139
шығарғандағы ауаның мөлшері шамамен өкпенің тіршіліктік сиымдылығын
көрсетеді.
Өкпенің тіршіліктік сиымдылығы малдың жасына, өнімділігіне, тұқым
ерекшеліктеріне жəне басқа факторларға байланысты өзгереді. Ол арнаулы
құрал - спирометр көмегімен анықталады.
Ең терең дем шығарған соң да өкпеде шамамен 1 л (жылқыда 10 л) ауа
қалады. Ауаның бұл бөлімін қалдық ауа деп атайды. Қордағы жəне қалдық
ауа қосындысы альвеолалық ауа түзеді. Өкпенің тіршіліктік сиымдылығы
мен қалдық ауаның қосындысын өкпенің жалпы сиымдылығы (ӨЖС) деп
атайды.
Өкпе желдеткіші. Өкпенің белгілі бір уақыт ішінде ауа алмастыру
қабілетін өкпе желдеткіші деп атайды. Өкпе желдеткішін əлбетте 1 минут
мөлшерінде анықтайды. Демек, бір минут ішінде өкпе арқылы өткен ауа
мөлшерін өкпе желдеткішінің минуттық көлемі дейді. Ең терең дем
шығарғанның өзінде өкпе толық солмайды, ондағы барлық ауа сығылып
шықпайды, өкпеде қордағы ауа қалады. Қалыпты жағдайда сиыр 4-5 л ауа
жұтады. Оның 30 пайызы тыныс жолдарында қалып, альвеолаларға тек 70
пайызы немесе 2,8-3,5 л ауа жетеді. Осы тыныстық ауаның альвеолалық
ауаға қатынасын өкпе желдеткішінің коэффициенті деп атайды. Егер
альвеолаларда 20 л шамасында ауа болатынын ескерсек, əрбір тыныс кезінде
өкпедегі ауаның 1/6 ғана желдетіледі.
Өкпе желдеткішінің минуттық көлемі өзгермелі шама. Ол тыныс
жиілігіне, өкпенің тіршіліктік сиымдылығына, мал атқаратын жұмыс түріне,
рацион сипатына, сыртқы орта температурасына, т. б. факторларға тəуелді.
Мысалы, тыныштық жағдайда жылқыларда өкпенің минуттық сиымдылығы
40-50 л тең, ал баяу қимыл кезінде ол 100-200 л, ауыр жұмыс кезінде - 400-
500 л жетеді. Ауа температурасы 19
0
-тан 28
0
-қа дейін жоғарыласа, өкпенің
минуттық сиымдылығы 45 литрден 105 л дейін өседі. Дəл осындай
өзгерістер сауын сиырларда да байқалады (18-таблица).
Таблицадан сиырларда өкпе тынысының ауа температурасымен қатар
малдың өнімділігіне байланысты өзгеретінін көреміз. Сиырларда өкпенің
минуттық
көлемі
зат
алмасу
процестерінің
қарқынына байланысты тəулік бойына ырғақты өзгеріп отырады.
Мысалы, торпақ бұқаларда ертеңгісін ол 29,14 л, түсте- 40,54 л
кешке -36,55 л-ге тең.
Достарыңызбен бөлісу: