өкпе көпіршіктерінен тұрады. Өкпеде альвеолалармен қатар ауа жолдары -
кездеспейді. Демек, өкпе енжар ағза, ол өз бетімен керіліп, сола алмайды.
136
мен тұрқының кеңеюінің əсерінен жүреді. Аталған еттердің жиырылуы
салдарынан құрсақ ағзалары кейін қарай ығысып, қабырғалар көтеріледі.
Көкірек қимылына сəйкес өкпе де керіліп, оның ішіндегі қысым
атмосфералық қысымнан с.б. 1-3 мм-ге төмендейді де, сыртқы ортадан ауа
өкпеге сорылады. Тыныс еттері босаңсыған кезде көкірек қуысы тарылып,
өкпедегі ауа сығылады да, дем шығарылады. Дем шыққан соң аз уақытқа
тыным (пауза) байқалады. Тыныс жиілеп, тереңдеген кезде
дем шығару
(экспиация) арнаулы еттердің жиырылуының нəтижесінде атқарылады.
Оларға ішкі қабырға аралық еттер, сыртқы жəне ортаңғы сегізкөз еттері,
құрсақтың қиғаш жəне тік еттері т.б. жатады. Сонымен, көкірек қуысы
кеңейсе өкпе керіліп, оның көлемі үлкейеді, ал ол тарылса - өкпе сығылып,
көлемі кішірейеді. Демек, өкпенің көлемі көкірек қуысының қимылына
сəйкес өзгеріп отырады.
Өкпенің дəл осылай көкірек қимылын қайталауы екі түрлі себепке
байланысты. Біріншіден, өкпедегі серпімді ұлпа элементтері жəне өкпе
көпіршіктерінің беттік тартылысы серпімді күш тудырады. Ол керілген өкпе
ұлпасын солдыруға тырысатын фактор. Екіншіден, өкпе көкірек
қабырғасымен тікелей жанаспайды, олардың арасында плевраның беткейлік
(париетталдық)
жəне
астарлық
(висцералдық)
жапырақшаларымен
көмкерілген плеврааралық қуыс болады. Ол төл туғаннан соң бірінші тыныс
алумен байланысты пайда болады. Құрсақта төл өкпесі семіп жатады. Іштөл
оттегіні серік арқылы енесінің организмінен қабылдап отырады да, өкпе
əрекетке қосылмайды. Төл туғаннан соң бірінші тыныс кезінде тыныс
алдыратын еттердің жиырылуының əсерінен қабырғалар көтеріліп, олардың
басы омыртқадағы арнаулы ойыстарға бекиді. Осы кезден бастап көкірек
қуысы мен онда орналасқан жүрек пен өкпенің арасында аз ғана қуыс пайда
болады. Онтогенез кезінде көкірек керегесі ішкі ағзалармен салыстырғанда
жылдамырақ дамиды да, бұл қуыс ұлғая түседі. Осы қуыстағы қысым
атмосфералық қысымнан с.б. 6-15 мм-ге кем (53-сурет). Демек, қуыста теріс
қысым қалыптасқан. Сол себепті атмосфералық ауа өкпеге тек ішкі жағынан
ғана əсер етеді.
Егер плеврааралық қуысқа инúекциялық ине қадаса, онда оған
атмосфералық ауа сорылады да (пневмоторакс), қуыстағы қысым
атмосфералық қысыммен теңесіп, өкпе семіп қалады (ателектаз), өкпенің
қызметі тоқтайды.
137
деңгейде ауытқулары өкпенің керіліп-солып отыруына жеткілікті күш.
Достарыңызбен бөлісу: