осылар себеп. 
 
— Бүлікшілер қай тұста жиналып жатыр? 
 
— Шыршық өзенінің бергі қабағында. 
 
Абылай ордасын жақында Бадам мен Арыс өзені түйіскен тұстағы Бөрітас деген жерге 
қондырған.  Қазықұрттан  бұл  ара  елу,  Түркістаннан  жүз  шақырымдай  жерде.  Мұнда  келген 
ойы  Арыс  бойын  мекендеген  Қоңырат  пен  Бадам  өзенін  жайлаған  Шанышқылы,  Қаңлы 
руларымен белдесе жақындасу еді. 
 
— ә... Әлі көш жерде екен ғой, — деді хан, — Ташкенттен кейін олар  Түркістанға қарай 
шығады  ғой,  оған  жеткенше,  біз  де  етек-жеңімізді  жиып  болармыз.  —  Абылай  уақыт 
мөлшерін  білу  үшін  аспанға  қарады.  Таң  жұлдызы  туып  қалған  екен.  Аспандағы  таң 
жұлдызы, жаңа өзі шығып кеткенде есік алдында қалған екінші таң жұлдызын есіне түсірді. 
Ол бұйыра сөйледі. 
 
 
—  Қазір  Сіргелі  Елшібек  батырға,  Дулаттың  қос  бөрісі  Бөкен  мен  Сағырға  хабар 
беріңдер.  Бар  қолдарымен  осы  Қазықұрттың  етегіне  тез  жетсін.  Албан  менен  Суанға  да, 
жақын  жатқан  Бестаңбалыға  да,  бергі  етектегі  Жалайыр  батырларына  ат  шаптырыңдар. 
Бәрі осы Қазықұрт маңына жиналсын! 
 
— Құп, болады! — деді бас шабарман. 
 
— Сәскеге дейін өзіміздің жігіттер де алдаспанын қайрап, дайын тұрсын! Жыланды үш 
кессе де кесірткелік күші бар. Қазақ әскерінің үш бөлігінің бір бөлігімен-ақ, құдай бұйыртса, 
Қоқанның қорқау қасқырының кеңірдегін жұлып алармыз!... 


 
139 
 
Ол қайтадан Ақ Ордаға кіріп кетті. Енді шешінген жоқ. Қылышын былай қойып, белбеуін 
босатты  да,  жүкке  сүйеніп,  көзін  жұмды.  Оң  жағындағы  төсектен  жас  сұлудың  өксігін  баса 
алмай, булыға жылағаны естілді... Жаны жай тапқандай, Абылай тағы езу тартты. 
 
О, тағдыр!.. Расында да тағдыр — өзінің ақ бурасы шығар. Міне, қазіргі киесі — екінші ақ 
бура.  Ең  алғашқысы  қартайып  әбден  жүдеп  бір  күні  өзінен  өзі  мүлдем  жоқ  боп  кетті,  ал 
мынау өзгесі... «Хан киесі — осы ақ бура» бүгін тым көңілсіз еді... Мынау бүлік соған көрінді 
ме екен? 
 
Рас,  Абылайды  қатыгез,  тас  бауыр  дейтіндер  көп.  Бірақ  осы  «қатыгез»  Абылайдың 
тұсында  ешкім  де  қазақ  елін  кейін  кетті  дей  алмайды.  Қоқан  хандығына  желке  жүнін 
үдірейте  көрсетіп,  айдаһар  мен  арыстанның  аузынан  ебін  тауып  құтылып,  көкжал  Абылай 
аман-есен өмір сүріп келе жатқан жоқ па? Ал бұның темір тегеурініне шыдай алмай, кей ру 
беті  ауған  жағына  қашқысы  келсе  —  оның  да  себебі  бар.  Абылайға  бір  тайпаның  көрген 
зәбірінен, бар қазақты шашау шығармай ұстау қымбат. 
 
Алтынемел айқасынан кейін ол өзінің ағасы Жолбарысты Қытай боғдыханына жіберген. 
Бұл кезде Қытай әміршілерінің арасында өзара қырғын, бақ таластық күрестер қатты жүріп 
жатыр  еді.  Абылай  келіссөзге  дәл  осы  тұс  дұрыс  деп  тапқан.  Қытай  императоры  Хун  Ли 
өзіне  қарсы  бас  көтеріп,  күнде  жанжал  шығарып  отырған  Шыңжаң  қазағы  мен  ұйғырына 
қазақ  елі  қосылып  кетпесін  деп  қауіптеніп,  қазақ  ханының  елшісін  сый-сияпатпен  қарсы 
алған.  Абылайға    князь  деген  ат  беріп,  құндыз  ішік,  жібек  кілем  тәрізді  көптеген  тарту-
таралғыларын  жіберген.  Осы  берілген  көп  сыйлықтың  ішінде  сол жылғы  Қытай  календары 
да  бар  еді.  Бұны  Қытай  императоры,  тек  өздерінің  мәдениетінің  үлгісі  ретінде  ғана  емес, 
қазақ елі бұдан былай қарай күн, ай, жыл санаттарын шүршіт есебімен жүргізсін деп әдейі 
жіберген. Бұ да басқа жұртқа өз әсерін тигізудің бір жолы... 
 
Екі  жыл  өткеннен  кейін,  яғни  бір  мың  жеті  жүз  елу  сегізінші  жылы  Шыңжаңдағы  ұйғыр 
мен  қазақ  көтерілісін  қан-жоса  етіп  басқаннан  соң,  Қытай  әскері  қазақ  жеріне  қайтадан 
кірген. Бұ жолы олар Тарбағатай тауынан төмен түсіп, Көкше теңізге дейін жеткен. «Ақтабан 
шұбырындыдағыдай»  Қытай  әскерінің    жолындағы  бүкіл  қазақ  ауылдары  «шүршіт  келе 
жатыр»  деп  тағы  босқан.  Кешегі  көкорай  шалғын,  бықыған  малды  ауылдардың  орнына, 
шегірткесіне дейін желінген, өртенген орман, құлазыған қу дала қалған... 
 
Абылай  шүршітке  тағы  қарсы  шықты.  Аякөз  тұсында  болған  қырғын  соғыс-та  өлдім-
талдым  деп  жинаған  әскерімді  қырып  алмайын  деп,  Қытайдың  құрт-құмырсқадай  қаптаған 
қолынан  ол  тағы  шегінген.  Осы  жолғы  айқаста  Малайсары  батыр  оққа  ұшты.  Шегініп  келе 
жатқан  қазақ  қолы  оны  қазір  «Малайсары    тауы»  деп  аталатын  құмдауыт  төбенің  басына 
әкеп қойды... 
 
...Хун  Ли  қанша  қаһарын  төккенмен  де,  Абылай  Россиядан  қол  үзбеді.  Қол  үзудің 
орнына, 
жұмсақ 
жастықтардың 
үстіне 
қанжар 
тырнақты 
аяқтарын 
қо- 
йып  мүлги  қалған  айбарлы  арыстанға  ұқсас  орыс  бекіністеріне  жақындай  берді.  Ал  қазақ 
жеріне кіре берген Қытай айдаһары, тұмсығын көкке көтеріп, күздің   келіп қалғанын байқап, 
қандай  қауіпке  бара  жатқанын  енді  сезіп,  тез  жиырылып  кейін  бұрылды  да  алдындағы 
Тарбағатай тауына қарай қайта өрмеледі... 
 
Қытай  айдаһары  орыс  бекіністері  тізіліп  қалған  бұл  өлкеден  оңай  олжаға  кенеле 
алмайтынын тез түсінген, Бірақ сол жылы ол қайтадан жүз сексен бес мың әскерін Шыңжаң 
шекарасына  әкеп  төккен.  Россияның  бұған  қарсы  шығар  дәлелінің  де,  мүмкіндігінің  де 
жоқтығын  пайдаланып,  енді  ол  бүкіл  Орта  Азияны  жаулап  алмақ  болды.  Қандай  қауіп 
туғанын ұққан Хиуа, Бұхар, Қоқан, Ауғанстан әміршілері  өзара араздықтарын тастап, бүкіл 
мұсылман қауымы боп шүршітке қарсы «газауат» соғысын ашуға ұран салды. Бұл ұраннан 
мұсылман дініндегі Абылай да, Кіші жүздің ханы Нұралы да бас тартуға тиісті емес еді. Өзі 
қол астына кірген Россияның Қытаймен тату-тәтті екенін сылтау етіп, Нұралы хан «газауат» 
күресіне  қосылмады.  «Газауатқа»  бірікпеуге  Абылай  да  жол  тапты.  Бір  жағынан  бұ  да 
Россия  қол  астында  бола  тұрып,  оның  рұқсатынсыз  Қытаймен  үлкен  соғысқа  бара 
алмайтынын  ескертсе,  екінші  жағынан  өзінің  шүршіт  боғдыханымен  келісімге  келгенін 
айтты. Жақында ғана Абылай отыз ақ боз арғымақты тарту етіп, Ордашы биді бас етіп, Хун 
Лиға  отыз  ақсақалын  жіберген.  Қытай  боғдыханы  бұны  «бүкіл  қазақ  еліне  бастық»  және 
кімде-кім Цин мемлекетіне қастық етсе, оған өлім жазасына дейін үкім қолдануға қақысы бар 
деген «филин» — указ берген. 
 
Ал шынында, Абылайға ата-бабасының дәстүрі бойынша мұндай келісімсөздердің құны 
бес-ақ тиын еді. Қағаз бетіне түспеген уәделерін қазақ хандары, көңіліне жақпаса, оп-оңай 


 
140 
бұза  беретін.  Абылайдың  газауатқа  қосылмауына  себеп  болған  —  Орта  Азия 
мұсылмандарының бір қауым боп, Ауған ханы Ахметті бар әскеріне қолбасшы етуі еді. Қазір 
Ахметтің қарамағында жетпіс бес мың әскер бар, егер шүршітпен соғыс ашпаған күнде, бұл 
қалың  қол  қайда  барады?  Көп  жылдан  бері  үнемі  соғысып,  әбден  қалжыраған  қазақ 
жасақтары бұндай әскерге қарсы тұра алар ма? Одан да... Түркістан жерінен көңілі бар бұл 
хандардың әскерлерінің қабырғаларын сындырып, шүршіттер ұйқы-тұйқысын шығарса бізге 
пайда  деген.  Әрине,  күнгей  жағыңнан  шүршіттің  көрші  бола  қалуы  да  қазақ  еліне  тиімді 
емес.  Бірақ  Россия  бекіністері  құр  ғана  қазақ  жерінде  ме,  бір  шеті  шығыста,  Қытай 
қабырғасымен шектес, сонау ұлы Мұхитқа дейін созылып жатыр ғой... Бұл Қытай боғдыханы 
санасатын жағдай. 
 
Ал  Абылай  Шығыс  мәселесін  осылай  түйіп  қойып,  Қызылжарда  орыс  тілін  үйренген 
баласы  Тұғылды  бас  етіп,  өзін  үш  жүздің  тағына  бекітуін  өтініп  Петербургке,  Екінші 
Екатерина әйел-патшаға елшілер жіберген. Үш жүздің «игі жақсылары» Абылайды ақ биенің 
сүтіне  шомылдырып,  ақ  кигізге  көтеріп  «Үлкен  Ордаға»  хан  сайлағанмен,  әйел-патшаның 
қол  астындағы  бар  қазақ  еліне  хансың  деген  указы  шықпаған.  Әрине,  бар  қазақ  еліне 
Абылай хан бола қалған күнде, осы мезгілді күтіп жең ішіне тығып келген қанды тырнағын ақ 
патшаның өзіне де көрсете бастауы мүмкін. Ресми түрде бекітілмей жатып, бар қазақ оны 
өзінің ханы деп танып, соңынан еруге бар. Ал бекітілген күнде... Жоқ, қатын патша ақымақ 
емес. «Есеңгіреген елге есті бастық беруге болмайды, одан да есеңгіреген елге есеңгіреген 
бастық берсең — қарамағыңдағы жұрт саған қарсы бас көтере алмайды». 
 
...Абылай  әдеттегісіндей  ерте  оянды.  Таң  селеуленіп  атып  қапты.  Қыз  көйлекшең 
бүкшиіп аяқ жағында отыр. Тарқатылып кеткен қою қалың шашы иығын көме, бүкіл денесін 
жауып, жерде шұбатылып жатыр. Тек боп-боз боп ақша жүзі ғана көрінеді. 
 
— Қандай тілегің бар? — деді Абылай, өзінің қыздарымен шамалас жас сұлуға. — Айт, 
орындайын! 
 
— Тілегім біреу-ақ... 
 
Қыз үнінен ренжігендік сезілмеді. 
 
—  Бір  қыздың  құшағында  бір  тайпа  елдің  тағдыры  тұрған  жоқ,  хан  ием...  Мұны  мен  де 
ұғамын.  Бірақ  қатты  дауылды  күні  тек  қыран  құс  қана  өз  бағытынан  адаспайды.  Жұрттың 
бәрі қыран емес. Аласапыран кездегі жұртымның бір табансыздық көрсеткенін кешіріңіз! 
 
Қыз сөзі Абылайға ұнады. 
 
— Жақсы. Ал өз бауырларыңа қарсы садақ безеген ана екі ағаңды қайтеміз? 
 
— Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң... 
 
Абылай езу тартты. 
 
— Біз олардың «үйірін тапқанын» қайдан білеміз? 
 
— Босатып көріңіз. Егер сізге ерсе, өз айыбын өздері жуғаны. 
 
— Ал ермесе ше? — деді Абылай. 
 
Қыз қуанып кетті. 
 
— Онда, мейліңіз. Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан  қымбат емес. 
 
Абылай шаңырақтан көзін алмай бозарып келе жатқан таңға қарап ұзақ отырды. Иә, қол 
астынан  қашып  кетпек  болған  Қоңыраттың  бірнеше  адамын  аямай  жазалады...  Ал 
қалғандарының  көңілдері  енді  қалай  қарай  ауады?  Үйсін,  Жалайыр,  Дулат,  Албан,  Суан 
сияқты Ұлы жүздің белді рулары не демек? Бұлар Абылайдың ісін қош көре ме, жоқ па? Бұл 
рулардың көп жігіті қазір хан жасақтарында. Ал ертең сол жігіттер қазақ елі Қоқан әскерімен 
бетпе-бет  айқасуға  тура  келгенде  Абылайдың  қаттылығына  өкпелеп,  Қоқан  жағына  шығып 
кетсе қайтеді? 
 
Хан қызға көз қиығын тағы бір аударды да ләм-мим деместен, орнынан тұрып, үйден үн-
түнсіз шығып кетті. Ол тағы бозғылт реңді аспанға қарады. «Аққу құсты көрмегелі не заман!» 
— деді әлденеге күйінгендей, бірақ сол сәтте-ақ бойын жинап алды. Анандай жерде тұрған 
күзетшіні өзіне шақырды. 
 
— Шабармандардан хабар бар ма? 
 
— әлі ешкім оралмай жатыр. 
 
Абылай Қазықұрт жаққа көз тастады. Тау етегінде көрінген салт аттылар хан ордасына 
қарай келе жатыр. Кенет ат дүбірі  естілді.  Құйындата шапқан салт аттылар ауыл сыртына 
кеп тоқтай қалғанда, Абылайдың жүзі жылып сала берді. Бұл келген Қыпшақ Маңдай батыр 
мен  Керей  Жанай  батырдың  жасақтары  еді.  Олар  осы  Қаратау  маңындағы  ілік-


 
141 
шатыстарында  қонақтап  жүріп,  елдеріне  әлі  қайта  қоймаған-ды.  «Аттан!»  деген  айқайды 
естісімен, Абылай ордасына жеткен беттері... 
 
— Бұқар жырауға кісі жібердіңдер ме? — деді Абылай. 
 
Дәйекші жауап қайтара алмай қалды. Ханның қабағы түйіліп кетті. Бір кезде өзіне тірек 
болған  жырау  мен  ханның  арасы  күннен-күнге  суйи  бастаған.  Қоңырат  еліне  істеген 
рахымсыздығын көріп, Бұқар жырау ашуланып, кеше  хан аулынан жүріп кеткен. 
 
Қазықұрттың күншығыс жағынан тағы бір шаң көрінді. Құйғыта шапқан шабарман атынан 
домалай түсіп, хан алдына тізе бүкті. 
 
— Алдияр, Жалайырдан бізге тек төрт-бес жүз ғана жігіт қосылатын түрі бар... 
 
— Қалғандары ше? 
 
— Қоқандықтардан қашпақ боп үйлерін жығып жатыр. 
 
— Осындай хабарды Ұлы жүздің басқа руларынан да алдық! — деді дәйекші жігіт. 
 
— Сонда қай жаққа қашпақ?   
 
— Алакөл тұсына. 
 
—  Шүршіттің  шоқпарының  астына  барып  тығылмақ  па?!  —  Даусының  қалай  қатты 
шығып кеткенін Абылайдың өзі де сезбей қалды. 
 
Бірақ,  түс  ауа,  шабармандардың  айтқанындай  халінің  тақа  жаман  емес  екені  
анықталды. Абылайға қанша наразы болғанменен шүршіт пен Қоқан озбырлығы түбі қатты 
тиетініне  шек  келтірмеген  Ұлы  жүздің  көп  рулары  көп  кешікпей    өздерінің  жігіттерін 
Абылайдың  ақ  туының  астына  тегіс  әкелмек  деген  хабар  естілді.  Бұдан  кейін,  іле-шала 
Бөкей  мен  Садыр  батыр  бастаған  Дулаттың  қалың  қолы  келе  жатыр  деген  сөз  де  ауыл 
шетінде дүңк ете қалды. Ал Сырғалы Елшібек батырдың дер кезінде жетуіне Абылайдың өзі 
де күмәнданбаған... 
 
— Күнәкәр Божбан руынан жазаланбаған қанша адам қалды, — деп сұрады Абылай кәрі 
қылыш жасағының бастығынан. 
 
—  Алдияр,  өзіңіз  өлімге  бұйырған  көтеріліс  басшыларының  бесеуін  ғана  ат  құйрығына 
байлап үлгірдік... Қалғаны қол-аяғы байлаулы отыр... 
 
— Босатып жіберіңдер тірілерін!.. 
 
Тұтқыннан босанған Божбан жігіттері арқан батқан білектерін сипай, заматта үйді-үйіне 
тарай бастады. 
 
—  әділетті  үкіміңнен  айналайын-ай,  құдіретті  хан  иеміз!  —  деп  анандай  жерде  тұрған 
Божбан ақсақалдары, маңыраған қойдай, шуласа баталарын берді. 
 
«Бес  адамын  ат  құйрығына  байлағанымды  көрген  соң  бұлар  маған  баталарын  беріп 
жатыр, — деді Абылай ішінен, — жазаламай бәрін бірдей кеше босатып жібергенімде, бүгін 
бұл алғыс болмас еді!». 
 
Кенет  Абылай  «Жаныбек!  Қаныбек!»  деген  сыбырлай  шыққан  үн  естіді.  Бұрылып  еді, 
кетіп бара жатқан жігіттердің ішінен өзінің екі ағасын шақырып  тұрған Қоңырат аруын көрді. 
Екі ағасы қыздың жанына келді. Әлде нені сұрады. Содан кейін екеуі үйлеріне қарай жүгіре 
жөнелді. 
 
«Осы  екеуін  бекер  босаттым-ау»,  —  деп  ойлады  Абылай  тағы  да,  бірақ  сол  сәтте-ақ 
оларды  есінен  шығарды.  Тек  бір  жеті  өткеннен  кейін  ғана,  біреуге  істеген  жамандықтың 
жойылмайтынына, қанды кектің бәрібір жүрек түбінде сақталатынына көзі жетті. 
 
Абылайдың  газауат  ұранына  қосылмағанын  пайдаланып,  Қоқан  әміршілері  оны 
біржолата құртпақ еді. Олар бүкіл мұсылман қауымына: «кімде-кім Абылайға жәрдем беруді 
ойласа, оны алла тағаланың қарғысы атсын» деп жар салды. Бірақ діни дәстүрге онша берік 
емес  қазақ  даласы  бұған  мән  берген  жоқ,  өйткені  бұл  ежелден  келе  жатқан  өзінің  әдет-
ғұрпы 
бар 
ел. 
Дінді 
қорғау- 
дан  көрі,  жерін  қорғау  ата-бабадан  қалған  мирас.  Осы  дала  заңына  салып,  Самарқант, 
Хиуа,  Бұхар,  Қоқандардың  мың  сан  минареттерінен  қазақ  ханына  «лағнат»  айтып 
жатқандарына қарамай, Ұлы жүздің  көп руларының жігіттері Абылайдың ақ туының астына 
жиналды. 
 
— әй, Тұрымтай шабарман! — деді Абылай дауысын көтеріп. 
 
Шабармандардың  ішіндегі  ең  пысық,  жарқын  жүзді  бала  жігіт  ханның  жанына  жетіп 
келді. 
 
— Не айтасыз, алдияр? 


 
142 
 
—  Жалайыр  ауылдарына  қайтадан  шап.  Тезірек  жетсін  де.  Егер  дер  кездерінде 
келмесе,  Қоқан  ұрысынан  кейін,  Қоқанға  туған  кеп,  Жалайыр  билерінің  де  басына  туып 
жүрмесін! Соны ескерт! 
 
— Ал егер жауап қайырмаса ше? 
 
— Мә, менің қамшым... Жауап қайырмайтын болса алдарына таста да, өзің кейін шап! 
 
Шабарман үйден ата жөнелді. 
 
Кең  дала  сойыл  ұстаған  салт  аттыларға  тола  бастады.  Қазықұрт  тауының  басынан 
кемінде он шақырымдай жер ап-айқын көрінеді. Абылай әлсін-әлсін батыс жаққа көз тастап 
қояды.  Біреуді  сабырсыздана  күткендей.  Ханның  неге  осынша  тыпыршып  тұрғаны 
жанындағы  серіктеріне  де  аян.  Хан  Бұқар  жыраудың  келуін  күткен  еді.  Бұл  күнде  әбден 
қартайған 
Бұқар 
жырау 
бұрынды-соң- 
ды  қазақ  көрмеген  қызық  адам  еді.  Өткір  тілі,  алғыр  ойы  үшін,  оның  иығына  талай  рет 
мауыты  шапандар  жабылған.  Бірақ  жырау  оларды  жанындағы  серіктеріне  тартып,  өзі 
көнетоз  шидем  шекпенімен  қалатын.  Ал  қыс  болса  киері  —  түйе  жүн  қалың  күпі,  тозығы 
жетіп қалған қарсақ тымақ. Кейде жорыққа мінетін аты да болмай қалады. Сөйтсе де, Бұқар 
жырау келіп түскен ауыл қызық-думанға бататын. Үлкені мен кішісі тік тұрып күтетін. 
 
Осы  кәрі  бүркіттей  тұғырда  отырып  қалған  қарт  жырау  хан  кемшілігін  жұрт  көзінше 
батыра айтқанменен, Абылайдың негізгі істерін қолдайтын, оны жұртқа жеткізетін жаршысы 
болатын!  Бірақ,  соңғы  жылдары  әйгілі  жырау  Абылайдың  қатыгездік,  жан  шошырлық  көп 
ісінен көңілі қалып, хан қиянатын ашық айта бастаған. Бұрынғыдай емес, хан ордасына да 
сирек  көрінуге  айналған.  Жыраудың  бұл  қылықтары  Абылайдың  көңілін    бөле  беруші  еді. 
Бұқар  кедей  болғанменен,  сол  кедей  қалың  бұқараға  жұмсайтын  құралы  екенін  хан  жақсы  
түсінетін.  Ал  хан  қанша  айбарлы,  қаһарлы  көрінгенмен  сол  кедейлерсіз,  «импрамсыз» 
ойлаған ісінің бірде-бірін орындай алмайтыны тағы оған мәлім. 
 
Бір  кезде  осы  білгір  жырау  Абылайды  Россиямен  қол  ұстаспақшысың  деп  айыптаған. 
Соңынан,  бұл  одақтасу  —  қазақ  даласын  шүршіттен  аман  алып  қалуға  керек  екеніне  көзі 
жетіп, Абылайға бұрынғысынан да жақындай түскен. Енді оны бүкіл қазақ елінің басын қоса 
алар бірден-бір  ханы  санаған. Бірақ, ойлаған мақсатына жету үшін қандай қатыгездікке де 
болса  дайын  ханның  кейбір  қылығы  кейінгі  кезде  Бұқарды  шошытып,  Абылайдан  іргесін 
аулақ  сала  бастап  еді.  Кеше  ғана  Абылай  бұрынғыларынан  да  сорақы,  жан  шошырлық 
қылмыс  істеді.  Ханға  бағынғысы  келмеген  Қоңыраттың  бес  басты  адамын  ат  құйрығына 
байлатып,  айуандықпен  өлтірді.  Бұл  қылмысты  хан  ауылдан  аулақ  жерде  жасырын 
істеткенмен,  жырау  біліп  қалған.  Ашулы  жырауды  әлі  де  болса  өз  ордасына  ұстамақ  боп, 
Абылай  оның  алдына  өз  жылқысынан  айдатып  әкеп  атақты  боз  айғырдың  үйірінен  бір 
жүйрігін сыйға тартқан. Мүмкін, сол сыйлығы теріс кетпеген болар, мінеки, үніне үш жүздің 
баласы  тегіс  құлақ  салған  Бұқар  жырау  қасында  бір  топ  адамы  бар,  хан  ордасына  қарай 
келе  жатыр... 
 
Бірақ  қырағы  көз  Абылай,  Бұқар  жыраудың  астында  өзінің  бәз-баяғы  топай  торысы 
екенін анадайдан-ақ көрді. Бұл хан тартуына илікпеудің белгісі еді. Әдетте жырау ауылдың 
ту сыртынан домбырасын тартып, ел көңілін көтеретін көп толғауының бірін айта келуші еді. 
Бұ жолы оның бірі де жоқ. Таяу кеп, даяшы жігіттердің көмегімен аттан түсті де жақындай 
беріп ханға басын иді. 
 
— Арсың ба, Абылай хан! 
 
— Барсың ба, жырауым. Жолыңыз оң болсын! 
 
—  Бүкіл  дала  жылаған  жұрттың  көз  жасыменен  саз  балшыққа  айналыпты...  Ат  тұяғын 
әзер алып келді, алдияр! 
 
— Ханға қарсы шыққан бүлікшілер өз жазасын алуға тиіс. 
 
— Бүйте берсең, көп кешікпей, саған бүкіл қазақ даласы қарсы болып көрінер, хан ием... 
 
— Менің орнымда өзің болсаң не істер едің, әулием?! 
 
—  Ата  мекен  жерінен  су  шығып  па  бұл  жұрттың?  Ең  болмаса  соны  сұрамайсың  ба, 
алдияр? Шетінеген хандықты қан төгумен желімдей алмайсың, Абылай. 
 
—  Астыңдағы  атың  жүрдек  болса,  қамшылаудың  қажеті  болмас  еді...  Тоз-тозы  шыққан 
тобырдың басын қоса алмай-ақ өтетін шығармыз бұл дүниеден! 
 
— Ханда қырық кісінің ақылы болмаушы ма еді? 
 
—  Бұл  жұрт  әзәзілдің  тіліне  еріп,  жат  елге  көшпекші...  Аруанадай  азынап,    апшымды 
қуыра бергенше, ақылың болса айтсаңшы, жырауым. 


 
143 
 
Он екі қанат ақ ордада кешке таман хан кеңесі басталды. Бұл шаққа дейін жағдай әбден 
анықталған-ды.  Жан-жаққа  жіберілген  барлаушылар  тегіс  оралған.  Қоқан  ханы  Қытай 
боғдыханына  елші  жіберіп,  әскерінің  негізгі  бөлегін  қазақ  даласына  қарай  аттандырғаны 
белгілі  болды.  Әрине,  мұны  Қоқанның  жас  ханы  шүршіттердің  ақылынсыз  істемегені  де 
мәлім еді. 
 
Қоқан әскері қазақ жасақтарынан анағұрлым көп. Бірақ сапа жағынан Абылайдың атты 
сарбаздарынан 
көш 
төмен. 
Оның 
үстіне 
бұлардың 
ішінде 
өз 
бауырларына қарсы соғысқысы келмейтін қазақ жауынгерлері де бар. 
 
Хан  кеңесі  Бөкей,  Сағыр,  Жабай  басқарған  Ұлы  жүздің  қолдары  Қоқан  әскерін  Бадам 
мен  Арыс  өзендерінің  бойында  қарсы  алсын  деп  шешті.  Алғаш-қы  айқастан  кейін  әскер 
кейін шегініп, Қоқан қолын өзімен бірге қазақ даласына қарай ерте беруге тиісті. Бұл кезде 
Елшібек  сарбаздарымен  толықтырылған  Абылайдың  өз  гвардиясы  Сауранды  орағыта 
Ташкентке  барып  тимек.  Қысқасы,  Қоқан  ханы  қазақ  жерін  аламын  деп  жүргенде,  қазақ 
әскері  оның өз үйінде бүлік шығармақ. Ал  Ташкентті қорғап, Абылай мен Елшібекке қарсы 
тұра алар сол тұстағы Шанышқылы мен Қаңлы руларын қазақ жағына шығару үшін, бір топ 
ақсақалмен Бұқар жырау аттансын делінді. 
 
Абылай сауытын киюге ордаға кірді. 
 
Қыз  әлі  кетпеген  екен.  Абылай  оның  жүзін қара  көлеңке  үй  ішінде  жөндеп  көрмеген-ді. 
Енді 
сұқтанып 
қалды. 
Қыздың 
сұлулығы 
соншалық, 
оны 
қиып 
тас- 
тап кетудің өзі де қиын еді. Қыздың аты хан аузына өзінен-өзі түсті. 
 
— Сұршақыз, — деді Абылай, — айттырып қойған жерің бар ма еді? 
 
Қыз ұзын кірпіктерін жоғары көтеріп, сопақтау келген үлкен көздерімен  ханға жаудырап 
қарады. 
 
— Үш жүздің ханына оның қандай бөгеті бар? 
 
Қыз сөзі Абылайға тағы ұнады. 
 
—  Жарайды,  Сұршақыз,  —  деді  ол,  —  жорықтан  аман-есен  қайтсам,  әкеңе  қырық 
жетімді матап беріп, өзім құда түсем. 
 
Қыздың сұрша беті ду етіп қызарып кетті, көзінде қуаныш сәулесі жарқ етті. 
 
Абылайдың  бойын  бір  орасан  қуаныш  билеп  кетті.  Осы  жасқа  келгенше    талай  ұзын 
етектіні  жолықтырды.  Бірақ  оған  біреуі  де  мұндай  ұнап  көрмеген-ді.  Жігіт  болып  ат  жалын 
тартып  мінгелі,  басынан  өткізгені  кілең  жорық,  ұрыс,  талас.  Алған  әйелдерінің  бәрімен  де 
тек төсек үстінде танысты. Сұршақызбен де солай кездесті. Бірақ ол қартайғанда кез болған 
ең қымбатты қазынасы тәрізденді. Дәл осы сәтте «таңдаған қызымды ғана қатын етермін» 
деген  жас  кезінде  берген  серті  есіне  түсті.  Абылай  болмашы  езу  тартты.  «Пешенеңе 
жазылса аспандағы аққу да аяғыңның астына түседі екен». 
 
Сұршақыздың көзі тағы жарқ ете қалды. Жоқ, ол қазір түндегі Абылайдан  зәресі ұшып 
қорыққан  жас  өспірім  қызға  ұқсамайды.  Бұл  енді  айбарлы  ханның  сүйікті  әйелі!  Қиянат 
көрсеткен әлеммен атысуға бар сұлу! 
 
Абылай  сыртқа  беттегенде,  Сұршақыз  бірге  ере  шықты.  Қаптаған  жұрттан  ұялған  жоқ, 
Абылайдың  алдынан  көлденең  тарта  берген  тұлпарына  ханды  қолтығынан  көтеріп  өзі 
мінгізді. 
 
Абылай  еңкейіп  Сұршақыздың  маңдайынан  сипады  да,  артына  бұрылмастан,  күтіп 
тұрған қолға қарай желе жөнелді. 
 
— Қош бол, арысым, — деді күбірлеп, — сау барып, аман қайта гөр, қатерлі сапардан... 
 
Сұршақыз  кетіп  бара  жатқан  қолдың  соңынан  көзін  алмай  ұзақ  тұрды.  «Ордадағы 
киімдеріңді алып кет» деп айтқысы келген Абылай нөкерлерінің бірі өктемдей басып қыздың 
жанына келді. 
 
—  Бикеш,  —  деді  ол  кекете,  —  бүгін  хан  төсегінде  ұйқыңыз  әбден  қанған  шығар.  Енді 
үйіңізге қайта берсеңіз де болады. 
 
— Кім ақұрық бастығы? 
 
— Ақұрық бастығы Жамантай. Ал сізге бастық болуға мен де жараймын-ау деймін... 
 
 
— Шақыр Жамантайды! 
 
Жігіт бірдеме айтпақшы болып келе жатты да кілт тоқтады. Ханның бір түндік «жас иіс» 
қызметіне  ғана  жарап,  сағы  сынған  қыздардың  пішіндеріндей  емес  Сұршақыздың 
тәкаппарлана  қалған  келбетінен  ол  қыз  басына  «бақ  құсының»  қонғанын  аңғарып,  шошып 
кетті.  «Осының  өзі  Абылайға  ұнап  қалғанның  қай  жағында,  —  деді  ішінен,  —  көзі  жәбір 


 
144 
көрген  жан  сияқты  емес,  бір  мол  қуанышқа  кенелгендей  жалын  атып  тұр  екен,  кәрі  неме, 
қатыны етіп алмаса нетсін». 
 
— Жамантайды шақыр дедім ғой, мен саған! 
 
Қыздың үні бұрынғысынан да ызбарлы шықты. 
 
— Құп! 
 
Нөкер  Жамантайды  тез-ақ  алып  келді.  Сірә  ол  жолай  өзінің  ойын  ақұрық  бастығына 
жеткізген болуы керек, балуан денелі Жамантай жуаси келді. 
 
— Не айтасыз, бикеш! 
 
—  Айтарым  екі  сөз.  —  Бірі  —  мына  бейпіл  ауыз  жігітке,  денесінің  ең  майлы  жерінен 
қырық қамшы дүре соғыңыз. 
 
Аңқау мінезді Жамантай шошып кетті. 
 
— Ойбай-ау, онда ол атқа отыра алмай қалады ғой. 
 
Қыз жымия езу тартты. 
 
—  Онда  шалбарын  шешіп,  қалақаймен  оңдап  тұрып  он  рет  ұрыңыз!  Екінші  бұйрығым: 
отағасым  жауын  жеңіп  жорықтан  қайтқанда  алдынан  шығуға,  жүген-құйысқаны,  ер-тоқымы 
ақ күмістен қақталған ақбоз жорға дайындаңыз! 
 
Бұл  сөздерді  айтып  тұрған  Сұршақыз  ханның  ең  сүйікті  қосағы  екенін  түсінген 
Жамантай... 
 
— Құп, айтқаныңыз орындалады, ханша... — деп басын иді. 
 
...Үш  күннен  кейін  Ұлы  жүз  әскерлерінің  қоқандықтармен  ұрысы  Түркістан  шаһарының 
күншығыс  жағында  басталды.  Қоқан  әміршісі  әлім  хан  жұртты  өзі  ерте  білгенменен,  соғыс 
тәсіліне  қанықпаған,  әскери  тәжірибесі  аз  жігіт  еді.  Божбан  ауылдарына  жіберген 
тыңшылары арқылы Абылай ордасында болған оқиғаның бәрін білген. Өзіне қандай қолдың 
қарсы шығатынын да естіген. Тек білмегені — Абылай мен Елшібек батырлардың төрт мың 
қолмен бір бүйірінен  Ташкент шаһарына қарай өтіп кеткені ғана  еді. Артында жау бар деп 
ойламаған  әлім  хан  мен  кәрі  тарлан  Ерден  батыр  бар  әскерін  Түркістан  тұсына  төккен.  
Алпыс  сана  қолға  ие  болған  жас  хан  Ұлы  жүз  әскерінің  бетін  қайтарысымен,  олардың 
соңынан қуып берді. Бөкей, Сағыр, Жабай басқарған жасақтар, көшпелі елдің ежелгі тәсілін 
қолданып, ұстатпай, құр шегінген де отырған. Тәжірибелі Ерден батырдың «бос қуа берудің 
қажеті  болмас»  дегеніне  қарамай,  жауынгерлерінің  көптігіне  сенген  әлім  қазақ  жігіттерінің 
соңынан қалмаған. Сөйтіп олар өздерінің артқы шебінен тіпті алыстап кеткен. 
 
Бұл  кезде  Абылай  мен  Елшібек  басқарған  төрт  мың  қол  Ташкентке  кеп  тиді.  Ташкент 
қорғаншылары  қарсы  тұра  алмады.  Бұлардың  көбі  хан  әмірімен,  күн  көріс  шаруасынан 
амалсыз қол үзген қала жатағы, жалғыз атты диқан, не болмаса әлі сойыл сілтеуді жөндеп 
үйренбеген,  тек  батырлардың  кеу-кеуімен  «шапқыншыларды  қырып  салмақ»  болған  бала 
жігіттер  еді.  Бұлар  қазақ  атты  әскерінің  тегеурініне  шыдай  алмай,  шаһар  кілтін  Абылайға 
әкеп тапсырды. 
 
Ал  Түркістанды  ала  қоямыз  деп  лепіріп  келген  қоқандықтардың  негізгі  күші  кенет 
шегінуін  тоқтатып,  табан  тіресіп  тұрып  алған  қазақ  әскеріне  төтеп  бере  алмады.  Жан-
жақтарынан жапа-тармағай сан рет ат қойса да, сай-салаға бекініп алған Дулат, Жалайыр, 
Үйсін  жігіттері  жауды  маңына  жуытпады.  Қардай  бораған  садақ  жебесі  мен  пілтелі 
мылтықтың  оғына  шыдай  алмай,  қоқандықтар  жел  үрлеген  шөптей,  кейін  қарай  сан  рет 
жапырылды. Кейде тіпті қазақтың салт атты жауынгерлері өздеріне қарсы дүрсе қоя беріп, 
көп  жігіттерін  найзамен  түйреп  жер  құштырды.  Ұрыс  осылай  үшінші  күнге  созылды. 
Өздерінің  көптігіне  сенген  қоқандықтар,  енді  ақырғы  айқасқа  дайындалған.  Дәл  осы  сәтте 
«Ташкентті  Абылай  хан  басып  алыпты!»  —  деген  хабар  жетті.  Бұған  қоса  «Бұқар  жырау 
барып  азғырып,  Ташкент  маңындағы  Қаңлы  ауылдары  тағы  қазақ  жағына  шығып  кетіпті. 
Абылайға көмекке Арқадан көп әскер келе жатыр-мыс» деген суық сөз тарады. 
 
әлім  хан  мен  Ерден  батыр  Ташкентті  Абылайдың  алғанына  көздері  жеткеннен  кейін, 
енді  өздері  қашуға  мәжбүр  болды.  Әлім  мен  Ерден  Абылайға  елші  жіберіп  бітімге  келуін 
сұрады.  Абылай  жұртты  енді  дүрліктіре  берудің  керек  еместігін  еске  алып,  тез-ақ    бітімге 
келді.  Бұл  бітім  сол  бұрынғы  бітімді  күшінде  қалдырды.  Тек  қоқандықтар  осы  жолғы  соғыс 
шығындарын  толық  төлейтін  боп  келісілді.  Және  қарамағындағы  қазақ  руларынан  алым-
салық алмайтын боп уәделесті.   
 
Осылай өздеріне тиімді бітімге қол жеткізіп қазақ жауынгерлері Қаратауға қайтты. 
 
Шат-шадыман қалың қол. Борт-борт желген кілең сәйгүлік қазақы жылқы. Абылайдың ақ 
туын көтерген қалың қолдың алдында бір топ жас жігіттер. 


 
145 
 
Бұлардың  мінгендері  жал-құйрығы  түйілген  қамыс  құлақ,  бөкен  сан  жүйрік,  не  болмаса 
құлан қандас бота тірсек сүліктен жаратылған будан. Олардан кейін Бұқар жырау, Елшібек, 
Сағыр,  Бөкей,  Жабай  батырлар  қоршаған  хан  Абылай.  Астында  омырауы  салақұлаш, 
жотасы  тақтайдай  құйма  тұяқ  қара  көк;  қатты  аяң  майда  желіспен  әлде  нені  әңгіме  етіп, 
қарқ-қарқ  күліседі.  Бәрінің  де  жүзінде      шаттық,  қоржындары  тоқ.  Тек  бір-ақ  адамның  қас-
қабағы  жабыңқы.  Әлсін-әлсін  ұзын  мұртының  ұшын  тістеп,  әлдекімге  азуын  басып  келе 
жатқандай,  алға  қарай  сабырсыздана  ентелей  жортады.  Анда-санда  Абылайды  ту 
сыртынан оқты көзімен ата қарайды. Бұл — морт мінезді, ханға деген ашуы әлі тарқамаған 
Қоңыраттың  батыры  Қаныбек  еді.  Қос  батырдың  біреуі  жау  қолынан  жарақаттанып  хал 
үстінде 
елге 
қайтқан. 
Қоңырат 
жігіттерінің 
алдында 
Қаныбек 
жал- 
ғыз өзі. Соңындағы жігіттер бір-біріне сыбырлап қана сөйлеседі. 
 
Тұтқыннан 
босанғаннан 
кейін 
көкейлерінде 
тек 
ел 
намысы, 
қайнаған 
ағайынды  қос  батыр  дереу  Қоңыраттың  ер  жүрек  жігіттерін  жинап,  Сағыр  қолына  кеп 
қосылған.  Ал  босануларына  қарындасы  Құндыздың  себеп  болғанын,  оның  Абылайдың 
төсегінде  түнеп  шыққанын  білмейтін.  Қос  батырдың  морт  мінездерінен  хабардар  ауыл 
адамдары оларға Құндыз жайын айтуға қорыққан. 
 
әлім  ханмен  кездескен  ұрыста  екеуі  де  ғажайып  ерлік  көрсетті.  Бірі  жараланып  кейін 
қайтқан  да,  екіншісі  —  кіші  батыры  Қаныбек,  ағасы  Жаныбектің  орнын  жоқтатпауға 
тырысқан.  Ерлігіне  ерлік  қосып,  қан  майданда  жан  аямай  ұрысқан.  Осындай  қанқызу  бір 
шайқаста,  Қоңыраттың  батыр  жігіттері  қашып  бара  жатқан  қоқандықтарды  соңына  түсіп 
шоқпарымен  көк  желкеден  дәлдей  ұрып  кезек  түсіріп  келе  жатқан.  Аты  екпіндей  жеткен 
Қаныбек біреуін енді ұрам деп шоқпарын ыңғайлай бергенде әлгі атынан қарғып түсіп, тұра 
қалған. 
 
— әй, сауға! Жан сауға! — деген анау бұған отты көзін қадай. 
 
Бұл — Ерденнің інісі Ералы еді. 
 
Ералының жаман атымен, бұрыннан да таныс Қаныбек енді орасан долдана түсті. 
 
— Көрсетейін мен саған жан сауғаны! — деді ол шоқпарын ыңғайлай түсіп.  — Айта бер 
иманыңды, қара жүз! 
 
Жау  қолында  өзінің  жалғыз  қалғанын  көрген  Ералы  Қаныбектің  аямайтынын  бірден 
түсініп, енді жалынбай өлуге бел буды. 
 
— Сатылған! — деді ол Қаныбекке удай ащы тілмен. — Жалғыз қарындасың Құндыздың 
абыройын сатып, Абылайдан жаның әрең қалып еді, мен сенен өткен қара жүз емеспін, мә, 
өлтіре бер! 
 
Қаныбек  шоқпарды  қос  қолдай  сілтеді.  Ералының  басы  быт-шыт  боп,  миы  шашырап, 
денесі күрс етіп жерге құлап түсті. Қаныбек артына бұрылып қараған жоқ, Ералының жаңағы 
сөздері  құлағынан  кетпей,  біреу  жүрегіне  қанжар  сұғып  алғандай,  боп-боз  боп  дірілдеп,  өз 
жігіттерінің жанына әзер жеткен. 
 
Сол  күні  өзінің  бір  сенімді  жігітінен  ауыл  ақсақалдарынан  «ел  жақсылары»  Құндызды 
Абылай  төсегіне  апарып  салғанын,  Құндыздың  оған  қарсы  болмағанын,  ертеңіне 
Абылайдың бұларды босатыңдар деп бұйрық бергенін білді. Енді оның жүрегіне намыс, ашу 
қорлану  —  бәрі  жиналып,  жыландай  қадалды.  Жұрт  бетіне  қарай  алмай,  сол  күні  түнде 
жігіттерінен  бөлініп  жеке  қонып  шықты.  Сол  күннен  бастап  ешкіммен  де  сөйлеспей,  ашуға 
булығумен болды. Намыстанып, жаны күйінген Қаныбек бір мезет Абылайды жарып өлтіруді 
ойлады. Бірақ онда мына жұрт жүндей түтіп, хан төсегіне барған ұятсыз Құндыздан кегімді 
ала  алмай  қалармын  деп  сескенді.  Абылайды  өлтіруді  ол  енді  соңына  қал- 
дырды. 
 
Күн  бата  қалың  қол  Қазықұрттың  етегіне  таяды. Жігіттері  жауды  жеңіп  келе  жатқанына 
қуанышты  Қаратаудағы  қалың  елдің  ақсақалдары  мен  қыз-бозбаласы  алдынан  шықты.  Екі 
жақ  таяй  бергенде,  Қаныбек  ауыл  жастарының  алдындағы  ақбоз  ат  мінген  қарындасы 
Құндызды  көрді.  Ералының  айтқан  сөздері  құлағының  түбінен  ап-анық  естіліп,  жүрегі  тағы 
да удай ашып кетті. 
 
—  Абыройын  сатып  масқара  болған  азғын  қарындасыма  да  өлім!  Момын  елді  қан 
қақсатқан, хан Абылай, саған да өлім! — деді Қаныбек іштей, қанды үкім айтып. 
 
Көп  ішінен  тұрып  атсам  жазықсыз  біреуге  оғым  тиіп  кетер  деп,  ол  жасақ  шетінен  бір 
бүйірлеп оңаша шыға берді. Бұған ешкім бәлендей көңіл де бөлген жоқ. Желе жортып келе 
жатқан екі топ біріне-бірі таяу кеп тоқтады. Ауыл тобынан ақ боз ат мінген Сұршақыз ғана 
алға қарай қозғалды.  Сірә, жеңіс иесі Абылайды құттықтамақ болуы керек. Бірақ ол  аузын 


 
146 
ашып та үлгірмеді, ысылдай кеп қадалған қозы жауырын  оқ оны  ат үстінен жерге ұшырып 
түсірді. 
 
— Ал енді екінші жебем, Абылай хан саған! — деді әскердің бір бүйірінде оңаша тұрған 
Қаныбек қорамсақтан сауыт бұзар оғын алып.  — Содан кейін, ақ семсер, сен малынарсың 
өзімнің ыстық қаныма! 
 
Қаныбек  садағын  оқшау  тұрған  Абылайға  кезей  берді.  Бірақ  тартып  қалуға  үлгірмеді. 
Өзінің  сол  жақ  қолтық  тұсынан  кеп  қадалған  сүйір  ұшты  қайың  оқтан  теңселіп  барып  ат 
жалын құша құлап кетті. 
 
Сұршақыздың  оққа  ұшқанын  аңғарып  қалған  Абылай,  жалт  бұрылғанда,  қыз  ағасы 
Қаныбектің  де  жерге  құлағанын  көрді.  Атынан  түсіп  қыздың  қасына  барды.  Бір  тізерлеп 
отырып, қыздың әлі нұры сөніп бітпеген қарақат көздерін жапты. 
 
— Кім атты Сұршақызды? — деді айналасына қарап. 
 
— Ағасы Қаныбек батыр, — деді күзет бастығы. 
 
— Неге атты? 
 
— Білмедім. 
 
Хан құлап жатқан Қаныбекке қарады. 
 
— Ананы кім атты? 
 
Бұл кезде жасы мосқалданып қалған Қапан мерген алға шықты. 
 
— Мен. 
 
— Неге аттың? 
 
— Егер мен оны атпағанда, ол сізді ататын еді. Садақ жебесін сізге қарай меңзеді. 
 
Абылай  бұл  оқиғаның  мәнісін  енді  түсіне  бастағандай  болды.  Жүрегі  алай-түлей  боп 
өртеніп, Сұршақыздан айрылып қалғанына қатты өкініп тұрса да, тіс жарып сыр бермеді. Тек 
әлден уақытта барып: 
 
— Жер ортасына келгенде бір қуанышқа жеттім бе деп едім, құдай, оны да қимадың ғой, 
— деді күбірлеп. 
 
Жұрт  айбарлы  Абылайдың  сақал-шашы  бозарып,  мүлдем  қартайып  қалғанын  жаңа 
байқады. Кенет оның үлкен қанды көздері жарқ ете қалды. 
 
—  Жігіттер,  екеуін  бірдей  ардақтап  қатар  қойыңдар!  —  деді  жігерлі  үнмен.  —  Тағдыр 
осылай шешкен тәрізді... 
 
Ағалы-қарындасты екі жас бір зиратқа қатар жерленді... Осы уақытқа дейін Түркістанның 
күншығыс жағында «Құндыз төбе» деген төмпешік бар. Бұл екі жастың қабірі. 
 
...Ұлы жүздің басты рулары қатынасқан, жеңіске арналған атаулы той болды. Осыдан екі 
жеті бұрын ат құйрығына байланған жігіттің туысы, кеше ғана қаза болған Жәнібек, Қаныбек 
пен  Құндыздың  туған  нағашы  ағасы  Қоңырат  руының  араларында  ештеңе  болмағандай, 
ақсақалы Нұрғазыға Абылай қымыз құйылған күміс кесені өз қолымен ұсынды. 
 
Сонан соң тоқсанға келсе де әлі тұғырдан таймаған Бұқар жырауға қарады. 
 
— Адам дегеннің қандай екенін ұқтың ба, жырау... Қан мен жасқа бөлесең ғана олар сені 
жақсы көре бастайды!.. 
 
— Көп кешікпей, тағы да жаман түс көреді екенсің, хан Абылай! 
 
Хан мен ақынның арасында бұл әңгіме ұзақ жылдан бері келе жатқан таластары еді... 
 
...Хан  ордасы  орнаған  теріскейдегі  Көкшетауға  қарай  қалың  қол  алдында  хан  мен 
жыршысы келе жатыр. Көптен бері бұл екеуінің бір сапта қатар жолға шыққаны осы. Жасы 
ұлғайған сайын Абылайдың мінезі қатулана түскен. Ханның мінезі қатуланған сайын Бұқар 
жырау  одан  алыстай  бастаған.  Бір  кезде  ақылшым  деп  көкке  көтерген  Бұқар  жыраудың 
сөзіне,  соңғы  жылдары,  хан  құлақ  қоймайтын  болған.  Сөз  қасиетін  жоғары  бағалайтын 
Бұқар жыраудың мінезі, кейде ханның қитығына тиіп, кейітіп те тастайтын. Жырауды әдейі 
ашуландырғысы келгендей оның көзінше Абылай бұрынғыдан ары ширығып қатая беретін. 
 
— Иә, адам деген осындай, — деді Абылай, жаңа ғана үзіліп қалған ойын қайта жалғап. 
— Бір сомын тартып алып, он тиынын қайтарып берсең жұрт сені әділетті билеуші санайды! 
 
Бұқар жырау ханға көз қиығын аударды да қойды. 
 
— Қартаяйын деген екенсің, Абылай. 
 
— Сенен кәрі емеспін ғой. 
 
—  Мен  ондай  кәрілікті  айтпаймын,  алдияр...  Адам  деген  ақ  пейіл,  сенімпаз  келеді... 
Оның бұл қасиетін күлкі етуге болмайды. 
 
— Бұл сөзіңе қарағанда, мен емес, өзің қартайып қапсың... 
 
— Жоқ, мен бұрынғымнан ақылды бола бастадым... 


 
147 
 
— Мен де, жырауым! 
 
Бұқар  жырау  бұрылып  артына  қарады.  Біраз  жұрт  ауылдарының  тұсына  келгенде 
бөлініп кетіп, соңдарында азғантай ғана жігіттер қалыпты. 
 
—  Біздің  сөзімізді  ешкім  естімейді,  Абылай...  Оңашада  сұрамақшы  едім,  айтшы... 
Божбандарды неге ат құйрығына байлауға бұйырдың? Оларды саған қарсы қоймақ болған 
өзіңе  жақын  адамдары  еді  ғой.  Және  Божбандар  Қоқан  хандығына  дәл  бүгін  көше  қоямыз 
демеген-ді.  Ел  арасы  елегізи  бастағаны  рас.  Жел  сөзге  еріп  қопарыла  көтерілуі  де  мүмкін 
еді.  Ал  сен...  Ақылшы  жіберіп  тоқтау  айтудың  орнына,  қамыс  арасына  жігіттеріңді  тығып 
қойып,  әлім  ханға  тілдесуге  бара  жатқан  адамдарын  ұстап  алдың.  Сосын  Божбан 
атаулының бәрі осындай деп, бықпырт тигендей еттің. Неге бүйттің? 
 
— Бұның бәрін сен қайдан білесің, жырауым? 
 
—  Білмей...  Елу  жылдан  бері  мен  сенің  мінез-құлқыңа,  айла-тәсіліңе  қанықпын  ғой, 
алдияр. 
 
— Қанық болсаң... Жаңа өзің айттың ғой, ел арасы елегізи бастады деп... Бүгін елегізсе, 
ертең ереуілге шығады. Өзгеге үлгі болсын деп жазаладым. 
 
— Жоқ, бұл үлгі емес, күйік... Күйіктен ел қартаяды, еңсесі түседі... 
 
Екеуі  біраз  уақыт  үндемей  қалды.  Абылайдың  тұнып  келе  жатқан  көздерін- 
де кенет бір ұшқын пайда болды. Даусы да жас жігіттің даусындай мығым шықты. 
 
—  Қу  қатын-патша  бекітпегенмен,  айтшы,  жырау,  осы  жұрт  мені  Үш  жүздің    ханы  деп 
санай ма? 
 
—  Иә,  сені  «Үлкен  Орда»  ханы  санайды!  —  деді  жырау  ханның  бұл  сұрақты  неге 
бергеніне түсінбей. 
 
— Онда мынаны түсінші... Мен ат жалын тартып мінгелі, ажалдан қорқып көрген жоқпын. 
Досымды  да,  қасымды  да  аяуды  білген  емеспін.  Біреуін  ат  құйрығына  байлап  өлтіріп, 
біреуіне оқалы шапан жауып, мадақтай көтеріп, өзіме серік еттім. Соның бәрін тек хан болу 
үшін істедім бе? Иә, солай-ақ делік... Ал сонда сол дәрежеге мен неге соншама құмарттым? 
 
Бұқар жырау атының басын бұрып алды. 
 
— Иә, бәсе неге? 
 
—  Өзгеге  үстемдігіңді  жүргізіп,  мерейің  жоғары  болу  үшін  дейтін  шығарсың.  Жоқ,  олай 
емес. Оған жай хан болсаң да жетеді. 
  
Абылай кенет тұнжырай қалды. 
 
—  Жарайды,  бұның  жайын  басқа  күні,  сыр  пернесін  тағы  бір  қайғы  шерткен  күні 
айтармын. Ал қазір... 
 
— Иә, қазір? 
 
Абылай езу тартты. 
 
— Баяғыдан бері менің сойылымды соғып, қартайғаныңда өз ісіңнен өзің қорқып қалдың 
ба, жырауым?.. Өткен іске өзіңді өзің қинамай-ақ қой. Оданда менің мына сұрауыма жауап 
берші... Бастары қосылмай кеп, «Ақтабан шұбырындыда» кеуегінен қашқан қояндай сасып, 
жартысынан  көбін  жоғалтқан  бұл  елге  қандай  адамның  хан  болуы  керек  еді.  Былбырап 
аққан ыстық қан иісінен жүрегі айнымайтын, қатал басшысы болмаса, сұрқия заманда жан-
жағынан қаптаған жауы даласын аткөпір етіп, өздерін әр жотаның етегіне төбе-төбе қып үйіп 
кетпесіне  кім  кепіл  еді?  Сонда  қазақтан  не  қалар  еді?  Осы  сұрағыма  жауап  бер,  әулие 
жырау... 
 
Бұқар  жыраудың  да  көңілі  орныққандай.  Ол  тіпті  Абылай  жаққа  мойнын  да  бұрмады. 
Айдалаға сөйлегендей мылқау үнмен: 
 
— Иә, өзің айтқандай, керек кезінде қатал болмағаныңда, мен сенімен бүйтіп қатар келе 
жатпас  едім,  —  деді.  —  Рас,  өмір  бақи  сенің  ісіңді  көтермелеп  келдім.  Ол  шежіре  ғой.  Ал 
әңгіме қазір шежіреде емес, басқада. Оны өзің де жақсы білесің. 
 
— Тоқтама, жырау, айта бер! 
 
—  Жоңғар,  Қытаймен  соғысып,  Қоқан  хандарының  бетін  қайтарғанша,  сен    жұртты 
бірімен бірін өшіктіріп, не орынсыз өлімге бұйырып көрген жоқсың... Ботақанды тірідей көрге 
көмгеніңді де ұмытпаған шығарсың, Абылай. Жұрт ол қылмысыңды да кешірді ғой. Иә, сен 
ол  кезде  бар  болғаны  сұлтан  едің,  бес    мың  адамның  саған  күші  жететін  еді.  Әлде 
алдарынан  көтерілген  қазаның  мен  сабадағы  қымызың  сені  құтқарды  деп  ойлайсың  ба? 
Жоқ, Абылай. Жұрт қонтайшыға қарсы шығатыныңды түсінді. Сол заманның шындығы сенің 
жағыңда екенін ұқты. Су тасығанда сең ұрған балықтай есеңгіреп қалған ел, өзінің көсемін 
іздеді. Бәрінің басын қосатын ер-азаматын іздеді. 


 
148 
 
Сол  ер-азамат,  тар  жол,  тайғақ  кешуде  жұртын  аман  алып  шығатын  ер  сен  ғана  боп 
көріндің ол күндерде. 
 
— Ал содан кейін не болды?.. 
 
— Содан кейін... Батыр Баян қаза тапты.   
 
— Иә, айта бер... не демексің, жырау? 
 
—  Туған  інісі  Ноянды  өлтіргені  үшін,  бұл  жалғаннан  кеткісі  келген  жоқ.  —  Бұқар  жырау 
алыстағы  көкжиекке  қарай  сөйледі.  —  Батыр  Баян  саған  қатты  сенген-ді.  Ал  сен  болсаң 
Қашқар мен Құлжадағы қазақ, ұйғырдың ереуіліне көңіл бөлмей, Алтынемелді тастап, кейін 
шегіндің.  Батыр  Баян  бұны  опасыздық  деп  санады.  Өмір  сүрудің  оған  енді  еш  маңызы 
жоқтай көрінді. Көрер көзге өлім іздей бастады. Бұндай жағдайда ешкім еш нәрсені білмейді 
деп ойлау әміршілердің әдеті ғой. 
 
— Қытайға қарсы соғысар бізде күш болмағанын білмейтін бе едің, жырау? 
 
—  әйткенмен,  ереуілге  шыққан  елдің  біразын  сақтап  қалатын  едік.  Бізден  қауіп 
ойламаған Чжао Хой мен Фу Де бүкіл шығыс Түркістанды қан-жоса етті... 
 
Абылай мысқылдай езу тартты. 
 
— Менің шегінгенімді жұртқа өзің дәріптеп едің ғой! 
 
— Бұл қу заманда менің еріксіз дәріптегендерім аз дейсің бе... 
 
— Тағы нең бар, айтып қал, жырау? 
 
—  Ал  сен  Алтынемелден  тек  хан  болу  үшін  шегіндің.  Содан  кейін-ақ  жолың,  соңыңнан 
ерген елдің болашағынан екі айрылды, ханым! 
 
—  «Болашақ?»  —  Абылай  басын  шайқады.  —  «Болашақ»  деген  не?..  «Ел»  деген  не? 
Мұндай сөзді менің арғы бабам, жер шарының тең жартысын жаулап алған ұлы Шыңғысхан 
білген емес. 
 
— Ал өзің ше? 
 
—  Білмесем...  Арманым  мен  өксігі  мол  елу  жылымды  ат  үстінде  өткіз- 
бес ем. 
 
— Шыңғысхан да бар өмірін жорықта өткізген. Бірақ ол бабаңның жаулап  алған жарты 
әлемі  қайда,  Абылай?  Бізге  қалдырған  мұрасы  —  тек  жанталаса  алысу  ғана  емеc  пе... 
«Болашақ» дегеннің не екеніне енді түсіндің бе? Ал ел ше?... «Ел» деген ешуақытта да еш 
нәрсені ұмытпайды. Оны «алдадым» деп тек хандар ғана ойлайды, Абылай... 
 
— Мен еш уақытта халықты алдаған емеспін. 
 
—  Соңғы  жылдары  сен  халықты  жиі  алдай  бастадың,  Абылай.  Сенің  жасағың 
бұрынғыдай өз жерін ғана қарап отырған жоқ, бөтен елдердің жерін тартып алу әрекетіне де 
кірісіп  жүр.  Біресе  қарақалпаққа,  біресе  қырғызға,  өзбек  қалаларына  жорыққа  шығасың. 
Дегеніңе көнгісі келмеген қазақ руларын да шабасың... 
 
— Осының бәрін сол қазақ елі үшін істеп жүрген жоқпын ба? 
 
— Жоқ, халыққа одан келер пайда шамалы. Басқаны қойып, Жайық қырғынын ғана есіңе 
салшы... 
 
Сол  қырғында  қырылған  қырғыз  жігіттері  көз  алдарына  елестеп,  екеуі  де    бір  мезет 
үндей  алмай  қалды.  Қырғыз  манаптарының  қазақ  ауылдарын  оқтын-оқтын  шауып,  малын 
барымталап маза бермегенін сылтау  етіп, Абылай қалың қолмен кеп, Туро өзенінің бойын 
жайлаған қырғыздың Солты руының көп аулын шапқан. Күтпеген жерден жауға төтеп бере 
алмай 
қырғыз 
ауылдары 
Шу 
бойы- 
на  қарай  босқан.  Шу  қойнауындағы  Қызылсу  мен  Шамси  өзендерінің  түйіскен  сағасында 
үлкен  ұрыс  болған.  Осы  қан  төгісте  қолға  түскен  қырғыз  ауылдарын  Абылай  Сарыарқаға 
айдап әкеп, Есіл мен Нұра бойына орналастырған. Осы күнгі қазақ жеріндегі «Бай қырғыз» 
бен «Жаңа қырғыз» рулары солардан қалған-ды. 
 
—  Содан  кейін  қырғыз  барымташылары  қазақ  ауылдарына  беттеуді  қой- 
ды ғой, — деді Абылай, — сол жолы Шату асуынан өтіп, қырғыз ауылдарын шапсам, оным 
— қырғызбен көршілес қазақ елінің тыныштығын ойлағаным емес пе? 
 
—  Қарғыс  атсын  ол  күнді!  —  деді  Бұқар  жырау  екі  қолын  жоғары  көтеріп.  —  Қайта 
оралмасын, өшсін қарасы сол қалпымен! 
 
— Неге? 
 
— Жайыл ойпатында достық емес, қастық туды! 
 
—  Біз  біресе  жоңғарлармен,  біресе  шүршіттермен  қырылысып  жатқанда,  қазақ 
ауылдарын әлсін-әлсін шауып маза бермеген сол манаптар емес пе еді? 


 
149 
 
—  Иә,  қырғыздың  манабы  мен  қазақтың  ханына  атақ,  мал-мүлік,  төлеңгіт,    құл  керек 
болды.  Бірақ  одан  кім  зиян  көрді?  Қылшылдаған  алдаспан  жазығы  жоқ  қара  бұқараның 
басын  қара  жерге  домалатты.  Бұны  да  сендер  сол  жазығы  жоқ  жігіттердің  қолымен 
істедіңдер! Сол себептен де бауырлас екі елдің арасына қастықтың уын қандарына сіңіруге 
тырыстыңдар.  Құдай  бұндай  қырғынды  өзге  халықтардың  басына  бере  көрмесін! 
Өшпенділік уы енді ұрпақтан ұрпаққа кетсін дедіңдер, күштілер. Сөйтіп қастық өрши беруін 
тілейсіңдер.  Бізге  ең  жақын  қырғыз  халқы  еді.  Сол  халыққа  өнеге  болар  артыңа  не 
қалдырып барасың? Қалдырғаның — Жайыл қырғыны ма? 
 
— Ол қырғын да ұмытылмас дейсің бе, жырау? 
 
— Ұмытылады, неге ұмытылмасын, ол үшін... 
 
— Сөйле жырау! 
 
— Ол үшін жер бетінде хандар мен манаптар болмауы керек. 
 
Абылай езу тартты. 
 
— Ел еркесі жыраулардың тек болғанды ғана емес, болмайтын жайды да айтуға қақысы 
бар. Сөйле! Маған тағы қандай айып тағасың! 
 
—  Бес  батырын  ат  құйрығына  байлап  өлтіргеніңді  Қоңырат  жігіттері  кешеді  деп 
ойлайсың ба? 
 
— Мен өлмей тұрып, ешкім оған құн сұрай қоймас! 
 
—  Сен  де  мәңгі-бақи  тірі  тұра  алмайсың.  Абылай?  Кесілген  теректей  бір  күні  сен  де 
құлайсың.  Сонда  денең  бұзылып  бітпей-ақ  қанмен  желімдеп  құрған  хандығың  ыдырай 
бастайды. Со кезде бар айыбың, су жыланның басындай шошайып-шошайып шыға келеді. 
Сенің  сүйегің  қурап  қалса,  заман  осылай  тұра  берсе,  Божбанның  жетінші  ұрпағы  бес 
батырының  қалай  өлгенін  ұмытпайды.  «Болашақ»  дегенде  менің  айтарым  осы,  Абылай. 
Төгілген  қанды  қалай  жапсаң  да  бәрібір  шүберектің  бетіне  шығады.  Заманымыз  дүрбелең 
болды  деп,  дөрекі  іске  жол  беру  күнә.  Қиянатты  істеу  жеңіл,  жою  қиын.  Ал  сол  қиянатты 
өрбітіп жүргендер кімдер? Мына сен, хан Абылай. Кіші жүздің ханы Нұралы, Қоқан әмірлері, 
Қырғыз манаптары. Патша мен  боғдыхандар! 
 
— Сонда мені мадақтаған толғауларың жалған болған ғой? 
 
—  Ол  толғаулардың  бәрі  сенің  ұстаған  жолыңа  сенгендіктен  туған.  Бірақ  менің  сол 
сенімімді ақтамадың, Абылай! 
 
Екеуі  тағы  біраз  уақыт  үндемей  қалды.  Күн  батуға  айналғанда,  Абылай  атының  басын 
тартып, қолдың қонатын жерін көрсетті. Бұл бір құрақты қара судың жағасы еді. Жігіттерінің 
хан шатырын қалай тігіп жатқанын Абылай бір мезет қарап тұрды да тағы Бұқар жыраудың 
қасына келді. 
 
—  Сен  айтқан  пәлсапаларды  емес,  басқа  жәйттерді  ойлаудамын,  —  деді  ол  бір  түрлі 
қажыған  кейіппен,  —  қиянат  пен  әділеттік,  зұлымдық  пен  жақсылық.  Бұның  бәрі  мен 
бастаған  іс  емес...  Ойға  қалдырған  басқа  дүние.  Хандығың  берік  емес  дедің  —  бұл  сөзің 
шындық. Бірақ менің хандығымның осалдығы қанмен желімделгенінен емес... 
 
— Сонда неде? 
 
—  Орыстың  Омбы  тәрізді  қалаларында  талай  рет  болғанымды  өзің  де  білесің.    Сол 
қалаларға келісімен күзетшілерімнен бөлініп, көшелерін жеке аралайтынмын... Жан-жағыма 
қарап,  көргенімді  ойға  сап  ұзақ  жүретінмін.  Орыс  қалалары  біздің  шығыс  елінің  көшелері 
қыңыр-қисық Бұхар, Хиуа, Самарқант секілді емес... Көшелері түп-түзу, кең, бірі мен бірінің 
арасы мөлшерленіп бөлінген. 
 
—  Онда  не  тұр?  —  деді  Бұқар  жырау.  —  Самарқанттың  көшелері  тар,  қисық 
болғанменен  Ақсақ  Темір  зиратының,  Биби  ханум  мешітінің  қайда  екенін  тауып  баруға 
болады ғой... 
 
— Жоқ, мәселе онда емес, басқада. Шыңғысхан әскері несімен күшті боп еді, есіңде бар 
ма?..  Өзінің  тәртібімен,  іріктеліп  құрылған  санымен  күшті  емес  пе  еді.  Әр  түменде  он  мың 
жауынгер  болған.  Әр  жауынгер  өзінің  орнын  білген.  Бүкіл  әскер  сол  қалпымен  жүріп 
отырған. 
Әр 
сыпай 
жанындағы 
көршісі 
жа- 
йында  жауапты  еді.  Осылай  темір  тордай  боп  қатып  қалған  қалың  қол  Шың- 
ғысхан тірі кезінде шебін бұзбай шабуыл жасап, бүкіл әлемнің тең жартысын жаулап алған. 
Ал ұлы хан өлісімен алдымен түмендер тәртібі бұзылды, біріне-бірі кесірін тигізе бастады... 
 
— Иә, сосын? 
 
—  Шыңғысханның  тәртіпті,  мызғымас  түмендерінен  қорыққан  басқа  халықтар  енді 
өздерінің  өмірін  сол  Шыңғысханның  түмендеріндей  қатал  тәртіппен  құра  бастады.  Тіпті 


 
150 
көшелерінің  арасына  дейін  өлшеп  қойғандай.  Міне,  бұл  елдердің  күштілігі  қайда  жатыр! 
Болашақтары  да  осында!  Барлығы  белгіленген,    мөлшерленген!  Егін  еккен,  қала  салған. 
Қаласынан  да,  егінінен  де  ешкім  қашып  кете  алмайды.  Төрт  тағандап  жерге  жабысып 
қалған. 
Жердің 
үстін 
былай 
қо- 
йып, астына да кіріп барады. Өскеменде көрдім, үстіндегі топырағын аршып,  астынан темір 
мен  қорғасын  алып  жатыр.  Сол  темірден  зеңбірек  пен  соқа  құяды.  Ал  біз  болсақ 
малымыздың соңынан құла түзде қаңғып жүрміз. Даламыз үлкен деп мақтанамыз. Бірақ ол 
да қаншаға барады дейсіз. Көршілеріміз бізді жан-жағымыздан қысып келе жатыр. Егер  егін 
егіп, қала салып, кен қорытып үйренбесек, түбі құрып кетуіміз де ғажап емес. 
 
— Ертегіге айналған сонау көне заманда қазақ жерінде де қала салынып, егін егілген, — 
деді  Бұқар  жырау.  —  Сосын  сенің  бабаң  Шыңғысхан  келді,  көш  соңынан  шұбатылған 
шаңдай біз де соңынан ердік. Сол күннен бастап дүние әлем-тапырық боп, шатысып, кетті 
ғой... 
 
— Ұлы бабам қиратқан қалаларды, мүмкін, маған қайтадан тұрғызу керек болар? 
 
—  Орыс  қалаларынан  неге  көзіңді  алмайтыныңды  енді  түсіндім!  —  деді  Бұқар    жырау. 
Оның көзқарасында әрі таңырқағандық, әрі қобалжығандық бар еді.... 
 
Үлкен Орда ханы Абылай, осы кезде Омбы генерал-губернаторы бұнымен келіспей хан 
ауылының  жазғы  жайылымдарының  бірі  Зеренді  көлі  мен  Сандықтау  маңында  жаңа 
бекіністер салып жатқанын естіді. Және дәл осы кезде «Россия» империясының іші бұлқан-
талқан боп бүлінуде екен!» — деген хабар жеткен. «Өлді деген орыс патшасы Үшінші Петр 
тірі  боп  шығыпты.  Ол  қазір  Жайық  қазақ-орыстарын  бастап  Петербургке  қарсы  шығыпты. 
Петербургті  алып,  қайтадан  таққа  отырмақ  екен.  Оған  башқұрт,  мордва  секілді  бұратана 
ұлттар да қосылыпты». 
 
Ақ  патша  басына  күн  туғалы  тұрған  осы  аласапыран  мезгілді  хан  пайда- 
ланғысы келді. Жаңа ғана ауыл-ауылдарына қайтарылған қазақ жігіттері қайтадан жиналсын 
деп, жан-жаққа ат шаптырды. Қол жиналысымен Көкшетау, Қызылжар қалаларына аттанбақ 
болды. 
Бұл 
хабарды 
естіген 
Орынбор 
гене- 
рал-губернаторы  да  өз  әскерін  қазақ  даласының  шетіне  әкеп,  тойтарыс  беруге 
дайындалды.  Бекіністердің  қабырғаларына  зеңбіректер  орнатылды.  Бұл  зеңбіректердің 
біразы  қазақ  жігіттері  шабуыл  жасайтын  далаға  қарай  қойылса,  қалғанын  бүгін  болмаса 
ертең Пугачевтің барлаушылары келетін тұсқа бекітті. Ереуілге шыққан Пугачев жасақтары 
Жайық  бойындағы,  Орынбордан  басқа  бекіністерді  түгел  алған  хабары  естілді.  «Жаңа 
патшаға  башқұрт  ауылдары  да  қосылып  жатыр  екен!»  деген  «ұзын  құлақ»  бүкіл  қазақ 
даласын шарлап кетті. 
 
 
 
 
... Иә, орыс патшасына кеткен жерлері мен оның сол жерлерге салған қалаларын алуға 
бұл бір ыңғайлы кез еді. Бекіністерінде шамалы ғана гарнизондары бар орыс қалаларының, 
көп  жылғы  соғыста  әбден  шыныққан  Абылайдың  атты  әскеріне  төтеп  беруі  екіталай 
болатын. Оның үстіне бұл гарнизондардағы солдаттардың өздері де «қатын патшаға» деген 
наразылығын  жасырмай,  ашық  айта  бастаған.  Күн  сайын  әскер  арасынан  Пугачев 
жасақтарына қашушылар да көбейген. 
 
Абылай,  жорыққа  шығу  алдында  хан  кеңесін  шақырмақ  болды.  Осы  кеңесте  өзін  Үш 
жүздің атынан қимылдауға рұқсат алуды басты мәселе етіп қоюды ойлаған. 
 
Бірақ  хан  шешімі  күрт  өзгерді.  Оған  себеп  болған  Жайық  жағасында  бір  төлеңгіттің 
әкелген  хаты  еді.  Бұл  хатта  Жайық  бойының  бір  топ  батырлары  Арқа  жігіттерін  күреске 
шақырған.  «Орыс  бекіністерін  талқандап,  жасақ  боп  құралып,  Жайық  бойындағы  жаңа 
патшаға келіп қосылыңдар — деген бұл  хатта. — Жаңа патша орыс, қазақ, башқұрт, татар 
басыбайлы құл, хан төлеңгіті демейді, бәріңді бірдей бостан етеді». 
 
Хан нөкерлері хатты таба алмаған, бірақ төлеңгітті ұстап Абылайға алып келген. 
 
— Кімсің? — деген хан оның бетіне тесіле қарап. 
 
—  Төлеңгіт  ханға  басын  да  иген  жоқ.  Танау  шеміршегі  жұлынған,  кең  маңдайына 
темірмен күйдіріп басқан «ұ» деген әріп бар. Бұл «Ұры» деген сөздің белгісі. Мұндай таңба 
тәртіп  бұзған,  не  қашуды  ойлаған  тұтқындарға  патшаның  кен  шығаратын  орындарында 
салынатын. 
 
— Танымай қалдың ба мені, Абылай хан?! 
 
Абылайға төлеңгіт даусы таныс секілді көрінді. 


 
151 
 
— Өздерін өздері батыр деп атаған алаяқтардың хаты қайда? 
 
—  Батыр  деген  ат  әкесінің  дәулетімен  бірге  келмейді,  жігіт  адам  қан  майданда  ерлік 
көрсетіп өзі алады! — деді төлеңгіт кекете күліп. 
 
Абылай жігітті енді таныды. 
 
Бұл баяғы жалғыз көз Орақтан тараған Қияқ пен Тұяқ құлдардың ұрпағы Науан ұстаның 
жалғыз  баласы  Керей  еді.  Ол  Бөгенбайдан  кейін  де  талай  қанды  ұрыстарға  қатысқан. 
Еңіреген  ер  бола  тұрса  да,  ақырында  хандарға  еріп,  адам  баласы  бірін-бірі  аямай  қырған 
жорықтардан жүрегі шайлыққан. Сөйтіп ол жылқы баққан ауылдың бостан жігіті боп отырып 
қалған. Бірақ өмірдің  қиянаты оны қайтадан қанды тартысқа алып келген. Бірақ бұл жолғы 
тартыс  өзгешелеу  еді.  Күндердің  күнінде  уақытында  ханға  деген  гараж-қаражатын  төлей 
алмай,  ол  бір  сұлтанға  бес  байталға  төлеңгіттікке  сатылған-ды.  Бір  күні  бұның  жасөспірім 
қызын сұлтанның зорлап жатқан үстінен шығып, оны қанжарымен жарып өлтірген. Абылай 
ісін  қарап,  кісі  өлтіргені  үшін,  патша  үкіметінің  қолына  берген.  Ал  патша  соты  күміс 
шығаратын жерге каторгаға айдаған... 
 
—  Иә,  қайдан  жүрсің,  жылқышы  Керей!  —деді  Абылай,  —  өзің  секілді  кісі  өлтіргіштер 
барып қосылып жатқан жаңа «орыс патшасы» кім? 
 
Керей тісін ақсита күлді. 
 
—  Жай  кісіні  өлтіру  обал.  Ал  сұлтанды  өлтіру  —  сауап.  Алла  тағаланың  өзі  ондай 
күнәңнің тең жартысын кешеді. 
 
— Бүкіл күнәңді кешу үшін не істеу керек? 
 
— Ханды өлтіру керек! — деді Керей сабырлы үнмен. 
 
Тақымына  қыл  бұрау  сап  қинағанмен,  Керей  Пугачев  батырларының  хатын  кімге 
бергенін  айтпады.  Келесі  күні  оны  асау  айғырдың  құйрығына  байлап,  азаптап  өлтірді.  Сол 
күні түнде хан төлеңгіт аулының жүз елу жігіті Пугачев ереуілшілеріне қосылмақ боп қашып 
кетті.  Олардың  ішінде  Керейдің  ер  жетіп  қалған  екі  баласы  да  бар.  Ертеңіне  мың  жарым 
нөкерімен  қашқындарды  Абылайдың  өзі  бір  кішкентай  өзеннің  жағасында  қуып  жетіп, 
алдына  сап  айдап  қайтуға  қоршай  бергенінде,  кенет  гүрсілдеген  мылтық  дауысы  шықты. 
Бірден он шақты нөкері оққа ұшқан Абылай амалсыз қамысты сайға барып тығылды. Жаңа 
салынып,  жатқан  бекіністің  бір  рота  солдаты  офицерлерін  өлтіріп,  қазақ  жігіттерімен  бірге 
Пугачев әскеріне қашқанын хан артынан естіді. 
 
Амал жоқ, бұларға шегінуге тура келді. Абылай Ордасына қайтып келгеннен кейін, орыс 
бекіністерімен  шектесе  отырған  Қарауыл  руынан  жорыққа  шақырылған  жігіттердің  тең 
жартысы  келмегенін  білді.  Ауыл  билері  мен  ақсақалдары  Абылайға  «кедей  біткеннің  бәрі 
орыс  ереуілшілеріне  қосылып  кетті»  деп  хабар  берді.  Осы  күннен  бастап  хан 
төлеңгіттерінен  де  күніне  екі-үш  адам  жоқ  болып  отырды.  Кешегі  «кәпір»  деп  өздері 
қорқытқан  орыс  қара  шекпендеріне  ауыл  жігіттерінің  еркімен  барып  қосылып  жатқанын 
көрген  сұлтандар  енді  зәре-құттары  қашып  сасайын  деді.  Жұрт  қаһарынан  қорыққан 
кейбіреулері орыс бекіністеріне тығылды... 
 
Бір  жеті  бойы  Абылай  хан  ордасынан  шықпай  қойды.  Бір  нөкерін  Омбы  генерал-
губернаторына,  екіншісін  Орынборға  шаптырды.  Үш  жетіден  кейін  Абылай  мен  Нұралы 
Тобыл  өзенінің  жағасындағы  бір  шағын  бекіністе  кездесті.  Бұл  мәжіліске  Орынбор  мен 
Омбыдан келген орыс офицерлері де қатынасты. 
 
Осы  мәжілістен  кейін  Абылай  мен  Нұралының  жасақтары  бүкіл  қазақ  даласын  шарлап 
өтті.  Пугачев  көтерілісшілеріне  қосылмақ  боп  қашып  бара  жатқан  қазақ  жігіттері  мен  орыс 
солдаттарын  лек-легімен  ұстады.  Оларды  мойындарына  арқан  байлап  сүйретіп,  орыс 
бекіністеріндегі  кәрі  қылыш  офицерлеріне  апарып  тапсырды.  Жарты  сағаттан  кейін 
бұлардың  бастары  кесіліп,  «кімде-кім  бүлікшілерге  қосылғысы  келсе,  осылай  өледі»  деп 
бекініс қабырғаларына қойылды. 
 
Абылай мен Нұралы арнаулы жасақ шығарып, көтеріліске қосылған ауылдарды шапты. 
Бұл  жасаққа  патша  үкіметіне  адал  қызмет  істеп  келе  жатқан  қазақ  мырзалары  мен  орыс 
ұландары  бірігіп,  қазақпен  көршілес  башқұрт  ауылдарын  да  ботадай  боздатты.  Сонда 
тоқсан үштегі Бұқар жырау ашуланып, өзінің: 
 
Абылай-ау, Абылай, 
Момынға келіп бек болдың... 
 
деп басталатын атақты толғауын айтып еді. 
 
 


 
152 
Өкпеңменен қабынба, 
Өтіңменен жарылма, 
Орыспенен соғысып, 
Басыңа мұнша көтерген 
Жұртыңа жаулық сағынба. 
Күніңде мендей жырлайтын 
Тоқсан үште қария 
Енді де саған табылмас 
 
деп  бітетін,  орыс  халқымен  достасуға  шақырған  жыры  бүкіл  қазақ  еліне  тарады.  Бұл 
толғауға  құлақ  қойған  жайлаудағы  жылқышы,  күзеттегі  жауынгер  енді  қашқын  орыс 
солдаттарын ұстап берудің орнына, Абылай нөкерлеріне «ел арасын бұзғалы жүрсіңдер» — 
деп, өздеріне тап беруді шығарды. 
 
Ел  арасында  Абылайға  деген  наразылық  туа  бастады.  Хан  жасағына  келіп  қосылудан 
гөрі, қазақ жігіттері Жайықтың арғы бетіндегі Пугачевтің белгісіз батырларының қол астына 
қашты. Бүкіл қазақ жерінде түнде жанған оттар көбейді. Ол отты қоршай отырған ереуілшіл 
жігіттердің қосылып салған әндері жиі естіле бастады. Оларға Пугачев көтерілісінің хабарын 
жеткізгелі асыға шапқан салт аттылардың дүбірі келіп ұласты. 
 
Сондай  күндердің  бірінде  Бұқар  жырау  Бурабай  көлінің  жағасында  «Абылай  алаңы» 
атанған жердегі хан Ордасына келді. Жыраудың Абылайды білгеніне жарты ғасырдан асып 
кеткен-ді.  Жоңғар  қолына  «Абылайлап»  жеке  шапқан  жас  жігіт  әлі  күнге  дейін  жыраудың 
есінде.  Жігіт  ағасы  болып  Қалден  Церенге  тұтқынға  түскен  Абылайды  да  жырау  ұмытқан 
жоқ. Бетінің тамыры бір бүлк етпей, адам қанын белшеден басып жүрген бүгінгі Абылай да 
жыраудың  көз  алдында.  Осының  бәрін  білетін  жүзге  келген  жырау  Абылайдың  дәл 
қазіргідей  құты  қашып,  әбігерленген  кезін  көрген  емес.  Қартая  бастаған  хан,  қарсы 
алдындағы  бір  затқа  көзі  тұрақтамай,  қолындағы  қамшысын  білеп  жұрттың  апшысын 
қуырып жүр. 
 
Хан  аулының  ақ  үйлері  әлдеқашан  жығылған.  Сары  атан,  қара  інгендерге  әлдеқашан 
артылған. Көш алды қозғалып та кеткен. Күнгей жаққа қарай айдалған үйір-үйір жылқылар 
мен  қотан-қотан  қойлары  да  әлдеқашан  Көкшенің  хош  иісті  қырқа  белестерінен  асып 
үлгірген.  Бұл  әбігер  —  хан  аулының  көшу  әбігері.  Осыдан  үш  күн  бұрын  Абылай  хан 
Ордасын елімнің көне астанасы Түркістанға көшірем деп жариялаған. Сол сағаттан бастап 
хан  ауылы  әбігерге  түскен.  Төскейдегі  жылқыға,  жеке  қонған  ағайын-туысқа  хабаршы 
шапты- 
рылған. 
 
әрине,  хан  ордасының  Түркістанға  көшірілуі,  қазақ  елінің  көне  астанасын  іздегендіктен 
емес еді. Қазір қай астананың көне, көне еместігіне қарайтын Абылайда мұрша жоқ-тын... 
 
— Япырмай, жеттіңіз бе, жырауым? — деді Абылай, аттан түсіп жатқан Бұқарды көріп, 
— жолыңызда, әйтеуір, ешкім кедергі болған жоқ па?.. 
 
— Қазір жол бойы толған адам ғой, — деді жырау ойын ашып айтпай. 
 
— Иә, қазір жол бойында тонаушы көп. Жұрт бұзылды ғой! 
 
Бұқар жырау тағы бір ой тастады. 
 
— Қартайғанда дүние біткеннің бәрі жаман көрінетін әдеті. 
 
— Жоқ, одан емес! — деді Абылай. 
 
Сөзімді  ешкім  тыңдап  тұрған  жоқ  па  дегендей,  Абылай  жан-жағына  қа- 
рады. 
 
— Мен бұл арада отырсам, мына жұрт хан етіп қалдырмайды! 
 
Бұқар жырау жағдайға енді түсінді. 
 
— Орыс қалаларындай қала салам деген өзің емес пе едің... 
 
—  Қарғыс  атсын  мұндай  қалаларды!  —  деді  Абылай  қолын  сермеп.  —  Бұл  қалаларды 
мен  тек  губернатор,  жандаралдар  ғана  билейді  деп  ойлайтынмын.  Астанасында  қатын 
патшаның  тұратынын  да  білетінмін.  Түбі  олармен  тіл  табысармын  деуші  едім.  Бірақ  менің 
ойлағанымдай  болмай  шықты.  Бұл  қалаларда  бастықтарына  бағынғысы  келмейтін 
бүлікшілер  де  тұрады  екен.  Келімсектерден  үлгі  алған  құл-құтан,  малшы-жалшы,  кедей 
тобыр індет келгендей әбден бүлініп барады. 
 
— Хан Абылай, енді міне шыныңды айтып тұрсың! — деді Бұқар күлімсіреп. 
 
— Неге жалғызсың, жырау? Үнемі қасыңа еріп жүретін серіктерің қайда? Қазір біз жолға 
шығамыз ғой... 


 
153 
 
—  Жоқ,  мен  осы  арада  қаламын!  —  деді  Бұқар  жырау,  әлдеқайдағы  көк- 
жиекке көз жіберіп. 
 
...Алтын  сәулесі  бүлдіргенді,  жидекті  жасыл  даланы  нұрға  бөлеп,  күн  жоғары  көтеріле 
берді.  Көшкен  жұрттың  орнында  қалған  оттар  сөнуге  айналған.  Төбе  басындағы  Бұқар 
жырау  күнгей  жаққа  қарап  әлі  тұр.  Алыстағы  белестен  асып,  хан  көші  біртіндеп  жоғалып 
барады. Көкжиектен көтерілген сағыммен ойнап, Абылайдың ақ туы бұлдыр қағады... 
 
ЭПИЛОГ 
 
 
Бір мың жеті жүз сексен бірінші, Ұлу жылы Түркістан өлкесіне өте ауыр жыл болды. 
 
Гулей  соққан  ыстық  жел  шаһар  маңының  майда  құмын  көкке  көтеріп,  жан-жануардың 
көзін аштырмай, тұтығып тұрды. Жаз шыққалы бір тамшы жаңбыр  көрмеген сұр топырақты 
тақыр  дала  арса-арса  боп  жарылып  кеткен...  Табиғаттың  осынау  қияпат  қысымы  жетпіске 
келіп    хал  үстінде  жатқан  Абылайдың  да  тынысын  тарылта  берді.  Бірақ  ол  бүкіл  денесі 
құрысып,  жүрегі  қабынып,  ауыр  науқас  өкпесіне  біздей  қадалса  да,  дауыс  шығарып  сыр 
беретін емес. Шоғы сөнген қоламтадай күннен-күнге бозара түсіп, сөніп бара жатты. Иә, бұл 
ауру  сонау  Үмбетей  жырау  келіп,  Бөгенбай  батырының  өлімін  естірткен  күннен  бас- 
талған-ды. Со күні Абылай бір түрлі қобалжуда еді. Үш жүздің ел-жұрты өзін Үлкен Орданың 
ханы  етіп  боз  биенің  сүтіне  шомылдырып,  ақ  кигізге  көтерген  күнінен  сегіз  жыл  өткен  соң, 
Абылай бүкіл қазақ ханы етіп бекітуін сұрап, баласы Тұғымды бас етіп, Петербургке елшілер 
аттандырған.  Бекерге  қауіптенбеген  екен,  Екінші  Екатерина  қатын  патша  оны  тек  Орта 
жүздің  ғана      ханы  етіп  тағайындады.  Бұл  хабарды  естігенде  Абылай  бармағын  шайнап, 
теріс  бұрылып  кетті.  Тұғымды  Петербургке  аттандырғанда,  қанша  қобалжығанмен  де, 
«Мүмкін,  қатын  патша  бекітіп  қалар»  деп  үлкен  үміт  күтіп  еді.  Со  үміті  орындалмай, 
қапаланып отырғанында Арқадан, Баянаула жақтан бір топ жуан қоныш, түлкі тымақ, кіселі 
күміс белбеулі ақсақалдар Ордаға кіріп келген. Ханға тәжім етіп сәлем берісіменен Үмбетей 
жырау  босағада  бір  тізерлей  отыра  қап,  қарлыққан  кәрі  даусымен,  өлім  естіртетін  әуенге 
салып, бір термені шұбырта жөнеліп еді: 
 
 
Ей, Абылай, Абылай, 
Абылай ханым, бұл қалай? 
Бұл қалайдан сескеніп, 
Сөзімді қойма тыңдамай, 
Талай істер басыңнан 
Өтіп еді-ау жасыңнан 
Қиын, қызық әрбір жай, — 
 
деп  Үмбетей  жырын  бастай  бергенде-ақ  сұлық  отырған  Абылай,  бойын  жиып  алған.  «Қай 
батырым, не қай жан күйер ақсақалым қаза болды екен?» — деп шошына қарап еді. Бірақ 
жырау  тоқ  етерін  айтпай  орағытып,  алдыменен  Абылайдың  қасында  қандай  батырлар 
болып,  қандай  ерлік  істер  істегенін  біраз  жыр  етіп  келді  де,  кенет  оқ  тиіп  құлаған  қоңыр 
қаздай сұңқылдады: 
 
 
Ей, Абылай, Абылай, 
Сөзімді тыңда тағыда-ай! 
Өзіңнен біраз жасы үлкен 
Дөмпеш таудай басы үлкен, 
Жасыңда болған сырласың, 
Үлкен де болса құрдасың, 
Сексеннен аса бергенде 
Қайрылмас қаза келгенде 
Батырың өлді — Бөгенбай! — 
 
дегенде Абылай жүрегі қабынып, не дерін білмей, сілейіп отырып қалған. 
 
Бөгенбай-сынды батырдың 
Береке берсін артына-ай, 
Сабыр берсін халқына-ай, 
Жасаған ие жар болып
Бейіште нұры шалқығай — 
 
деген ең ақырғы жыр шумағын әзер тыңдады. 


 
154 
 
Баянаулада  өлген  батырдың  құрметіне  Абылай  ел  жинап,  құран  оқытып,  қазасын  осы 
Түркістанда  өткерді.  Сол  күннен  бастап  өз  денесі  құрысып,  жүрегі  қабынатын  кесел  пайда 
болды.  Бірақ,  бұл  дерт  айында,  жылында  бір  ұстап,  Абылайдың  әдейі  тәубесін  келтіргісі 
келгендей, әрі-бері қысып, артынан тарқап кететін. Ал сол кесел, міне, үш айдан бері, ханды 
тұрғызбай  біржолата  басып  алды.  Абылайдың  есін  жиюынан  талықсуы  көбейіп  кетті.  Бүгін 
де  сондай  халде  еді.  Әлсін-әлсін  ұстап  жанында  отырған  Бұқар  жыраумен  өлер  алдында 
қоштасып, іштегі арманын сыртқа шығаруға да мұршасын келтірмей қойған. Сөйтіп қиналып 
жатқан  ханның,  тек  түс  ауа  ғана  тілдесуге  шамасы  келді.  Көңіліндегісін  айтып  қалайын 
дегендей асыға тіл қатты. 
 
—  Құдайдан  жалғыз  ғана  тілегім  бар  еді,  Бұқар  аға,  алар  болсаң  қан  майданда 
жүргенімде  ал  деуші  едім,  —  деді  ол  ақырын  көзін  ашып.  —  Көрдің  бе,  міне,  елу  жыл  оқ 
дарымай келіп, ақыры бір шаншудан ажал таппақпын. Өмірде бар тілегімді бергенде, құдай 
бұл тілегімді неге бермеді екен. 
 
Бұқар  жырау  «өлмейсің»  деп  оның  көңілін  жұбатқан  жоқ.  Адамның  өңменінен  өтетін 
үлкен өткір көздеріндегі нұрдың сөніп бара жатқанын көрді де ең болмаса сөйлесіп қалайын 
дегендей, Абылайдың төсегіне жақындау отырды. 
 
—  Иә,  Абылай,  —  деді  сөзді  әріден  толғап,  —  елу  жылдан  астам  ат  үстінде  болдың. 
Батыр да атандың, ақыры хан тағына да отырдың. Бірақ соның бәрінен не қалды? 
 
—  Сенің  осылай  дейтініңді  сезетін  едім,  —  Абылай  езу  тартқандай  болды,  —  рас,  хан 
тағына  жету  үшін  мен  ұзақ  һәм  бұралаң  жол  бастым...  Бірақ  сол  хан  тағы  маған  не  үшін 
керек еді? Осы сұраққа көңіл күйім тағы бір қасірет шеккен күні жауап берейін деп едім ғой. 
Сол күн туған секілді... Адамға өлімнен артық қасірет бар ма? Ал тыңда... Иә, хандық құру, 
тек  мансапқорлықтан  туды  ма  сол  арман?  Жоқ,  Бұқар  аға,  онда  сен  мені  білмегенің. 
Қолыңда  күшің  болмаса,  кімге  айтқаныңды  істете  аласың?  Ұлы  хан  тағына  отырсам  қазақ 
елін  өзімнің дегеніме жеткізсем деп ойлағам... Ал соңынан... Әділетті ұлы хан болсам халық 
менің бұрынғы қиянаттарымды ұмытады ғой деп сенгенмін... 
 
— Бірақ сенің қолыңнан ондай хан болу келмеді ғой. 
 
—  Хан  бар  жерде  қиянат  болмауы  мүмкін  емес  екен.  Бірақ  мен  сол  қиянатымды  да, 
озбырлығымды да, халқымды уысымда ұстау үшін жұмсадым, ел бірлігін күшпен сақтамақ 
болдым. 
 
Бұқар үндемей отырып қалды. Бір кезде барып: 
 
— Иә, Абылай, сен қанды көз қара бүркіт едің! 
 
Саған еліңді аққу құстай әдемі әніңмен басқармадың деу күнә болар... Олай басқаруды 
мына  замана  көтермес  те  еді,  —  деп  Абылайдың  ұзын,  арық  саусақтарын  сипады.  —  Ал 
енді бұл жалғаннан өтіп барасың, артыңдағы ұл-қызыңа айтар қандай кеңесің бар? 
 
Абылай  бұл  сұрақты  күткен  секілді.  Сәл  ойланып  жатты  да,  Бұқарға  көзінің  қиығын 
аударды. 
 
—  Ұл-қыз  дейсің  бе?..  Менің  кеңесіммен  жүрер  ұл-қыз  болар  ма  екен?  Сөйтсе  де  екі 
айтарым бар. Бірі — қазақ аз ел ғой, азып-тозып кетпес үшін, қолдарынан келсе солардың 
бірлігін сақтасын. Бірлігі бар елді басқару жеңіл. Екінші айтарым — мен елу жылдан астам 
соғыс  жүргіздім.  Жетпіске  келген  жасымда,  мейлі  айла  құрайын,  қолыма  найза  ұстап 
майданға  шығайын,  әйтеуір  шығыс  жағымнан  келген  жауға,  әсіресе,  Қытайға  қазақтың  бір 
тұтам жерін бергем жоқ. Ал батыстан келе  жатқан орыс  еліне, оның бекініс, қала салуына 
қарсы  шықпадым.  Тіпті  қара  шекпендеріне  егін-жай  да  бердім.  Осыны  неге  істедім?  Ақ 
патшамен тіл тапқым келді. Рас, кейде оның қиянаты да аз болған жоқ.  — Абылай өзін Їш 
жүздің  ханы  етпеген  өкпесін  айтқысы  келді  де  кенет  қоя  қойды.  —  Бірақ  «битке  өкпелеп 
тоныңды отқа салма» деген, сол ақ патшамен  найза арқылы емес, сөз арқылы тіл табуға 
тырыссын. Бұлай ету өздеріне сүйеніш болады. Ақ патша тірі тұрса, Абылай ұрпағынан ел 
билеу үстемдігі кетпейді... 
 
 
—  Абылай,  —  деді  Бұқар  жырау,  —  өмірде  қиындықты  да,  қызықты  да  көп  көрдің,  ал 
сонда қандай  өкінішің бар? 
 
—  Өкінішім,  —  деді  Абылай  күрсініп.  —  Өз  басымның  өкініші...  Үш  жүздің  басын  қоса 
алмадым;  аз  елге  хан  болдым.  Қазаққа  мал  емшегін  емізгенмен,      жер  емшегін  емізе 
алмадым.  Орда  Көкшетауда  тұрғанда  ақылшым  болған  Тимофей  Егорұлының  кеңесімен 
Зеренді, Шортандыны жайлаған төлеңгіттеріме  егін егуді үйретсін деп орыс мұжықтарын да 
әкелдім.  Бірақ  мал  баққан,  найза  ұстаған  сорлы  қазақ,  тез  көндіге  қоймады.  Жер  деген 
алтын қазына ғой. Екі тепе сулы жері бар өзбек, екі үйір жылқысы бар қазақтан бай тұрады. 


 
155 
Және  жұттан  да  қуаңшылықтан  да  қорықпайды.  Ал  мен  жаудан  қазақтың  жері  біткенін 
қорғаймын деп жүргенімде дүние құрғыр өтіп кетіпті ғой, білмей қалдым... 
 
Абылай  үндемей  сәл  жатты  да,  жұмылып  кеткен  көзін  қайтадан  ашты,  дүние  шіркінді 
қимағандай салтанатты хан сарайына сұқтана бір қарады. 
 
— Жырау, егер айтарың бітсе, менің де сенен сұрарым бар, соған жауап берші. 
 
— Айтыңыз, хан ием. 
 
—  Адамзатқа  әрқашанда  қуат  беретін  үміт  деген  ұлы  күш  бар.  Ол  ақылыңды 
қанағаттандырып  қияға  самғатады.  Жігеріңді  қамсыз  қайрай  көк  темірге  салдыртады.  Мен 
де бұл дүниеден көп нәрседен үміттенген едім, жеткен жерім осы болды.  — Абылай ауыр 
күрсінді де тағы үндемей қалды. Аздан кейін қайта сөйлеп кетті. — Үмітсіз тек шайтан дейді 
қазақ. Жоқ, ол бекер екен. Ең үмітсіз —  көктемі мен жазы  өткен, терең тамырлары қайта 
жасармастай боп семген кәрілік екен.  — Ол тағы қинала күрсінді,  — әрине, жетпіс екі  жас 
кәрілік  пе?  Бірақ  басымнан  өткен  қилы-қилы  кезеңдерге  көз  жіберсем,  мың  жыл 
жасағандаймын.  Жоқ,  мазасыз  ой,  бітпес  тартыстан,  тәнім  емес,  жаным    қартайыпты.  Ал 
жаныңның  қартайғаны  —  шын  кәріліктің  келгені,  алдағы  үмітіңнің  тегіс  сөнгені...  Үмітіңнің 
сөнгені — ол сенің өлгенің! Бұл аурудан жазылсам да, жаным шаршаған кәріліктен жазыла 
алмайтыным кәміл. Жазылудың да керегі жоқ секілді, бірақ сөйтсе де өлгің келмейді екен, 
әлі де жер басып, күн сүйіп жүре тұрсам дейсің... 
 
— Иә, хан Абылай, мың жасасаң да өлім әрқашанда ерте. 
 
—  Солай  екен!  —  Абылай  ауыр  күрсінді.  Сосын  өзін  өзі  кекеткендей  езу  тартты.  — 
Өлгелі жатып, өлім әуестей, неге осыншама қақсап кеттім. Менің айтайын дегенім басқа еді. 
— Ол енді сәл ширақ сөйлей бастады, — Хиуа тұтқынынан өзімді алып шыққан Ораз құлдан 
бастап  мен  дүниеде  аз  адамның  қанын  төккен  жоқпын.  Майданда  да  өз  қолыммен  сан  ер 
жүрек,  албырт  жасты  ат  жалын  құштырдым...  Жазығы  бар,  жазығы  жоқ,  талай  адамның 
қаны  мойнымда...  Өмір  бойы,  қазақ  тәрізді  азғантай  ел  қасқыр  тектес  келсе,  сол  жөн  деп 
ойладым. Өйткені ол өз тіршілігі үшін алыса да, жұлыса да біледі. Қазақ елі де сол қасқыр 
тәрізді  өз  тағдыры  үшін  күресе  алса  ғана,  тірі  қалады  деп  ұққам...  Заман  тек  өзін  де, 
басқаны да аяуды білмейтін күштінің заманы... Мен елімді соған баулыдым. Өзімдей болуын 
көкседім. Бірақ мұным, міне, өлер алдында ғана түсіндім, дұрыс емес екен... Ел болып жер 
бетінде қалудың басқа да жолы бар сияқты... — Ол тағы шаршай сөйледі. Кенет тағы басын 
сәл  көтерді,  —  өзің  көріп  отырсың,  маған  енді  бұның  бәрінің  қатысы  жоқ...  Тек  енді  сен 
маған мынаны айтшы, осы менің құдай алдында күнәм көп пе? О дүниеге барғанда мүңкір-
нәңкір «сен күнәкарсың» деп гүрзісімен ұрып жүрмей ме, осы сұрағыма жауап берші, жаным 
тынышталсын. 
 
Елу  жылдан  астам  майдандас  болып  жүріп,  бір  рет  те  Абылайдың  ажалдан 
қаймыққанын  көрмеген  Бұқар  жырау,  оның  о  дүниеге  барғанда  мүңкір-нәңкір  гүрзісінен 
қорыққанына таң қалды. Әйтсе де ол Абылайдың өлер алдында сонау өзі төккен көп қаннан 
шошып  жатқанын  ұқты...  Бұқар  жырау  жауап  беріп  үлгірген  жоқ.  Абылай  ақырғы  рет 
ышқынып демін алды да, көзін мәңгі жұмды. 
 
Бұқар  жырау  ұзақ  уақыт  құлпытастай  шошиып  отырып  қалды.  Бір  мезетте  ұйқыдан 
оянғандай, 
алдында 
жатқан 
Абылайдың 
қан-сөлсіз 
сұсты 
бетіне 
қа- 
рады. 
 
Ол енді ақырын күбірлеп сөйлеп кетті. 
 
Аза күнде қан жылап 
Қайғыдан қара бұлт тұрар. 
Қурай кенет жас құрақ 
Ақ қайың сәтте морт сынар. 
Ажал, сенде жан болса 
Тілімді удай салар ем, 
Бетіңді етіп қан-жоса. 
Тоқтатар сөз табар ем! 
Жеңілді Бұқар сөз таппай, 
Құм бітеді көмейін. 
Кешір, ханым Абылай, 
Қара тасқа не дейін? 
 
Білсең де өстіп өтерін, 
Дүние саған болды тар. 
Жалғыз тәубе етерім: 


 
156 
Артыңда қалған атың бар. 
 
Бұқар созыла тұра келіп Абылайдың бетін жапты. Сосын аяғын ілбіп басып сыртқа шықты. 
 
—  Уа,  халайық,  — деді  дауыстап.  —  Шаңырағың  құлап  жерге  түсті,  хан  Абылай  дүние 
салды! 
 
Үш жүз аза тұтып Абылайды Қожа Ахмет Яссауидің мешітіне жерлегеннен кейін, Бұқар 
жырау Сарыарқаға қайтты. Халқымен тағдыры бір қарт ақын артына бұрылып қарай-қарай, 
терістікке ұзай берді... 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет